Үйге берілген тапсырма: §54 Адам эволюциясының кезеңдері 254 беттегі кестені толтыру



Дата29.03.2017
өлшемі19,38 Kb.
#12667
  • Үйге берілген тапсырманы тексеру:
  • Терминдердің анықтамасын бер:
  • Антропология....................... .......................................
  • Атавизм..............................Рудимент.....................................................................
  • Адам эволюциясына әсер еткен факторларды белгіле
  • Қоғамдасып тіршілік ету
  • Тұқым қуалайтын өзгергіштік
  • Еңбек әрекеттері
  • Жануарлар табынан бөліну
  • Сөйлесу
  • Популяциялық толқындар
  • Табиғи сұрыпталу
  • Мутациялық процесс

Антропосоциогенездің әрбір кезеңіне тән белгілерді таңда.

  • Қазіргі адамдар
  • Ертедегі адамдар
  • Ежелгі адамдар
  • 1. Жақсы дамыған тіл; 2. Отты қолдана білу; 3. Қарапайым еңбек құралдарын дайындай алу; 4. Табындасып өмір сүру түрі; 5. От тұтата білу; 6. Питекантроптар; 7. Неандартальдықтар;
  • 8. Қарапайым тіл; 9. Тасқа суреттер салу; 10. Үңгірлерде өмір сүру; 11. Аң терісінен киім тіге білу; 12. Алғашқы әдет-ғұрыптардың пайда бола бастауы; 13. Егіншілікпен айналысу;
  • 14. Жоғары деңгейдегі ақыл-ой; 15. Баспаналар салу; 16. Жеміс-жидектер жинау; 17. Мидың көлемі 1600 см 3; 18. Синантроптар; 19. Кроманьондық адамдар; 20. Тар және тайқы маңдай;
  • 21. Абстрактылы ойлаудың дамуы.

Адамның қалыптасуына әсер еткен себептерді ата.

  • Сабақтың тақырыбы:
  • §55 Адам нәсілдері
  • Еңбек түбі береке!
  • Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
  • Адамдардың барлығы бір түрге жатады
  • Түрі – “саналы адам”
  • Анатомиялы-физиологиялық
  • жағынан бірдей жеке адамның дамуы биологиялық заңдылық
  • бойынша жүреді
  • Табиғи орта жағдайларына
  • байланысты морфологиялық
  • айырмашылықтар қалыптасқан
  • Бұл белгілер тұқымқуалайтын
  • өзгергіштік арқылы ұрпақтан-
  • ұрпаққа беріледі
  • Түрішілік тұқымқуалайтын
  • өзгергіштік – нәсілдер
  • (Ф.Бернье 1684ж.)
  • Адам нәсілдері.
  • Нәсіл (фр. race, итал. razza — туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері — терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы.
  • Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптасқан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады.
  • «Адамды адам еткен – еңбек»

Адамның тарихи дамуы Африка жерінен басталатыны белгілі. Ежелгі адамдар көшпелі түрде өмір сүрген. Жер бетіндегі барлық нәсілдердің генетикалық бірлігі дәлелденген, яғни шығу тегі бір. Бірақ қоныстанулары біртін-біртін жүрген, Еуропаның 40 мың, Азияның

  • Адамның тарихи дамуы Африка жерінен басталатыны белгілі. Ежелгі адамдар көшпелі түрде өмір сүрген. Жер бетіндегі барлық нәсілдердің генетикалық бірлігі дәлелденген, яғни шығу тегі бір. Бірақ қоныстанулары біртін-біртін жүрген, Еуропаның 40 мың, Азияның
  • 60 мың, ал Америка 12 мың жыл бұрын қоныстанған.
  • Нәсілдер 3- ке бөлінеді
  • Негроидтік
  • Еуропеоидтік
  • Монголоидтік
  • Негроидтік нәсіл
  • Терісінің түсі қара қошқыл, шаштары толқын тәрізді немесе бұйра, мұрындары жалпақ, танаулары кең, еріндері қалың, сақал-мұрттары өте сирек. Бұл аталғандардың барлығы ыстық климат жағдайларына бейімділікті сипаттайтын белгілер. Негроидтік нәсілдің кеңінен таралған аймағы – Африка.
  • Терісі ақшыл, шаштары аздап толқынды немесе тік, мұрындары ұзынша келген шығыңқы, танаулары тар, еріндері жұқа, ер адамдардың бетінде қалың сақал мен мұрт өседі. Мұндай белгілер климаты суық аймақтарға бейімделу барысында қалыптасқан. Еуропоидтік нәсілдердің алғашқы шоғырланған аймағы Еуропа мен Азияның кейбір бөліктері болса, қазіргі кезде олар дүниежүзінде кеңінен таралған.
  • Еуропеоидтік нәсіл
  • Монголоидтік нәсіл
  • Терісінің түсі қоңырқай немесе ақшыл, шаштары қайратты, тік болады; еріндері мен мұрындарының көлемі орташа; бет пішіні жалпақ біртегіс, бет сүйегі шығыңқы, көздері қысыңқы болып, рудименттік (қалдық түріндегі) үшінші қабағы айқын байқалады. Бұл ерекшеліктер – аңызақ жел мен шаңнан, қара суықта үсуден қорғауға бейімділігі.
  • Монголоидтік нәсілдер Орталық Азияда, Индонезия мен Сібірде таралған.
  • Нәсілдер туралы ғылым нәсілтану деп аталады.
  • Қара және сары нәсілдерде дененің түсін анықтайтын үш меланин гені, монғолоидтерде көздің кысыңкы пішінін бақылайтын екі ген доминантты түрде
  • тұқым қуалайды. Адам нәсілдері осыдан 30—40 мың жыл бұрын қалыптаса бастаған. Ол уакытта нәсілдік айырмашылығы ортаның географиялық өзгеру жағдайына бейімделушілік кажеттілігінен туды. Сонымен катар әр нәсілдің өзара окшаулануы да әсерін тигізді. Экваторға жақын қоныстанған нәсілдердің терісінің пигменттелуінің қою болуы күннің ыстығынан сақтаса, шаштың бұйра болуы — басты тікелей түскен күн сәулелерінен қорғайды. Керісінше, солтүстік аудандарда тұратындардың терісінің түсінің ашаң болуы — күн сәулесін жақсы еткізіп, D витамині синтезделуі артады. Монголоидтерде көздің қысыңқы болуы құрғақ және суық ауа райына бейімделуінен болуы керек. Барлық адам нәсілдері биологиялық және психологиялық ерекшеліктері жағынан тең және эволюциялык дамудың бір деңгейінде өмір сүріп отыр. Әр түрлі нәсілдер бір ұлттың, ал жеке нөсілдер көп ұлттың құрамында болуы мүмкін. Осыдан 20 жыл бұрын БҰҰ жанындағы комитет қызықты тәжірибе жүргізген. Жер бетіндегі ұлттар арасындағы талантты адамдардың таралуын зерттеген. Оған 1 млн адам қамтылған. Тәжірибе қорытындысында осы белгі бойынша ұлттар бір-бірінен басымдылық көрсете алмаған. Сондықтан бір ұлттың өкілі, екінші бір ұлттың өкілінен артық бола алмайды деген қорытындыға келген. "Адам баласы нәсілдері туысынан біреулері асыл, біреулері төмен болып жаратылады" дейтін адамгершілікке жат, ғылым жолына қарсы реакцияшыл теорияны жақтайтын нәсілшілдер де бар. Бұлардың көзқарасы қазіргі ғылымның беретін мағлұматтарына сәйкес келмейді. Нәсілшілдердің көбіне өздерін "басқалардан тегіміз таза, мәдениеттілігіміз бен қабілеттілігіміз жоғары" деуі евгеникалық көзкарасқа жақындайды.
  • Нәсілдер тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің негізінде әртүрлі тіршілік ортасына бейімделуге байланысты қалыптасқан морфологиялық белгілер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп,нығая түскен.
  • Бұл жерде тұрақтандырушы сұрыпталу маңызды рөл атқарған деуге болады. Барлық нәсілдер эволюциялық дамудың бір деңгейінде орналасқан. Олар барлық биологиялық ерекшеліктері бойынша бір-бірімен тең. Нәсілдердің ақыл-есі, ойлау және сөйлеу
  • қабілеті мен іс-әрекеттерінде ешқандай
  • айырмашылық жоқ, бұл нәсілдердің
  • бірлігін көрсетеді.
  • Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары.
  • 1) Лездемелік сұрақтар:
  • А. 1.Нәсіл деген не? Нәсілдердің шығу тегі туралы не білесіңдер?
  • Нәсілшілдіктің кертартпалық мәні неде?
  • В. 1. Негроидтық нәсілге тән морфологиялық белгілерін атаңдар.
  • Олардың бейімділік сипаты қандай?
  • 2. Еуропеоидтік нәсілге тән ерекше белгілерді тіршілік ортасы мен байланысты сипаттаңдар.
  • С. 1. Моңғолоидтік нәсілдің адамдарын алғашқы екі нәсілден қалай ажыратуға болады? Салыстыра сипаттаңдар.
  • 2. Адам нәсілдерінің бірлігін қалай дәлелдеуге болады?

1. Қазіргі кездегі барлық адамдар.......................түріне жатады. 2. Адамдардың табиғи орта жағдайларына бейімделу процесінде қалыптасқан алуан түрлі морфологиялық белгілері бойынша бір-бірінен ерекшеленетін топтары ............................ 3. Негізгі адам нәсілдері – бұлар ................. 4. Нәсілдер туралы ілім............................ ........................................................ 5. Барлық нәсілдер биологиялық тұрғыда....................жағдайларға байланысты деп түсіндірілуде.

  • Терминологиялық диктант.
  • Үйге тапсырма:
  • §55 Адам нәсілдері (оқу)
  • Адам нәсілдерін атап, олардың тіршілік ортасына байланысты қалыптасқан ерекшеліктерін еске түсіріп,оқулықта берілген кестені толтырыңдар.
  • Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет