ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000



бет2/11
Дата10.04.2017
өлшемі2,1 Mb.
#13606
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


  1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 40 мин (44%)

Мейірбике ісі философиясы.



Философия - адамның рухани іс әрекетінің формасы, онын ой- пікірі, өмір турасында түсінігі Философия әлемді бөлінбейтін түрде үйрететін пән. Адам мен әлемді біріктіреді, сондықтанда әр бір Адам, әрбір науқас бүтін бір әлем. Сау адам немесе науқаспен қаншалық көп және ықыласпен сұхбаттасаңыз, оны соншалық терең пікірлі, шексіз білімді өзіне тән мінезге, пейілге ие екеніне сеніміңіз артады. Оның физикалық азаптарымен рухани қиналуларын білу, сезіну, сізді және күрделі мәселелер әлеміне тартады. Сондықтан да науқаспен ұзақ уақыт, ауру кезеңінің басты бөлімінде бірге болатын мейірбике философиялық ой-өрісін дамытатын мәселеге кең және терең қарайтын маман иесі болуы керек. Қорытындылап айтқанда мейірбике философиясы ол медбикенің практикасына деген қарым-қатынасы мейірбикелік ісіне, әлем бүтіндігіне көзқарасы жөне онда мейірбикенің орны турасындағы дүние қарасын көрсету.

Дүнне жүзілік келісімге орай мейірбике ісі философиясы негізгі 4 түсініктемеге негізделген:

  1. Науқас

  2. Мейірбике, мейірбикелік ісі

  3. Қоршаған орта

  1. Денсаулық

Жеке адам туралы түсінік мейірбике ісі философиясында ерекше орын алады. Науқас мейірбике қызметінің обьектісі болып табылады. Мейірбикенің әр түрлі дәрежедегі науқастар мен жұмыс істеуіне тура келеді. Әр бір науқас үшін, медбике құрмет көрсететін атмосфераны жаратады. Қызметкерлер немесе басқа да адамдар жағынан науқасқа кауіп төнсе мейірбике қажетті шараларды қолданады.

Науқас- мейірбикелік күтімге мұқтаж адам.

Мейірбике- мейірбикелік ісі философиясы мен мейірбикелік міндетін білетін кәсіби білімді маман иесі.

Мейірбикелік ісі - қоршаған орта жағдайын өзгертетін адам. Денсаулығымен байланысты мәселелрді шешуге бағытталған ғылым және өнер.

Қоршаган орта-адамның денсаулығына өмір сүруіне әсер ететін басты фактор.Адам өмір сүруінде кездесетін социальды, психологиялык, рухани жағдайлардың жиынтығын өз ішіне алады.

Денсаулық - аурудың жоғалуы емес, жеке адамның қоршаған ортамен динамикалық сәйкестігі болып қаралады.

Мейірбикелік ісі философиясының басты пікірі адамның жетістіктеріне міндетіне құрметпен қарау. Мейірбикелік ісі философиясы мейірбике және жеке санасын анықтайды.

Этика- сөзі юнонша аetһоc- деген сөзден шыққан болып, яғни жүріс тұрыс «әдептілік» деген мағынаны білдіреді. «Әдеп» бұл адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасын тәртіпке салып тұратын жағдай. Медициналық этиканы ең басты міндеттері төмендегілер: Адамдардың, науқастардың саулығы үшін адал қызмет ету әрдайым медициналық жәрдем көрсету науқасқа жан ашу, көңіл кою өзінің әрекеттерінде адамгершілікті, кішіпейілділікті сақтау медицина қызметкерлерінің міндетін түсіну, өз отанына, халқына мейірлі болу. «Әдептілік» түсініктемелері: «намыс», «міндет», «жауапкершілік», «бакыт», «ар», «қадыр кымбат», түсініктемелері жатады.

«Намыс» - бұл өз кәсібінің ұстасы болып, өз абыройын, қадірін сақтау. «Жауапкершілік»- медицина қызметкерлерінің өз міндетін атқару кезінде, кәсібін алдамау, жүмысты толығымен міндетті түрде атқару «Қадір қымбат»- өз кәсібі, мақтанышы, өз кәсібін сүю, алға үмтылу. «Ождан» адамның ішкі әдептілігін түсінуі, жауапкерлікті сезінуі, мінез құлқы үшін әдептілік жауапкершілікті сезінуі өз пікіріне, әрекетгеріне баға беру.

  1. Эгогения науқастың өз өзіне әсер етуі

  2. Эгротогения науқастың бір-біріне өзара әсері

3. Ятрогения медицина қызметкерлерінің ұқыпсыздығы, қопалдығы, дұрыс жасамаған іс әрекеттері нәтижесінде пайда болатын науқастардағы жағдай, яғни ятрогения ауру.

Бүл жағдайға төмендегілер себеп болады:

А) Науқастың диагнозын және нәтижелерін асығыс түрде науқасқа жеткізу.

Б) Қызметкелердің әрекетсіздігі немесе көңілсіздігі «сөзсіз» ятрогения.

4. Госпитализм- бүл наукастын ауруханаға және оның жағдайьна үйренгеніне дейінгі жағдайлар

Деонтология- (грекше deontoc- зәрлі, керек) деонтология медициналық этиканың бір бөлігі. Бүл медициналық қызметкерлердің күш жігері, тек ауруды емдеуге ғана емес аурудың алдын алуға адамның денсулығы мен өмірін қорғауға бағытталғанымен түсіндіріледі.

Деонтология мен медициналық этиканың принциптерін қолайлы іске асыру

үшін мынадай жағдайлар қажет: парыз сезімі , өз мамандығына бейімділігі мен білімін үнемі жетілдіру. Медициналық қызметкер сырқат сеніміне кіріп, оның дәрігердің айықтырғыш күш қабілетінің күштілігіне иландыру керек. Реті келгенде сырқатты көңіл аулағыш орынды сөздермен, дос пейілмен мақылдау керек. Қажетті жағдайда оның орынсыз талабын қатал да орныкты түрде асырып, ал кей кезде оған сүйіспеншілік білдіріп, басу айту керек. Медицина деонтологиясының басты мақсаты төмендегідей:

Медицина кызметкерлерінің мінез құлқы мен өзара қарым-қатынасы бір шама нормалармен, ережелермен және әдет ғүрыппен реттеледі.

Дәрігердің құпиясын сақтау. Медицина қызметкерлері мен науқас ортасындағы қарым- қатынасты үйрену.

Медицинадағы қолайсыз жағдайларға шек қою.

Мейірбикелік деонтология

Мейірбикелік қызыметінің ережелері 2 ге бөлінеді

1. Ішкі мәдениет- бұл еңбекке қарым- қатынасы, тәртіпті сақтау, достық қарым- қатынаста болуы, үйымға деген сезім

2. Сыртқы мөдениет: әдеп, жаксы мінез, кейіп сөйлеу мәдениеті, сыртқы көрінісінің сәйкестігі: медициналық кызметкерлердің негізгі сапасына яғни онын ішкі мәдениетінің сапасына жатады:

  • сыпайылық, қарапайымдылық жасанды елестін

  • шьншылдық, медициналық қызметкерлердің ең жоғарғы ізгі ниеті

  • әділдік- медициналық қызметкерердін барлық жұмысьна сәйкес болуы керек.

  • жақсылық- бұл жақсы адамның ішкі мәдениетінің сапасы

- жақсы адам ол өзінің айналасындағы көмек көрсету, олардың қиын күндерімен қуаныштарын бірге бөлісе алатын адам

1. Сыртқы көрініс. медицина қызметкерлерінің киіміне қойылатын талап,
тазалық, қарапайымдылық, ак халат, өзін ұстай білу, науқасқа көңіл бөлу,
косметика, сәндік бұйымдарды қолданбау.

  1. Сөйлеу мәдениеті сыртқы мәдениеттің бір бөлігі болып табылады.

  2. Медицина қызметкердің сөзі анық, нақты, баяу, жағымды болу керек.
    Медбикелік этика мен деонтологияның басты принциптері:

  1. Адамгершілік, мейірімділік, қамқорлық, махаббат

  2. Рахымдылық

  3. Ақпейіл

  4. Еңбекқор

  5. Сыпайылық

Науқасты емдеуде сөздің қызыметі әр дайым жоғары. Кейде науқас көзінше медициналық қызметкер көбірек сөйлеп кояды, ол ятрогенияға /науқасқа диагнозы жөнінде теріс пікір пайда болған психогендік немесе невроздык ауру) әкеліп соқтырады, ол медициналық қызметкердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез құлкынан шығады. Ятрогенді аурудың себептеріне жалпы және медициналық мәдениеттің жетіспейтіндігі. Кез келген ауру жағдайында да науқастың психикасын бұзбауы тиіс. Сөз науқасты емдеп кана қоймай оны жаралауы да мүмкін екені мейірбике есінді сақтап науқас көзінше түсініксіз терминдерді айтпауға тырысу керек.

Медицина қызметкерлері мен науқастың ортасындағы қарым-қатынастың маңызы зор. Егер науқас байсалды да, тыңғылықты істейтін медицина қызметкерін байқаса ол өзін сенімді қолда екенмін деп сезініп, тыныштанады. Егер оның үстіне сырқат тек жоғары дәрежелі маманды ғана емес, оған қатысты ізгі, ак жүрек адамдарды көрсе, онда оның қызметкерлерге деген ерекше ілтипаты оянып, оларға деген сенімі арта түседі., ал бүның өзі емдеу кезінде жақсы нәтиже береді. Науқастармен қарым-қатынаста болғанда олардың жасын еске алу керек.

1. Мектеп жасына дейінгі балалар тобы;

а) олар өздерінің науқас екенін сезініп, түсінбейді;

б) ауырып тұрған жерін толығымен айтып жеткізе алмау;

в) науқастанған кезде пайда болған белгілерден күшті әсер алу;

д) емдеу және диагностика процедураларын қорқынышпен қабылдайды; Мейірбикелер осы жастағы наукас балалармен жұмыс істегенде, алдыменен балаларды тыныштандырып оларды түрлі ойындармен қызықтырып ауру екендігін естен шығаруы тиіс.

2. Жас өспірімдер жасындағы науқастар тобы:

а) өзінің ауру екенін мойынсынбау;

б) саулығына қауіп тудыратын жағдайларға назар аудармау;

в) ауруға және оның кешуіне көңіл бөлмеу;

Бұл жастағы науқастармен жұмыс кезінде мейірбике өте абайлы болуға тиіс.

3. Жұмыс істеуге жарамды жастағы науқастар тобы;



а) Бұл жастағы науқастармен жұмыс кезінде мейірбике әрбір сөзіне, жүріс тұрысына назар аударып абай болуы керек. Атқаратын манипуляцияға өте көніл аудару керек. Науқастың кәсібін, мінезін есепке алу керек.

4. Үлкен жастағы және қарт науқастар тобы;

а) « өтіп кеткен өмір, жалғыздыкты сезіну, өлімнің жақындауы, » сияқты
сезімдерді сезінуі;

б) есту, көру, еске алу сезімдері және өмірге қызығудын төмендеуі;

в) тез қапа болу;

д) ауруды кәрілікке санап, емделуден бас тарту;

Мейірбике бүл жастағы науқастарға сабырлы, жылы мәмледе болуы тиіс, өйткені қарт адамдарға тән ынжықтық, көп сұрақтар беру, түсінбеушіліктен келіп шығатын түрлі жағдайлар шыдамдылықпен, сабырлықты талап етеді.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)

- Мейірбике ісі философиясы ұғымы.

- Науқас, мейірбике, мейірбике ісі, қоршаған орта, денсаулық ұғымдары.

- Медициналық этика ұғымы.

- Деонтология ұғымы.

Тесттер:


  1. Медбикелік ісі философиясымен келісілген түсінікті табу:

    1. медбикенің этикалық міндеттері

    2. медбикенің этикалық бағасы

а) шындықты айту

б) шыдамдылық

в) адамгершілік қасиеті

г) жауыздық жасамау

д) науқастың құқықын құрметтеу

е) жақсылық жасау

ж) күту

2. Медбикелік ісі философиясының негізгі түсініктерін атаңыз



1) науқас, медбике, қоршаған орта, денсаулық

2) денсаулық, экология, жақсылық, күту

3) күту, кәсіптес, медбике, қоршаған орта

4) қарыз, этика, деонтология, мораль

5) деонтология, этика, медбике, науқас

3. Медбикелік ісі негізін қалаушыларды атаңыз

1) Даша Севастопольская

2) Флоренс Найтингейл

3) Екатерина Бакунина

4) Варвара Щедрина

4. Адам өміріндегі кездесетін әлеуметтік, психологиялық және ішкі дүниелік жағдайлардың жиынтығы, аталады

1) денсаулық,

2)қоршаған орта

3) науқас

4) медбике

5. Медбикелік ісі философиясымен келісілген медбикелік ісіне анықтама беріңіз

1) науқаспен қарым қатнас жасау өнері

2) науқасты күту турасындағы ғылым

3) қоршаған ортада адамның ден саулығына байланысты пайда болған мәселелерді шешуге бағытталған ғылым және өнер

4) науқаспен медбикенің өзара қарым қатнасы турасындағы пән

6. Халықаралық кодекске орай медбикелердің фундаментальды жауапкершілігінің төрт негізгі аспектілерін атаңыз

1) қиыншылықты жеңілдету

2) ұқыптылықпен күту

3) аурудың алдын алу

4) денсаулықты тіктеу

5) дәрігердің айтқандарын толығымен орындау

6) денсаулықты қуаттауға кірісу

Дұрыс жауапты табыңыз

А) 1,2,3,5 Б) 2,3,4,6 В) 1,3,4,6 Г) 3,4,5,6 Д) 2,3,4,5

7. Медбикелік ісінің философиясы қанша мөлшердегі негізгі түсініктерде

1) 2

2) 3


3) 4

4) 5


5) 6

8. Медбикелік ісінің негізгі принциптерін атаңыз

1) өмірге деген, адам құқықына, жетістіктеріне құрмет

2) дәрігердің айтқандарын шала орындау

3) ұлтқа қатыссыз науқасты жақсы күту

4) науқасқа көңіл бөлу және сүю

9. «денсаулық» түсінігі білдіреді

1) аурудың болмауы

2) физикалық және материалды жетістіктер

3) аурудың болмауы және көңіл күй комфорты

4) толық физикалық, психикалық және әлеуметтік жағдайдағы жетістіктер

10. Медбикелік ісінің философиялық көзқарасына орай «медбике» түсінігі

1) қандас туысқан аға

2) Медбикелік жұмысқа құқықы бар, медбикелік ісінің философиясын бөлетін кәсіптік маман иесі

3) науқасқа күтім жасайтын медицина қызметкері

4) науқасты күтіп, бақылайтын әйел


Ситуациялық есептер:

  1. Қабылдау бөліміне ыстығы шыққан үш жасар баланы алып келді, баланың ыстығы көтерілген, жағдайы орташа ауырлықта. Балаға дәрігер ыстығын түсіретін дәрі берді. Бала қолында шприці бар мейірбикені көргенде қорыққаннан айқайлап жылады. Бұл кезде мейірбике не істеу керек?

  2. Кардиология бөлімінде жатқан 72 жастағы қария науқас ауруының қауіпті екеніне қарамастан, мен бәрібір емделмеймін «өлімім» жеткен көрінеді деп мейірбикенің манипуляцияларынан бас тартты. Бұл кезде мейірбике науқасқа қандай көмек көрсету керек?


12. Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



13. Үйге тапсырма беру. 5 мин (6%)

Н-1, 2 - бөлім , 4 -154 бет


2 - cабақ
1. Сабақтың тақырыбы: ЕПҰ негізгі түрлері . Аурухана ішіндегі инфекция мәселелері. ЕПҰ-дағы санитария – эпидемиологиялық тәртіп

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

  1. Сабақ түрі: теориялық

  2. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Оқушыларды ЕСҰ негізгі типтерімен таныстыру

  • тәрбиелік: Оқушылардың мінез - құлқын ЕСҰ шарттарына, тәрбиелеу.

  • дамыту: кез – келген медициналық ұйымдардың түрін ажырата білуді үйрету

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

- Мейірбике ісі философиясы ұғымы.

- Науқас, мейірбике, мейірбике ісі, қоршаған орта, денсаулық ұғымдары.

- Медициналық этика ұғымы.

- Деонтология ұғымы.

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 40 мин (44%)

Жоспар:

- емдік-профилактикалык мекемелердің күрылыс түрлері, олардың күрылымы;

- жеке ЕП¥ бағыттары;

- ЕП¥ түрлері медбикелік кызметкерлердін негізгі бағыттары;

- медбикенің күкығы мен міндеттері;

- стационардын кұрал-жабдықтары, күрылымы және күрылысы;

- аурухана қүрылысы.

Емдік мекемелер өзінің функциясы бойынша 2 негізгі топка бөлінеді: амбулаториялык (емхана, амбулаторйя, медициналы-санитарлы бөлім, диспансерлер, жедел кемек көрсету станциясы, әйелдер консультациясы) және стационарлык (госпитальдар, клиникалар, санаториялар, ауруханалар).

Емхана - амбулаториялык емдік-профилактикалык мекеме, күрамына негізгі клиникалык мамандар бойынша (терапия, хирургия, гинекология, неврология, көз аурулары, эндокринология, ортопедия, уролог-ия) дәрігерлік кабинеттер кіреді. Емханада негізгі диагностикалык кабинеттер бар: реңтген, функционалды диагностика және т.б. Емдік ине егу орындауға арналған кабинеттер бар: физикотерапевтік бөлімше, емдік дене шыныктыру кабинеті, инъекция жасайтын процедуралык кабинет және т.б. емхана күрамында тіркеу, кызмет көрсету кабинетгері және бірқатар косымша кабинеттер бар.

Емхананын негізгі жүмыс істеу ережелері - территориалды-бөлімшелі. Емхана кызмет ететін территория бөлімшелерге бөлінеді, ол әр бөлімшеге дәрігер және бөлімшелі медбике тағайындалады. Бүларға белгілі бір халыктың саны бекітіледі.

Бөлімшелі дәрігер мен медбике өз бөлімшесінде жүргізілген емдік және профилактикалык шараларға толык Ятауапты болады. Бүдан бөлек халыкка диспансеризация жүмыстарын жүргізудін үлкен маңызы бар.



Диспансеризация - бүл халыктың денсаулығын, түрмысты және енбек шарттарын окып білу, аскынған ауруы бар науқастарды білу мақсатында жүргізілетін систематикалык бакылаудағы үйым.

Амбулатория - кала типтес ауыл түрғындарына көмек көрсететін, күрамында 1-3 дәрігері (5-тен көп емес) ауруханадаң тыс мекеме. Амбулатория күрамына дәрігерден баска фельшер, акушер, медбикелер және санитарлар кіреді. Амбулатория медбикесінін жұмысы бөлімшелік медбикенің жүмысына үксас, бірак катаң жауапкершілікті талап етеді.

Медициналы-санитарлы бөлім жүмысшыларға және кызмет көрсетушілерге медициналык кызмет көрсету мақсатымен өндірістік мекемелер үйымдастыратын емдік-профилактикалык ұйымдар комплексі. Бұлардың жүмыс істеу ережесі цехті-бөлімшелі ережесі бойынша жүмыс істейді. Медициналы-санитарлы бөлімшенің күрылымы әр түрлі болады: олардың күрамына емхана, амбулатория, стационар, емдеу пунктері, стоматологиялык емхана, профилакториялар, санаториялар, балалар лагерлері кіруі мүмкін.

Медициналы-санитарлы бөлімдердін функциялары әр түрлі. Амбулаториялык медициналык көмек көрсетуден, науқастарды стационарда емдеуден бөлек түрғындарымен жүмыс істеу мекеме өкілдері жұмысшылардьщ денсаулығын бакылау бойынша диспансеризация жұмыстарын жүргізеді. Бүл жүмыстар жүмысшыларды жүйелі профилактикалык қараудан, аскьщған аурулармен ауыратын адамдарды табу, ауырғандардың барлығын амбулаториялык шарттармен немесе стационарларда емдеу аркылы іске асырылады.

Бөлімшелі медбикелер мен дәрігерлер, емдеу пунктерінін фелыперлері жүмысшылардын еңбек ету шарттарьщ жүмыс орнында карайды, өндіріс жұмысшыларынын тұрмыс және еңбек шарттарын явдсарту максатына бағытталған профилактикалык комплексті шараларды шешуге қатысады.

Диспансерлер - диспансерлі әдіс бойынша жүмысты жүргізетін (ауру түрі аныкталған - туберкулез, тері аурулары және т.б. - ауруларды емдеу) амбулатория түрлері арнайы

мамандандырылған ерекше мекемелер. Профилактика және емдеумен бірге диспансерде патронаж жүргізіледі. Диспансер жұмысыньщ спецификасы бойынша туберкулезге карсы, онкологиялык, тері-венерологиялык, психоневрологиялык және т.б. болып бөлінеді.



Жедел медитналық көмек көрсету станциясы- наукастарға тәулік бойы жедел түрде медициналык көмек көрсететін (жаракаттанғанда, уланғанда, кан аққанда) емдік мекемелер. Жедел медициналык көмек көрсету станцияларында жұмысшылар 2-3 адамнан тұратын бригада болыып істейді (дәрігер және бір немесе екі фельдшер). Медбикелер халыктан шакыру алатын және оларды шығушы бригадаларға айтатын диспетчер болып істей алады.

Әйелдік кенес беру орталығы - екі кабат әйелдерді бакылау және гинекологиялык аурулардьщ профилактикасы және емдеуі жұргізілетін емдік-профилактикалык мекеме. Әйелдік кеңес беру емхана сиякты территориялы-бөлімшелі ережесі бойынша жұмыс істейді.

Госпиталь әскери ададмдарды және соғыс мұгедектерін емдейтін аурухана болып табылады.

Клишка - ауруларды стационарлы емдеуден бөлек, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін емдік-профилактикалык мекеме.

Санаториялар - аурулардын толык жазылуы жүретін стационарлы мекеме. Санаториялар емдік минералды суы немесе балшығы бар колайлы климатты жерде орналасады.

Ауруханалар - үнемі карауды және емдеуді кажет ететін ауруларға арналған емдік мекеме. Сипаты және куаты жағынан ауруханалар бірнеше топка бөлінеді.

1. Мамандығы бойынша:

а) бір маманды (психиатриялык, инфекциальдык және т.б.);

б)көп маманды: аурухана күрамында бөімшелер болады: терапиялык, хирургиялык, гинекологиялык және т.б.);

2. Максаты бойынша:

а) аудандық; б) калалык; в) облыстық; г) республикалық.

3. Төсек орындык куаты бойынша. Төсек орнының санына байланысты категорияларға белінеді.

Ауруханалардьщ негізгі күрылымды бірліктеріне мыналар жатады: кабылдау бөлімі; арнайы бөлімшелері немесе палаталары бар стационарлар; косымша бөлімшелер (рентген, патологоанатомиялык, лабораториялар, физиотерапиялык және т.б.); дәріхана; асхана; әкімшілік және басқа бөлмелер.

Емдік бөлімшелер (терапиялык, кардиологиялык, гастроэнтерологиялық және т.б.) келесі бөлмелерден тұрады:

- наукастарға арналған палаталар;

- санитарлы түйін (ванна, душ, туалет, әйелдерге арналған гигиеналык бөлмелер); ине егу кабинет;

- манипуляциялык кабинеттер;

- асхана;

- ординаторлык (дәрігерлерге арналған кабинет);

- бөлімшені басқарушы кабинеті;

- жоғарғы медбикенің кабинеті;

- медбикелік.

Медбике жұмысынын мазмүнын ЕП¥ әкімшілігі орта медициналык жұмысшынын тарифті-квалификациялык сипатына негізделіп жасайды.

Стационар медбикесінің функционалды мінддетгеріне келесілер кіреді: бөлімшеде емдік-карау тәртібін сактау, дәрігердін тапсырмасын уакытылы орындау, наукастарға карау, дәрігер наукасты карағанда наукасқа көмек керсету, наукастың жалпы жағдайын бакылау, бірінші дәрігерге дейінгі көмекті көрсету, санитарлы-эпидемиологиялык тәртіпті сактау, инфекционды ауру туралы СЭС-ке уактылы ақпарат жеткізу, дәрілік затгарды алу және оларды сақтау мен тексеру, бөлімшенің кіші медкызметкерлер баскарушылык жүмыстарын жүргізу. Медбикелер жүйелі түрде өз квалификациясын жоғарлату керек, емдік мекемеде немесе бөлімшеде үйымдастырылатын конференцияларға катысу керек.

Емхананың бөлімшелі медбикесі дәрігерге көмек көрсету керек, әр түрлі іс қағаздарды толтыру керет, науқастарды әртүрлі егулерге дайындау керек, лабораториялык және аспаптык зерттеулерді білу керек. Емхана медбикесі жұмысты үйінде жүргізеді:

дәрігердін тапсырмасын орындайды, туыскандарды наукаска қараудың қажетті элементтеріне үйретеді, наукастың физиологиялық кажеттіліктерін канағаттандыратын колайлы жағдайларды жасауға үйретеді, науқаска және онын жанұясына психологиялык колдау көрсетеді, өзінің наукастарының денсаулығын жаксарту мақсатында әртүрлі іс шаралар жүргізеді.

Фельдшердің міндеттері өте кен, әсіресе дәрігер болмаған жағдайда. Фельдшерлі акушерлік функте фельдшер стационарлы, консультативты, амбулаториялык көмек көрсетуді, үйге көмек көрсетуді, санитарлык-профилактикалык жүмысты, дәріханадан дәрілік затгарды жазып алу жүмыстарын және т.б. жүргізеді. ЕПҰ-да дәрігер басшылығымен жұмыс істейді.

Перзентхана және әйелдік кеиес беру акушерінің жүмыс істеу мазмұны жұмыстың накты ерекшеліктеріне байланысты. Ол өздігінше немесе дәрігермен бірге босануды кабылдай береді, екі кабат әйелдердің, ана мен баланын емдік-профилактикалык жұмыстарын жүргізеді. Ол гинекологиялык аурумен ауыратын адамдарды аныктап, әйелдердін босануына кажетті психопрофилактикалык жүмысты, екі кабат әйелдерді бақылауды жүргізеді. Акушер, емхана медбикесі сияқты үлкен патронажды жүмысты жүргізеді, медбикенің тікелей міндетгерін орындайды.

Фельдшер, медбике және акушер езінін міндетгерін аткару үшін көлемді білім деңгейі және практикалык кабілеттері болу керек, карауда жауапкершілік танытып, жанашарлык болу керек. Олар өзінің психологиялык, мамандык және баска сапаларын үнемі жетілдіріп тұру керек.

Олар инфекциалык ошақтарды жою жұмыстарына, профилактикалык егу жүргізгенге, дәрігермен бірге балалар мекемелерін тексеруге катысады. Арнайы дайындығы бар орта меджүмысшылар рентгенологиялык, физиотерапиялык және баска да мамандандырылған бөлімшелерде немесе кабинеттерде жұмыс істей алады.

Орта меджұмысшылар күкығы жок функцияларды өз мойнына алғаны үшін тәртіптік немесе кылмыстык жауапкершілікке тартылады.



Каталог: kafedra -> ses delo
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
kafedra -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Паллиативті медицина» Код: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі. Пән коды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет