Жұмыс бағдарламасы Лекция сабақтары Семинар сабақтары ожсөЖ тапсырмалары Бақылау түрлері


Дәріс 5. Жеке тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері



бет4/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,28 Mb.
#32907
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Дәріс 5. Жеке тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері.

Мақсаты: Жеке тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері жайлы түсінік беру.

Жоспары:

1.Ұлттық мінез бе,әлде менталдылық па?

2.Қалыптылық және ауытқыу мәселесі.

Әлеуметтік ғылымдардың ұлттық мінездің бар екені мәлім.Ол туралы өте жақсы көлемде түсиндірілген Г.Д.Гачев «Халықтың ұлттық мінездемесі, ойлауы, әдебиеті өте «қу» және қиын «материя» болып табылады. Оның бар екенін сезгенімізбен айыруға тырысамыз. Бұл қауіптен құтылып қашуға болмайды, тек әрдайым түсінуге және онымен күресуге болады, бірақ жеңе алмайсың». Алғашқы «ұлттық мінездеменің» сипаты, яғни түсінігі алғашқыда әдебиеттерде,халықтардың өмір сипатын зерттеу мақсатымен барған саяхатта пайда болды. Айта келгенде авторлар ұлт мінездемелерін қортындылай келе, ең алдымен темпераментке және басқа да жеке тұлғаларына,үшіншіден,құндылық қарым –қатынасына көңіл бөледі. Мәдениетті болжауда,толық поттернді» зерттеуде ең басты мәдениеттегі жеке тұлғаның жаңа терминдері (мәдениеттің конфигурациясы, жеке тұлғаның ерекшелігі және модальдық ерекшелік) пайда болады, одан ол қайтадан «ұлттық мінездеменің» түсінігіне оралады. Бірақ қазір қайткенмен де әр түрлі көзқарас кездеседі. Дегенмен де олар өте құнды болып есептеледі ме, жеке тұлғаның элементі яғни әлемдегі барлық адамдарды біріктіреді немесе диференттік бір-біріне ұқсас жеке тұлға болып табылады. Жағдайдың қиындығының себебі, біздің кезіміздегі мінездің ерекшелігі, психолог түсінігі немесе жеке тұлғаның түсінігі. Дегенменде ұлттық мінездемені қарастыра келе, зерттеуші мынандай түсінік береді - өзінің методологиялық және теориялық көзқарасында - сондағы психологиялық ерекшеліктер бір елдің екіншісінен айырмашылығын анық принциппен көрсетеді. Біріншіден, мүлдем анық этностық мінезді көрсетсе - басқа көрсеткіштер мүлдем басқандайын көрсетеді. Сондықтан И.С.Кон дұрыс айтады: «Халықтың мінезін түсіну үшін, оның тарихын білу керек»-дейді. Екіншіден, еңбекқорлық Жапопонияда ең бірінші дәрежеде қарастырылады, сонымен бірге неміс халқында. Бірақ немістер жұмыс уақытын көлемдеп, экономдап, бір-бірімен қарастыра отырып орындайды. Жопандар жұмыс орындағанда оны жан тәнімен беріліп орындап, сол жұмысты орындау кезіңде өзіне керемет қуат алып оны анық көрсете біледі. Сонымен қатар ұлттық мінездің құндылығын,әлеуметтік, экономикалық және географиялық ортадан да байқауға болады. Мұнда тағы да еңбекқорлық халықтың ортақ құндылығы болып табылады, бірақ та сол елдің тарихи құндылықтары сол елдің санасына, мәдениетіне әсер етеді. Әлеуметтік–тарихи интерпретация ұлттық мінездің бізге белгілі «Мәдениет және тұлға» жұмысында орын алды. Мысалы базалық тұлғаның түп тамыры, жеке тұлғаның әр түрлі мәдениет ортасына әсер етеді. Толық мысалда келтірілген «Құпия орыс жанының» зерттеу жұмыстарында алынған. Себебіне қарай оңай түсіндіруге келетін, орыс ұлттарының мінезі екінші дүниежүзілік соғыста, яғни соғыс заманында байқалған.



Оның ерекшеліктері жоғарыда айтылғандай британдық мәдениет антропологы Дж. Горердің жалғасу болжамынан шығады. Бірақ та, болжамды жақтаушылар нәрестелерді қатты байлап қою тәжірибесін патшалық және сталиндік кездегі автократтық саяси интитуттың негізгі себебі болып табылатынын және осы құбылыс орыс халқының маниакалды-депрессивті базалық тұлғаның қалыптасуына әкелетіндігін айтпайды. Керісінше, олар себептің бір жақты тізбегімен шектелмеуін сұрайды. Ал Эриксон, қатты байлап қою әлеуметтік мәдениеттердегі әмбебап дәстүр екендігін түсініп, оны дәл сол Ресейде одан сайынғы алға басқандығын айтады. Осылайша, оның ойы бойынша, орыс адамдардың қалыптасуына шаруа өмірлерінің суық климаттағы толық пассивтілік пен қызметсіздік әсер ететіндігін айтады. Н.А.Бердяев «орыс жанының формалды негізіне екі қарама –қарсы бастау: «Табиғи, тілдік дионистік стихия мен аскеттік–монахтық провасловие» әсер ететіндігін айтады. Неміс философы В.Шубарт та орыс мәдениетінің соңын батыс мәдениетінің ортасымен салыстыра отыра, орыс жанының негізін православие ерекшеліктерінен аңғартады. Психологиялық антропологияда тек қана орыс емес, сонымен қатар басқа да ұлттық мінездердің зерттеу тәсілдері бар екендігін ашты (балаларды тәрбиелеу тәсілі және балалардың тәжірибелерінің ерекшеліктерін бөліп шығару арқылы). Осылайша, Р.Бенедикт жапондық мінездің қарама-қарсылығын өзінің «Хризантема және қылыш» кітаптарында түсіндіруге тырысты. Бұның себебін ол Жапониядағы әлеуметтану ерекшеліктерінен тапты. Мәдениантропологтар ұлттық мінезді зерттеу кезінде неғұрлым «обьективті» әдістер қолданғанда, олар халық мінез туралы жалпы түсінігін жоғалтып, психологтар сияқты қасиеттердің жиынтығын құрастырады. Соңғы кезде «ұлттық мінез» түсінігі базалық және модальдық тұлға түсініктері сияқты психологиялық және мәдениантропологиялық әдебиеттер беттерінен жоғала бастады. Оның орнына этникалық қоғамдастықтардың психологиялық ерекшеліктерін белгілеу үшін «менталдылық» түсінігі енді. Менталдылық – бұл «адамның әлем туралы және ондағы өзінің орны туралы түсініктер негізінде жатқан образдар жүйесі». («Әлемді түсіну»- фр. «mentahte»). Егер де этносты адамдардың оған жататындығын саналы түрде түсіндіру болып табылатын ядрлық сипат ретінде топ сияқы қарастырсақ, онда ол этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі пәні болуы керек. Сонымен қатар этнопсихологияның қалыптасуының алғашқы қадамдарынан-ақ оның ірі өкілдері дәл сол менталдылықты зерттеп, бірақ басқа атпен атаған. Мысал ретінде О.Даунның «Швед менталдығы» кітабын қолдануға болады. Бұнда сандық (психологиялық тест және репрезентативті таңдауларда алынған сұраулар) және сапалық (терең интервью, мәдени-антропологиялық бақылау) әдістері арқылы алынған мәліметтер бірін-бірі толықтырады. Талдау жасау нәтижесінде Даун шведтерді сипаттайтын белгілерді мұқият түрде сипаттады: коммуникация орнатудан қорқу, жасқаншақтық, ұстамдылық, шындарлық, тәуелсіздік, эмоционалды суықтық және мұң. Бірақ «Анналдар» мектебінің тарихшылары менталдылықты қасиеттердің жиынтығы емес, оны бір-бірімен байланысқан түсініктер жүйесі ретінде түсіндірген .

2. Қалыптылық және ауытқу мәселесі.



Бұл мәселені зерттеу кезіндегі туындайтын алғашқы сұрақ – индивиттің қандай әрекет-қылықтарын қалыпты емес деп санауға болады? Бүгінгі таңда зерттеушілердің көбі «Қалыптылық» пен «ауытқуды»- мәдениеттің детерминизацияланған түсініктері деп санайды. Мәдени релятивизм жақтаушылары, Р.Бенедиктен бастап, берілген қоғамдағы ұстанымдарға сәйкес келетін нәрселердің барлығын қалыпты деп санау керек дейді. Бірақ та бұған қарсы бірқатар сұрақтар туындайды: адамдарды жеу, расизм сияқты «мәдениет» құндылықтарын сыйлау талап етіледі ме? Абстрактілі функциноализм тұрғысынан –бұл мәдениеттің өмір сүруінің қажетті элементтері ме? Қазіргі кезеңдегі ортақ көзқарас –психопатологияны мәдениеттен абсолютті түрде бөліп қарастыру мәнсіз болып табылады. Біз белгілі бір психикалық ауытқуды тек мәдени контексін есепке ала отырып ғана түсіне аламыз. Алайда универсалистік және релятивистік тәсілдерді жақтаушылар арасында мәдениеттің психикалық ауытқулардың түрлі аспектілеріне әсер ету деңгейіне байланысты дау–дамайлары бітпейді. Мысалы үшін, шизофрения және депрессияның зерттеулері универсалистік көзқарастың неғұрлым негізделгендігін көрсетеді. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы көлемінде 9 елде (Ұлыбритания, Дания, Индия, Колумбия, Нигерия, СРО, АҚШ, Чехословакия, Тайвань) шизофренияның таралғандығы мен симптоматикасы зерттеледі. Зерттеушілер шизофрения-әмбебап психикалық ауытқу және барлық мәдениеттерде бірдей белгілермен көрінеді деген қорытындыға келді. Бірақ та кейбір мәдениет аралық айырмашылықтарда табылады. Дамушы елдердегі ауруларда неғұрлым жеңіл формада және ремессияның неғұрлым ұзақ кезеңдермен сипатталады. Сонымен қатар этнопсихологияда шизофрения өркениет ауруы болып табылады, деген көзқарас қалыптасқан: Ж. Девре оны «батыс елдерінің психозы» деген. Бұл аурудың негізгі себебін тұлғаның жалғыз қалу және қарым – қатынас орнату қажеттіліктерінің қанағттандырылмауында дейді. Оған қарағанда дәстүрлі қоғамдардың бұл қажеттіліктерді әртүрлі деңгейде қағаттандыратыны даусыз. Бірақта қарым-қатынас орнау мен жалғыз қалудың балансын қамтамасыз ететін механизмдер ылғи да бар болады. Алайда мәдениантропологтар қазіргі кездегі психиатриямен шизофрения себептері туралы келіссе де ,олар тәжірибенің кейбір түрлері аурудың даму темпін жылдамдату деген ойда. Мысалы , қазіргі кездегі адамдарға лап ететін құрылымсыз және күрделі ақпараттың үлкен көлемінің әсерін айтуға болады. Ақпаратты беру үрдісінің дәл сол этномәдени ерекшелігінде Ұлыбританиядағы ағылшындарға қарағанда ирландықтардың көбірек ауыратыны анықталған. Ирландық мәдениетте сөйлеу жылдамдығы және екі мағыналы қалжың бар, бұл ақпараттың күрделілігін арттырып, нақтылығын төмендетеді. Салыстырмалы–мәдени зерттеулерде тағы бір психикалық ауытқудың -депрессияның негезгі белгілерінің әмбебаптылығы дәлелденген. Алайда жалпы картинаға кейбір мәдениет аралық ерекшеліктер бар: индивидуалдық мәдениеттер өкілдері көбінесе жалғыздық және оқшаулылық сезіміне шағымданады, ал ұжымдық мәдениет мүшелеріне соматикалық шағымдар , мысалы бас ауруы тән.

-Публокток немесе арктикалық истерия – Гренландия мен Аляскадағы полярлы қыс кезінде үйден қашып, киімді шешудің басқарылмайтын талаптары. Бұл аурудың себептерін ғалымдар ұзақ оқшаулылық пен күн мен түн өзгерісінің ерекшеліктерінен, ағзада кальцийдің жетіспеушілігімен түсіндіреді.

-Сусто - Анд тауларының тұрғындарындағы, көбінесе балалардағы ұйықтай алмау, деппрессия, үрейлілік. Жергілікті наным бойынша, ауру адамдардың жоғарғы күштермен кездесудің нәтижесінде пайда болады. Ал зерттеушілер сустоны гипогликемиямен байланыстырады-қандағы глюкозаның жетіспеуі.

-Викито –канадалық индеец ауруы, күнделікті тамақтан жиіркену, депрессия мен үрейлілік сезімдері, өлтіру және каннибализмге бейім болу. Жергілікті тұрғындар ауру себебін –витико рухымен - адамдарды жейтін үлкен жынды дейді. Мәдениантропологтар ару себебін аш өлімнен қорқудың ең шеткі формасы ретінде қарастырады.

Айтылған және басқа да этникалық психоздардың белгілері – еуропалық бақылаушы үшін экзотикалық қасиеттер, интерпретация мүмкіндігі тек олардың туғызған мәдениеттен екендігі.

Мәдениет психикалық ауытқуларды толғанудың формасын береді, әмбебап аурлардың белгісін шарттай отыра және мәдени-спецификалық аурулар пайда болуына жол береді. Қалыпты емес мінез-құлық сферасындағы мәдениет рөлін мойындау диогностика тәсілдерімен индивидтерді емдеуді қайта қарастыруы қажет.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

1. Ұлттық мінезге қандай ерекшеліктер тән, соған анықтама беріңіз.

2. Жеке тұлғаны зерттеудегі этнопсихологиялық мәселелеріне тоқталыңыз.

Әдебиеттер:



  1. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. М., 1999

  2. Жарықбаев Қ. Этнопсихология: ұлт тәрбиесінің өзегі. Алматы., Білім. 2005ж

  3. Этнопедагогика және этнопсихология. Алматы., 1994ж

  4. Кукушкин В.С., Столяренко Л.Д. Этнопедагогика и этнопсихология. Ростов на Дону., 2000г

  5. Лебедев Н.Н. Введение в этническуюкроскультуную психологию. М., 1999

  6. Мид М. Культура и мир детства. М., 1998

  7. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М., 1983



Дәріс 6.Әлеуметтік мінез-құлықты реттеудің вариативтік мәдениеті.

Мақсаты: Мәдениеттің регулятивті функциясы жайлы түсінік беру.

Жоспары:

1. Мәдениеттің регулятивті функциясы.

2. Жеке тұлғалық немесе бірлестік.

20-ғасырдың 2-ші жартысында психиканың этникааралық түрінің негізгі факторы болып мәдениет табылатындығында ешкімнің күмәні жоқ. Мәдениет көп аспектілі ғана емес, сонымен қатар көп құрылымды болып келеді. Оның атқаратын көптеген функцияларының қатарына кіретін ең манызды факторының бірі - ол адам мінез–құлығын анықтайтын қызметі. Адам құлықын анықтауда мінез–құлығын жекелеу дәрежесінде реактивті және белсенді компоненттерін қарастырады. Ю.М.Лотман ескерген бір жайлы ол - қоғам үшін жеке тұлғаның барлық мінез-құлыктары емес, тек мәдениетте кейбір қоғамдық мағынасы бары ғана жазылады.

Басқа сөзбен айтқанда әлеуметтік мінез-құлыққа әсерін тигізуде мәдениетте бар мінез-құлықтарын ғана анықтайды. Адамның мінез-құлығының әлеуметтік типін Асмов деп атайды. Бұл мінез–құлық мәдениеттің типтік бағдарламасын көрсетеді және де мінез–қылыққа жалпылы жағдайда стандартты реттейді, жеке тұлғаны шешілген дара шешімдерден босатады. Әлеуметтік -типтік мінез–құлық белгілі бір өмір жағдайына қабылданған, ол тек адам басқа мәдениет ортасына түскен жағдайда жойылады.

Адам мінез-құлығының реттейтін мәдениеттің жаңа бағдарламасы қандай? Біздің көз қарасымыз бойынша әлеуметтік типті реттейтін мінез-құлықтарды біріктіріп салтқа айналдыруға болады. Салттардың әр түрлері бар. Пост – бұл тамақтан шектеу салтының басқа түріне жатады. А.К.Байбуринның айтуы бойынша «стереотиптік жоспар мәні, жоспар мазмұны әсіресе мәдениеттің түпкілікті құрылымында стеротип мінез–құлқы пайда болады». Мұндай салт түрі көп компонентті құбылыс болып саналады, сонымен қоса ол стереотип жалпылама мүшелердің мінез-құлқын түзетеді. Сол сияқты ежелгі орыс елінде маңызды рөлді «көмек» (асар) атқарған; ол көптеген әр түрлі мүшелі элементтерден құралған, олар – шаруашылық – еңбектік тұрмыстық, фальклорлық, діни мінезде –«салт, орталығында-крестяндарды атқарған жұмысы үшін төленбеген еңбек ақысы белгілі бір қожайынның бір жедел орындалатын жұмысы үшін».

Қазіргі жаңа этнопсихологияда осындай салттардың элементтерін зерттеу соның ішінде бағалықтары мен нормаларын зерттеу кеңінен тарап орын алып отыр. Үлкен көлемді әдебиеттерді көріп жоспарлап У.К.Стефан әр түрлі авторлар ұсынған мәдениет туралы 11 ұсыныстарды ерекше атап көрсетті:

- индивидуализм (жеке тұлғалық) ұжымдық немесе жекеленген топтық мақсаттағы бағыттар;

- мәдениетте қабылданған нормаларға қарсылық толерантттылық деген;

- іс жүзіндегі ережелерге қажетті анықталғандықтың жалтыру сатысы;

- мәдениеттегі саланы анықтау;

- адам жаратылысынын бағалау мысалы, жақсы-жаман аралас;

- мәдениеттің қиыншылығы;

- эмоциялық тексеру;

- байланыс жақындығы, араласу кезіндегі ара қашықтығы;

- жеке тұлға мен басқарушымен арақатынасы;

- жоғарғы контекстностік;

- дихотомиялық адам.

Әрине бұлар негізгі психологиялық типті анықтайтын барлық өлшемі емес. Американдық зерттеушілердің тексеруі бойынша мәдениеттік айырмашылығы уақытта демек, өткен шақ және осы шақ, сонымен қатар болашақ.

Көптеген қазіргі жаңа зерттеулердің пікірі бойынша (Дж.Берри, Г.Грианди, Г.Хофстед және т.б.) мәдениет бір бірлестікке немесе жекелікке бағытталуы тиіс.



2.Жеке тұлғалық немесе бірлестік.

Жеке тұлғалық және бірлестіктің тақырыбына әлеуметтік психология пәні жақында ғана қызығушылығын танытты. Алайда жалпы психология және әлеуметтік психологияда оның зерттеуіне көп жұмыс атқарған зерттеушілер жетерлік. Дж.Брунер негізгі мәдениет факторының бірі болып жекелей тұлғалыққа бағытталу немесе бірлестікке бағытталуы керек дейді. Дж.Брунердің пікірі бойынша жеке тұлғалыққа бағытталу жаңашыл мәдениетке сай келеді, ал бірлестікке бағытталу - салттық мәдениетке сай деп санайды. Брункердің ойы бойынша биліктің жоқтығын бірлестік бағытпен тікелей байланыстырады. Американдық зерттеушінің пікірі бойынша жеке тұлғалық немесе бірлестікке бағыттаудың негізгі факторы болып кішкентай кезінен балаға үлкендердің әсер етуі болып табылады. Ол Сеневалдағы уолф тайпасын мысал ретінде алады, ондағы балалардың қимыл белсенділігі өзімен-өзі дамымай, сол тайпалардың бірлестігіне қозғалысына қарым-қатынасына байланысты болады. Брункердің айтуы бойынша әлеуметтік интерпретация қимыл актісі мынаған сәйкес келеді, кейіннен уолф тайпасының баласы болашақта өзін таппен санастырады және жеке тұлға ретінде қарастырмайтын болады. Егер адамның ымишараның сұрағына келсек Дарвин мен жаңа айтып өткен психологтар дұрыс айтқан болса, онда көптеген мәдениеттегі бар әртүрлі елдегі адамдардың эмоцияларының пайда болуын қалай түсіндіруге болады. Әр елдің ымишаралары мен символдарында өзіндік ерекшеліктері бар. Оның қиыншылығыда сонда болып табылады. «Бері кел» деп қолымен ымишара жасау, бәрне таныс болып келеді, бірақ әр ұлтта өз сілтемесі бар; орыстар қолын өзіне қарап ары-бері сілтейді, ал жапондықтар қолын алдыға қарай тартып алақанын астына қарай бұрып қозғалтады. Голландиядағы студенттер жүргізген зерттеуде, қытайлықтар мен күрттер тек имишараның мағынасы ғана емес, сонымен қатар олардың жеке мәдениетінде де қолданылатынын зерттеді. Адамның мінез-құлқымен оның жүріс-тұрысына қарап, оның мәдениеттілігін байқауға болады. Мысалы, АҚШ-та кеудесін тік ұстау оның сенімділігімен күштілігімен сипатталады, ал жапон елінде кеудесін көтеріп жүрген адам өзімшіл деп саналады. Өкіншке орай, біз халықаралық мәдениеттерінің ерекшеліктерін вербалсыз адамның коммуникациясын, мінез –құлық системасы арқылы бейнелей алмаймыз. Қазіргі уақытта жоғарыда зерттелгендердің ішіндегі ең көп зерттеу кеңшілік-уақыттың тілдесу мекемесі болып табылады. Үлкен қызығушылық коммуникацияда қиындығы мен көп компонентті салттар мен дәстүрлерді көпжақты зерттеу болып келеді. Әлеуметтік психологияда тілдесу тек ғана ақпарат алмасу болып қоймай, сонымен қоршаған ортадан жаңа танымдар қабылдау болып табылады. Ғалымдар каузалдық атрибуцияларындағы ерекшеліктерін факторлық мағынасы көптен бәрі кездесіп келеді, сонымен қатар әр халықтың каузалдық арибуттары мен мәдениеттері ерекше. Мысалы, Ақш елдерінде азматтар өздерінің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайды, орталық Америкамен салыстырып зерттегенде, дәлел ретінде өзінің 1-ші сыныптағы ұлының өмірнен мысал келтіреді: Ол «қақпа»,«ілу»,«Том»т.б сөздерден сөйлем құраған, соның нәтижесінде «қақпаға Том жеңін іліп алды» деген сөз шыққан. Қазіргі танда бүкіл ел бойынша көптеген эмпирикалық зерттеулер жүргізіледі, нәтижесінде, каузалды атрибуттар жайлы көптеген әдебиеттер жинақталған. Вайнер АҚШ пенчилиде өткен салыстырмалы-мәдениеттік зерттеуге қатысқан. Чилиліктер американдықтармен салыстырғанда, сыртқы себептерді көбірек, біркелкі себептерді біркелкі, қадағалау себептерін аз қадағалайды деген мәліметтер алынған. Вайнер негізгі қортындыларды каузалдық екі мәдениеттердің ұқсастығын дәлелдеу болып табылады. Вайнердің мүсіншісі Үндістан, Жопония, Юар, АҚШ және Юглославияда өткен көп ұлттар психологтары арасындағы салыстырмалы мәдениеттік зеттеулерінде қолданылған. Бірақ топтар арасында атрибуттың жетіспеу ерекшеліктері табылған. Әсіресе жапон және үнді шығыс елдерінің мәдениеттері маңызды рөл атқарады. Жапондықтар сәтсіздік деп жорыған, ішкі жағдайлар, ал сәттлікке - сыртқы көбінесе. Ал үнділіктер керісінше сәтсіздікке азырақ, сәттілікке көп мән берген. Егер Чандлер әріптестерімен зерттеген мәдениеттер жауапкершіліктерінің нәтижесін орнықтырмақ болса, онда көпұлттылардың мәдениеттері зерттеудегі көпшілігінің ерекшеліктері каузалды атрибуцияға байланысты мінездемелері шектеулі ғана болады.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:



  1. Әлеуметтік мінез –қылықты реттеудің вариативтік мәдениетіне тоқталыңыз.

  2. Басқа ұлттардың мәдениетінен мысалдар келтіріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. М., 1999

  2. Жарықбаев Қ. Этнопсихология: ұлт тәрбиесінің өзегі. Алматы., Білім. 2005ж

  3. Этнопедагогика және этнопсихология. Алматы., 1994ж

  4. Кукушкин В.С., Столяренко Л.Д. Этнопедагогика и этнопсихология. Ростов на Дону., 2000г

  5. Лебедев Н.Н. Введение в этническуюкроскультуную психологию. М., 1999

  6. Мид М. Культура и мир детства. М., 1998

  7. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М., 1983


Дәріс 7. Этносаралық қарым-қатынас психологиясы.

Мақсаты: Этносаралық қатынастардың психологиялық детерминаттары жайлы мағлұмат беру.

Жоспары:

1. Тұлғааралық және топаралық қарым-қатынас.

2. Этносаралық қатынастардың психолоғиялық детерминаттары.

3. Әлеуметтік және этностық ұқсастық.

Этносаралық қарым-қатынастар түрлі көзқарастар жағынан талдана алады, сондықтан қатынастарға қатысты мәселелерді зерттеумен көптеген ғылымдар-мәдениантропология, саясаттану, әлеуметтану,экономика, тарих, психология айналысады. Ал біз болсақ олардың тек әлеуметтік-психологиялық талдауымен шектелеміз .

Оқу құралының бірінші бөлімінде айтылғандай, этносаралық қатынастар психологиясы этноспсихология салаларының арасында ерекше орынға ие, өйткені әлеуметтік психологияның құрылымдық бөлігі болып табылады және мәдениантропология, сол сияқты психологияның басқа салаларымен тек жанама байланыста. Тек қана этносаралық қатынастарға тән ерекше психологиялық құбылыстар мен процестердің болмайтындығын есте сақтау қажет; олардың барлығы кітаптың бұл бөлімдегі біз сүйенетін топаралық қатынастар үшін универсальды болып табылады.

Дүниежүзілік ғылымда біз қарастырып отырған аймақ көрсетілімінде нақтылық жоқ: «топаралық қатынастар», «топаралық әрекет-қылық», «топаралық өзара әрекет ету» терминдері мен тіпті «топаралық конфликт» тең мағыналы ретінде қолданылады. «Топаралық конфликт» термині зерттелген аймақты түгелдей қозғау үшін келмейді: дегенмен топтар арасындағы дау-дамайлы қатынастар-адамзат қоғамының ажырамас бөлігі, дәл осындай ажырамас құрамдас бөлігі- топтардың интеграциясы мен өзара қарым –қатынасы. Кейбір зерттеушілар тіпті дау-дамайдың өзінде екі негізгі кезеңді – конфронтация мен интеграция.

«Топаралық әрекет-қылық» және «топаралық өзара әрекет ету» терминдері де бізді қызықтыратын аймақты толықтай көрсетпейді. Олар топаралық қатынастардың бақыланатын компонентті білдіреді, бірақ турасынан бақыланбайтын психологиялық процестер мен құбылыстар қоспайды, бірақ индивидиттер мен топтардың шығармашылығында мааңызды рөл ойнайды.

Мысалы, қате түсінік - негативті әлеуметтік ұстанымдар (аттитюдтар) –міндетті түрде дикриминациялы әрекет-қылықпен сипатталмайды. Аттитюдтар мен әрекет-қылық арасында 1934ж. Ақш-та жүгізілген танымал эксперименттің авторының фмаилиясы бйынша «Лапьер парадоксы» атауына ие болған айырмашылық бары әлеуметтің психологияда бұрын орнатылды.

Табылған айырмашылық мында еді: қонақ үйлер мен мейрамханалардың қызметкерлері Лапьермен бірге АҚШ-та саяхаттаған қытайлықтарды жақсы қабылдады, бірақ жарты жылдан кейінгі зерттеушінің қытайлықтарды қабылдау өтінішімен таратылған хаттардың көпшілігінде бас тартты.

Мәселе тіптен қате түсініктердің реальды әрекет-қылыққа қарағанда неғұрлым- негативті болғанында емес. Кейбір зерттеулердің нәтижелері кері арақатынасты көрсетті. Мысалы, АҚШ-та 60-шы жылдары жүргізілген экспериментте үй иелерінің өз квартираларын афроамерикандық отбасына жалға беруге көп жағдайда жеке кездесуден гөрі, телефонмен жүргізілген әңгімеден кейін келісімдерін берген. Маңыздысы басқа: тек бақыланатын әрекет –қылықты зерттей келе, біз ерте ме, кеш пе оған әсер ететін көптеген психологиялық құбылыстарды елемей өтеміз. Лапьер экспериментіндегі қонақ үй қызметкерліктерінде қытайлықтармен нақты байланыста ситуацияға әлеуметтік ұстаным қослуы мүмкін болды, өйткені олар нөмірлерді толтыруға қызығушылық танытты. Бірақ бұл жерде және басқа уақытта олардың 30-шы жылдары АҚШ-та төмен статусты, аздығына байланысты қаналған қытайлықтарға олардың дискриминация көрсетпес еді дегенді білдірмейді.

Мағынасы жақын түсініктердің барлығынан біз неғұрлым кең терминді- «топаралық қатынастарды» тандадық. Дұрыс ойлау көзқарасынан қарайтын болсақ, топаралық қатынастар- бұл топтар арасындағы қарым-қатынас, сонымен қоса этностық қоғамдастықтар арасындағы, яғни обьектісі мен субьектісі топтар болып табылатын қатынастар. Алайда көптеген әлеуметтік психологтар топаралық қатынастарды ең алдымен- индивидтер арасындағы қатынастарды нақты топтардың өкілдері ретінде түсіндіреді. Мұндай көзқарасты, британдық әлеуметтік психолог Л.Тэшфел де ( 1919-1982) ұстанды. Ол адамдар арасындағы барлық қатынастарды нақты ажыратылатын топ өкілдері арасындағы тұлғааралық қатынастар мен топаралық қатынастар құрайтын плюс континуумына орналастырды.

Бірақ сұрақтын мұндай қойылуында адамдар арасындағы барлық қатынастар топаралық болып қалады. Адам көптеген топтардың мүшесі болғандықтан, оның топтық иеліктерінің біреуі болса да, ол байланысқа түсетін адамның топтық иелігінен айрықшаланады: бірдей жынысты, бірдей мамандықты, бірдей жастағы адамдар қарым-қатынасқа түсе алады, бірақ егер олар өздерін әртүрлі этностармен идентификацияласа, олардың өзара ықпалдарына үлкен әсерді екі топтың ерекшеліктері қалай тигізетін болса, олардың арасындағы өзара қатынастар да солай тигізеді.

Топаралық қатынастардың тұлғааралық қатынастарға ықпал ету деңгейі онда қосылған адамдардың өздерін және басқаларды, ең алдымен, қандай бір топ мүшелері ретінде қаншалықты қабылдайтындарына байланысты. Осылайша, этникалық аз мөлшерлі топ мүшелері оларға деген айналасындағылардың көзқарасы олардың аралық сипаттарының емес, топтық мүшелігінің қабылдауына негізделген деп жиі санайды және көп жағдайда онысы дұрыс. Мысалы, 1995 сауалнама жүргізілген Петерден антипатияның дәл ұлтттық мотивті бойынша кезіккенін баса айтты.

Максимадлы деңгейде топаралық қатыныстар тұлғааралық қатынастарда, егер топтар дау-дамайлы жағдайда болғанда көрінеді. Кеңес уакытында Прибалтикада болған үлкен жастағы адамдар кейде дүкен сатушылары немесе көшеде өтіп бара жатқан адамдар оларға бағытталған орысша сұрақтарда «түсінбегендерін» еcіне түсіре алады. Бірақ Ресейден келуші көп ұлтты қалада өскен және кеңес мектебін бітірген сатушы орыс тілін білмеуі мүмкін емес екенін түсінген. Оны қолданудан бас тарту күрделі топаралық қатынастарды көрсеткен және мемлекет тәуелсіздігін қалпына келтіруге ұмтылған эстон, латыш немесе метвалықтардың азаматтық бағынбаушылығының көрінісі ретінде қарастырыла алатын. Топаралық және тұлғааралық қатынастарды бөлудегі бірауыздықтың болмауы кездейсоқтық емес. Көптеген психологтардың топаралық қатынастарды топтар арасындағы шыншыл қатынастар ретінде емес, зерттеу пәнін «жоғалтып алу» қорқынышына топтардың мүшелерінің арасындағы қатынас ретінде қарастыратындары әбден мүмкін. Шынында да, топаралық қатынастар, әсіресе этникалық және басқа да үлкен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар. Қоғамда жүретін саяси, экономикалық, мәдени процесстермен детерминацияланған және сондықтан да ең алдымен әлеуметік психологияның емес, басқа ғалымдар - әлеуметтану, саясаттану және сол сиқтылардың зертеу пәнің құрайды. Бірақ әлеуметтік психологтардың да шығармашылық өрісі бар, тек олардың міндеті-адамдардың санасындағы шыншыл топаралық қатынастардың көріністерін зерттеу ең алдымен топаралық қабылдаудың механизмдері мен мазмұнын талдау.

1) Топаралық қатынастарды топтар арасындағы қатынастар деген анықтамаға сүйене, біз тұлғааралық қабылдаудан ерекшелейтін сипатқа ие топтық құралуы ретінде топаралық қабылдауы да қарастырамыз. Және үшіншіден, мазмұндылық сипатын - когнитивті және эмониациялды компоненттердің тығыз байланысын, тұлғааралық қабылдаудағыдан қарағанда үлкен бағалаушылық. Осылайша, талдауына біз әлі оралатын этникалық стереотиптар топтар туралы келісімді, унификациялы, тұрақты және эмоционалды түсініктермен бейнеленген болып табылады.

2.Этносаралық қатынастардың психологиялық детерминаттары.

Топаралық қабылдаудың феномендері тек қана шыншыл топаралық қатынастарымен ғана емес, кең-әлеуметтік мән-мағынамен детерминацияланған. Детерминацияның екінші психологиялық ағымын да бар, сондықтан олардың негізінде жатқан когнитивті процестерді тіркеу қажет. Оларды қарастыруды категоризацияның базалық процессінен бастаған жөн. Оның көмегімен адамдар қоршаған әлемі мен ондағы өз орынын интерпретациялайды. Басқаша айтқанда, бұл адам санасында дүниенің бейнесінің туына әкелетін процесс. А.Н.Леонтьев «Қабылдау проблемасы индивид санасында дүниенің алуан түрлі образын жасау проблемасы ретінде қойылуы керек» дей келе, дүниенің бейнесінің сипаты, мәні, образдың өзіне имманетті емес. Яғни, категориялаудың когнитивті процесі обьективті дүниенің категориальдылығын көрсетеді.

Түрлі білім салалары мен теориялық бағыттарға жататын көпшілік зерттеушілердің қолдайтын пунктері категориялылық жүруіне жағдай жасайтын биполярлық принципінің маныздылығына баса назар аудару болып табылады. Архаизмдік ой өрісінде ұғымдар жұптаса туды деп болжанады, өйткені салыстырудан пайда болған - жарық ұғымы қараңғылық ұғымымен, тыныштық-қозғалыспен, өмір-өліммен бірге бір уақытта туған. Биполярлық принципіне негізделген категориялаудың көне жүйесі біздің күнге дейін таңқаларлық тұрақтылықты сақтап қалды. Бұл принципіке сәйкес мүшелері ретінде адамдар қабылдайтын («біз») және олар өздерінікі ретінде қабылдайтындар («олар») қауымдастықтарының да категорияландырылуы жүреді.

Адамдардың топқа бөлінуі, «біз»- «олар»-ға котегориялануы егер А.Я.Груевич сөзіне еріп, айрықшаларына бөлгенде, яғни тарихтың кез келген этапында адамға тән, бірақ түрлі мәдениеттерде, категорияларда өзінің мазмұны бойынша өзгермелі, оларды «табиғи космосқа» және «әлеуметтік космосқа» бөлу әлеуметтік әлем бейнесінің жасалуында жүреді (Гуревич,1984).

Этностық қауымдастықтар көптеген әлеуметтік категориялар - әлеуметік кластар, мамандықтар, әлеуметік рөлдер, діни ағымдар, саяси құмарлықтар және т.с.с арасында маңызды орын алады. Әлеуметтік жіктелу иерархиясының құрылымында олар Homo sapiens ұрпағының мүшелері ретінде адам жіктелуінен кейінгі деңгейлердің бірінде болады.

Ресей тарихшысы Б.Ф.Поршневтің пікірі бойынша, этностық жіктер осы ғаламдық жіктен және оның қарама–қарсылығынан кейін ізінше пайда болады. Поршнев топаралық қатынастардың психологиялық детерминанттын адамзат тарихы мағұламаттарынан шығаруға және әлеуметтік қауымдастық ретінде адамзаттың қалыптастыру бастауларынан бастап, индивиттің топпен идентификациясымен байланысты процестерді қарастыруға тырысты. Оның гипотезасына сәйкес, субъективті «біз», адамдар кездескенде және қандай да бір «олардан» бөлініп шыққанда, яғни «олар- адам емес, біз-адам» бинарлы оппозициясын түсінігінде пайда болады:

Полеоантроптардың қырылуы мен өлуінің шегіне орай дәл сол психологиялық сызба адамдардың топтарының: қоғамдастықтардың, туыстардың, тайпалардың арасындағы қатынастарға таралды. Бірақ бұл жағдайда «біз» -бұл әрқашан да адамдар, ал басқа топ мүшелерінің адам екендігі алғашқы адамда күмән тудыруы мумкін еді. Поршневтің гипотезасын дәлелдейтін мысалды австриялы аборигендердің зерттеуінен келтіруге болады:

«Адамдар» ұғымындағы көп мөлшерлі этнонимдер де осыны көрсетеді, мысалы, Сібір мен Шығыс халықтары-наанйлықтарда, нивхтерде, кеттерде және басқаларының көпшілігінде. Ал чукчаның өзіндік атауы – луораветландар - «нағыз адамдар». Бөтендерге деген осыларға ұқсас қатынасты, біз өз-өзіндерін deutsch деп атайтын халықтың орысша атауынан табамыз. Көне орыс тілінде неміс сөзімен анық емес, түсініксіз сөйлеген адамды қалай атаса, осылайша шетелдікті де: орысша сөйлемейтін келемсектер негізінен мылқау ретінде қабылданады, олай болса, адам болса да негізінен зияншыл ретінде.

Егер әлемдік әлеуметтік психологияда кең таралуға ие болған британ зерттеушілері А.Тэшфэл мен Дж.Тернердің жіктеу торын қолданғанда Поршнев концепциясында сөз әлеуметтік идентификциялау мен әлеуметтік дифференцияциялауды жіктеу («біз» және «оларға») процестері туралы болып отыр. Түрлі терминдерді қолдана отырып, олар жалпы писихологиялық принципті ұсынады, оған сәйкес жіктелетін топтардың дифференциациясы (бағалық салыстыру) басқа когнитивті процесс-топтық иденфикациямен (топқа тәуелділікті түсіну) үздіксіз байланысты. Поршневтің дәл айтып келтіруі бойынша: «түрлі қарама-қарсылықтар біріктіреді, түрлі бірігулерд қарама-қарсы қояды, қарама-қарсы қою шегі бұл бірігу бірігулер шегі».

Ал Тэшфель барлық когнитивті процестерді дифференцияны идентификация жалғастыратын тізбекке орналастырады .Бірақ бұл айырмашылық онша маңызды емес, өйткені танымдық процестердің жалғаса орналасуының айқындалуы – ғылыми абстракция: шындығында екі процесс бір-бірінен бөлінбейді, жағдайларға байланысты олардың бірі екіншісіне қарағанда неғұрлым анықталған, саналы болуы мүмкін.

Дау-дамай жағдайында қарсыластардың бірі «олар»-ға ұқсаудан гөрі, ерекшелену мңызды болып табылатын этностық қауымдастықтардың өте кең бөлігімен қабылданбауы мүмкін: «нақты ... олар» біржақты этностық сипатқа бөлінеді және сондықтан да олармен күрес жат мәдениет пен бөгде ұлттық қызығушылықтарға нақ иегермен курес ретінде қабылданады».

3. Әлеуметтік және этностық ұқсастық.

Дифференцияция-идентификация бірлікті процесі әлеуметтік ұқсастықтың қалыптасуына әкеледі. А.Тэшфэльдің анықтамасы бойынша, әлеуметтік ұқсастық - бұл индивиттің Мен-концепциясының, әлеуметтік топтағы мүшелікке барілетін құнды және эмоционаллды мән- мағынасымен бірге өзінің сол мүшелігін түсінуінен туындайтын бөлігі.

Қоса кетсек, ең жалпы мағынада әлеуметтік ұқсастық өз тобын басқа әлеуметтік қоғамдастықтармен салыстыру процесінің нәтижесі болып табылады.

Этносаралық ұқсастық-тұлғаның әлеуметтік ұқсастығының құрамдас бөлігі, белгілі бір этностық қоғамдыстыққа өзінің тәуелділігін түсінуге жататын психологиялық категория. Мұнымен қоса, біріншіден, бірқатар обьективті қасиеттерге (ата-ананың этностық қатысын, туған жеріне, тіліне, мәдениетіне) этностық қатысын анықтауға жататын әлеуметтік категорияның этностылық пен этностық ұқсастық түсініктерін көбейту қажет және шын өмірде этностық ұқсастық ресми этностылықмен әрқашан да келісе бермейтінін есте сақтау қажет. Екіншіден, ескеретін жайт, этностылық ұқсастылық өзіндік аталудан көрінетін декларалацияланатын ұқсастықпен келіспеуі мүмкін және келмейді де.

Этностық ұқсастық –бұл ,ең алдымен, өзін этностық өкілі ретінде түсінудің танымдық-эмоционалдық процесс нәтижесі, өзін онымен шынайыландырудың белгілі бір деңгейі және басқа этностардан бөліну. Берілген түсінік мәні бір этностық қауымдастықпен өзін шынайыландыру мен басқаларынан бөлінуді уайымдау ретінде этностық ұқсастықты қарастырған Г.Г.Шпет (1996) ұсынған терминді жақсы ашады деген пікір ұсынылады.

Этностық ұқастықты әлеуметтік ұқсастықтың құрамдас бөлігі деп санай отырып, жаңа заман зерттеушілері дәл сол уақытта тек оған ғана тән ерекшеліктерді бөліп көрсетуге мүмкіндік жасауда . Осылайша, америккандық этнолог Ж.Девос этностық ұқсастылықты мәдени дәстүрге айналған және осы кезге немесе болашаққа бағыттталған басқа формаларына қарағанда өткенде қалған ұқсастылық формасы ретінде қарастырған. Этностық ұқсастылықтың тағы бір ерекшелігі мифологиялылық болып табылады, өйткені «оның басты тірегі – жалпы мәдениет, құрылу, тарих туралы миф немесе идея» деген Г. У Солдатовамен келісуге болады.

Этностық ұқсастылық құрылымында әдетте екі негізгі компонентті бөлуге болады – танымдық (өз тобының ерекшеліктері туралы түсініктер мен білімдер және этнодифференцияланатын қасиеттердің негізінде өзін оның мүшесі ретінде түсіну) және аффективті (өз тобының қасиеттерін бағалау, ондағы мүшелікке деген қатынас, бұл мүшеліктің мәні). Кейбір авторлар, біздің көзқарасымызға этностық ұқсастылық түсінігін шеттен тыс кеңейте, сонда-ақ оның әрекет-қылық компоненттін бөліп көрсетеді. Оның тек қана түсінудің ғана емес, сондай-ақ өзін белгілі бір топтың мүшесі ретінде көрсетудің нақты механизімі ретінде түсінеді.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

1. Этносаралық қатынастардың психолоғиялық ерекшеліктеріне сипаттаммммма беріңіз.

3. Әлеуметтік және этностық ұқсастық арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз

Әдебиеттер:



  1. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. М., 1999

  2. Жарықбаев Қ. Этнопсихология: ұлт тәрбиесінің өзегі. Алматы., Білім. 2005ж

  3. Этнопедагогика және этнопсихология. Алматы., 1994ж

  4. Кукушкин В.С., Столяренко Л.Д. Этнопедагогика и этнопсихология. Ростов на Дону., 2000г

  5. Лебедев Н.Н. Введение в этническуюкроскультуную психологию. М., 1999

  6. Мид М. Культура и мир детства. М., 1998

  7. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М., 1983


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет