ЖҰмыс бағдарламасы пәні: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» Пән коды: tkn мамандық : «Дәрігерлік емдеу ісі»


Ядролы зақымдану ошағының өртену аймақтары



бет7/11
Дата12.03.2017
өлшемі13,97 Mb.
#11592
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ядролы зақымдану ошағының өртену аймақтары

I- бөлек орналасқан өрт аймағы; II – жаппай өртену аймағы; III – үйіндідегі өртену аймағы; 1 – қирау аймағының шекарасы; 2 - өртену аймағының шекарасы (жарық импульсінің төменгі көрсеткіштері 100кг ядролы оқ-дәрі күшіне сәйкес келеді, ал жоғарғысы-100кг және одан да жоғары)

Ядролы зақымдану ошағында 3 негізгі өртену аймағы бөлінеді:



  • бөлек орналасқан өртену аймағы

  • жаппай өртену аймағы

  • өртенулер мен үйінділер аймағы

Бөлек орналасқан өртену аймағы бөлек тұрған ғимараттарда өртену болған ауданды қамтиды. Жарық импульсінің сипаттамасы келесідей:

  • сыртқы шекарада – 100-200 кДж/м²

  • ішкі шекарада – 400-600 кДж/м²

Ядролы зақымдану ошағының әлсіз бұзылу аймағын қамтиды және жарылыстан кейінгі 20мин ішінде пайда болған өртенулерді өшіру мүмкіндігі бар.

Жаппай өртену аймағы – бұл жарық сәулесінің әсерінен пайда болған өртену, ғимараттардың 50% қиратады және 1 . . . . 2 сағат ішінде осы ауданда орналасқан көптеген ғимараттарға таралатын территория. Бұл жағдайда жаппай өртену ғимараттардың 90% қамтиды. Жаппай өртену аймағы 400 . . . . . 600 кДж/м² жарық импульсімен сипатталады. Ол қатты бұзылулар аймағын барлық орташа бұзылу аймағының жартысын қамтиды. Жаппай өртену аймағына арнайы өрт сөндіру іс-шаралары жүргізілмей, АҚ және ТЖ өтуге мүмкін емес.

Өртену мен үйінділер аймағы – толық бұзылу аймағы мен қатты қирау аймағының жартысына таралады. Бұл аймақта қатты түтіндеу мен ұзақ уақытта өртенулер (бірнеше тәулікке дейін) толық жанбаған заттардан токсикалық немесе қоспалардың шығуы тән. Бұл жағдайда апатты құтқару жұмыстарына қатысып жүрген адамдардың улану қаупі бар. Адамдар өлімінің бір себебі түтін температурасының жоғарылауы. 600С дейін қыздырылған улы ауаның қоспасымен дем алу өлімге әкеледі.

2 - сұрақ:«Химиялық зақымдау ошағының қысқаша сипаттамасы» - 15 мин


Химиялық зақымдану ошағы – бұл химиялық қару қолданылған немесе химиялық қауіпті нысанада апат болған территория, ол жерде халық ауылшаруашылық жануарлар мен өсімдіктер өлімі орын алады.

Жергілікті атмосфера қабатының зақымдану деңгейінің сандық сипаттамасы улы заттың концентрациясы (УЗ), ауа көлемінің бірлігіндегі (г/м³) УЗ саны.

Территорияның зақымдану деңгейінің сандық сипаттамасы зақымдану тығыздығы - зақымданған аудан кеңістігіндегі УЗ көлемі (г/м²).
Химиялық зақымдану ошағының негізгі сипаттамасы.

Химиялық қарудың негізін химиялық улы заттар құрайды(УЗ). Бірінші кезекте олар адамдарды зақымдауға арналған. УЗ – екі негізгі белгі бойынша жіктеледі: адам ағзасына әсері және тұрақтылығы.

Адам ағзасына әсері бойынша:


  1. Нервті-паралитикалық

  2. Тері- іріңді

  3. Жалпыулы

  4. Тітіркендіргіш

  5. Тұншықтыратын

  6. Психохимиялық

УЗ тұрақтылығы – тірі ағза мен өсімдікке әсер ету уақыты. Ол факторларға тәуелді заттың физико-химиялық құрамы, метеожағдай, аймақтың рельефі (ашық немесе жабық).

Химиялық қаруды қолдану үшін – бомбалар мен снарядтарды қолданады. Ластанған бұлт таралған аймақты сипаттау үшін химиялық зақымдану аймағы енгізілген. Ол химиялық қару қолданылған немесе химиялық қауіпті нысанда апат болу салдарынан орын алған адам өлімі бар территория. Химиялық ластанған аймақ 4 параметрмен сипатталады.



  1. Аймақтың тереңдігі

  2. Аймақтың ені

  3. Аймақтың ауданы

  4. Химиялық ластану аймағындағы химиялық зақымдану ошағының ауданы.

Химиялық зақымдану аймағы улы және күшті әсер ететін улы заттардың таралуы нәтижесінде пайда болады. Өте маңыздысы улы заттардың бір бөлігі аймаққа тамшы түрінде түсіп, кейін буланғанда екінщілік ластанған бу түзейді. Жел арқылы орын ауыстырып ауданы 6-12 км тереңдікке зақымдайды.

Химиялық зақымдану аймағы. Химиялық зақымдану ошағы.

Химиялық қауіпті нысандар – бұл қатты әсер ететін улы заттар өндіретін немесе өндірісте қолданатын халық шаруашылық нысандары. Қазіргі кезде күшті әсер ететін улы заттардың 140 түрі. Зақымдану аймағы химиялық қару кезіндегідей сипатталады.


3 - сұрақ:«Бактериологиялық зақымдану ошағының қысқаша сипаттамасы» - 15 мин
Биологиялық қару қолдану және ауру туғызатын микроағзалар мен токсиндердің таралуы нәтижесінде биологиялық зақымданған ошақтар пайда болады. Биологиялық зақымданған ошақ деп биологиялық қару әсер еткен және биологиялық рецептура мен инфекциялық ауруларды тасымалдаушы зақымдалған қансорғыш жәндіктер таралған территорияны айтамыз.

Биологиялық зақымданған ошақ деп, биологиялық қару қолдану салдарынан адамдардың, өсімдік пен ауылшаруашылық жануарлар зақымдалған территорияны атаймыз. Ол биологиялық зақымдалған аймақта және зақымдану аймағынан тыс инфекциялық аурулардың таралуынан пайда болады.

Биологиялық зақымдану ошағы сипатталады: ауылшаруашылық жануарлары мен адамдардың жаппай инфекциялық аурумен ауруы, инфекцияның дамуындағы жасырын (инкубациялық) кезеңі, зақымданушекарасының анықталмауы, инфекциялы ауруды тудыратын қоздырғышты анықтаудағы лабораториялық талдаудың ұзақтығы мен күрделілігі, екіншілік зақымдану салдарынан ауру таралуының теңдігі, зақымдану әсерінің ұзақтығымен.

Биологиялық зақымдану аймағының көлемі биологиялық қару түріне, қолдануына, метеорологиялық және климаттық жағдайына, айқындалуына және алдын алу шараларының уақыты, залалсыздануы мен емдеуіне байланысты.



Солай биологиялық зақымдану аймағының шекарасында ауданы сәйкесінше S1және S2 2 биологиялық ошақ пайда болды. Биологиялық зақымдану ошағының шекарасы (S1және S2) елді мекен ауданымен (N және K елді-мекен шекарасы) анықталады.

Биологиялық зақымдану ошағы бар биологиялық зақымдану аймағының схемасы: 1 – биологиялық зақымдану аймағының сыртқы шекарасы; N (к) елді-мекен–биологиялық зақымдану ошағы.

Биологиялық затпен зақымдалған территория шекарасын алғашында бақылау постынан және барлау бөлімінен анықтауға болады. Шабуыл кезінде қорғаныс заттарын қолданбаған барлық адамдар зақымданған деп есептеледі (шартты түрде). Зақымданған адамдарға ауырған адаммен жанасқан немесе зақымданған заттарды ұстаған адамдар жатады. Биологиялық қару химиялық қару сияқты ғимараттар мен құрал жабдықтарға тура әсері жоқ. Бірақ оны қолдану полиграфиялық кәсіпкерліктің өндірістік қызметіне әсер етеді. Ол өз кезегінде жұмыс ауысымының графигіне кедергі жасап, өндірістің тоқтап қалуына әкеледі.

Бактериологиялық зақымдану ошағының шекарасын АҚ және өсімдіктер мен жануарлар медициналық қызметінің эпидемияға қарсы қызметі, радиациялық және химиялық бақылау посттары, барлау топтары мен метеорологиялық және санитарлы-эпидемиологиялық станциялардан алынған деректер негізінде анықталады. Инфекциялық аурулардың таралуын тоқтату үшін инфекциялық аурулардың таралуын тоқтату үшін бактериологиялық зақымдану ошағына карантин жүргізеді, ал жақын аудандарда обсервация режимін енгізеді. Ол жерде емдеу алдын-алу іс-шаралар кешенін жүргізеді. Карантинді бактериологиялық (биологиялық) қару қолданғанда және қоздырғышты анықтағанша жүргізеді. Егер ауру қоздырғышы аса қауіпті ауруға жатса (сібір жарасы, тырысқақ, оба, табиғи шешек) онда енгізілген карантин жалғасады.

Карантин – инфекцияның таралуын жоятын, зақымдану ошағын оқшаулайтын және инфекциялық ауруды жоюға бағытталған режимді-шектелген қатал эпидемияға қарсы іс-шаралар жүйесі.

Уақытылы анықтау мен ауырған адамдарды оқшаулау және алдын-алу шараларын жүзеге асыру үшін зақымдану ошағына бақылау орнатады. Ауырған адамдарды бақылау және күнделікті сұрау арқылы анықтайды.

Карантин болған территорияға қарулы күзет тағайындалады, комендантты күзет ұйымдастырылады, іс-қимылдар реттеледі. Адамдардың щығуына, жануарларды алып шығуға және заттарды тасуға тыйым салынады. Кіру (кіргізу) тек азаматтық қорғаныстың арнайы бөлімі мен медицина қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі.

Карантин аймағында орналасқан полиграфия нысандары ерекше жұмыс тәртібіне көшіп, эпидемияға қарсы іс-шараларды қатаң орындайды. Жұмыс ауысымдары бөлек топтарға (құрамы азайтылған) бөлініп, бір-бірімен ара қатынасын қысқартады. Жұмысшылардың тамақтануы мен демалуын топтарға ұйымдастырып, арнайы бөлмелерде жүзеге асырылады. Карантин аймағында оқу орындарының жұмысы тоқтап базарлар мен сауда орындары жабылады.

Кезекті алдын-алу және санитарлы-гигиеналық іс-шаралар ошақта дезинфекция мен дератизация санитарлы өңдеу жүргізіледі. Ошаққа азық-түлік пен заттарды кіргізу арнайы пункт арқылы медициналық қызметтің қатаң бақылауымен жүргізіледі.

Егер қоздырғыш түрі аса қауіпті емес түрге жатса (туляремия, ботулизм және басқалар) және жаппай ауру қаупі болмаса енгізілген карантинді обсервацияға ауыстырады.

Обсервация – қауіпті аймақта орналасқан немесе карантин енгізілген ошақтан келген жануарлар мен адамдарды бақылау шараларының жүйесі. Обсервация кезінде карантинге қарағанда оқшаулау-изоляциялау шаралары қатаң емес: кіру мен шығуды, максимальді шектеу, заттарды залалсыздандырудан кейін алып шығу, сумен қамтамасыз ету мен тамақтанудың медициналық бақылауын күшейту, алдын-алу іс-шаралары.

Бактериологиялық (биологиялық) ошақтағы бірінші кезектегі іс-шара шұғыл түрде халықты алдын-ала емдеу (антибиотик, сарысу қолдану және т.б.) және де дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу.

Дезинфекция – нысандарды, территорияны, ғимараттарды, техника мен әртүрлі заттарды залалсыздандыру.

Дезинсекция және дератизация – инфекциялық ауруларды тасымалдаушы жәндіктер мен кеміргіштерді жоюмен байланысты іс-шаралар.

Дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізгеннен кейін іс-шараны жүзеге асырған адамдар толық санитарлы өңдеуден өтеді. Керек болса өалған халыққа санитарлы өңдеу ұйымдастырылады.

Аталған іс-шарадан басқа карантин (обсервация) аймағында ауруға шалдыққан адамдарды анықтау жүргізіледі. Инфекциялы аурулар ауруханаға жатқызылады немесе үйде оқшауланады. Оларды тұрған пәтерлерінде дезинфекция жүргізіп, заттары мен киімдері залалсыздандырылады. Аурумен жанасқан адамдардың барлығы оқшауланады және санитарлы өңдеуден өтеді.

Карантин және обсервация мерзімі аурудың инкубациялық кезеңінің ұзақтығына қарай қояды. Оны соңғы ауруды ауруханаға жатқызу сәті мен дезинфекция аяқталуынан бастап есептейді.


Каталог: kafedra
kafedra -> Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы «№2 қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасы
kafedra -> Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы «№2 қоғамдық денсаулықты сақтау» кафедрасы
kafedra -> Учебно-методический комплекс по дисциплине «культурология» Для направления 521400
kafedra -> Побічна дія ліків
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
kafedra -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет