Жұмыс бағдарламасы Пән: «Медициналық паразитология» Мамандық: «Дәрігерлік емдеу ісі»



бет8/18
Дата10.03.2017
өлшемі4,09 Mb.
#11343
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
лямблиялар

5. Әдебиет:

Негізгі

1. Биология.Под ред. В.Н.Ярыгина. Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004,

320с.

2. Биология. А.П.Пехов. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-



Медиа,2012.-656с.

3. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для

студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.

4. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,

Алматы, 2004

5. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер.с англ.-М.:Медицина,-1985,-

416с.,ил.

6. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник /В.И.Покровский и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа,2004 – 816с.:ил.

7. Тропические болезни:Учебник/ Под ред.Е.П.Шуваловой. –

М.:Медицина,1996. – 544с.ил.



Қосымша

1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных, «Высшая школа», М.,1981

г., 315с.

2. Догель В.А. Курс общей паразитологии. «Учпедгиз» , М.,1941 г.

3. Атлас по зоопаразитологии. : Чебышев Н.В., Далин М.В., Гусев

В.К. и др. –М.: Интерхим, 1997. 161с.

4. Инфекционные и паразитарные болезни (в 3-х томах). Возианова

Ж.И., М.:Изд.«Здоровье»,2002,2500с.

5. Иксодовые клещи - паразиты и переносчики инфекций. Балашов



Ю.С.,Изд. «Наука», 1998,330с.

6. Членистоногие, опасные для жизни и здоровья человека. Изд.
КазНУ, 2004, 197с.

7. Экологическая паразитология. Кеннеди К.,Изд. «Мир», 1978,

233с.

8. Учебник паразитологии с энтомологией. Осиповский А.И.


Изд. «Мед. Литература», 1959, 222с.

9. Руководство по паразитологии человека. Павловский Е.Н.


Изд. «АН СССР», 1949, 1022с.

6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланысы)

1. Қарапайымдылар типі ұйымдасуының негізгі белгілері.

2. Құрылысының негізгі сипаты мен жіктелуі.

3. Паразитті қарапайымдылардың экологиясының, морфологиясының, даму циклінің, жұғу жолдары, патогендік әсерінің ерекшелігі.

3. Протозойлы ауруларды диагностикалау әдістері.

4. Протозойлы аурулардың жеке және жалпылай алдын алу шаралары мен емдеу принциптері.


2

1. Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі паразиттік өкілдерінің эпидемиологиялық маңызы. Биологиясы, патогенді әсері, диагностикасы және трематодалар мен цестодалар класы паразиттік өкілдерінің алдын алу.

2. Мақсаты: Жалпақ құрттар типінің паразитті өкілдерін оқу.

3. Дәріс тезистері: Жалпақ құрттар типі трематодтар класына жататын (Trematoda), дигенетикалық сорғыштар (Digenea). Ересек түрі адам мен омыртқалы жануарларда, ал дернәсілдерінің көпшілігі моллюскаларда кейде басқа да омыртқасыздарда паразитті тіршілік етеді. Олардың 7000-нан астам түрі кең таралған. Дене пішіні әдетте созылыңқы, жазылыңқы, жапырақ тәрізді, сирегірек цилиндрлі немесе алмұрттәрізді. Кәдімгі трематодтарға 2 сорғыш тән, ауыздық (денесінің алдыңғы бөлігінде) және құрсақтық (жиі дененің ортаңғы бөлігінің құрсақ жағында). Ауыз қуысы алдыңғы бөлігіндегі сорғыштың астыңғы жағында, ал кейбір түрлерінде құрсақ бөлігінде орналасқан. Терілері оларға жақын орналасқан бұлшықет қабаттарымен бірігіп, тері – бұлшықет қапшығын құрайды, оның астыңғы жағында ішкі ағзалар орналасады. Дене қуысы жоқ; асқорыту, шығару, жүйке және жыныс жүйелері бар. Қан айналу жүйесі мен тыныс алу мүшелері жоқ.


Жыныс жүйесі дененің көп бөлігін алады. Трематодтардың (Schistosomatida, Didymozaidata отрядтары) кейбір түрлерінен басқалары қосжынысты (гермафродит) болып келеді. Жалпы трематодтардың барлығы жұмыртқалайды, кейбіреулері тірілей туады, олардың дернәсілдері жұмыртқадан жатырда жатқанда шығады. Келесідегідей дернәсілдік кезеңдер тән: кірпікшелі дернәсіл - мирацидий, қаптәрізді қозғалмайтын спороциста, редии, церкарии — құйрықты қозғалмайтын дернәсіл. Трематодтардың жекелеген түрлерінде даму циклі күрделі (спороциста мен редиилер сіңлілік ұрпақ беруі мүмкін), ал кейбірінде қарапайымдау (кейбір сатылары болмайды). Айналымға резервуарлы ие кірісуі мүмкін. Трематодтардаң көпшілігі трематоздарды тудыруымен белгілі. Адамдар мен жануарлардың трематодтармен зарарлануы бойынша ескерту шаралары олардың тіршілік циклын білуге негізделеді.

Таспа құрттар (Cestoda) – паразитті жалпақ құрттар классы (Platyhelmithes). Осы таксон өкілдері асқорыту жүйесін толық жоғалтқан. Кейбір түрлері адамға қауіпті паразиттер; олар тудыратын аурулар цестодоздар деген атауға ие.


Цестодалардың дәстүрлі тіршілік циклы бірнеше қожайын алмастыратын бір дараның онтогенезі болып табылады. Дефинитивті сатыдағылары су және құрлық омыртқалыларының ішегінде паразитті тіршілік етеді. Аралық қожайында тіршілік етушілер сатысы дене қуысы мен ұлпаларда (омыртқалылар және омыртқасыздар), шоғырлануы мүмкін. могут локализоваться в тканях и полостях тела.

Тіршілік циклды 3-4 этаптан тұрады. Алғашқы деңгейде ересек құрттар негізгі қожайынның ішегінде тіршілік етеді, жұмыртқалау арқылы көбейеді. Екінші деңгейде жұмыртқалар сыртқы ортаға топырақ немесе суға шығады. Құрлықта жұмыртқаларда аралық иеге ену фазасын қалыптастыратын дернәсіл немесе ұрық пайда болады. Жұмыртқасы суда дамитын кейбір түрлерде жұмыртқадан еркін жүзетін кірпікшелі дернәсіл шығады, онда екінші дернәсілдік фаза қалыптасады. Үшінші деңгейде дернәсілдер аралық қожайын денесінде көпіршікті дернәсіл – финнаға айналады. Финна өзінің ары қарай дамуы үшін негізгі қожайын ішегіне түсуі керек, онда финнадағы бас ішек қабырғасына жабысады да ары қарай құрттың өсу процесі басталады.

Паразитизмге байланысты таспа құрттардың көпшілігінде асқорыту жүйесі жойылған, сезім мүшелері мен жүйке жүйесі нашар дамыған. Аталған класс дене пішінінің таспа тәрізді созылыңқы (бірнеше миллиметрден 10 метрге дейін) болуымен сипатталады, дененің алдыңғы бөлігінде «бас» - жабысу мүшелерімен сколекс (сорғыштар, кейде хитинді тұмсықпен толыққан) орналасады. Бастан ары қарай мойын орналасады, ол таспа құрттың өсу аймағы болып табылады. Мойыннан үнемі жаңа бөліктер өсіп отырады. Дененің соңғы жағында жұмыртқалы аймақ болады, ондағы жұмыртқалар үзіліп, адам нәжісімен сыртқа шығады.

Бұл құрттар гермафродитті болып келеді және әрбір өлігінде қайталанады.


Кең тараған өкілдер:


   Жалған аяқтылар отряды (Pseudophyllidea)

   Жалпақ таспа құрт (Diphyllobothrium latum)

   Циклофиллид отряды (Cyclophyllidea):

   Бұқа цепені (Taeniarhynchus saginatus)

   Шошқа солитері (Taenia solium)

   Эхинококк (Echinococcus)



   Қой құрты (Multiceps multiceps)

4. Иллюстрациялы материалдар:

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет