Жұмыс бағдарламасы Пән: «Медициналық паразитология» Мамандық: «Дәрігерлік емдеу ісі»



бет1/18
Дата10.03.2017
өлшемі4,09 Mb.
#11343
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Оңтүстік Казақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

«Бекітемін»

Оқу-әдістемелік жұмысы және

тәрбие ісі жөніндегі проректоры

Анартаева М.Ұ.______________ «____»_______________ 2013 ж.


Жұмыс бағдарламасы
Пән: «Медициналық паразитология»

Мамандық: «Дәрігерлік емдеу ісі»

Оқу сағатының көлемі (кредиттің): 90 сағат (2-кредит)

Оқытылатын курс пен семестр: 2 - IV

Шымкент – 2013 ж.

Жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедрасында типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.


Кафедра мәжілісінде талқыланды, хаттама № ____ «_____»________ 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент: Есіркепов М.М.

Фармацевтикалық пәндер бойынша желілік әдістемелік комиссиясында талқыланды, хаттама № _____ «_____»_______ 2013 ж.

Төрағасы: ______________ х.ғ.д., проф. Патсаев А.К.


Әдістемелік Кеңесте талқыланды, хаттама №____ «_____»________2013 ж.

2.Бағдарлама:

2.1 Кіріспе. Медициналық паразитология пәні медициналық білім беруде фундаментальді пәндердің бірі болып санадалы. Медициналық паразитология - паразитизм құбылысын, адамдардағы паразиттер туындадатын ауруларды, олардың алдын алу және емдеу, адам паразиттерін жою жолдарын зерттейді.

Жануар тектес паразиттердің адамда туындататын аурулары үлкен топтаманы құрайды және оларды паразиттік аурулар деп атайды. Паразиттік аурулардың таралуы әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты (еңбек жағдайы, адамдардың тұрмысы, олардың мәдени дамуы және денсаулық сақтау ұйымдарының даму деңгейіне).

Паразиттік аурулар адам денсаулығына шынайы қауіп төндіруші болып келеді. Паразиттермен күресудегі басты мәселенің бірі олардың аралық қожайындары тасымалдаушы буынаяқтылармен күресу болып табылады.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдары БДҰ (ВОЗ) тропикалық аурулармен күресудің арнаулы бағдарламасын қабылдады. БДҰ деректері бойынша миллиондаған адамдар маляриямен, анкилостомозбен, шистомотозбен, филяриатозбен ауырады. Описторхоз, трихомоноз, токсоплазмоз және т.б. аурулар күрделі медициналық проблемаларды туындатады.

Туризм және кеңейтілген экономикалық байланыстар, тропикалық елдерден белгілі-бір аумақтарға тән емес көптеген паразиттік аурулардың таралуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ССРО ыдыраған жылдары бұрынғы совет үкіметі одағы құрамындағы мемлекеттерде паразиттер тудырадын аурулар саны күрт өсті, бұл жағдай Қазақстанда да әсіресе, Оңтүстік Қазақстан облысында байқалды.

Мұндай жағдайлар дәрігерлердің паразиттік ауруларға, паразиттердің экологиясы мен биологиясына, олардың туындататын ауруларының даму ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлуге мәжбүр етеді.

Медициналық паразитология курсы студенттердің тек қана теориялық білім ғана емес, сонымен бірге белгі-бір дағдыларды микроскопиялық техникада қолдануға мүмкіндік береді. Адамдағы паразиттік және трансмиссивтік аурулардың пайда болу себебтерін зерттеу, олардың алдын алу және емдеу жолдарының әдістерімен танысу студенттерге дәрігерлік дағдыда қолдануға мүмкіндік береді.



2.2.Пәннің мақсаты:

Студенттерде паразиттік ағзалардың тіршілік негізі туралы биологиялық білім қалыптастыру. Олардың табиғатттағы айналымы, диагностикалау, емдеу және алдын апу, әрі алған білімдерін клиникалық, медициналық-биологиялық пәндерді игеруге және дағдылы медицинада қолдана білуді үйрету.



2.3 Оқытудың міндеттері:

  • Паразитизм құбылысы және ағзалардың табиғаттағы арақатынасы туралы жүйелік түсінік қалыптастыру;

  • Паразиттердің биологиясын барлық даму сатыларында зерттеу.

  • Адам ағзасына ену және табиғаттағы айналымын түсіну мақсатында тасымалдаушылар мен паразиттердің даму циклын зерттеу.

  • Паразит-қожайын жүйесіндегі арақатынасты зерттеу.

  • Паразитологиялық, экология биосфера және ноосфера туралы медициналық – биологиялық ұғым қалыптастыру;

  • Ғылыми әдебиетпен және электронды базамен жұмыс істей білуді үйрету;

  • Паразиттік ауруларды емдеу және диагностикалау әдістерін, тасымалдаушылар мен паразиттермен күресу жолдарын зерттеу.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуі қажет:

. табиғаттағы биотикалық байланыстар түрлерін;



  • Паразитизм ұғымы туралы түсінікті және оның биологиялық маңызын;

  • Ағзалардың паразиттік тіршілік түріне бейімделу әдістерінің сипаттамасын;

  • Паразит түсінігінің анықтамасы және жіктелуін;

  • Қожайын түсінігінің анықтамасы және жіктелуін;

  • Ағза деңгейінде паразит-қожайын жүйесіндегі арақатынасын; паразиттің қожайынға патологиялық әсері және оның оған қайтаратын жауабы; қожайын иммунитетіне паразит реакциясы;

- тасымалдаушылар мен паразиттердің даму циклын зерттеу.

  • Табиғаттағы ауру қоздырғыштар айналымын;

  • Популяция деңгейіндегі қожайын-паразит жүйесіндегі арақатынас; паразитоценоз;

  • Паразитизмнің шығу тегін;

  • Табиғи-ошақтық аурулар;

  • Паразиттік ағзалардың негізгі топтамаларын: қарапайымдылар, гельминттер және буынаяқтылар;

- Паразиттік ауруларды емдеу және диагностикалау әдістерін, тасымалдаушылар мен паразиттермен күресу жолдарын зерттеу.

Студент істей білуі қажет:

  • әртүрлі паразиттерді микроскопта анықтай білу;

  • паразиттік ағзаларды сипатай және диагностикалай білу;

  • паразиттердің дернәсілдерін ажырата білу;

  • паразиттік ағзаларды тасмалдаушыларды сипаттай және диагностикалай білу;

  • паразиттердің адамға инвазиялық түрлерін жіктей білу;

  • табиғи-ошақтық ауруларды сипаттай және анықтай білу.

  • арнаулы терминологияны, анықтамаларды, электронды базаларды қолдана білу.

2.5 Реквизитке дейінгі: мектеп бағдарламасының жалпы биология курсы.

2.6 Реквизвттен кейінгі: микробиология, неврология, хирургия, терівенерология, ішкі аурулар, балалар аурулары.

2.7 Тақырыптық жоспар: тақырып, әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (дәріс, тәжірибелік, семинар, зертханалық, өзіндік жұмыс).
Дәрістің тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)




Кредит №1

1 семестр

1

Паразитологияның міндеті мен мақсаты. Паразитологияның қысқаша даму тарихы. Табиғаттағы биотикалық байланыстар түрлері.

Кіріспе дәріс

1

2

Паразитологияның негізгі түсініктері.

Дәріс презентация

1

3

Паразитологияның экологиялық аспектілері. Паразиттік өмір тіршілігіне морфофункциональды адаптациялану.

Дәріс презентация

1

4

Ауру қоздырғыштардың табиғаттағы айналымы. Трансмиссивті және табиғи-ошақтық аурулар.

Дәріс презентация

1

5

Паразиттік аурулардың алдын алу және диагностикалау әдістері.

Дәріс презентация

1




Барлығы:




5




Кредит №2

1 семестр

1

Қарапайымдылар типі паразиттік өкілдерінің эпидемиологиялық маңызы. Биологиясы, патогенді әсері, диагностикасы және тамыраяқтылар, талшықтылар, инфузория, споралылар класы паразиттік өкілдерінің алдын алу.

Дәріс презентация

1

2

Жалпақ құрттар типі паразиттік өкілдерінің эпидемиологиялық маңызы. Биологиясы, патогенді әсері, диагностикасы және трематодалар мен цестодалар класы паразиттік өкілдерінің алдын алу.

Дәріс презентация

1

3

Жұмыр құрттар типі паразиттік өкілдерінің эпидемиологиялық маңызы. Биологиясы, патогенді әсері, диагностикасы және алдын алу.

Дәріс презентация

1

4

Буынаяқтылар типі паразиттік өкілдерінің эпидемиологиялық маңызы. Биологиясы, патогенді әсері, диагностикасы және өрмекшітәрізділер класы, кенелер отряды, бунақденелілер класы паразиттік өкілдерінің алдын алу.

Дәріс презентация

1

5

Тропикалық паразитология негіздері.

Дәріс презентация

1




Барлығы




5




Барлығы




10


Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)




Кредит №1

1 семестр

1

Паразитологияның негізгі түсініктері.

Семинар

2

2

Қарапайымдылар типі. Тамыраяқтылар класы.

Тәжірибелік сабақ

2

3

Қарапайымдылар типі. Талшықтылар және инфузориялар класы.

Тәжірибелік сабақ

2

4

Қарапайымдылар типі. Споралылар класы.

Тәжірибелік сабақ

2

5

Жалпақ құрттар типі. Адамда паразиттік тіршілік ететін сорғыштар.

Тәжірибелік сабақ

2




Барлығы:




10




Кредит №2

1 семестр




1

Жалпақ құрттар типі. Таспа құрттар класы.

Тәжірибелік сабақ

2

2

Адамда паразиттік тіршілік ететін жұмыр құрттар.

Тәжірибелік сабақ

2

3

Буынаяқтылар типі. Өрмекшітәрізділер класы. Кенелер отряды.

Тәжірибелік сабақ

2

4

Буынаяқтылар типі. Бунақденелілер класы.

Тәжірибелік сабақ

2

5

Тропикалық аумақтардың паразитофаунасы.

Тәжірибелік сабақ

2




Барлығы:




10




Барлығы:




20


Студентің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны




Кредит №1

2 семестр

1

2


Медициналық протозоология. Паразиттік қарапайымдылардың патогенді әсері, залалдану жолдары, даму циклдары, морфологиясы және экологиялық ерекшеліктері. Диагностикалау әдістері. Протозойлық аурулардың емдеу принциптері мен жеке және көпшілік профилактикасы.

Тамыраяқтылар (Sarcodina) класы паразиттік өкілдерінің эпидемиеологиялық маңызы.



Презентация

Реферат


Глоссарий

Тест


Буклет

Ситуациялық сұрақтар

Баяндама


4

3

4


Кокцидий (Coccidiida) отряды өкілдерінің биологиясы, патогенді әсері. Токсоплазмоздың диагностикасы және профилактикасы.

Трипаносома (Trypanosomatidae) тұқымдасы паразиттік өкілдерінің патогенді әсері, биологиясы және эпидемиелогиялық маңызы. Лейшманиоз және трипаномосоздың диагностикасы мен профилактикасы.



4

5
6

Көпталшықтылардың (Polimastigida) биологиясы, патогенді әсері.

Гемоспоридий (Haemosporidia) отряды паразиттік өкілдерінің биологиясы, патогенді әсері. Безгек ауруының диагностикасы және профилактикасы.




4

7

8


Инфузория (Infusoria) класы паразиттік өкілдерінің биологиясы және патогенді әсері. Балантидиаздың диагностикасы және профилактикасы.

Паразиттік аурулар туралы жалпы түсінік (инфекциялық, инвазиялық, зоонозалық, антропонозалық, транмиссивті, табиғи-ошақтық). Адамның паразиттік ауруларының алдын алудың биологиялық негізі.






4

9
10

Сорғыштар (Trematodes) класы паразиттік өкілдерінің зақымдау, даму циклы, морфологиясы, экологияялық ерекшеліктері. Адам гельминттерінің географиялық таралуы.

Бауыр сорғышы мен фасциолипсистің патогенді әрекеті мен биологиясы. Фасциолез ауруының диагностикасы мен профилактикасы.



4

11

12


Қытай, мысық, ланцет тәрізді сорғыштардың патогенді әрекеті мен биологиясы. Описторхоз, дикроцелиоз және клонорхоз диагностикасы мен профилактикасы.

Өкпе сорғышы шистостомның патогенеді әрекеті, биологиясы. Парагонимоз және шистоматоздың диагностикасы мен профилактикасы



4

13
14

Таспа құрттар класы паразиттік өкілдерінің географиялық таралуы, эпидемиологиялық жіктелуі, зақымдауы, даму циклы, морфологиясы, экологиялық ерекшеліктері.

Адам гельминттерін диагностикалау әдістері (макроскопиялық, овоскопиялық, иммунологиялық, ПТР-ӘДІСІ). Адам гельминтоздарының жалпы профилактикасы мен емдеу жолдары.



4

15

«Теориялық паразитология негіздері» және «Медициналық протозоология» тараулары бойынша аралық бақылау.

Тест

Кеспе сұрақтар



2




Барлығы




30




Кредит №2

2 семестр

1

2


Сиыр және шошқа цепенінің патогенді әрекеті мен биологиясы. Цистицеркоз, тениоринхоз және тениоз ауруларының диагностика-сы мен профилактикасы.

Жалпақ лентец пен ергежейлі цепеннің патогенді әрекеті мен биологиясы. Гименолепидоз және дифиллиботриоздыңпрофилактикасы мен диагностикасы.



Презентация

Реферат


Глоссарий

Тест


Буклет

Ситуациялық сұрақтар

Баяндама


4

3

4


Эхинококкоздың патогенді әрекеті мен биологиясы. Эхинококкоздың профилактикасы мен диагностикасы. Бұл аурудың Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайы.

Альвеококтың патогенді әрекеті мен биологиясы. Альвеококкоздың профилактикасы мен диагностикасы.



4

5
6

Жұмыр құрттар класы паразиттік өкілдерінің географиялық таралуы, эпидемиологиялық жіктелуі, зақымдауы, даму циклы, морфологиясы, экологиялық ерекшеліктері.

Адам аскаридасы мен үшкір құрттың патогенді әрекеті мен биологиясы. Аскаридоз және энтериобиоздың профилактикасы мен диагностикасы.



4

7

8


Қылбас құрт пен риштаның патогенді әрекеті мен биологиясы.

Трихоцефалез және дракункулездің профилактикасы мен диагностикасы.

Анкилостома және угрицаның патогенді әрекеті және биологиясы. Анкилостомидоз және стронгилоидоз профилактикасы мен диагностикасы.




4

9

10


Трихинелла мен филярийдің паогенді әрекеті мен биологиясы. Трихинеллез және филяритоздың профилактикасы мен диагностикасы.

Дернәсілдері адам ағзасында миграцияланатын паразиттердің патогенді әсері мен биологиясы (larva migrans):спарганоз, цистицеркоз, ценуроз, токсокароз, анизакидоз, ангиостронгилез. Экологиясы, морфологиясы, зақымдауы, даму циклының ерекшеліктері.





4

11

12


Адам терісінің эктопаразиттері, әрі адамның трансмиссивті ауру қоздырғыштарын тасымалдаушы ретіндегі кенелердің эпидемиологиялық маңызы. Биологиясы, патогенді әсері, профилактикасы.

Бунақденелілер класы өкілдерінің медициналық маңызы мен биологиясы: таракандар, биттер, бүргелер, қандалалар.



4

13

14


Қос қанатты бунақденелілер өкілдерінің биологиясы мен медициналық маңызы: масалар, шыбындар, бәкене шыбын, шіркей, ақбас құмыты, сона, оқолақ.

Паразиттік бунақденелілермен күресудің әдістері мен жеке әрі қоғамдық профилактикасы.



4

15

«Медициналық гельминтология» және «Медициналық арахноэнтомо-логия» тараулары бойынша аралық бақылау.

Тест

Кеспе сұрақтар



2




Барлығы:




30




Барлығы:




60


2.8 Оқыту мен сабақ берудің әдістері: (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, тақырып таныстыру(презентация) және т.б.)

  • Дәрістер: шолу және мәселелік дәрістер, презентациялар.

  • Тәжірибелік сабақтар: ситуациялық есептер шығару, мультимедиялық қормен жұмыс жасау, компьютерлік модельдермен және бағдарламалармен жұмыс істеу, ситуацияларды модельдеу.

  • Студенттердің оқытушымен бірге өзіндік жұмысы: ситуациялық есептер шығару, кеңес беру, пікірталастар, рефераттар презентациясы, жеке және топтық тапсырмалардың орындалуын талдау.

  • Студенттердің өзіндік жұмысы: әдебиеттермен, мәліметтердің электорондық қорымен және компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу, ситуациялық есептер шығару; глоссарий құрастыру, тест тапсырмаларын шешу, ғылыми рефератты дайындау және қорғау.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет