Жж арналған «Саламатты Казақстан» Мемлекеттік бағдарламасын



Дата25.08.2017
өлшемі359,44 Kb.
#26258
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы және медицина мекемелерінің 2012 жылға «Саламатты Казақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы ақпараты

2011-2015 жж. арналған «Саламатты Казақстан» Мемлекеттік бағдарламасын медицина мекемелері екінші жыл орындап келеді.

Тұрғындар денсаулығының индикаторлар динамикасы – алматылықтардың бала тууы мен табиғи өсу деңгейі тұрақты түрде қамтамасыз етілген. Алматы қаласы Статистика департаментінің мәліметі бойынша қалалықтардың бала тууы 1.12.2012ж. 2% өсті (1000 тұрғынға 17,78-ден 18,14 дейін). Қалалықтардың жалпы өлім-жітімі 8% төмендеген (1000 тұрғынға 8,15-ден 7,64 дейін). Тұрғындардың табиғи өсуі 9% өскен (1000 тұрғынға 9,63-ден 10,5 дейін).

Ана және баланы қорғау аясында сәбилер мен аналардың өлім-жітімін төмендету бойынша аймақтық штаб жұмысы ұйымдастырылды. Штабтың 11 отырысы өткізілді. Инновациялық медициналық технологиялар оқыту орталығы құрылды. Дағдарысты зерттеу орталығы (Литва) мамандарының қатысуымен акушер-гинеколог дәрігерлер, анестезиологтар, акушерлер үшін мастер-класс циклдері және оқыту семинарлары өткізілді, хаттамалар жасалды және дәлелдеу медицинасы негізінде акушерлік, перинатальді медициналық көмек көрсету стандарттары дайындалды. Оқу-клиникалық орталықта қалалық перинатальді орталықтың базасында акушер-гинеколог дәрігерлері, педиатрлар, акушерлер мен мейірбикелер үшін емшек сүтімен тамақтандыру бойынша оқыту семинарлары мен тренингтер өткізілді. №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы базасында балалар ауруларын интеграциялық жүргізу бойынша орталық құрылды, педиатр дәрігерлер, телімдік мейірбикелер үшін емшек сүтімен тамақтандыруды сақтау, ынталандыру және қолдау бойынша тренингтер өткізілді.

Күн сайын өте қиын жағдайдағы жүкті әйелдердің, жас босанған әйелдердің және босанғандардың мониторингі жүргізіледі, Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының және басқа да республикалық ұйымдардың бейінді мамандары мен консультанттарының қатысуымен консилиумдары өткізіледі. Қауіпсіз ана болуды аймақтандыру принциптері сақталады.

2012ж. ана мен баланы қорғау қызметі үшін ЖБ және РБ-тен 489 бірлікте сомасы 987,3 млн.теңге болатын жабдықтар сатып алынды: наркозды-тыныс алу аппараты, ИВЛ, пациенттер мониторині, коагулятор, операциялық үстел, операциялық блок модулі, күйік төсегі, мобильді рентген, гематологиялық және биохимиялық анализатор және т.б.

Өлім орны бойынша аналардың өлім-жітім деңгейі 100 тірі туылған балаға шаққанда 16,5-ден 13,0 дейін төмендеді (6-дан 5-ке дейін қайтыс болғандар), тұрғылықты мекен-жайы бойынша - 100 мың тірі туылған балаға шаққанда 11,0-ден 18,2 дейін өсті (4-ден 7 дейін қайтыс болғандар) (ҚР - 13,0). Сәбилердің өлім-жітімі (тұрғылықты мекен-жайы бойынша) 28% төмендеді (1000 тірі туылған балаға шаққанда 13,2-ден 10,3 дейін, ҚР - 13,6), бұл – республика бойынша Павлодар облысынан кейінгі ең үздік нәтиже. 1 жастан 2 жасқа дейінгі балалар өлім-жітімі 1000 тірі туылған балаға шаққанда 40% төмендеді, 0,7-ден 0,5 дейін және орта республикалық деңгейден едәуір төмен (1,1%0). Смертность детей в возрасте до 5 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімі 30% төмендеді, 14,7-ден 11,3 % дейін және орта республикалық деңгейден (15,8%) төмен.



Мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты: қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара әрекеттің тиімділігін арттыру.

Қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара әрекеттің тиімділігін арттыру қамтамасыз етілген. Алматы қ. Әкімі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің арасында 010, 038 және 127 бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттің мақсатты ағымдағы трансферттері есебінен тура және соңғы нәтижелерге қол жеткізу туралы жасалған Келісім іске асырылды. 15 наурыз 2011 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №257 қаулысына сәйкес 2012ж. қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша межсектораралық және ведомствоаралық өзара әрекетті іске асыру үшін қаражаттарды пайдалану Ережесі қабылданды.

Алматы қаласының әкімдігі жанынан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша Үйлестіру Кеңесінің жоспарлы жұмысы қамтамасыз етілген, ол әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің аумақтық департаменттерінің, алматылықтардың денсаулығын сақтау және нығайту жүйесін жетілдіру бойынша қоғамдық және басқа да ұйымдардың өзара ірекетін қатамасыз етеді. Кеңестің 4 отырысы өткізілді, хаттама шешімдері іске асырылды.

Уақытылы және сапалы медициналық қызмет көрсету, пациенттердің құқығын қорғау үшін қала әкімшілігі жанынан Пациенттердің құқығын қорғау жөнінде қоғамдық Кеңес өз жұмысын жүргізді. Қоғамдық кеңес жанынан денсаулық сақтау саласы бойынша азаматтардың өтініштерін қарау жөнінде Комиссия құрылды. ҚК 4 отырысы өткізілді, ұйымдастыру мәселелері қарастырылды, азаматтардың өтініштеріне, ҚР ДСМ Алматы қаласы бойынша ККМФД департаменті материалдары бойынша медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне талдау жүргізілді, денсаулық сақтау басқармасының материалдары бойынша Алматы қаласы тұрғындарының өтініштерінің себептері мен динамикаына талдау жүргізілді. Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері бойынша қоғамдық пікірді меңгеруде үлкен көмекті үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар көрсетті.

Жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауда үшкі бақылауды ұйымдастыру және азаматтардың өтініштерін, оның ішінде әкім сайтын уақытылы қарау үшін басқарманың 17.01.2012ж. №20 бұйрығымен курация бойынша басқарма бастығының 3 орынбасары жауапты тұлға ретінде тағайындалды.

Әкім сайтына түскен өтініштер саны 2 есе артты (87-ден 194 дейін), Денсаулық сақтау министрлігінің блогына 5 есе (100-ден 484 дейін), денсаулық сақтау басқармасының сайтына 5 есе (184-ден 931дейін) артты, сайтқа түскен өтініштердің көпшілігі түсіндіру сипатында болды. Сенім телефондар және «Медициналық пост» желілеріндегі өтініштер саны 445-тен 688 дейін өсті. Негізделген арыздар саны 2 есеге өсті (28-ден 60 дейін), ол жапы арыздар санының 7% құрады.

Медициналық қызмет сапасы туралы қоғамдық пікірді меңгеру және тұрғындарға медициналық қызметті көрсетуді жоғарылату және қолжетімділігін арттыру мақсатында денсаулық сақтау басқармасының азаматтардың өтініштерімен жұмыс туралы 23.02.2012ж. №99 бұйрығы шықты. Медицина мекемелерінің басшыларымен тұрғындарды сенбі күндері қабылдау ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау басқармасымен сауалнама дайындалды және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері бойынша қала емханалары мен стационарларындағы пациенттерден күнделікті сауалнама алынды, анықталған мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілді.

Алматы қаласы салауатты өмірді қалыптастыру орталығы мен қаланың медицина мекемелері қаланың басқа құрылымдарымен бірге салауатты өмір сүруді қалыптастыру және әлеуметтік мағызы бар аурулардың алдын алу бойынша келесі шараларды өткізді:

- 147 қалалық байқау: ММ арасында «Үздік БМСК салауатты өмір үшін», «Туберкулезге ЖОҚ деп айт!» тақырыбына үздік санбюллетень, «Белсенді ұзақ өмір», «Әдемі қарттар», «Қадірлі аналар», «Ақ жаулықты аналар» тақырыбына фотокөрме, «СӨС тақырыбындағы үздік плакат», «Зиянды әдеттің алдын алу бойынша үздік презентация», «Жүргіншілер әліппесі», «Шылымды таста және ұтып ал» тақырыбына плакаттар байқауы, «Біз нашақорлыққа қарсымыз», «Өз өміріңді сақта» тақырыбына қала мектептерінің оқушылары арасында сурет байқауы, «Студент ару» сұлулар байқауы, «Салауатты өмір аруы» номинациясы бойынша ЖОО студенттерінің арасында өткен байқау, Қызыл жартыаймен бірге ЛА155/6 түзету мекемесіндегі үздік плакат байқауы; «Дұрыс тамақтану мәдениеті», «Асыл Алма» тақырыбына байқау, АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында мектеп оқушылары арасында сурет байқауы, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «ЛЖВ қолдау хаты», волентерлар арасында «Ал, қане волонтер!», ПИН арасында, ЛА 155/6 балалар арасында музыкалық байқау, АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша үздік ролик байқауы, «Біз жарқын болашақ үшін мектеп оқушылары арасында өлең байқауы, ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» сурет байқауы және т.б.

- төмендегі тақырыптарда 378 семинар өткізілді: «ЖРВИ және тұмаудың алдын алу», СБЖ «Эпидемиология және ерте диагностика», «Сіз демікпеге бақылау жасай аласыз», «БМКМ көрсететін мекемелерде тәртіптік фактор бойынша Денсаулық мектебін ұйымдастыру және оның жұмысы», Республикалық және Алматы ЖИТС орталықтарының қатысуымен АИТВ алдын алу саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар үшін «ЖИТС институциялық дамуы – мемлекеттік сатып алуға сервистік ҮЕҰ қатысуы бойынша», мектеп жасындағы балалар мен жастардың арасында жол-көліктік жарақаттың алдын алу мақсатында: «Абайлаңыз, бағдаршам!» «Қозғалыс – бұл өмір!», «Мұны әрбір адам білуі тиіс!», «СЗЗ алдын алу», «Болашақ есірткісіз», «қыздардың дамуы», «Фаст-фудтың ағзаға зияны», «Энергетикалық сусындар туралы не білеміз», «Темекі туралы шындық» және т.б.

- студенттер, оқушылар, орта медицина қызметкерлері, тұрғындарға ІІД НКБ және ІІД УОБ , ЖИТС ҚО, УВП, УО мамандарымен бірлесе өткізілген 560 дөңгелек үстел: сүт безі, жатыр мойыны обырының алдын алу бойынша, нашақорлық, шылым шегудің алдын алу, АИТВ/ЖИТС, алкогольді мөлшерден тыс қолдану, рациональды тамақтану, мектептегі тамақтану, жол жүру қауіпсіздігі, тұрыстық жарақаттың алдын алу;

- 9 пресс-конференция, Халықаралық Туберкулезбен күрес күніне орай, Халықаралық онкологиялық науқастармен күрес күніне орай қауіп-қатер факторларының алдын алу бойынша, шылым шегудің, қан айналысы жүйесінің, травматизм, нашақорлықтың алдын алу бойынша, Сүт безі обырына, ЖИТС қарсы күрес Халықаралық күндеріне орай, «Шылым шегудің алдын алу бойынша өткізілген шаралардың тиімділігі».

- 10926 адамды қамтыған 56 спорттық жарыстар ұйымдастырылды, «Біз салауатты өмірді таңдаймыз!», «Күнделікті денешынықтыру белсенділігі – денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің жолы!», «Әкем, шешем және мен – біз спорттық жанұя!», «Спорт – денсаулық кепілі!», «Қозғалыс – бұл өмір», «Біз есірткіге қарсымыз!», «Біз ақыл-ойдың саулығы үшін» деген ұрандармен өткен жарыстардың спорттық түрлері: мини - футбол, волейбол, баскетбол, дойбы, шахмат, боулинг, веложүру, биллиард, жүгіру, ұлттық спорт түрлері және т.б.

- 11 онкүндіктер: 1370481адамды қамтыған онкологиялық аурулардың алдын алу, ЖІЖ, ЖРВИ және тұмау, мектеп тамағы, бронх демікпесі, артериялық гипертония (АГ), емшек сүтімен тамақтандыру, вирустық гепатиттер, оқушылар мен жастар арасындағы жол-транспорттық және тұрмыстық травматизм, шылым шегу, маскүнемдік, ХОБЛ күрес, балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы, жүрек күні. Онкүндіктер аясында барлық медициналық мекемелерде «Ашық есік күні» өтті;

- 7 айлықтар: 892534 адамды қамтыған туберкулездің, травматизмнің, шылым шегудің, нашақорлықтың, ЖРВИ және тұмаудың алдын алу, қарт адамдар, АИТВ/ЖИТС.



- 21 қалалық акциялар: Халықаралық Денсаулық күніне, Халықаралық ЖИТС өлгендерге естелік күніне, Халықаралық тамақтану күніне, халықаралық шылым шегуден бас тарту күніне, Халықаралық АГ күрес күніне, Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне, Халықаралық отбасы күніне арналған, балалрды қорғау күніне орай оқу құралдарын таратты «Қуан сәби», «Өз бүйрегің туралы біл», Сау қала, Денсаулық фестивалі, Денсаулық апталығы, Халықаралық шылым шегуден бас тарту күніне және ЖИТС күрес күніне орай мына ұрандармен «Өз денсаулығыңды құртпа», «Нольге дейінгі қозғалыс: жаңа АИТВ инфекциясы нөл, дискриминация нөл, ЖИТС өлімі нөл» және т.б.;

«Денсаулық фестивалі» аясында концепция, үлгі дайындалды, мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде 3 билборд дайындалды және шығарылды, ол қаланың жүргіншілер көп жүретін жерлеріне орналастырылды, қатысушылар мен көрермендер арасында "Алматы" ТК "Денсаулық" ұтыс лотареясына шақыру билеттері таратылды. Жарнамалық аудио және видеороликтер әлеуметтік желілер мен радиоға берілді. 8.09.12ж. «Әкем, шешем және мен – біз спорттық жанұя!» атты ұранмен "Денсаулық эстафетасы" ұйымдастырылды (100 метрге жүгіру). Сағат 10-00 Алматы қ. Маслихатының депутаты, Қазақстан байкерлері Ассоцииациясының президенті Д. Петрухиннің, Лондон олимпиадалық ойындарының қола жүлдегері Г. Манюрованың, Сидней олимпиадалық ойындарының күміс жүлдегері И. Байрамуковтың қатысуымен салтанатты ашылуы болды, акцияға 4700 адам қатысты (спортсмендер, ЖОО студенттері, оқушылар, ата-аналар, мектеп жасына дейінгі балалар, қала тұрғындары мен қонақтар. "Денсаулық бұрышы" ұйымдастырылды және жұмыс істеді, проконсультировано АД өлшеумен 103 адамға кеңес берілді және өкпенің өмірлік көлемі (пикфлоуметрия), СӨС аспектілері бойынша 5600 дана ИОМ таратылды. «Әкем, шешем және мен – біз спорттық жанұя!» көңілді старты ұйымдастырылды, ұлттық ойындардан жарыс, қысқа дистанцияға жүгіру, көрермендер арасында байқау, ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. "Астана", "Алматы" ТК, "Алматы Ақшамы","Литер", «Казахстанская правда", "Вечерний Алматы", "Академия здровья" газеттерінде шаралар туралы ақпарат берілді. Медицина қызметкерлері арасында спартакиада, 18 мамыр мен 30 мамыр арасында барлық спорт түрлерінен аудандық жарыстар өткізілді. 31.05.12ж. Медицина қызметкерлері күніне орай ерлер арасында волейболдан Спартакиада өтті. 26.05.12ж. әйелдер арасында волейболдан, 08.06.12ж. баскетболдан, 09.06.12ж. мини-футболдан жарыстар ұйымдастырылды, 09.06.12ж. "Президенттік миль" көпшілік жүгіруі, ерелер арасында 1000м және әйелдер арасында 800м. жүгіруден жарыс өтті. Әртүрлі жастағы категорияда эстафета 4х100м., ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті. Жеңімпаздар: 1- орын Бостандық ауданы; 2-орын Әуезов ауд.; 3-орын Медеу ауданы. "Шылым шегуді таста және ұтып ал – 2012ж"қалалық байқауы 02.11.12гж. өтті, аудандық әкімшіліктен, ММ, ТҚО мекемелерінен 220 адам қатысқан сауалнама жүргізілді, "Смоки лайзер" аспабында биохимиялық талдау жүргізуге 15 адам қатысты, барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды және «Алматы акшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінде басылды. 31.05-09.06.12ж. ұлттық ойындар күнінде барлық ауданның медмекемелерінің қатысуымен 224 адам қатысқан жарыс өтті. 09.06.12ж. Ұлттық ойындар күніне орай халықтық-ұлттық ойындар бойынша қалалық жарыс өтті - бұқа тартыс, арқан тартыс, дартц, сағат, бәрі 60 адам қатысты, 01.06-30.06.12ж. аралығында мектеп жанындағы лагерьлерде ұлттық спорт түрлерінен 12 жарыс өтіп, 700 адам тартылды.

Үлкен ақпараттық жұмыс өтті: ТД 77 бағдарлама, 72 – радиоға, 543 – БАҚ мақалалар, 1217271 дана ақпараттық-білім материалдары таратылды (үндеухаттар, плакаттар, брошюралар), 4 әлеуметтік зерттеулер жүргізілді,  АТМ тарату үшін 23 бағаналар мен 17 роллерлер дайындалды, олар 2- т/ж бекетінде, автобекетте және аэропортқа орналастырылды. Муниципалды көліктерде, аудандық, салық комитеттерінде, ТВ банктерде және радиоканалдарда, әлеуметтік желілерде 13 049 122 аудио-видеороликтер көрсетілімге берілді.

2012 жылдың ақпанына бастап «Саламатты қала» кең көлемді акция ұйымдастырылды. Осы акция шеңберінде АГЦФЗОЖ және медициналық мекемелерде келесі шаралар ұйымдастырылды: арнайы киіммен қамтамасыз етілген медколледж студенттері мен ММ мейірбикелері күшімен Алматы қаласының ірі ТРО және СО профтексеріске 82667 дана шақыру таратылды, ай сайын «Алматы» ТК он күнге «жүгіру жолағы» ұйымдастырылды және автобустарға профтексеріске шақыру баннерлері ілінді. Мәдениет басқармасымен әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу және денешынықтыруды дамыту бойынша әлеуметтік жарнама жобасы жасалды, МКҚК Алматыжарнама акция, ақпарат бойынша 7 баннер дайындалды, ДБ, АҚСӨСҚО,vkotakte, tvitter и және т.б. сайттарда профтексеріс туралы ақпарат берілді, SMS –акция ұйымдастырылып, 17000 адамды қамтыды, в 361 мың пәтер иелеріне комқызмет төлемдерімен бірге профтексеріс туралы ақпарат берілді.

2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін ыстық тамақпен 1-4 сынып оқушыларының 158039-і қамтылды, 158 мектеп жергілікті бюджет есебінен. Ғылыми негізделген екі апталық рационалды теңестірілген мәзірді таратуды енгізу энергетикалық шығындарын толтыру және мектеп уақытындағы тамақ шығындары есебінен Казақ тамақ Академиясымен іске асырылады. Бұл мәзір Алматы қ. санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен келісіледі. Түскі ас құрамына, бекітілген мәзірге сәйкес салат, ыстық тамақ, шырындар (айран, сүт) кіреді. Мектеп оқушылары мен ата-аналар арасында дене белсенділігі, спортпен айналысу, қауіпсіз тәртіп мәселелері бойынша 736 дәріс өтіп, 18400 адамды қамтыды. 96 дөңгелек үстел төмендегі тақырыптарда өтті: «Рационалды тамақтану принциптері», «Дене белсенділігі - денсаулық кепілі», 1210 адам қамтылды. 2012 жылы мемсанэпидқызмет бақылауында болған балалар және жасөспірімдер мекемелерінің саны 1278. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама 26 құрылыс және реконструкция жобасына жасалды, оның ішінде мемсанэпидқызмет бақылауымен келіспегені – 7, жалпы типтегі 10 балабақша пайдалануға берілді. Бөлмелер мен объектілердің жоспарлануы санитарлық норма талаптарына сай.



Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағыты: алдын-алу шараларын күшейту, Скринингтік зерттеулер, диагностикаларды жетілдіру, қоғамдық маңызы зор аурулар мен жарақаттарды емдеу және сауықтыру.

Ұлттық скринингтік бағдарлама бойынша тұрғындарға алдын-алу тексерулері жүргізілді. Денсаулық сақтау басқармасы және қаланың медициналық ұйымдары арқылы скринингтік бағдарламаларға аралық мониторинг жүргізіледі. 2012 жыл қорытындысы бойынша алдын-алу тексерісінің жылдық жоспарының 101,3% жүзеге асқан, соның ішінде:

- қан айналу жүйесінің ерте зақымдануы - 98,8% (269143 адам тексерілген, жоспар 272500);

-бастапқы ісік аурулары және сүт безі рагы - 92,1% (44762 адам тексерілген жоспар 48607);

- бастапқы ісік аурулары және жатыр мойыны рагы - 99,1% (56991 адам тексерілген жоспар 57500);

- жасөспірімдер мен балаларды алдын-алуға тексеру - 99,2% (402802 адам тексерілген жоспар 405771);

- бастапқы ісік аурулары және тоқ ішек және тік ішек рагы - 101,7% (122897 адам тексерілген жоспар 120842);

- қант диабетін алдын ала анықтау - 99% (269825 адам тексерілген жоспар 272500),

- глаукоманы - 117,2% (198001 адам тексерілген жоспар 168975).

- «В» және «С» гепатитінің пайда болу бойынша балалардың мақсатты тобының скринингі 13390 баланы құрады немесе жоспардың 100%, қалыпты ИФА бойынша анықталған науқастар – 1331 бала, ПТР – 1331 бала - 9,9%. Осының ішінен анықталған ВВГ - 21 бала.

- «В» және «С» гепатитінің пайда болу бойынша ересек тұрғындардың мақсатты тобының скринингі 23580 адамды құрады (100%), соның ішінде қалыпты ИФА 6716 адам - 28,4%, ПТР қалыпты - 1093 адам - 4,6%. Қала емханаларында инватаксиді қолдану арқылы қаладағы мүмкіндігі шектеулі тұрғыдарға тексерістер жүргізілді.

Шілденің 10 мен 21 аралығында 2 көшпелі медициналық кешенді қолдану арқылы «Болашақ», «Құлагер», «Ялян», «Көк базар» сауда орындарында базар жұмысшыларына алдын-алу медициналық тексерістері жүргізілді. 2 мыңнан астам адам тексеріліп, соның ішінде Қазақстан азамтары 50% құрады, қалғандары – басқа аймақтардан келгендер: Қырғыстан, ҚХР, Өзбекстан, Ресей, т.б..

Қалалық және аудандық АХАЖ бөлімдері арқылы әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау және ауруларды азайтуға бағытталған отбасын құруды жоспарлау орталықтарының жұмысын іске қосты, осы мақсатта тұрғындар шараның кешені жөнінде ақпараттанды. Тамыз айнан бастап қазіргі уақытқа дейін 1955 жас отбасыға кеңес берілген.

алдын алуға тексеру барысында балалар арасынан потологияның қарқынды анықталуы есебінен 28% өсті(балалардың ауру көрсеткіші 19%, 6572,8 ден 7823,1 100 мың тұрғын бойнша). Алдын алу, азайту, емдеу және диагностика кешенді шаралары қорытындысында темір тапшылықты анемиясымен ауру тегін дәрі-дәрмекпен қамту шеңберінде амбулаторлық деңгейдегі 16987 балалар мен жүкті әйелдерді қамтамасыз ету 17,9 млн.тенгені құрайды. Жасөспірімдер мен балалар арасында ауруды алдын ала анықтау мақсатында скринингтік тексерістер жалғасын табуда.



Аурулардың алдын алу мақсатында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды мектеп жабдықтарын қамту балалардың жас ерекшелігі мен бой ерекшелігіне байланысты жүргізіліп, барлық білім беру мектептерінде ЕДШ бойынша сабақ жүргізілді. Қайтадан салынған мектептерде орындықтың биіктігін және үстелдің жұмыс аймағын өз қалауынша әрбір оқушы өзгерте алатын функционалды парталар орнатылды. Балалар арасында аурумен ауру көрсеткіші профтексеріс арқылы қарқынды анықтау есебінен 2884,4 тен 3053,1, яғни 5,8% өсті. Патологияны алдын ала анықтау үшін тексеріс жүргізіліп, ОҰ біріге отырып тірек-қимыл аппараты ауруының алдын алу бойынша санитарлық-ағартушылық жұмыс жүргізілді. Амбулаторлық деңгейде мешел ауруының алдын алу үшін 1 жасқа дейінгі 5365 бала Д-3 дәруменін тегін алды. Жасөспірімдер арасында аурумен ауру 17% азайды, 100 мың адамның 6024,2 ден 5031,7 дейін.

Мерез ауруымен жыл қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында 5 оқиға тіркелген, (2011ж.-2) алдын алу тексерісінің көлемін арттыру есебінен 788 908 тексеріс, (2011 ж. - 731 679) коледждер мен ЖОО микроәдіс арқылы мерезге мақсатты жүргізілген тексеріс, ЖОО және ООО дәріс оқылды.



Психологиялық және мінез-құлық өзгерісі ауруларының көрінісі -балаллар арасында психоактивті заттарды қолдану бойынша алғаш рет 14 оқиға тіркелген(2011 жылы - 55 оқиға). Психологиялық және мінез-құлық өзгерісі ауруларының көрінісі болып табылатын балаллар арасында психоактивті заттарды қолдану көрсеткіші балалар мен жасөспірімдер арасында жүргізілген 20,4 тен 5,1 ге дейін азайды. ). Психологиялық және мінез-құлық өзгерісі ауруларының көрінісі болып табылатын балаллар арасында психоактивті заттарды қолдану жасөспірімдер арасында алған рет 166 жағдай тіркелген(2011 жылы – 401 оқиға). Психологиялық және мінез-құлық өзгерісі ауруларының көрінісі болып табылатын балаллар арасында психоактивті заттарды қолдану жасөспірімдер арасында жастар арасындағы қарқында алдын алу жұмыстары есебінде 2,5 рет азайды (810,1 ден 324,4). Халықаралық нашақорлықпен және белгісіз есірткі түрлерімен күрес күніне 2012 жылға 20 мың адамды қамтыған 9 кең көлемді акциялар ұйымдастырылды. Жасөспірімдер мен жастар арасында 36 семинар-тренинг жүргізілді.

2012 жылға 5919 ЖКО тіркелген, жапа шеккендер(2011ж. - 6966), қайтыс болғандар (2011ж.-177). 2012 жылдың ақпанынан басталған "Саламатты қала" қалалық акциясы шеңберінде жарақаттардың алдын алу үшін қаланың медициналық ұйымдарында 1 мен 30 сәуір аралығында мектеп жасындағы балалар мен жастар арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу бойынша айлық өткізілді: Жол Полициясы, №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасы, қалалық жедел жәрдем станциясы қызметкерлерінің қатысуымен өткен пресс-конференция. 14 105 адамды қамтыған 2360 ата-аналар жиналысы өтті: 948 адам қамтылған 31 дөңгелек стол, 16524 адамды қамтыған 6598 әңгіме жүргізілді, 113 сынып сағаты 6252 оқушыны қамтыды, 12832 адамды қамтыған 420 дәріс оқылды; 6161 оқушыны қамтыған 413 диктант жазылды. Қаланың 48 мектеп пен 9 ЖОО 21862 адамды қамтыған «Мы за безопасность на дорогах и в быту!» атты акция өткізілді. 20896 адамды қамтыған 6810 әңгіме жүргізілді, «Болашаққа қауіпсіз жолмен жетейік!», «Қысқы жарақат», «Тұрмыстық жарақаттың алдын алу», «Абайлаңыз, бағдаршам!» атты тақырыптарға 6501 дана ИОМ таратылды, соның ішінде 2420 дана парақ, 132 дана лифлет, 158 дана плакат, 1886 дана буклет, 1905 дана брошюра. 74 «денсаулық бұрышы», 112 қабырға газеті қайта өңделді; 63 санбюллет басып шығарылды. Педагогтарға арналған 32 семинара-тренинг өткізілді, 1660 қамтылды, мектеп оқушылары арасында «Абайлаңыз, бағдаршам», «Ұлан», «Абайлаңыз, бағдаршам» атты байкаулар, «Жас жүргінші» сұрақ-жауап сайысы өткізіліп, жеімпаздар жүлделермен марапатталды, жалпы 14948 адам қамтылды. «Оқушылар Сарайымен» біріге отырып Республикалық мектеп жасындағы балалар мен жастар арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу айлығына арналған веложарыс өткізілді. 65 адам қамтылды. Барлық медициналық ұйымдарда жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу бойынша 6000 рет аудио-видеофильмдер көрсетілімі жүрді. 5624 адам қамтылды. Барлық медициналық ұйымдарда жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу бойынша 12 мың рет ролик көрсетілді. Травматолог мамандар"Алматы","ТАН", "СТВ" "31" ТК «Денсаулық сабағы», «Жол-қозғалыс ережесін сақтау» тақырыптарында өткізілген бағдарламаларға қатысты. Сектор аралық байланыс шеңберінде тұрғындардың денсаулығын сақтау және «2011-2020ж.ж жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әрекет ету он жылдығы» атты Ұлттық жоспарды іске асыру, сондай ақ, Алматы қаласының ішкі істер департаменті және мәдениет басқармасы, жол полициясы басқармасымен әзірленіп және мақұлданған «Өміріңе қатер төндірме, жолдан өтуге 100 метр» атты қоғамдық компания концепциясын жүзеге асыру. Ақпараттық материалдар билборд түрінде ілінген. Жол өткеліне арналған түсіндірмелі және белгі беретін материалдармен брошюралар шығарылды.

Алдын алу бойынша шаралардың есебінде қоғамдық маңызы бар ауруларды алдын ала анықтау және емдеу барысында туберкулез ауруы 7,4% азайды, 100 мың адамнан 68,5 тен 63,6 дейін, (ҚР - 81,7) төмендеген. Туберкулезден қайтыс болу - 6%-ға, 100 мың адамнан 7,7 ден 7,2 на (ҚР - 7,2). БСК қайтыс болу 16% төмендеген, 100 мың адамнан 413,5 тен 345,6 ға дейін.

Алдын ала мәліметтер бойынша қатерлі ісіктерден болатын өлімнің өсуі 2,7% құрайды. 121,91 - 125,3 100 мың тұрғынға өлім себебін кодтау ақауының себебі емхана деңгейінде, обыр түрін ете кезінде анықтау деңгейі жеткіліксіз (2011ж. - 56,4%, 2012ж. - 56,7%). Алматы қаласы тұрғындарының арасында онкологиялық аурудың алдын алу және онкологиялық көмекті жетілдіру бойынша басқарма бұйрықтары іске асырылуда. ДСБ жанында асқынған обыр жағдайларын талдау штабы ұйымдастырылған және жұмыс атқаруда. Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық құралдармен жабдықтау жалғасуда - БМСК үшін РБ есебінен маммограф сатып алынды - 39,1 млн.т., онкодиспансер үшін сұйықтық цитология аппараты - 30 млн.т., профтексеру кезінде патологияны анықтаудың жоғары деңгейі қамтамасыз етілді. 2012 жылғы 1 -10 ақпана аралығында онкологиялық аурулардың алдын алу онкүндігі өткізілді. Қала емханалары онкологиялық ауруларды төмендету бойынша Скринингтік тексеру өтуге 2926 мекенжайлық шақыру жіберілді. 29 емханада, Қалалық онкологиялық орталықта, Онкология ҒЗИ «Ашық есік күндері» өткізілді, 440 әйел тегін тексеруден өтті, 150 әйелге сүт бездерінің УДЗ жасалды, мамандарда 3475 адам кеңес алды. Жұмыс күні бойы емханаларда «Онкологиялық аурулардың алдын алу» бойынша бейнероликтер көрсетілді, шараға 4065 адам қатысты. Тұрғындар арасында 16071 сұхбат жүргізілді, 19975 адам қамтылды. 50 адамнана сұхбат аланды; ақпаарттық материалдар таратылды: «Онкологиялық аурулардың алдын алу», «Ісік ауруларының алдын алу», «Жатыр мойнағы обырының алдын алу», «Жатыр мойны ісігін алдын алу», «Тоқ және тік ішік ісігін алдын алу», с.і..: плакаттар – 169 дана, үнпарақтар – 2619 дана, буклеттер – 2613 дана, брошюралар – 630 дана. 39 «денсаулық бұрышы» жаңартылды, 50 санбюллетень шығарылды. ТД 5, БАҚ 6 мақала, радиодан 3 интервью берілді. ММ профилактика бөлімшелерінде, әйелдер кеңесінде онкологиялық аурулардың алдын алу дағдыларына фертильдік жастағы әйелдерді оқыту ұйымдастырылып, 915 адам қамтылды. АҚСӨСҚО ҚОД «Әлемдік обырға қарсы күрес күні» акциясын өткізді. Акция барысында келушілер арасында викторина жүргізілді, 150 адам қатысты. Шарамен 2089 адам қамтылды. «Емшек обыры», «Жатыр мойнағынгның обыры» буклеттері жасалды, 6031 дана ИОМ таратылды.

2012ж. алдын ала мәліметтер бойынша жарақаттанудан болатын қала тұрғындарының өлім-жітім көрсеткіші 14% дейін төмендеді, 83,2 - 71,5, 100 мың тұрғынға. 100 мың тұрғынға жыл қорытындысы бойынша есептік көрсеткіш 78 құрайды. Тұрғындарға шұғыл травматологиялық көмек мүмкіндігін жоғарлату үшін қаланың 4 ауданына шұғыл травматологиялық көмек көрсетуді орталықтандыру жүргізілді. Ағымдағы кезеңде травматологияда қолданылатын келесі жаңа технологиялар енгізілді: омыртқа жарақатындағы транспедикулярлық фиксация, ішкі фиксациясымен жамбас сүйектерінің жабық репозициясы, сырқы фиксация аппараттарын қою (АНФ) политравма кезінде (сүйектің сынуы),жамбас сүйегінің сынуы кезінде, үлкен головкаларды қолданып, жамбас буындарын эндопротездеу (буын шығуының алдын алу).

Үшінші бағыт: санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру.

2012 жылғы қорытынды бойынша сырқаттану 30,2% төмендеді, 2,73 - 1,91 дейін. Барлық анықталған жағдайлар зертханалық түрде расталды. Балалар мекемелерінде топтық қызылша жағдайлары тіркелген жоқ. Қаланың санэпидқызметі денсаулық сақтау басқармасымен бірге эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған ұйымдастыру шараларының кешендік жоспары әзірленді. Тұрғындардың декретті тобын вакцинациялаумен қамту қажеттілікке сай, 317 студент қызылшаға қарсы егілді. Кешенді түрде жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары сырқаттанушылықты тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Тұрғындардың декретті тобын вакцинациялаумен қамту қажеттілікке сай. Кешенді түрде жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары сырқаттанушылықты тұрақтандыруға, инфекциялық үрдістің таралуын жоюға мүмкіндік береді.

Жіті А және В вирустық гепатитімен сырқаттанушылық тұрақты, егуге жатпайтын ересек тұрғындар арасында ғана тіркелген (100 мың тұрғынға 11,83 және 1,91).

2012 жылы барлық тексерулер саны 9512, оның ішінде жоспарлы 7254 (2011ж.-7320). Жалпы тексерулер санының төмендеуі 34%, жоспарлы 1%. Тексеру ҚР «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау» Заңына сәйкес санитарлық-эпидемиологи ялық заңдылықты қатаң түрде сақталып, жүргізіледі.



Төртінші бағыт: Денсаулық сақтау Біріңғай ұлттық жүйедегі ұйымдардың, басқармалардың, қаржыландырудың медициналық көмегін жетілдіру аясында

2012 жылы бәсекелі ортаны қалыптастыру аясында 10 жеке және ведомстволық медициналық ұйымдармен (2011ж. – 10) медициналық орталықтар «Хак», «Санаторий Алматы»АҚ, «Санаторий Казахстан» АҚ, «Медициналық компания «Сұңкар» ЖШС, «Доктор Орынбаевтың медициналық орталығы» ЖШС , «Люкс» денсаулық орталығы, «ЭКО орталығы» ЖШС, «БУРЧ МЕДИКАЛ»ЖШС,«ЖГМК»-«Оқу-клиникалық орталығы»,– Алматы теміржол аурухана "ЖГМК" АҚ филиалы - ДСБҰЖ шеңберінде қала тұрғындарына ТМККК көрсетуге мемлекеттік тапсырыстың орындалуы қамтамасыз етілуде. ЖММК көрсетуге 20 медициналық ұйымдар іске қосылды: республикалық – 6, жеке және ведомстволық – 6 және қалалық – 8. Денсаулық сақтаудың барлық ұйымдары толық көлемде қаржыландырылуда.

2012 жылдың қорытындысы бойынша стационарлық көмекті тұтыну деңгейі 1500,5 құрады (2011 ж.-1620,6) және 2011 ж. 9,6 –дан 2012ж. 9,3 дейін ауруханада науқастарды емдеудің орта созыңқылығының кішірею есебінен 8 % төмендеді. .

Алматы қаласы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің МҚТКД арқылы қаржыландырылатын, мемлекеттік тапсырыстың жоспарлы көлемін орындалуы қамтамасыз етілді, Алматы қ. бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтерді төлеу Комитет Департаменті арқылы республикалық бюджет қаржысынан бөлінген қаржылық қаражатын игеру 100 % құрады ( 17 092,3 млн.т.), республикалық трансферт қаражатынан – 99,8 % (8 339,1 млн.т. 8 360 млн.т.жоспарынан).

Барлық мемлекеттік тапсырыс қатысушылар есебімен мамандандырылған стационарлық көмек бойынша жоспарда 210 994 емделген жағдайлар (соның ішінде қалалық МҰ бойынша 170 946 жағдайлар), 220 482 жағдайлар орындалды (қалалық МҰ бойынша 180 501) немесе 104,5% (105,6%). Жоғары мамандырылған стационарлық көмек (ЖМСК) бойынша жоспарда 6809 жағдайлар (2699), 11 457 жағдай (4 431) – орындалды немесе 168% (164%). Стационар алмастырушы көмек бойынша жоспарда – 77 200 (71 200), 71 061 науқас (63 267) емделді немесе 90,8% (89%). Мамандандырылған стационарлық көмек деңгейі 2011 жылдан 5 % өсті, Жоғарымамандандырылған 2% төмендеді, стационар алмастырушы – 10%.

Жоспарлы науқастардың меншікті салмағы жоғарлатуын жалғастырды – 2011ж. 33%-дан 2012ж. 36,3% дейін ( 2010ж. – 28,4%) мамандандырылған көмек бойынша және 75,2 78% дейін.

Бұл – стационарлы көмектің тұрғындар үшін қол жетімділігінің өсуі туралы жағымды дерек.

Басқа қалалық науқастар, қала ауруханаларына жатқызылған науқастар санының және меншікті салмақтың төмендеуінің тенденциясы белгіленді (18,2 15,2% дейін), мамандандырылған көмек бойынша - 16,3 д 13,5% дейін, жедел науқастар арасында (5,7 1,5% дейін), жоспарлы науқастар арасында

( 38,1 34,6% дейін). Бірақ ЖММК алған басқа қалалық пациентердің науқастар санынан меншікті салмағы 51,1 47,2% дейін төмендегенімен, жоспарлы жағдайда жоғары болуда (шұғыл науқастар бойынша 11,8% 3,5% дейін, жоспар бойынша – 64,1% 59,6 % дейін). Науқастар үшін өңірлер арасында бәсекелестік айқындалуда.

Ауруханаға жатқызу бюросының порталы есебінен медициналық көмек көрсету барысында айқындық қамтамасыз етілді. Ауруханаға жатқызу бюросының порталы арқылы науқастардың жоспарлы ауруханаға жатқызылуының күнделікті мониторингі жүргізілді. Іріктеуді жетілдіру және штаттан тыс жағдайларды қысқарту есебінен жоспарлы науқастардың ауруханаға жату кезегі төмендеді, бірінші кезекте ұзақ күту кезегі төмендеді.

Барлық медициналық ұйымдарда «Шот-тізілімдерді қалыптастыру» Порталы енгізілді (стационарлы науқастардың электронды порталы). Стационарлық және стационар алмастырушы медициналық қызметтерді төлеу 2012жылы клиникалы-шығынды топтар бойынша жүргізілді.

Стационарлық көмектің сапасын және қол жетімділігін жетілдіру мақсатында Қалалық паллиативті көмек көрсету орталығының жадында ауыр соматикалық сырқаттары бар балаларды қолдау орталығы құрылды. Жедел және шұғыл жәрдем ауруханасында екінші нейроинсульттық орталық ұйымдастырылып, жабдықталып және толық көлемде жұмыс істеуде. Бұл Алматы ауданынан науқастарды тасымалдау уақытын айтарлықтай қысқартады және емдеу және сауықтыру нәтижесін жақсартады. №4 ҚКА және ОҚКА 2 орталықты құру жоспарға алынуда.

Қала клиникаларында жоғары мамандандырылған көмек көрсетуін дамыту жалғастырылған. Алматы жоғары технологиялық емдеу түрлерін өткізетін ең үлкен көлемді аймақ болып табылады. ЖММК аясында есту қабілетін жақсартатын операциялар, кохлеарлық имплантация, лапароскопиялық және микрохирургиялық операциялар, буындарды ауыстыру, ересектерге және балаларға арналған кардиохирургиялық және басқа да күрделі операциялар өткізіледі.

№7 Қалалық клиникалық ауруханасында 12 туыстық бүйректі ауыстырып қондыру өткізілді, соның ішінде 1 біріктірілген трансплантация: бүйрек+ұйқы безі, бірінші рет Қазақстанда өткізілді..

Қалалық перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жаңа туған нәрестелердің және балалардың күрделі біріктірілген туа біткен журек ақауына радикалды түзету бойынша өте сирек операциялар табысты жасалуда, әлемдік кардиохирургия практикасында ұқсас операцияларды өткізу және операциядан кейінгі науқастарды күту қиындығы жоғары ктегориясына жатқызады. Орталықтың ашылуына дейін Қазақстан Республикасында ұқсас операциялар өткізілмеген.

Стационарды ерікті таңдау принципі толығымен іске асырылған. Медициналық ұйымды ерікті таңдау құқығы есесбімен қаланың барлық медициналық ұйымдарында 2010 жылы 1 шілдеден жоспарлы ауруханаға жатқызу порталы енгізілді. Барлық мемлекеттік ұйымдардың тіркеу және қабылдау бөлімдерінде ДСБҰЖ шеңберінде еліміздің стационарларына жатқызу тәртібі туралы, стационарлық ұйымдарды ерікті таңдау және ауруханаға жатқызу бюросы порталының жұмысы туралы тұрғындар үшін хабарландыру ілінген. Денсаулық сақтау басқармасының сайтында ДСБҰЖ шартында медициналық көмекті тұрғындарға алу тәртібі туралы ақпарат енгізілген. Денсаулық сақтау Біріңғай ұлттық жүйесі аясында (ДСБҰЖ) 2012жылдың қорытындысы бойынша жоспарлы емханаға жатқызуда стационарды ерікті таңдау құқығымен (ММЖ+ЖММК) 105 221 пациент қолданды ( 2011ж.-94 255) 2011ж. деңгейімен салыстырғанда 12% өсті. 89 056 науқас – жоспарлы ауруханаға жатқызылды , 2011ж. деңгейімен салыстырғанда +12% (2011ж. - 79 867 науқас , 2010ж . - 52 175 науқас), соның ішінде 33 062 басқа қалалық науқастар +3,2% өсті (2011ж. - 32 024).



ТТР порталында 1 452 459 адам тіркелген, қала тұрғындарының жалпы санынан (101,8%), тіркелуге сұраныс саны 2708 адам. (0,18%).

Диспансерлеу тіркеуіне 420 000 науқас кіргізілді немесе диспансерлік есепте тұрғандардан 90,3% (465 211 науқастардан).

Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығы Алматы филиалы негізінде Қаржылармен басқару жүйесінің бағдарламалық қамтамасыздандыруы енгізілді.

Барлық медициналық ұйымдарда «Шот-тізілімдерді қалыптастыру» Порталы енгізілді (стационарлы науқастардың электронды порталы). Стационарлық және стационар алмастырушы медициналық қызметтерді төлеу клиникалы-шығынды топтар бойынша жүргізіледі.

ГОБМП шеңберінде стационарлы көмек көрсету үшін жеке денсаулық сақтау ұйымдарының төсектерінің кеңеюі есебінен, Біріңғай төлемші жүйесінде төсек қоры ағымдағы кезеңде (республикалық, жеке және ведомствалықты қосқанда) 7015 төсекке дейін өсті (2011ж.салыстырғанда +243 төсек),

Бюджеттен тыс қаржыдан табыс табуына және мемлекттік бюджетінің қаражатын үнемдеуіне себепші болуына байланысты медициналық қызметкерлердің еңбегін төлеу жүйесінің жетілдірілуі жалғастырылды. Бұдан басқа, шаруашылық жүргізу құқығында мемлекеттік коммуналды кәсіпорын ынталандырушы төлемақы негізінде, еңбекті төлеуінің жоғарлауы сараланғандық төлеуді енгізу есебінен жүзеге асырылады.

Ынталандыру компоненті бойынша ДСМ республикалық бюджеттен 2012 жылғы жеткен нәтижелер бойынша қызметті бағалау критерилеріне сәйкес 759,4 млн.т. бөлінді, оның ішінде 75,9 млн.т. (10%) мамандардың біліктілігін жетілдіруге жұмсалды.

Ынталандыру түріндегі төлемдер еңбек ақының дифференциалды жүйесі бойынша бюджеттік қаражатты үнемдеу есебінен және ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражат 41 медициналық мекемеде 700,2 млн.т. көлемінде жүргізілді.

Қоғамда әлеуметтік статусын жоғарылату және медициналық қызметкерлер құқығын кеңейту бойынша шаралар кешенін іске асырылуда. Кадрлардың ұдайы дипломнан кейінгі дайындығы, шетел мамандарының қатысуымен үздіксіз білім жетілдіру, тәжірбиеден өту қамтамасыз етілді.

Кадрларды әлеуметтік қорғау және мотивациясы үшін 2007 ж. бастап жыл сайын жергілікті бюджет есебінен медициналық қызметкерлердің профтексеруіне, 2008 ж. бастап – шалғай учаскелердегі учаскелік мамандар үшін жолақысын төлеу үшін қаражат бөлініп, игерілуде. Алғаш 2008 ж. бастап әкімдік қаулысымен үздік медициналық қызметкерлерге еңбек ақы қорын үнемдеу аясында 100%базалық лауазымдық еңбекақы көлемінде үстеме ақы тағайындалады. 2012 жылы үстемеақыны 237 маман алды (2011жг. - 213). «Кәсібінің үздігі» атағына қалалық конкурс жеңімпазын марапаттау тәжірибесі жүргізілуде.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында соңғы 5 жылда 2008-2010 жж Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тұрғын үй және «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламалары бойынша қала медициналық қызметкерлеріне 701 пәтер мен коммуналдық арендалық тұрғын үй берілді.

Сонымен қатар, 2012 жылы «Қалалық ипотекалық тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы бойынша тағы 53 пәтер бөлінді. Бұл мақсатта жергілікті бюджетпен 4 млрд. тенге қарастырылған.

Қаржылық өз бетінше жұмыс деңгейін жоғарылату үшін мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәіпорын статусынан шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын статусына ауыстыру жұмысы жалғастырылды. Жыл басынан бері бұл статусқа 12 мекеме ауыстырылды. Қазіргі уақытта 82 мекеменің ішінен ШЖҚ МКК – 30, ММ – 3, МКҚК– 49. 2 ШЖҚ МКК-да Бақылау кеңестері құрылып, жұмыс атқаруда, ал қалғанында- құрамын келісу сатысында. Денсаулық сақтау мекемелерінің бизнес-жоспарларын қорғау және 2013-2016жж дамыту жоспарларын бекіту ұйымдастырылған.

Денсаулық сақтау объектілер желісін жетілдіру мақсатында және жергілікті бюджет қаражаты есебінен медициналық көмек қолжетімділігі мен сапасын жетілдіру (1 млрд. 154,8 млн.т.) №12 қалалық емхананың жаңа ғимараты, «Алатау» ҚА амбулаторлық корпусы, өңірлік диагностикалық олрталықтың жаңа ғимараты, амбулаторлық хирургия және оңалту орталығы, №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасының хирургиялық корпусы іске қосылды. №15 қалалық емханаға, Түркісіб ауд. «Алтай»ықшауд отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға қосымша ғимарат қосылуда 2013 жылға ауыстырылды.

«350 Денсаулық сақтау нысанының құрылысы» жобасы аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен Түрксіб және Алатау аудандарында аусымына 500 қабылдау жүргізетін 2 емхана және Алатау ауданында «Дархан» ықшауд. аусымына 200 қабылдау жүргізетін емхана құрылысы жалғасуда.

Басқарма мамандары мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері БДСЖ аясында, «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша және ҚР президенті Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша жыл басынан бері БАҚ 678 басылымдар мен шығулар, с.і. радиода 104, теледидарда 327 және басылымдарда 247 мақала жарыққа шықты.


Бесінші бағыт: медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіру; медицинада инновациялық технологияны дамыту және енгізу.

Медициналық кадрлардың жүйелік дайындығы қамтамасыз етілген. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2012 жылы: 1423 дәрігер, 1127 орта медқызметкер (109,6 млн.т.) оқытылды, жергілікті бюджеттен: 127+ дәрігер, 48+ орта медқызметкер, 69 басқа мамандар (88,2 млн.т.) оқытылды.

Шетелде 2012 жылы 63 маман, с.і. республикалық бюджеттен - 23, жергілікті бюджеттен - 4, бюджеттен тыс және спонсорлық қаражат - 36 (акушерлік және гинекология, неонатология, анестезиология және реаниматология, сәулелі диагностика, денсаулық сақтауды ұйымдастыру, онкология және онкогематология, кардиология, хирургия және т.б.).

Кадрлардың білімін жетілдіру құрылған Инновациялық медициналық технологиялар оқу орталығыбазасында жүзеге асырылды. Дағдарысты зерттеу орталығы (Литва) мамандарының қатысуымен акушер-гинеколог дәрігерлер, анестезиологтар, акушерлер үшін мастер-класс циклдері және оқыту семинарлары өткізілді, хаттамалар жасалды және дәлелдеу медицинасы негізінде акушерлік, перинатальді медициналық көмек көрсету стандарттары дайындалды. Халықаралық сарапшылармен босандыру мекемелерінің 56 маманы, жедел медициналық жәрдем қызметінің 96 маманы оқытылды. Каскадтық оқытуға 8 нұсқаушы дайындалды. 50-ден астам шеберлік класы өткізіліп, 40 алыс және жақын шетелдердің мамандарының қатысуымен тренингтер мен конференциялар өткізілді. Орталық базасында жол апатында зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге ІІД 48 қызметкері оқытылды. Бұл адам өміріне қауіп төнген жағдайда жол апаттарында зардап шеккендерге шұғыл көмек берілуін жоғарлатады. Жыл соңында Орталық оқытудың тиімділігін арттыратын заманауи манекендер және симуляторлармен жабдықталды.

1-3 қарашада денсаулық сақтау басқармасы «Денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» атты Халықаралық Конгресс өткізді. Конгреске әлемнің 16 елінен және республика аумағынан мамандар қатысты. Маандардың кәсіби деңгейін көтеру, кадрларды үздіксіз дамытуды үйлестіру тиімділігін жоғарлату мақсатында АМДБЖИ Меморандумға қол қойылды.

Кадрлардың біліктілігін жетілдіру шаралары 2012 жылы әрбір 3-ші дәрігерді және әрбір 8-ші мейірбикенің білімін жетілдіруге мүмкіндік берді.

Басқарудың заманауи тәсілдерін енгізу мақсатында басшы кадрлар ротациясы бойынша жұмыс жалғасын табуда. 28 денсаулық сақтау ұйымдарына жас басшылар тағайындалды. Тағайындалған басшылармен жұмыс жоспары мен келешегі туралы сұхбат жүргізілді.

Менеджмент бойынша медициналық қызметкерлермен дайындық жұмысы жүргізілуде. Жергілікті бюджеттен бөлінген 1,118 мың тенге қаражат есебінен 1айлық бағдарлама бойынша 19 маман және 4 айлық бағдарлама бойынша 1 маман оқытылды.

Сонымен қатар, С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ менеджмент және маркетинг бойынша 9 маман білімін жетілдірді.

Қала клиникаларында инновациялық технологиялар мен жоғарымамандандырылған медициналық көмекті енгізу мен дамыту жалғасуда.

№7 ҚКА 12 туыс бүйрек трансплантациясы жасалды, оның ішінде 1 операция – құрамдастырылған трансплантация: бүйрек+ұйқы безі, Қазақстанда алғаш рет жасалды.

Қалалық перинатология және балалар кардиохирургия орталығында балалар мен жаңадан туылған сәбилерде туа біткен жүрек ақауын радикалдық түзету коррекциясы бойынша бірегей операциялар игеріліп, сәтті жасалуда. Орталық ашылғанға дейін бұндай операциялар Қазақстанда жасалған жоқ.

Қала жедел медициналық жәрдем жұмысын жетілдіру мақсатында жедел медициналық көмек көрсету Халықаралық тәжірибесін енгізу және санитарлар мен жедел жәрдем жүргізушілері арасынан парамедик-мамандарын дайындау басталды. Қалалық перинатология және балалар кардиохирургия орталығы базасында жоғары медициналық технология Оқу орталығында Дағдарысты зерттеу орталығы (Литва) мамандарының қатысуымен дәрігерлер, фельдшерлер, 69 санитарлар мен жедел жәрдем жүргізушілері үшін шұғыл көмек көрсету бойынша шеберлік класы өткізілді.

Амбулаторлы-емханалық көмекті жетілдіру аясында «Кезексіз емхана» жобасы жүзеге асырылуда. 10-қазаннан бастап қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында қала ішіндегі автожолдардың кептелісті бағыттарында орын алған жол-көлік оқиғасы кезінде, медициналық көмек көрсетудің жеделдігін арттыру үшін мопедтерді пайдалану қолға алына бастады.

2012 жылдың сәуір айынан бастап қалалық зертханалық қызметті орталықтандыру жөніндегі жұмыстар бастау алды. Үш стационар мен 15 емханада зертханалық диагностиканы орталықтандыру жұмыстары жалғасып, зертханалық қызметтің ақпараттық бірыңғай жүйесі енгізілді.

«Қауіпсіз қала» бағдарламасына шұғыл медициналық көмек станциясын енгізу шеңберінде, 150 шұғыл көмек машиналарына GPS навигаторлар мен коммуникаторлар орналастырылды.

2012 жылы денсаулық сақтау басқармасы және ұйымдары қызметкерлерінің 247 мақаласы, оның ішінде 6 мақала халықаралық басылым беттерінде жарық көрді:



  1. «Қазақстан Республикасындағы есту қабілетін жақсарту операциясы», №5 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Ж.К.Қасымжанованың мақаласы, Инсбург, Австрия;

  2. «Қазақстан Республикасындағы бет және жақсүйек хирургиясы», №5 қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары м.а. Г.Т.Байзақованың мақаласы, Сеул, Оңтүстік Корея;

  3. «The experience of surgical treatment of patients with pulmonary extensively resistant tuberculosis», Аудан аралық туберкулезге қарсы диспансер дәрігерлері К.Ерімбетов, Т.Әбілдаев, А.Аленова, А.Зетов, «Medical and Health Science», Прага, Чехия;

  4. «Өкпе туберкулезі кезіндегі пострезекциалды тесік профилактикасы әдісін пайдаланудың тиімділігі», Аудан аралық туберкулезге қарсы диспансер дәрігерлері К.Ерімбетов, А.Зетов, А.Пак, С.Садықов, А.Абдуллина, «Новости хирургии», Москва, Россия.

  5. «Туа біткен таңдай және ерін жырығы бар балаларды емдеу үшін қайырымдылық ұйымдарының гранттарын алу туралы», №5 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері, Smile Train (АҚШ);

  6. «Алматы қаласының жедел жәрдем дәрігерлер командасы Халықаралық жарыста жеңіске жетті. «Литва қаласындағы шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша 6-халықаралық жарысы», Литва университетінің хабаршысы, медицина ғылымдары бөлімі, (Каунас қ.).


Алтыншы бағыт: тұрғындар үшін дәрілік заттардың сапасы және қолжетімдлігін арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техникамен жабдықталуын жақсарту.

Амбулаторлы ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында дәрілік заттар тізімі және оларға кеткен шығын орнын толтыру жүйесі кеңейтілді (50 пайыздан 100 пайызға дейінгі шығын орнын толтыру). 208 084 емделуші 2 377,4 млн.т. қаржысына алынған тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді (2011 жылы – 203.7 мың емделуші 2 млрд. 141 млн.т. қаржы көлеміндегі тегін дәрілермен қамтамасыз етілген). Рұқсат етілген тегін амбулаторлық дәрілерге қаржының жетіспеушілік орнын толтыру үшін ДСМ және қалалық мәслихат арқылы қосымша 130 млн.т. бөлінді.

Дәріханалардағы дәрілердің бөлшек саудадағы бағасының тұрақтылығын бақылау ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті арқылы жүзеге асырылды. Дәрі-дәрмек бағаларының тұрақтылығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен дәрілік заттармен қарым-қатынас саласындағы ассоциациялар арасындағы меморандум шеңберінде жүзеге асырылған. Меморандумда бекітілген препараттар тізімі 2012 жылы 200 атауды құраған, бұл 2010 жылға қарағанда 2 есеге көп.

Денсаулық сақтау басқармасы бастамасымен және фармацевтикалық серіктестіктердің қолдауымен, 2012 жылдың 1-қарашасынан бастап 25 әлеуметтік дәріханалар ашылды, мұнда дәрілік заттар бағасы 10 пайызға дейін жеңілдетілген. Бұл жағдай халықтығң әлеуметтік категориясын сақтап қалуға және Елбасының «Жалпы Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты халыққа Жолдауында айтылғандай, халықтың дәрі-дәрмектік сауаттылығын көтеру, фармацевтикалық дәрілердің кең тауар айналымы жағдайында халықты өз бетінше емделуден қорғау, дәрілік көмек мәдениеті деңгейін көтеруге жағдай жасайды.

Денсаулық сақтау ұйымдарының материалды-техникалық базасын жақсарту жалғасуда; жергілікті бюджет есебінен 23 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған (1 млрд.88.1 млн.т.), оның 21 нысаны аяқталып, 1 нысан 2013 жылға қалдырылды, 1 нысан аяқталмаған.

Республикалық бюджет есебінен (1 927.8 млн.т.) Медбикелік күтім ауруханасы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары, №7 қалалық клиникалық ауруханасының жер сілкінісіне төтеп берушілігі (пав.7), ОҚКА (4, 5, 7 кор), №1, 4 қалалық емханалар, студенттер емханасына (1,2 блок) жөндеу жұмыстары өткізілді. 2013 жылдың 1-қаңтарында 4 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталмады (№4 ҚЕ, студенттер емханасы, ОҚКА, №7 ҚКА).

Республикалық бюджеттің ағымдағы мақсаттық трансферт есебінен денсаулық сақтау ұйымдарын материалды-техникалық жабдықтауға 766.4 млн.т. қаржысына медициналық жабдықтардың заманға сай ірі көлемдегі 22 бөлігі сатылып алынды, олар:


  • БМСК үшін маммограф – 39.1 млн.т.;

  • Перинаталдық орталықтар және перзентханалар үшін 4 монитор – 15.3 млн.т.;

  • онкодиспансер үшін сұйық цитологияның заманға сай аппараты – 30 млн.т.;

  • интервенциалды кардиологиялық көмекті дамыту үшін ангиограф – 508 млн.т.;

  • глаукома кабинеттері үшін ретиналды томограф – 34.2 млн.т.;

  • ұйымдар үшін кардиологиялық көмек көрсететін жабдықтардың 10 бірлігі – 68.7 млн.т.;

  • ревматологиялық орталықтар үшін буын ауруларын емдеуге арналған физиотерапевтік кешен жиынтығы – 7.1 млн.т.;

  • медицина-генетикалық кеңес беру үшін УДЗ аппараты – 38.9 млн.т.;

  • босандыру ұйымдары үшін реанимобиль – 18.3 млн.т.;

  • босандыру ұйымдары үшін портативті тіркеу құралдары – 840.0 т.т.

Конкурс «СК-Фармация» ЖШС өткізілді, үнемделген қаржы 2 млн. 566 т.т. құрады. Үнемделген қаржы есебінен қалалық кардиологиялық орталығы үшін жүрек және буын диагностикасының УДЗ аппараты сатылып алынды.

Жергілікті бюджет есебінен 1 939 млн. 094.0 т.т. қаржысына медициналық жабдықтардың 1 005 бірлігі сатып алынып, оның 53 259.0 млн.т. қаржысы 2011 жылғы орналастырылған жабдықтардың кредиттік қарызын өтеуге жұмсалды. Жеткізушілер тарапынан орын алған күтпеген жағдайлар үшін №1 ҚКБА және Перинаталды орталыққа 61 млн. 908.0 т.т. қаржысына сатып алынуы тиіс газ жүйелері 2013 жылға ауыстырылды (24.09.2012 ж. №504 келісім-шарты).

Жергілікті бюджет қаржысын үнемдеу арқылы 29 294.5 т.т. қаржысына қосымша медициналық жабдықтардың 4 бірлігі, манекен және жоғары медициналық технологиялы оқыту орталықтары үшін стимуляторлар сатып алынды.


Алматы қаласы денсаулық

сақтау басқармасы бастығының

орынбасары м.а Қ. Базарбаева

Орынд.: Г.Жанқарашова,



8-727-2755473


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет