Жұлдызай Жақсылық, М. Қозыбаев атындағы СҚму «Тіл және әдебиет»



Дата15.09.2017
өлшемі31,38 Kb.
#32375
Жұлдызай Жақсылық, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Тіл және әдебиет» институтының студенті
Жаныма жылылық сыйлаған
“Өмір биік баспалдақтардан тұрады. Өзен секілді ағысы тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп кетеді. Жас кезіңде ел көр, жер таны, жаңа достармен таныс” деп әжем үнемі айтып отыратын. Ақылгөй жанның ақ батасымен тай-құлындай тел өскен үйдегі төртеуіміз болашаққа нық қадам басып, өз өмір жолымызды таңдадық. Бірі асқаралы Алатауға, енді бірі шырайлы Шымкентке жол тартса, мен қасиетті Қызылжар өлкесіне бет алдым. Өзім туып-өскен Қызылорда мен Қызылжардың атауларындағы ұқсастықтан өзге екі өңір жұртшылығының қонақжайлылығы, ақкөңілділігі бір-бірінен бөле-жарып қарамайтын қазақ халқына ғана тән қасиет екенін табаным осы қала топырағына тиген күні-ақ аңғардым.

buy cialis lillycialis free sample no prescriptiononline cialis revieworder cialisbuy cialis without a perscriptioncheap cialis no prescriptioncialis codonline pharmacy meds cialisorder generic cialis onlinebuy cialis onli necialis online without prescriptionbuy cialis on line ukgeneric cialis soft gellily icos cialis onlinecanadian pharmacy cialis deals

argaiv1559

Осы өлкеге 150-ге жуық “Оңтүстік қарлығаштарын” әкелген “Мәңгілік Ел жастары – индустрияға” жобасы аясында жүзеге асқан “Серпін – 2050” мемлекеттік бағдарламасы болатын. Бүгінде аталмыш бағдарламамен келген студенттер М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жеті педагогикалық мамандық бойынша жоғары білім алуда. Алғашында адасқан қаздай жатырқап, жатсынып, үрке қараған біздер араға ай салмай-ақ жергілікті студенттермен ортақ тіл табысып, етене үйренісіп кеттік. Өзім оқитын “Тіл және әдебиет институты” қазақ тілі және әдебиеті мамандығының оқытушылары да бізге өз балаларындай аса қамқорлықпен қарайды. Жанбай Қадыров, Гүлфайруз Синбаева, Меңдіқыз Тілеужанова секілді ұлағатты ұстаздарымыз айта жүрер, арқа сүйер адамдарға айналды. Олар үнемі жағдайымызды сұрап, оқу үлгерімімізбен қатар жатақханамызға келіп, жайлы орнымызды бақылап тұрады. Оларды көргенде ауылдағы аяулы анамызбен, асқар таудай әкемізбен жүздескендей бір марқайып қалатынымыз жасырын емес.  

Мен Қызылорданың Жалағаш ауданынан, тілі мен дінін көздің қарашығындай қорғаштап, ұрпағын ұлттық құндылыққа шөлдетпей өсірген қарапайым қазақ ауылынан келгенмін. Оның үстіне біздің ауылда тұратын өзге ұлт өкілдерінің бәрі дерлік өз ана тілдерін білмейді, білсе де, қазақша сөйлеседі, ойын қазақша жеткізеді. Сондай бірлігі бекем жерден өзге ұлты басымдау, қазағының өзі ана тіліне келгенде біраз күмілжіп қалатын өлкеде менің көп қиналғаным бар. Өткен жаздың соңғы айында көзімізден тамшы шығарып, көңілімізді мұздай қатырған кезең бүгінде езуімізге күлкі болып оралып жатыр.

Дүкенге барып, сатушыдан заттың бағасын сұраудың өзі алынбас қамалдай болып көрінетін. Арамыздағы ойға жүйрік, сөзге шешен, іске пысықтауларымыз кейде сол өзге ұлт өкілдеріне бір-екі ауыз қазақша үйрете жүретін тұстары да кездесті. Бүгінде балаң оймен байыбына бара бермеген сол сәттерді қуанышпен еске аламыз. Өйткені, бүгінде бәріміз орыс тілін шама-шарқымызша біраз үйрендік. “Қанша тіл білсең – сонша адамсың” деген бабаларымыздың нақылын терең түсініп, еліміздің болашағы білімді, еңбекқор, ең бастысы өз елінің патриоты болатын жастардың біздің қолымызда екенін аңғардық.

Солтүстік өңірі – қазақтың талай марғасқа ұлдарын, әдебиеттің алып саңлақтарын әлдилеп өсірген жер.

“Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!” – деп жырлаған марғасқа Мағжан Жұмабаевтың, әдебиет алыбына айналған Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің, небәрі жиырма екі жасында мемлекет қайраткері атанған Смағұл Сәдуақасовтың туған жері. Міне, осындай алып тұлғалардың өсіп-өнген өлкесінде кезінде солақай саясаттың салқыны тиіп, әлі күнге айыға алмай келе жатқан қазақ тілімізді, ұлттық дәстүрімізді дамытуды басты мақсатымыз деп білеміз.

Студенттер қауымының “тар жол, тайғақ кешуіне” айналған қысқы емтиханды тапсырып, ауылымызға ат басын бұрғанымызға да көп бола қойған жоқ. Ата-ана, туған-туыстарымызбен көрісіп, көңілдің бір тұсында сан жыл сақталған сағыныштай мауқымызды бастық. Петропавлға оралғанымызда екі өңір ауа райының айырмашылығына қанық болдым. Қысқы тонымызды жұқа күртешеге, қалың пимамызды қонышы қысқа етікке ауыстырған біз Қызылжарға келіп, жанымызды сүліктей соратын саршұнақ аязға тап болып, тағы да киімімізді ауыстырдық. Пойыздан күтіп алған жергілікті өрендер біздің бұл әрекетімізге таң-тамаша болып, кейбіреулері: “Мамыр айының ортасына дейін қатты аяз болып, қар жауады. Бұл жақта жаздың ғұмыры қысқа”, – дейді. Мұндай сөзді әзіл деп қабылдасақ та, күн райына қарап солай болады-ау деген қорқыныш маза бермей, санамызда көлбеңдейді.


// Солтүстік Қазақстан. - 2015. - 12 наурыз
Каталог: files -> user
user -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
user -> Әлия-саптан ұмтылып, Жүгіріп шықты аптығып, Құшақтап алған мылтығын, Кіршігін қақпай қалт тұрып. Сағи Жиенбаев
user -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
user -> Пайдаланған әдебиеттер
user -> Ақын, жазушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына библиографиялық шолу
user -> Қазақстан тарихы
user -> Дулат Қожахметов Жырдың жез қанатты ақынын еске алуға арналды Облыс орталыгында Кэкімбек
user -> Ақиқаттың адамы /Бердібек Соқпақбаевтың 90-жылдығына библиографиялық шолу
user -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
user -> Қазақстан тарихы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет