Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет9/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   108
§ 119. АЙНАЛДЫРУШЫ ТОКАРЬ

4-й разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті токарлық айналма станоктарда 7-10 квалитет бойынша көп аралықта, сондай-ақ қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісін қолдана отырып, күрделі бөлшектерді токарлық өңдеу. Плазмалы қондырғыны қосу және сөндіру. Тура және таяныш ленталы бұраманы 8-10 квалитеттер бойынша кесу. Қол жетпейтін жерлерді дәл қайрау, қысқарта кесу және жону. Плазмалы қондырғы мен плазмотронды қосарланған өңдеуге баптау. Домалату шеңбері (көшіру) бойынша жылжымалы құрамның тұтас домаланған доңғалақтарын қайрау, шетжақтарды күпшектің сыртқы жағынан қысқарта кесу, тесіктерді қашап кеңіту. Планшайба диаметрі 7000 мм жоғары токарлық айналмалы станоктарды басқару.

Білуге тиіс: әр түрлі токарлық айналмалы станоктардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін және дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережелерін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын; ажарлағыш шарықтастардың маркаларын және қолдану ережелерін; кесуші құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайоау, жетілдіру және орнату ережесін; , шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; электр техникасының негіздерін және плазмалы қондырғының, сору желдеткішінің және салқындату жүйесінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету ережесін; плазмалы қыздыруды орнатудың принциптік тәсімін және плазмотронды баптау тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

1. Ұсақтау бандаждары – толықтай токарлық өңдеу.

2. Диаметрі 750 мм дейін жүгірткілер (домалағыштар) – толық токарлық өңдеу.

3. Диаметрі 750 мм артық канатты блоктар – толық токарлық өңдеу.

4. Диаметрі 2000 мм дейін тісті тәждер – толық токарлық өңдеу, дөңгелетіп ажарлау.

5. Диаметрі 1000 мм дейін еспе бұрандалар – калибр бойынша конустық тесіктерді таза қашап кеңіту.

6. Екі жартыдан тұратын ішпектер – толықтай токарлық өңдеу.

7. Сыртқы диаметрі 500-ден 1200 мм дейін тісті сфералық төлкелер – толық токарлық өңдеу.

8. Диаметрі 750 мм жоғары цилиндрлік төлкелер және фланецтер – толықтай токарлық өңдеу.

9. Диаметрі 2000 мм артық бу турбиналардың диафрагмалары – алдын ала өңдеу.

10. Көп тәжді бір жақты радиалды бу турбиналардың дискілерімен диафрагмалары – толықтай токарлық өңдеу.

11. Биіктігі 1000 мм жоғары қалыпты кокильдер – толық токарлық өңдеу.

12. Диаметрі 750 мм жоғары доңғалақтар – таза өңдеу және күпшектерді қашап кеңіту.

Бу.


13. турбиналардың сыртқы диаметрі 750-ден 2000 мм дейін тісті және жұмыс доңғалақтары – толық токарлық өңдеу

14. Екі жартыдан тұратын аз түсірілетін сақиналар – толық токарлық өңдеу.

15. Қысатын (жұқа қабырғалы) сақиналар – күрделі пішінді өңдеу.

16. Шүмекті сақиналар – таза өңдеу.

17. Гидротурбиналардың жұмыс доңғалақтарының корпустары – алдын ала өңдеу.

18. Редукторлардың корпустары – жазықтықты қайрау, тесіктерді таза қашап кеңіту және соғылмаларды қашап кеңіту.

19. Диаметрі 750 мм жоғары маховиктер – толық өңдеу.

20. Диаметрі 1000 мм жоғары фильтрлердің ернеушелері – толықтай өңдеу.

21. Екі жартыдан тұратын кеме мойынтіректерінің құрсамалары – толықтай өңдеу.

22. Екі жартыдан тұратын кеме мойынтіректернің сырғымалы тіректері мен күпшектері – толықтай өңдеу.

23. Погондар – үстінен таза қайрау, диаметрі 5000 мм дейін ішкі тесікті қашап кеңіту және жүгірткі жолды қайрау.

24. Домна пештерінің пресс-қалыптары мен кіші конустары – толықтай өңдеу.

25. Тісті секаторлар – дөңгелетіп қайрау.

26. Үштен артық қондырма өлшемдері бар стакандар, төлкелер, сақиналар – толық өңдеу.

27. Станиналар – толық өңдеу.

28. Диаметрі 2000 мм дейін тостағандар – қайрау және плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай қысқартып кесу.

29. Сыртқы диаметрі 2000 мм дейін конустық тістегершіктер – плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай толықтай өңдеу.

30. Сыртқы диаметрі 2000 мм жоғары конустық тістегершіктер – алдын ала өңдеу.

31. Диаметрі 750-ден 2000 мм дейін цилиндрлік тістегершіктер, тегіс шкивтер, жиектер мен муфталар – плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай толықтай өңдеу.

32. Диаметрі 750-ден 2000 мм дейін сына белдікті беріліске арналған және канатты шкивтер – толық өңдеу.

§ 120. АЙНАЛДЫРУШЫ ТОКАРЬ

5-й разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі әмбебап токарлық айналмалы станоктарда 6-7 квалитет бойынша көп аралықта және оларды орнатумен күрделі бөлшектерді токарлық өңдеу. Екі берілісті қисық сызықты цилиндрлік бетімен қабысқан сыртқы және ішкі қисық сызықты бетті, сондай-ақ өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар конустық бетті қайрау. Барлық пішінді бұрамаларды 6-7 квалитет бойынша кесу. Бұрыштамалардың, астарлардың, планкалардың көмегімен құрамды бекітпесі бар бөлшектерді орнату. Барлық жазықтықта индикатор бойынша бөлшектерді орнату. Сирек кездесетін токарлық айналмалы станоктарда күрделі ірі габаритті бөлшектерді токарлық өңдеу, оның ішінде қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісімен қиын өңделетін жоғары қоспалы және ыстыққа төзімді материалдардан жасалған бөлшектерді өңдеу бойынша көрсетілген жұмысты орындау.

Білуге тиіс: сирек кездесетін және басқа да күрделі айналмалы станоктардың конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструкциясын, қолдану ережесін, плазмалы қыздыру қондырғыларының техникалық сипаттамасын және пайдалану ерекшеліктерін; орындалатын жұмыс шегінде металдарды кесудің негізгі теориясын; берілген квалитеттер мен параметрлерге жету тәсілдерін; түрлі кескіш құралдың геометриясын, конструкциясын, қайрау және жетілдіру ережесін; станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесу режимін айқындау ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Тірек тәждері – толықтай өңдеу.

2. Диаметрі 2000 мм жоғары тісті тәждер – толықтай өңдеу, дөңгелетіп ажарлау.

3. Диаметрі 1000 мм жоғары тарақты бұрандалар - калибр бойынша конустық тесікті таза қашап кеңіту.

4. Екі жартыдан тұратын ішпектер – толықтай өңдеу.

5. Кеме мойынтіректерінің ішпектері, ажырамалы – толықтай өңдеу.

6. Сыртқы диаметрі 1200 мм жоғары тісті сфералық төлкелер – толық өңдеу.

7. Диаметрі 5000 мм дейін корпустық турбиналар мен сорғылардың бөлшектері – екі және одан артық қондырғыларда бірнеше өлшемді тесіктерді өңдеу.

8. Қуаттылығы 100 м/ватт жоғары бу турбиналардың диафрагмалары – толықтай өңдеу.

9. Сыртқы диаметрі 2000 мм жоғары бу турбиналардың тісті және жұмыс сақиналары – толық токарлық өңдеу.

10. Реттелетін тірек сақиналары – таяныш бұраманы кесіп және жылтырата отырып, толық өңдеу.

11. Домна пештерінің үлкен конустары – толық токарлық өңдеу.

12. Шүмекті аппараттардың корпустары мен дестелері – толықтай өңдеу.

13. Гидротурбиналардың, гидрожапқыштардың корпустық бөлшектері – толықтай өңдеу.

14. Шар, турбина және өзекше диірмендерінің шетжақты қақпалары – мойнақты жылтыра отырып, толық өңдеу.

15. Шпиндельдері бар планшайбалар, ірі айналмалы станоктардың суппорттары – толық токарлық өңдеу.

16. Погондар – үстінен таза қайрау, диаметрі 5000 мм жоғары ішкі тесікті қашап кеңіту және жүгірткі жолды қайрау.

17. Шар диірмендеріне арналған сфералық мойынтіректер – көшіргіштер бойынша сфераларды қашап кеңіту, қысқарта кесу, өңдеу.

18. Күрделі конфигурациялы пресс-қалыптар – толықтай токарлық өңдеу.

19. Центрифуга роторлары – толық өңдеу.

20. Корпусты ұсақтағыштың станиналары – толық өңдеу.

21. Руль күпшектері, румпельдер мен мортирлер – калибр бойынша конустық тесікті таза қашап кеңіту.

22. Сыртқы диаметрі 2000 мм жоғары конустық тістегершіктер – плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай толықтай өңдеу.

23. Диаметрі 2000 мм жоғары цилиндрлік тістегершіктер, шкивтер, жиектер, муфталар - плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай толықтай өңдеу.

24. Диаметрі 2000 мм жоғары сына белдікті беріліске арналған және канатты шкивтер – толық өңдеу.

25. Цилиндрлер мен престердің траверсалары – толық өңдеу.

26. Диаметрі 2000 мм жоғары тостағандар – плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай қайрау және қысқарта кесу.

§ 121. АЙНАЛДЫРУШЫ ТОКАРЬ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 1-5 квалитет бойынша өңделетін көп шығыңқы, ойысты және фасонды беті бар деформацияланған күрделі жұқа қабырғалы бөлшектерді токарлық өңдеу. Арнайы құралмен және аспаппен түзетуді қажет ететін көп қайта орнатулармен құрамды бекітілетін бөлшектерді орнату. Әр түрлі пішінді және қадамды ірі, күрделі бұрамаларды кесу; бетті ажарлау және жылтырату. Күрделі, ірі габаритті бөлшектерді, бұйымдар мен тораптарды сирек кездесетін токарлық айналмалы станоктарда токарлық өңдеу, оның ішінде қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісімен қиын өңделетін, жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді материалдардан жасалған бөлшектерді өңдеу бойынша көрсетілген жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: сирек кездесетін және басқа да күрделі айналмалы станоктардың конструкциясын және дәлдікке тексеру ережесін; кескіш құралдың барлық түрінің құрылғысын, геометриясын және термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін; арнайы құралдар мен аспаптарды қолдана отырып, бірнеше жазықтықта бекіткіштерді орнату және күрделі бөлшектерді салыстыру тәсілін; кесудің және жоғары өндіруде станок пен құралды пайдаланудың тиімді режимін айқындау ережесін; күрделі жұмыстарды орындаумен байланысты есептеулердің ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Шүмекті аппарат – аралығы бар жұқа қабырғалы конструкцияларды толықтай өңдеу.

2. Гидротурбиналар мен сорғылардың корпустық бөлектері - плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай, екі және одан артық қондырғыларда бірнеше өлшемді тесіктерді өңдеу.

3. Цилиндрлердің, газ компрессорлары мен гидравликалық пресстердің бөлшектері - плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай, тесіктерді қашап кеңіту, қысқарта кесу, қол жетпейтін жерлердегі бунақтарды қайрау.

4. Екі жақты көп тәжді радиалды бу турбиналардың дискілері – толықтай өңдеу.

5. Компрессорлардың корпустары – көп аралықпен (екі және одан артық қондырғылардан) толықтай өңдеу.

6. Дейдвудты сальниктердің корпустары – эскиздер бойынша толықтай өңдеу.

7. Жоғары параметрлі турбина цилиндріндегі қалақтар - әр түрлі конустық көлбеуі бар жиналған түрдегі конуста ажарлау.

8. Шүмекті аппарат дестесі – көп аралықпен екі және одан артық қондырғылардан толықтай өңдеу.

9. 16-метрлік айналмалы станоктың планшайбалары мен негіздері (планшайба төрт бөліктен және негіз жеті-сегіз сектордан) – толықтай қайрау.

10. Бу сепараторлары, реакторлардың корпустары – плазмалы қыздырумен толық токарлық өңдеу.

11. Жоғары қысымды турбиналардың цилиндрлері – қалақ бойынша пішінді бунақтарды қысқарта кесе отырып, таза өңдеу.
§ 122. ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ ТОКАРЬ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Белгілі бөлшектерді өңдеу немесе кескіш құралдар мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, жекелеген операцияларды орындау үшін бапталған токарлық жартылай автоматтарда 12-14 квалитет бойынша қарапайым бөлшектерді токарлық өңдеу.

Білуге тиіс: бір типті токарлық жартылай автоматтардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін; едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану ережелерін; бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын; қалыпты және арнайы кескіш құралды; кескіш құралды қайрау және орнату ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; салқындатқыш және майлағыш сұйықтықтардың міндеті мен қасиетін;

Жұмыс үлгілері

1. Диаметрі 50 мм дейін болттар, гайкалар, шпилькалар – толық токарлық өңдеу.

2. Диаметрі 100 мм дейін төлкелер, білікшелер және диаметрі 500 мм дейін бұрандалар – толық токарлық өңдеу.

3. Біріктіргіш муфталар - жасау.

4. Ірі габаритті сағаттардың жиектері – шетжақты және сыртқы бетін қайрау.

5. Диаметрі 200 мм дейін цилиндрлік тістегершіктер – толық токарлық өңдеу.


§ 123. ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ ТОКАРЬ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бапталған токарлық жартылай автоматтарда 8-11 квалитет бойынша күрделілігі орташа бөлшектерді токарлық өңдеу және цилиндрлік, конустық және фасонды бетті қайрау және жону бойынша операцияларды орындау. Станокты баптау, өңдеу және кесу режимдерінің технологиялық жүйелілігін белгілеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың құрылғысын және баптау ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережелерін; металл мен кескіш құралға қарай кесу режимдерін; аспапты болаттан жасалған құралдың және қатты қорытпалардың немесе керамикалық пластинкаларымен жарақталған құралдың қайрау бұрыштарын және кесу қасиеттерін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; өңделетін материалдардың негізгі қасиетін.

Жұмыс үлгілері

1. Диаметрі 50 мм жоғары болттар, гайкалар, шпилькалар – толық токарлық өңдеу.

2. Роликті букстер – толық токарлық өңдеу.

3. Ұзындығы 3000 мм дейін көп сатылы біліктер – таза қайрау.

4. Төлкелер, білікшелер мен бұрандалар – толық токарлық өңдеу.

5. Тұйық гайкалар – бунақтарды қайрау, бұрғылау, жону, бұраманы кесу және сфераны қайрау.

6. Қалпақшалар – таза өңдеу.

7. Компрессорлы және май түсіргіш сақиналар – көшіргіш бойынша сыртқы бетін қайрау және бунақтарды жону.

8. Қол сағаттарының корпустық сақиналары – кішкене аяқтарды және цилиндрлік белдеушелерді қайрау.

9. Диаметрі 200 мм дейін мойынтірек сақиналары – пішін бойынша токарлық өңдеу.

10. Бұрғылар, плашкалар, бұрандаойғыштар, ұштама фрезалар – толық токарлық өңдеу.

11. Диаметрі 200-ден 500 мм дейін цилиндрлік және диаметрі 300 мм дейін конустық тістегершіктер – толық токарлық өңдеу.

12. Диаметрі 70 мм дейін штангалар – ұштамаларын үшкірлеу.

§ 124. ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ ТОКАРЬ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, түрлі фасон жұмыстарын қоса, көп аралықпен әр түрлі конструкциялы токарлық жартылай автоматтарда 7-10 квалитет бойынша күрделі бөлшектерді токарлық өңдеу. Станоктарды баптау, құрал мен құрылғыларды орнату және реттеу. Жартылай автоматты баптау үшін тістегершіктер жиынтығын пайдалану.

Білуге тиіс: әр түрлі конструкциялы токарлық жартылай автоматтың құрылғысы мен кинематикалық тәсімін және дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын; кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Қозғалтқыштардың иінді біліктері – түпкі мойнақтарды қайрау.

2. Ұзындығы 3000 мм жоғары көп сатылы біліктер – таза өңдеу.

3. Цилиндр гильзалары – таза өңдеу.

4. Сағат бөлшектері – алмасты қайрау.

5. Металл өңдейтін станоктардың әмбебап патрондарына арналған дискілер – толық токарлық өңдеу.

6. Маховиктердің картерлері – маховикті бекіту жағынан картер корпусын жону және фланецті қашау.

7. Диаметрі 200 мм жоғары мойынтірек сақиналары – пішін бойынша токарлық өңдеу.

8. Отын сорғысы секцияларының корпустары – тесіктері бұрғылау, үңгілеу, бұраманы кесу және шетжақты қысқарта кесу.

9. Шарлар және шар бірікпелері – сфераны қайрау.

10. Диаметрі 500 мм жоғары цилиндрлік және диаметрі 300 мм жоғары конустық тістегершіктер – толық токарлық өңдеу.

11. Диаметрі 70 мм жоғары штангалар – ұштамаларды станоктарда үшкірлеу.
§ 125. ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ ТОКАРЬ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі конструкциялы токарлық жартылай автоматтарда 7-10 квалитет бойынша алмастан жасалған күрделі бағалы құралдарды токарлық өңдеу.

Білуге тиіс: әр түрлі конструкциялы токарлық жартылай автоматтардың құрылғысы мен кинематикалық тәсімін және дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын;кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін; алмастан жасалған күрделі, бағалы құралды жасауға қойылатын талаптарды; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Шығыңқы алмастары бар алмасты қашаулар – толық токарлық өңдеу.

2. Алмастан жасалған бұрғы коронкалары – толық токарлық өңдеу.
§ 126. ҚЫРНАУШЫ ТОКАРЬ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап жонғыш станоктарда және кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, терең бұрғылау станоктарында қарапайым бөлшектері 12-14 квалитет бойынша өңдеу. Жоғары білікті жонушы токарьдің басшылығымен шпиндель диаметрі 200-ден 250 мм дейін жонғыш станоктарды басқару.

Білуге тиіс: бір типті жонғыш станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін; едәуір кең таралған әмбебап әрі арнайы құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын; бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын; кескіш құралдардың бұрыштарын және қайрау, орнату ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; салқындатқыш және майлағыш сұйықтықтың міндеті мен қасиетін.

Жұмыс үлгілері

1. Балғалардың соққыштары – ойықтарды фрезерлеу.

2. Ашалар, сырғалар, тартымдар, кронштейндер – тесіктерді жону.

3. Ұзындығы 1300 мм дейін бөлшектер – тура сызықты жиектер мен фаскаларды фрезерлеу.

4. Дайындамалар – шетжақтарды қысқарта кесу және орталықтандыру.

5. Рычагтар – тесіктерді алдын ала жону.

6. Қарапайым фланецтер – шетжақтарды кесе отырып, тесіктерді алдын ала жону.

7. Арматура фланецтері – тесіктерді контур бойынша бұрғылау.

8. Қарапайым фундаменттер – жазықтықты өңдеу.

9. Тістегершіктер, доңғалақтар, жүгірткілер – тесіктерді бұрғылау және жону.


§ 127. ҚЫРНАУШЫ ТОКАРЬ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, әмбебап әрі координатты-жонғыш станоктарда 8-11 квалитет бойынша және арнайыландырылған станоктарда 7-10 квалитет бойынша, сондай-ақ қарапайым бөлшектерді өңдеу үшін бапталған белгілі бір типті алмас-жонғыш станоктарда қарапайым бөлшекті өңдеу. Екі жазықтықта дәл салыстырумен станок үстелінде бөлшектер мен тораптарды орнату. Шпиндель диаметрі 250 мм және жоғары жонғыш станоктарды басқару.

Білуге тиіс: әр түрлі типті жонғыш станоктардың құрылғысын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін; жоғары білікті жонушы токармен бірлесіп қызмет көрсетілетін ірі габаритті станоктарды басқару ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндеті мен қолдану ережесін; кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеуді кескіш құралды қайрау және орнату ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; өңделетін материалдардың негізгі қасиетін.

Жұмыс үлгілері

1. Металл кескіш станоктардың артқы тұғырлары – бұрғылау және алдын ала жону.

2. Штампылағыш балғалардың тұғырлары – тастарға арналған ойықтарды фрезерлеу.

3. Қозғалтқыш цилиндрлерінің блоктары – гильза және ішпектер бойынша тесіктерді алдын ала жону.

4. Экскаватор эксцентриктерінің бугельдері – жону және қысқарта кесу.

5. Біліктер – орталықтандырудан шетжақтарды фрезерлеу.

6. Илем орнағы жастықшаларының ішпектері – тоңазытқыш астындағы қуыстарды жону.

7. Кеме мойынтіректерінің ішпектері – ажырама жазықтығының бұрышына орналасқан ұяшықтар мен тесіктерді бұрғының 10 диаметріне дейін тереңдікке бұрғылау.

8. Ұзындығы 1300 мм жоғары бөлшектер – тура сызықты жиектер мен фаскаларды фрезерлеу.

9. Ұзындығы 1300 мм дейін бөлшектер мен дайындамалар – қисық сызықты жиектер мен фаскаларды өңдеу.

10. Күрделілігі орташа бөлшектер – эллипсті ойықтар мен қылталарды жону, фаскаларды өңдеу.

11. Қылталары мен тесіктері бар фигуралық бөлшектер – тесіктерді жону, контур бойынша фрезерлеу және фаскаларды өңдеу.

12. Резервуарлардың табандары – тесіктерді фаскалармен жону.

13. Созғыш орнақтардың жұлдызшалары – тесіктерді бұрғылау және жону.

14. Мойынтіректерге арналған сақиналар – тесіктерді жону және шетжақтарды қысқарта кесу.

15. Диаметрі 1000 мм дейін сақиналар мен фланецтер – тесіктерді бұрғылау, бұрғылап кеңіту.

16. Бір немесе екі жазықтықта тесіктері бар кондукторлар – тесіктерді жону.

17. Мойынтірек корпустары – алдын ала жону және шетжақтарды қысқарта кесу.

18. Редукторлардың корпустары – тесіктерді мойынтірек бойынша алдын ала жону.

19. Қақпалар, табандар, қабықшалар, секциялар – терезелерді белгі және берілген координат бойынша бұрғылау, жону, фрезерлеу.

20. Дөңгелек және тікбұрышты терезелері бар матрицалар – бұрышты бақылау тесіктерін бұрғылау және жону.

21. Мортирлер – алдын ала жону.

22. Біріктіргіш муфталар – тесіктерді алдын ала жону.

23. Илем орнағының пышақтары, рычагтар, тесік диаметрі 100 мм дейін қисық тиектері – тесіктерді бұрғылау және жону.

24. Төрт жұдырықшалы қысатын станокты патрондар – жону.

25. Бөлгіштер – терезелерді белгі және берілген координат бойынша бұрғылау, жону және фрезерлеу.

26. Анкер плиталары – фрезерлеу және бұрғылау.

27. Пресс-қалыптар, күрделі емес шаблондар және автоматтарға арналған жұдырықшалар – жону.

28. Трактордың шынжыр табан арбашықтарының рамалары – жартылай ось бойынша тесіктерді жону.

29. Ауыспалы сыртқы қимасы бар күпшектер – белгі бойынша сыртқы контурды фрезерлеу.

30. Суппорттар, үлкен емес, ірі станоктардың тіреулері, ірі станоктардың станиналары – тесіктерді жону.

31. Жапқыш тарелкалары – тесіктерді бұрғылау және жону.

32. Порталды крандардың арбашықтары – аунақ осьтеріне арналған тесіктерді жону.

33. Үштіктер, иіндер, келтеқұбырлар – қысқарта кесу және жону.

34. Күрделі бөлшектерде ауыспалы фаскалар – тура сызықты жиектерді фрезерлеу.

35. Фундаменттер – жазықтықты өңдеу.

36. Шатундар – үлкен және шағын қалпақшаны алдын ала жону.
§ 128. ҚЫРНАУШЫ ТОКАРЬ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бөлшектер мен тораптарды 7-10 квалитет бойынша көп аралықпен және қондырғылармен әмбебап, координатты-жонғыш станоктарда, сондай-ақ әр түрлі типті алмас-жонғыш станоктарда өңдеу. Паралеллді орналасқан тесіктердің ортасы арасындағы қашықтықты, перпендикуляр шақтамаларын немесе осьтерді орналастырудың берілген тораптарын дәл сақтауды талап ететін бөлшектерді өңдеу. Бір уақытта бір және екі броштангты және ұшатын суппортты қолдана отырып, жонуекі жазықтықта орналасқан бірнеше тесіктерді жону кезінде координат осьтерінің орнын айқындау. Станоктарды баптау. Шпиндель диаметрі 200 мм жоғары жонғыш станоктарды басқару.

Білуге тиіс: әр түрлі типті жонғыш станоктардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін және дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын;кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін; арнайыландырылған броштангтерді баптау тәсілдерін; шақтмалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Токарлық бұранда кескіш станоктардың артқы тұғырлары – пиноль бойынша тесіктерді жону.

2. Штампылағыш балғалардың тұғырлары мен бағыттағыштары – орталық тесіктерді жону және параллелдерді фрезерлеу.

3. Консольды балкалар – есіктерді белгілеу, бұрғылау және жону.

4. Орташа және үлкен кеме рульдерінің баллерлері, аралық кеме біліктері – кілтек ойықтарды фрезерлеу.

5. Иінді біліктер – шатун мойнақтарында тесіктерді жону, фланецте тесіктерде бұрғылау және ұңғылау.

6. Кеме біліктері – фланецтерде біріктіргіш болттар үшін конустық тесіктерді бұрғылау, үңгілеу және ұңғылау.

7. Диаметрі 2000 мм дейін тарақты бұрандалар – тесіктерді бұрғылау және жону.

8. Мортир төлкелері – толықтай жону.

9. Гидротурбиналардың жұмыс доңғалақтарының төлкелері – алдын ала жону.

10. Корпустың конустық және сфералық қалпақшалары - әр түрлі жазықтықта тесіктер мен қылталарды бұрғылау, жону, берілген координат бойынша осьтерден шетжақтарды қысқарта кесу.

11. Револьверлік қалпақшалар – тесіктерді жону.

12. Ұзындығы 1300 мм жоғары қисық сызықты жиектері бар күрделі бөлшектер – жиектер мен фаскаларды фрезерлеу.

13. Табандар - әр түрлі жазықтықта берілген координат бойынша тесіктерді бұрғылау, жону, ұңғылау.

14. Жаппалар – төлкелерді престеу бойынша тесіктерді жону және престеуден кейін төлкелерді жону.

15. Гидротурбина статорларының колонналары – толықтай жону.

16. ДУИМ корпустары – алдын ала жону.

17. Жапқыштардың күрделі, пісірілген және штампыланған корпустары – шетжақтарды қысқарта отырып, тесіктер мен қалталарды жону.

18. Корпустар мен қақпалар – үстел ұзындығына броштангтерді қолдана отырып, қарама-қарсы орналасқан тесіктерді жону.

19. Диаметрі 400 мм дейін тірек мойынтіректерінің корпустары – толықтай жону.

20. Станоктардың алдыңғы тұғыр корпустары – алдын ала жону, шетжақтарды фрезерлеу.

21. Редукторлардың корпустары – жону және шетжақтарды қысқарта кесу.

22. Диаметрі 300 мм дейін бір жазықтықта орналасқан екі және одан артық осьтері бар редукторлардың корпустары – жону.

23. Отын сорғыларының корпустары, дизельдердің гильзалары – алмасты жону.

24. Диаметрі 1000 мм жоғары фильтр корпустары – толықтай жону.

25. Диаметрі 100 мм жоғары қосиіндер – тесіктерді жону.

26. Тесіктердің осьтері жанасатын кронштейндер – таза жону.

27. Көпір крандарының ілмектері – жону.

28. Матрицалар, кондукторлардың құрылғылары мен плиталары – әр түрлі жазықтықта орналасқан тесіктерді жону.

29. Домна пештеріне арналған келтеқұбырлар – сфераны жону және қысқарта кесу.

30. Бөлгіштер, кронштейндер - әр түрлі жазықтықта берілген координат бойынша тесіктердің бұрғылау, жону, ұңғылау.

31. Білік диаметрі 400 мм дейін кеме тірек мойынтіректері – толықтай жону.

32. Пресс-қалыптар, күрделі кондукторлар – әр түрлі жазықтықта орналасқан тесіктерді жону.

33. Соқпа машиналардың станиналары, жұмыс және тістегершік кілеттерінің станиналары, блюминг қайшыларының станиналары – алдын ала жону, фрезерлеу және қысқарта кесу.

34. Турбогенераторлардың статорлары – жону.

35. Фрезерлеу, бұрғылау станоктарының және қалыптаушы машиналардың үстелдері - Т-секілді ойықтарды таза жону және фрезерлеу.

36. Еспе мұзды бұрандалардың күпшектері – қалақ бойынша қырнаулар мен ұяшықтарды толықтай жону.

37. Руль күпшектері, румпельдер және басқа да бөлшектер – ішкі кілтекті ойықтарды фрезерлеу.

38. Форштевндер, ахтерштевндер – құлыптарды, ойықтарды фрезерлеу және тесіктерді бұрғылау.

39. Фундаменттер – екі немесе одан артық жазықтықта өңдеу.

40. Орталық арасындағы арақашықтық 1800 мм дейін дизель, соқпа машиналардың, бас бу машиналарының шатундары – толықтай жону.

41. Тежегіш шкивтер, муфталар – конустық тесіктерді жону.

42. Роторлы, статорлы және полюсты темірлерді шабуға арналған штампылар – матрицалар мен пуансондарды белгілеу, бұрғылау, жону, жиектерді фрезерлеу.

43. Штампылар – қисық сызықты жиектерді фрезерлеу.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   108




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет