Жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындар арқылы рухани құндылығы арттыру



Дата26.08.2017
өлшемі93,05 Kb.
#28694
Жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындар арқылы рухани құндылығы арттыру
Абдрахимова А.Қ.

5В010300-«Педагогика және психология» мамандығының студенті

Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.

Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумен, қорытынды жасаумен аяқталады.Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.
Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.
Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін  толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн. Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.

Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына  әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және  көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.

Әрбір жасөспірім өз ағзасының құрылысы мен атқаратын қызметін жақсы біліп, тазалық ережелерін саналы түрде орындауға тиіс. Қазақ халқы адам денесіндегі он екі мүшенің сау болуына, олардың дұрыс қалыптасып өсуіне көп көңіл бөлетіндігі бұрыннан белгілі.

Жасөспірімнің денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір оқушы өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру қажет. Өйткені дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке де, оқуға да құлшына кіріседі. Мектепке дейінгі мекемелер мен оқу орындарындағы дене тәрбиесінің бағдарламалық мазмұны өзінің арнайы ерекшеліктеріне ие және ол бәрінен бұрын балалардың, жеткіншектердің, студенттердің денсаулығын, денесінің қалыпты дамуын, дене даярлығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Дене тәрбиесінің аталған құрамдас компоненттері (денсаулық, дене дамуы, дене дайындығы) өзара тығыз байланысты және жеткіншектер мен жастардың жеке тұлғасын, олардың өмірлік және функционалдық жағдайын (бой, салмақ, өкпенің сиымдылығы, аяқ-қолдардың үйлесімді қатынасы және т.б) қалыптастырып дамытуда жеке фактор болып табылады.

Қоғам үшін бірінші кезектегі қажетті тұрмыс пен еңбек қызметіне керек дене қасиеттері мен қозғалыс дағдыларын дамытып, жетілдіруге және бірқалыпты ұстауға көмектесетін, тұрғындардың әр-түрлі әлеуметтік демографиялық тобының мұқтаждығын қанағаттандыратын бұқаралық спорт болып табылады.Бұқаралық спортпен балалық жастан егде жасқа дейінгі кез-гелген адамның айналысуына мүмкіндігі бар және белсенді қозғалыс қызметінің нәтижесінде организмді өзгертуге, жеке тұлғаны жетілдіруге әсер ететін елеулі мүмкіндіктерге ие.

Адамға ең қажет нәрсе - оның өмірі мен денсаулығын сақтау. Денсаулықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Денсаулықтың жоқтығы адамның ойлаған ойын жүзеге асыруға кедергі жасайды, әсіресе жастардың жалындаған күш-қайраты мен қиялына кедергі болады. Әрбір жасөспірімнің дене бітімі жағынан жан-жақты дамуы - бұлшық еттердің болаттай берік болуы, жүрек-қантамыр жүйелерінің, тыныс жолдарының, ас қорыту мүшелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Әрбір жасөспірім өз ағзасының құрылысы мен атқаратын қызметін жақсы біліп, тазалық ережелерін саналы түрде орындауға тиіс. Қазақ халқы адам денесіндегі он екі мүшенің сау болуына, олардың дұрыс қалыптасып өсуіне көп көңіл бөлетіндігі бұрыннан белгілі.

Дене тәрбиесінің аталған құрамдас компоненттері (денсаулық, дене дамуы, дене дайындығы) өзара тығыз байланысты және жеткіншектер мен жастардың жеке тұлғасын, олардың өмірлік және функционалдық жағдайын (бой, салмақ, өкпенің сиымдылығы, аяқ-қолдардың үйлесімді қатынасы және т.б) қалыптастырып дамытуда жеке фактор болып табылады.

Қоғам үшін бірінші кезектегі қажетті тұрмыс пен еңбек қызметіне керек дене қасиеттері мен қозғалыс дағдыларын дамытып, жетілдіруге және бірқалыпты ұстауға көмектесетін, тұрғындардың әр-түрлі әлеуметтік демографиялық тобының мұқтаждығын қанағаттандыратын бұқаралық спорт болып табылады. Бұқаралық спортпен балалық жастан егде жасқа дейінгі кез-гелген адамның айналысуына мүмкіндігі бар және белсенді қозғалыс қызметінің нәтижесінде организмді өзгертуге, жеке тұлғаны жетілдіруге әсер ететін елеулі мүмкіндіктерге ие.



Бір мақсатқа бағытталған дене шынықтыру бұл ретте кәсіпке үйренуді шапшаңдатуға, еңбектің тиімділігіне қол жеткізуге, кәсіби науқастану мен жарақаттанудың алдын алуға, белсенді демалыс есебінен жұмыс қабілеттілігін .қалпына келтіруге себепкер болады. Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы бұдан басқа да кәсіби қолданбалы деп аталатын дене қасиеттері (шыдамдылық, күш, жылдамдық) мен жеке тұлғаның касиеттерін, қолданбалы іскерліктер мен дағдыларды (жүзу, шаңғымен жүру, алпинизм, туризмнің түрлері және басқалар) қалыптастырады. Жоғарыда аталып кеткендей дене шынықтырудың негізгі компоненті және байланыстыратын буыны дене тәрбиесі болып табылады. Ол дене, шынықтыруға балалардың, жеткіншектердің, студенттердің саналы көзқарасы мен түсінігін қалыптастырады. Дене тәрбиесі дененің дамуын, дене дайындығын қамтамасыз етеді, оқушылар мен студенттердің әр түрлі оқу тәрбие қызметінің түрлерін жақсартуға, сонымен бірге тандап алған мамандығын меңгеруге себепші болады. Дене тәрбиесі бұдан басқа да жеке түлғаны қалыптастыратын жалпы мәдениеттілік, адамгершілікті, эстетикалық және өзге де функцияларға ие. Адамның спорттық әрекеттері мен жарыстық қызметтері дене және психикалық қабілеттерінің деңгейін арттыруға себепкер болады. Адамның өз, денесін жетілдіруі, жарыстардың көрермендерді көптеп тартуы және басқалар қоғамға жағымды әсер етегіндігі белгілі. Қозғалыстың жетіспеуі ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі мен есте сақтаудың төмендеуіне себепші болады, эмоционалдық тұрақсыздыққа, стресске, жүректің, ет дистрофиясының функционалды жағдайның нашарлауына әкеп соғады, иммунологилық және аллергияға қарсы организмнің тұрақтылығын төмендетеді. Қозғалыстың азаюынан көңіл-күй, белсенділік нашарлайды. мазасыздық, сенімсіздік, жасырын өшпенділік пайда болады. Денсаулық факторларының 90%-тен астамы медицинаға, 300әсіресе денсаулық сақтау органдарының бүгінгі жағдайында тәуелді еместігіне (генетика, салауатты өмір салты, экология т.б.) ғалымдар қорытынды жасап отыр. Осыған байланысты дене шынықтырудың сауықтыру функциясы және оның маңызы әлі де арта түспек, өйткені дене шынықтыру құралдары тұрғындар үшүн ең оңтайлы болып табылады және тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілсе саналы түрді түсінгенде ол көпшілікті қамтитын болмақ. Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан 2030» атты стратегиялық жолдауындағы «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, аман-саулығы» атты тарауда былай деп жазылуы кездейсоқ емес: «Экономиканың өсуі өзінен-өзі біздің азамттардың амандық саулығын қамтамасыз ете алмайды. Ластанған қоршаған орта мен денсаулығына дұрыс қарамау нәтижесінде адамдар жылдан жылға аурушаң болып бара жатқандығы гүлденген экономиканың көз алдыңа елестету қиын емес». Әрі қарай ол қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттелігін атап өтеді: «Салауатты өмір салтына ынталандыру әр қайсымыздың дене жаттығулармен айналысуымызға бағытталған». Қазіргі уақытта спорт ғимараттарының жалдау мен абоненттік төлем ақының қымбаттауына байланысты дене шынықтырудың көп шығынды қажет етпейтін экономикалық тиімді түрлері үлкен маңызға ие болып отырғандығын айта кеткен жөн.

Дене шынықтырудың педогогикалық функциясы көп қырлы және өзге көптеген түрлерімен өз-ара байланысты. Сондықтан оның төмендегі негізгі түрлерін айырып атап кетпекпіз. Олар: тәрбиелілігі, білім берушілігі, бос уақытты тиімді пайдалануға жәрдемдесуі, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мен денесін жетілдіруге себепші болатындығы, балалармен жеткіншектер арасындағы қылмысты істерді азайтуы. Дене шынықтырудың отбасылық – тұрмыстық және жүйкені реттейтін функциясын қосымша атап кетуді жөн көрдік. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл функция ғылыми негіздеуді және өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесіне кең көлемде енгізуді қажет етеді. Тарихип тұрғыдан алғанда дене шынықтырудың бірінші кезектегі 301әлеуметтік бағалылығы мен мәні қоғамда, өндірістік және әскери қызметті қоса есептегенде, әр түрлі функцияларды орындауға адамның психо-физиологиялық және дене дайындығын қамтамасыз етуден тұрады.

Спортпен шұғылдану­шы­лар­дың санын көбейту, қосымша спорт мекемелерін, басқа да дене шынық­тыру-сауықтыру ұйымдары мен клубтар ашу бірінші кезекте инф­ра­құрылымның дамуы мен спорт нысандарының көбеюіне бай­ла­ныс­ты. Спорт инфра­құрылы­мы­ның жалпы алғанда дамып келе жат­қа­нына қарамастан, спорттың бұ­қара­лық сипат алуына спорт нысан­да­ры­ның (әсіресе, ауылдық жерлердегі) кемшіліктері кедергі болып отыр. Ауылдық жерлердегі спорт нысандары аз, қамтамасыз еті­лу деңгейі төмен. Қазіргі бар спорт ны­сандары ел халқының қажет­ті­лігін небары 30 пайызға ғана өтей алады. Бүгінде еліміздегі білім беру ұйымдарынан тыс нысандардың әр бесіншісі, яғни 957 нысан жөн­деуді қажет етіп тұр. Еліміздегі 7 мың ауылдық елді мекенде 20 166 спорт нысаны бар. Солардың 13 134-і (65,1%-ы) ашық спорт алаң­қайлары да, 307-сі ғана (3%-ы) жабық спорт кешендері.

Спорттың кейбір түрлерінен елі­мізде командалардың ресми ха­лықаралық жарыстарға даяр­лануы­на арналған заманауи базалар жетіспейді. Бұған қоса, жүзу бассейні, нысана көздеу орны, жеңіл атлетика манежі, велотрек, шаңғы ба­засы, есу арналары сынды ма­ман­дандырылған спорт нысандары тапшы. Ал бұлар нағыз медальға жомарт олимпиадалық спорт түр­лері екенін ескерсек, халықаралық ірі жарыстарда қандай қомақты олжалардан қағылып жүргеніміз айтпаса да түсінікті.

Жетістіктерімізді айта отырып, осындай кемшін тұстарымызды да жасырмай, қайта оны көпшіліктің на­зарына салып, жағдайды түзеу амал­дарын бірлесе қарастыр­ғаны­мыз жөн.

Жиырма жыл тарих үшін аз ғана уақыт болғанымен, Тәуелсіз Қазақ елінің спорт саңлақтары осы қысқа мерзімнің өзінде әлемнің талай асуын бағындырып үлгерді. Алда талай биіктер күтіп тұр, сол асқар­лар­ға ұмтылған Қазақстан спор­ты­ның да кемелдене түсері сөзсіз. Қазақстанда спортты дамытуға ден қойылып, дене тәрбиесін дамыту үшін сәулетті стадиондар мен спорт кешендерін жөнге келтіру қолға алына бастады. Бүгінгі таңда біздің елде қазіргі заманғы халықаралық стандартқа сай спорттық ғимараттар саны көбейіп келеді.



Пайдаланылған әдебиеттер

1. К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.


2. Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992.
3.  К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.
4. Ж. Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998.
5. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983.

6. А.М. Алексеев. Дене тәрбиесінің экономикалық тиімділігін бағалау

әдістері (Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы - 1988 ж. - ғ 10).

7. Б.Н. Антипова Тұрғындарға ақылы қызмет көрсету жүйесіндегі дене

шынықтыру тиімділігінің ұйымдастыру-педагогикалық аспектілері.

8. С.Н. Братоновский. Спорттық кооперативтерді ұйымдастыру мен оның

қызметінің құқықтың негіздері (Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы -

1991ж. – ғ 9).

9. М. Гриненко, Г. Саноян. Еңбек, денсаулық, дене шынықтыру - М:

1974 ж.


10. В.И.Жолдак Дене шынықтыру және еңбек. М: 1982 ж.

11. Дене шынықтыру мен спорттың экономикасы. Оқу қүралы М: 1983 ж.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет