Жылдарға арналған Абай ауданының даму бағдарламасы



бет7/11
Дата25.08.2017
өлшемі3,29 Mb.
#26241
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Актуалды мәселелер

Бүгінгі күнде жастарға тұрғын үй бөлу, демалу орындарының қажеттілігі туралы мәселе тұр. Бұл мәселені шешу үшін облыстық бюджеттен қаражаи бөлу қажет.


Құқық тәртібін қорғау және қылмыспен күрес.

Ауданда қылмыс туралы хабарлама және өтінішшті тіркеу және есепке алуды қамтамасыз ету, аудандағы объективті статистикалық қылмыс деректеріне жету бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ішкі істер бөлімшелерінде прокуратура органына "on-line" режимінде мәліметті берумен қылмыстар туралы хабарлама және өтінішті электрондық тіркеу жүйесі енгізілді. Әрбір тіркелген өтінішті полиция азаматтарға хабарлама-талонын береді. «Call-орталығы» арқылы прокуратура өтініштерді қадағалайды.

Есепке алу және тіркеуден қылмыстарды жасыру фактісі бойынша кінәлілерге қатаң тәртіптік жаза қолданумен қызметтік тексерулер жүргізіледі.

Қабылданған шаралар тіркеу қылмыстар туралы хабарлама және өтінішті қабылдау және тіркеу рәсімдерінің айқындығын, сонымен қатар жылдамдықты арттыруды қамтамасыз етуге жол береді.

Соңғы жылдары қабылданған шаралар нәтижесінде болжанғандай қылмыстың статистикалық өсу тенденциясы орын алды. Ауданда қылмыстық жағдай әлеуметтік-құптау деңгейінде сақталуда.

Жоғарыда көрсетілген себептермен қоғамдық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздік жағдайының индикаторы болып табылатын 2012-2014 жылдары қоғамдық орындарда орын алған қылмыстың жалпы санының өсуімен түсіндіріледі.

- 2012 - 2013 ж. жүргізілген талдау көрсеткіші тіркелген қылмыс санының 53,2 % өскенін көрсетті (564 бастап 864 дейін), бұл дерек алдын алу жұмыстары кезеңінде анықталған қылмыстар санының өсуімен, қызмет көрсету аумақтарында қылмысты 100,0% тіркеумен түсіндіріледі. Көрсетілген кезеңде ҚР ҚІЖК 285 бабы бойынша 149 қылмыстар анықталды, 2012 жылы 110.

- 2014 жылы есепке алу саласында қылмысты тіркеуді тәртіпке келтіру бойынша қатаң саясатты жүргізу аудан бойынша қылмыс тенденциясының 19,0% азаюы байқалды (670 бастап 543 дейін).

Кәмелетке толмағандардың (50,0%), бұрын сотталғандардың (53,7%) азайды, алкоголдік мас жағдайында (34,7%), қоғамдық орындарда (17,9%), көшелерде (30,1%), тұлғалар тобында (11,8%), есірткімен мас болу жағдайында (50,0%) жасаған қылмыстарының саны азайды.

- 2015 жылы қызмет көрсетілетін аумақтарда тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 52,9 % (543 бастап 830 дейін) өскен, Абай секторларының шегінде - 62,9 % (313 бастап 510 дейін), Топар - 39,1 % (230 бастап 320 дейін).

Сонымен, жүргізілген алдын алу жұмыстары қоғамдық орындарда 18,8 %, аөшелерде 31,4 %, кәмелет жасқа толмағандардың 55,6%, тұлғалар тобында 63,3%жасалған құқық бұзушылықтардың азаюына ықпалын тигізді, отбасылық тұрмыстық салада (1) қаруын қолданумен (4) өсуге жол берілмеді.

Бірақ, алкоголдік мас жағдайында 6,4 %, бұрын сотталғандардың 192,0 % жасаған ұылмыстарының санының өсуі байқалуда.

Аудан бойынша ауыр дене жарақаттары саны қысқартылды, солардан нәтижесінде көз жұмғандар 66,7 % (6 бастап 2 дейін), зорлау 33,3 % ( 3 бастап 2 дейін), пәтерлік ұры 32,8% (125 бастап 84 дейін), автокөлік ұрлау 83,3 % (6 бастап 1 дейін), бұзақылық 13,8% (29 бастап 25 дейін), бопсалаушылық 100,0% (3 бастап 0 дейін) қысқартылы.

Бірақ, аудан бойынша өскендер: ауыр қылмыстық құқық бұзушылық 21,6% (37 ден 45 дейін); ерекше ауыр қылмыстық құқық бұзушылық 333,3% ( 3 тен 13 дейін); адам өлтірушілік 600,0% ( 1 ден 7 дейін), екі сектор бойынша; ауыр дене жарақаты 28,6 % (7 ден 9 дейін); төбелес (0 ден 1 дейін); ұрлық 21,7 % (23 тен 28 дейін); басқаның мүлкін ұрлау 36,8% ( 329 дан 450 дейін); мал ұрлау 40,0% (15 тен 21 дейін); ұялы телефондар ұрлау 37,2% ( 78 ден 107 дейін); машиналарды айдап әкету 28,6% (7 ден 9, Топар секторының есебімен), бұзақылық 80,0% ( 20 дан 36 дейін).

Сонымен бірге, 2015 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша қылмыстың келесі түрлері бойынша қылмыстың ашылауы 100,0%: өте ауыр қылмыстық құқық бұзушылық, қасақана өлтірушілік, ауыр дене жарақаты, соның ішінде өліммен аяқталу, қарақшылық шабуыл, ұрлық (80,0%), ол өткен жылдан және орта облыстық көрсеткіштен жоғары.

Жоғарыда көрсетілген себептермен қоғамдық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздік жағдайының индикаторы болып табылатын 2012 жылдары қоғамдық орындарда орын алған қылмыстың жалпы санының өсуімен түсіндіріледі.

2012-2015 ж. есептік кезеңде Абай ауданының ІІБ әкімшілік полициясы бөлімімен қылмыспен күресті нығайту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу жұмыстарын жүргізу жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылады.

2012-2013 жылдар ішінде тіркелген жол-көлік оқиғаларының өсуі байқалды: 2012 жылы - 40, 2013 жылы – 60, салдарынан 18 адам мерт болды, 74 адам жатақат алды. 2014 жыл қорытындылары бойынша ЖКО санының – 27 азайды, (АППГ – 44), төмендеу 38,6% құрады, салдарынан 6 адам мерт болды (АППГ- 9), төмендеу 33,3% құрады, жарақаттанғандар – 31 адам (АППГ – 52) төмендеу 40,4%.

2014-2015 жылдардың 9 айында Абай ауданының аумағында 29 жол – көлік оқиғалары тіркелді, АППГ - 27, төмендеу - 7,4% құрады, салдарынан 4 адам мерт болды, төмендеу - 33,3% (2014ж. - 6), 36 жарақат алды (2014ж.- 27), өсу - 33,8%, мас күйіндегі жүргізушілердің кінәсі бойынша 2 оқиға (2014ж. - 0), 58 ұсақ ЖКО тіркелді (2014 - 50).

2012-2014 жылдары жас өспірімдердің жасаған қылмыстарының саны төмендеуде. Абай ауданының аумағында жасөспірімдер арасында орын алған қылмыстық жағдайлар есебімен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар жандандырылды. Абай ауданының ІІБ УИП ГДН 323 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды (Абай/185, Топар/138), АППГ – 207 (Абай/115, Топар/92). 2015 жылдың 9 айына аудан бойынша кәмелет жасқа толмағандардың арасындағы қылмысты азайту 55,6 % құрады (9 бастап 5 дейін).

Ауданда бұрын қылмыс жасаған тұлғалар тарапынан қылмыстық құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі. 2012-2014 жылдары талдау осындай әрекеттер санының тұрақты төмендеуін көрсетеді. 2012-2013 жылдар ішінде бұрын сотталған тұлғалардың жасаған қылмыстарының алдын алу бойынша белгіленген жұмыстар жүргізілуде, бірақ, қабылданған шараларға қарамастан қайталанған қылмыстарға 39,6% жол берілген (АППГ 48 бастап 67 дейін), Абай–54/39, + 38.5 %, Топар – 13/9 , + 44,4%), 2014ж. бұрын қылмыс жасаған тұрғындардың жасаған қылмыстарының төмендеуі байқалуда-53,7 % (25 қарсы 54 – 2013ж.), Абай – 16/43 (62,8 %), Топар – 9/11 (-18,2%). 2015 жылдың 9 айына бұрын сотталған тұлғалардың жасаған қылмыстарының 192,0 % өсуі байқалуда немесе 25 бастап 73 дейін (Абай-16/49, Топар-9/24).

2012 – 2014 жылдар ішінде отбасы-тұрмыстық қатынас саласында жасалған қылмыстардың тұрақты төмендеуі байқалуда. Сонымен, 2012 жылы осындай қылмыстар тіркелді (2), 2013ж. -2014ж. 150,0% өсу байқалуда (5), 2014ж. 100,0 (4), 2015ж. отбасы-тұрмыстық қатынас саласында жасалған қылмыстардың өсуіне жол берілмеді.

Отбасы-тұрмыстық қатынас саласында жасалған қылмыстардың өсуіне жол бермеу мақсатында, сонымен қатар алкоголдік мас болу жағдайына жол бермеу мақсатында Абай ауданының ІІБ ӘПБ қызметкерлерімен «нол» шеңберінде алкоголге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін төзімділік шеңберінде әкімгершілік жауапкершілікке 703 тұлғалар тартылды, 10,9% өсу пайызын құрады (АППГ - 634 - Абай 411/480, Топар 223/223).

Ауданда есірткі бизнесімен күрес бойынша жұмыстар жүргізілуде, ертерек нашақорлықтың алдын алу, мамандандырылған медициналық мекемелерді дамыту, сонымен қатар есірткіге қарсы насихаттау жалпы мемлекеттік жүйелерін қалыптастыруға амалдар ұйымдастыру жүйелері іске асырылуда.

Ауданның ІІБ ОБН 2012-2014 ж. жұмыстарына жүргізілген талдау нәтижелері Абай ауданы бойынша есірткі құралдарымен заңсыз айналысқандарға байланысты 62 факт тіркелгенін көрсетті, олардан 21 қылмыстық істер қозғалды (Абай-19, Топар-2), (2012ж.- 20 қылмыстың өсуі 5,0 % құрады), 2014 жылы аудан бойынша 20 есірткі қылмысы анықталды, о.і. 14 есірткі өкізу фактісі және 6 сақтау фактісі, 2015ж. есірткіге байланысты қылмыс өткен жыл деңгейінде қалды (20).

Есірткі қылмысының алдын алу және болдырмау мақсатында барлық үкіметтік емес және мүдделі қызметтерді тартумен Абай ауданы аумағында ірі ауқымды жедел-алдын алу іс шаралар өткізілді.

Есірткі тұтынатын тұлғаларды оқушылар мен студенттер арасында анықтау, сонымен қатар есірткі құралдарын өткізушілерді табу мақсатында жалпы білім беру, жоғарғы оқу орындарында арнайы жедел іс шаралар өткізілді. Есірткі және нашақорлықпен күрес бойынша жалпы ұлттық мемлекет саясатын іске асыру, кәмелетке толмағандарды есірткінің әсер ету саласынан қорғау, есірткі заттарын пайдаланудың алдын алу мақсатында оқу орындарында әңгімелесулер, лекциялар өткізілді.

Абай ауданында барлығы 12 кафе, 9 оқу орындары жұмыс істейді, олардан орта оқу орындары – 6, кешкі мектеп – 1, КТУ – 1, орта-техникалық оқу орындары – 1, Топар к. 7 кафе, 13 оқу орындары (10 ауылдық округте), КТУ – 1 жұмыс істейді есірткі бизнесімен күрес желісі бойынша жұмыстар ІІБ бөлімшелерімен тығыз байланыста өткізіледі.

Қауіпсіздік және құқық тәртібі жағдайының SWOT – талдауы

Оң әсері Теріс әсері

Күшті тарапы:

  1. Құқық бұзушы нақты алдын алу субъектісін ескеру жіне оның өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету;

  2. Қоғамдық тәртіпті қорғауда және құқық бұзушылықтың алдын алуда қатысушы азаматтар мен ұйымдардың өзара әрекетті нысаны келісілді;

  3. Әкімшілік және жол полициясы қызметтерін біріктіру жүзеге асырылды, «жан жақты полициялық» қағидасы бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Әлсіз тарапы:

  1. Материалдық-техникалық базаны уақытылы жарақтандыру үшін қаржының жеткіліксіздігі.

  2. Тұрмыстық маскүнемдік, алкоголдік және нашақорлықтың алдын алу мәселелерінің шешілмегендігі;

  3. Қылмыстың қайталануының сақталуы;

  4. Пайдақорлық бағыттағы мүлік қылмысының өсуі.

Мүмкіндік

  1. Мемлекеттік қолдау.

  2. Құқық тәртібі органдарының қызмет сапасын бағалау жаңа бағыт жүйесін ендіру.

Қатерлер

  1. Радикалды діни-экстремистік топтармен кәнігі қылмыскерлердің бірігу мүмкіндігі;

  2. Интеграциялық процестер (Кедендік одақ) және бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайында белгіленген қатерге ұларалық байланыспен қылмыстық топтардың әрекеттерінің ұсынылуы.

Қауіпсіздік және құқық тәртібінің актуалды мәселелері:

- облыстың басқа да ауылдық аумақтарымен салыстырғанда Абай ауданының ІІБ қызмет көрсету аумағында қылмыстың саны жоғары, бұл жағдайдың негізгі себебі басқа аумақтармен салыстырғанда облыстық орталықтан айтарлықтай қашықтықта орналасқаны болып табылады, ауданда қалалық және ауылдық тұрғындар бар, сондай-ақ, басқа ауылдық аумақтарға қарағанда тұрғындардың да саны айтарлықтай жоғары.



- пәтерлердің техникалық бекітілуінің әлсіздігі (бірінші қабаттағы пәтерлердің терезелеріне торлары жоқ, есіктері әлсіз ағаштан жасалған, есіктер жиі ашық қалады, есіктердің кілттері «белгілі» жерлерде қалдырылады, пәтерлер шулы сигнал берумен жабдықталмаған):

-өз мүліктеріне мұқият болуға тұрғындар арасында алдын алу және түсіндірме жұмыстарының әлсіздігі.



- пәтерлердің техникалық бекітілуінің әлсіздігі (бірінші қабаттағы пәтерлердің терезелеріне торлары жоқ, есіктері әлсіз ағаштан жасалған, есіктер жиі ашық қалады, есіктердің кілттері «белгілі» жерлерде қалдырылады, пәтерлер шулы сигнал берумен жабдықталмаған):

- құжаттары жоқ, төмен бағада телефондарды сату, сатып алу және өткізу базарының кеңеюііске асыруға түскен тауарларды өндіру көздерін мемлекеттік органдардың бақылау нормативтік базасының жоқ болуы;

- олардың құндылығы, кіші мөлшерлері және жастар мен жасөспірімдер арасын кеңінен таралғандығы, сонымен қатар ұрланған ұялы телефондарды СИМ карталарын ауыстыру жолымен пайдалану мүмкіндігі;



- иелерінің телефондарын қараусыз қалдыруы (автокөлік салондарында, ойын-сауық орындарында және т.б.).

-аулалар, саябақтар, көшелердің нашар жарықтандырылуы;

-қала бойынша тәулік бойынша патрулдеу маршруттарының қарастырылмағандығы;

-Абай ауданында видеобақылау жүйелерінің жоқ болуы, оларды ендіру аудан орталығында қылмыстық жағдайды анықтауға, олардың алдын алуға, жедел жауап қату және ІІБ хабарласқан азаматтардың уақытынан бастап қылмыс болған жерге полиция жасағының дер кезінде келуіне оң әсерін тигізер еді, бұдан басқа видеобақылау камералары әрбір оқу орындарында, бос уақыт өткізу орындарында және жастардың демалу орындарында, ойын-сауық орындарында да жоқ.

- ішімдікке салыну ауыр қылмыстың себепшісі болып қалады. Жеткіліксіз деңгей олардың алдын алуға байланысты, соның ішінде мамандандырылған емдеу мекемелер санының шектеулігінде, медициналық айықтырғыш тапшы;

- қайталанған қылмыстар сақталуда, бүгінгі таңда бостандығынан айырылу орындарынан босаған тұлғалардың қоғамда әлеуметтік бейімдеу және интеграциялау (жұмысқа орналасуға қатысу бойынша шаралар) деңгейінің жоғарылығы;

- жүргізушілердің және жүргізуге дайындық сапасының төмендігі жиі ЖКО себептері болады.
Табиғи сипаттағы ТЖ шұғыл түрде жою және ауыртпалықтарын төмендету, алдын алу.
Аудан аумағындағы қала әкімдігі, кенттер мен ауылдық округтер әкімдіктері, барлық түрдегі кәсіпорындар мен ұйымдардың азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша қызметінің жұмысы, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар Жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.

Ауданда төтенше жағдайлар бойынша комиссия жұмыс жасайды, ол өз қызыметін қала, кент, селолық округ әкімдерімен, барлық түрдегі кәсіпорындар және ұйымдармен тығыз байланыса отырып жүргізеді. Табиғи өрттердің алдын алу бойынша шаралар анықталған, өрт сөндіру бойынша жүргізілетін алғашқы іс-әрекет жергілікті еркі өрт сөндіру құрылымдарымен жүргізіледі.

Аудандағы 11 селолық округте 130 ерікті өрт сөндіру құрылымдары ұйымдастырылған, олардың құрамы 861 адамнан құрылған, 199 техника.

2012 жылы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша келесі мақсаттарға бағытталған іс шараларға 1 692 мың теңге қарастырылды: хабарлау – 1050 мың теңге, өрт сөндіргіш – 161,7 мың теңге, үгіттеу материалдыраны – 50 мың теңге.

2013 жылы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша келесі мақсаттарға бағытталған іс шараларға 1 692 мың теңге қарастырылды: Самарка картасын әзірлеуге – 5,4мың теңге, ГО қалыптастыруды қоректендіруге – 36,9 мың теңге, Радио арна локальдық хабарландыру жүйесіне ЖШС – 1092 мың теңге, сыртқы жарнама ГО картасына - 22,3 мың теңге; Саран типографиясы ЖШС – 102,3 мың теңге; Шалов ЖК Сарепта АСС қоректендіру – 42,1 мың теңге, Саран типография жадынама – 17,9 мың теңге, өрт сөндіргіш – 373,1 мың теңге.

2014 жылы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін 1810 мың теңге сомасында қаржылық қаражат бөлінді, дала өрттерін алдын алу және сөндіру бойынша іс шараларға – 610 мың теңге.

2012-2014 жылдар кезеңінде жалпы 2300 мың теңге сомаға 7 елді мекендерде хабарландырудың локальды жүйелері орнатылды (Ақбастау, Юбилейное, Самарка, Есенгелді, Сарепта, Көксу, Құлайғыр).

Негізгі өзекті мәселе тасқын, су басу, дала өрттеріне қарсы әрекет инфрақұрылымдар қамтамасыздық деңгейінің (35%) жеткіліксіздігі.

Ауданда 22 гидротехникалық құрылғылардың болуы бөгеттерді су басу қауіп қатерлерін тудырады, осыған байланысты тұрақты түрде қарсы іс шаралар жүргізіледі.

Қысқы жағдайда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бірқатар шаралар жүргізіледі. Ауданның сәйкес аумақтық бірлік әкімдерімен қарлы қысқы жағдайдағы төтенше жағдайларды жою бойынша шаралар Жоспары дайындалады. Тұрғын пункттерінің жолдарын тазартуға қажетті техника бойынша Жоспар жасалады. Ауданның әр тұрғын пункттеріндегі жеке кәсіпкерлермен төтенше жағдайда жанар-жағармай және азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі. Адамдарды іздеу және құтқару командаларының дайындығының тексеруі жүргізіледі. Төтенше табиғи құбылыстар жағдайында хабарландыру жасау бойынша шұғыл шаралар жасалады, әсіресе тұрғындар мен қысқы мұзастынан балық аулаушыларды.

Балық аулау орындарын және тасымалдаушы авто көліктерге түгендеу жүргізіледі. Абай ауданының аумағында орналасқан сушаруашылық құрылыстарын бақылау бойынша жыл сайын комиссия құрылады. Ауданның сушаруашылығы құрылыстарында, шектеу қойюшы белгілерді орнату, жүйелі түрде кезекшілік және бақылау жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, ұйымдарда, білім беру мекемелерінде азаматтарға қысқы төтенше жағдайларда іс-әрекеттер жасау бойынша сабақтар жүргізіледі.

Мемлекеттік органдар, әкімдіктер арасында өзара әрекет сұлбасы әзірленді. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселесі бойынша семинар жиналыстар өткізіледі. Ауданның барлық а/о ерікті өртке қарсы қалыптастыру құрылға. Ауданның өртке қарсы қызметімен ерікті өртке қарсы қалыптастырудың өзара әрекет Жоспары келісілді.

2015 жылы төтенше жағдайларды жою және алдын алу бойынша үшін 06-«ТЖ жою және алдын алу» бағдарламасы бойынша 460,0 мың теңге мөлшерінде қаржылық қаражат бөлінді, 07-«Дала өрттерін сөндіру және алдын алу бойынша іс шаралар» бағдарламасы бойынша – 165 мың теңге.

олардан:-тартпалы өрт сөндіргіш-125 мың теңге

-ыдыс-қап-135,0 мың теңге

Сондай-ақ, өртке қарсы кезеңнен және шомылу маусымынан өту кезеңінде тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында және әкімдік сайтында ескертулер, осы тақырыпта мақалалар мен айдарлар жарияланады, наурыз айында үгіттеу-насихаттау жұмыстарын жүргізу үшін 200 мың теңге сомаға 2,5 мың дана ескертулер мен кітапшалар, 1 дана баннер дайындалды.

07-«Дала өрттерін сөндіру және алдын алу бойынша іс шаралар» бағдарламасы бойынша 165 мың теңге сомаға дизел отыны сатып алынды.

Абай ауданының жеті елді мекендерінде а.ж. сәуірінде орын алған төтенше жағдайлар нәтижесінде Абай ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі №02 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жариялау туралы», 2015 жылғы 17 сәуірдегі №03 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жариялау туралы» 2015 жылғы 10 сәуірдегі «Абай ауданы әкімінің шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі енгізілді, сонымен қатар Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 сәуірдегі №11/03 «Қарағанды облысы Абай ауданының табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан болған материалдық шығындарды бағалау және өтеу бойынша комиссия құру туралы» қаулысы енгізілді.

ТЖ салдарын жоюда Алматы облысының ТЖД бөлімшелері, ТЖБ, АІІБ, аудандық қызмет және жергілікті шаруа хожалықтары, Топар к. «ВСС» ММ, Қарағанды облысының «ОСО» ММ; Қарағанды облысының «СП және АСР» ММ айланысты:



  • 3712 адам көшірілді;

  • 11 453 бас малдар тарқатылды;

  • 3099 м. уақытша бөгеттер тұрғызылды.

  • 25 адамға медициналық көмек көрсетілді, 19 адамға психологиялық көмек көрсетілді; 3000 мыңнан астам адамдар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Су тасқынының қорытындысы: тасқын сумен Абай ауданының 7 елді мекені су астында қалды, 62 бір және екі пәтерлі үйлерді, 90 пәтерлерді су алды.


п.п.

облыс,

аудан,


елді мекен

барлығы алдын ала көшірілді (адам)

1

Құрма а/о Жұмабек

61

2

Көксу а/о

1391

(20 адам қалды)



3

Құлаайғыр а/о

113

4

Сарепта а/о Қойбас

14

5

Қарағанды а/о Қарақоға

29

6

Юбилейное а.,

Тасзаимка а.



1155

45


7

Самарка а/о

904




БАРЛЫҒЫ

3712

Атқарылған іс шаралар:

1.Барлық елді мекендерде көшіру жұмыстары алдын ала жүргізілді. Барлығы аудан бойынша – 3 712 адам және 11 453 бас мал көшірілді.

2. 7 елді мекендерде ұзындығы 3,99 км. 9 мың қаптардан қорғау бөгеттері тұрғызылды, 800 тонна инертті материалдар пайдаланылды.

3. 2015 жылы 05.05. Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасына 17 млн. 621 мың 446 теңге сомасында зардап шеккен шығындарды өтеуге облыстық бюджеттен қаражат бөлу үшін құжаттар тізімі берілді.

Бюджетке түзетулер 8 мамырда жүргізілді. Зардап шеккендер төлемі 12 мамырда жүзеге асырылды.

Абай ауданында зардап шеккен 6 тұрғын үй, олар тұруңа жарамсыз болған, соның ішінде:

3 үй Абай ауданы, Құрма а.о., Жұмабек а. мекен жайларында орналасқан:

1) Центральная к. 10 үй, 2 пәтер (бюджетік қаражаттан салынды);

2) Центральная к. 2 үй, 1 пәтер (бюджетік қаражаттан салынды);

3) Центральная к. 14 үй (бюджетік қаражаттан салынды).



1 тұрғын үй: Абай ауданы, Абай қ., Талды-Құдык бөл., Талды-Құдык к., 10 үй, 1 пәтер (бюджетік қаражаттан салынды).

2 тұрғын үй: Абай ауданы, Құрма а.о., Жұмабек а., олар (демеуші қаражатымен салынды):

1) Центральная к. 6 үй;



2) Центральная к.10 үй, 1 пәтер.

SWOT-талдауы




Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті тарапы:

  1. Ауданда төтенше жағдайлар санының динамикасы төмендеуде;

  2. Өрттен адам шығынының тұрақты төмендену тенденциясы;

3) аудан аумағында ерікті өртке қарсы қалыптастыру құрылды;

  1. Суда көз жұмғандар динамикасы төмендеуде

Әлсіз тарапы:

  1. ерікті өртке қарсы қалыптастырушылардың жеткіліксіздігі;

  2. шомылу үшін орындарда шаралар жеткіліксіз қабылдануда және суда қауіпсіз демалу, шомылуға тыйым салынған орындарға белгілер орнату, БАҚ арқылы суда демалу үшін тыйым салынған орындар туралы тұрғындарды ақпараттандыру жеткіліксіз.

  3. Хабарландыру локалды жүйелерін құру бойынша қаржылық қаражат бөлу қажет

  4. Ауданның гидротехникалық құрылғылар жағдайы қанағаттандырарлықсыз

Ішкі орта

Мүмкіндік

  1. Мемлекеттік қолдау;

  2. Азаматтық қорғау іс шараларын насихаттау;

  3. Азаматтық қорғау саласында тұрғындарды оқыту.




Қатерлер

  1. Су тасқынынан тұрғындарды қорғау үшін қаржы жеткіліксіз;

  2. катастроф, табиғи катаклизм.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет