Жүгіріп келіп секіру,см Бір орында тұрып секіру, см



Дата08.02.2022
өлшемі23,26 Kb.
#120863
Байланысты:
sabaq-kz attachment zhgrp-kelp-zhne-br-orynda-zyndya
Pollution, Pollution, Pollution, Шаруашылық  жүргізу субъектілерін шағын, орта және ірі кәсіпкерлікке жатқызу критерийлері, Хирургиялық жұқпа, Түркі әдебиеті ғылымының, Без имени (1), 7семинар


ФИО

Жүгіріп келіп секіру,см

Бір орында тұрып секіру, см

Ұшу және орнығу, см





































Ұзақ мерзімді жоспардың 1-бөлім:

Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын қалыптастыру.



Мектеп: №228 Шәймерден Бәкіров атындағы орта мектеп

Күні: 04.09.2017

Мұғалім аты жөні: Қожахметов Бағдәулет Әнуарбекұлы

СЫНЫП: 5

Қатысқандар:21

Қатыспағандар:жоқ

Сабақ тақырыбы

Жүгіріп келіп және бір орында ұзындыққа секіру техникасын үйрету.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Кебір жаттығуларда қозғалыс комбинацияларын орындау және олардың реттілігін білу және түсіну

Сабақ мақсаты






  • оқушыларға жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру тәсілін үйрету, көрсеткіштерімен таныстыру;

  • Аяқ бұлшық еттерінің, буындарының секіруде атқаратын жұмыстарын түсіндіру.

Жүгіру техникасы.

Бір орыннан секіру техникасы.
Ұшу және орнығу








































Бағалау критериі

Оқушы жүгіру алдын дайындықты дұрыс орындай білсе
Жүгіру барысында қол-аяқ қозғалысын үйлесімділігін қадағаласа
Бір орыннан секіру фазаларын білсе
Жүгіріп барып секіріп түсу фазасын білсе
Ұшу және орнығу әдіс-тәсілдерін білсе

Сабақтың тілдік мақсаты



















Негізгі сөздер мен фразалар: секіру, жүгіру, ұшу, орнығу.


























































Құндылықтар

Жеңіл атлетика сабағы барысында бір-біріне деген құрмет көрсетуі және ынтымақтастық артады.

Пәнаралық байланыс

Сабақ барысында қозғалыс кезінде кететін күш - қуат физика пәнімен, дұрыс тыныс алу және қалыпқа келу биология пәнімен байланысты.

Алдыңғы білім

4-сынып Жеңіл атлетика.

Жоспар

Жоспарланған уақыт






Дерек көздер

0 – 8 минут

9-15 минут





Ынтымақтастыру атмосферасын орнату. Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
Миға шабуыл. Оқушыларға сұрақтар беріледі:

  • Секірудің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Секіру бойынша олимпиада чемпиондарынан кімді білесіңдер? (Ольга Рыпакова).


Постермен жұмыс. Оқушыларға үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың олимпиада ойындарында көрсеткен өнерінен үзінді беріледі. Белгіленген уақытта постерге Ольга Рыпакова жетістікке қалай жеткендігі туралы өз ойларын сатылап жазып шығады.

Жалпы дене жаттығулары:
Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:
1.Екі қолды жоғары,аяқтың ұшымен жүру.
2.Екі қол белде,өкшемен жүру.
3.Қол желкеде,жартылай отырып жүру.
4.Қол тізеде,толық отырып жүру.
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:
1.Тізені жоғары көтеріп жүгіру.
2. Өкшені жамбасқа лақтырып жүгіру.
3.Аяқтың басын алға сілти жүгіру.
5.Сол қапталмен қолды артқа айналдыра жүгіру..
6.Оң қапталмен қолды алға айналдыра жүгіру.

Постер, маркерлер

Бейнефильм: https://www.youtube.com/watch?v=hy_pDEt1Q1Y

16-36 минут





Негізгі бөлім. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру әдістерін меңгеру үшін мына жаттығуларды жетік білуіміз керек:
-бір орында ұзындыққа секіру,
-үш қадам жасап секіру,
-жылдам жүгіріп келіп секіру.
Жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің ең қарапайым түрі: қашықтықтан жоғары жылдамдықпен жүгіріп келіп,аяқты бүгіп секіру.
Ұзындыққа секіру: 1)екпіндей жүгіру, 2)жерден серпілу, 3)қалықтау, 4)жерге түсуден тұрады. Секіруші неғұрлым шапшаң жүгірсе,соғұрлым алысқа секіреді.
Ұзындыққа секіруді жақсы секіру үшін мына тәсілдерді үйрену қажет:
-тез жүгіре білу жаттығуын қайталау,
-серпілетін сызыққа аяқты дәл қоя білу жаттығуын қайталау,
-жерге дұрыс түсе білу,
Топтық жұмыс. Эстафета. «Кім алысқа секіреді?» Оқушыларға баскетбол және волейбол доптары бейнеленген суреттер беріледі, сурет бойынша 2 топқа бөлінеді.
Шарты: 2 топ оқушылары кезекпе-кезек бір орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіреді. Әр оқушының секірген ұзындықтарын бормен белгілеп, соңғы оқушы секіргеннен кейін әр топтағы барлық оқушының ұзындыққа секірген өлшемдері қосылады. Қай топтың ұзындыққа секірген өлшемі көп, сол топ жеңіске жетеді.
Мұғалім оқушыларды өзінің төмендегі бағалау парақшасына бағалайды.
Секіру техникасын бағалау



Ысқырық, секундомер


Соңы
37- 40


Ой-толғаныс. «Синкуейн» әдісі – «Секіру». ( Оқушылар «секіру» тақырыбына 5 жолды өлең құрастырады.)




Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

дамытуды қалай жоспарлайсыз?



Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ сілтемелері

Құндылықтар



  • Барлық оқушылар; Жүгіріп келіп, ұзындыққа секірудің әдістерін біледі.

  • Оқушылардың көбісі; ұзындыққа секірудің әдістерін практикада қолдана алады.

  • Оқушылардың кейбірі: Өздерінің және өзгелердің орындаған жаттығуларын бағалайды, дамыту үшін ақыл кеңес береді

  • бақылау, тыңдау, сұрақтар беру, постермен жұмыс, бағалау парағы арқылы




Сабақ барысында қозғалыс кезінде кететін күш - қуат физика пәнімен, дұрыс тыныс алу және қалыпқа келу биология пәнімен байланысты.

Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуді)


1:
2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйретуді)?


1:
2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет