Және есептеуіш техника негіздері пәнінің І санатты мұғалімі Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, «Жылыой ауданының №24 мектеп-гимназия»



бет1/3
Дата06.07.2018
өлшемі485,5 Kb.
#47934
  1   2   3
«Ұлттық құндылықтар негізінде

информатика пәнін оқыту әдістемесі»
Ихсанова Фарида Меңдігерейқызы информатика

және есептеуіш техника негіздері пәнінің І санатты мұғалімі

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,

«Жылыой ауданының №24 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі
Нәтижеге бағытталған білім беру моделі тұлғаның әлеуметтену процесіне қоғамды,

түрлі қауымдастыктарды тартуды қарастырады. Дүниежүзілік практикадағы білім беру дамуының бағыттарын талдау - білім беру саласьның ашық жүйе ретіндегі дамуының қажеттілігін айқындайтын бірнеше әдістемелік бағдарларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді:



  • өзін-өзі танып білу мен өз мүмкіндіктерін іске асыру жолындағы білім алудың жеке тұлғалық мәнін күшейту (үзбей білім алу);

  • білім берудің құндылық мәнін, оның рухани-адамгершілік маңызын көтеру (білім берудщ бейбітшілік пен келісім үшін қызмет етуі);

  • білім беру ісінің оқушының тұлғасын ұлттық құндылықтарды игеруші және тасымалдаушы ретінде қалыптастыру тұрғысындағы ролін күшейту (білім беру прогресстің факторы ретінде);

  • білім беру мазмұнында әлемнің тұтастығы мен адамның оның бір бөлігі екендігі туралы туралы ұғымды қалпына келтіру (өмір мен еңбек үшін білім алу);

  • оқушыларды табиғи әлемді сақтауға және аймақтық және жаһандық көлемдегі экологиялық проблемаларды болдырмауға күш салуға бағыттау (білім беру - ғаламдық ойлауды қалыптастырудың құралы және шарты ретінде);

  • барлық адамдар үшін сапалы білім алуға және оган жету жолында тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге жағдайлар жасау (барлық адамдардың тең білім алуы);

  • білім беру үрдісіне бүкіл қоғамды тарту және білім берудің сапасын жақсартуда әлеуметтік тең қарым-қатынастар орнату (білім беру ісі ашық жүйе ретінде) [4].

Нәтижеге бағытталған мектептік білім беруді дамыту аясында бүкіл қоғам білім берудің ұлттық деңгейдегі мақсаттары тәрізді стратегиялық міндеттерді айқындау ісіне тартылуы тиіс. Білім берудің ата лған жаңа моделін енгізу жағдайында ұлттық деңгейдегі мақсаттар болашақ нәтижелер, яғни, түлектердің өзінің азамат, тұлға ретіндегі әлеуметтік ролдерін орындауға деген дайындығын сипаттайтын базалық біліктіліктер түрінде қалыптасуы тиіс.

Нәтижеге бағытталған білім беру моделін іске асыру жұмысын ертерек бастап

кеткен шет елдердің тәжірибесіне талдау жасау - бұл жауапкершіліктерді төмендегіше бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:


  • оқушы өмірде және қоғамда конструктивті роль атқару үшін болашақ нәтижелерге ұмтылуға міндетті;

  • мектеп әрбір оқушының өз даму траекториясын құруына жағдай жасауға міндетті.

  • мемлекеттік органдар әлемдік білім беру кеңістігіндегі ағымдарды ескере отырып білім беру жүйесінің сапасы мен оқушылардың жетістіктеріне ұлттық мониторинг жасаудың негіздерін айқындауға міндетті;

  • қоғам күтілетін нәтижелердің жетілдірілуіне, білім беру жүйесі жетістіктерінің ашық түрде жарияланып отыруына жауапты.

Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында

әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі, арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болу керек. Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет.



Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз. 
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында, қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды көзбен бағалай отырып саралауды, мұғалім іс-әректін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. 
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі.
Демек, болашақ педагогтар болсын, информатика мұғалімдері болсын қазіргі заман

педагогикалық технологияларының пайдалану принциптерін, әдіс-тәсілдерін жетік білулері тиіс.

Педагогикалық технология дегеніміз - ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты

қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс-шаралар жиынтығы [6].

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

Келешегімізден үмітті болуымыз үшін жас буын өскенде, ата-баба мұрасын білу қажет. Ол үшін жас буынды уақыт санына төтеп беріп, тұрмыс өлшеміне шақ келген ата-бабаларымыздың қасиетті тәжірибесімен ауыздандыру керек. Себебі, қазіргі адамгершілік, әдептілік, имандылық сынды шынайы қасиеттерді адамзаттың әлсіз тұсы деп қарауға жетіп қалған техногендік өркениеттіліктің уытын қайтару үшін салт-дәстүрлерге маңызды рөл жүктеледі. Мектепте оқытылатын информатика пәні оқушыларға компьютерлік технологиялардың барлық мүмкіндіктерін үйретуге негізделген. Міне осы білім беруді ұлттық негізде тәрбиелік жұмыстармен байланыстыра жүргізсе оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеуге болады.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге, тәрбиелеуге, дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.

Информатика пәні бойынша оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелерді әр түрлі тапсырмалар ретінде дайындауға болады.

5 сыныптағы «Ақпарат беру тәсілдері» тарауы бойынша тапсырма.

Кестені толтыр




Нысан


Ақпарат түрлері


Сезім мүшелері

«Баланы бесікке салу» рәсімі

көру

көз

Бауырсақ

дәм сезу

тіл

«Адай» күйін тыдау

есту

құлақ

Ақпаратты беру әдістері мен оған сәйкес ақпарат түрлерінің реттері алмастырылған, сәйкестендіруді орындаңыз:

Ақпаратты беру әдістері

Ақпарат түрлері


органо-лептикалық – иіс және дәм арқылы;




тактильді – сезім арқылы





визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады;




аудиальды- дыбыс арқылы





тактильді – сезім арқылы;

Каталог: uploads -> doc -> 0169
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0169 -> Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі Оқыту нәти жесі
0169 -> Сабақтың тақырыбы: Батыр Баян поэмасы Сабақтың мақсаты: білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет