ЖОҒары мектеп психологиясы



бет4/12
Дата22.08.2017
өлшемі2,9 Mb.
#24385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Студенттің мінездемесі.

Аты жөні тегі

Оқу орны__________факультеті____________курс________топ

Әлеуметтік жұмысы________________________

Топ ішіндегі үлгерімі (өте жоғары, жоғары, орташа, орташадан төмен, төмен)

Студенттің мүмкіншілігі_________________

Оқу үлгерімі (орташа)

(орташа оқу балы: 3,5-3,6; 4,1-4,5; 4,6-5; 5,0) студенттің өз мүмкіншілігіне деген көз-қарасы__________________

Тапсырмаларға деген қатысы _____________(қарсы тұрады, бейтарап, қарсы тұрмайды,қызығушылығы көрінеді);

Әлеуметтік жұмыстарға қатысы ______________(қатыспайды, жолдастарды тек қызықтырады)

Сабақ тақырыбын, материалды түсінуі_______________(баяу, жылдам, жай);

Бірге оқитын жолдастармен қарым-қатынасы____________________________(қарсы, бейтарап, жақсы);

Студенттің жақсы қасиеттері_________________________________________

Студенттің мінез-құлқындағы ерекшеліктері____________________________

Топтың жетекшісіне жоғарыдағы талаптар аз болуы мүмкін, сондықтан ол жоғары психологиялық тәсілдерді білуі керек. Оқу процесінде болатын стресс жағдайлары білім алуға кері әсерін тигізеді. Оларды туғызатын факторларды 3-ке бөлуге болады.

1) Әлеуметтік факторлар. ХХ ғасырда басқада мемлекеттерде осындай фактор 32% пайыздай жағдайларда кездеседі;

2) психологиялық фактор. 28% жағдайларда кездеседі. Осы фактор микротоптарда, жанұяда, оқу топтарында болады;

2.1) отбасы қарым-қатынаста туатын стрестік факторлар;

2.2) психологиялық сай келмеушілік. Бұл жатақаналарда болады. Бір бөлмеде тұратын адамдардың келіспеушілігі;

2.3) бір оқу орында оқитын студенттердің арасындағы келіспеушілік. Бұл жағдай әр түрлі мінез-құлықтарының салдарынан болады;

3) Психолого-педагогикалық жағдайлардан туатын келіспеушілік. Ол студенттердің арасында 40% кездеседі. Бұл мысалы, бір топтан басқа бір топқа, басқа оқу орынға ауысуынан болады;

3.1) үлкен көлемді ақпараттар, уақыттың аздығы, оқуға деген түрткі деңгейінің төмендігі, оқытушымен конфликті жағдайлар. Студент пен оқытушының қарым-қатынасының орнатылуы. Оқу кезінде студенттер арасындағы қарым-қатынас бір-біріне әсер етеді. Бір адамның басқа адамның әрекетін тудыратынын анықтау, оқытушы оқу процесі кезінде өзінің студенттермен қарым-қатынасты қалай орнатады, студенттерге қалай әсер етеді, олармен қарым-қатынастың қандай типін орнатуға қабілетті;

3.2) оқытушы мен студенттердің коммуникативті әсер етудің әдіс-тәсілдері. Оқу үрдісінде және сабақтан тыс формаларда оқытушының жұмыстарын талдай отыра бір топтағы студенттердің әр түрлі қарым-қатынас деңгейін анықтауға болады:

- Жоғарлығы – қарым-қатынастың жылулығымен, өзара түсінушілік, сенушілікті сипаттайды.

- Орташа

- Төменділігі-түсінбеушілік, ұнамсыздық, өзара көмектің болмауымен сипатталынады. Қарым-қатынастың деңгейі педагогтың әсер етуімен байланысты. Ол жарым-жартылай бағалармен, Ананьевпен зерттеуімен сәйкес. Бұл әсерлерді 2 түрге бөлуге болады.

1) Жағымды – келісу, өзіндік ынталандыру, мақтаушылық, әзіл, өтініш, кеңес пен ұсыныс;

2) жағымсыз – ескерту, мазақ, ажуа, жазғыру, қауіп-қатер, қорлау; Коммуникативті әсер етудің түрлі стильдері сабақ кезіндегі оқытушы студенттермен қарым-қатынастың мінез-құлықтың бірнеше моделін бағалау.

Диктаторлық модель – оқытушы студенттерді басшылыққа алады. Оқыған студенттер тек тыңдаушылар. Ешқандай тұлғалық әсерсіз.

Байланыстық модель – Оқытушы мен студенттер арсындағы қарым-қатынастың әлсіз байланысы бар. Бұл қызмет етудің болмауы, студенттерге деген қатынасының мейрімділігі.

Дифферециалды естің моделі – студенттер қатынасының сайлауымен негізделген. Оқытушы барлық аудиторияға зейінін бөлмейді, тек бөлігін дарынды немесе әлсіздерге , лидер мен аутсайдерлерге бөледі.

Гипорефлективті модель – оқытушының қарым-қатынастағы қиындығы. Оның сөз мәнері көбінесе монолог түрінде болады. Сөйлесе ол өзін ғана естиді және басқаларға көңіл бөлмейді. Біріккен қызмет әрекеттерде мұндай оқытушы өзінің ойларын сіңіріп және эмоциялық есітпеушілікті сыртқы ортаға көрінісін береді. Оқытылған және оқып жүрген студенттер арасындағы өзара байланыстың жоқтығы. Қарым-қатынас жақтары бір-бірінен оқшауланған.

Гиперрефлесиялық модель – оқытушы өзара байланыстық жақтарын ойламай, көбінесе сыртқы ортаны қабылдап, көңіл бөледі. Тұлға-аралық қатынастар абсолютті түрде беріледі. Ол ылғи да өзінің дәлелдемелеріне күмәнданады, дұрыс әрекеттерде, оқытудың атмосферасының әрбір жағдайына қатты сезімге алады. Оқытушының әлеуметтік – психологиялық сезімі аудиториялық әрекеттерге, реакцияларға әкеледі.

Иілмелі сезімдік модель – оқытушының студенттермен қатаң бағдарлама түрінде жұмыс істейді. Бұнда сабақтың мақсаты мен тапсырмалары нақты түрде беріледі, дәлелдемелер мен мимика,ым ишара бар, бірақта оқытушының түсінушілік сезімі жоқ. Студенттің психологиялық жағдайлары, олардың жас ерекшелігін және этникалық ерекшеліктері ескерілмейді.

Авторитарлық модель («Мен-өзім») – оқу-тәрбиелік процесс оқытушыға толығымен көзалданды. Ол – басты және жалғыз ғана өзі. Одан сұрақтар мен пайымдаулар, жауаптар туындайды. Аудитория мен оның арасындағы шығармашылық байланыстың жоқтығы оқытушының бір жақты белсенділігі оқыған студенттер жағынан әр түрлі тұлғаның ынтасын басады. Олар өздерін тек орындаушы ретінде саналынады. Олардың саналылық пен қоғамдық белсенділігі төменділігі, шығармашылық оқуы жоғалады.

Белсенділік байланыстың моделі – Оқытушы студенттердің арасында ылғи диалогта болады. Оларды мажорлық мінез-құлық ұстайды, ынтасын кеңейтеді, топтағы психологиялық өзгерісін оңай ұстайды және оларға оңай, жеңіл сезінеді. Жолдастық байланысы басым. Ұжымдық, оқулық және этикалық жағдайларын шығаруын қарастырады. Бұндай модель көбінесе продуктивті. Оқытушы мен студенттердің сабақтағы қарым-қатынасы психологиялық атмосферасы көрсетілген. Оқытушы мен студенттердің қарым-қатынасы 2 түрлі нұсқада болуы мүмкін.

1) Өзара түсінушілік, оқу әрекетінің орындалуы, бір-бірінің мінез-құлқын болжау қабілетінің дамуы;

2) түсінуге қабілеті жоқ, конфликтің пайда болуы, бір-бірінің мінез-құлықты анықтау; Қарым-қатынастың жағымды жақтарына жету және бір-бірі жайлы жиналған ақпараттың байланысы педагогтың коммуникативті білімнің даму деңгейіне байланысты, оның эмпатияға қабілеті мен рефлексияны бақылауға, дұрыс тындауға, сенімділікке, қарым-қатынастың өзгеруінде, конфликтарды дұрыс жеңіп шығуын білу. Басты рольді оқытушының психологиялық ерекшеліктері мен өзара қарым-қатынастары ойнайды. Сабақтарда педагогикалық қарым-қатынастың орнатылуына келесі коммуникативті әдістемелерді қолданылады. Аффектілерді жою, қарым-қатынастың сенімсіздігі, әдістердің басымдылығы.



  • Сабақта студенттердің оқытушымен қарым-қатынасы қорғаушылық атмосферасын құрастыру.

  • Диалогтарға қатысу, қуаттау, жауаптарды қолдау.

  • Студенттердің өзіндік ықыласымен ауызша жауаптарын ынталандыру.

  • Студенттің жауабы кезіндегі аяулы жағдайларды құрастыру.

  • Жеке студенттер жағынан шығармашылық белсенділігі басқаларға басымдылығына жол бермеу.

  • Қарым-қатынас кезіндегі коммуникативті қолдаудың қолдану тәсілдері.

  • Лекция мен дұрыс айтудың жолдарына көмек көрсету.

  • Нақты жағдайдың қарым-қатынасының коммуникативті мағынасын түсіру.

  • Қатысу мен қарым-қатынас техникасында коммуникативті әдістемесінде тура және қосымша оқыту.

  • Студенттің оқытушымен диалогтағы мінез-құлқы.

  • Студенттің оқытушымен диалогқа түсудің ынтасын қолдау.

  • Студенттерге ойлау жинақталуына жағдай тудыру.

  • Студенттің оқу-саналылық белсенділігінің әдіс-тәсілдері.

  • Сабақтарда студенттердің оқытушымен тәкелей белсенділікті байланыстың болуы.

  • Ынтасын тудырған үшін студенттерге топ алдында мақтау.

  • Демонстрация түрінде өзінің қателіктеріне критикалау.

  • Педагогикалық қарым-қатынастың арқасында негізгі психолого-педагогикалық оқытудың тәсілдері.

Басты негізгі жоғары оқу орнында алынған білім ғана емес, сонымен қатар меңгерудің амалдары, оқу әрекеттерімен ойлау, саналылық күштің дамуы мен студенттің шығармашылық потенциалы. Бұны тек оқудың әдістемелері жағдайында студенттің басым байланысына жетуге болады. Оқудың дамуына схема ұсынылған «естиді – еске алды – ойын айтты» «түсінді – ұғынды – еске алды – қолданды» схемасына ауысуы.

Педагогикалық процестің бірнеше негізгі функциялары бар:

Конструктивті – студент оқытушыға пән бойынша өз білімін түсіндіріп, талқылауы.

Ұйымшылдық–оқытушы мен студенттің біріккен оқу әрекеті.

Коммуникативті-ынталандыру – оқу-саналылық әрекетінің түрлі формалары (жеке, топтық), студенттер сабақта не түсінді, меңгерді, үйренді екені жайлы мәліметтер алу қажет.


  • Оқу – ақпараттық – қоғамдық өмірде студент оқу пәнін дұрыс түсіну;

  • эмоциялық – оқу принципінің реализациясы, оқытушы мен студенттің арасындағы қарым-қатынастың сенімділігі;

  • бақылау – бағалық. Қорытындының шығуы мен өзіндік бақылау мен өзіндік бағалаудың бағасы;

  • оқытушы мен студенттің арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың орнатылуына әсер ететін негізгі кең қолданыстағы себептер;

  • педагог студенттің жеке ерекшелігін санамайды – оны түсінбейді және оған ынталанбайды;

  • студент оқытушыны түсінбейді және оны тәлімгер ретінде қабылдамайды;

  • оқытушының әрекеті студенттің мінез-құлқының себебі мен түрткілердің жағдайына сәйкес келмейді;

  • оқытушы тәкаппар, студенттің ар намысына тиеді, абыройын кемітеді;

  • студент саналы және жігерлі түрде оқытушының талабын есепке алмайды.

Бақылау сұрақтары

1. Студенттік жастағы оқу және танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктері.

2. Оқудың жетістіліктігі жүйке жүйесінің типіне қалай тәуелді.

3. Студенттерді зерттеу әдістерін таңдап алыңыз.

4. Оқытушы және студенттердің өзара іс-әрекеттерінің нәтижелілігі бойынша әдісін талдау.

Тест түріндегі тапсырмалар

5. Оқудың жетістіктілігі адамның ___________ психикалық қасиетімен анықталады.

6. Студенттердің үлгерімі жалпы интеллектуалдық дамуы және арнайы қабілеттерімен қатар __________ тәуелді.

7. Жеке тұлғаның бағыттылығының негізінде материалдық және руханилық бола алатын ___________ жатады.

8. Жеке тұлғаның белгілі іс-әрекетке потенциалдық мүмкіншіліктерін оңтайландырудың маңызды шарты ________ және _________ болады.

9. Маңызды қажеттіліктердің бірі ________ және_________ қажеттілікте болып табылады.

10. Студенттердің іс-әрекеттерінде және дамуында __________ үлкен роль атқарады.

11. Белгілі салада жетістіктерге жету даму деңгейлеріне байланысты

1) интеллектің;

2) өзін-өзі тексерудің;

3) еріктің;

4) қабілеттердің;

5) тәрбиеден.

12. Студенттердің оқу іс-әрекеттерінің жүйелі деңгейіне байланысты

1) жоғары;

2) төмен;

3) орташа;

4) жеткілікті;

5) өте жоғары типтері анықталады.

5 Мамандықтар жіктеуі және кәсіптік деформация

1953 жылы Д.Патерсон мамандықтар жіктеуін ұсынды. Бұл жіктеудің негізіне 9 түрлі қабілеттіліктер жатады. Психолог- мамандықтанушылардың «Minnesota Ocupational Rating Scale» (МОRS) көмегімен таңдап алған 432 мамандықтары жеті топқа бөлінді: академиялық, механикалық, әлеуметтік, діндар, музыкалық, артістік (артистические) және физикалық. Зерттеудің жалпы нәтижесі 432 мамандықты 214 «үлгілерге» бөлуге мүмкіндік берді, олардың 137-і жеке кәсіби мамандыққа жатса, қалған 77-і - 2-ден 18-ге дейін мамандықтарды біріктіреді.

Мамандықтар типін мақсаттары бойынша үш классқа бөледі:

1) Гностикалық мамандықтар (Г) («гнозис» деген грек сөзінен шыққан - білім). «Адам - табиғат» типіне мысал: контролер – жеміс-жидек қабылдаушы, шәйді дегустациялау; «адам-техника» типі: пирометрист, машина жасаудағы дайын продукцияны қабылдаушы – контролер, ауыл шаруашылығы техникасының диагност-шебері; «адам-адам» типі: сот-медициналық эксперт, дәрігерлік-еңбектік эксперт, социолог; «адам – белгілер жүйесі» типі: типографияның корректоры, полиграфияның дайын және жартылай дайын продукциясын қабылдаушы – контролер, бухгалтер-ревизор; «адам– көркем бейне» типі: өнертанушы, музыкатанушы, театртанушы;

2) қайта жаңартушы мамандықтар (Қ). «Адам - табиғат» типіне мысал: жеміс-жидек өсіру шебері, мал шаруашылығының шебері, өсімдік қорғау бойынша агроном, зооинженер; «адам - техника» типі: слесарь-жөндеуші, токарь, прокатты станның операторы; «адам - адам» типі: мұғалім, педагог-тренер, өндірістік оқыту шебері, инженер-педагог, экскурсия жүргізуші; «адам – белгілер жүйесі» типі: картограф-сызушы, машина басушы-стенографист, бухгалтер; «адам – көркем бейне» типі: гул өсіруші-декоратор, фарфорды суреттеуші, архитектуралық нәрселерді жапсырушы;

3) іздеушілер мамандықтары (І). «Адам-табиғат» типіне мысал: балық шаруашылығын бақылаушы-ұшқыш, орман шаруашылығын бақылаушы-ұшқыш, биолог-зерттеуші; «адам - техника» типі: аяқкиімнің үстінгі жағын пішуші, лекалыны жайып салушы, инженер-конструктор; «адам - адам» типі: тәрбиеші, өндіріс ұйымдастырушысы, сатуды ұйымдастырушы; «адам – белгілер жүйесі» типі: программист, математик; «адам–көркем бейне» типі: интерьерді жобалау сәулетшісі, композитор.

Еңбек жағдайы бойыншы: тұрмыстық, «бөлмеге» ұқсас микроклимат жағдайында.

Кәсіби шеберліктің шыңына жету және тиімді іс-әрекет жүргізу үшін кәсіби қажетті қасиеттердің маңызы мен ролі ғалымдар жұмыстарында ашық анықталған.

Кәсіптік қабілеттіліктердің даму заңдылықтары мен динамикасының, кәсіби маңызды констелляциялардың механизмдері, мамандандыру үдерісінде олардың құрылымдарының өзгеріп отыруы жан-жақты зерттелді.

Кәсіби қажетті қасиеттерге өте көп көңіл бөлінді, функционалды-нейтралды және кәсіби жағымсыз қасиеттер аз деңгейде зерттелді. Зерттеушілердің пайымдауынша, кәсібилік деформация жасқа байланысты, кәсібилік және жеке тұлғалық үдерістер барысында, сонымен қатар, іс-әрекеттің мазмұны мен ерекшеліктерінің әсерінен шарасыздан пайда болады.

Шетел ғалымдарының (Г. Беккера, К. Зейферта, И. Ландшира, К. Роджерса, Д. Сьюпера и др.) еңбектерін зерделеу, тұлғаның кәсібилік қалыптасу кезінде, негізінен, кәсіби қажетті қасиеттерге, жаңадан пайда болған продуктивті психологиялық құрылымдарға өте көп көңіл бөлінгенін. көрсетті.

Кәсіби маңызды қабілеттер кәсібилік таңдау, кәсібилік жарамдылыты анықтаған және мамандарды аттестациялау кезінде зерттелді. Мамандандырудың психологиялық ерекшеліктері маманның «Мен-концепциясының» қалыптасу контекстісінде зерттелді.

Тұлғаның деструктивті өзгерістері зерттеудің арнайы пәні болып қойылған жоқ. 1974 жылы американдық психолог X. Дж. Фрейденберг «эмоционалды өртену синдромы» терминін енгізді, ол клиенттермен тығыз қарым-қатынаста болатын мамандардың әлсіреу, жүдеу және шаршау жағдайымен сипатталады. Бұл синдромға шалдығатын адамдардың кәсіптік тобына дәрігерлер, мұғалімдер, менеджерлер жатады. «Эмоционалды өртену синдромының» пайда болуы дегуманизацияның, агрессивтіктің, пессимизмнің, алаңдаушылықтың және басқа да тұлғаны бүліндіруші жағдайлардың пайда болуына әкеліп соқтырады.

Диагностика нәтижесін талдау көрсеткендей, деформацияның көріну деңгейі тұлғаның еңбек стажы, жынысы, кәсібилік іс-әрекетінің мазмұны және индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерімен анықталады.

Негізгі кәсіптік деформацияларды қысқаша сипаттаймыз:

1) Өктемшілдік басқару үдерісінің қатаң орталандырылуымен, жетекшілікті жеке өзі жүргізуімен, көбінесе қаулы, ұсыныс, нұсқауларды қолдануымен көрінеді. Өктемшіл менеджерлер әртүрлі жаза қолдануға дайын тұрады, сын көтермейді. Өктемшілдік рефлексияның - өзін-өзі талдау және өзін-өзі бақылау - төмендеуімен, көкірекшілдік пен озбырлықтың пайда болуымен көрінеді;

2) қыр көрсетушілік – тұлғаның мінез-құлқын эмоционалды бояумен көрсетуге, ұнауға, әрқашан көрінуге, өзін көрсетуге тырысатын қасиеті. Ол мінез-құлықтың оригиналдығын, өзінің артықшылығын көрсетуін, әр нәрсені өзінше үлкейтуін, өзінің күйінішін бояумен көрсетуін, іс-әрекеттерін, жүріс-тұрысын сыртқа көрсеткісі келуімен жүзеге асады. Эмоциялары жарқын, анық бейнеленеді, бірақ, тұрақсыз және терең емес;

3) кәсіптік догматизм ұқсас ситуацияларды жиі қайталау, үнемі бір типтегі кәсіби міндеттерді орындау салдарынан пайда болады, ол проблемаларды оңайлату, басқару ситуацияларының күрделілігіне қарамастан, бұрынғы белгілі әдістерді қолдануды қалыптастыра бастайды. Кәсіптік догматизм басқару теориясына мән бермеу, ғылымға, инновацияларға немқұрайлы қарау және өзін көтеріңкі бағалау түрінде көрінеді. Догматизм бір лауазымда стажының өсуіне, жалпы интеллекті деңгейінің төмендеуіне байланысты дамиды, сонымен қатар, мінез-құлық ерекшеліктерімен айқындалады;

4) доминанттық – үлкен құқық берілгенде, өктемшілдік функциялардың орындалуымен жүзеге асады: талап ету, жаза қолдану, бағалау, бақылау. Бұл деформацияның дамуы тұлғаның индивидуалды-типологиялық ерекшеліктерімен анықталады. Көбінесе доминанттық холериктер мен флегматиктерде көрінеді. Ол мінез-құлықтың акцентуациясы негізінде де дамуы мүмкін. Бірақ, жұмыс барлық кезде де өктемшілік ету қажеттілігін қанағаттандыруға қолайлы жағдай жасауы, басқаларды төмендетіп және өзінің қоластындағылардың есебінен өзін танытуға тырысуы мүмкін;

5) кәсіптік индифферентность эмоционалдық кеберсушілікпен, қызметкерлердің индивидуалды ерекшеліктерін елемеушіліпен сипатталады. Кәсібилік өзара іс-әрекет барысында олардың тұлғалық ерекшеліктері ескерілмейді. Кәсіби немқұрайдылық өзіндік жағымсыз тәжірибені жалпылау негізінде дамиды. Бұл деформация қатыгез, ара қатынастықта қиындық көретін, эмпатиясы төмен, жабық адамдарға тән. Индиферентность жылдар бойы эмоционалдық шаршау, қоластындағылар және ұжымдастарымен өзара іс-әрекет барысында жағымсыз тәжірибе салдарынандамиды;

6) консерватизм жаңа енгізілімдерге қарсы теріс ұғыммен, тұрақтанған технологияларды ұстанушылықпен, шығармашыл адамдарға сақтылықпен қараумен көрінеді. Консерватизмнің дамуына Әсер етудің стереотипті тәсілдері біртіндеп қалыпқа айналады, менеджердің интеллектуалды күшін үнемдейді, қосымша эмоционалды күйзеліс тудырмайды. Мамандандырылу барысында бұл қалыптар басқарушылық жұмыстарда ұжымдар, мекеме, кәсіпорындардың дамуына тежеуіш болады. Жеткіліксіз сын көзбен өткенге қарайлау инновацияларға қарсы теріс ұғым қалыптастыруы мүмкін. Тұлғаның жасына байланысты өзгерістер әсерін тигізеді. Жас ұлғайған сайын тұрақтылыққа қажеттілік, басқарудың бір жүйеге салынған формалары мен әдістеріне шынайы берілгендік арта түседі;

7) кәсібилік агрессия қол астындағы адамдардың сезімін, құқықтарын және мүдделерін ескеруге құлқының жоқтығымен, «жазалау» әдістеріне бейімділігімен, сөзге келмей бағынушылықты талап етуімен көрінеді. Агрессиялық - менсінбеу, мазақтау және жағымсыз атаулар берумен: «ақылсыз», «жалқау», «арсыз», «кретин» және т.б. көрінеді. Агрессиялық, кәсіби деформация ретінде ойлау стереотипы күшейген кезде, жұмыс стажының ұлғаюымен анықталады, өзін-өзі сынауы және шиеленіс жағдайларын конструктивті шешу қабілеті төмендейді;

8) рольдік экспансионизм мамандыққа толық берілуімен, өзінің қиындықтары мен проблемаларында ғана назарын тігетіндігімен, басқа адамды түсінуге ықыласының да, қабілетінің де жоқтығымен, айыптаушылығы және ақыл айтушылығының басымдылығымен, үзілді-кесілді пікір айтуымен көрінеді. Бұл деформация мекемелерден, кәсіпорындардан тыс жерлерде қатыгездік рольдегі мінез-құлықтан, өзінің ролі мен маңызын асыра көтеріп жіберуден көрінеді. Рольдік экспансионизм 10 жылдан артық жетекшілік жұмыста болған барлық бастықтарға тән сипат;

9) әлеуметтік екіжүзділік қол астындағы қызметкерлер және коллегаларының жоғары адамгершілік сенімін ақтаудың қажеттілігінен, моральдік ұстанымдар мен мінез-құлық нормаларын үгіттеуден туындайды. Әлеуметтік қажеттілік жас ұлғайған сайын әдепке үйрету дағдысына, сезім мен қатынастың жасандылығына айналады. Бұл деформация жылдар өткен соң әлеуметтік мінез-құлықтың нормасына айналады, әрі жарияланған және нақты тіршілік құндылықтарының ара қашықтығы ұлғаяды;

10) мінез-құлықтық трансфер (рольдік трансфер синдромының көрінуі) бағынушылар мен жоғары сатыдағы жетекшілерге тән рольдік мінез-құлық пен қасиеттер әлпеттерінің қалыптасуын сипаттайды. Мысалы, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты айта кетуге болады: олардың мінез-құлықтарында, эмоционалды реакцияларында, сөйлеулерінде, интонацияларында құқық бұзушылардың психологиялық ерекшеліктері айқын көрінеді;

11) аса жоғары бақылау өздерінің сезімдерін тым іркумен, нұсқауларға бағдарлаумен, жауапкершіліктен кетумен, күдікті сақтықпен, қол астындағылардың іс-әрекеттерін асқан дәлдікпен бақылаумен көрінеді.

Кезкелген мамандық тұлғаның кәсібилік деформациясына әкеледі. Ең осалдары «адам-адам» типіндегі социономикалық мамандықтар. Кәсібилік деформацияның сипаты, көріну деңгейі тұлғаның мінез-құлқына, іс-әрекетінің мазмұнына, мамандықтың мәртебесіне, жұмыс стажына және индивидуалды-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты.

Әлеуметтік, құқық қорғау органдары саласындағы қызметкерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, менеджерлер арасында мынадай деформациялар жиі кездеседі: өкімшілдік, агрессивтік, консерватизм, әлеуметтік екіжүзділік, мінез-құлықтық трасфер, эмоционалды индифференттік.

Жұмыс стажының көбеюіне байланысты «эмоционалды өртену» синдромы көріне бастайды, ол эмоционалдық жүдеудің, шаршаудың және алаңдаушылықтың пайда болуына әкеліп соқтырады. Жеке тұлғаның эмоционалдық аймағының деформациясы жүреді. Психологиялық дискомфорт ауруға шалдықтырады және кәсіби іс-әрекетіне қанағаттанушылығын төмендетеді.

Психологтар адамдарды типтерге бөлуді ұнатады: интроверттер – экстраверттер, циклоидтар – шизоидтар және т.б. Рационалдар мен иррационалдарға да бөледі.



Рационалдар. Олар жақсы ұйымдастырылған және жоспарланған әлемде өмір сүруді ұнатады. Айналадағы адамдардан нені күтуге болады және не болуы мүмкіндігін түсінуді ұнатады. Жоспарларын өзгертуді ұнатпайды. Қоғамда қабылданған ережелерді қатаң сақтайды және басқалардан да оларды сақтауды талап етеді. Өзгерістерге, тіпті жақсы өзгерістер болса да, оларға дағдылану үшін уақыт керек. Олар үшін ең бастысы – тұрақтылық, қауіпсіздік, комфорттық. Уақытты босқа өткізгенді жақтырмайды, ешқашан кешікпеуге тырысады және басқалардан да соны күтеді. Белгілі мәселелер ұзақ уақыт арасында шешілмей жатса, рационалдардың берекеті кете бастайды, басталған істі тез аяқтауды ұнатады. Олар өте жауапкершілікті.

Иррационалдар.

Олар барлық жаңа, ерекше нәрселерді ұнатады, сол сәтпен өмір сүруге тырысады. Уақытқа жайбарақат қарайды, сондықтан жиі кешігіп жүреді, жұмысын уақытында істеуді үлгермейді. Бірнеше жұмысты қатар жасайды, жұмыстар араласып кетеді және бір үздіксіз үдеріске айналады. Иррационалдар барлық қойылған шектеулерге қарсы болады, үнемі тәртіптің мүмкіншілік шеңберін бұзып отырады, ережелердің бар екендігін ұмытып кетеді немесе олардың негіздігіне сенімсіздікпен қарайды. Бірақ, иррационалдар спонтанды және күтпеген жағдайларды оңай жеңе алады. Жаңа істерді бастағанды ұнатады, ал мәселені шешуді кейінге немесе ашық қалдырады. Шешімді интуитивті, спонтанды қабылдайды. Ойланылған және жан-жақты қарастырылған талдауды қажет ететін таңдау жасау және шешім қабылдау кезінде мазасы кетеді, егер ол өте қажет болса, оны шешуді басқа біреуге арта салады.

Адамдар үдерісті және нәтижені көздейді.

Нәтижеге бағдарлану.

Нәтижеге бағытталған адамдар-өздерінің жұмыстарында әбігерге, кедергілерге, сәтсіздіктерге қарамастан нәтижеге қол жеткізеді. Олар болашаққа бағытталғандар. Оларға мақсат пен нәтиженің анық өлшемі маңызды. Нәтижеге жету жолында максималды дербестілік бергенді қалайды. Жаңа дағдыларды игергенді ұнатады. Барлық жұмысты тез бітіруге тырысады (кейде сапасы да төмендеуі мүмкін). Маңызды фактор жарысу, өзінің нәтижесін басқалардың нәтижесімен салыстырудың мүмкіндігі болып табылады. Осындай адамдарға көбінесе жұмысында мынадай ұстанымдар «Жеңімпаздың айтқаны әрқашанда шындық» және «Мақсат құралдың есесін қайтарады» тән. Біртектес жұмыстардан, егер олар өлшенетін қомақты нәтиже бермесе, тез шаршайды. Өзінің жұмысын суреттей отырып, ондай адам жеткен жетістіктерін, іс-әрекеттерінің қандай нақты нәтиже бергенін үнемі айтып жүреді.

Үдеріске бағдарлану. Үдеріске бағытталған адамдар нәтижеге жетуді көп ойламайды, алдарына мәнді мақсаттар қоймайды. Олар қазіргіге бағдарланған. Бір жұмысты бастап, оны қайта өзгертеді, өзінің жұмысын шексіздікке дейін жаңартады, іс-әрекетін әрі жалғастыру үшін әртүрлі дәлелдерді пайдаланады.

Тұрақтылықты және өмірдің бірқалыпты өтуін, процедуралардың бір жолға қойылғандығын ұнатады. Оларға технологияны сақтау, жұмысты орындаудың реттілігі туралы нақтылық өте маңызды. Өзінің жұмысын суреттегенде, ондай адам не істейтінін, қандай функцияларды орындайтынын айтып отырады.


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет