Жұмыс бағдарламасы семей 013 ҚҰрастырғАН


Реферат жазуға әдістемелік нұсқау



бет6/9
Дата09.06.2020
өлшемі186 Kb.
#63258
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Реферат жазуға әдістемелік нұсқау

Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарда жасаған баяндамалары да реферат деп аталады. Ғылыми кандидаты және ғылым докторы дәрежесіне диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа жатады.

Реферат жазуда не ескеріледі?

1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты кішігірім зерттеулер жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау.

2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

3. Реферат жазуда негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдылану.

4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасау.

5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін қайдан алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсету қажет.

6. Реферат аудиторияда талқыланады.

Рефератты талқылау - шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-амазмұны зор әрекет жұмыс. Бұл кезде сөйлесушілер негізгі мәселеден ауытқымай,нақты тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылап, қорытындысын шығару - маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.

Рефератмазмұны:

- тақырыпқа сай реферат құрылымының деңгейі;

- тақырыптың өзектілігі және ақиқаттылығы;

- зерттеулердің көлемі және басқа да жаңалықтардың қайнар көзі;

- мазмұнның стилі және сауаттылығы;

- рефераттың өңделуінің талапқа сәйкестілігі

Эссе дегеніміз -  философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар:


  • Жеке көзқарастың көрінісі;

  • Фактілі дәлелдер (аргументтер);  

  •  Теоретикалық негіздеме;  

  •  Терминдерді қолдану;

  •  Цитаталарды келтіру;

  •  Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

  •  Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

  • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

  • Сауаттылыққа мән беру.

  Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі

Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады:

1.Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне;

2. Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғанымен танысу;

3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу;

4. Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;

5. Безендірілу сипатына;

6. Қайталауға берілген сұрақтарға;

7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.

Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет