Жұмыс өтілі: 4 жыл Санаты: 2 Пәні



Дата19.02.2017
өлшемі48,07 Kb.
#10683
түріСабақ
Мекеме атауы: Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі

Аты–жөні: Жанжаксина Альмира Шайхслямовна

Лауазымы: Химия, өзін–өзі тану пәндерінің мұғалімі

Жұмыс өтілі: 4 жыл

Санаты: 2

Пәні: өзін–өзі тану

Тақырыбы: Салауаттылық –менің қалауым.

Сынып: 5

Біз бүкіл адамзатпен бірге үлкен тарихи кезең –XXI ғасыр аяқ басып отырмыз. Бұның маңызы ерекше. Өйткені келер ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, біздің халқымыз салауатты қоғамда өмір сүруі тиіс.

Қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасыңдағы бүкіл халыққа, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» тармағында азаматтарымыздың өмірі аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін оларды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген.



Салауаттылық –менің қалауым.

Ауырып ем іздегенше

Ауырмаудың жолын ізде!

(халық даналығы)


Мақсаты: оқушылардың «денсаулық» ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  1. салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

  2. денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;

  3. денсаулықты күтуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Құрал–жабдықтар: интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, маркерлер, ватмандар, үнтаспа.

Сабақ барысы:

I. Шаттық шеңбері: Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады. Бір оқушы мына өлең жолдарын мәнерлеп айтады:

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа,

Жаныңның саулық рухын аман сақта.

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Өмірдің қарбалаңы жай бір қауға.

Жан мен тәннің құпиясын аша білсең,

Сол сенің жеткен жерің биік тауға.
II. Әңгімелесу:


  1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Дені сау адам қандай болады?

  3. Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Салауатты өмір сүруге не кедергі болады?

  5. Өздеріңде қандай жағымды және жағымсыз әдеттер бар? Олардың қалыптасуына не себеп болады?

    1. Мәтінмен жұмыс: Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»фильмінен үзіндіні көрсету. Егер ондай мүмкіндік болмаса бұл үзіндіні оқулықтан оқытуға болады. Осыдан кейін оқушылар мына сұрақтарға жауап береді:

  1. Қожа осы оқиғадан қандай сабақ алды?

  2. Қожаның Сұлтанның сөзіне ермеуі мүмкін бе еді?

  3. Сұлтан сияқты балалар өмірде жиі кездесе ме? Олардың ұсынысын қалай қабылдар едіңдер?

    1. Шығармашылық жұмыс: шығармашылық жұмысты бастамас бұрын оқушылар екі топқа бөлінеді. Әрбір топқа тапсырма беріледі:

1 топ: «Денсаулықтың қастары»

2 топ: «Денсаулықтың достары»

Ватмандарға тақырыптар бойынша ассоциация сызбасын құру. Орындалған соң әрбір топтан бір оқушы шығып, қорғайды.



V. Осыдан кейін мұғалім интербелсенді тақтада берілген денсаулықтың он құпиясына оқушыларды көңіл аударуын сұрайды:

Денсаулықтың он құпиясы (Адам Дж.Джексон).

Денсаулықтың бірінші құпиясы –денсаулықпен сырқаттың негізі біздің ақыл-ойымызда жатыр.

Денсаулықтың екінші құпиясы –біздің тыныс алуымызда болып табылады.

Денсаулықтың үшінші құпиясы –шынығу әрекеттері күш әкеледі.

Денсаулықтың төртінші құпиясы –дұрыс тамақтану күші.

Денсаулықтың бесінші құпиясы –күлкі. Күлкі –бұл мәңгілік емші.

Денсаулықтың алтыншы құпиясы –демалу күші.

Денсаулықтың жетінші құпиясы –тұлғаны түзу ұстай білу күші.

Денсаулықтың сегізінші құпиясы –таза қоршаған ортасыз шынайы денсаулықтың болуы мүмкін емес.

Денсаулықтың тоғызыншы құпиясы –сенім күші.

Денсаулықтың оныншы құпиясы –сүйіспеншілік күші.

VI. Тыныштық сәті: баяу әуен ойнап тұрады.

–Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Ал енді көздеріңді ашыңдар.

VII. Жағдаятты талдау: әрбір топқа екі жағдаяттан беріледі және оларды шешуге тапсырылады. Тапсырманы орындауға бірнеше минут беріледі. Осыдан кейін, әрбір топтан бір оқушы жағдаятты оқиды, ал басқа оқушы топтың шешуін ұсынады.

I топ.

1 жағдаят: Талғат жазылмас дертке шалдыққан. Оның үлкен зәулім үйі, көлігі, бау-бақшасы, ақшасы бар.

Талғатты бай деп айта аламыз ба?



2 жағдаят: Алмас ертең болатын емтиханды ойлап, әбден мазасы кетті. Барлық сұрақтарға тыңғылықты дайындалғандай болды.Бірақ көңіліне сенімсіздік ұялап, мазасыз ойлар бірінен соң бірі тізбектеліп келе берді. Мазасыздықтан арыла алмаған Алмас өзін жайсыз сезінді.

Алмасқа қандай кеңес берер едіңдер?



II топ.

1 жағдаят: Сенің достарың темекі шегеді. Бірақ сенің темекі шеккің келмейді. Достарың сені темекі шегуге итермелейді. Сен достарыңды да қиғың келмейді. Не істер едің?

2 жағдаят: Алия пен Гүлсім бір сыныпта оқиды. Алия ақкөңіл, құрбыластарымен тез тіл табысады. Гүлсім де ашық жарқын,бірақ Алия болған жерде көңілі күрт өзгеріп сала береді. Неге екені белгісіз Алияның жетістіктері Гүлсімге түрпідей тиеді. Берекесі кетіп, бойын мазасыздық билейді.

Гүлсімнің мазасыздығының себебі неде?



  1. Қорытындылау:

- Денсаулық –адам баласының ең құнды игілігінің бірі. Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетің таза болуы керек. Адамның жан тазалығы денсаулығына әсер етеді. Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді. Денсаулығың жақсы болса, көңіл күй де көтеріңкі болады.

  1. Жүректен–жүрекке: Балалар шеңбер құрып, денсаулыққа байланысты бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Каталог: files -> caf
caf -> Сабақтың тақырыбы: Қазақфильм киностудиясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: а кино өнері туралы мәлімет беру
caf -> Сабақтың тақырыбы:
caf -> Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелері «Әке мен бала», «Жаман жолдас» Сабақтың мақсаты
caf -> Сабақтың тақырыбы С. Торайғыров «Шілде» өлеңі Сілтеме
caf -> Мақсаты: Балаларды шығарманы мазмұндауға үйрету. Міндеттері
caf -> «Көңілді қыс» Возрастная группа дайындық топ Білім беру бөлімінің №1 сәбилер бақшасы Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын Ашық сабақ Тақырыбы: «Көңілді қыс» Дайындық
caf -> Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
caf -> Сабақтың барысы. Тәрбиешінің алдында үстел үстінде телефон тұр, біреу қоңырау шалады. Балалар тәрбиешінің қарама- қарсы отырады
caf -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Қыстайтын құстар» Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет