«Жырлайды жүрек» атты тәрбие сағаты Мақсаты



Дата27.02.2020
өлшемі19,27 Kb.
#56940
«Жырлайды жүрек » атты тәрбие сағаты

Мақсаты: Ақын туралы, оның көзін көргендер естелігі арқылы оқушыларға ақын болмысын, даралығын таныту; Әдеби тіл нормасы қалыптасқан, ақын жырын құрметтейтін, өлеңдерін әні арқылы сүйетін жеке тұлға қалыптастыру; Поэзияға сүйіспеншіліктерін ояту, эстетикалық тәрбие беру; Оқушылардың мәнерлеп және шығармашылықпен оқу дағдыларын дамыту, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру;Туған елін, жерін сүюге , табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Түрі:әдеби-сазды кеш

Көрнекілігі: ақынның суреті, интербелсенді тақта, суреттер, үнтаспа.

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі;

2. Кіріспе сөз;

3. Өміріне,шығармашылығына шолу (қазақ тілінде және орыс тілінде)

4.Өлеңдері оқылады;

5. Күнделіктерінің беттерінен шолу;

5.Арнау оқылады;

6. Қорытынды.



Алғашқы кезең.Өміріне,шығармашылығына шолу (қазақ тілінде және орыс тілінде).

1-жүргізуші

Құрметті оқушылар, қонақтар,бізде бүгін қонақта ақын Мұқағали Мақатаевтың ғажайып өмірінің жырлары.Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты халық.



2-жүргізуші.

Иә,Мұқағали-ғажайып,ақиық,сыршыл,гуманист ақын.Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан толы алатын жұмбақ ақын.Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух,сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.



1-жүргізуші.

Кешіміз екі бөлімнен тұрады.

1-бөлім М.Мақатаев өміріне шолу жасалады.

2-бөлім «Поэзия-жүрек тілі» деп аталады.Сайыс түрінде өтеді.1 мұғалім, 1оқушыдан жұптасып, бірі өлеңін оқыса, бірі әнін орындайды.

Әділқазылар бағалайды.Танысытырып өтсек,Жұмабаева Гүлбарам Сейтжапарқызы,Қоңқабаева Алмагүл Мұхаметәліқызы.

Басталуы:Ақын өміріне шолу.

«Менің анкетам» өлеңін оқиды

«Аққу» биін билейді.



1-оқушы.

Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген.Мұқағали өзінің кең байтақ Отанын, жұмақ мекені аталатын Қарасазын өмір бойы ардақтап, ән-жырының таусылмас тақырыбына айналдырған.



2-оқушы.

Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келді.

Мұқағали 10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлеңдер жазған.Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт болмаған.Ол өлең боп өмір сүрді, өлең боп өмірден өтті.

3-оқушы

1948-1949 Қаз МУ – нің филология факультетінде оқыды.Карл Маркс атындағы кеңшарда ауылдық кеңес хатшысы, мектепте мұғалім болды.1948 жылы ақынның алғашқы өлеңдері «Советтік шекара» газетінде басылып шықты. «Қойшы бала-Әкітай» т.б.



4-оқушы

1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, қазақ радиосында диктор, Шәлкөде ауылында «Қызыл отау» меңгерушісі,Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің хатшысы, «Социолистік Қазақстан» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс журналы, «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер,Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.



5-оқушы

1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып,1973-1974 жылдары Мәскеудегі «Әдебиет және өнер» институтында оқыды.



6-оқушы.

Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір-дастан», «Атамекен», «Райымбек, Райымбек», «Аққудың қанатына жазыған жыр» кітаптары жарық көрді.



7-оқушы.

Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. 650-ден астам лирик өлеңдері жарыққа шықты.Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең,19 поэмасы бар екені анықталды.Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып көкте қалықтап жүр.



8-оқушы.

Қазіргі уақытта ақынның өзінің туған ауылы «Қарасазда» ақынға арналған мұражай бар.



9-оқушы.

«Өмір-өзен» өз ағысымен ақиық ақын –Мұқағали Мақатаевты, әйгілі талантты сазгер Нұрғиса Тілендиевпен табыстырады.Әйгілі сазгер Нұрғиса Тілендиевтің шабыт кілті асқақ ақынның екінші қырын ашады. Ағалы-інілі екі дарын бірлесе бас қосып, отыз күн жұмыс істеп, отыз екі туындыны дүниеге әкеледі. Бұл қос дара талантты табыстырған өнер деген құдіретті күштің маңдайға жазылған тағдырдың жұмбағы мен шуағы.


10-оқушы

Қазағы барда, оның ұрпақтары біз барда, ақын мәңгі өлмек емес, оның айқын айғағы республикалық әдеби-мәдени,танымдық «Мұқағали» журналының өмірге келуі, Мұқағали атындағы мемлекеттік сыйлықтың тағайындалуы, жыл сайын Мұқағали мүшәйрасының өтуі ақынға деген тағзым емес пе?!



11-оқушы.

Ақын күнделігінен:«Ақын деген – сіздің өзіңіз.Сіздің көңіліңіздің қуанышы мен көзіңіздің жасы.Ол сіз болып күліп, сіз болып жылағысы келеді.Ол сіз болып күйінген сәттерінде, сізден пана іздейді, мұңын сізге шағады.Сіз қабылдарсыз, қабылдамассыз, ұнатарсыз, ұнатпассыз, алайда оның сізсіз күні қараң»

Мұқағали Мақатаев



12-оқушы.

Қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 70 жыл толуына орай, 2002 жылы Алматыдағы М.Мақатаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысында ақынға арналып үлкен ескерткіш орнатылды.



Орыс тілінде:

13-оқушы: (Селина).

Великий поэт Мукагали Макатаев знал, чтоего поэзия всегда найдет своего читателя.Да, благодаря его дневникам мы получили уникальную возможность узнать то, как нелегко сложилась его судьба. В дневниковой записи, сделанной незадолго до смерти, есть такие строчки : «О себе я вот что скажу:я ровесник поколения ХХІ века, а может быть,родственник еще дальних поколений».



14-оқушы:(Вика).

Он прожил немного, но успел вписать яркую страницу в историю родной литературы. Порой он бывал грустен, порой беспокоен, задирист в споре. Но всегда оставался жизнелюбам и оптимистом.



15-оқушы:(Рамина).

Мукагали Макатаев- мастер поэзии, Поэт с большой буквы. Он остается верным сыном своей Родины, своего народа. М.Макатаев – удивительная личность в казахской литературе ХХ века. И мы верим, что наши потомки будут говорить о нем, как о великом Поэте.



16-оқушы: (Лиана).

Мукагали Макатаев переводил на казахский язык произведения Пушкина, Некрасова, Блока. Эти переводы заслужили самую высокую оценку литературной общественности Казахстана. Им были переведены на казахский язык классика зарубежных писателей: Шекспира, Данте, Уитмена.


Қорытынды сөз.

Құрметті оқушылар, бүгін, міне ақынның бір топ өлеңдерінің мазмұнын аштық,ақынның өз дауысымен оқыған өлеңіне куә болдыңыздар.Сонымен қатар, ақынның шығармаларының тәрбиелік мәнін санамызға құйып, ақынның жүрегінен жарып шыққан позиясымен сусындадық. Иә, ақын «Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім,арғы ғасырдың туысымын» деген екен.Мұқағали атамыз- бүгінгі уақытта біздің сүйікті ақынымыз. Өзі айтқандай ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасына айналды. Одан әрідегі ұрпақтардың туысы болары да ақиқат,-дей отырып «Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай» екеніне көзімізді жеткізіп отырмыз.



«Есіңе мені алғайсың» әнімен сабағымызды аяқтайық

Сөзін жазған: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев

Әнін жазған: Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқов

Әнін орындаған: Біртуар сазгер Мәдина Ералиева

Есіңе мені алғайсың
Бүгінгі сабағымыздың соңында осы үш дара тұлғаны еске алу ретінде әнді хормен орындайық:

Нұр жауып тұрған көктемде,

Гүл тере барсаң бөктерге,

Қоңыраулатқан аспанды

Найзағай шаншып өткенде,

Есіңе мені алғайсың?
Тұнжырап тұрған орманға,

Тұнжырап жалғыз барғанда.

Мен бар деп мына жалғанда,

Жоқ деген сөзге алданба.

Есіңе мені алғайсың!
Жапырақ жанып жатқанда,

Күз келген күрең шақтарда,

Ағаштар мұңға батқанда

Қурайлар сыңсып жатқанда

Есіңе мені алғайсың!
Ақ қырау тұрған ақпанда,

Ағаштар сырға таққанда,

Бозарып тұрып ақ таңда,

Бозарып тұрып ақпанда,

Есіңе мені алғайсың,

Есіңе мені алғайсың!
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет