Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Ақпараттық коммуникациялық технология (акт)



бет1/16
Дата08.11.2019
өлшемі2,01 Mb.
#51327
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
3 кл тжб бжб



Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Ақпараттық коммуникациялық технология (АКТ)
3-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Ақпараттық коммуникациялық технология «АКТ»» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (3-4-сыныптары) «Ақпараттық коммуникациялық технология «АКТ»» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.


МАЗМҰНЫ


1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4

«Компьютер және программалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4

«Сөз артында сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 7

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 10

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 16

«Компьютер және дыбыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 16

«Компьютерлік суреттер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 19

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 22

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 28

«Шығармашылық және компьютер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 28

«Әлемнің барлығы интернетте» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 31

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 34

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 41

«Презентацияны безендіру» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 41

«Мәтін, дыбыс және презентация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 43

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 46


1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Компьютер және программалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау




Оқу мақсаты

3.1.3.1 Цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау

3.1.1.1 Енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату

3.1.2.4 Компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану

3.1.2.3 Файл және бума ұғымдарын түсіндіру



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының ережелерін. қолданады

  • Қызметі бойынша енгізу мен шығару құрылғыларын ажыратады

  • Меню бағдарламасының құралдарын қолданады

  • Бума және файл ұғымдарының қолданысын түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма


  1. Суреттерге мұқият қара. Кейіпкердің іс-әрекетіне сүйеніп, компьютермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін құрып жаз.


1-сурет 2-сурет


1)

2)




  1. Компьютерге енгізу құрылғысын жасыл қарындашпен, шығару құрылғысын қызыл қарындашпен дөңгелектеп қорша.




  1. Берілген тұжырымдар мен меню бағдарламасының құралдарын сәйкестендір.




  1. Тұжырымдаманы оқы және сәйкес атауымен байланыстырып сыз.



Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының ережелерін. қолданады

1

1- сурет бойынша қауіпсіздік

ережесін жазады;



1

2- сурет бойынша қауіпсіздік

ережесін жазады;



1

Қызметі бойынша енгізу мен шығару құрылғыларын ажыратады.

2

бірінші енгізу құралын анықтайды;

1

екінші енгізу құралын анықтайды;

1

бірінші шығару құралын анықтайды;

1

екінші шығару құралын анықтайды;

1

Меню бағдарламасының құралдарын қолданады

3

ұлғайтқыш құралын сәйкестендіреді;

1

өшіру құралын сәйкестендіреді;

1

бұру құралын сәйкестендіреді;

1

Бума және файл ұғымдарының қолданысын түсіндіреді

4

бума ұғымын анықтайды;

1

файл ұғымын анықтайды.

1

Барлығы :

11


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет