Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Күні,айы,жылы: 28. 11. 2016 Білім беру саласы



Дата11.01.2017
өлшемі35,61 Kb.
#7433
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні,айы,жылы: 28.11.2016

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Ойыншықтар достығы.

Мақсаты:Ойыншықтар және олардың достығы туралы қысқа сюжеттік әңгіме құрастыруға ұйретуді жалғастыру. «Қ» дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.Өзара татулық сезімдерін дамыту.Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:шаттық шеңбер,

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,әңгіме жүргізу.

Көрнекі құралдар: суреттер, ойыншықтар.

Қостілділік: ойыншықтар -игрушки


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Шаттық шеңбері.

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар қараңдаршы, балабақшаға келгенде айналамызда нелерді көреміз?

Өлеңді тәрбиешімен бірге қосылып қайталайды.


-ойыншықтар



Ұйымдастыру- шылық ізденіс кезеңі

Жұмбақ жасыру.

Аяғы бар жүрмейді,

Ауызы бар күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді.

-Балалар, кім жауабын біледі? Бұл не?


-Балалар, бүгін біздер ойыншықтармен танысамыз.

-Қане бәріміз менің үстелімдегі ойыншықтарға қарайық.

-Қане, қоянды ұстап көріңдерші, қандай екен?

- Қоян туралы кім тақпақ біледі?

- Доп неден жасалған?

-Доп туралы кім тақпақ біледі?

- Машина неден жасалған?

-Машина туралы кім тақпақ біледі?

-Домбыра неден жасалған?

-Бір сөзбен не деп айтамыз? Бір ойыншықты ойыншық дейміз, көп ойыншықты ойыншықтар дейміз.

-Дұрыс айтасыңдар балалар,ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді: жұмсақ,резинадан, немесе пластмассадан, темірден т.б жасалуы мүмкін. Сонымен қатар біз ойыншықтарды мұқият, сындырмай, ластамай ұстауымыз керек.

-Балалар, сендердің сүйікті ойыншықтарың барма? Қандай?

- Көбіне қыз балалар қандай ойыншықты жақсы көреді?

«Қуыршақ» қандай әріптен басталып тұр?

-Ал ұл балалар ше?

Енді сендермен «Ойыншықтар» шығармасын тыңдап көрейік.

Ертеде сұлу әдемі қуыршақ болыпты.Ол өз әдемілігіне масаттанып басқа ойыншықтармен ойнамапты.

Достары аюдың баласы қонжық,қоянның баласы көжек,маймыл оны ойнауға шақырса бармапты.Бір күні қатты жел соғып, қуыршақ еденге құлап түседі.Оның әдемі көйлегі жыртылып, қатты жылапты.Оны байқаған ойыншықтар не істепті?

-Маймыл не істепті?

-Көжек қалай көмектесті?

-Ал көнжық шы?
-Қуыршақ не себепті өзін танымай қалады?

Доссыз өмірде қызық емес екенін үғады.

Осыдан соң қуыршақ менмендігін ұмытып,сұлулығына мақтанбай достарының бәрімен тату болыпты.

Дидактикалық ойын: «Аукцион»
Сергіту сәті. «Қарлығаш»
Шығармашылық жұмыс: «Пирамида»
Ән: «Ойыншықтар»





  • Қуыршақ.

-Қоян матадан жасалған.

- доп резеңкеден жасалған.

-машина пластмассадан жасалған.

-Ағаштан жасалған.

-қуыршақ.

-машина.

Шығарманы тыңдайды.

Маймыл қуыршақты аяп кетіпті.
Көйлегінің жыртығын жамап беріпті.шашын сәндеді,басынан сипап жұбатты.
Сергіту сәтін қимылмен орындайды.


Іс-әрекетті бағалау кезеңі

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қортындылау.

Балаларды мадақтау.



Балалардың тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.




Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Ойыншықтың түрлерін, және олар туралы мәлімет алды, таза ұстаудың жолдарын білді.
Қандай түсініктерді игерді: Қуыршақты сипаттау арқылы сын есім сөздерді пайдалануды меңгерді
Меңгерді : пирамиданың бөліктерін ретімен бояу жолдарын меңгерді.
Каталог: uploads -> doc -> 09e0
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09e0 -> Сабақ тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»
09e0 -> Қостанай облысы Амангелді ауданы. Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі Ғылыми жұмыс тақырыбы
09e0 -> Күні: 30. 12. 2015ж. Тобы: «Бүлдіршін». Жүргізген тәрбиеші
09e0 -> Сабақ Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту Сынып: 5 Ә Пән мұғалімі: Асылбекова Д. Б сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет