Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Казақ әдебиеті»



бет1/2
Дата27.01.2020
өлшемі156,06 Kb.
#56547
  1   2
Байланысты:
!16 ОШ БЖБ Әдебиет 7-сын қаз (1)
1575884091
Жиынтық бағалауға арналған

әдістемелік ұсыныстар
«Казақ әдебиеті»

(оқыту қазақ тілінде)
7-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып оқушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 7-сынып «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

 

 



1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 3

Бөлім «Көне күндерден жеткен жәдігерлер» 3



2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 10

Бөлім «Толғауы тоқсан қызыл тіл» 10

Бөлім «Толғауы тоқсан қызыл тіл» 13

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 15

Бөлім «Балалар мен үлкендер» 15

Бөлім «Балалар мен үлкендер» 17

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 19

Бөлім «Ұрпақ тәрбиесі» 19

Бөлім «Ұрпақ тәрбиесі» 21


Мазмұны

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4

«Көне күндерден жеткен жәдігерлер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4

«Көне күндерден жеткен жәдігерлер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 7

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 10

«Толғауы тоқсан қызыл тіл» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 10

«Толғауы тоқсан қызыл тіл» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 13

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 15

«Балалар мен үлкендер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 15

«Балалар мен үлкендер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 18

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 20

«Ұрпақ тәрбиесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 20

«Ұрпақ тәрбиесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 22

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар




Бөлім «Көне күндерден жеткен жәдігерлер»





Оқылатын шығарма

«Қыз Жібек» жыры


Оқу мақсаты

7.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

7.2.4.1 Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды

  • Оқиға желісін дамытып жазады

  • Өзіндік көзқарасын білдіреді


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану


Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты15-20 минут
1-тапсырма

Кейіпкерлердің типтік образын жасалу тәсілдеріне қарай анықтап, кестені толтырыңыз. Ойыңызды шығармадан мысалдар келтіру арқылы дәлелдеңіз.




Жібек

Төлеген


Бекежан

Типтік бейнесі









Дәлелді талдау












2-тапсырма

«Күлтегін» жырындағы түркі елінің бақытқа кенелген тұсына өзіндік көзқарасыңызды білдіріңіз.
Сөйтіп жолым болды да,

Келді бәрі орнына.

Жарылқайды Тәңірім,

Жайнады ел, өңірім.

Дұшпандарым күйінді,

Жалаңашым киінді.

Жарлыларды бай қылдым,

Төрт түлігін сай қылдым.





Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды

1

кейіпкер образын ажыратады;

1

жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды;

1

кейіпкер бейнесін жан-жақты талдайды;

1

ойын мысал келтіру арқылы дәлелдейді.

1

Оқиға желісін дамытып жазады

2

түркі елінің бақытқа кенелген тұсын ажыратады;

1

оқиға желісін дамытып жазады;

1

Өзіндік көзқарасын білдіреді

өз көзқарасын танытады.

1

Барлығы

7


«Көне күндерден жеткен жәдігерлер» бөлімі бойыншажиынтық бағалаудың нәтижесіне

қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

«Қыз Жібек», «Күлтегін» жырлары
Білім алушының аты-жөні ___________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды

Шығармадағы кейіпкер образын жасалу тәсіліне қарай анықтауда қиналады

Кейіпкер типін жасалу тәсіліне қарай анықтауда, кейіпкер образын ажыратуда қателер жібереді,дәлелдері жеткіліксіз

Кейіпкер типін жасалу тәсілдері тұрғысынан толық анықтап, типтік образды ажыратады, нақты дәлелдер келтіреді



Оқиға желісін дамытып жазады

Өз көзқарасын танытуда қиналады

Түркі елінің бақытқа кенелген тұсын ажыратуда қателеседі, өз көзқарасын ашық жеткізе алмайды



Түркі елінің бақытқа кенелген тұсын ажыратады, өз көзқарасын нақты әрі ашық жеткізеді

Өзіндік көзқарасын білдіреді

Өзіндік көзқарасын білдіруде қиналады

Өзіндік көзқарасын білдіруде қателеседі, ойы жеткіліксіз


Өзіндік көзқарасын толық білдіреді

Күні: 18.10.2019. Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 7 « »

Білім алушының аты-жөні:
Бөлім «Көне күндерден жеткен жәдігерлер»


Оқылатын шығарма

Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»

Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» толғаулары




Оқу мақсаты

7.2.2.1 - эпикалық, поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;

7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау




Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білім алушы

Шығармадағы автор бейнесін анықтайды

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды

Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды


Қолдану

Орындау уақыты


15-20 минут






1-тапсырма

Берілген үзіндіні негізге ала отырып, шығармадағы автор бейнесін анықтаңыз

... Адыра қалғыр көк Жайық,
Аңырап қалған қонысым!
Қонысымнан ауған соң,
Кетпегей еді ырысым.
Таудағы тарлан бөрі едім,
Тарылған сынды тынысым.
Кейінгі өскен жас бала,
Ақ балтырын түрініп,
Басарына ерініп,
Көкірегі күйініп,
Тек тірлікке сүйініп,
Ықтиярсыз жүгіріп,
Аузы түкті кәпірдің
Етпегей еді жұмысын!
Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Екеу-екеу сөйлесіп,
Біздің кейінгі өскен жас бала
Аузы түкті кәпірдің
Соқпаса екен пайдасын!..


2-тапсырма




Кестені толтырып, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдаңыз.


Мысалдар

Көркемдегіш құралдардың түрлерін анықтаңыз

Қолданылу ерекшелігін түсіндіріңіз, талдаңыз

Тал шарбаққа мал сақтап,

Тас қалаға жан сақтап,

Тасқан екен мына хан!







Арқаға қарай көшермін,Алашыма ұран десермін,

Ат құйрығын кесермін,
Ат сауырын берермін,
Алыста дәурен сүрермін.









Елің кеңес құрғанда,
Айналып ақыл табарға
Есіктегі ебесін,
Сонда, ханым, не десін?!
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің.
Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересің?..








Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл




Білім алушы




Эпикалық, поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды

1


шығармадағы автор бейнесін анықтайды

1

1



Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды.

2


көркемдегіш құралдардың түрлерін нақты анықтайды;

1

1

1




көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды;

1




Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды.

әдеби-теориялық тұрғыдан түсіндіре отырып талдайды;

1




Барлығы

7





Жиынтық бағалаудың нәтижесіне

қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Эпикалық, поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды

Шығармадағы автор бейнесін анықтауда қиналады

Шығармадағы автор бейнесін анықтауда қателеседі

Шығармадағы автор бейнесін анықтайды

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды


Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтауда қиналады

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды (аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) анықтауда қателеседі


Шығармадағы көркемдегіш құралдардынақты анықтайды

Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдауға қиналады


Көркемдегіш құралдардың (аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданылу ерекшелігін талдауда қателеседі

Көркемдегіш құралдардың (аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданылу ерекшелігін жан-жақты талдайды.

Әдеби-теориялық тұрғыдан түсіндіре отырып талдайды









2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


Бөлім «Толғауы тоқсан қызыл тіл»





Оқылатын шығарма

Ш.Қанайұлы «Зар заман» өлеңі

С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»




Оқу мақсаты

7.1.1.1 Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

7.2.2.1 Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығарма сюжетін жіктеп талдайды

  • Шығармадағы автор бейнесін анықтайды


Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты

Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут



1-тапсырма

Берілген өлең жолдарындағы ойды қазіргі күнмен сабақтастыра қарастырып, мазмұны жағынан салыстыра талдаңыз.






Зар заман, зар заман,

Зарлап өткен бір заман.

Сөздің басы — бисмиллаһ,

Біз айталық, сіз тыңда

Мұсылманның тарихын:

Төрт аяқты хайуан —

Бұ дүниенің жарығы.

Бағасы кеткен жігіттің

Бетінен алар зайыбы.

Бір алладан басқаның

Көпті қылған айыбы.

Кесапаттың кесірі

Келе ме деп керт басқа,

Сол себептен қорқамын!

Әуелгі қорлар зор болды,

Сондай зорлар қор болды,

Әуелгі барлар жоқ болды,

Сондай жоқтар тоқ болды

Жөн білмеген жамандар

Ел билеген бек болды,

Көтере алмай билігін,

Ұласқан үлкен кек болды,

Ниетіне қазақтың

Тым-ақ тәуір еп болды —

Заманақырболардеп,

Солсебептенқорқамын!

Мына заман қайзаман?

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман.

Тарлығыныңбелгісі:

Жақсы — жаннантүңілген,

Жаман — малдантүңілген,

Мұныңөзі — зарзаман.

Зарлығыныңбелгісі:

Бір-бірлерінкүндеген,

Жай-жайынажүрмеген,

Мұныңөзі — тар заман.

Тарлығыныңбелгісі:

Мұсылманнан хал кетті.
Тәңірімболғайдеместен.


Анты жұқпасбойына,

Әр не түсеройына,

Жалмауызболдыүлкенің,

Қазақ, сеніңсорыңа.

Арқадандәуренкеткенсоң,

Қуғындапорысжеткенсоң,

Тіптіамалжоқ, қазақтар,

Ендісеніңторыңа.






2-тапсырма

Берілген өлең жолдарындағы автор бейнесіне талдау жасап, оған жыр жолдарынан дәлелдемелер келтіріңіз.


Еменнен күшті ағашпын,

Еселесең сынбаймын!

Алдаспанға жолықтың,

Түбіңе жетпей тынбаймын!

Топ бастаған бұлбұлмын,

Сөз бастаған жүйрікпін,

Судан шыққан сүйрікпін,

Бәйгеден озған дүлділмін,

Шығарма Қатаған үніңді!

Есіңе сақта бүгінгі,

Қанатыңсынғанкүніңді!




Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды.

1


шығарма сюжетінің бөлшектерін салыстырады;

1

1


шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды;

1

1


Шығармадағы автор бейнесін анықтайды.

2


автор бейнесін анықтайды;

1

1


шығармадан нақты мысалдар келтіреді.

1

1


Барлығы

8

«Толғауы тоқсан қызыл тіл» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың

нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Ш.Қанайұлы «Зар заман» өлеңі, С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»
Білім алушының аты-жөні ___________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды


Шығарма сюжетінің бөлшектерін салыстыруда, сюжеттің құрамдас бөлшектерін талдауда қиналады


Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерінталдауда, салыстыруда қателеседі

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды, өзара салыстырулар арқылы толық талдайды

Шығармадағы автор бейнесін анықтайды

Берілген өлең жолдарындағы автор бейнесін анықтауда қиналады


Автор бейнесін анықтауда қателеседі, мысалдары жеткіліксіз


Автор бейнесіне дәлелді түрде толық талдау жасайды



Бөлім «Толғауы тоқсан қызыл тіл»





Оқылатын шығарма

Жамбыл Жабаев «Зілді бұйрық» өлеңі

Оқу мақсаты

7.3.3.1 Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды

  • Әдеби эссе жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут



Тапсырма

Шығармада байқалған халықтың мақсат-мұраты, арман-аңсары туралы талқылап, әдеби эссе жазыңыз.

Ж.Жабаев «Зілді бұйрық» өлеңінде тарихи оқиғаға байланысты халықтың сарсаңға түскен жағдайын жеткізе отырып, азаттықты аңсаған халықтың қаһармандық қасиетін танытты. Бекболат, Саттар сынды қазақ ерлерін ұрпаққа үлгі етті.





Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды.

1


шығармадағы ұлттық құндылықты анықтайды;

1

ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды;

1

1


шығармадан мысалдар келтіре отырып, ойын дәлелді жеткізеді;

1

1


Әдеби эссе жазады.

эссені әдеби негізде (шығармада көтерілген мәселеге қатысты) жазады;

1

1


ойын жүйелі жеткізеді;

1

құрылымынсақтайды.

1

Барлығы

9

«Толғауы тоқсан қызыл тіл» бөлімі бойынша жиынтық



бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Жамбыл Жабаев «Зілді бұйрық» өлеңі
Білім алушының аты-жөні____________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды


Шығармадағы ұлттық құндылықты анықтауда, ұлттық құндылық тұрғысынан талдауда ойын дәлелді жеткізуде едәуір қиналады

Шығармадағы ұлттық құндылықты анықтауда, шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдауда қателеседі

Шығармадағы ұлттық құндылықты анықтайды, ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды, ойын дәлелді жеткізеді

Әдеби эссе жазады

Эссені әдеби негізде (шығармада көтерілген мәселеге қатысты) жазуда,

ойын жүйелі жеткізуде

құрылымын, сөз көлемін сақтауда қиналады


Эссені әдеби негізде (шығармада көтерілген мәселеге қатысты) жазуда,

ойын жүйелі жеткізуде

құрылымын, сөз көлемін сақтауда қателеседі



Эссені әдеби негізде (шығармада көтерілген мәселеге қатысты) жазады,ойын жүйелі жеткізеді,

құрылымын, сөз көлемін сақтайды






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет