Үйге тапсырмалар: 1-тапсырма



бет1/3
Дата24.05.2020
өлшемі64,77 Kb.
#70943
  1   2   3
Байланысты:
мемл іс


Үйге тапсырмалар:
1-тапсырма

Ауызша аударманың жасалу түрлері

Ілеспе аударма – бір тілде сөйленген сөзді тыңдау арқылы екінші бір тілге ауызша түрде аудару. Барлық мәліметтер жеткізіліп болғаннан кейін әңгімелесушінің айтқандары, шешеннің сөздері, радио хабарлары толық түрде жедел аударылады.

2. Мәтінді тыңдағаннан кейінгі ауызша жасалатын аударма. Ілеспе аударма жазбаша аударма, азат жолдық-сөйлемдік аударма, сондай-ақ бір жақты аударма және екі жақты аудармадан ерекшеленеді. Ілеспе ауларманы көп жағдайда аударма қызметінің кәсіби түрі ретінде тындау арқылы жазбаша жүргізілетін ауызша аударма деп атайды.

3. Ауызша аударма жасаушы қызметінің түрі аударылатын тілдің дыбысталуы аяқталғаннан кейін айтылған мәтінді аударумен сипатталады.

4. Ауызша аударма тындау нәтижесінде жасалады. Мұның бір ерекшелігі аударма айтылған сөздерді үзіп, бөліп жеткізу түрінде жүргізіледі. Сөз сөйлеушінің айтар ойын толық жеткізуіне байланысты, оны толық тындап, жедел есте сақтау арқылы аудармашы уақыт айырмашылығының созылмалылығына тап келеді. Осынау уақыт ішінде аудармашы айтылған сөздерді, барлық ақпарат көлемін мұқият есте сақтай отырып, жедел есте сақтау қабілетінің көмегімен ойдағы мәтінді түгелдей аударып шығады. Бұл міндетті шешу үшін арнайы жазба жүйесі пайдаланылады, бұл аудармашының есте сақтау қабілетіндегі жүктемені жеңілдетеді.

5. Автор мәтіндегі белгілі бір мәтін бірліктерін кідіріспен тындау арқылы орындалатын аударма. Жазбаша жүргізілетін ілеспе аударма - бір тілден басқа тілге тындау арқылы аудармашының аударылатын мәтінді жазба жүйесімен ілеспе аударма негізінде қабылдау кезінде пайдаланылатын ауызша аударма түрі. Аударма қызметінде сөйлеу үдерістерінің негізгі белгілері аударманы жүзеге асыру құралдары ретінде қатысады. Ол сөзді жеткізу түрлері: сөйлеу, тындау, жазу, оқу. Аударма - әлеуметтік қажеттіліктегі қызмет әрі қоғамдық пайдалы еңбек. Аудармашы рөлі – тілдік кедергілерді жеңу арқылы тілдік қатынастарды байланыстыру, сапалы аударма жасау. Аударма екі тілдің құралдарын меңгеру негізінде ауқымды сөз сөйлеу мүмкіндігін жұптап пайдалануға сүйенеді. Яғни тындау және қайта айту, тындау және жазу үдерістерін қамтиды. Аударма екі тілдік құралдарды пайдалануға сай бір тілдік жүйеге қарама-қарсы қойылады. Екі ауқымды сөз сөйлеу тәсілдерін пайдалану бойынша аударма диалогпен, қайта әңгімелеумен, мазмұндаумен түйіндеу жасаумен, редакциялаумен т.б. бірігеді. Аударманың мамандану ерекшелігі айтылған сөзді толық әрі дәл қабылдауға бағытталады. Оның тұтастылығы мен дәлдігі – аударма қызметінің мақсатты талабы. Ілеспе аударма – тындау арқылы мәтінді басқа тілдің құралдарымен ауызша қайта баяндап шығу. Айтылған мәтінді тындау нәтижесінде қабылдау, есте сақтау қабілеті белсенді жұмыс істеуі тиіс. Баяндалған мәтіннің арасындағы уақыт неғұрлым ұзарған сайын есте сақтау қабілетіне үлкен күш түседі. Аудармашының есте сақтау қабілетінің мықтылығы, оның жоғары деңгейі мен машықтануы айтарлықтай дәрежеде ілеспе аударманың сапасын анықтайды.Егер де түпнұсқа мәтіні ұзақ болса әбден бейімделген естің өзі де оны толық әрі қайтадан дәл жеткізіп беруге кепіл бере алмайды. Мәтіннің көлемін негізінде сөз сөйлеуші шешен белгілейді, аудармашы міндеті сөз сөйлеушінің шешендігімен, сөйлеу стилімен аудармасы үйлесім табуы тиіс. Эдмон Кари өз кітабында француз дипломаты Андре Франсуа-Пансенің Ұлттар лигасында 2,5 сағатқа созылған сөзіне үздіксіз ілеспе аударма жасаған. Ұлттар лигасының мәжілісінде екі жұмыс тілі ағылшын және француз тілдері пайдаланылған. Ілеспе аударманың негізін қалап, дамуы Женева университеті жанындағы аудармашылар мектебінен басталады. 1941 жылы құрылған бұл мектепте ілеспе аударманың жандануы Антуан Веллеман, Жан Эрбер, Рабер Канфино, ағайынды Каминкерлер, Жорж Матье есімдерімен тығыз байланысты. А. Веллеман – ілеспе аударма метебінің негізін салушы. Бұл университетте негізі пән ілеспе


аударма, дәлірек айтсақ, ілеспе аудармадағы жазба жүргізу болады. Ілеспе аударманы техникалық тұрғыдан жазу Батыс Еуропа елдерінде алдыңғы орынға қойылды. Халықаралық конференциялар ұйымдастырушылар шешеннің ілеспе аударма арқылы үздіксіз сөйлеуіне мүлде қарсы шықты. Олардың ұйғаруынша ол сөздің түгел сөйлеп шығады, сонан кейін ғана аударма жасалады. Үздіксіз ілеспе аударма ес, зейінге қосымша құрал қажетсінді. Мұндай қосымша құралдар жазбалар болды. Егерде аударманы жеткізуде жазбаша түрде есте сақтау бұдан бұрын қабылданған мәтінді қайта қалпына келтіруге көмектессе, ал жазба жүргізу – жазу кезінде түйсік белсенділігі артуы нәтижесінде есте сақтау жүзеге асырылады. Ең жақсы деген стенографистер бірден бірнеше жолды қағазға түсіре алмайды да, сондықтан арнайы символдар пайдаланылды. Кейіннен стенографияда басқа жолдар іздестірілді. Сөздерді қысқарту арқылы әріп түрінде жеткізу немесе арнайы белгілер мен символдар қолдану кеңінен енді. Ор – орынбасар, пр-президент, гн-генерал, эк-экономика, Аст-астана. Символдар - негізгі тілде қатыссыз-ақ лексикалық мағынаны жеткізуші саналады. Кейбір қажетті грамматикалық ақпаратты жазбада беру үшін сөздердің бекітілген тәртібі немесе басқа символдар қарастырылды.Символдар ең басты белгіленуіне орай предигативтік, уақыт символы, моральдық символдар, сапа символы деп аталса, қалғандары осының төңірегіне жинақталды. Көп уақытқа дейін ілеспе аударманың рөлі биік болды. Синхронды аударма ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін ғана, алдыңғы орынға шыға бастады. Нюрнберг сот процесінде алғаш рет бұл аударма түрін БҰҰ бекіткеннен кейін конгрес, конференция, симпозиумдар да жаппай қолданылды. Алайда синхронды аударма екі жұмыс тілі қабылданған жерде уақытты үнемдеуге қолайлы болғанымен, ілеспе аударманы тұтастай алмастыра алмады. Синхронды аударма үшін қымбат техника, арнайы микрофон, жазба аппараттары, тыңдау
құралдары, арнайы жабдықталған кабинет керек. Тағы бір жағы жақсы синхронды
аударма ақпаратты толық жеткізудің кепілдігін бере алмайды. Ілеспе аударма келіссөздер, мемлекет жіне саяси басшылар кездесуінде,баспасөз маслихаттарында, түрлі комиссиялар жұмысында, делегацияны сапаға шығарғанда, халықаралық жиындарда, форумдарда, әсіресе екі жұмыс тілі қолданылған жағдайда жүргізіледі. Өзіндік ілеспе аударма жазбасымен радио мәліметтерін немесе шет тіліндегі радио хабарларды жеткізу болып табылады.Мұндай жазба үлгісін аудиотаспаға жазып алу арқылы бірнеше рет тыңдап барып, қажет жағдайда қайта жазып шығып, сонан соң аударма жасалады. Бұл аударма түрін жазба аударманың нұсқасы деп қарастыруға болады. Бұл – бір. Радио мәліметтерін аудару бірден магнитті таспаға немесе аудиотаспаға түсіріледі. Мұндай жағдайда аудармашы бір рет қана тыңдау мүмкіндігіне ие болады. Мұндай мәліметті аудару үшін аудармашының жылдам жазу қажеттілігі зор.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет