Жж. Омбы жеріндегі саяси қУҒын-сүргін сəрсембина Қ.Қ



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата22.06.2020
өлшемі210,5 Kb.
#74272
  1   2
Байланысты:
2017-05-25-sbornik rep-122



 

122 


1920-1930 ЖЖ. ОМБЫ ЖЕРІНДЕГІ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН 

 

Сəрсембина Қ.Қ. тарих ғылымдарының кандидаты 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ. 

 

1920-1950  жылдардағы  саяси  қуғын  сүргін  КСРО  аумағын  түгелдей 

қамтыды.  Түрлі  аймақтар,  ұлттар  мен  халықтар  тоталитарлық  қоғамның 

зардабын тартып, қасіретін шекті. Кеңестік тоталитарлық қоғам ұлт мүддесін 

аяққа басу, ұлт рухын əлсірету мақсатында саясат жүргізіп, «кеңес халқын» 

қалыптастыру  ісін  қарқынды  қолға  алды.  КСРО-да 1920-1930  жылдардағы 

саяси  қуғын-сүргін  социалистік  құрылысты  орнықтырудағы  шаруашылық 

механизмінің  ажыратылмас  бөлігіне  айналды. 1920 жылдан  бастап  БТК 

(ВЧК) –  БСБ  (ГПУ) –  ІІХК  (НКВД)  халық  арасынан  «кеңестерге  қарсы 

мəліметтерді» жүйелі түрде жинаған. Жак Россидің айтуынша, 1920 жылдың 

басынан  бастап-ақ  «контрреволюциялық»  немесе  «антисоветтік»  іс-əрекеті 

үшін 6 айдан  жоғары  мерзіммен  бас  бостандығынан  айыру  жазасы 

белгіленген.  Ал, 1930 жылы  РКФСР  Қылмыстық  кодексінің 58-10  бабымен 

10  жылға  сотталғандар  саны  миллионға  жетіп,  ГУЛАГ-тағы  тұтқындар 25 

пайызды  құраған.  Осы  баппен  сотталғандар  түрмелер  мен  еңбекпен  түзету 

лагерлерінде  «агитатор»  деген  атты  иеленген. 1921-1954  жылдары 

аралығында  КСРО-да  «контрреволюциялық»  немесе  «кеңестерге  қарсы» 

деген жаламен 3 миллион 777 мың адам сотталған, ал олардың 642 мыңы ату 

жазасына кесілгендігі туралы да айтылып жүр[1].  

1928-1931 жылдар аралығында ескі зиялы қауым өкілдерін қудалап, жою 

мақсатында жүргізілген үш процесс “Шахтинск іcі." (1928 ж.), “Промпартия 

процесі” (1930ж.), “Меньшевиктер бюросының одағы” (1931ж.) заңсыздықты 

бастап,  жаппай  тұтқындауға  жол  ашты[2].  Сөйтіп, “контрреволюциялық  

ұйымдарды  іздестіру  науқаны  басталады.  Жазықсыз  айыпталғандарға 

«буржуазияшыл-ұлтшыл»  деген  айып  тағылды.  Олар  əртүрлі  мерзімге 

түрмеге  қамалды,  ату  жазасына  кесілді,  еріксіз  жер  аударылды.  Ұлт 

жанашырларына  негізінен  КСРО-ны  құлату  мақсатында  жасырын 

контрреволюциялық  ұйымдар  құрды  деген  заңсыз  айыптаулар  тағылды. 

Қоғамның  рухани  тірегі  болған  дін  өкілдері  қудаланды. «Құдайсыздар 

одағын»  құрған  қызылдар    билігі  дінге  қарсы  шығып,  дінсіздіктің  тамырын 

жаюға ұмтылыс танытты.  

1937-1938  жылдары  саяси  қуғын-сүргін  жалпылама  бағыт  алды. 

Тоталитарлық  машина  қоғамдық  қайраткерлерден  бастап  қарапайым 

адамдарға  дейін  саяси  қуғын-сүргінге  ұшыратты.  Омбы  жерінде  де  сасяи 

қуғын-сүргін  жалпылама  бағыт  алып    ұлт  зиялылары  мен  қарапайым 

шаруалар,  кеңестік  билікке  қызмет  еткендер,  діни  өкілдер  жазықсыз 

қудаланды, атылды, жер аударылды. Омбыдан оқу бітірген қазақ зиялылары 

қазақ  халының  мүң-мұқтажын  жоқтап,  азаттық  алу,  халқының  өзгелерден 

кем  болмауы  үшін  қызмет  етті.  Сондай  тұлғалардың  бірі  -  Асылбек 

Жұманұлы Сейітов. Ол 1894 жылы Омбыда Батыс Сібір генерал-губернаторы 

кеңсесі  аудармашысының  отбасында  дүниеге  келген. 1911 жылы  он  жеті 



 

123 


жасында  Омбының  классикалық  ерлер  гимназиясын  тəмəмдап,  Томск 

Мемлекеттік  университетінің  медицина  факультетіне  оқуға  түскен.  Дəрігер 

мамандығын  алған  Асылбек  Сейітов  қазақ  халқының  сол  кезеңдегі 

проблемаларын  көре  біліп,  жас  болса  да  «Қазақ»  газетінің  беттерінде 

қоғамдық ұйым құру, Ресейдегі қазақ студенттеріне көмек беру тақырыбында 

мақалалар  жазған  еді.  Елін  сүйгендердің  басын  біріктірген  «Алаш» 

партиясының  белсенді  мүшесі  ғана  емес,  хатшысы  болғандығы  тарихтан 

мəлім[3].  

Асылбек Сейітов бүкіл елде қолға алынған ауыл шаруашылық санағын 

жүргізу  жұмысына  қатысқан. 1917 жылдың  желтоқсан  айында  Орынбор 

қаласында  өткен  Бірінші  бүкілқазақтық  съезге  делегат  ретінде  қатысып, 

секретариатқа сайланады. 1918 жылы Омбыда құрылған жастардың «Бірлік» 

ұйымы  жетекшілерінің  бірі  Асылбек  жəне  Мұсылманбек  Сейітовтер 

болғандығы  да  тарихтан  мəлім. 1922-1937  жж.  аралығында  Семипалатинск 

денсаулық  сақтау  бөлімінің  меңгерушісі  қызметін  атқарған.  Еліміздің 

денсаулық  сақтау  саласына  өлшеусіз  қызмет  еткен. 1937 жылы  Қазақ 

халықтық денсаулық сақтау комитетіне бөлім меңгерушілігіне тағайындалса 

да,  дəрігерлік  қызметін  қоса  атқарған. «Тəн  саулығын  сақтау»  тақырыбы 

төңірегінде  ғылыми  мақалалар  жазып,  халықтың  медициналық  сауатын 

көтеруге аянбай қызмет еткен. 

1937  жылдың  қараша  айының  соңында  Алматы  қаласындағы  темекі 

фабрикасының  жанындағы  амбулатория  базасында  ашылған  №5  емхана 

басшысы болып тағайындалғанымен, 1-желтоқсанда тұтқындалып, жазықсыз 

айыпталып,  он  жыл  мерзімге  хат  алмасу  құқығынсыз  сотталады[3].  Бұл  ату 

жазасына кесілген үкімді меңзейтін еді. Асылбек Сейітов атылған соң отбасы 

мүшелері де  тағдыр тауқыметін көп тартады.  

39  жасында  саяси  қуғын-сүргінге  ұшырап,  жазықсыз  атылып  кеткен 

қоғам  қайраткері  Əбілқайыр  Досов 1916 жылы  Омбы  орыс-қырғыз  (қазақ) 

жетім балалар пансионында тəрбиеленіп, қазақ оқушы жастарының «Бірлік» 

мəдени-ағарту үйірмесіне мүше болған. 1920 жылы қазан айында өткен Қазақ 

советтерінің 1-құрылтай съезінде Қазақ АКСР ОАК-нің төралқа мүшесі жəне 

хатшысы  болып  сайланды. 1922-1926  жылдары  Семей  губерниялық  атқару 

комитетінің,  Түркістан  облысы  ревкомының,  Орал  облысы  атқару 

комитетінің  төрағасы  қызметтерін  атқарған. 1933-1937  жылдары  БК(б)П 

Қазақстан  өлкелік  комитетінің,  Қазақстан  КП  ОК-нің,  БОАК  жəне  Қазақ 

ОАК-нің мүшесі болып сайланған[4].  

Əбілқайыр  Досов  қызмет  жасаған  жылдары  қазақ  халқының  мүддесін 

қорғап,  ұлт  болмысын  сақтауға  қызмет  еткен  тарихи  тұлға. 1937 жылы 28 

қарашада жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы 8 наурызда КСРО 

Жоғарғы  Соты  Əскери  коллегиясының  үкімімен  ату  жазасына  кесілген. 

          Мемлекет  қайраткері,  аудармашы  Хамза  Жүсіпбеков 1920-1922 

жылдары  Омбы,  Ақмола  губернияларында,  Көкшетау  уезінде  жауапты 

қызметтер  атқарған. 1933-1936  жылдары  Қазақстан  кəсіподақтар  кеңесінің 

төрағасы, Қазақ АССР əділет халық комиссары, коммуналдық шаруашылық 

халық комиссарының орынбасары қызметтерін атқарған.  Х.Жүсіпбеков 1937 



 

124 


жылы күзде «халық жауы» деген жалған айыппен тұтқындалып, 1938 жылы 

ату жазасына кесілді[4].  

1896  жылы 15 шілдеде  Ақмола облысы,  Омбы  уезі,  Беке  болысындағы 

«Ауыздағы  Қаржас»  ауылында    дүниеге  келген  ұлт  зиялысы  Қошке 

Кемеңгерұлы  да  саяси  қуғын-сүргін  құрбаны  болды.  Ғалымның  жазған 

туындылары  қазақ  халқының  өшпес  рухани  мұралары  болып  табылады. 

Қазақ  халқының  жай-күйін  жанымен  сезініп,  мұқ-мұқтажын  білгеннің 

арқасында  ұлтқа  пайдалы  қомақты  дүниелер  жазып  қалдырды.  Мəселен, 

1927   жылы   Г.Архангельскийдің   құрастыруымен   орыс   тілінде   жарық 

көрген  «Қазақ  тілінің  грамматикасы», 1924 жылы  Мəскеуде  жарық  көрген 

«Қазақ тарихынан», «Бұрынғы езілген ұлттар», «Егін салу турасында» деген 

зерттеулері, «Қазақтың тарихы тұрмысынан» («Темірқазық» журналы, 1923, 

№ 2, 3), «Бұрынғы  езілген  ұлттар» (Мəскеу, 1925), «Егін  салу  турасында» 

(1923),  екі  кітаптан  тұратын  «Оқу  құралын» (Ташкент, 1928; Қызылорда, 

1929),  драма  саласындағы  «Əулие  тəуіп» (1918), «Қасқырлар  мен  қойлар» 

(1920), «Бостандық  жемісі» (1919), «Күнəсіз  күйгендер» (1930),    «Алтын   

сақина»   (1923), «Парашылдар» (1926), «Ескі оқу» (1927)  пьесалары, «Жас 

азамат» беттерінде жарияланған мақалалары қазақ тарихында мəңгілік қалды. 

1926  жылы 13 қаңтарда  Қазақ  драма  театры  (тұңғыш  директоры  əрі  бас 

режиссері  —  Д.Əділов)  Қ.Кемеңгерұлының  «Алтын  сақина»  пьесасымен 

тұңғыш шымылдығын ашқандығы да тарихтан белгілі[5, 3 б.].  

Ғалымның  «Тұтқынның  ойы»  əңгімесі  (1919), «Отаршылдың 

ұсқындары» (1925), «Қанды толқын» (1926) əңгімелерінде қазақ қауымының 

күрделі əлеуметтік жағдайы жан-жақты сипатталған. Сонымен қатар, «Ерлік 

жүректе» (1924), «Қазақ əйелдері» (1924), «Жетім қыз» (1924), «Момынтай» 

(1925), «Дүрия» (1927), «Назиқа» (1928) атты  əңгімелерінде  сол  бір  ауыр 

кезеңдегі  қазақ  қызының  тағдырын  сомдайды.  Прозадағы  ірі  еңбегі  — 

замандас  қайраткерлер  туралы 1925–1937 жылдары  жазылған  романы.  Бұл 

кітаптың қолжазбасын 1937 жылы НКВД тəркілеген[5]. 

Қызылдар  билігі  ұлт  зиялыларын  түгелдей дерлік  саяси  қуғын-сүргінге 

ұшыратқанда, 1930 жылы 17 қыркүйекте Қошке Кемеңгерұлы М.Əуезовпен, 

М.Күдеринмен  бір  күнде  тұтқындалып, «кеңес  үкіметіне  қарсы  əрекет 

жасаушы»  деген  жалған  айыппен  Ташкентте  ұсталып,  абақтыға  қамалады. 

1930  жылы  қазан  айының  соңында  Ташкенттен  Алматы  абақтысына 

айдалады.  Ол  Алматы  түрмесінде  нақты  айып  тағылмай,  тергелмей 1932 

жылдың сəуір айының соңына дейін отырады. Дəлел келтірсек: «ҚСР-ындағы 

ОГПУ  басқармасына  тергеуде  жатқан  Қошмұхабет  Кемеңгерұлынан 

Мəлімдеме. 

Жазықсыз  абақтыда  отырғаныма,  міне, 10 ай  өтті.  Маған  Қылмыс 

кодексінің 58 (11–7) бабы бойынша айып тағылыпты. Бірақ мен өзімді кінəлі 

санамаймын.  Кеңес  өкіметіне  қарсы  күресу  үшін  жеке  басылық  немесе 

коғамдык сипаттағы салмақты негіз болу керек. Менде ондай жағдай болған 

емес,  нақтырақ  айтсам,  мұғалім  кезімде  материалдық  тұрғыдан  толық 

қамтамасыз  етілген  едім,  бұған  қоса  шығыстану  факультетінің  аспиранты 

ретінде  маған  ғылыми  перспективалар  ашылғанды.  Қоғамдық  сипаттағы 



 

125 


негізде  Кеңес  өкіметіне  қарсы  болу  деген  —  қаражүзділердің  реакциялық 

əрекеттерін,  ұлы  державалық  шовинизмді  қайта  жандандыру.  Мұндай 

қаскүнемдікті кім    жақтайды? 

«Алаш Орданың» басшылығындағы буржуазиялық-ұлттық қозғалыспен 

байланысымды   1919  жылдың  басында  үзгенмін.  Содан  бастап  мен  өзімді 

ілгері  ұмтылғандардың  қатарындамын  деп  есептеймін,  мұны  жарияланған 

еңбектерім  (дұрыстап  аударылып,  түсінік  жасалса)  растайды.  Ұлтшылдық 

дүниетаным  қалдықтарынан 1922 жылы,  Қазақстандағы  коллективтендіру 

мен таптық айырылым қатаң басталған уақытта біржолата құтылдым. 

7 жыл ішінде мен Ташкентте түрлі оқу орындарында сабақ бердім. Осы 

уақытта  менен  дəріс  тыңдаған  шəкірттердің  қайсысы  болсын  сабақ  үстінде 

Кеңес  өкіметіне  қарсы  ой  білдіргенімді  айтса,  өзімді  айыпты  санар  едім. 

Маған  шығыстану  факультетінің  екі  студенті  жала  жауып,  куəлік  беруі 

мүмкін  деп  ойлаймын,  өйткені  олар  өздерінің  жеке  карьерасының  жолында 

мені  бəсекелес  деп  пайымдаушы  еді.  Жыл  сайын  жазда  қымызбен  емделу 

үшін мен Сібір өлкесіндегі ауылыма барамын. Егер туған ауылымдағы біреу 

мені  кеңестік  шараларды  бұзды,  Кеңеске  қарсы  үгіт  жүргізді  десе,  өзімді 

айыпты  санар  едім.  Қайта  мен  туған  елімде  егінді  кеңейтуге,  жайылымды 

жақсартуға, колхоз құруға ықпал жасадым. 10 ай ішінде маған шімірікпестен 

жала жапқандармен жүздестірмеуді заңсыздық деп есептеймін. 

Мен  Сіздерден  өз  қолыммен  жазған  куəліктеріме  ғана  назар 

аударуларыңызды  сұраймын.  Ташкентте  тергеуші  Ағабековке  берген 

жауабымды біржақты деп санаймын. Өйткені ол: қараңғы карцерге саламын, 

тіпті  атқызамын, —  деп  қорқытты.  Мен III дəрежелі  туберкулезбен 

ауырамын, мұны анықтаған комиссияның 2 шілдеде берген актісі бар. Олар 

мені  І-топтағы  инвалид  деп  тапты.  Абақтының  ауыр  жағдайында 

туберкулездің салдарынан ерте жан тапсыруым мүмкін. 

Менің  осы  айтқандарыма  назар  салып,  емделу  үшін  босатуларыңызды 

өтінемін.  Тіпті  болмаған  жағдайда  қолхат  беріп  аз-кем  сауығып  алсам 

деймін. 17 шілде, 1931 жыл. Алматы абақтысы» [6, 199-200 бб. ]. 

  Қошке  Кемеңгерұлы 1932 жылы 20 сəуірде  Үштіктің  Шешімімен 58–

10; 11-бап бойынша  ұсталған  мерзімінен бастап 5 жылға Валуйки  қаласына 

айдалған[7]. Украинаның Валуйки қаласына жер аударылған Қ.Кемеңгерұлы 

онда темір жол саласында дəрігер қызметін атқарған.  Сол жерде 1932–1933 

жылдары  С.Садуақасұлы  инженер  болып  қызмет  жасаған  еді.  Сондай-ақ 

Валуйки,  Воронеж  бағытында  Х.Досмұхамедұлы,  Ж.Досмұхамедұлы, 

Е.Омарұлы,  С.Қадырбайұлы,  К.Тоқтыбайұлы,  М.Тынышбай,  Ж.Күдеріұлы, 

М.Мырзаұлы сынды азаматтар жер аударылғандығы белгілі[5, 3 б.]. 

Қ.Кемеңгерұлы 1935 жылы босатылып, Омбының Шарбақкөл аудандық 

ауруханасында дəрігер болып қызмет жасайды. 1937 жылы 7 тамызда қайта 

ұсталып, 21 қарашада Омбы қаласында атылды. Қошмұхамбет Кемеңгерұлы 

1957  жылы 17 тамызда  Сібір  əскери  округы  əскери  трибуналы  қаулысымен 

ресми ақталды.  

Қоғам қайраткері, əдебиет сыншысы, публицист Ғаббас Тоғжанов 1917 

жылы  Омбы  гимназиясын  бітіріп, 1922-1923  жылдары  Ташкенттегі  Орта 



 

126 


Азия  университетінде,  кейін  Мəскеудегі  В.Г.  Плеханов  атындағы  халық 

шаруашылығы  институтында  білім  алған. 1922-1923  жылдары  Ташкентте 

шыққан «Жас алаш» газетінің жауапты хатшысы, 1923-1924 жылдары КСРО 

ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты Орталық Күншығыс баспасы қазақ 

секциясының  хатшысы  қызметтерін  атқарған.  Қазақ  КСР  ХКК  жанындағы 

көркемөнер  істері  жөніндегі  басқарма  бастығы  қызметтерін  атқарып 

жүргенде (1937 жыл)  жазықсыз  айыпталып,  сасяи  қуғын-сүргінге 

ұшыраған[7].  Омбы жерінде білім алған зиялылардың барлығы дерлік саяси 

қуғын-сүргін  құрбаны  болды.  Қоғамдық  қызметті  белсене  атқарған 

зиялылармен бірге қарапайым еңбек адамдары да, діни қайраткерлер де саяси 

қуғын-сүргінге ұшарады. Солардың бірқатарына тоқталсақ[8].  

Аделкас  (Адилкас)  Абаев 1906 жылы  Омбы  облысы  Таврическ  ауданы 

Қара-Сарым  ауылында  ддүниеге  келген. «Алғабас»  колхозының  мүшесі 

болған. 1937 жылы 10 қыркүйекте қамалып, Омбы облысы бойынша УНКВД 

жанындағы үштік шешімімен РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58-10 бабымен 

сол  жылдың 29 қазанында  еңбекпен  түзету  лагеріне 10 жылға  бас 

бостандығынан айырылып, айдалған. 1989 жылы 25 мамырда Омбы оьблысы 

прокуратура шешімімен ақталған.  

Əшім  Абаев 1981 жылы  Омбы  облысы  Таврическ  ауданы  Қара-Сарым 

ауылында дүниеге келген. «Алғабас» колхозында қарапайым еңбекші болған. 

1937 жылы 9 қыркүйекте ұсталып, сол жылдың 29 қазанында Омбы облысы 

бойынша  УНКВД  жанындағы  үштік  шешімімен  РСФСР  Қылмыстық 

Кодексінің 58-10  бабымен  ату  жазасына  кесілген. 1937 жылы  2  қарашада 

Омбы қаласында атылған. 1989 жылы 25 мамырда ақталған.  

1902  жылы  Омбы  облысы  Таврическ  ауданы  Қара-Сарым  ауылында 

дүниеге  келген  Қасым  Абаев  та  саяси  қуғын-сүргін  құрбаны  болған. 

«Алғабас»  колхозында  қарапайым  еңбекші  болған.  Омбы  облысы  бойынша 

УНКВД жанындағы үштік шешімімен РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58-10 

бабымен  сол  жылдың 29 қазанында  еңбекпен  түзету  лагеріне 10 жылға  бас 

бостандығынан айырылып, айдалған. 1989 жылы 25 мамырда Омбы оьблысы 

прокуратура шешімімен ақталған.  

1891  жылы  Омбы  облысы  Русско-Полянск  ауданында  дүниеге  келген. 

Омбы  облысы  Черлак  ауданында  «Қызылту»  ауыл  шаруашылық  артелінің 

мүшесі  болған. 1937 жылы 11 қыркүйекте  ұсталып,  сол  жылдың 27 

қазанында  Омбы  облысы  бойынша  УНКВД  жанындағы  үштік  шешімімен 

РСФСР  Қылмыстық  Кодексінің 58-10-11  бабымен  ату  жазасына  кесілген. 

Үкім  1қарашада  Омбыда  орындалған. 1961 жылы 11 қыркүйекте  Омбы 

облсоты Президиумының қылмыстың жоқтығы деген  шешімімен ақталған. 

1983  жылы  Омбы  облысы  Русско-Полянск  ауданында  дүниеге  келген 

Амантай  Əбдірахманов  (Абдрахманов) «Қызылту»  ауыл  шаруашылық 

артелінің  мүшесі  болып  жүргенде 1937 жылы 11 қыркүйекте  ұсталып, 

қазанында  Омбы  облысы  бойынша  УНКВД  жанындағы  үштік  шешімімен 

РСФСР  Қылмыстық  Кодексінің 58-10-11  бабымен  ату  жазасына  кесілген. 

1937 жылы 1 қарашада Омбы қаласында атылған. 1961 жылы 11 қыркүйекте 




 

127 


Омбы  облсоты  Президиумының  қылмыстың  жоқтығы  деген    шешімімен 

ақталған. 

Ахмет Абрахманов 1890 жылы Ақмола облысының 5 ауылында дүниеге 

келгенімен,  Омбы  облысы  Любинск  ауданы  Шулаев  ауылдық  кеңесінде 

колзохшы болған. 1934 жылы 2 тамызда тұтқындалып, 1935 жылы 21 сəуірде 

Омбы  облсотының  арнайы  коллегиясы  шешімімен  РСФСР  Қылмыстық 

Кодексінің 58-10-11  бабымен 5 жылға  бас  бостандығынан  айырылып, 

еңбекпен  түзету  лагеріне  айалған. 1935 жылы 10 маусымда  іс 

тоқтатылғанымен, 1999 жылы 18 қарашада ақталған.  

1884 жылы Омбы облысы Шарбақкөл ауданы Шахман ауылында туған 

əрі сол уаылдың тұрғыны  Рахим Абдрахманов та колхозшы болып жүргенде 

1937  жылы 28 шілдеде  тұтқындалып,  Омбы  облысы  бойынша  УНКВД 

жанындағы  үштік  шешімімен  РСФСР  Қылмыстық  Кодексінің 58-2-8-10-11 

бабымен  ату  жазасына  кесілген.  Үкім 1937 жылы 21 қарашада  Омбы 

қаласында орындалған. 1957 жылы 13 тамызда ақталған. Шахман ауылының 

тағы  бір  тұрғыны  Шайкен  Əбдірахманов  (Абдрахманов, 1895 жылы  туған) 

колхозда  жұмыс  жасап  жүргенде 1937 жылы 28 шілдеде    Омбы  облысы 

бойынша  УНКВД  жанындағы  үштік  шешімімен  РСФСР  Қылмыстық 

Кодексінің 58-2-8-10-11 бабымен ату жазасына кесілген. Үкім 1937 жылы 21 

қарашада  Омбы  қаласында  орындалған.  Бұл  кісі  де 1957 жылы 13 тамызда 

ақталған.  

Омбы облысы Шарбақкөл ауданының Мырзаболат ауылының тұрғыны, 

колхозшы  Жүніс  Абдреисов (1869 жылы  туған) 1938 жылы 18 ақпанда 

тұтқындалып,  сол жылдың 15 наурызында  Омбы  облысы  бойынша  УНКВД 

жанындағы  үштік  шешімімен  РСФСР  Қылмыстық  Кодексінің 58-2-8-9-11  

бабымен  ату  жазасына  кесілген.  Үкім 1938 жылы 20 наурызда  Омбы 

қаласында  орындалған. 1956 жылы 11 қаңтарда  ақталған.  Ал, 1891 жылы 

Омбы  болысы  Шарбақкөл  ауданы  Жанан  ауылында  дүниеге  келген  Кəрім 

Абдреисов (Карым, Карим Абдрисов) нақтылы кəсібі болмаса да, 1937 жылы 

7 қазанда Шербакөл ІІХК аудандық бөлімімен тұтқындалған. 1937 жылы 21 

қарашада  Омбы  облысы  бойынша  УНКВД  жанындағы  үштік  шешімімен 

РСФСР  Қылмыстық  Кодексінің 58-10  бабы, 166 бабының 2 бөлімімен  ату 

жазасына кесілген. 1937 жылы 23 қарашада Омбы қаласында атылған. 1989 

жылы 6 маусымда ақталған.  

Айта  берсек,  осылайша  тізіліп  кете  беретін  тізім  Кеңстік  биліктің 

қылмысын  айғақтайды.  Бір  адамды  ұстау  арқылы,  бір  топ  адамды  жазалау 

сол кезеңдегі саяси қуғын-сүргіннің  басты белгісі болды. Бір күнде қаншама 

адам  ұсталып,  бір  күнде  қаншама  адам  атылған.  Ұлт  зиялыларын    ұлтқа 

қызмет  етті  деген  желеумен  тұтқындап,  саяси  қуғын-сүргінге  ұшыратса,  ал 

қарапайым  еңбек  адамдарын  «кеңестерге  қарсы»  үгіт  –  насихат 

жұмыстарымен  айналысты  деген  желеумен  зобалаңға  ұшыратты.  Қайғы-

қасіреттің ауқымдылығында шек жоқ. Бір адамды жазықсыз жазалау арқылы 

бірнеше адамды соттап, түрмеге айдап, ату жазасына кескен ызылдар билігі 

адамзат  тарихында  кешірілмес  қылмыс  жасады.  Барлық  өңірлердегі  саяси 




 

128 


қуғын-сүргінге  ұшыраған  тұлғаларды  кешенді  зерттеу  арқылы,  ұлттық 

сананың өрлеуіне толыққанды үлес қосамыз.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет