Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы



Дата25.12.2016
өлшемі88,42 Kb.
#4829
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Ш.Уәлиханов

атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің

мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Ахатова Айгерім Жұматайқызы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Күз» әңгіме құрастыру

Мақсаты: Күз туралы білімдерін бекіту. Табиғатты аялауға, құрметтеуге, баптауға үйрету. Жыл мезгілі туралы түсінік беру. Баланың ой өрісін дамыту. Күзгі өзгерістерге мән бере отырып табиғаттың әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Күз туралы тақпақтар айта отырып баланың тілін дамыту. Суреттерді әңгімелей отырып байланыстыра сөйлеуін дамыту.

Қостілді құрам: күшік-щенок, ағаш-дерево, жеміс-фрукты

Көрнекілік: ағаш, жемістер, көкөністер т.б суреттері

Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, саяхат.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиеші қызметі

Балалардың қызметі

Дәлелдеп талаптану

Ұйымдастырушылық ізденіс

Рефлексивті-коррекциялау

Балалар бүгінгі күн қандай?

Табиғаттың өзі сендерді аялы алақанына салып еркелетеді,қане,бәріміз шеңберге тұрып,бір-бірімізбен амандасып алайық.

Ал,балалар,жарайсыңдар,енді қонақтармен амандасып алайық.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер шешуін табыңдар. Сол жұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбымен танысатын боламыз.

Жиын терін болатын,

Қамбаға астық толатын

Жеміс-жидек теретін

Бақтын бойын бойлайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Бәрекелді ,өте дұрыс жауап бердіңдер

-Күз мезгілі бізде неше ай қонақта болады?

-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Бәрекелді,тамаша!Менің балаларым қандай білімді балалар?

Күзде адамдардың еңбегі орасан зор. Олар көктем мезгілінде еккен егінді,жемістер мен көкөністерді жаз бойы суарып, баптайды. Арам шөптерін жұлады. Сөйтіп күзде жыл бойы еккен еңбегінің жемісін көре бастайды.

Енді суреттерге назар аударайық, осы суреттегі адамдарға есімдер қойып олардың іс-әрекеттерін айталық және әңгіме құрастырайық.

Тақтада әр түрлі суретте бейнеленген суреттер ілінеді.

Жарайсыңдар балалар!

Ал күз мезгілінде жапырақтардың түсі қандай болады?

Енді балалар күз туралы тақпақтарды еске түсірейікші:

Есік қағылып қонаққа Қонжық пен Қоян келеді: Сәлеметсіздер ме?



Қоян: Сәлеметсіз бе, апай? Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Тәрбиеші: Ой қоян мен қонжық қайдан жүрсіңдер, не істеп жүрсіңдер, қолдарындағы не?

Қонжық: Біз «Күзгі баққа» барып жемістер мен көкөністер тереміз деп шыққанбыз. Жолдан адасып кетіп даярлық тобында «Күз» туралы ашық оқу іс-әрекеті болып жатқанын естіп сіздерден көмек сұрай келдік. Балалар, апай сіздер бізге «Күзгі баққа» баруға көмектесіңіздерші.

Тәрбиеші: Балалар біз қонжық пен қоянға көмектесеміз бе?

Ендеше балалар қонжық пен қоянмен саяхатқа шығамыз ба?

Біз «Күзгі баққа» бару үшін жолда кедергілер кездеседі,сол кедергілерден өтсек ғана біз баққа кіре аламыз.
Міне балалар біз «Күзгі баққа» да келдік. Балалар қарандаршы бақты не басып кеткен?

Ендеше сол жапырақтарды теріп бағымызды бір жинап алайық.

Жарайсыңдар балалар, сендер өте жақсы еңбек жасадындар. Ендігі тапсырма жұмбақ шешу деп аталады.

Жұмбақ шешу

1.Пісіп тұрған төрт алмұрт,

Қызығатын көрген жұрт.

Екі алмұртты бұтақтан

Алып жеді Мұратхан.

Қанша қалды алмұрттан?

2.Табақта 1 алма

Қолымда 1 алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма?



3. Жайлы жұмсақ төсегім,

Домаланып пісемін.

Қабат-қабат тоным бар,

Қалай оны шешемін /қырыққабат/

Жарайсыңдар балалар, сендер жұмбақтарды өте жақсы шештіндер.

Міне балалар күзгі баққада келдік. Мұнда не көріп тұрсыңдар? Енді мына алмаларды алу үшін алған алмамыздағы тапсырмаларды орындауымыз керек. Сол тапсырмаларды орындайық.

1.Мына сурет бойынша қай жыл мезгілі бейнеленген?

2.Сурет бойынша не артық?

3.Сурет бойынша әңгімелеп бер?

4.Қай жыл мезгілі бейнеленген?

5.Сурет бойынша артық затты ата?

6.Төлдерін тап

7.Сурет бойынша не артық?

Жарайсыңдар, балалар! Біз себетімізді тәтті алмаға толтырып алдық енді сыныбымызға қайтайық.



Қоян: Жылайды(жылап отырады)

Тәрбиеші: Қоян саған не болды, неге жылайсын?



Қоян: Апай сонда тек алма тереміз бе, менің сүйікті асым ше?

Тәрбиеші: Балалар қоянның сүйікті асы не?

Ендеше қоян жылама, саған сәбіз теру үшін бақшаға барайық.

Балалар бақшада не көріп тұрсыңдар?

Ендеше біз тек қоянның сүйікті асы сәбізді ғана теріп алайық. Ол үшін сәбізде берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.

Жарайсыңдар, балалар! Біз себетімізді тәтті алмаға, сәбізге толтырып алдық енді сыныбымызға қайтайық.

Қоян, қонжық сендер шаршадындар ма?

Ендеше балалар бәріміз орнымыздан тұрып сергіп алайық.

Сергіту сәті.

Қорбандаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Жарайсыңдар,балалар, орындарына отырындар!



Қоян мен қонжық:

Ой, балалар, апай сіздерге көп рахмет. Сіздердің арқаларыңызда біз көп алма мен сәбіздерді жинап алдық. Сендер өте білімді екенсіңдер. Рахмет сендерге. Енді бізді апаларымыз іздеп қалар, біз үйге қайтайық. Сау болыңдар!



Қортындылау.

Д/о: «Сұхбат»

Мақсаты:Балалардың ойын,білімін жетілдіру.

Шарты:Тәрбиеші сұрақ қояды.Балалар жауап береді.

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.



Тамаша

Қимылмен өлең жолдарын айтады.

Армысың, Алтын күн!

Армысың, Жер ана!

Армысыздар қонақтар!

Армысыңдар достарым!

Аман болсын халқымыз,

Заман болсын ең тыныш!

Аман болсын аналар,

Аман болсын балалар!


Сәлеметсіздер ме!

Күз мезгілі


3 ай. Қыркүйек, қазан, қараша

Күн суытады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа кетеді, жеміс-жидектер піседі.

Балалар тақтадағы суреттерге өз беттерінше әңгіме құрастырып, суретті әңгімелеп береді.

Сары

Балалар өздері білетін күз туралы тақпақтарды айтып береді.



Сәлеметсіздер ме?

Иа көмектесеміз

Иа

Жапырақтар


Балалар жапырақтарды жинайды.

2 алмұрт


2 алма

Тапсырмаларды орындап алмаларды қонжықтың себетіне салады.

Балалар таңғалады

Сәбіз

Көкөністерді

Иа
Балалар қимылмен жасайды.


Сау болыңыз!


Балалар өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Суреттер бойынша әңгіме құрастырады, математикалық жұмбақ есептерді шешеді.

Қалыптасатын түсініктер: Балалардың ойлау қабілеті қалыптасады.

Орындаушылық қабілеті: Сабақта алған білімдерін күнделікті ойында қолдана алады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет