ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000



бет8/9
Дата07.05.2017
өлшемі2,37 Mb.
#15728
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тесттер:

1. Наркотикалық дәрілер қайда сақталады
А) шкафта бөлек сөрелерде


Б) сейфте

В) тоңазытқышта

Г) столдың жәшігінде

2. Дәріханада дайындаған стерильді флакондағы ерітінділерді сақтау мерзімі қанша ?
А) 1 төулік


Б) 3 тәулік

В) 7 тәулік

Г) 10 тәуілік

Д)1ай

3. Тез бұзылатын дөрілер кайда сақталады

А) жарықтан тыс жерде



Б) шкафта бөлек сөрелерде

В) сейфте

Г) тоңазытқышта

4. Наркотикалық дәрілерді тіркеу журналында нені көрсету қажет

а) дәрінің егу жолдары

б) дәріні егу мақсаты

в) науқастың диагнозы

г) науқастын аты-жөні,ауру тарихының нөмірі
5.Дәрілік заттарды энтеральды жолмен енгізуге жатады
А) көзге

Б) тіл асты



В) тыныс алу жолдары

Г) бүлшық ет

б.Парентеральды жолмен дәрілік заттарды енгізу басымдылықтарын атаңыз



А) энтеральды

Б) пероральді



В) парентеральды

Г) сублингвальді

Д) ректальді

7.Дәрілік заттарды тілдер,қан тамыр,куыстарға

а) пункция

б) тесу

в) егу

г) блокада

д) экстракция

8.Науқастарга ашқарынға ішуге тағайындалған дәріні ішу керек

а) тускі тамаққа дейін 30 минут

б) таңертеңгілік тамақтан кейін

в) 20-60 минут таңертенгілік тамаққа дейін

г) ұйқы алдында

9. Спиртті тұнба,экстрактар тағайындалады
А) тамшылы


Б) ас қасықпен

В) шай қасықпен

Г) суда еритін капсула

10. Микстура қалай беріледі

а) тамшылы

б) ас қасық

в) шай қасық

г) суда еритін капсула

Ситуциялык есептер


  1. Науқасқа эритромицин 0,25 г бір реттік: постағы расфосовка 0,1 г. Бір
    кабыддауға қанша тұймедақ керек екендігін есептеңіз.

  2. Флаконда 2 клофелин түймедағы қалды. Медбике оны басқа клофелині бар флакоңға салды.Не істеу қажет ?

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет



2 - сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Дәрілерді парентеральді жолмен енгізу. Теріге, тері астына дәрі енгізу алгоритмі.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға теріге, тері астына, бұлшықетке егу жасауды үйрету.

тәрбиелік: оқушыларды жұмыс істеу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда теріге, тері астына, бұлшықетке егу жасау қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • Дәрілік заттардын негізгі топтары

  • Организмге дәрілердін түсу жолдары, олардын басылымдылғы және жетіспеушілігі

  • ЕПҰ емдеу бөлімшесінін дәріханадан дәрілік заттарды жаздырып алу ережелері

  • Жалпы талаптар, бөлісмшеде ұсынатын дәрілерді сактау

  • Наркотикалык,психотроптык және катты әсер ететін дәрілерді сақтау ережелері

  • Емдеу бөлімшелерінде наукастарға дәрілерді тарату ерекшеліктері және ережелері

  • Дәрігердің тағайындау кағазы

  • Дәрімен емдеуді тіркеу және бакылау.

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:



- тері ішіне егу жасауға болатын көрсетілімдер мен қарсы
көрсетілімдер

- тері астына егу жасауға болатын және көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер

- бұлшық етке инъекцияларды енгізу үшін көрсетілімдер және қарсы көрсетілімдер

- бүл инъекцияларды егетін анатомиялық аймақтар

- тері ішіне, тері астына, бұлшық етке егу орындау техникасы

- қолданылған қүралдарды өңдеу

Тері ішілік егулер жүргізу. Диагносткалық және аймақтық жансыздандыру мақсатта тері ішілік егу жүмыстары жүргізіледі. Бүл әдіс белгілі тәжірибиелікті талап етеді. Тері ішілік егулерді арнайы қысқа инемен (үз.1,5 см.; диаметрі 0,4мм.) жүргізіледі.

Егу аймақтары: білектің (үштен бір бөлігі) ішкі беткейі,

Қүрал — жабдықтар: бүл егуді жасау үпгін көлемі 1 мм. инесінің үз.15мм, ал ішкі диаметрі 0,4 мм. шприцті қолданады.

Дайындаңыз: Инесі бар шприц дәрілік зат, этил спирті, мақталы тампондар

Әдісі:

  • шприцке дәрілік заттың қажетті мөлшерін жинаңыз

  • науқасқа енгізілеіін дәрілік зат туралы мағлүмат беріңіз

  • науқасты жайлы отырғызыңыз

  • қолғап киіңіз

  • егу орнын спиртке батырылған мақталы шарикпен бір бағыттағы
    қимылмен өңцеп, кебуін күтіңіз


  • егу орнының терісін жинаңыз

  • 5 градус бағытга иненің үшын терінің астына ине қиығын теріге
    параллель кіргізіңіз

  • сол қолды шприцтің поршеніне ауыстырып, оны басу арқылы
    дәрілік затты енгізіңіз

  • канюлясынан үстап,жылдам инені қимылмен шығарып алыңыз

  • спиртке батырылған мақталы шарикпен теріні өвдеңіз

Ескерту: Егу орнына спиртке батырылған зарарсыздандырылған мақтаны баспау қажет. Науқасқа егу орнына реакция анықталғанша су тамшыларын тигіздірмеуді ескертіңіз (егер егу диагностикалық мақсагга жасалынса).

Мақталы тампондарды зарарсыздандырып, шприц пен инені қолданылған материалдарға арналған қорапшаға тастаңыз.

Тері астына егу жүргізу.

Тері асты май қабаты қантамырлармен шырмалғандықтан дәрілік зат тез еру үшінтері асты егулер қолданылады. Әдетте бүл мақсатта тері асты клетчаткаға зиянын тигіздірмей тез сіңірілетін ерітінділер қолданылады. Тері астына аз мөлшердегі және 2 литр аралығында ерітінідін енгізуге арналады. Тері асты егулерді жүргізуге егу орнының жанында ірі қан тамырларымен жүйке бағаналарының болмауын ескеру қажет. Ең қолайлы орындарға иық, білекті ңшынтақ бөлімі, жауырын асты аймағы, қүрсақ қабырғасының іпетіндегі беткейі болып саналады. Бүл аймақтарда тері тез қатпарланады., және бүл аймақта қан тамырлар жүйке және сүйек бетін зақымдау қаупі болмайды. Сондай-ақ бүрын егу жасап қатайған немесе май клетчаткасы ісінген орынға жасауға тыйым салынады. Тері астына егу кезінде дәрілік заттардың сіңірілуі бүлшық етішілік немесе көктамырғ аегу жасағанағ қарағанда баяу өтеді. Бірақ олардың әсер ету уақыты үзаққа созылады. Перифириялық қан айналымның жетіспеупіілігі болғанда енгізілген ерітінділер нашар сіңіріледі. Тері астына егу кезідегі дәрілік заттардың әсері 20 минутган соң байқалады. Бүл дәрілік заттың үзартылған әсері қажет болғанда (адреналин, эфедрин) жасайды. Тері астына егу жасаудың артықшылығы - майлы ерітінідлерді (ритоболил, камфораның майдағы ерітіндісі) енгізу мүмкігшілігі бір уақытга тері астына енгізілетін дәрілі керітінділердің мөлшері 2 мл-ден аспау керек. Дәрілік затгардың көп мөлшерін ағынды енгізгенде тері астының клетчаткасының және қан тамырлардың қысылуы байқалады. Соған сәйкес дәрілі заттың баяу сіңуі мен асқынулардың дамуы байқалады.

Сулы ерітінділерді егу үшін жіңішке инемен, ал майлы ерітінділерді жасау үшін қалындау инені пайдалынады.

Қүрал — жабдықтар: тері асты егулерді жасау үшін көлемі 2 мл шприц 4см үз-ғы ине, пинцет, спиртк ебатырылған үш мақталы дөңгелекғ зарарсыздандырылған салфеткалар, залалсыздандырылған лоток, дәрілік ерітіндісі бар ампула, залалсыздандырғыш ерітіндісі бар ыдыс.

Әдісі :

  • екі тампонмен теріні өндеген соң шприцті тері ішіне егуді жасаған секілді оң қолға алады

  • сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен теріні тартуға мүмкіндік жасайтындай қатпар түзеді

  • пайда болған қатпардың ортасына 45 градус бүрышпен инені жылдам енгізеді.

  • инені 1,5-2см-ге артық енгізуге болмайды, иненің толық енгізілуін толық қадағалау қажет

  • тері бетінде ине үзындығының 0,5см. қалу қажет. Ине енгізген соң тері қатпарын босату, шприц цилиндрін оң қолмен фиксірлеп, сол қолмен поршеньді басу арқылы дәрілік ерітіндіні баяу енгізеді

  • ерітіндіні енгізгеннен кейінегу орнын спиртке батырылған мақталы тампонды басып, инені жылдам тартып алады

  • егу орнын біраз уақыт дәрілік зат жақсы сіңірілуі үшін жаймен уқалайды

Егуді дүрыс жасау кезінде асқынулар сирек байқалады.

Егу орынды терінің тығыздалуы мен қызаруы байқалса жылытатын сулы компресс жасап, грелка қойп, дәрігерге хабарлау қажет.

Асқынулардың келесі себебі - дәрілерді дүрыс енгізбеу. Егер ине дүрыс таңдалмаса үлпалардың шектен тыс зақымдалуы байқалады, гемаома пайда ьолып тығыздалады. Жедел қимыл нәтижесінде ине сынып, оның жартысы үлпада қалуы мүмкін. Иненің канюлясы мен стерженьнің қосылған жері сынуға бейім болатындықтан егу алдында инені мүқият тексереді. Сол үшін инені толығымен үлпаға енгізуге болмайды. Егер ондай жағдай байқалса бөгде денені ертерек алу мақсатында дәрігерге хабарлау керек.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

Аудиториялық жұмыс: тәжірибелік машықтарды манекенде, муляждарда машықтану



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1)Тері астына егулерді жасауға болмайтын дене аймақтары

а)иықтың сыртқы беткейі

б)санның сыртқы беткейі

в)санның ішкі беткейі

г)жауырын асты аймағы

2)Тері ішілік және тері астына егуге арналған ине үзындығы:



а)60,80 мм.

б)80, 100 мм.

в)15,20 мм.

г)40,60 мм.

д)20,40 мм.

3)Қандай жағдайда науқаста анафилактикалық шок болуы мүмкін?

а)егер дәрілік заттың сақталу мерзімі өтсе

б)егер дәрілік заттың әсері қатты болса

в)егер дәрі тым ащы болса

г)егер сынақ алынбаса

д)егер дәрілік зат ас акөп қолданылса



4) Спиртке батырылған мақталы шариігі қандай егудің орнына қоймайды?

а)тері астына егу

б)тері ішіне егу

в)бүлшықетке егу

г)көктамырға

5)Тері асты егулерді көп жағдайда қай аймаққа жасайсыз?

а)иықтың ішкі беткейі, жауырын асты аймағы

б)санның ішкі беткейі, қарын терісінің астына

в)самай аймағы, иық алды аймағы, санның алдыңғы беті

г)санның сыртқы беті, иықтың сыртқы беткейі

6)Қандай жағдайда тері бетінде «лимонды қабық» пайда болады?

а)тері ішлік егуді алдын ала йодтың ерітіндісімен өнделген аймаққа жүргізсе

б)цедраны теріге сівдірсе

в)сары ауру жағдайында

г)акрихинді қолданылғанда

д)лимонды үзақ уақыт бойы қолданылса

7) Бұлшық етке инъекцияларды енгізудегі асқынуларға жатпайды

а) тромбоэмболия

б) иненің сынуы

в) анафилактикалық шок

г) абсцесс,инфильтрат

д) жүйке бағаналарының зақымдалуы

8) Бұлшық етке инъекцияны жүргізгенде инъекцияны қандай тереңдікке енгізеді

а) 1-2см.

б) 2-3см.

в) 3-4см.

г) 5-6см.

д) 8-10см.

9. Бір ретті қолданылатын шприцтер зауыттан қанша сыйымдылықта шығарылады:

А.1, 2, 5, 10, 20 мл

Б.1, 5, 10, 15, 20 мл

В.3, 5, 10, 15 мл

Г.2, 5, 10, 15, 20 мл

10. Шприц құралған:

А.корпус, конус, ұштықтан

Б.цилиндр конусымен, поршень

В.поршень, конус, ұштықтан

Г.ұштықтан, қалпақтан, цилиндрден

Ситуациялық есептер:


  1. Науқасқа тері ішілік егу тағайындалған, науқас терісін манипуляцияға даярлау қажет. Егу үшін науқас терісін қалай дайындайды?

  2. Медбике ампула ішіндегі дәрілік ерітіндіні бұлшықетке енгізу қажет.
    Манипуляция кезіндегі медбикенің іс-әрекеті?



13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет


3 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Бұлшықетке дәрі енгізу алгоритмі. Антибиотиктерді араластыру. Инсулин мөлшерін есептеу.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларды бұлшықетке дәрі енгізуді, антибиотиктерді еріту, инсулин мөлшерін есептеуге үйрету.

тәрбиелік: оқушыларды жұмыс істеу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда бұлшықетке дәрі енгізу, антибиотиктерді еріту, инсулин мөлшерін есептеу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

- тері ішіне егу жасауға болатын көрсетілімдер мен қарсы
көрсетілімдер

- тері астына егу жасауға болатын және көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер

- бұлшық етке инъекцияларды енгізу үшін көрсетілімдер және қарсы көрсетілімдер

- бүл инъекцияларды егетін анатомиялық аймақтар

- тері ішіне, тері астына, бұлшық етке егу орындау техникасы

- қолданылған қүралдарды өңдеу

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:



  • ампуладан флаконның айырмашылығы, олардан дәрі алу алгоритмі

  • антибиотиктердің топтары

  • антиботиктерді енгізу жолдары

  • инсулин шығару түрі

  • инсулин қабылдауға көрсетлілім және қарсы көрсетілімдер

  • антибиотиктер және инсулин мөлшерін есептеу.


Антибиотиктерді араластыру және есептеу.

Қажетті заттар:

*Стерильді: бір ретті қолдануға арналған (5-10 мл ) шприц, инъекция үшін 60-80 мл ине, сечениесі 0,8-1,0 мм және дәрілік заттарды жинауға арналған ине.

*Стерильді лоток, төрт қабатты стерильді салфетканы жаю, марлялы тампондар бірінші қабаттың астында және пинцет салфетканың екінші қабатының астында болады.

*70% этил спирті.

*Ампула (флакон ) ерітіндісімен, антибиотикпен флакон.

*Стерильді латексті перчаткалар.



Процедураны орындау.

1.Маска тағу, қолды инъекция жасау үшін дайындау және перчатканы кию.

2.Антибиотиктің және ерітіндінің жарамдылығын тексеру (атын, дозасын, қорабының сыртындағы сақтау мерзімін қарап, оқып тексеру, сыртқы түріне қарап жарамдылығын анықтау).

3.Ампула мойнын (флакон қалпағын) спиртке батырылған тампонмен өңдеу.



Ескерту: ішінде ерітіндісі бар ампуланы немесе антибиотигі бар флаконды әр қайсысын екі қайтара сүрту қажет.

4.Ерітіндісі бар ампуланы ашу және манипуляциялық столға ұқыпты қою. Ескерту: антибиотикті араластыру үшін келесі ерітінділер қолданылады.

-ампулада инъекция үшін су

-ампулада және флаконда (изотоникалық, физиологиялық) 0,9% натрий хлор ерітіндісі

-ампулада және фдаконда 0,25% және 0,5% новокаин ерітіндісі

5.Пакетті ашып шприцті жинау.

6.Шприцке қажетті мөлшерде еріткішті жинау.

Араластыру ережесі.

Пенициллиннің 100 000 ӘБ (0,1 г) немесе стрептомицинге 1 мл ерітінді алынады. Барлық басқа антибиотиктер аннотациясына сәйкес араластырылады.200 000 ӘБ антибиотикті 1 мл ерітіндімен араластыруға болады.

Мысалы: 500 000 ӘБ антибиотикке 5 немесе 2,5 мл ерітіндімен араластыруға болады.

7.Құрғақ антибиотигі бар флаконды сол қолға алады, ал оң қолына еріткіші бар шприцті ұстайды.

8. Флакон орталығынан 90 'бұрышпен пробканы тесу және флаконға инені 1-2 мм енгізу.

Ескерту: флакон ішінде иненің қимылдауы дәрілік заттың зарарсыздығын бұзады. Бұдан науқаста асқынулар кездесуі мүмкін.

9.Флаконға шприцтен ерітіндіні жіберу, флаконды инемен бірге алу, шприцті стерильді лотокқа салып қою.

10. Антибиотиктің толық ерігенінше флаконды жақсылап араластыру.

11.Флаконмен бірге инені шприц конусына кигізу, флаконның төменгі бөлігін жоғары қаратып көтеру, дәрігер тағайындаған парақпен тексеріп, дәрілік заттың қажетті дозасын жинау.

12.Шприц конусынан флаконмен бірге инені алу.

13.Бұлшық етке инъекция жасау үшін басқа стерильді инені шприц конусына кигізу, сағаттың бағыты бойынша беку, инеге қалпағын жабу және шприцтің ішінен ауаны шығарған кезде инеден дәрілік заттың бір-екі тамшысы ғана шығу қажет.

14.Шприцті стерильді лотокқа салу.



Антибиотиктердің дайындалған ерітіндісін сақтау

Пенициллин және басқа топтағы антибиотиктердің көпшілігін араластырып болғаннан кейін бірден енгізу қажет. Оларды мүлдем сақтауға болмайды. Кейбір антибиотиктерді аннотациясына қарай отырып араластырғаннан кейін 24 сағ ішінде мұздатқышта сақтауға болады.



Ескерту: Мұздатқышқа араластырылған ерітіндіні қояр алдын, антибиотиктің аннотациясымен жақсылап танысып алу қажет.

Инсулинді қолдану ерекшелігі.

Инсулин – ұйқы безінің гормоны болып табылады және көмірсу алмасуына айқын әсер етеді. Организм (бұлшық етті, майлы) тіндерініңканінің клеткаларымен глюкозаның бірігуін, клеткалы мембрана арқылы глюкозаның тасымалдануын жақсартады, глюкозадан гликогеннің түзілуін және бауырда оның жиналуын қамтамасыз етеді.

Ескерту: Қант диабетінің орта және ауыр дәрежелі ауырлығын емдеу үшін қолданады.

Инсулин – түссіз сұйықтық, 1 мл 40, 80, және 100 ӘБ болады, жиі 5 мл флаконда шығарылады. Қант диабетінің терапиясы кезінде қарапайым инсулин (6-8 сағ) және ұзақ мерзім әсер ететін (12-36 сағ) инсулин қолданылады.

Инсулинді енгізу үшін 1-2 мл сыйымдылықты арнайы шприцті қолданады, онда препаратты нақты дозалау үшін қосымша бөліктері болады. Инсулинді шприцке 1-2 бөлігіне артық алады, енгізу алдында шприцтен ауаны шығарған кезінде шығады және қажетті инсулин мөлшерін енгізеді.

Инсулинді іштің алдыңғы-бүйір бөлігіне, жауырын асты аймағына, санның алдыңғы –сыртқы беткейіне және иықтың үштен бір сыртқы бөлігіне тері астына енгізеді. Теріні спиртпен сүртеді және кептіреді. Инъекция үшін ине өткір болу керек . <Жұлдызша> ережесі бойынша инсулин енгізген орынды сағаттың бағыты бойынша ауыстырып отырады.

Инсулинді аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне 1-3 рет тамақтанудан 15-20 мин бұрын енгізеді. Диабетті кома кезінде ұзақ мерзім әсер ететін инсулинді енгізуге кері көрсетіледі.

Асқынуы: аллергиялық реакциялар (крапивница, Квинке ісігі, анафилактикалық шок ) липодистрофия ( бір енгізген жерге инсулинді тағы енгізу кезінде инъекция орнында атрофия аймақтары немесе тері асты май қабатының гипертрофиясы пайда болады), инсулинге резистенттілігі (сезбеуі) және гипогликемиялық кома (инсулиннің көп дозасын енгізген кезде )пайда болады.



Инсулинді енгізу.

Мақсат: қанда глюкоза деңгейін төмендету үшін инсулин дозасын нақты енгізу.

Қажетті заттар: 1 мл 40 ӘБ (80немесе 100ӘБ ) инсулині бар флакон, еріткіш, 70% спирт, стерильді: лоток, пинцет, мақталы шариктер, бір ретті қолданылатын инсулинді шприц.

Қарсы көрсеткіші: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 62 (70%)

Аудиториялық жұмыс: тәжірибелік машықтарды машықтану



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. 1мл инсулин ерітіндісі құрайды:

а) 20 ӘБ

б) 40 ӘБ


в) 60 ӘБ

г) 200 ӘБ

2. Антибиотиктерді араластыру үшін қолданады?

а) 5% глюкоза ерітіндісі

б) 2% гидрокарбонат натрий ерітіндісі

в) 10% натрий хлор ерітіндісі

г) 0,9% натрий хлор ерітіндісі

3. 500 000 ӘБ бензилпенициллинді араластыру үшін қандай ерітінді және қанша мөлшерде қолданады?

а) 5,0 мл физиологиялық ерітінді

б) 10,0 мл физиологиялық ерітінді

в) 3,0 мл физиологиялық ерітінді

г) 10 мл дистилденген су

4.Майлы ерітіндіні енгізеді:

а) тері ішіне

б) күре тамырға

в) тері астына

г) артерия ішіне

5. Құрғақ булы шкафта ине және шприцтерді залалсыздандыру тәртібі:

а) 180○C-та 60-мин

б) 200○C-та 45-мин

в) 2 атм (132○C)20-мин

г) 1,1 атм (120○C)45-мин

6.Инсулинді шприц жоқ болған кезде инсулинді қандай шприцпен енгізуге болады?

а) 0,1 мл

б) 1 мл

в) 2 мл


г) 0,02 мл

7.Дәрілік заттарды парентеральді енгізудің басқа енгізуге қарағанда артықшылығы

а) тез емдік әсер беруі және ерітіндінің дәл концентрациясын енгізу

мүмкіншілігі

б) қолданудың қарапайымдылығы

в) тұз қышқылы және асқорыту ферментінің әсерінен ыдырауы

г) дәрілік заттың тез арада әсер етуі

8. Тері астына инъекцияны жасайды:

а) иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы 1/3 бөлігіне

б) бұлшық еттің жоғарғы сыртқы квадранты

в) білектің ішкі беткейіне

г) алдыңғы сан бұлшықетіне

9. Бұлшықетке инъекцияны жасайды:

а) білектің ішкі беткейіне

б) иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы 1/3 бөлігіне

в) бұлшық еттің жоғарғы сыртқы квадранты

г) бұлшық еттің төменгі сыртқы квадранты

Инъекция алдында 38°С-қа дейін қай ерітіндіні жылытады?

а) туберкулин

б) инсулин

в) майлы ерітінді

г) бензилпенициллин



Ситуациялық есептер:

1.Егу бөлмесінде бензилпенициллиннің 500 000ӘБ бар. Науқасқа 300 000ӘБ тағайындалды. Медбикенің іс әрекеті қандай?

2.Дәрігер науқасқа инсулиннің 32 ӘБ енгізуді тағайындады. Бөлімшеде инсулинді шприц таусылып қалды. Бұл кезде медбике инсулинді енгізу үшін нені қолданады және дәрігер тағайындаған 1мл инсулинде 80 ӘБ құрайды, инсулиннің қанша мл алады?

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет



4 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Венаға дәрі енгізу алгоритмі, венадан қан алу, венаға тамшылатып дәрі құю және венаға жасалынатын пункциялар, дәрі енгізу кезінде туындайтын асқынулар.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға венаға егу, дәрілік препараттарды венаға тамшы түрінде енгізуді үйрету.

тәрбиелік: оқушыларды жұмыс істеу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда венаға егу, венаға дәрілік препараттарды тамшы түрінде енгізу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • ампуладан флаконның айырмашылығы, олардан дәрі алу алгоритмі

  • антибиотиктердің топтары

  • антиботиктерді енгізу жолдары

  • инсулин шығару түрі

  • инсулин қабылдауға көрсетлілім және қарсы көрсетілімдер

  • антибиотиктер және инсулин мөлшерін есептеу.

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:



  • Венаға егуді өткізуге көрсеткіштер мен кері көрсеткіштер

  • Венаға егулер орындалатын анатомиялық орындар

  • венаға тамшылатып енгізуге болатын көрсеткіштер және кері көрсеткіштер.

  • тамшылатып енгізетін дәрілерді енгізу жылдамдығы.

  • тамшылатып енгізуге арналған дәрілік заттар қан препаратттары, қан алмастырушылар және оларға қойылатын талаптар.

  • тамшылатып енгізуге арналған жүйені толтыру және жүргізу техникасы.


Венаға егу жасау (венепункция).

Бұл процедураны жасау алдында:



  • Науқасты психологиялық тұрғыда дайындаңыз;

  • Ыңғайлы етіп отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;

  • Шынтақ астына кленкалы жастықшаны қойыңыз;

  • Венепункцияға белгіленген нүктеден шамамен 5 см жоғары қол қарына резенкалы жгутты байлаңыз (оның бос ұштары инъекция нүктесіне қарама - қарсы жаққа қарай бағытталуы керек). Жгуттың дұрыс байланғанын тексеріңіз: шыбық артериясында пульс өзгермеуі тиіс және жгут байланған қолдың төменгі бөлігі сәл көгеріңкі (цианозды) болуы керек;

  • Науқастан жұдырығын бірнеше рет ашып - жұмып, соңында қысып ұстауын сұраңыз. Шынтақтың бүгілу аймағындағы толықсыған қан тамырын ұстап табыңыз;

  • Қан тамыры үсті және айнала терісін спиртке батырылған тампонмен жақсылап сүртіңіз;

  • Инъекция нүктесінен 5 см төменірек көк тамырды және жұмсақ ұлпаны сол қолдың үлкен саусағымен өзіңізге қарай кере тартыңыз;

  • Инені 45° бұрышты бағытпен, кесіндісін жоғары қарата, көк тамыр бойымен венепункция белгіленген нүктеден 1,5 см қашықтықта ұстаңыз(№10 сурет);

  • Сұйықтықты инеден тамшылатып ағызып көріңіз (бұл ауаның жүйеден толық шыққандығын куәландырады, ауа эмболиясын болдырмау үшін керек). Сұйықтық құю жүйе қысқышын жабыңыз;

  • Инені тері астына енгізген соң, оның бұрышты бағытын кішірейтіп, теріге параллельге жақын бағытта инені көк тамырға бағыттап(№1сурет), ұзындығының 1/3 бөлігін тамырға енгізіңіз(№11б сурет). Түтікте қан көрінгеннен кейін қысқышты ашыңыз;

  • Жгуты шешіп, науқастан жұдырығын ашуын сұраныңыз;




11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

Аудиториялық жұмыс: тәжірибелік машықтарды манекенде, муляждарда машықтану



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. Дәрі-дәрмекті парентеральді енгізудің басқа енгізулерге қарағанда артықшылығы:

А) тез емдік әсер беруі және ерітіндінің дәл концентрациясын енгізу

мүмкіншілігі

Б) қолданудың қарапайымдылығы

В) тұз қышқылы және асқорыту ферментінің әсерінен ыдырауы

2.Бір ретті қолданылатын шприцтер зауыттан қанша сыйымдылықта шығарылады:

А.1, 2, 5, 10, 20 мл

Б.1, 5, 10, 15, 20 мл

В.3, 5, 10, 15 мл

Г.2, 5, 10, 15, 20 мл

3.Шприц құралған:

А.корпус, конус, ұштықтан

Б.цилиндр конусымен, поршень

В.поршень, конус, ұштықтан

Г.ұштықтан, қалпақтан, цилиндрден

4.Люэр шприцінің сыйымдылығы:

А) 5-10 мл

Б) 15-20 мл

В) 10-20 мл

Г) 1-20 мл

5.Крафт-пакеттегі шприцті жинау тәртібі кезінде іс-әрекеттің кезектілігін келтір:

А)Шприцті жоғары қаратып поршенін жайлап итеріп ауаны шығарыңыз;

Б)Поршенді тұтқасынан ұстап, шприцтің цилиндріне енгізіңіз;

В)Дайын жиналған шприцті крафт-қалтаның стерильді іш жағындағы қалтасына салыңыз;

Г)Шприц асты конусқа ине канюлясын бұрай тығыз кигізіңіз;

Д)Крафт қалтаны ашып, шприцті алыңыз;

Е)Дәрілік затты сорып алу үшін инені канюлясынан ұстап, шприц асты конусына, ине ұшына қолыңызды тигізбей кигізіңіз;

6. Сәйкестікті келтір:

Инъекция: шприцтің сыйымдылығы:

1.тері астына А) 1,0 мл

2.бөксе бұлшықетіне Б) 2,0 мл

3.тері ішілік В) 5,0 мл

4.көк тамырға Г) 10,0 мл

7. Сәйкестікті келтір:

Инъекция: иненің ұзындығы:

1.тері астына А) 1,5 см

2.бөксе бұлшықетіне Б) 2,5 см

3.тері ішілік В) 6,0 см

8. Көк тамырға инъекция жасау үшін иненің ұзындығы

А) 60, 80 мм

Б) 80, 100 мм

В)15, 20 мм

Г) 40, 60 мм

Д) 20, 40 мм

9. Венаны абайсыз тесуде тері атында көкшіл дақ пайда болды. Не болды?

А) ваненың бітелуі

Б) венаның тесілуі

В) венаның қабынуы

Г) асептика және антисептиканы сақтамауы

Д) инфильтраттың пайда болуы

10. Медбике науқастың көк тамырына 10 % - ды кальций хлорид ерітіндісін енгізу барысында ерітінді тері астына кетті. Медбике не істеуі қажет?

А) венаны тауып, ерітіндіні енгізуді жалғастыру

Б) ерітіндіні енгізуді тоқтатып, науқасты палатасына алып бару

В) ерітіндіні енгізуді тоқтатып, новокаин ерітіндісімен блокада жасау,

қыздырма компресс қою

Г) науқасты тыныштандырып, ерітіндіні енгізуді жалғастыру

Д) ерітіндіні енгізіп, ауруын басатын ерітінді енгізу



Ситуациялық есептер:

  1. Науқасқа вена ішілік егу тағайындалған. Науқас қолын манипуляцияға дайындау қажет. Науқастың қолын егуге қалай дайындайсыз?

  2. Науқасқа вена ішілік егу тағайындалған, манипулиция өткізуге медбике қолын қалай дайындауы керек?

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет



5 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу ағзаларының қызметі бұзылған кезде науқасқа күтім жасау және бақылау жүргізу. Оксигенотерапия.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларды тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіспен, оксигенотерапиямен таныстыру.

тәрбиелік: оқушыларды мейірбикелік жұмыс жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік көмек көрсету, оксигенотерапия жасау қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)

  • Венаға егуді өткізуге көрсеткіштер мен кері көрсеткіштер

  • Венаға егулер орындалатын анатомиялық орындар

  • венаға тамшылатып енгізуге болатын көрсеткіштер және кері көрсеткіштер.

  • тамшылатып енгізетін дәрілерді енгізу жылдамдығы.

  • тамшылатып енгізуге арналған дәрілік заттар қан препаратттары, қан алмастырушылар және оларға қойылатын талаптар.

  • тамшылатып енгізуге арналған жүйені толтыру және жүргізу техникасы.

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)

Жоспар:



  • Ентікпе кезінде мейірбикелік үрдіс

  • Жөтел кезінде мейірбикелік үрдіс

  • оксигенотерапия түсініктемесі

• оксигенотерапия көрсеткіші

• оксигенотерапия өткізу әдістері (бирокамера, оггектік жастық, оттектік баллон)

• мұрын катетр және маска арқылы оттекті беру техникасы

• оксигенотерапия жүмыс істеу барсында техника қауіпсіздігін сақтау ережелері

• оксигенотерапиядан соң болатын асқынулар
Ентікпе, бұл – тыныс алудың күші мен ритмінің бұзылуымен сипатталатын жағдай. Ентігу кезінде тыныс жиілігі мен тереңдігі өзгерісімен айқындалатын тыныс реттелуінің бұзылысы дамиды. Тыныс бұзылысының үш түрін бөледі: инспираторлы, экспираторлы, аралас.

Инспираторлы ентігу қиын дем алумен сипатталады, шулы дем алу пайда болады. Ол көмейдің тарылуында, дауыс желбезегі спазмында, ірі бронхтарды ісікпен қысуында дамиды.

Экспираторлы ентігу. Қиын дем шығарудың қиындауымен сипатталады. Майда бронхтар мен бронхиолалардың қуысы тарылуында, бронхиальды демікпе, обструктивті бронхит, өкпе эмфиземасы сияқты сырқаттарда дамиды.

Аралас ентігу.

Бұндай ентігу өкпенің тыныс беткейінің айқын азаюында дамиды. Ол жедел пневмония, пневмоторакс кезінде уақытша, ал өкпе эмфиземасы кезінде үнемі ұсталып тұрады. Ентігу негізінде тыныс мүшелері сырқаттарында дамитын тыныс жетіспеушілігі жатады. Кенеттен дамыған ентігу, ағзада оттегі жеткіліксіздігі мен көміртегі жиналуымен сипатталатын жағдайды тұншығу дейді. Ұстама түрінде дамитын тұншығуды демікпе (астма ) деп атайды. Бронхиальды демікпе кезінде дамитын тұншығу себебі майда бронхтар спазмы, шырыш қабат ісінуі мен қою қақырық жиналуы.

Бұл кезде дем алу қиын, ұзақ әрі шулы.

Жөтел – тыныс жолдарынан бөгде денелер мен шырышты, қақырықты шығаруға бағытталған қорғаныс – рефлекторлы акт болып табылады. Жөтел рефлексі қақырық септігін тигізеді. Жөтел қақырық шықпаған кезде құрғақ ,ал шықса ылғалды саналады. Құрғақ жөтел тембры жоғары болады.Төсектегі жағдайды ауыстырғанға байланысты шыққан қақырық өкпедегі қуысты процесті көрсетеді.

Қақырық – жөтелу немесе қақыру кезінде түсетін тыныс жолдарының патологиялық секреті.

Кеуде тұсында ауырсыну плевра қабынуы кезінде дамиды, өкпеде қабыну дамығанда және плевриттерде дамиды. Плевральды ауырсынуға дем алған кезде ауырсыну тән. Ауырсынуды басу үшін науқас беткейлі тыныс алуға мәжбүр болады және жөтелуге қорқады. Ол өзіне ыңғайлы жағдайда, ауырсынатын жағында жатады, бұл кезде плевра үйкелісі төмендеп ауырсыну басылады.

Қан түкіру - қақырықта жіпше тәрізді немесе ал қызыл қан пайда болуы өкпеден қан кетуді көрсетеді.

Өкпеден қан кету кезінде жөтелгенде қан шығады, ол ал қызыл түсті, көпіршікті, сілтілі реакциялы болады. Өкпеден кеткен қаннан асқазан қаны ерекше болады: қан тағаммен араласқан, қошқыл түсті, қышқыл реакциялы, кейде ұйып қалған болады. Қызыл иектен, мұрын – жұтқыншақтан қан кетуден ажырату үшін ауыз қуысын, тамағын мұқият қарау керек. Қызыл иектен, мұрын – жұтқыншақтан, бадамша безінен кеткенг қанды сұйықтық қоңыр түсті болады.

Оксигенотерапия (оттегімен емдеу)- емдеу мақсатында оттегін қолдану. Ол организмде оттегі жетіспейтін жағдайда өте тиімді. 40-50 % оттегі бар газ коспасын жұту кан тамырындағы канды бюіршама тез толтьырып қалыпқа келтіреді. Оттегімен жүргізген емнен кейін сыркаттың көңіл- күйі көтеріліп, көгеруін азайтады, тыныс алуы неғұрлым сирек әрі терендей түседі, ентікпесі кетіп, жақсарады. Атмосфералык ауамен белгілі бюір катынаста оттегі ылғалдануы титіс. Оттегімен емдеу үзақ та үздіксіз болуы тиіс. Оттегін тиімді және үнемді пайдалану қажет. Оттегін кеп беруден қашык болу керек, себебі жоғарғы концентрациядағы (70 % жоғары) оттегі жүрек- қан тамыры жүйесіне және дем алуға теріс әсер етеді.

Оттегін мұрын катетрлері аркылы оттегі жастығынан, оттегі палаталарының көмегімен тікелей балоннан немесе орталык оттегі станциясынан беруге болады.

Оксигендік терапия көрсеткіштері:

Науқастарды уланған жағдайда (артериялык қан кысымды оттектік денгейі төмендеген) оксигендік терапия тағайындалады. Тыныс алу булшық еті паралич жөне окпенің желденуі, бузылуы кезінде, дәрілік заттардың мөлшерін көп кабылдағанда, өкпе ісігінде ауыр инфекциялық ауруларда, жүректің әр түрлі этиологиялык зақымдануына гипоксия дамиды. Тыныс алғанда оттектін 40-50 % құрамына газдык қоспаны косқанда артериялық кан кысымы жағдайға дейін жоғарлайды. Оттектік терапия қолданылғаннан соң науқас жағдайы жақсарып, көгеру төмендеп терең тыныс алу сирейді. Ентігу азайьщ жүрек соққысы жақсарады.

Оттегін ингаляциялық өдіспен енгізу. Оттегін қолданудын алдында тыныс жолдарыньщ өткізгіштігіне, онда қакырықтың немесе күсық массасының жиналмағанына көз жеткізу қажет.

Оттегін ингаляциялык жолмен енгізу үшін мынадай аппаратуралар: редуктормен қамтамасыз етілген оггегі бар баллон, оттегі жастығы шүмегі және мундштукті резеңке түтік болуы қажет. Жастықты толтырған кезде редуктордың вентилі мен жастыктың шүмегін жабады, ауызды қүрғатпау және оттегін ылғалдау үшін дымқыл дәкемен ораған мундштук кигізеді. Мундштукты сырқат аузынан 4-5 см қашықтау үстап, резенке түтікке жіберетін клапанды біртіндеп ашу керек. Жоғары кысымның салдарынан оттегі шығады да, дем алған кезде тыныс алу жолына түседі. Оттегінің түсу жылдамдығын түтіктегі шүмекпен әрі оттегі түгел шыкканша жастықтың бұрыш- бүрышын басу жолымен реттейді. Әдетте сырқаттар минутьына 4-5 л берілетін оттегін жақсы қабылдайды. Жастықтағы оттегі 4-7 минутқа жетеді, ал содан сон оны артық сақталған жастықпен ауыстырады немесе қайтадан оттегімен толтырады.

Берілген тәсілмен ендіру кезінде отгегін ылғалдау жеткіліксіз, ол ауыз куысы мен мұрынның шырышты кабатын кептіреді, сондықтан оттегін мүрын катетрлері арқылы енгізу дүрыс.



Оттегіні мүрын катетрі арқылы беру.

Бүл мақсат үшін № 10 катетрлер немесе тиісті үзындығь- мен диаметрдегі пластмасса түтікшелер қолданады, олар V- тәрізді ұштыктың екі шетіне кигізіледі, ал үшіншісі кез келген оттеп кезінде (оттегі жастығына, оттегін берудің орталықтанған жүйесінің шүмегіне ) қосылады. Алдын ала катетрлерді қайнатады, вазелин майымен майлайды да, төменгі мүрын

жолымен жүткыншактын артқы артқы кабырғасына дейін құсу рефлексін болдырмайтындай етіп кіргізеді. Отгегін ылғалдағыш арқылы (Бобров аппараты ) 2-3 л/мин жылдамдықпен береді.

Беру жылдамдығын оггегі көпіргішінің ылғалдағыш арқылы өту тездігі бойынша бақылауға болады. Отгегін маска арқылы беру. Маскалар металдан және пластмассадан жасалған болады.



Отгегін масканын көмегімен енгізу ашық жартылай жабық немесе жабық жүйемен іске асырылады. Ашык жүйе кезінде маска аурудың бетіне тығыз тимейді және жүтатын газ қоспасы оттегіне бай атмосфералық ауа (оттегі 30 % жуық) болып табалды. Дем қоршаған ортаға еркін шығарылады. Мүндай тәсілде оттегін мөлшерлеу дәл емес, тиімділігі де шамалы.

Жартылай жабык әдісімен оггегін ингаляциялағанда шығарылатын газ қоспасының тек бір белігі ғана қоршаған ортаға шығады. Оттегін неғүрлым тиімді пайдалануға жүйеге дем алу қабының араластырғыш камерасын- қосқаннан кейін кол жетеді. Маска сырқаттын бетіне газ шықпайтьындай тығыз кигізіліп, резенке тарткыштармен үстатылады. Таза оттегімен дем алып, шығарылған ауаның 3/1 жуығы камераға қайтып оралады.

Анда - санда дем алу камерасын сұйык түрге айналған бу суынан босату қажет. Бүл әдістің кемшілігі - дем алатын қоспада көмір қышқылының көбею мүмкіндігі , клапан мен дем алу қабыньщ әрекетінен туатын жүрек пен өкпе ауруына жағымсыз дем алуға қосымша кедергілер болмағаны жен. Кем дегенде 8 л/мин оттегі тасқынын қолдана отырып кемір қышқылының аса артық жиналуын болдырмауға болады. Бүл жүйге шағынды өлшеу кұралын (дебитометрді) қосып оттегінің түсуін бірқатар дәл бақылауға болады, бұл оттегімен емдеуді жеңілдетеді.

Оттегін балоннан беру . Оттегін тікелей балоннан колдану процедураны бірқатар жеңілдетеді және оттегімен емдеуі үзак уакыт бойы үзбей өткізуге мүмкіндік береді. Медициналық отегі бар балонның сыйымдылығы 40 л және 150 атм қысыммен газ тәрізді оттегі бар. Оттегі 2-3 атм қысыммен ғана қолдануға болатындықтан баллонға қысымды азайтуға арналған арнайы прибор редукторды жалғайды. Редуктордын кос камерасы мен екі манометрі бар, олардың ішінен баллонға жақын түрғаны онын ішіндегі қысымды көрсетеді. Сондықтан манометрмен баллондағы оттегінің мөлшерін біледі. Төменгі қысым камерасына жасалған екінші манометр сыркатқа беріліп отырған оттегінің қысымын көрсетеді. Ол бүрандамен 1-2 атм-ға реттеп қойылады. Орталықтандырған жүйемен палаталарға оттегін беру неғүрлым ынғайлы болып табалды.

Оттегі баллонын пайдалануда кысылған газ тәрізді оттегі маймен, тоң маймен, мұнаймен жанасқанда оларға тез қосылып түтанып жарылатынын есте сақтау қажет. Баллондар сакталатын бөлімде шылым тартуға қатан тыйым салынады. Майланған ескі- кұсқы заттарды огтегі бар баллондармен бірге бір белімде үстауға болмайды. Оттегі кондырғыларына кіріп-шығып жүретін адамның қолдары, киімдері, аспаптары май және сырмен ластанбауы тиіс. Баллонды ұрып соғудан қорғау кажет. Оны салқын жерге қабырғаға іліптік қалыпта сақтайды. Балонның вентилін ашқанда оған бетьін каратып түруға болмайды, себебі көздің мырышты қабатына оттегінің күшті ағымы тисе, күйдіріп, көзді зақымдайды. Оттегі баллондары бар әрбір бөлмеде өрттен сактану максатында колайсыз оқиғаларды болдырмауға арналған өрт сөндіргіштер болуы тиіс.

Қазіргі кезде ауруханалардын типтік жобаларында азотгың шала тотығы мен оттегін орталықтандырып беру қаралған. Оттегі тікелей сырқат төсегіне әкелінген, ал медициналык

қызметкерлер балонның ішіндегіні, оларды тасымалдау мен ауыстырылып түруын қадағалаудан босатылған. Газдың шығыны да азайады.

Қазіргі өнеркәсіп орындары газдарды орталықтандырып беруге арналған станциялардың екі типін: автоматы басқару станциясын және қолмен басқару станциясын бақылайды. Бірқатар ауруханаларда газ берудін неғұрлым казіргі заманғы жүйесі бар. Бір орындағы кондырғылар «М »белгісі бар және көк түске боялған бір катар үлкен оттегі баллондарынан түрады, себебі тек медициналық оттегіні пайдалануға болады. Олар күнінің тікелей түсетін сәулесінен корғалған, бөлек түратын немесе аурухана үйінін сырт жағына (қабырғалар) орнатылған металл шкафта сақталады және темір қапсырмамен қабырғаға мұқият бекітіледі.

Оттегі орталықтандырмай берілетін ауруханаларда баллондарды сенеістерде, жертөлелерде, палаталарда орнатады. Мүндай жағдайда өртке карсы және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауда киыншылықтар туады.



Медициналық оттектік баулау мен жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау

Медициналық оттекті баулауда көк түсті ыдыска 40 литр сиымдылығына оттектін газ 450 атом кысымы болады. Жоғарғы кысымда сактау өте қауіпті. Медициналық оттекті баулауды арнайы қараңғы жерде ауруханадан тыс температура 35С горизонтальды жағдайда арнайы жерде сактайды. Медициналық кызметкерлерден бөтен адамдардың кіріуне тиым салынады. Оттекті баулау ерекше қауіп қатері бензин, май жағынды эфир спирті оттекті жерде жарылғыш заттар болмауы тиіс.



Гипербариялық оксигенация - емдік оттектін балонның қысымы 1 атомнан аспауы тиіс. Гипербариялық оксигенация бір моментігі және кеп моменгтігі болып өткізіледі.

Гипербариялық оксигенация өткізу көрсеткіштері.

Жедел перифериялық тамырларды еткізгіштігі бузылуы коронарлы, мидың кан тамырлары көп мөлшерде қан жоғалтқаннан, уланудан, шок,анаэробтык инфекция, үзак уақыт жараны жазылмауында, жүректің туа пайда болған ақауынды емдік мақсатында колданылады.

Асқынулары: оттектін концентрациясы 100% колданғанда әсіресе трахеостомия кезінде тыны салу жетімсіздігі дамиды. Улы газды тез арада жойылғанда кан кысымы төмендейді. Отгекті көп мелшерде қолданғанда 3 атомды қысымы 3-4 сағат ұстағанда, ағза уланады.

Тахикардия бас айналу, көрудің бузылуы, судороги аяқ қол соғуда кездеседі.

Созылмалы оттекті уланғанда 100 % -80 % оттегі концентрациясы қолданғанда жоғарғы тыны салу жолына өсер етеді. Ауыз қурғау, мұрын, тамақ қүрғайды. Бронихит, трахит, пневмония, ателектаз дамиды.


Каталог: kafedra -> ses delo
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
kafedra -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Паллиативті медицина» Код: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі. Пән коды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет