Жылқының шығу тарихы



Дата24.11.2019
өлшемі58,62 Kb.
#52364
Байланысты:
Жылқының шығу тарихы
Жылқының шығу тарихы, Бақылау жұмысы. ТЕСТ., план конспект по УВС на 20.01, план конспект по Спец.тактик на 21.01
Жылқының шығу тарихы

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы ғасырлар бойы алуан түрлі гипотезалар, болжамдар қалыптасты. Ең соңында ғалымдар: «эволюция тірі ағзаның қозғаушы күші» дегенге тоқтам жасады. Эволюция ілімінің негізін қалап, оны ең биік шыңына жеткізген ағылшын ғалымы Ч.Дарвин еді. Дарвиннің “табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығу тегі” деген еңбегі, барлық эволюционер ғалымдардың еңбегіне арқау болғандығы белгілі. Бір түрден екінші түр пайда болды деген қағида, кез-келген түрдің арғы тегін анықтауына түрткі болды. Палеонтолог ғалымдар қазіргі жер бетіндегі түрлердің арғы ата тегін анықтауға құлшына кірісіп, қазба жұмыстарының арқасында табылған қаңқалар, сүйектер арқылы қалайда болсын қорытынды шығаруға әрекет жасады. Жылқы түлігінің алғаш қолға үйретілу тарихы туралы бүгінде талас көп. Көптеген ғалымдар жылқының даму тарихын зерттеп,өздерінің ойын айтып кетті.Солардың бірі орыс ғалымы В.О.Ковалевский тұяқты жануарлардың тарихи дамуын зерттеді. Ол көптеген қазба жұмыстар жүргізіп, жылқылардың қаңқасын, тістерін, аяқтарын тексере келіп жылқы жануарының эволюциялық дамуы жөнінде ең алғашқы мағлұмат берді. Оның айтуынша жер бетіндегі жылқылардың арғы тегі түлкі сияқты кішкентай хайуан болған екен. Қазіргі жылқылардың бойшаң болып кетуі ғасырлар бойы жер бетінде болған климаттық өзгеріске байланысты екен. Егер климаттық ауытқулар болмаса онда біз “жылқы” деп түлкі сияқты хайуанды атап жүрер ме едік. Ең алғашқы жылқылар орман ішінде қысылып, тар жерде өскендіктен бойлары аласа, алдыңғы аяқтарында 4 башпай, артқы аяқтарында 3 башпай болыпты. Содан ауа райының өзгеруіне байланысты ормандардың көлемі азайып, ашық далалы жерлердің көбеюі жылқылардың ата тегінің тіршілік ортасын өзгерткен екен. Осылайша еркін, ашық далаға шыққан жылқылар жылдамырақ қозғалғандықтан түлкі сияқты жануардан, қазіргі күнгі жылқыға айналған екен. В.О.Каволевский жылқылардың даму сатысын, қазіргі жылқылардың шығу эволюциясын зерттегенде берілген атауларды кайнозой заманының үштік кезеңінің ғасыр атымен атады. Жылқыларды аяқтарындағы башпай санының біртіндеп өзгеруі ретіне қарай орналастырды.

1. Фенакодус (палеоценде тіршілік еткен) – 5 башпайлы, үлкендігі түлкідей.

2. Эогиппус (эоценде тіршілік еткен) – биіктігі 30 см, алдыңғы аяқтарында 4 башпай, артқы аяқтарында 3 башпай.

3. Миогиппус (миоценде тіршілік еткен) – ортаңғы башпай өте жақсы жетілген, 2-4 башпайлары қысқа.

4. Мерикгиппус (миоценде тіршілік еткен) – ортаңғы башпайы жерге тиген, 2-4 башпайлары өте қысқа.

5. Гиппарион (плиоценде тіршілік еткен) – бір башпайлы, жанама башпайлары жойылған, тек қалдық ретінде сақталған.

6. Осы заманғы жылқы



Тарихи деректер бойынша адам баласы жылқыны біздің жыл санауымыздан 3 – 4мың жыл бұрын қолға үйреткен. Ғалымдар көпке дейін жылқылардың алғаш Солтүстік Африка, Еуропа немесе Украина жерлерінде қолға үйретіле бастағанын айтып келді. Алайда Қазақстан жеріндегі Ботай қонысынан табылған жылқы қаңқалары тарихқа жаңаша көзқараспен қарауға түрткі болды. Осы қоныс жылқының ең бірінші қазақ даласында үйретіле бастағанын дәлелдеді. Қазіргі кезде жылқының негізгі отаны Шығыс Еуропаның далалы аймағы, Орталық Азия және Қазақстан алқабы деп есептеледі. Әйгілі ғалым Ахмет Тоқтабайдың «Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Қазақ жылқысының тарихы» кітабында «Орталық Азия, соның ішінде қазақ даласы – жылқы отаны» - деген түпкілікті тұжырым жасалған. Бұған дәлел ретінде, жүздеген мың жылқы сүйектері табылған энеолит дәуіріндегі – «Ботай қонысы» аталады. Ботайлықтар – жылқыны алғаш қолға үйреткендер. Мұны қазір бүкіл әлем ғалымдарымойындап отыр.2009 жылы бүкіл әлемге SCIENCE ғылыми журналында жылқының дүниежүзі бойынша тұңғыш рет Солтүстік Қазақстанда қолға үйретілгені,ертедегі малшы - жылқышыларының б.з.д. ІY мыңжылдықта қымыз дайындағаны әлем жұртшылығына жария етілді.



Белгілі зерттеуші, этнограф Ахмет Тоқтабай бүгінде дүниежүзінде 65 миллион жылқы және 250-ден астам жылқы тұқымы барын айтады. "Жылқы біздің қазақ жерінен шыққан. Бұл жәй айтыла салған сөз емес. Оған Көкшетау облысындағы Ботай қонысынан табылып жатқан жылқы сүйектері дәлел. Әлемдік археологияда дәл осылай бір қоныстан жүз мыңдаған жылқының сүйегінің табылуы болмаған. Осы қонысты көптеген ғалым зерттеп, археолог Виктор Зайберт отыз жылдан астам уақыт қазып жатыр. Археологиялық және палеологиялық зерттеулер жүргізе келе табылған жылқылардың қазақтың жабысынан айнымайтыны белгілі болды", — дейді ғалым. Этнограф Ахмет Тоқтабай "жабы" сөзінің түп-төркіні "жабайы" деген сөзден шыққанын айтады. Үш мың жыл бұрын арилер, екі мың жыл бұрын ғұндар, одан кейін мың жарым жыл бұрын түркілер мен қыпшақтар көшіп, шетінен Еуропаны жаулап алып отырды. Яғни, Батысқа жылқыларды осы тайпалар алып барған. Сондай-ақ, ғалым қазақтың тарихы жылқымен тығыз байланысты екенін айтып өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет