ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000


Жаңа тақырыпты бекіту. 20



бет3/11
Дата10.04.2017
өлшемі2,1 Mb.
#13606
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Тесттер:

1. Стационарлы емдік мекемелерге кіретіндер:

а) емхана

б) санаториялар

в) амбулатория

г) аурухана д)клиника

е) әйелдер консультациясы

ж) диспансер

з) госпиталь

и) медициналы-санитарлы бөлім

к) жедел көмек керсету станциясы

Жауаптардын дұрыс комбинациясын таңдаңыз:

1) б, в, д, и 2) а, г, д, е, з 3) г, д, ж, к 4) б, г, д, з 5) б, в, и, г, к

2. Қала типтес ауыл тұрғындарына көмек көрсететін, кұрамында 1-3 дәрігері бар, ауруханадан тыс емдік мекеме_______аталады.

3. Қай емдік мекеме территориалды-бөлімшелі принцип бойынша жұмыс істейді:

а) медициналық-санитарлық бөлім

б) госпиталь

в) диспансер

г) емхана

д) санаториялар

4. Амбулаториялық емдік мекемелерге жатады:

а) емхана

б) санаториялар

в) амбулатория

г) аурухана

д) клиника

е) әйелдер консультациясы

ж) диспансер

з) госпиталь

и) медициналы-санитарлы бөлім

к) жедел көмек көрсету станциясы

Жауаптардын дұрыс комбинациясын таңдаңыз:

1) а, б, д, и, к 2) а, в, е, ж, и, к 3) б, в, г, з, и 4) а, д, ж, и, к 5) б, в, е ж, и

5. Көрсетілгендердің кайсысы топтык наукастарға емдік – профилактикалық көмек көрсетуге арналған емдік - профилактикалык мекеме болып табылады:

1) емхана

2) аурухана

3) жедел көмек көрсету станциясы

4) диспансер

5) клиника

6. Санатория типті мекемелерге жатады:

1) туберкулезге карсы санатория

2) дене шынықтыру диспансері

3) курортты ауыл тұрғындарына арналған емдік пункті

4) әйелдер консультациясы

5) курортты пансионат кызмет ететін емхана

7. Емханаға ұйінен кұйіп калған ауруды алып келді. Сіз медбикесіз, сіздің тактикаңыз? Бұндай ауруды сіз емханада емдейсіз бе?

1) бірінші көмек көрсетпей үйіне кайтару

2) ия


3) қажетті бірінші көмекті көрсетіп, стационарға жіберу

4)жок


5) ауруға ауруды токтататын дәрі беру

8 Патронаж дегеніміз не?

1) үнемі аурулардын үйіне барып тексеру

2) медбикенің жасөспірімдермен жұмысы

3) медбикенің кәрі адамдармен жұмысы

4) медбикенін бөлімшедегі жұмысы

5) профилакториядағы медбикенің жүмысы

9. Қандай ауруларға стационарлы емдеу көрсетіледі?

1) емханадан бағыт алған ауруларға

2) стационарлы-курортты емдеуден өткен ауруларға

3) диспансерлі тіркеуде тұрған ауруларға

4) туб диспансерде тіркеуде түрған ауруларға

5) диагностиканын күрделі әдістерін және жүйелі кадағалауды талап етілетін ауруларға

ЕСЕПТЕР.

1. Ауру түру орны бойынша, емханаға күрсак бөлігінде операцияны талап ететін хирургиялык аурумен шағымданды. Ол қандай емдік мекемеге жіберілуі керек?

2. Ауруды буындар ауруы бойынша стационардан емдеп шығарды. Ауруға ары карай минералды ванналарды және балшыктарды кабылдау үсынылды. Ол кандай емдік мекемеге жіберілуі керек?

12. Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



13. Үйге тапсырма беру. 5 мин (6%)

Н-1,2-бөлім,154–173бет



3 - сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Дезинфекция. Емдеу бөлмелерін тазарту түрлері.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларды дезинфекциямен, емдеу бөлмелерін тазарту түрлерімен таныстыру.

тәрбиелік: Оқушылардың мінез - құлқын дезинфекция заңдылықтарын ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: Оқушылардың дезинфекция жасай білу қабілеттілігін дамыту.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

7. Әдебиеттер:



Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

- емдік-профилактикалык мекемелердің күрылыс түрлері, олардың күрылымы;

- жеке ЕП¥ бағыттары;

- ЕП¥ түрлері медбикелік кызметкерлердін негізгі бағыттары;

- медбикенің күкығы мен міндеттері;

- стационардын кұрал-жабдықтары, күрылымы және күрылысы;

- аурухана қүрылысы.


  1. Жаңа сабақты түсіндіру : 40 мин (44%)

Жоспар:

  • Аурухана ішілік инфекция мәселелерінің мәні.

• Аурухана ішілік ннфекция дегеніміз не?

• Аурухана ішілік инфекция құрылысы қандай?

• Инфекцияның көзін, аурухана ішілік инфекция қоздырғыштарының резервуарын атаңыз.

• Аурухана ішілік инфекция берілу амалдары мен жолдарын атаңыз.

• Аурухана ішілік ннфекция дамуының қандай қауіп-қатер топтарын білесіз ?

• Инфекция сезімталдығына әсер ететін факторларды атаңыз.

• Аурухана ішілік инфекция алдын алу кандай?

ДЕЗИНФЕКЦИЯ бүл - ішкі орта объектілерінде инфекционды ауруларды тудыратын козыдрғыштарды (бактериялар, вирустар және оларды тасымалдаушылар) жою күралдары мен әдістерін зерттейтін ғылым.

Ішкі орта заттарын зарарсыздандыру және адамға кауіпті шыбын-шіркей, күрт-қүмырсқа, бит-кенелер, кемірушілерді жою практикалық дезинфекцияның мақсаты болып табылады.

ДЕЗИНФЕКЦИЯ ТҮРЛЕРІ - ошақты және профилактикалық.

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДЕЗИНФЕКЦИЯ инфекциялық аурулардың бар болуына карамастан жүргізіледі және инфекциялык аурулардың қозуын ескертуге бағытталған, яғни аурухана ішілік инфекциялардың ескертілуі. Профилактикалық дезинфекция инфекция көзінен тікелей байланыссыз жүргізіледі және онымен байланысы жок. Мысалы: күбыр суды түтынуға жіберуден бүрын хлорлау; сүтті қайдан келгеніне қарамастан пастерлеу; адамдар көп жиналатын орындар (вокзалдар, театрлар, моншалар, шаштаразылар және т.б.); арнайы мекемелер - демалыс үйі, снаториялар, балалар мекемелері; тамак өнеркәсібін өндіретін орындар; қоғамдық тамактану мекемелері. Емдік-профилактикалык мекемелерде профилактикалык дезинфекция науқастар қолданған заттарды жүйелі жарарсыздандыру болып табылады.

ОШАҚТЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯ инфекционды ауру пайда болған кезінде немесе ошақта ауру күмәні пайда болған кезде жүргізіледі.

Ошакты дезинфекция АҒЫМДЫ және ҚОРЫТЫНДЫ болып бөлінеді.

ОШАҚТЫ АҒЫМДЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯ - бүл наукастың қатысуымен жүргізілетін дезинфекция. Мысалы - инфекциялық науқасты үйде емдеу, инфекциялы стационарлар. Наукасты қоршаған заттар дезинфекцияланады.

ОШАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯ - бүл ошақ ортасын инфекция қоздырғышын алғашқы 6-12 сағат босату үшін науқасты ошақ ортасынан шығарылғаннан кейін жүргізілетін дезинфекция (яғни ауруды жатқызғаннан кейін, шығарылғаннан немесе өлгеннен кейін).

Дезинфекциялық практикада адамдарда санитарлық тазалау және биттер дезинфекциясы жүргізіледі.

Дезинфекциялық шараларға кемірушілер мен шыбын-шіркей, қүрт-күмырсқалармен күресу жатады.

Дезинфекция әдістері.

1. МЕХАНИКАЛЫҚ - инфекциялық аурулардың коздырушыларын механикалық жолмен алу әдістеріне негізделген. Дезинфекцияның механикалық әдістері - қолды, бетті, денені жуу, киімді жуу, бөлмені ылғалды тазалау, шанды сүрту, кілемдерді және төсек-орын жабдықтарын қағу.

2. ФИЗИКАЛЫҚ - жоғарғы температураны қолдануға негізделген. Төменгі температуралар патогенді микрофлораға әсер етпейді, тек кана өсуін тоқтатады және консервант болып табылады. Жоғарғы температураның әсерінен ақуыз тез үиыиды және клетка өмірі кысқарады. Қайтымсыз процесс.

Дезинфекцияның физикалық әдістері:


  • күйдіру (науа);

  • тесу;

  • өртеу (мәйіттерді, кақырыкты, киімдерді);

  • күрғак ыстық ауа (күрғақ шкафта 120 С температурада және 45 минут экспозицияда);

  • пастерлеу;

  • қайнау кезінен бастап дистиллденген суда 30 минут бойы кайнату;

  • кайнау кезінен бастап 2% натрий екі көмір кышқылды ерітіндіде 15 минут қайнату;

  • ультрафиолетті және күн сәулелерімен сәулелендіру;

  • ыстық үтікпен басу;

  • тиндализация (экспозициясы 1 сағат, 60 С температурада 6-7 күн бойы пастеризациялау).

Физикалык әдіс - адамдарға ең сенімді және зиянсыз әдіс болып табылады. Егер шарттар қолайлы болса, әсіресе жабдыктар, бүйымдардың номенклатурасын осы әдіске беру керек.

3. ХИМИЯЛЫК - дезинфекцияда колданатын дезинфектант және микроб арасындағы химиялық реакция. Микробты клеткаға жойқын әсер ететін барлық химиялық заттар ДЕЗИНФЕКТАНТТАР деп аталады. Дезинфекцияның химиялық әдісі микробты клетка мен химиялык заттар арасындағы байланысты қамтамасыз етуге негізделген. Дезинфектанттарды негізінен сулы ерітініділерде қолданады. Химиялық реакция жоғарғы температурада тез өтеді. Кез-келген химиялық реакция белгіленген уақытта жүреді. ЭКСПОЗИЦИЯ – реакция уақытын шектеу. Дезинфекция сапасы және экспозиция уақыты қолданылатын дезинфекциялаушы заттардың сапасына байланысты болады.

Дезинфекцияның химиялық әдістеріне мыналар жатады: суландыру; сүрту;

толығымен суға салу; шаңдату.

Дезинфектанттардың жіктелуі

Дизенфекцияның химиялық әдісінде қолданылады:

• Құрамында хлоры бар препараттар: Гипохлорид кальцийдің 3/2 негізгі тұзы (ДТСГК), деохлор.

• Қышқылдар (бор қышқылы)

• Сілтілер (нашатр спирті)

• Спирттер (70% этил спирті)

• Тотықтырғыштар (сутегі тотығы «первамур, виркон препараты»)

• Фенолдар (үш еселік ерітінді)

• Алдегиттер (фармолин, фармольдигит «септодор-форте», «секусепт форте», «гигасепт»)

• Детергенттер және беткейлі актив заттар (хлоргексидин биглюконат, дегмин, дегмицит «лизоформин-специаль», «лизоформин 3000», «лизетол АФ», «дезэффект», «септокаль», «дезапрев»)

Негізінде ең көп қолданылатыны құрамында хлоры бар препарат: гипохлорид кальцийдің 3/2 енгізгі тұзы (ДТСГК)

ДЕЗИНФЕКТАНТТАРҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.



1. Адамдарға және жануарларға улы емес. Сулема бүл жағдайда қолданбайды;

2. Жарарсыздандыратын заттарға кері әсерін тигізбейді;

3. Материалды шығын келтірмеу керек;

4. Жарылғаш және жанғыш болмау керек;

5. Тасымалдауда колайлы болу керек;

6. Суда жақсы еру керек;

7. Препараттар арзан болу керек; Дезинфекцияның химиялык әдістерінде қолданылады

КАЛЬЦИЙ ГИПОХЛОРИДІ (ДТСГТ) - ак күрғақ кристаллды үнтақ. Қүрамында 47-52% активті хлор бар. Әр түрлі концентрациялы ерітінділерді дайьгадауда шығыны 25% хлорлы өкке қарағанда 2 есе аз болады. 10 л 5% ашық ерітінді дайындау үшін 500 гр ДТСГК қажет. Кальций гипохлориді суда жақсы ериді. Препараттың түрактылығы өте жоғары. 2-5 жыл сақтауға болады. Хлорлы әк тағайындалған кезде екі есе аз жүмсалады.

Хлор қүрамдас препараттарды дайындау кезде қорғаныштык киімде болу керек - халатта, мата-дәкерлі байлауда, резиналы қолғапта, кезілдірікте.

Дезинфекциялаушы күралдарды дайындайтын бөлме келесі талаптарға жауап беру керек:

бөтен адамдарға және балаларға кіруге тиым салынған; жақсы желдетілетін; қүрғақ.

Адам терісіне дезинфекциялаушы қүралдар тиген кезде тез арада сумен шайып жіберу керек. Кезге тиген кезде 2% сода ерітіндісімен жуып жіберу керек, қажет болған жағдайда 30% альбуцид қолдану керек, егер аурсыну қоймаса 2% новокаин ерітіндісін көзге тамызу кажет.

Тыныс алу жолының тітіркенуі кезінде 2% сода ерітіндісімен шаю қажет, жылы сүтті содамен ішу кажет.

Диахлор таблеткалары

Универсал дезинфекциялаушы ерітінді болып құрамында натрий тұзды дихлоризоцианурлы қышқылы 1,5г (44,2% актив хлоры бар.) Таблеткалар суда жақсы ериді. Препараттың жұмыс істеуге арналған ерітіндісі тынық. Бөлмені өңдегеннен соң жеңіл, таза иіс қалады. Белгілі мөлшердегі қауіпті заттардың 3-ші класына жатады. Жұмыс істеуге арналған ерітінділерді үш тәулікке дейін қолдануға болады. Таблеткаларды үш жылға дейін сақтауға болады. Арнайы сақтауды қажет етпейді. Бұл зат дезинфекция үшін: ЕПҰ-ның әотүрлі объектілері үшін, инфекция ошақтарында, балалар мекемелерінде, камуналды қызмет объектілерінде, жалпы тамақтану ұйымында және азық-түлік базарында, (сүт, ет, наубайханаларда). «Деохлор таблеткалары» бактерицитті, вирулицитті, фунгицитті әсерге ие.

Сутегі тотығы-тотықтырғыштар тобына жатады. 29-30% концентратты «пергидроль» атымен өндірістікте сулы ерітінді болып шығарылады. Түссіз және иіссіз, ащы құрғатқыш дәмді ерітіндіні ұсынады. Жоғары бактерицитті әсерге ие. Сутегі тотығы ерітіндісі 0,5-6 % концентратты заттарды бұзбайды, металдар тот баспайды, азкөлемде улы. Сутегі тотығы ерітіндісі қараңғы, салқын жерлерде көпшілік қолдана алмайтын, қара түсті бөтелкелерде сақталады. Пергидролі бар бөтелдер сыртқы қаптағышы болуы керек. Абайлап тасымалдау керек.

Хлоргексидин биглюконат - (гибитан – глюконат) иіссіз сумен жақсы араласады. Жуушы әсерге ие, оңай сақталынады. Хлор гексидин-тынық ерітінді, 20% хлоргексидин биглюконатын құрайды. Анық антимикробты әсерге ие. Сулы ерітінділер операциялық блоктың күнделікті және қорытынды дезинфекциясы үшін, таңу, палата, және құрал-саймандар мен аппараттардың дезинфекциясы үшін қолданылады. Хлоргексидин биглюконаттың спиртті ерітіндісі операциялық медбике және хирургтың операция алдында қолын өңдеу үшін және науқастың операция алдында операционды майданды өңдеу үшін қолданады.

Дезапрев-Preventol CD 590/601 концнетрат (Германия)

Кең қолданылымға ие болған дезинфекциялаушы ерітінді. Жоғары бактерицитті, вирулицитті және фунгицитті активтілікке ие. Әсіресе туберкулез микобактериясына эффективті. Беткейлі дезинфекция үшін қолданылады (еден, қабырға) жиһаз, науқастың күтіміне арналған заттар, медициналық құрал-саймандар (сондай-ақ стаматологиялық) лаборатория ыдыс-аяқтары, төсеніш, санитарлы- техник құралдар, тазалау инвентарлары. Инфекцияға байланысты жұмыс істеуге арналған ерітінді 0,25%-тен4%ке дейінгі концентратты қолданылады. «Дезапрев»- тынық жеңіл құрғақ концентрат. Жұмысқа арналған ерітінді суда нейтрал, жеңіл лайқаланған. Әсер етуші зат: хлоркрезол, ортофенилфенол, хлорофен, глютардиальдегит. Қосымша: тензиттер, ерітушілер, тот басуды баяулатқыш, жұмсартқыш, бояғыш, су сақтайды. Жұмысқа арналған ерітінділер қолданар алдын дайындалады және 24 сағат ішінде ешқандай сақтаусыз пайдалануға болады. Гермитик ыдыста сақталынатын болса, 15 суткаға дейін қолдануға болады. Эффективті минимал концентрациясы препарат бойынша 0,25%. Олтималды концентрациясы препарат бойынша 0,5%ті құрайды. ИНФЕКЦИОНДЫ АУРУЛАР қозғатушылардың түріне және объектілердің залалсыздандыруына байланысты, 1%ерітіндісі және жоғары концентрациясы аз қолданылады.Бұның нәтижесінде микроорганизмдердің өмір сүру бейімділігі толығымен 15минуттық экспозициядвн кейін жоцылады. Беткейлік дезинфекция үшін жұмыс ерітіндінің

қалыпты шығыны 1кв метрге 100-1580мл. Жұмыс ерітіндіні дайындаудың қолайлылығы және кең қолданылымды, арнайы сақтауды қажет етпейтінділігі және барлық инфекционды вирусты аурулардың қозғатушыларына жоғары эффективті әсер етуі, «дезапрев» ҚР-ғы тиімді дезинфекциялаушы зат болып саналады.

Дезэфект –жоғары эфективті кең көлемде қолданылатын дезинфекциялаушы зат. Препарат бір қатар жоғары ерекшеліктерге ие, жоғары сапалы жәнетиімді. Арнайы компоненттеріне байланысты кең көлемді биоцитті әсерге, басқа препараттармен салыстырғанда активті қарым-қатынаста; бактерия соның ішінде туберкулез микобактериясы және холера қозғатушысы; вирустар соның ішінде АВС гепатиттері және полиовирустар; патогенді грибы және көгергенде. Препараттың жылы ерітінділері спороцитті әсерге ие. Экалогиялық таза, биологиялық бөлінгіш, қолдануда қатерсіз, науқастардың қатысуында қолдануға рұқсат етіледі. Дезинфекциялаушы қасиетпен қатар жуушы және хош иіспен әсер етеді.

Өткізілімге рұқсат етілді:



  • дезинфекциямен бір мезгілде медициналық құралдарды стерилизация алды тазалауды, жұмсақ және қатты эндаскоптар және оларға құралдар, хирургиялық және стаматологиялық құралдар, азық-түлік өндірістіктегі құралдар:

  • Күнделікті, қорытынды және профилактикалық дезинфекцияда сүрту және араластыру әдісімен.

  • құрамында фосфаттар, алдегиттер, актив хлор және оттегі болмайды, маталарды боямайды, объектілерді бұзбайды, кір болмайды, тот баспайды.

  • жұмыс ерітіндісі 14 күн ішінде эффективтілігін сақтайды, дезинфекцияның батырып қою әдісінде көп рет қолдануға болады.

  • мұздатылғанда өз әсерін жоғалтпайды.

  • оңай тәсілде ұсынылады: 5л және 1л дозатрмен кандистірлерде. Дозатор керекті концентрацияда жұмыс ерітіндісін тез және оңай дайындалады. Қызметкерлерді арнайы оқытуды талап етпейді, жұмыс ерітіндіні дайындауға және арнайы сақтауға арнайы бөлме талап етілмейді.

  • Жоғары және тиімді эффективтілікке ие.

  • Лизоформин 3000-сұйық, көк түсті тынық иіссіз концентрат. Қолданылады: Әртүрлі материалдардан жасалған медициналық құрал-саймандардың дезинфекция және стерилизация үшін.

Құрамы: 9,5% глутарлы альдегид, 7,5% глюоксаль, 9,6% дидецилдиметиламони хлориді, 6% алкилполиэтиленгликольді эфир, 1,8% иісті май, 0,5% стабилизатор.

Мінездеме: оңды грамм және солды грам бактерияларға актив бактерицитті әсер етеді. (соның ішінде туберкулез микобактериясы), фунгицитті, вирулицитті (соның ішінде гепатит ВСД, ВИЧ инфекциясы) спорацитті активтілікпен.

Жұмысқа арналған ерітіндінің сақтау мерзімі 14 күн.

Қасиеттері:

• Медициналық құралдарды 1 сағат ішінде стерилизациясын қамтамассыз етеді

• Құрамында хлоры жоқ.

• Дайындалған ерітінділер дезинфекция үшін 14 күн ішінде көп рет қолдануға болады.

• «Бланизол» препаратымен бірге қолданғанда дезинфекция және стерилизация алды тазалауды бір процессте өтуге болады.

• Лизоформин 3000 және Бланизол препараттарының біріккен ерітіндісі бактерицидті, фунгицидті, вирулицидті, спороцидті активтілікке ие.

• Стаматологиялық құрал-саймандардың дезинфекциясы үшін кең қолданылады.

• Шашатараз, косметологтар, маникюр-педикюр құрал-саймандарды дезинфекциялау үшін өте тиімді.

Препарат күнделікті және күрделі тазалау үшін кең қолданылады. Бұл препарат аурухананың специфик иісін жақсы жояды (мысал ретінде қабылдау бөлімі).Қолдану үшін арналған жұмыс ерітінділері. Бөлме температурасында жабық ыдыстарды (18-220С) көп рет 14 күн ішінде қолданылады.

Дезинфектанттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шаралары

Құрамында хлоры бар препараттарды дайындау кезінде арнайы киімді кию қажет-халат, орамал, мақталы дәке таңу, резеңке қолғап, көзілдірік. Дезинфекциялаушы ерітінділерді дайындайтын бөлме келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

• Бөтен және кішкентай балдар кіруге болмайды

• Жақсы желденетін

• Құрғақ

Теріге дезинфекциялаушы ерітінділер тиген кезде оны тез де сумен шаю керек. Көзгет тигенде екі процентті сода ерітіндісімен шаю, керек жағдайда 30% альбуцит тамызу, егерде ауру қоймаса көзге тамызатын құрамында 2% бар новокаинді тамшыны тамызу, жылы құрамында содасы бар сүтті ішу

ДЕЗИНСЕКЦИЯ - ішкі ортада инфекцияны тасымалдаушы қүрт-қүмырсқа, шыбын-шіркейді жою.

ДЕРАТИЗАЦИЯ - экономикалык және эпидемиялык катынаста адамға зиянды кемірушілермен күресу комплексті шаралары.


12. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)

Тесттер:

1. Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді палаталардың ішкі орта объектілерінде және стационарлы бөлімшелердің функционалды белмелерінде, медициналык аспаптарда және қүрал-жабдықтарда жою ____________аталады.

2. Оттегі қүрамдастарға қандай дезинфекциялаушы қүралдар жатады?

1) хлорамин

2) сутектің асқын тотығы

3) жасыл бриллианттың ерітіндісі

4) сулема ерітіндісі

5) калий перманганатының ерітіндісі 6)йод

Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:

А) 3,5,6

Б) 1,4,5

В) 1,2,5

Г) 2,5


Д) 2,4.

3. Хирургтың операция алдында қолын жууға қандай дезинфекциялаушы күралдар қолданылады?

1) калий перманганатының ерітіндісі

2) сулема ерітіндісі

3)диоцид

4) хлоргексидин биглюконаттың 0,5%-тік спиртгік ерітіндісі

5) сутектің асқын тотығы

6) қүмырска үсті кышқылының ерітіндісі (первомур)

7) фурацилин

Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:

А) 2,4,6

Б) 3,4,6

В) 1,6,7

Г) 2,5,6

Д) 3,6,7

4. Дезинфекция әдістерін атаңыз?

1) термиялык әдіс

2) химиялық әдіс

3) механикалық әдіс

4) биологиялық әдіс

5) консервативті әдіс

6) физикалық әдіс

Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:

А) 1,2,6

Б) 2,3,6

В) 2,4,6

Г) 1,3,5

Д) 2,3,5
5. Бөлімшеде инфекцияны табу мақсатымен жүргізілетін дезинфекция ______деп аталады.

6. Ошақты дезинфекцияның түрлерін атаңыз?

1) бастапқы

2) ағымды

3) негізгі

4)генеральді

5) қорытынды

Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:

А)2,5


Б)3,4

В)1,5


Г) 1,4

Д) 1,3,5
7. Аурудың төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау калай аталады (матрац, жастық, жамылғыш) ?

1) қайнатумен жуатын үйде жуу

2) камераларда пароформалинді және пароауалы әдістермен

3) 2% хлорамин ерітіндісінде сулау

4) кварцтау

5) кейінгі кептірумен үрып-соғу

8. Аурудың төсектік және денелік киімдерін дезинфекциялау қалай жүзеге асырылады?

1) камераларда пароформалинді және пароауалы әдістермен

2) 2% хлорамин ерітіндісінде сулау

3) жуатын ерітіндіде сулау

4) кварцтау

5) қайнатумен жуатын үйде жуу

9. Аурухана ішілік инфекцияны профилактикалау мақсатымен бөлімшеде күнде жүргізілетін дезинфекция ______аталады.

10. Сәйкестікті табыңыз:

1) дезинфекцияның механикалық әдісі

2) дезинфекцияның физикалық әдісі

а) қайнату

6) едендерді жуу

в) буды қолдану

г) киімдерді жуу

д) палаталарды кварцтау

11. Дезинсекция дегеніміз не?

1)зиянды шыбын - шіркей, күрт – құмырсқаларды жою

2) инфекцияны жою

3) ауруды санитарлық өңдеу

4) гигиеналық шаралар

5) микробтарды жою

Ситуациялық есептер.

1. Инфекциялык аурумен ауырған науқас стационардан шығарылды. Палатада қорытынды дезинфекцияны қалай жүргізу керек? Аурудың төсек-орын жабдықтарын калай дезинфекциялау керек?

2. Медбике палатаны тазалады, шаңды сүртті, аурудың төсек-орнын қағып жинады. Медбике пайдаланған дезинфекция түрін және әдісін атаңыз?

12. Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



Каталог: kafedra -> ses delo
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
kafedra -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Паллиативті медицина» Код: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі. Пән коды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет