Желтоқсан құрбандары туралы мәлімет



Дата02.07.2018
өлшемі41 Kb.
#45313
Екібастұз қаласы әкімдігінің білім

бөлімінің №28 Абай атындағы жалпы

орта білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі



Ахметова Бақтыгүл Далабайқызы
Желтоқсан құрбандары туралы мәлімет
1986 жылы 16 желтоқсанда Республика Орталық комитетінің 5-пленумы болды. Небәрі 18 минутқа созылған осы пленумда Қазақстан республикасын 25 жыл басқарып келген Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың орнына Геннадий Васильевич Колбин тағайындалды. Бұған 1987 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: "Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді, көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Аңғал сеніммен шыққан бейкүнә қыз-жігіттер «контрреволюционерлер» емес еді, Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат, аңғал, алаңсыз еді. Оларды бір қолында қалқаны, бір қолында шоқпары бар қарулы сақадай сай әскерлер қарсы алды.Оларға зәбір көрсетілді. Жастар түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап еткен жастарға «бұзақы», «ұлтшылдар» деген кінә тағылды. Дүрбелең. Алматы қаласы. 1986 жылдың 17 желтоқсанында таңғы сағат сегізде Брежнев алаңына жастардың алғашқы тобы келді. Олардың саны 200-300-дей еді. Бара-бара олардың қатарлары көбейді. Бәрі де қазақ жастары еді. Олар студент қыз-жігіттер, жас жұмысшылар, оқушылар. Қолдарында «Қазақстанды өз ұлтынан шыққан басшы басқарсын! Қазақстанды әркімге билетпейміз!» деген ұрандар жазылған. Алаңға 50 мың әскер, 20 мың полиция, 16000 жасақшы шоғырландырылды. Ал шеруге шыққан қазақ жастарының саны 10 мыңға жуық. Сонда да олар міз бақпайды, қасқайып тұрып, өз талаптарын қоюда. Желтоқсанның 17-нен 18-не қараған күні алаң айнала қоршауға алынды. Шеруге шыққан жастар үш қатарлы қоршаудың ішінде қалды. Жасақшылар, милиция, әскер.Бір кезде өрт сөндіретін қызыл машиналар көрінді. 20 шақты машина жастардың үстіне суды жаңбырдай боратты. Жұрт әрлі-берлі қашқалақтап, тарай қоймады. Милиционерлер шерудің алдыңғы сапында жүрген жастарды алып кетіп жатты. Қақтығыс басталып, опыр-топырға ұласты. Алаң қанды сойқанға айналды. Қарулы күш қарусыз адамдарды құмарлана ұрып-соғып, бас жарып, көз шығарып, шаштан жұлып, аяқтан сүйреп, өлер халге жеткізіп мертіктірді. Қараңғы түскеннен кейін ығыстыру операциясы басталды. Сойыл, арсылдаған иттерді пайдаланды. Тарихта «құйын» операциясы жоспардағыдай аяқталды. Қанға бөккен Алматы көшелері қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді. Әр қазаққа ұлтшыл, маскүнем, нашақор деген айып тағылды Алаңға жиналған қазақтарды қуғындау басталды. 17-25 желтоқсан аралығында ішкі істер бөліміне 83 студент, 1168 жұмысшы, 49 қызметкер, 164 училище оқушысы, 102жұмысшы, 1214 комсомол мүшесі, 54 партия мүшесі әкелінді. 1986 ж 25 желтоқсанынан 1987 жылдың шілде айына дейін 5327 адам прокуратурада, 800 адам мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде жауапқа тартылды. Адамдар ату жазасына кесілді, кейбіреулерін 20 жылға бас бостандығынан айырды. Соның бірі қыршын кеткен марқұм Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді. Қайрат Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында Бірлік ауылында дүниеге келген. 1987 жылы 23 мамыр-14 маусым аралығында Жоғарғы сот Қайратты ату жазасына кесті. Сәбира Мұхамеджанова өзі тұратын жатақхананың терезесінен секірді. Ләззат Асанова Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжайық ауылында дүниеге келген, 16 жасында өмірден озды. Ләззатты жерлеу кезінде денесін арулаған кезде, оның білегіне салынған темір бұғаудан қалған көкпеңбек іздер, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. 1986 жылы 18 желтоқсанда сағат кешкі 8-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жараланған Энергетика институтының 2 курс студенті Ербол Спатаев әкелінді, ол есін жимастан қайтыс болды. Осылайша бейбіт демонстрация қанмен тойтарылды, жас өмірлер қиылды. Осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыздың арқасында бүгінгі тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың

Шарпысқан сәті үміт пен күдік, наланың



Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пенен Сәбира

Желтоқсанда құрбаны болған жаланың.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет