ЖҰмыс бағдарламасы пәні: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» Пән коды: tkn мамандық : «Дәрігерлік емдеу ісі»


Радиациялық және бірлескен зақымдану кездерінде



бет11/11
Дата12.03.2017
өлшемі13,97 Mb.
#11592
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Радиациялық және бірлескен зақымдану кездерінде

көрсетілетін алғашқы медициналық көмек

Радиоактивті зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете білу, ең алдымен, зақымдайтын заттарды, радиациялық-қауіпті жерлерде ядролық жарылыс және апат жағдайларындағы қалыптасатын иондалған сәулеленуді, осындай зақымдаулардан адамда туындайтын ауру белгілерін және олардың таралуын, сонымен қатар зардап шегушіні қорғайтын және оған медициналық көмек көрсету үшін қолданылатын амалдарды білуден қалыптасады.



Иондалған сәулемен зақымданған кезде алғашқы көмек тез көрсетілуі керек. Бірінші орында зақымданушының өмірін сақтайтын іс-шараларды атқару керек. Содан кейін сыртқы гамма-сәулелерді азайту немесе жою керек., ол үшін қорғаныс құрылыстарын қолданады: баспана, тереңдетілген бөлмелер, кірпішті және бетонды ғимараттар. Радиациялы зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек (өзіне және бір-біріне көмек) сәулелі аурудың алғашқы белгілерін азайту немесе жоюды көздейді (біріншілік реакцияның алдын-алу мақсатында жеке дәрі-қобдишасынан құсуға қарсы дәрі – РСД немесе этаперазиннің бір таблеткасын қабылдайды). Ары қарай сәулелену қаупі бар болса (аймақтың радиоактивті зақымдануы кезінде) радиоқорғаныс дәрісі – цистамин – бір ретте 6 таблеткасын қабылдайды. Радиоактивті заттың әсерін жою үшін тері мен шырышты қабатқа санитарлы өңдеу мен киім және аяқ киімге дезактивация жасайды. Зақымданушының көзін жуып, аузын шаяды. Содан кейін зақымдаушыға респиратор, мақта-дәкелі таңғыш кигізіп немесе аузы мен мұрнын сүлгімен, орамалмен немесе шарфпен жауып, киіміне дезактивация жасайды.Бұл кезде желдің бағытын ескереді, киімнен түскен шаң басқа адамдарға түспес үшін. Радиоактивті заттар ағзаның ішіне түскенде асқазанды шаяды, адсорбтейтин дәрілерді береді (белсенді көмір). Зақымданушыда жүрек айну сезімі пайда болса, жеке дәрі қобдишасынан құсуға қарсы дәріні қолданады. Сәулеленген адам инфекциялы ауруларға тез шалдығатын болғандықтан, алдын-алу мақсатында бактерияға қарсы дәрілерді қолданады.Радиоактивті ластанудан (радиоактивті шаң) кейін санитарлы өңдеуді радиоактивті ластанған аймақта 1 сағат уақыт көлемінде жасалады. Ол үшін сыртқы киімді шешіп, желге арқасымен тұрып қағу керек. Содан кейін киімді жайып тазалау керек. Аяқ киімді сумен жуу керек немесе суланған шүберекпен сүрту керек. Мойын мен қолдың ашық жерлерін, противогаздың алдыңғы бөлігін таза сумен жуу, противогазды шешіп, ибетті тазалап жуып, ауыз бен көиейді шаю керек.Егер су жетпеген жағдайда, тері беті мен противогаздың алдыңғы бөлігін суланған анжымен сүрту керек. Киім мен аяқ киімді қыста таза қармен сүрту керек.

Алғашқы медициналық көмек көрсетуде, дәрі-дәрмектің ерекше тобын радиоқорғаныс заттары құрайды (оларды сәулеге қарсы заттар немесе радиопротекторлар деп атайды). Радиоқорғаушы заттар – иондалған сәуле әсеріне ағзаның тұрақтылығын жоғарылататын дәрілік заттар, олар сәулелі ауру мен радиациялық зақымданудың алдын-алу үшін қолданады. Мысалы: меркамин гидрохлориді, цистамин гидрохлориді, мексамин, батилол.

Радиациялы зақымдану кезінде қолданылатын барлық радиоқорғаушы заттар бөлінеді:


  • сыртқы бірреттік күшті сәулелендіруден қорғауға арналған медициналық дәрі-дәрмектер;

  • сыртқы ұзақ, әлсіз сәулелендіруден қорғауға арналған дәрі-дәрмектер;

  • ағзаның радиацияға тұрақтылығын жоғарылататын медициналық дәрі-дәрмектер.

Жұмыс істеп өтеу ұшін басқарушы студенттерді сапқа қойып 2 топқа бөледі:

-бірінші топ зардап шегушілер;

-екінші топ медициналық көмек көрсететіндер.


Оқушылар алғашқы медициналық көмек көрсету машықтануына кіріседі, төменде көрсетілген кезек бойынша және АИ-2 құрамындағы медициналық дәрі-дәрмектерді қолдана отырып:

+ зақымданушыларда асфикцияның (ауа жетпеу) барлық түрін жою: ауыз қуысынан бөгде заттарды, құсу массасын және тағы басқа дем алуға кедергі болатын заттарды. Ол үшін зақымданушының ауызын ашып басын бір шетке бұрып, шүберекпен оралған саусақпен ауыз қуысын тазалау керек;

+ өмірлік көрсеткіштер бойынша тез көмек көрсету, оған жүрекке уқалау мен жасанды тыныс алу (өкпенің жасанды деп алуы);

+ келесі жолдармен артериальды қан кетуді уақытша тоқтату керек: қатты қан кетіп жатқан жерден жоғарыға жгут салу, жарақаттан жоғарғы жерінде артерияны саусақпен басу немесе жарақат ішінде залалсыздандырылған дәке анжысымен басу;

+ герметикті таңғыш салу (кеуде қуысының жарақатында кеуде қуысының ішіне ауа кіруін жою үшін);

+ қол-аяқтарды иммобилизациялау (бекіту) (сынық кезінде, буындар жарақаттанғанда немесе күйік кезінде); жарақат аймағын залалсыздандырылған таңғыш заттармен жабу.

Бірінші медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, жедел бірінші дәрігерлік көмек көрсетіледі.

Оқытушы әр топкаалғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқанда қосымша қыстырма береді:

-сәулелену басталғанға дейін бұрын радиоактивтік зақымдану қаупі кезінде жеке сақтандыру үшін не қабылдайды?(4-ұя – алқызыл түстегі екі пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 1, әрқайсысы 6 таблеткалы цистамин);

-адам радиоактивті затпен зақымданған жағдайда не қабылдайды? (6-ұя – ақ түсті пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 2, йодты калий – 10 күн бойы әр күн сайын 1 таблеткадан);

-бас ауырғанда, қатты соққы тигенде және құсықты тоқтату үшін сәуленің бастапқы әсері кезінде не пайдаланылады? (7-ұя – көк түсті пеналдағы құсуға қарсы дәрмек этаперазин – 1 таблеткадан);

-сандырақтап қалған жағдайда не қабылдайды? (1-ұя – ауруды басатын дәрмек салынған шприц түтікті, 2% промодел ерітіндісі – 1мл).

3-сұрақ:«Халық пен жұмысшылардың радиациялық қорғаныс тәсілдері. Радиоактивті заттардың әсеріне құтқарушылар ағзасының қарсы тұруын жоғарылатудағы алдын-алу іс-шаралары» - 20 мин.

Радионуклидтер ағза мүшелерінде біркелкі жиналмайды. Адам ағзасында зат алмасу процессінде жасушаның биологиялық белсенді қосындысына және тұрақты элементтер атомдарын алмастырып, жергілікті үлкен мөлшерге жеткізеді. Радионуклид ыдыраған кезде химиялық элементтердің изотопы пайда болады, ол химиялық байланыстардың үзілуі мен молекуланың қайта құрылкына әкеледі. Радиациялы әсер сәулеленуге шалдыққан жерде ғана пайда болмайды. Радиация мөлшерінің жоғарылауы ағзаның иммундық жүйесін төмендетіп, әртүрлі ауруды қабылдағыш етеді. Сәулелену кезінде қатерлі ісік пайда болу мүмкіндігі жоғарылайды.

Ядролы бөлінудің өнімдері түскенде ағза ұзақ, интенсивтігі бойынша аз сәулелендіруге шалдығады.

Ағзаға радионуклидтер түскен мүшелер қатты сәулеленеді (дем алу мен ас қорыту мүшелері) және қалқанша без бен бауыр. Басқа мүшелер мен терілерге қарағанда, олар сіңірген мөлшер 1-3 есе жоғары. Концентрациялау қабілеті бойынша негізгі мүшелерді келесі қатарға орналастырады:


қалқанша без > бауыр > скелет > бұлшықет
Қалқанша безінде 30% жиналады, көбінесе йод радиоизотоптары. Радионуклид концентрациясы бойынша қалқанша безден кейін екінші орында бауыр орналасқан. Осы мүшенің сәулелену мөлшері көбінесе 99Мо, 132Те, 131I. 132I,140Ba,140La радионуклидтерімен шартталған.

Радиациялық қорғаныс тәсілдері

Халық пен қызметкерлердің радиациядан қорғау тәсілдері радиациялық қауіпсіздік нормалары мен негізгі санитарлық ережелермен регламенттеледі:



Халықты радиациядан қорғау:

  • радиациялық қауіптілікті жариялау

  • радиоактивті заттармен ластанған аймақтан халықты өткізу режимін сақтау;

  • радиоактивті ластанудан су мен тамақтану өнімдерін сақтау;

  • жеке медициналық қорғау заттарын қолдану;

  • ластану аймағының деңгейін анықтау;

  • халықтың сәулелендіруін дозиметриялық бақылау және су мен тамақтану өнімдерін радиоактивті ластануға сараптама жасау.

Ескерту белгілері бойынша халық қорғаныс құрылыстарында жасырыну керек. Олар толық қорғайды немесе радиация әсерін азайтады. Қауіпті ластану аймағында (1200 рад, 240 рад/сағ) адамдар баспаналарда 3 тәулік болу керек, содан кейін тұрғын үйге ауысып 4 тәуліктен көп болу керек. Қатты ластану аймағында (400 рад, 80 рад/сағ) баспанада 3 тәулікке дейін болу керек,тәулігіне 3-4 сағат қажет кезде шығуға болады. Бұл кезде тері мен дем алу мүшелерін қорғайтын заттар қолдану керек. Орташа ластану аймағында (40 рад 8 рад/сағ) халық бірнеше сағатқа баспанада болады, кейін тұрғын үйлерге көшуіне болады. Үйден бірінші тәуліктерде 4 сағаттан кейін шығуға болады. Барлық жағдайда жеке қорғау заттарын қолдану керек. Радиациялық зақымданудың алдын-алу шаралары жеке дәрі-қобдишасының ішіндегі заттармен жүргізіледі. Аймақта радиация деңгейі жоғары болғанда, радиациялық зақымдану қаупі болғандықтан бірінші медициналық көмек көрсету мүмкін емес, сондықтан өз-өзіне және бір-біріне көмек көрсетудің маңызы зор. Радиоактивті заттармен ластанған аймақта су ішуге, тамақ жеуге және жерге жатуға болмайды.
Радиоактивті заттардың әсеріне құтқарушылар ағзасының қарсы тұруын жоғарылататын алдын-алу шаралары.

131-135 йодтың изотопы ерекше радиобиологиялық қауіпті. Йодтың радиоактивті изотоптары адам ағзасына асқорыту, дем алу мүшелері, жарақат пен тері бетінің күйіктері арқылы енеді. Йодтың еріген қосындылары жоғарыда аталған жолдар арқылы 100% жетеді. Апаттан кейінгі уақытта йод радиоизотоптарының ингаляциялы жолмен түсуі қауіпті.

Йодтың радиобелсенді изотоптарының жиналуынан ағзаны қорғау үшін тұрақты йод дәрі-дәрмектерін қолданады. Олар қалқанша безінің блокадасын жасап, сәулелену деңгейін азайтады.
Калий – йодид тұрақты таблеткаларын қолдану

инструкциясы

Калий-йодид таблеткалары – адамның қалқанша безіндегі радиоактивті йодтың жиналуын төмендететін дәрі. Радиоактивті ластанған ластанған жайлауда жайылған сиыр мен ешкінің сүтін пайдаланғанда, калий-йодид дәрісі 50-60 рет қалқанша безінің сәулеленуін төмендетеді. Калий-йодидті бірреттік қолданғанда қорғаныс әсері бір тәулікке дейін сақталады. Радиобелсенді йодпен ластанған өнімдерді жүйелі түрде тамаққа қолданғанда калий-йодид таблеткаларын күніге ішу керек.


Пайдалану тәсілі мен мөлшері

Радиоактивті ластану пайда болған кезден бастап, калий-йодид таблеткаларын күніне 1 рет ашқарынға 10 таблетка қабылдау керек, мөлшері:



  • 5 жастан жоғары ересектер мен балалар – 0,25г;

  • 2 жастан 5-ке дейін – 0,125г;

  • 3 айдан 2-ге дейін – 0,040г;

  • Сүт еметін нәрестелерге 0,25г калий-йодид қабылдаған анасының сүтімен келетін мөлшер жеткілікті.

Барлық жастағы балаларға тамақтану алдында 0,02г калий-йодидті ерітінді түрінде (тәтті, қайнаған су) беру керек. Асқазан-ішек жолдарын тітіркендірмеу үшін дәріні тәтті шәй немесе кисельмен ішу керек. Балаларға дәріні ұнтақтап, кисель немесе шәйға ерітіп беру керек. Дәріні қабылдағаннан кейін кисель немесе тәтті шәй ішкізу керек.




Тұрақты йодты қабылдау уақыты

Қорғаныс әсері, %

Ингаляцияға 6 сағат қалғанда

100

Ингаляция кезінде

90

Бірреттік енуден кейін 2 сағатта

10

Бірреттік енуден кейін 6 сағатта

2

Радиациялық апат кезінде медициналық қорғау заттарына келесі дәрі-дәрмектер жатады.

Біріншілік реакцияны жояды:



  1. Диметкраб таблеткада

  2. Аминазин 2,5

  3. Күкірт қышқылды атропин 0,1%

  4. Жүректік: кардиомин 25%, коргликон 0,06%, сульфокамфокаин 10%.

  5. Коллапсқа қарсы (қысымның күрт түсуі): мезатон 1%, норадреналин 0,2%.

  6. Зәр айдайтын: лазикс, манитол.

  7. Дезинтаксикациялы (улануға қарсы): гемодез, натрий хлорид 0,9%.

  8. Антибиотиктер: ампициллин, оксациллин.

  9. Қан тоқтатушы: Е-аминокапрон қышқылы 5%.

  10. Ауаға қарсы және десенсибилденген (аллергияға қарсы) анальгин, димедрол.

  11. Нуклидтің шығуын тездететін: йодты калий, пентацин 5%, адсобар, күкірт қышқылды магний.

  12. Жергілікті жарақатқа көмектесуші: контрикал, новокаин.

III. Сабақты қорытындылау- 5 мин.

Оқытушы өткен сабаққа қысқаша талдау жасайды. Сабақтың тақырыбын, сабақтың мағынасын еске салады. Студенттер сұрақтарына жауап беріп, өз бетінше дайындыққа тапсырма береді.

Әдістемелік істеуді құрастырған

аға оқытушы

майор Базарқұлов Н.К.
Бекітемін

ОҚМФА әскери кафедра бастығы
полковник А. Айтов

«___»_____________2012г.


ӘДІСТЕМЕЛІК ІСТЕУ

«Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», «Мейірбике ісі», «Дәрігерлік емдеу ісі», мамандықтарының студенттеріне «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша

сабақөткізуге арналған
Тақырып №8:«Шаруашылық объектілерінін жұмыс істеунің тұрақтылығын арттыру тәсілдері»
Оқу мақсаты:


  • төтенше жағдайларда өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығын күшейту жолдарымен таныстыру;

  • өнеркәсіптегі персоналды қорғау шараларын күшейтудің әдістерімен таныстыру;

- объектіні басқару жүйесінің, инженерлік- техникалық комплекстің тұрақтылығын күшейту әдістерімен таныстыру

- өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығына әсер ететін факторлармен таныстыру


Тәрбиелік мақсаты: Студенттерді дербес және ұжымдық қауіпсіздікті оқып, үйренуге тәрбиелеу
Сабақ түрі: тәжірибелік

Уақыт:1 сағат(50 мин)

Орын: Әскери кафедра

Сабақ тәсілі: түсіндіру, оқу, жаттығулар.
Жалпы ұйымдастыру-әдістемелік нұсқамасы

Сабақ әскери кафедра территориясында өткізіледі. Сабақ алдында - сабақ өтетін орынды дайындау, керекті оқу-материалды заттарды түгендейді.

Сабақ ұйымдастыру бөлімінде оқытушы студенттердің санын және сабаққа дайындығын тексереді. Одан кейін өтетін тақырыпты, оқу сұрақтарын, сабақтың мақсатын түсіндіреді.

Сұрақ бойынша -Шаруашылық объектілеріндегі тіршілік қауіпсіздік шараларын дұрыс жүргізе білу табиғи, техногенді апаттар кезінде, ядролық қаруды қолданған жағдайда өнеркәсіп жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету

Сабақтың соңында өткен сұрақтардың маңызын атап өтіп, қысқаша қорытынды жасайды.
Тақырыпты оқыған кезде студенттер білу тиіс:

- бейбіт және соғыс уақыттарындағы төтенше жағдайлар кезіндегі өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығының негізгі шаралары туралы білу тиіс.


Оқу-құралдарымен жабдықталуы:

а) Әдебиеттер

1. Гринин.А.С. «Тіршілік қауіпсіздігі». Москва-2002 ж.

2. Белов. С. В. . «Тіршілік қауіпсіздігі». Москва- 1999 ж.

3. Кукин. П. П. «Тіршілік қауіпсіздігі». Москва- 2003 ж.

4. Аманжолов. Ж. К., Балабас. Л. Х. . «Тіршілік қауіпсіздігі». Астана-2009 ж.
б) Құрал-жабдықтар:

1. Интерактивті тақта.

2. Мультимедиялық проектор.
Оқу сұрақтары және уақыты




п/п

Сабақтың атауы


Уақыт

I

Кіріспе

3

II

Негізгі бөлім

45




1. Бейбіт және соғыс уақыттарындағы төтенше жағдайлар кезіндегі өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығы. Өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығына әсер ететін факторлар.

20

2.Төтенше жағдайлар кезінде өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығын күшейту жолдары. Өнеркәсіптегі персоналды қорғау шараларын күшейтудің әдістері. Объектіні басқару жүйесінің, инженерлік-техникалық комплекстің тұрақтылығын күшейту әдістері.

25

III

Қорытынды

2




  1. Кіріспе- 3 минут

Төтенше жағдайлар кездерінде экономика объектілеріндегі адамдарды қорғау бұл социалді – экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, емдеу-профилактикалық шаралардың адам денсаулығын және жұмыс істеу қабілетін сақтау үшін жүргізілетін шаралардың іске асуы. Объектідегі адамдарды қорғау қауіпсіздік шараларының дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болады. Объектілердегі қауіпсіздік шаралары көптеген факторларға тәуелді: шикізаттың физика –химилық қасиетіне, технологиялық процестің сипатына, құрал-жабдықтардың сапасы мен конструкциясына, материалдарды сақтау мен тасымалдануына, апатқа қарсы құрылғылардың тиімділігіне байланысты. Одан басқа өндірісте істейтін персоналмен профилактикалық жұмыстар өткізілуі, төтенше жағдай кезінде сол жағдайға байланысты персоналдың әрекет етуі және апатқа қарсы техникалық құралдардың дайын болуы.


Экономика объектілеріндегі тіршілік қауіпсіздік шараларын дұрыс жүргізе білу табиғи, техногенді апаттар кезінде, ядролық қаруды қолданған жағдайда өнеркәсіп жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады.
II. Негізгі бөлім – 45 минут

1-сұрақ: «Бейбіт және соғыс уақыттарындағы төтенше жағдайлар кезіндегі өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығы. Өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығына әсер ететін факторлар» - 20 минут.
Қазіргі кезде экономика объектілері мен халық шаруашылықтарында тұрақтылық пен қауіпсіздік шараларын күшейтуге қойылатын талаптар күшейіп отыр. Бұған техногенді апаттар мен катастрофалар көбеюі әсер етіп отыр. Статистикаға сүйенсек соңғы жылдары төтенше жағдайлар салдарларынан мемелекетімізде материалдық шығындар мөлшері 10-30%-ға көбейіп, ұлттық өнімдердің өсімі апаттар мен катастрофалар әкелетін шығындардың орнын жаба алмайтын жағдайда.

Экономика объектісі деп – адам еңбегімен жасалынылатын халық шаруашылығындағы экономика өнімдерін өндіруді айтады. Экономикалық өнім түрлері материалдық – заттық немесе информациялық (интеллектуальді) турде болуы мүмкін.

Экономика объектілеріне түрлі өндіріс, энергетика, транспорт, ауылшаруашылығы объектілері, ғылыми зерттеу, конструкторлық – проектикалық, социалді және т.б. жатады.

Барлық экономика объектілері - өндіріс, транспорт, энергетика, агроөндіріс проектілері қауіпсіздік және қорғаныс шараларына жауап бере алатындай жоспарлануы керек.

Барлық талаптарға сай проекция жасалынған объектілердің өздерінде төтенше жағдайлар кезінде апаттарға, катастрофаларға, адам шығындарына әкеліп жатады.

Халық шаруашылығының объектілер тұрақтылығы - өз қарамағындағы територрия мен шаруашылық звеноларындағы халықты қорғауға жауап бере алатындай жұмыс атқара алуы керек.

Қазіргі экономикалық объектілер түрлі материалдардан салынған күрделі инженерлік – экономикалық комплекстер болып табылады, олардың тұрақтылықтары жасалған элементтеріне байланысты. Мұндай элементтерге өндіріс персоналы, өндіріс цехтары мен ғимараттар, жабдықтау жүйесінің элементтері (шикізат, электроэнергия, газ, жылу), өндірісті басқару жүйесінің элементтері; қызметкерлер қорғанатын қорғаныс құрылыстарынан тұрады.

Объектінің тұрақтылық проблемаларын қарастырған кезде көңіл аударатын нәрселер:



  • экономика объектісінің тұрақтылығы;

  • экономика объектісінің функционалды тұрақтылығы.

Экономика объектісінің тұрақтылығы дегеніміз – табиғи және техногенді зақымдау факторларының күшіне өндіріс комплексінің инженерлік-техникалық құрылысының төтеп беруін айтады.

Экономика объектілеріне зиян келтіретін сыртқы факторлар:



  • жер сілкінуі;

  • су тасқыны;

  • өрт;

  • дауыл;

  • басқа ( көрші) объектідегі апат;

  • соғыс уақытында болатын жарылыстар.

  • Экономика объектілеріне зиян келтіретін ішкі факторлар:

(өндірістің өзінде болатын апатты жағдайлар).
Экономика объектісінің функционалды тұрақтылығы дегеніміз - өз уақытында керекті өндіріс заттарын шығару және де зақымдау факторы әсер еткен жағдайда аз уақыт ішінде қалпына келтіріліп, жұмысын жалғастыру.

Экономика объектілерінде тұрақтылықты қамтамасыз ету жоспарларын құру және қамтамасыз ету шараларын кәсіпорын басшылары, қала әкімшілігінің комиссиясы жүргізеді. Олар өткізілетін шараларға бөлінетін керекті материалдық және қаржылай қажеттіліктер үшін жауап береді.

Экономика объектілерінде тұрақтылықты қамтамасыз ету комиссиялары өндіріс орындары басшылары, әкімшіліктің, АҚ басшыларынан құрылады. Бұл комиссияның міндеті – объектілердің тұрақтылығын қамтамасыз етудің жоспарын құру, алдын-ала дайындау және өз жұмыстарын басқа мемлекеттік органдармен бірлесе жүргізу.

Комиссияның негізгі міндеті–төтенше жағдай кезінде экономика объектілерінде жұмыстарды тез арада қалпына келтіру, жұмысты өз қарқынында жүргізу, адам шығындарын азайту болып табылады.

Экономика объектілерінің функционалды тұрақтылығын сақтаудың ережелері инженерлік – техникалық шаралардың проектісінің нормативтерінде көрсетілген.

Өндірістің барлық көрсеткіштері мен төтенше жағдайдың зақымдау факторлары өндіріс объектісінің декларациясына енгізілуі керек.

Декларацияға міндетті түрде жататындар:


  • аса қауіпті өндірістер (жарылғыш заттарды қолданатын кәсіпорындарда жарылығш заттар мөлшері қалыпты деңгейден аспауы керек);

  • гидротехникалық құрылыстар.

Экономика объектілерінің тұрақтылығын анықтайтын бірнеше факторлар бар:



  • зақымдау факторларынан персоналды қорғайтын тиімді жүйенің болуы;

  • объектінің зақымдау факторланрына қарсы тұру қабілеті;

  • өндіріс орынын төтенше жағдай кезінде керекті заттармен қамтамасыз ету (шикізат, жанар - жағар май, су, газ т.б.);

  • өндіріс зақымданған жағдайда қалпына келтіру.

Бұл факторлар өндірістің құрылысы кезінде және эксплуатация жасаған кезде есепке алынуы керек. Құрылысты жүргізетін територрия табиғаттың апатты жағдайларын (жер сілкінуі, су басуы, өрт) есепке алады.

Экономикалық өндіріс объектісіне зиян тигізетін табиғи факторлар мыналар болуы мүмкін: объектінің сейсмоқауіпті аймақта орналасуы, қар көшкіні, сел, дауыл болуы, одан басқа да табиғи және метерологиялық факторлар болуы.

Экономикалық өндіріс объектісінің тұрақтылығына сол територриядағы басқа құрылыстардың структурарсы, көрші орналасқан өндіріс орындары, транспорт коммуникацияларыда әсер етеді. Объектінің ішкі жоспарлануыда өрттің тез тарауына, ядролық жарылыс кезінде соққы толқыннан қирап кетуі және уландырғыш токсикалық заттардың тез таралуына ықпал етуі мүмкін.

Объектінің тұрақтылығы өндіріс түріне, сол жерде істейтін қызметкерлер мен жұмысшылардың квалификациясына, қызметкерлердің техника қауіпсіздігі шараларына дайындығынан, өндіріс орындағы тәртіптен, объект басшылығы мен техникалық – инженерлік құрамның өз міндеттеріне жауапты қарауына байланысты болады. Объектінің тұрақтылығының деңгейі ғылыми-зерттеу және конструкторлық әдістемелерге, жаңа технологияларды іске қосуына байланысты.

2 сұрақ «Төтенше жағдайларда кезінде өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығын күшейту жолдары. Өнеркәсіптегі персоналды қорғау шараларын күшейтудің әдістері. Объектіні басқару жүйесінің, инженерлік- техникалық комплекстің тұрақтылығын күшейту әдістері» - 25 минут.
Экономика объектілеріндегі тұрақтылықты күшейту

Экономика объектілерінде тұрақтылықты күшейту шараларының орындалуы мына бағыттарға байланысты:



  • өндіріс апаттарын, табиғи және техногенді сипаттағы авариялық жағдайлардың алдын-алу;

  • ірі өндірістік апаттар, катастрофалар болған жағдайда адам шығынын азайту;

  • табиғи және техногенді апаттар болған жағдайда оның зардабын жою.

Кәсіпорындардың, өнеркәсіптердің, басқа да объектілердің тұрақтылығын күшейту үшін жүргізілетін негізгі бағыттар:



  1. Жергілікті халықты, қызметекрлерді, жұмысшыларды, олардың отбасыларын төтенше жағдайлар кезінде қорғау және қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету.

  2. Қала аумағындағы кәсіпорын, өнеркәсіптерді төтенше жағдайға байланысты рациональді орналастыру.

  3. Өнеркәсіп, кәсіпорындарды төтенше жағдай кезінде жұмыс істеуге дайындау.

  4. Төтенше жағдайлар кезінде өнеркәсіп, кәсіпорындарды қалпына келтіруге дайындық жүргізу.

  5. Өнеркәсіп, кәсіпорындардың төтенше жағдайлар кезіндегі проблемаларды шешу үшін басшылық жүйесінің дайындығы.

Экономика объектілерінің тұрақтылығына дайындығын тексеруге алдын-ала зерттеулер жүргізіледі. Зерттеу жұмыстары объект эксплуатацияға берілмей жатып басталады. Мұндай зерттеулер арнайы мамандар көмегімен техникалық, экономикалық, экологиялық экспертизалар жасау түрінде жүгізіледі.


Объектінің тұрақтылығын зерттеу ( бағалау) үшін келесі нұсқаулықтар жүргізіледі:

  • экономика объектілерінің схемасына анализ жасап, оның тұрақтылығына әсер ететін элементтерді есепке алу;

  • объектінің тұрақтылығына, басқару жүйесінің жұмыс істеуіне, технологиялық қондырғылардың электрмен, жанар-жағар маймен қамтамасыз етілуіне физикалық баға беру;

  • мүмкін болатын төтенше жағдайлардың объектіге және орналасқан аймаққа алдын-алу болжам жасау;

  • төтенше жағдайлар әкелетін зардаптардың параметрлерін бағалау ( жер сілкінісі, ядролық жарылыстан болатын соққы толқыны, су басу, сәулеленудің дозасы, улы заттардың әсер ету деңгейі);

  • қайта зақымдау факторларының параметрлерін бағалау (мысалы: ядролық қаруды қолданғанда);

  • критерилік параметрлерді анықтау (объектінің жұмысына кедергі келтірмейтін зақымдау факторларының параметрі);

  • критикалық радиустың әсерін анықтау (объектінің жұмысына кедергі келтірмейтін, зақымдау факторынан есептегендегі минимальді қашықтық);

  • төтенше жағдайдан кейінгі объектінің жұмысын жалғастыру қабілетін басқа көрсеткіштермен салыстырмалы түрде болжау.

Бұл жағдайларда объектінің сипаты, ғимараттар мен үйлердің саны, олардың орналасу тығыздығы, бір ауысымда істейтін жұмысшылар саны, ғимараттардың конструкциясының ерекшліктері, қондырғылар, коммуналды – энергетикалық жүйелер, қорғаныс құрылыстарының сипаты т.б. есепке алынады.

Зерттеулердің алғашқы этапында өндіріс объектілерінің, оның жеке элементтерінің төтенше жағдайларға тұрақтылығына анализ жасалынады.
Бұл этапта жасалынатын анализдер:


  • технологиялық комплекстер мен қондырғылардың сенімділігі;

  • өндірістің жеке бөлімдерінде күтілетін апаттардың зардаптары;

  • ядролық жарылыс жағдайында соққы толқынының таралуы;

  • өрт болған жағдайда өрттің таралуы;

  • уландырғыш заттардың таралуы;

  • токсикалық, жарылғыш заттардың, өрттің қайта зақымдау (екіншілік) мүмкіндігі.

Зерттеулердің екінші этапында объектінің тұрақтылығын зерттеу шаралары мен төтенше жағдайдан кейінгі қалпына келтіру шараларына зерттеулер жүргізіледі.

Тұрақтылықты зерттеу кәсіпорын басшылығы, азаматтық қорғаныс басшылығы, инженерлік-техникалық персонал жағынан қадағаланатын, ұзаққа созылатын динамикалық процесс.

Қандайда болмасын объектінің тұрақтылығын жоғарлататын факторлардың бірі болып – персоналдарды қорғаудың сенімді жүйесінің болуы. Осы жағдайларға байланысты адамдарды қорғау ғимараттары салынып, хабар беру қондырғылары орнатылады.

Инженерлік-техникалық қорғау комплексі - өндірістің материалдық құндылықтарын, ғимараттарды, үйлерді, өндірістегі қондырғыларды қорғауға арналған.

Канализация жүйесі, оның дұрыс жұмыс істеуі, ластанған суды тасымалдауы негізгі сұрақтардың бірі болып табылады, себебі канализация жүйесі істен шықса немесе дұрыс жұмыс істемесе ішек ауруларына және де эпидемияға соқтыруы мүмкін.

Электр жүйесін қорғауды тұрақтандыру үшін, электор желілерін жер асты арқылы жүргізу керек.

Объектіні газбен қамьамасыз еткенде оның қауіпсіздік сақтау шараларына көңіл бөлу керек, өйткені өрт пен жарылстарға әкелетін себептерге газ құбырларындағы ақаулар себеп болуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар кезінде кәсіпорын мен тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету жүйесіне де зақым келуі мүмкін. Бұл су басу жағдайына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда тұрақтылықты күшейту үшін жылу жүйесінің қосалқы варианты болу керек (дублирование).

Ядролық жарылыстар кезінде соққы толқынының әсерінен жер асты коммуникациялары зардап шегуі мүмкін. Сол үшінде жерасты коммуникациялары соққы толқынына төтеп беретіндей етіп оның конструкцияларын күшейту қажет.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың зақымдау факторларына экономика объектілерінің орналасу ауданына байланысты болады. Зардап шеккен аудан өз територриясындағы өнеркәсіп пен кәсіпорындар орналасуына байланысты төтенше жағдайлар кезінде шешуші фактор болып табылуы мүмкін.

Эконмика объектісінің тұрақтылық деңгейін анықтаған соң, ақауы бар жерлерінің тұрақтылығын күшейту мақсатында келесі шаралар орындалады:



  1. Төтенше жағдай себептерінің алдын-алу.

  2. Төтенше жағдайдың алдын-алу.

  3. Төтенше жағдайдың зардабына төтеп беру мақсатында объектідегі қондырғыларды рационалды орналастыру, олардың резервінің болуы.

  4. Зақымдау факторларынан қорғау үшін қорғау құралдарын пайдалану және уақыт пен арақашықтықты үнемдей білу.

Экономика объектілернің тұрақтылығын күшейтудің жалпы талаптары – бұл эффективті және экономикалық жағынан қолайлы.

Экономика объектілерінің тұрақтылығын күшейту шаралары алдын –ала жасалған социалды – экономикалық даму және мобилизация жоспарларымен жасалынады. Бұл жоспарды жасайтындар қала әкімшілігінің мобилизация бөлімі және азаматтық қорғаныс басшылығы.

Бұл шаралардың барлығын іске асыратын өрт қауіпсіздігі қызметі мен азаматтық қорғаныс басшылығы.




III. Қорытынды – 2 минут.

Төтенше жағдайлардың алдын-алу – қазіргі заманның акутальді проблеммаларының бірі. Алдын-алу шаралары дұрыс жүргізілсе, халық уақытында хабарланса, құтқарушылар құтқару жұмыстарын дұрыс жүргізген жағдайда адам шығындарын азайтуға, материалдық құндылықтарды құтқаруға, және де экономика объектілерінің жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Өнеркәсіп немесе кәсіпорын төтенше жағдайлардың алдын-алу үшін профилактикалық, инженерлі-техникалық шараларды жүргізген жағдайда төтенше жағдайлардың пайда болу көздері азаяды.

Экономика объектілеріндегі тіршілік қауіпсіздік шараларын дұрыс жүргізе білу табиғи, техногенді апаттар кезінде, ядролық қаруды қолданған жағдайда өнеркәсіп жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады.



Әдістемелік істеуді құрастырған

Аға оқытушы Спатаев Т.

ТҚН ПӘНІ БОЙЫНШАТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

~ Жаппай-қырып жою қаруына ... қару жатады:

| ядролық+

| кәдімгі

| генетикалық

| информациялық

| климатикалық



~ Соққы толқынының пайда болу себебі:

| шектен тыс қысым+

| жоғары температура

| альфа, бета және гамма бөлшектерінің бөлінуі

| ылғалды атмосфера

| жердің беткі қабатының толқуы



~ Соққы толқынының әсері адамдарға ... тудырады:

| түрлі ауырлықтағы жарақаттар+

| жұқпалы аурулар

| жүйке жүйесі жұмысының бұзылуын

| көру функциясының жоғалуын

| есту функциясының жоғалуын



~ Ядролық жарылыстан пайда болатын жарық сәулесі ... алып келеді:

| терінің күюіне+

| мидағы орталықтардың салдануына

| шаштың түсуіне

| жүйкелі-психикалық өзгерістерге

| тұншығуға



~ Бактериологиялық қарудың зақымдау факторы ... болып табылады:

| микроорганизмдер+

| иммунодефицит

| электромагнитті импульс

| биологиялық улар

| уланған су



~ Жаппай- қырып жою қаруын қолданған жағдайда халықты қорғау үшін қолданылады:

| паналау ғимараттары+

| демалу аймақтары

| көліктер

| үйлер

| ағаштар



~ Жаппай- қырып жою қаруынан коллективті қорғану үшін ... қолданылады:

| паналау ғимараттары+

| тұрғын үйлер

| сайлар


| ормандар

| үй шатырлары



~ Панаханалар орналасуына байланысты ... болып бөлінеді:

| жеке салынған+

| бірлесе салынған

| тереңде орналасқан

| қалалық

| қала сыртында орналасқан



~ Паналау ғимараттарында бір адамға отыратын ... аумақ қажет:

| 0.5 м кв+

| 0.6 м кв

| 1 м кв


| 2 м кв

| 2.5 м кв



~ Тыныс алу мүшелерін қорғау үшін ... қолданылады:

| газқағар+

| жалпы әскерлік қорғаныс костюмі (ОЗК)

| жеңіл қорғаныс костюмі Л-1

| өкпені жасанды тыныс алдыру

| тыныс алуды тоқтату



~ Теріні қорғайтын табельді зат ... болып табылады:

| жалпы әскерлік қорғаныс костюмі (ОЗК)+

| жұмыс киімі

| су өткізбейтін плащ

| мақтадан жасалған киімдер

| етік


~ Медициналық қорғанысқа арналған заттар:

| антидоттар+

| газқағар

| жалпы әскерлік қорғаныс костюмі (ОЗК)

| таңып-байлау заттары

| ВПХР


~ Радиоқорғанышты әсері бар дәрілік заттар:

| цистамин+

| іш өткізетін дәрілер

| промедол

| бромгексидин

| хлортетрациклин



~ Зақымданған ошақтан 1 кезекте эвакуация жасалынады:

| балалар+

| студенттер

| АҚ штабы

| медицина ұйымдары

| әскерлер



~ Эвакуация жағдайында өзімен бірге алынатын заттар:

| құжаттар, ақша, киім, 3 күнге жететін азық-түлік+

| кітаптар, құжаттар, киім

| ақша, 7 күнге жететін азық-түлік

| алтын, бриллианттар

| үй жануарларын



~ Эвакуация кезінде қалада және ауылдық жерлерде медициналық қызметті ұйымдастыруға ... жауап береді.

| АҚ медицина қызметінің бастығы+

| АҚ штабының бастығы

| ауданның бас дәрігері

| аудан әкімі

| қала әкімі



~ Алғашқы медициналық көмек көрсету уақыты:

| 20 минутқа дейін+

| 1 сағат

| 30 минут

| 25 минут

| 40 минут



~ Алғашқы медициналық көмек көрсетудің мақсаты:

| адамның өмірін сақтау+

| шөлін басу

| тамақ беру

| емдеу

| құжаттарын сақтау



| туысқандарының өмірін сақтау

~ Пайда болу көзіне байланысты ТЖ-дың жіктелуі:

| табиғи, техногенді, әлеуметтік, экологиялық+

| табиғи, техногенді, криминальді, экологиялық

| табиғи, техногенді, әлеуметтік, өндірістік

| техногенді, әлеуметтік, экологиялық, табиғи өрттер

| табиғи, метеорологиялық, әлеуметтік, экологиялық

~ Жіктелуі бойынша жер сілкінісі ТЖ-дың ... түріне жатады:

| табиғи+

| техногенді

| әлеуметтік

| экологиялық

| метеорологиялық

~ Жіктелуі бойынша транспорт апаты ТЖ-дың ... түріне жатады:

| техногенді+

| табиғи


| әлеуметтік

| экологиялық

| метеорологиялық

~ Жіктелуі бойынша соғыс ТЖ-дың ... түріне жатады:

| әлеуметтік+

| табиғи


| техногенді

| экологиялық

| метеорологиялық

~ Жіктелуі бойынша өсімдіктердің жаппай өлуі ТЖ-дың ... түріне жатады:

| экологиялық+

| табиғи


| техногенді

| әлеуметтік

| метеорологиялық

~ Жіктелуі бойынша вулкан атқылауы ТЖ-дың ... түріне жатады:

| табиғи+

| техногенді

| әлеуметтік

| экологиялық

| метеорологиялық

~ Жіктелуі бойынша өрт пен жарылыстар ТЖ-дың ... түріне жатады:

| техногенді+

| табиғи


| әлеуметтік

| экологиялық

| метеорологиялық

~ Жіктелуі бойынша жануарлардың жаппай өлуі ТЖ-дың ... түріне жатады:

| экологиялық+

| табиғи


| техногенді

| әлеуметтік

| метеорологиялық

~ Жіктелуі бойынша көшкін (оползень) ТЖ-дың ... түріне жатады:

| табиғи+

| техногенді

| әлеуметтік

| экологиялық

| метеорологиялық

~ Жіктелуі бойынша апат кезінде радиоактивті заттардың атмосфераға шығуы ТЖ-дың ... түріне жатады:

| техногенді+

| табиғи


| әлеуметтік

| экологиялық

| метеорологиялық

~ Жіктелуі бойынша сел жүруі ТЖ-дың ... түріне жатады:

| табиғи+

| техногенді

| әлеуметтік

| экологиялық

| метеорологиялық

~ Жіктелуі бойынша апат кезінде аэрозольді-химиялық уландырғыш заттардың атмосфераға шығуы ТЖ-дың ... түріне жатады:

| техногенді+

| табиғи


| әлеуметтік

| экологиялық

| метеорологиялық

~ Жіктелуі бойынша атмосфераның улануы ТЖ-дың ... түріне жатады:

| экологиялық+

| табиғи


| техногенді

| әлеуметтік

| метеорологиялық

~ Жіктелуі бойынша батерологиялық уландырғыш заттардың апат жағдайында табиғатты улауы ТЖ-дың ... түріне жатады:

| техногенді+

| табиғи


| әлеуметтік

| экологиялық

| метеорологиялық

~ Жіктелуі бойынша ғимараттардың құлауы ТЖ-дың ... түріне жатады:

| техногенді+

| табиғи


| әлеуметтік

| экологиялық

| метеорологиялық

~ Жіктелуі бойынша дауыл ТЖ-дың ... түріне жатады:

| табиғи+

| техногенді

| әлеуметтік

| экологиялық

| геологиялық

~ Жіктелуі бойынша тазалау құрылымдарындағы апат ТЖ-дың ... түріне жатады:

| техногенді+

| табиғи


| әлеуметтік

| экологиялық

| геологиялық

~ Жіктелуі бойынша боран ТЖ-дың ... түріне жатады:

| табиғи+

| техногенді

| әлеуметтік

| экологиялық

| геологиялық

~ Жіктелуі бойынша тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіндегі апат ТЖ-дың ... түріне жатады:

| техногенді+

| табиғи


| әлеуметтік

| экологиялық

| геологиялық

~ Жіктелуі бойынша құйын ТЖ-дың ... түріне жатады:

| табиғи+

| техногенді

| әлеуметтік

| экологиялық

| геологиялық

~ Жіктелуі бойынша гидродинамикалық апат ТЖ-дың ... түріне жатады:

| техногенді+

| табиғи


| әлеуметтік

| экологиялық

| геологиялық

~ Жіктелуі бойынша электроэнергетика жүйесіндегі апат ТЖ-дың ... түріне жатады:

| техногенді+

| табиғи


| әлеуметтік

| экологиялық

| геологиялық

~ Жіктелуі бойынша су басу ТЖ-дың ... түріне жатады:

| табиғи+

| техногенді

| әлеуметтік

| экологиялық

| геологиялық

~ Жіктелуі бойынша тайфун ТЖ-дың ... түріне жатады:

| табиғи+

| техногенді

| әлеуметтік

| экологиялық

| геологиялық

~ Жіктелуі бойынша цунами ТЖ-дың ... түріне жатады:

| табиғи+

| техногенді

| әлеуметтік

| экологиялық

| геологиялық

~ Жіктелуі бойынша орман өрттері ТЖ-дың ... түріне жатады:

| табиғи+

| техногенді

| әлеуметтік

| экологиялық

| геологиялық

~ Жіктелуі бойынша геофизикалық төтенше жағдайға ... жатады:

| жер сілкінуі+

| дауыл


| су басу

| орман өрті

| құйын

~ Кірпіштен салынған ғимаратар сәулелену дозасын ... әлсіретеді

| 10 есе+

| 3 есе

| 5 есе


| 15 есе

| 50 есе


~ Қоғаныс ғимаратындығы 1 адамға арналған судың апатты қоры:

| 3 литр тәулігіне+

| 2 литр тәулігіне

| 2,5 литр тәулігіне

| 5 литр тәулігіне

| 1,5 литр тәулігіне



~ Тез тұрғызылатын панаханалардың сыйымдылығы:

| 50 және 100 адам+

| 20 және 50 адам

| 100 және 150 адам

| 40 және 80 адам

| 10 және 30 адам



~ Қарапайым панаханалардағы адам сыйымдылығы:

| 10-15 адам+

| 15-30 адам

| 25-30 адам

| 30-40 адам

| 5-10 адам

~ Эвакуациалау кезінде медициналық персоналына медициналық ұйымдастыру кезекшілігінде жұмыс жасау үшін қанша уақыт қажет?

| 12 сағат+

| 6 сағат

| 8 сағат

| 24 сағат

| 36 сағат

~ Жер сілкіну орталығына іргелес аймақ:

| плейстосейсмикалық аймақ+

| ошақ

| гипоорталық

| эпиорталық

| афтешок

~ Жүйкелі-паралитикалық жүйені уландырғыш заттарға жатады:

| зоман+


| BZ

| хлорацетофенон

| фосген

| хлорциан

~ Жүйкелі-паралитикалық жүйені уландырғыш заттарға жатады:

| VX+


| адамсит

| CS


| хлорацетофенон

| хлорциан



~ АҚ жедел отрядынын жумысқа дайын болу уақыты :

| 2 сағат артық емес+

| 4 сағаттан артық емес

| 6 сағаттан артық емес

| 1 сағаттан артық емес

| 3 сағаттан артық емес

~ Жіктелуі бойынша әлеуметтік ТЖ – ға ... жатады:

| жаппай тәртіпсіздік жағдайы+

| территорияның шөлденуі

| су басу

| өрт

| тазалау құрылысындағы апат



~ Жіктелуі бойынша әлеуметтік ТЖ – ға ... жатады:

| жаппай төбелес+

| аяз

| ғимараттың құлауы



| су көздерінің азаюы

| ураган


~ Жіктелуі бойынша әлеуметтік ТЖ – ға ... жатады:

| нашақорлық+

| атмосфераның ластануы

| төтенше жағдай

| су тасқыны

| гидродинамикалық апат

~ Жіктелуі бойынша әлеуметтік ТЖ – ға ... жатады:

| қылмыс+

| радиоактивті заттардың атмосфераға шығуы

| кәсіпорындағы жарылыс

| су тасқыны

| катастрофа

~ Жіктелуі бойынша әлеуметтік ТЖ – ға ... жатады:

| терроризм+

| қышқылды жаңбыр

| тайфун


| гидродинамикалық апат

| көшкін


~ Ядролық жарылыстың соққы толқынының адамдарға әкелетін жеңіл зақымдары ... жатады:

| құлақтағы шу, бас айналу, буын шығуы+

| құлақтан және мұрыннан қан кету, ми шайқалуы

| ми шайқалуы, өлім болуы

| есінен тану, ішкі органдардың зақымдануы

| есінен тану, ішке қан кету

~ Зардап шеккен адамда өмір сүру белгісіне ... жатады:

| ұйқы артериясында пульстің болуы+

| көз айнасының құрғауы және мөлдірлігінің азаюы

| адамның денесінің қатып-сіресуі

| қолмен басқан кезде көз қарашығының жіңішкеруі

| денесінде өлім белгілерінің пайда болуы

~ Зардап шеккен адамда өмір сүру белгісіне ... жатады:

| тыныс алудың болуы+

| көз айнасының құрғауы және мөлдірлігінің азаюы

| адамның денесінің қатып-сіресуі

| қолмен басқан кезде көз қарашығының жіңішкеруі

| денесінде өлім белгілерінің пайда болуы

~ Зардап шеккен адамда өмір сүру белгісіне ... жатады:

| көз қарашығының жарыққы реакциясының болуы+

| көз айнасының құрғауы және мөлдірлігінің азаюы

| адамның денесінің қатып-сіресуі

| қолмен басқан кезде көз қарашығының жіңішкеруі

| денесінде өлім белгілерінің пайда болуы

~ Зардап шеккен адамдағы өлім белгілеріне ... жатады:

| қолмен басқан кезде көз қарашығының жіңішкеруі+

| ұйқы артериясында пульстің болуы

| тыныс алуының болуы

| көз қарашығының жарыққа реакциясы

| ауызға немесе мұрынға тақаған айнаның булануы

~ Зардап шеккен адамдағы өлім белгілеріне ... жатады:

| көз айнасының құрғауы және мөлдірлігінің азаюы+

| ұйқы артериясында пульстің болуы

| тыныс алуының болуы

| көз қарашығының жарыққа реакциясы

| ауызға немесе мұрынға тақаған айнаның булануы

~ Зардап шеккен адамдағы өлім белгілеріне ... жатады:

| денесінде өлім белгілерінің пайда болуы+

| тыныс алуының болуы

| көз қарашығының жарыққа реакциясы

| ауызға немесе мұрынға тақаған айнаның булануы

| ұйқы артериясында пульстің болуы

~ Зардап шеккен адамдағы өлім белгілеріне ... жатады:

| адамның денесінің қатып-сіресуі+

| тыныс алуының болуы

| көз қарашығының жарыққа реакциясы

| ауызға немесе мұрынға тақаған айнаның булануы

| ұйқы артериясында пульстің болуы

~ ... жараларда қан көп жоғалады және инфекция түсуі аз болады:

| Кесілген+

| Соғылған

| Шабылған

| Тістелген

| Түйрелген

~ ... жараларда жараның айналасындағы ткандерді аз зақымдалып, бірақ, тереңдегі органдарды зақымдайды:

| Түйрелген+

| Соғылған

| Шабылған

| Тістелген

| Кесілген

~ ... жараның формасы бірқалыпты емес және жануардың сілекейімен ластанған:

| Тістелген+

| Соғылған

|Шабылған

| Түйрелген

| Кесілген

~ Қан ағудың ... түрінде қан көп жоғалады және ол алқызыл түсті, қан ағуы жүрек ритміне сәйкес:

| артериальді+

| ішке қан ағу

| венозды

| капиллярлы

| аралас


~ Қан ағудың ... түрінде қанның түсі қара-қоңыр түсті, мөлшері көп емес, қан ағу жүрек ритміне сәйкес келмейді:

| венозды+

| ішке қан ағу

| капиллярлы

| аралас

| артериальді

~ Қан ағудың ... түрінде қан ағудың бірнеше түрі бір уақытта болады:

| аралас+

| ішке қан ағу

| венозды

| капиллярлы

| артериальді

~Жер сілкінісі болғанда адам қорғануға болатын қауіпсіз орындар:

|стол, кереует астында, бөлме бұрыштарында, табалдырықта+

|терезе астында

|вентиляция шахталарында

|балкондар, лоджиялар, шкафтарда

|шакфтарда, гардеробтарда, бұрыштарда

~ Сел пайда болу себептері:

|жер сілкінгенде, жер қыртысының қозғалуы, табиғи процесстік таулардың бұзылуы, вулкандар атқылауы, адамның араласуы+

|гидроқұрылыстардағы апаттан болатын су тасқыны

|жердің топырақ қабатының адам көмегімен бұзылуы, тау шатқалдарында өсімдік болмауы, аңдардың жаппай миграциясы

|орман және торф өрттері

|күн сәулесі әсерінен мұздақтардың еруі

~Тек тірі клеткаларда көбейетін және өсетін микроорганизмдер түрі:

|вирустар+

|риккетсиялар

|микробтар

|бактериялар

|микробтар, бактериялар

~ Өте қатты зақымданған аймақта адамдар паналау ғимараттарында ... болуы керек:

|3 тәулік және одан көп+

|1 ай

|бірнеше сағат



|24 сағат

|48 сағат

~ ТЖ туралы хабар беретін қазіргі заманғы хабарлау құралдары:

|телефон, теледидар, радио+

|арнайы транспорт

|шіркеу қоңырауы

|жарық маскировкасы

|өртке қарсы сигнализация

~ Апатты-құтқару жұмыстарына ... іс-шаралары жатады:

|өртті сөндіру, қираған үй астынан адамдарды шығару+

|қару-жарақты жою

|ғимараттар конструкциясын күшейту

|технологиялық жүйедегі апаттарды жою

|тазалау ғимараттарындағы апаттарды жою

~ ТЖ кезінде ... сигнал беріледі:

|Барлығыңыз тыңдаңыздар!+

|Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

|Тыңдаңыздар, қауіптілік

|Төтенше жағдай

|Тыңдаңыздар қауіпті жағдай

~ Оқу орындарында АҚ басшысы:

|ректор+


|ТҚН мұғалімі

|проректор

|офис-регистратор

|бас инженер

~Адамдарды толық қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына ... жатады:

|теріні, тыныс жолдарын және медициналық қорғау құралдары+

|кілегей қабатты қорғау заттары

|паналау ғимараттары

|химиялық қорғау заттары

|радиациялық қорғау заттары

~Жара дегеніміз:

|терінің, кілегей қабықтың және тереңде жатқан тканьдердің бүтіндігінің бұзылуы+

|зақымдалған қан тамырларынан қанның шығуы

|ауыр зақымданудың асқынулары

|сүйектердің бүтіндігінің бұзылуы

|жоғары температура әсерінен тканьдердің өлуі

~ ... жараларда біріншілік инфекция болмайды:

|Операциялық+

|Кесілген және түйрелген

|Соғылған

|Шабылған

|Тістелген

~ Қан ағу кезінде қанның түсі қызыл- қоңыр болса:

|венозды+

|артериальді

|капиллярлы

|паренхиматозды

|лимфатикалық

~ Адамның терминальді жағдай түлеріне ... жатады:

|агония, клиникалық өлім+

|биологиялық өлім

|пульс болмауы

|тыныс алу тоқтауы

|ессіз, коматозды жағдай

~... жарақатқа жатпайды:

|Іш-қуысы органдарының зақымдануы+

|Буын таюы

|Сүйек сынуы

|Сіңір созылуы

|Соққы алуы

~ Өкпеге жасанды тыныс алуды жүргізу:

| 1 рет жіберіп 5 рет массаж жасау+

| 1 рет ауа жіберіп 1 рет жүрекке массаж

| ауа жіберу мен жүрекке массажды қатар жасау

| 3-4 рет ауа жіберіп 1 рет массаж жасау

| бастапқыда тек ауа жіберу, соңынан массаж жасау

~ Р-2 респираторы ... қорғайды:

| техникалық шаңнан+



  1. | зариннен

| иприттен

| фосгеннен

| адамситтен

~ ИД-1 ... анықтайды:

| сіңірілген дозаны+

| түрлі заттардың радиаоактивтілігі кезінде радация мөлшерін

| радиациялық бақылау мен хабарлау

| химиялық заттарды

| уландырғыш заттарды

~ ДП-5В ... анықтайды:

| түрлі заттардың радиаоактивтілігі кезінде радация мөлшерін+

| радиациялық бақылау мен хабарлау

| химиялық заттарды

| сәулелену дозасын

| уландырғыш заттарды

~ ВПХР ... анықтайды:

| ауадағы, топырақтағы, тағамдардағы, техникадағы уландырғыш заттарды+

| түрлі заттардың радиаоактивтілігі кезінде радация мөлшерін

| радиациялық бақылау мен хабарлау

| сәулелену дозасын

| радиация деңгейін бағалау және табуды

~ ДП-22 ... анықтайды:

| сәулелену дозасын+

| түрлі заттардың радиаоактивтілігі кезінде радация мөлшерін

| радиациялық бақылау мен хабарлауды

| химиялық заттарды

| уландырғыш заттарды

~ Апат кезінде ауаға хлор бөлінді, тыныс органдарын қорғау үшін, тыныс алатын дәкені ... өңдейміз:

| 2% ті ас содасымен+

| 2%- мүсәтір спиртімен

| лимон қышқылы сұйықтығымен

| сірке қышқылы ерітіндісімен

| 2%- бор қышқылымен

~ Апат кезінде ауаға аммиак бөлінді, тыныс органдарын қорғау үшін, тыныс алатын дәкені ... өңдейміз:

| 2%- бор (лимон) қышқылы ерітіндісімен+

| 2%- мүсәтір спиртімен

| 20% темірлі-хлор сұйықтығымен

| 2% ас содасымен

| сірке қышқылы ерітіндісімен

~ Сәулелену өлшем бірлігі:

| Рентген/сағат+

| Ньютон


| килограмм

| Рентген

| Паскаль

~ Терілі-іріңді уландырғыш затты анықтағанда ВПХР ішіндегі ... түсті индикатор түтікшесін қолданамыз:

| бір сары жолақ+

| қызыл жолақ және қызыл нүкте

| үш сары нүкте

| бір жасыл жолақ

| үш жасыл жолақ

~ Нервті-жүйкелік уландырғыш затты анықтағанда ВПХР ішіндегі ... түсті индикатор түтікшесін қолданамыз:

| қызыл жолақ және қызыл нүкте+

| үш сары нүкте

| бір сары жолақ

| бір жасыл жолақ

| үш жасыл жолақ

~ Жалпы уландырғыш әсері бар және тұншықтырғыш уландырғыш заттар әсер еткенде ВПХР ішіндегі ... түсті индикатор түтікшесін қолданамыз:

| үш жасыл жолақ+

| қызыл жолақ және қызыл нүкте

| үш сары нүкте

| бір сары жолақ

| бір жасыл жолақ

~ Толқын соққысынан адамды ... қорғамайды:

| газқағар+

| пана


| сай-сала

| шұңқыр


| ор
Каталог: kafedra
kafedra -> Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы «№2 қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасы
kafedra -> Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы «№2 қоғамдық денсаулықты сақтау» кафедрасы
kafedra -> Учебно-методический комплекс по дисциплине «культурология» Для направления 521400
kafedra -> Побічна дія ліків
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
kafedra -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет