Жобаның атауы: «Ас атасы нан, нан атасы –дән» Жобаның түрі



Дата23.08.2017
өлшемі125,72 Kb.
#25709
Жобаның өткізу жоспары

Жобаның атауы: «Ас атасы нан, нан атасы –дән» 

Жобаның түрі: Ұзақ мерзімді бақылау.

Қызмет түрі: «Таным»

Жүзеге асыру формасы: Топтық.

Жобаға қатысушылар: Мектепке дейінгі "Қарлығаш" орта тобы

4 жас пен 5 жас аралығы;

тәрбиешілер; ата аналар;
Мақсаты: Дән тұқымымен танысу,бидайдан нан жасалынатынын айта отырып, дәнді егуден бастап,нан болғанға дейінгі еңбек түрлерімен таныстыру. Дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен,қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. Диханшылардың еңбегімен таныстыру. Балаларды нанның біздің дастарханымызға қалай келетіні жайлы түсінік беру. Балаларға ас атасы – нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Адам еңбегін құрметтеуді,нанды қадірлеуді үйрету. Балалардың сөздік қорын,тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, еркін ойлау, ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіріп дамыту. Топпен жұмыс жасауға, жауапкершілікке үйрету.Ас  тағамды қадірлеуге  тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты:   Балалардың  ақыл-ой белсенділігін арттыру. Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту, жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.
Білімділігі: Дәндерді қолдарымен ұстатып, топыраққа егу арқылы еңбекті өздеріне орындатып қолмашықтарын жетілдіру. Еңбектерің жемісін көрсету.
Жаңа сөздер: Наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, соқалы трактор, масақ,қырман.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,сергіту,ойын,әңгімелеу,сұрақ-жауап,топыраққа тұқым егу, жаңа сөздер мағынасын түсіндіру.
Міндеттері:

. Өсімдіктерге тірі жандарға сияқты күтім жасауға тәрбиелеу,
. Бидай және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін бекіту,
. Бидайдың өсуіне қажетті жағдайлар(су,жер, жарық,жылу) туралы түсініктерін бекіту,

. Бидайдың өсу кезіндегі өзгерістерді және айырмашылықтарды анықтап, салыстыру;


Жобаның кезеңдері:
І кезең: \ дайындық ( 05.01.2016 ж. - 14.01.2016 ж.)
1. Жобаның мақсатын құру;

2. Міндеттерін қою;

3. Ақпарат жинау;

4. Мерзімін анықтау;

5. Топтарға бөлу;

6. Балалардан нан туралы өз білгендерін тексеру;

7. Бидайдың, нанның әртүрлі көрнекіліктерін дайындау;

8. Ата - аналармен түсіндіру жұмыстарын жасау;

9. Нан шығаратын цехқа саяхатқа бару;

10.Буклет жасау;

11.Ермексаздан, қамырдан нан түрлерін жасау;
ІІ кезең: \ негізгі (зерттеуші) (15.01.2016 ж. - 25.03.2016 ж.)
1. Тәрбиешінің балалармен жұмысы;

2. Балалардың өз еріктерімен зерттеу жасау әрекеттері;

3. Ата - аналармен бірге, балалармен жұмыс;

4. Тақырыпқа сай ертегілер сақыналау;

5. Тақпақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер жаттау;
ІІІ кезең: \ қорытынды ( 28.03.2016 ж. - 31.03.2016 ж.)
1. Көрме қарау;

2. Ата - аналармен жасаған жұмыстарға қорытынды жасау;

3. Әдістемелік бірлестік топтарына қорытынды ашық сабақ көрсету;

Жұмыс нәтижесін шығару

Мониторинг

Әдіскер:

Иновациялық технологиялар бойынша әдіскер:


«Ас атасы нан, нан атасы –дән»  жобасының жоспары:





Мазмұны

Ұйым-ан іс

Әрекетінің

саны

Жауаптылар




1.

Тақырыбы: "Нан қайдан шығады?"

Мақсаты: Нанды қадірлеуге үйрету,нанның дастарқанға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек ететіндігін түсіндіру.

Нан туралы мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер айту арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Қаңтар


19.01.2016

Ешназарова

Л.Б.


2.

Тақырыбы: "Наубайханаға саяхат"

Мақсаты: Нанға қамырды қалай ашытатынын, оны қалай кәліпке салатынын, наның пеште қалай пісіп шығатынын өз көздерімен көріп,тамаша көңіл күйлері көтеріледі.

Қаңтар


22.01.2016

Ешназарова Л.Б.



3.

Тақырыбы: «Тоқаш жасап үйренейік»

Мақсаты: Тұзды қамырмен жұмыс жасау арқылы, балалардың ұсақ қол маторикасын, сөйлеу қабілетін, ойлау қабілеттерін, берілген тапсырманы тиянақты орындауға баулу.

Қаңтар


26.01.2016

Ешназарова

Л.Б.


4.

Тақырыбы:"Ақ бидай" ертегісі

Мақсаты: Ертегілер айту арқылы тілдерін дамытып,ойлау қабілеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру.

Қаңтар

29.01.2016



Ешназарова

Л.Б.



5.

Тақырыбы: "Жапсырып үйренейік".

Мақсаты: Балаларды қайшымен, желіммен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. Ұйымдасып жұмыс жасау арқылы,олардың бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.


Ақпан

02.02.2016


Ешназарова

Л.Б.


6.

Тақырыбы: "Ас атасы нан "

Мақсаты: Нан туралы тақпақтар жаттатқызу арқылы, баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білуге үйрету.

Ақпан


05.02.2016

Ешназарова

Л.Б.


7.

Тақырыбы: " Бауырсақ бізде қоноқта"

Мақсаты: Балалардың өз ойларын емін - еркін жеткізу қабілетін арттыру. Оларды қонақжайлыққа, кішіпейілдікке, достыққа, ұйымшылдыққа баулу.

Ақпан


09.02.2016

Ешназарова

Л.Б.



8.

Тақырыбы: " Дымбілместен хат "

Мақсаты: Сұрақтарға жауап беру, суреттермен жұмыс жасау, жұмбақтарды шешу, суреттерді дұрыс құрастыру.

Ақпан


12.02.2016

Ешназарова

Л.Б.


9.

Тақырыбы: "Ертегілер еліне саяхат"

Мақсаты: Балаларға әртүрлі ертегілер айту арқылы,балалардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру. Ертегілер айту арқылы балалардың тілін дамыту.


Ақпан

16.02.2016



Ешназарова

Л.Б.



10.

Тақырыбы: "Ойнайық та, ойлайық "

Мақсаты: Ойында тапқырлық, шапшандық, батылдық қасиетімен, ойынмен балаларды тәрбиелеу. Мәдениетті сөйлеуге және, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Сонымен, баланың тілі бай болып, сөздік қоры молаяды. 


Ақпан

19.02.2016


Ешназарова

Л.Б.


11.

Тақырыбы: "Ауылға саяхат "

Мақсаты: Баланың сөздік қорын байытып, сөздерді анық айтуға жаттықтырады. Ойлау қабілеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру.

Ақпан

23.02.2016


Ешназарова

Л.Б.


12.

Тақырыбы:"Бар байлықтың басы – нан."

Мақсаты: Нанды қастерлеуге, ас атасы –нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру.


Ақпан

26.02.2016


Ешназарова

Л.Б.


13.

Тақырыбы: "Бидай".

Мақсаты: Балаларды қайшымен, желіммен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. Ұйымдасып жұмыс жасау арқылы,олардың бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Наурыз


01.03.2016

Ешназарова

Л.Б.


14.

Тақырыбы: «Бәліш»

Мақсаты: Тұзды қамырмен жұмыс жасау арқылы, балалардың ұсақ қол маторикасын, сөйлеу қабілетін, ойлау қабілеттерін, берілген тапсырманы тиянақты орындауға баулу.

Наурыз


04.03.2016

Ешназарова

Л.Б.


15.

Тақырыбы: «Нан – ардақты адал ас» Мақсаты: Осы тақырыпта ата-аналарымен бірге сурет салу арқылы, олардың Отбасына,Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Наурыз


11.03.2016

Ешназарова

Л.Б.


16.

Тақырыбы:«Ас атасы нан, нан атасы -дән» 

Мақсаты: Нанды қадірлеуге үйрету,нанның дастарқанға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек ететіндігін түсіндіру. Нан туралы мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер айту арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Наурыз


15.03.2016

Ешназарова

Л.Б.


17.

Тақырыбы: "Жұмбақ" шешіп үйренейік.

Мақсаты: Әртүрлі жұмбақтарды шешуде топтың, жұптың жұмыстары арқылы ойлау, салыстыру, зейінін қалыптастыру. Балаларды бірлікке, бірін - бірі сыйлауға және достыққа тәрбиелеу.

Наурыз


18.03.2016

Ешназарова

Л.Б.


18.

Тақырыбы:"Нан болса, ән де болады."

Мақсаты:Балаларды өздерінің жеке тәжірибелеріне сүйене отырып, қысқаша әңгімелер құруға үйрету,тақпақтар жаттату арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Наурыз


25.03.2016

Ешназарова

Л.Б.


19.

Тақырыбы: "Өткенге оралу "

Мақсаты: Өткенді қайталап,еске түсіру арқылы баланың тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайту.

Наурыз


28.03.2016-

31.03.2016


Ешназарова



Л.Б.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет