Жырлары мөлдір бұлақтай



Дата31.12.2019
өлшемі78,21 Kb.
#54162
Жырлары мөлдір бұлақтай
Акслу НАУРЫЗҒАЛИЕВА

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Құмжарған орта мектебі

Сабақтың мақсаты:Дарынды талант иесі,ақын,драматург,жерлесіміз Бәкір Тәжібаев туралы мағлұматтар беру,оның жырларымен,әндерімен таныстыру.Талант иесін қадірлей білуге,оның өлеңдері арқылы туған жерін,елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта,буклет,қабырға газеті.

Сабақтың барысы:

-Күндіз-түні бір тыңбай

Дала кезген шапқылап,

Құмар едім өзіңе

Бала кезден,Ақбұлақ.

Әнге бөлеп маңайды.

Асып-тасып жатасын,

Ақ моншақтан аспанға,

Шашу шашып жатасын.

Сенің келіп жағаңнан ,

Ана талай су алған.

Сенің келіп жағаңнан,

Әкем атын суарған.-деп жырланған «Ақбұлақ»әні ауыздан-ауызға тарап,көпшілік жүрегінен жол тапты.300-ге жуық әнге мәтін жазып,ән жазудан қазақ ақындарының қала берді әлем ақындарының рекордың жаңғыртқан дүлдүл ақын,сазгер Бәкір Тәжібаев ағамызды ұлықтайтын кез келді.Осы жылдың мамыр айында Бәкір ағамыз тірі болғанда 90 жасқа толар еді.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз Б.Тәжібаев ағамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы болмақ.



1-оқушы.Бақытбек ақынның өмірбаяны туралы айтады.

2-оқушы Сағыныш шығармашылығы туралы

-ақынды қанаттандыра,бар жағдайын жасаған құдай қосқан қосағы Сапаргүл апай сол бір қимас шақты әркез ерекше сезіммен еске алады.

Алтын қорға сақталған 200-ден аса әндерінің ішінде шоқтығы биігі Сейдолла Бәйтерековтің «Әлия»әні.Бұл әнді алғаш орындаған Роза Рымбаева халықаралық ән фестивалінде Гранпри сыйлығын жеңіп алып,лауреат атанды.Ән әншіні, әнші әнді дүниежүзіне паш етті.Ал әннің авторлары Сейдолла мен Бәкір ағаларымыз сол қуаныштың куәсі болып,мерейлері өсті.Осы жайлы Сапаргүл апамыздың ойын ортаға салсақ:

3-оқушы Назерке сөйлейді.

-Бәкір мен Сапаргүлдің алладан сұрап алған ұл-қызы ата-анасының көз қуанышы еді,қыздары Айжан ерте дүние салды.Ендігі үміт Жасұландай ұлда еді.Ол әкесі жайлы былай деп еске алады:



4-оқушы Еламан сөйлейді.

-Ал ақын Сейфолла Оспан былай деп еске алады:



5-оқушы Жанерке сөйлейді.

-Осындай ел арасында Бәкір Тәжібаевқа қатысты әңгемелер бар.Бұл өнерді сүйген халық өкілінің құрметі болса керек.

-осыдан 4 жыл бұрын түсірілген «Қазақстан»теле компаниясының бейнеқорынан үзінді тындайық.

-Ақын кей өлендерін жарына арнаса,кей өлеңдерін табиғатқа,оның сұлулығын келтіретін құстарға арнаған.



Ән «Бозторғайым» орындайтын Бақытбек,Назерке.

-Ақын ағамыз,әсіресе өлеңдерінде туған жерді тебірене жырлайды.Себебі туған жерді сүймейтін адам жоқтың қасы.Туған жер!Бұл туған үйіңнің табалдырығынан басталады.Содан шексіз,шетсіз қияға өрлеп барады.

-Туған жер,сенде

Көктемнің көркі жайнайды.

-Туған жер, сенде

-Толықсып,толқын ойнайды!-деп туған жермен оның табиғатын ерекше жырлайды.



6-7-оқушы: «Мен туған жер», «Туған елім сенде өстім»өлеңдері оқылады.

Ән : «Туған жер».

-Ал,алтын аймақ Ақтөбе десе,ерекше ыстық сезімге бөленген.

-Самсап моншақ ,Ақтөбе биігінде

-Сәуле шашып сыйламас сыйын кімге,

-Ол-жалынды ерліктің белгісі ғой,

-Сезіміңді бөлейтін иірімге.



8-9-оқушы: «Ақтөбеге ода», «Жем-Сағыз»өлеңдері оқылады.

Хор. «Ауылым-әнім»әні.

10-оқушы.Аяулым сөйлейді.

-Қазіргі таңдағы «Музарт»тобы, «Тарлан»тобы,Нұржан Әлімжан,Қарақат пен Қыдырәлі жұлдыздарымыздың орындауындағы Бәкір Тәжібаевтің өлеңдеріне үзінді тыңдайық.



Сабағымызды қорытындалай келе,біз тамылжыған әсем әндері мен сырға толы жыр маржандарын халқына рухани азық етіп, қалдырған біртуар дарын иесі,арқалы ақын,сырбаз сазгер Бәкір Тәжібаевтың шығармаларының дәуір үнімен үндесіп,талай ғасырға жететіне сенімдіміз деп айтқым келеді.

Хор «Ақбұлақ»әні.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет