ЖҰмыс мазмұны кіріспе



бет1/3
Дата03.12.2019
өлшемі392,25 Kb.
#52967
  1   2   3
Байланысты:
docx1543899211
docx1543899211, ҒТФ тесты магис, ҒТФ тесты магис
ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ

 
Кіріспе.................................................................................................................3



І. Блум таксономиясы арқылы бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жолы

1.1 Блум таксономиясы......................................................................................5

1.2 Блум таксономиясы - сабақ мазмұнын меңгертудің тиімді тәсілі......7

1.3.Білім беру саласында Бенджамин Блум оқыту таксономиясының

алатын орны.......................................................................................................13
ІІ. Сабақ үрдісінде Блум таксономиясы арқылы оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды тиімді ұйымдастыру

2.1Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспарын құру әдістемесі..........18

2.2 Блум таксономиясы бойынша сұрақтар...................................................20
ІІІ. Практикалық бөлім

3.1.Блум бойынша сабақ жоспары.................................................................22


IV.Зерттеу бөлімі

4.1 Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру....................................................25



Қорытынды.........................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................33

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі:

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады. 

Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінінайта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл- ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні -оқушыларды кәсіби іс- әрекетті меңгеруге бағытталады.



Болжамы: Сабақта блум таксономиясын тиімді қолдану,сабақты жүйелі өткізу.Сабақ нәтижелі,сапалы болуына ықпал ету.Оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс бұл ұстаздың жоспары, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі сабақ жоспарын блумды тиімді қолданып,жаңартылған білім мазмұнына сай жаңартып қолданып отырсақ қаланады.

Курстық жұмыстың мақсаты:Блум таксаномиясын пайдалана отырып оқушылардың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Блум таксономиясының ерекшелігін мақсат, мазмұнымен жан-жақты танысу;

  2. Білім беру саласында Бенджамин Блум оқыту таксономиясының

алатын орны

  1. Блум таксономиясы арқылы бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жолын қарастыру;

  2. Блум таксономиясының критерилері бойынша сабақ берудің әдіс-тәсілдерін меңгеру


І. Блум таксономиясы арқылы бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жолы

1.1Блум таксономиясы.
Бенджамин Блум  – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылыПенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942жылы Чикаго университетінде докторлық  деңгейін қорғады.  «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.

Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады. 

Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынангөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінінайта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл- ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні -оқушыларды кәсіби іс- әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын,сондай -ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді.

Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылымұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің үлгісі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауы мен тәжірибе жасайды. Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал оқушылар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады. Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі -иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады. Репродуктивтік әдісарқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл- ой белсенділігі төмен болады.

1) репродуктивті сипатқа бағытталған танымдық қызметті қамтамасыз ететін әдістертобы;

2) оқушылардың өз бетімен білім іздену әдістер тобы, яғни проблемалық әдістер, оларпроблеманы шешу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштауғабағытталады; 

3) оқушылардың көркем- эмоционалдық белсенділігін дамытатын әдістер тобы; 

4) оқушылардың меңгерген білімдерін өздері қоршаған ортаны тани түсуге қарайбағыттайтын практикалық әдістер тобы.

 Когнитивтік ғылымда басты зерттеу нысаны – айналасын қоршаған дүние ақпараттарын өңдеуші адамның іс- әрекеттері, яғни когнициясы. 

Жалпы таным-білімге, жан- жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің барлығы когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады. Когнитивтік ілім заңдылығына сәйкес, адам тіл арқылы ақпаратты өңдеуші жүйе ретінде түсініледі, ал адамның әрекеті тіл арқылы оның ішкі жай- күйіндегі дүниелермен анықталады. Олай болса, когнитивизмнің негізгі қағидасын зерттеушілер еңбектеріне сәйкес былайша анықтауға болады:



  • адамның ойлау тетігін зерттейтін бағыт;

  • адам санасындағы ақпараттардың өңделуі;

  • дүниенің ментальді моделін қалыптастырушы;

  • тілде берілген адамның ойындағы ұғымның түсінілуі;

  • ойлауды реттейтін психикалық қасиеттер.

Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшін дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағытты, жобаны іздестіру және оны қолдануға бағытталған Республиканың « Білім туралы» Заңында «әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» білім саясатының басты ұстанымы екендігі атап көрсетілген.

Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады:


  • Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.(топтау,бақылау, қалыптастыру)

  • Қызығушылық пен таным белсенділігін арттыру

  • Оқушы потенциалына сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату

  • Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, саабақты шығармашылықпен өткізу қажет.

Оқушының танымдық шығармашылық іс-әрекетінің табысты өтуі мұғалімге,оның ізденіс әдістерін дұрыс таңдап алуына байланысты.Олай болса, Ж.Аймауытов «Білімдендіруді жүзеге асыратын — мұғалім» деген екен. Ендеше, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады.

Жалпы өз іс-тәжірибемде байқағанымдай, оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру – іс-әрекеттер барысында оқушының ізденімпаздығы, бейімділігі, жаңа нәрсені жасауда қажеттілікттердің пайда болуы арқылы дамиды.

Осы шығармашылық деңгейге жету үшін американдық ғалым Б.Блумның бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесін сабағымда пайдалануды жөн көрдім.
«Блум таксономиясы» кестес

Мақсаттар жүйесі

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім


Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім негіздері

Түсінік


Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді

Қолдану


Алған білімді қолданады

Талдау

Білімді жай қабылдамайды талдайды,саралайды салыстырады

Жинақтау


Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады

Бағалау

Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады не мақұлдайды

  1.2 Блум таксономиясы - сабақ мазмұнын меңгертудің тиімді тәсілі


 Блумның бұл таксономиясы танымдық үрдісті ең қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейге жіктейтіндігін ескере отырып, қарапайым деңгейге есте сақтау, түсініп білу, еске түсіру, ал одан кейінгі түсіну деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөзімен жеткізе алумен жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты алдыңғыға қарағанда күрделі әрекетке ұласады. Қарама – қарсылық туғызу, шешім қабылдау, баға беру оқушының білімін дамытудағы ойлаудың жоғары деңгейінде жүретін жұмыстар. Сөз етіліп отырған деңгейлерге сәйкес танымдық үрдістің мақсаттары бірте-бірте күрделенетіндігі заңдылық. Әр қадам сайын сол деңгейде орындалған әрекетке баға беруді жүзеге асыру арқылы оқушының білім деңгейі артып, шығармашылығы шыңдалады. Шығармашылық жұмыстарды орындағанда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Бұл жаңалықты бала шығармашылығын дамытуда пайда болған өзгеде жоқ қайталанбайтын өнім деп қарауға болады. Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Ол өнімді деңгей деп аталады.

Өнімді, шығармашылық деңгей – анализ/талдау/,  синтез /жинақтау/, баға. Блум таксономиясының ұтымдылығы да сол, ол оқушыларды шығармашылық деңгейге жетелеуімен ерекшеленеді.

Жаңа буын «Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы көркем шығармалардың оқушы шығармашылығын арттыруда мүмкіндігі мол. Негізінен, әдебиет сабақтары – қызығушылық пен қажеттіліктерді дамытудың қайнар көзі.Білім негізі бастауышта демекші, білімнің мызғымас іргетасын қалау – бастауыш сынып мұғалімдерінің басты мақсаты.Ұстаз шығарманы түсініп оқудың, сонымен қатар, оқушының жалпы тілдік мәдениетін, тілдік құбылыстардың ерекшеліктерін толықтай меңгеріп, ана тілін өз халқының әдебиетін жетік түсінуге, суреткердің өзіндік шеберлігін тануға жол ашады.Көркем шығарманы көркемдік ерекшелігіне, сөз өрнегіне, суреткердің шеберлігіне, стиліне ерекше тоқталған орынды. Оқушыларды көркем шығармаға терең бойлату үшін шығармашылық оқу, шығармашылық тапсырманы беру әдісі ұтымды. Оқушы неғұрлым көп білсе, ал сұрақ-тапсырмалар мәтінге үңілдірер, қызықтырар, ынталандырар сипатта болса, соғұрлым оқушының көркем шығарманы қабылдауы арта түспек. Бұл жұмыстың негізгі мәселесі-мұғалімнің оқушыларды     өзіндік ізденіске жетелеуі. Сонымен қатар баланың қиялына, фантазиясына ерік беру керек.Атақты жазушылардың шығармасын өткен соң мұғалім оқушыға сол туындыға байланысты дүниені көз алдына елестету арқылы өз ойын жазуға дағдыландырады. Бұл жерде бағыт-бағдарды мұғалім береді, ал сюжет пен мазмұнды оқушы өзі табады. Осындай туынды жазу арқылы оқушының ой-өрісі, қиялы, шығармашылық қабілеті дамиды.Сондай-ақ сабақта проблемалық жағдаят тудырудың да маңызы зор. Нәтижесінде ақын-жазушылардың шығармасымен толық танысуға ынтасы артады.

Блум таксономиясының сабақ мазмұнын меңгертудегі мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру. Жалпы алғанда, таксономия (грекше. taxis – орналасу, құрылыс, тәртіп және nomos – заң). Таксономия – олардың иерархиясын (белігілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттелігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу. 

Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға ие

бола алмайтындығына негізделген. 

Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Ол Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады.

Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.


Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының негізгі категориялары:

1) білу;  2)  түсіну; 3)  қолдану; 4)  талдау; 5)  жинақтау; 6)  бағалау. 


     Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтап, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады. Блум танымдық салада алты деңгейді бөлді, атап айтқанда ол ең төменгі деңгей ретінде фактілерді қарапайым қабылдау мен танудан бастап анағұрлым күрделі және абстрактілі психикалық деңгейлерге қарай жылжып отырып, ең күрделісі бағалау деп жіктеді.

Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Ол өнімді деңгей деп аталады. Ғалым әдіс-тәсілдерді оқушының когнитивтік іс-әрекетіне байланысты білімді меңгертуде қолдана отырып өнімді-өнімсіз деңгей деп бөледі.

       Негізінде, Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтап, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады. Блум танымдық салада алты деңгейді бөлді, атап айтқанда ол ең төменгі деңгей ретінде фактілерді қарапайым қабылдау мен танудан бастап анағұрлым күрделі және абстрактілі психикалық деңгейлерге қарай жылжып отырып, ең күрделісі бағалау деп жіктеді. Осылайша, Блум таксономиясының басты белгісі осындай жүйеленген мақсаттармен ерекшеленеді.  



Дағдылар

Мазмұны

Оқушы нені білу керек?

Тапсырмалардың түрі

Мысалдар

Білу

Таным мен ойлаудың төмен деңгейі. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);

Нақты фактілерді біледі;

Жұмыстың орындалу ретін біледі,

Негізгі ұғымдарды біледі;

Ережелерді, қағидаларды

біледі


Кім? Не? Қашан?

Қайда? Ережелерді, теорияларды формуларды еске түсіру, жазу, атап көрсету, жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, оларды қолдану.



Зат есім деген не?

Етістік деген не?

Алманы пайдаланудың денсаулық үшін қандай пайдасы бар?


Түсіну

Таным мен ойлаудың орта деңгейі.

 Негзгі идеяларды ұйымдастыру

салыстыру,түсіндіру, сипаттаужәне бекіту жолымен фактілер мен идеяларды түсінетіндегін көрсету:

Оқу материалын түсінген ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:

 Аудармажасау

 /трансляция/ 

Оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру

(мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету,т.б.);

 Интерпретация

оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;

Экстраполяция

 Жорамалдау/ 

Құбылыстың бір бөлігіне қатысты түйіндерді оның екінші бөлігіне тарқату;

 оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау




Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;

·Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;

·Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;

·Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.



Қалай?

Неліктен?

Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылы-ғын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.


Зат есім етістікті саластыр.

Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;

Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз;

Шығарманың сюжетiн өз сөзiңiзбен әңгімелеп берiңiз.

Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын салыстырыңыз.


Қолдану

Таным мен ойлаудың орта деңгейі.Жаңа білімдерді,әдістерді

Және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану.Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды,қағидаларды,теорияларды,практикалықтұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.





Ұғымдар мен қағидаларды

жаңажағдайларда қолданады;

Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;

Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.


 


Жасап көр; таблица график жаса; қолдану мақсатын түсіндір.


Оқушыларда метафора мен

теңеу туралы түсiнiк бер(Білім), олардың айырмашылығыда белгiлi (Түсiну), ендi олар Абайдың“Қыс” өлеңiнде метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратынды-ғын айтып беруi керек.

Бәліш пісіру үшін

Алманың қандай түрі жарамды, неге?




Талдау

Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.

Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау.

Оқу материалының құрылымыанық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау.

Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.



Элементтерді талдау,

Қарым қатынасты талдау,

Ұйымдастыру

Қағидаттарын талдау;

Жасырын (көзге көрінбейтін)жәйт-терді ашады;

 Ойдың өрбуінен қателер

Мен олқылықтарды айқындайды,

 Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;

Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.


Құрылымы

қандай? Салдары неде?

Топтастырыңыз;

салыстырыңыз; себебін талдаңыз.




Теореманың екi бөлiгiн салыстырыңыз

“Ер туған жерiне, ит тойған жерiне” деген мақалды қалай түсiнесiз? 

Алма қосып дайындайтын 4 түрлі тағам түрін айтыңыз. Оның ішінде ең денсаулыққа пайдалысын дәлелдеп беріңіз.


Жинақтау

Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.

Жаңа үлгідегі әртүрлі

 Тәсілдер мен элементтерді қиыстыру арқылы ақпараттарды жүйелеу немесе балама шешім ұсыну;

Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері

Жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолданудыталап етеді.


Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;

Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;

Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығрамшылықпен қолданады.


Өз

шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз



1.Эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.

2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).

3. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну

4. Алма бәлішінің жаңа түрін ойлап табыңыз.



Бағалау

Таным мен ойлаудыңжоғарғы деңгейі.

Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау.Оқу —материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

 


Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;

Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;

Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.


Сiздiң ойыңызша бұл дұрыс/бұрыс, маңыздыма/ емес пе, жақтайсыз ба/ қарсысыз ба?»деген пiкiрталас, полемика мен дау

-

дамай туғызатын сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.



Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп санайсыз ба?

Неге – 


иә, немесенеге

жоқ?





1.3.Білім беру саласында Бенджамин Блум оқыту таксономиясының

алатын орны

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясы жолдауында,  Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында, көрсетілгендей қоғамның эканомикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға дағдылану, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан республикасы жарияланған білім беру басымдылығына, «жалпыға білім беру» моделін «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделгенде жүзеге асады.



Қазіргі таңда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру бағдарламасы негізінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгерту.

Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде педагогтардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге педагогтарды даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Оқытудың жаңа технологияларының принциптері – оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Демек, білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру педагогтың өзін - өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.

Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану оқушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттырады. Осындай әдістердің бірі – Американдық  психолог Бенджамин Блум 1956 жылы ұсынған танымдық саладағы оқыту  мақсаттарының таксономиясы. Өзге технологиялық  карталардың авторлары секілді  бізде Блум таксономиясына сүйенудің қажеттігі болып отыр.

Соған орай, А.Қ.Қисымова мен Е.Б.Нұрланов Блум таксономиясын педагогикалық технологияның бір ретінде оның даму көздерін ашып берді, сондай-ақ оның даму сатыларына былайша түсінік береді яғни,  таксономияның өзі ресейлік дереккөздерден ішнара алынады. Неліктен екенін білмейміз, алайда ресейлік әріптестер Б. Блумның бұл психология - педагогикалық әзірлемесін жұтаң сыптайды.

Көптеген зертеушілер Б.Блумның ағылшын тіліндегі түпнұсқа еңбегіне сілтеме жасағанымен, оның әдістемесін ашып көрсетпейді. Осы қиындық бізді Б.Блумның таксономиясы жайлы ағылшын тіліндегі материалдардан танып білуге итермеледі. Белгілі болғандай, бұл әзірлеме бас кезінде білім беру технологиясына арналып дайындалмағанын көрсетеді. Оның мақсаты оқып үйретудің әмбебап психологиялық заңдылықтары ашу болды.

Психолог Б.Блум бастаған бір топ америкалық психолог - педагогтер 1956 жылы бұл заңдылықтарды ашып, жоғары оқу орындарының практикасында қолдануға ұсынды. Өнер табыс іргелі ғылымға сүйсінгендіктен өзге білім беру деңгейлерінде қолдануға болатындығын көрсетті.

1950-жылдардан бері білім беруде жасалған өзге жүйелер мен иерахиялардың ішінде Б.Блум таксономиясы түсініктілігімен әрі заманауи білім беру парадигмасы жағдайында кеңінен қолдануға жарамдылығымен ерекше болды. Б.Блумның танымдық саладағы оқыту мақсаттарының таксаномиясын сабақ, тақырып  шеңберінде когнитивті (танымдық) процесс кезендерінің ретін көруге, әрбір кезеңге  шығу белгілерін анықтауға арналған педагогикалық стратегия деуге болады. Стратегия  оқу  іс-әрекеттерін  ауқымды да терең жоспарлауға (жобалауға) көмегін  тигізіп, күтілетін нәтиже мен ұстаз міндеттерін айқын тұжырымдауға мүмкіндік  береді.

Танымдық саладағы педагогикалық мақсаттар таксономиясының оқыту   қызметінде пайдаланудың мүмкін әрі жөн екенін шын мәнінде түсіну үшін сабақтың технологиялық картасы «Мұғалімге ақпарат» бөлімінің «Күтілетін нәтиже» тармағында беріліп отырған кестені қолданудың мына бір әдістемесін ұсынды. ӘдістемеБ.Блумныңәдістемелікнұсқауларына (Bloom,B.S. 1956. Taxonomy of Educational Objectives, Handbook I: The Cognitive Domain. New York: David MeKay Co Inc.) сәйкесберілгенмәліметболыпсаналады.

Б.Блум бойынша танымдық салаға білім әрі ақыл-ой дағыдыларын дамыту процесі жатады. Бұл саланың құрамына ерекше фактілерді, рәсімдер үлгілері мен ұғымдарды еске түсе оларды тану секілді қызметтер кіреді, бұлар ақыл-ой қабілеттері мен дағдыларын  дамытады.

Төмендегі кестеде әр алуан мінез-құлықтар алты ірі категорияларды қиындық деңгейлер деп түсінсе болады, өйткені әрбір келесі деңгейге өту үшін оның алдынғысын меңгеріп алуқажет етеді.

  Танымдық саласындағы оқыту мақсаттарының таксономиясы

 


Катеогрия

Мысылы мен  түйінді  ұғымдары

Білім деректерді не ақпаратты  еске  түсіру.

Мысылдары: Стратегияны баяндау. Сатып алушыға тауарлардың бағасын жатқа айту. Қауіпсіздік технологиясын білу.    

Түйінді ұғымдары:анықтайды, сипаттайды, ұқсатады, біледі, қайсыбір категорияға жатқызады,атап шығады, таниды, жаңғыртады, іріктейді, тұжырымдайды.



Түсінік: Мағананы, мәліметті бір өлшем бірлігінен екіншісіне аударуды, нұсқаулар мен проблемалар түсіндірмесін ұғу. Проблеманы өз сөзімен  сипаттау.

Мысылдары: Жазбаша бақылау жұмысының ережелерін қайта қарау. Күрделі тапсырманы орындаудың қадамдарын өз сөзімен жеткізу. Теңдеуді компьютердің электронды кестесіне көшіру.

Түйінді ұғымдары: түсінеді, жақтайды, айырып  таниды, жуықтап бағалайды, түсіндіреді, кеңейтеді, жинақтап қорытады, мысал келтіреді қорытынды шығарады, түсіндірмесін береді, парафразалайды, болжайды, қайта қарайды, түйіндейді, аударады.



Қолданыс:  Ұғымды  жаңа жағдайда  пайдалану, я болмаса абстракцияны еш жәрдемсіз қолдану. Сынып бөлмесінде (аудиторияда) үйренгенді жұмыс орында отырып бейтаныс жағдайға  байланысты қолдану.

Мысаддары: Анықтаманы пайдалана отырып, қызметкерлердің демалыс уақытын есептеп  шығару. Жазбаша тестінің сенімділігін  бағалауда  стастика  заңдарын  қолдану.

Түйінді ұғымдары: қоладанады, өзгертеді, есептеп шығарады, құстарды көрсетеді, сырын ашып біледі, қолмен шеңбер жұмыс істейді (манипуляция жасайды), түрлендіреді, әрекет етеді, болжайды, әзірлейді,жасап шығарады,байланысын анықтайды,танытады, шешеді, пайдаланады.



Анализ: Заттық нәрсенің я идеяның құрылымы түсінікті болу үшін оларды бөлшектеп  қарастыру. Фактілерді ой-тұжырымдардан айырып тану.

Мысалдары: Жабдықтың қайсыбір бөлшегіндегі ақауын дедукциялық әдістің көмегімен тауып, жөндеу. Дәлдеме қисынынан қате ойды көру. Бөлімшеден (мекемеден) келіп түскен мәліметті жинақтап,оның ішінен орындалып бітуі үшін ізденуді  қажет  ететін тапсырмаларды  іріктеу.

Түйінді ұғымдары: талдайды, бөлшектеп қарастырады, салыстарады, қарсы қойып салыстырады, сызба нұсқа түрінде бейнелейді, бар құрылымды бөлшек-бөлшекке ажыратады (деконструкциялайды), саралайды, ерекшелейді, айырып таниды, ұқсатады, суреттейді, қорытынды шығарады, бейнелеп айтады, байланысын анықтайды, іріктейді, ұсақтап бөледі.



Синтез: Құрылымы я үлгіні алуан түрлі элементтерден жасау. Құрамдас бөлшектерді біріктіріп, жаңа мағананы, я болмаса құрылымды шығаруға баса назар аудару.

Мысалдары: Компания операциялары немесе технологиялық процесі жайлы нұсқаулық жазу. Ерекше бір тапсырманы орындау мақсатында мәшине жобасын (механизм) жасап шығару. Проблема шешу үшін бірнеше дереккөзден алынған оқу материалын кіріктіре  пайдалану.Алынған нәтижені жақсарту үшін оны өңдеп түзету.

Түйінді ұғымдары: категорияларға бөледі, қиыстырады, компиляциялайды, тұтастырады, жасайды, ойлап табады, жобалайды, түйсіндіреді, қозғау салады, түрлендіреді, ұйымдастырады, жоспарлайды, қайта топтастырады, қайта қарайды, түйіндейді, сөйлейді, жазады.



Баға: Идеялардың не заттық нәрселердің құндылығы жайлы пікір қалыптастыру.

Мысылдары: Ең тиімді деген шешімді таңдау. Ең білікті деген кандидатты жалдау. Жаңа бюджетті түйсіндіріп негіздеу.

Түйінді ұғымдары:  есептейді, салсытырады, шешім қабылдайды, қарсы қойып салыстырады, сынайды, сыни талдау жасайды, жақтайды, сипаттайды, ерекшелейді, бағалайды, түсіндіреді, түсіндірместен береді, негіздейді, байланысын анықтайды, түйіндейді, қолдайды.

 


 Міне, көріп отырғаныңыздай, Блумның классикалық түсіндірмесі «біз білетін Блумнан» әлдеқайда нақтырақ десек болады. Тағы бір назар аударатын жайт, Блум ажыратқан категориялардың мағынасын Блумша түсіну аса қажет етеді. Мәселен, «Блум» категориясын Блум көрсеткендей» деректерді не ақпаратты еске түсіру» деп тар мағанасында ұғыну керек. Содан соң осы категорияның мағанасына сай, сабақ тақырыбына қисыны келетін  «түйін ұғымдарды» таңдап алуға мегзейді.

Қорыта келгенде, әрбір мұғалім өзі беретін оқу пәндеріне таксономияны реті пайдалану мүмкіндігіне жеткенде ғана тиімді болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет