Жоғары оку орны студенттеріне арналған оқу



бет1/10
Дата28.01.2018
өлшемі3,28 Mb.
#35628
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ЖАЛПЫ

ПСИХОЛОГИЯ

Жоғары оку орны студенттеріне арналған оқу

құралы


АЛМАТЫ “БІЛІМ” 1996

Алдамұратов Ә. т. б.

Жалпы психология.— Алматы: Білім, 1996—224 бет.

Оқу құралының авторлары: Алдамұратов Ә. (I, II, IV—VIII, XIII, XIV, XVI, XVIII, XIX тараулары), Рақымбеков Қ. (XI, XII, XV тараулары), Іргебаева Н. (III тарауы), Бапаева М. (IX тарауы), Нығметова Г. (X тарауы), Түрікпенов Ж- (XVII тарауы).

Адам жан дүниесінің қнлы-қилы кыр-сыры мек тіршілік әреке-

тін зерттейтін писихолия ғылымының сан-салалы екендігін айқын.

Жантану жайындағы бірден-бір жетекші ғылым болғандықтан, оның қарастырар мәселелері қашан да маңызды. Бұл ретте айта кетер бір жайт — казақ этносына тән өзіндік писихикалық ерекшеліктердің психология ғылымында бұрын-соңды қамтылмағандығы. Бұл оқу құралының авторлары осындай мәселелерді жалпы писнхолилиялық мәселелермен байланыстыра отырып сөз етеді.

Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенітерінс, пскхолог мамандарға және бұл пәнді өздігінен оқып үйренуші қылық (оқыр-манға аряалған.

“Бідім” баспасы, 1996

МАЗМҮНЫ

Бірінші белім

Психология гылымының жалпы мәселелері

I тарау Пеихология пәні.
§ 1, Психология пәнінің зерттеу объектісі.

§ 2. Жалпы писихолигия. Психикалық процестер және психо-логиялық қасиеттер. Психиканың дамуын бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіну.

§ 3 Психология ғылымының салалары мен тармақтары.

§ 4.Психологияның зерттеу әдістері.

§ 5. Психологияның мақсат-міндеттері.

ІІ тарау, Психологияның даму тарихы туралы мәліметтер

§ 1. Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдары қойнауынан бөлініп шығуы.

§ 2. Ежелгі психология.

§ 3 Орта ғасырлардағы жан туралы ілім.

§ 4. XVIII ғасырдағы эмпиризм мен ассоцианизм. XIX ғасыр-

дың бірінші жартысындағы психология.

§ 5. Пснхологияның дербес және тәжірабелік ғылымға айналуы.

§ 6. Қеңестік психологияның дамуы

§ 7. Қазақстанда психология, ғылымының даму жолы

111 тарау Психиканың дамуы және сананың қоғамдық-тарихи сипаты.

§ 1. Өлі табиғатгың тірі табиғатқа айналуы.

§ 2. Тітіркенгіштік, тропизмдер .

3. Құлықтың инстинктті түрлері.

§4. Жануарлардың интеллекті әрекеті .

§ 5, Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы.

6. Еңбск әрекетінде сананың, дыбысты анық тілдің дамып

шығуы және олардың қоғамдык-тарихн сипаты



IV тарау Психика дамуын бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіну

1.Психиканың даму сатылары.

§ 2. Психика және жануарлар мен адамның бейнелеу ерекшеліктері. § 3 Сана — психика дамуының жоғары сатысы.

V тарау Адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясы.

§ 1. Адамдар арасындағы қарым-қатынас. Топтар .

§ 2. Қарым-қатынастың мән-жайын зерттеу тәсілдері

220


VI тарау. Жеке адам және іс-әрекет психологиясы

§ 1.. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның

қоғамдық мәні

§ 2. Адамның қажеттіліктері мен мұқтаждығы және- іс-әрекет түрлері.

§ 3. Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық кұбылымы

§ 4. Жеке адамның бағыт-бағдары және оның түрлері мен

психологиялық ерекшеліктері .

VII тарау. Психологияның жаратылыстық-ғылыми негізі.

§ 1. Жүйке жүйесінің құрылымы.

§2. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі.

§ 3 Иррадиация, концентрация және индукция — жоғары жүйке қызметінің заңдылықтары



Е к і н ші б е л і м

Адамның даралык психологиялық сипаттары

VIII тарау. Темперамент
§ 1. Темперамент туралы жалпы ұғым.

§ 2 Темперамент туралы ілімнің дамуы.

§ 3. Жүйке жүйесінің типтері және темдерамент.

§ 4. Темперамент типтерінің сипаты.

§ 5. Темперамент типтерінің өзгеруі және адамның жеке ба-

сының мінез-құлқындағы көрініс, оларды тәрбиелеу.



IX тарау. Мінез

§ 1. Мінез. Мінездің фенотиптігі, темпераменттің генотитігі.

2. Ұлтгық мінез.

§ 3. Мінездің құрлымы және қасиеттері.

4. Мінез және темперамент.

§ 5. Еліктеу және оның адам мінезің қалыптастырудағы рөлі.



X тарау, Қабілет.

§ I. Қабілеттің жалпы сипаты.

2. Нышан және қабілет.

§ 3. Қабілеттің даралық айырмашылықтары.



Ү ш і н ш і б ө л і м.

Таным процестері

XI тарау. Түйсік
§ 1. Түйсік туралы түсінік.

§ 2. Түйсіктің физиологиялық негіздері..

§ 3. Түйсіктің түрлері және оларды топтастырып жіктеу

§ 4. Түйсіктің жалпы заңдшлықтары.

§ 5. Адаптация, сенсибилизация, синестезия .

6 Түйсіктердің өзара байланысы мен дамуы.



XII тарау Қабылдау

§ 1. Қабылдау және оның физиологиялық негізі.

2. Апперцепция және оның қабылдаудағы рөлі

§ 3. Кабылдаудың негізгі ерекшеліктері.

§ 4. Бақылау және бақылампаздық.

§ 5. Кеңістік пен уақытты қабылдау.

§ 6. Қабылдаудағы типтік айырмашылықтар

§ 7. Балаларда қабылдаудың дамуы мен қалыптасуы.



XIII тарау. Ойлау

§ 1. Ойлаудың адам дүниетанымындары маңызы.

§ 2. Ойлаудың сезімдік таныммен және тілмен байланысы.

§ 3. Ойлау процесінің психологиялық және логикалық астар-

лары.

§ 4. Ой процесі және ойлау әрекеттері.



§ 5. Ойлаудың түрлері және даралық ерекшеліктері.

§ 6. Ой болжамы арқылы жұмбақ мәселелерді шешу.



XIV тарау Сөйлеу және қатынас

§ 1. Тіл, қатынас және сөйлеу.

2. Сөйлеудің физиологиялық механизмі. Сөйлеу әрекетінің рефлекторлық сипаты.

§ 3. Сөйяеудің түрлері.

§ 4. Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы.

XV тарау. Қиял

§ 1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы.

§ 2. Қиялдың физиологиялық негізі.

§ 3. Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял.

§ 4. Арман мұң.

§ 5. Қиялдың даралық айырмашылықтары.

§ 6. Балалардың ойыны мен ересек адамдардың іс-әрекетінде қиялдық дамуы .

XVІ тарау. Ес.

§1. Ес. Ес жайындағы теориялар .

§ 2.Естің түрлері.

3.Естің жалпы сипаты

§ 4. Қайта жаңғырту, тану, ұмыту.

§ 5. Естің даралық ерекшеліктері.



Төртінші бөлім

Адамның көңіл-күйі мен эмоциясы және ерікті әрекеттерінің сипаты

XVI тарау. Зейін
§ I Зейін.

§ 2 Зейінің физиологиялық негізі.

§ 3. Зейіннің құрылымы мен түрлері және қасиеттері.

§ 4. Зейнділік және адам зейінінің типтері.Зейіннің адам

өмірінде алатын орны.

XVIII тарау Сезім.

§ 1. Сезім мен эмоция туралы түсінік.

§ 2. Сезім мен эмоцияның физиологиялық негідері.

§ 3 Сезім мен эмоцияның әлпеті.

§ 4. Сезім мен эмоцияның ерекшеліктері және сипаттары.

§ 5. Жоғары деңгейдегі сезімдер.

§ 6. Адамның сезім күйлерін меңреруі. Стресс және дистресс

XIX тарау. Ерік

§1. Ерік туралы түсінік.

2. Еріктің физиологиялық негізі .

3. Еріктің амал кезеңдері.

§ 4. Ерік сапаларын қалыптастыру.

5. Ерікті тәрбиелеу.

Қысқаша психологиялық сөздік.

 

 



 

АЛҒЫ СӨЗ

Жоғары оқу орындарына арналған “Жалпы психология” атты бұл оқу құралы — қазақ тілінде жазылған қолтума еңбек, Құралды жазуға ұзақ жылдар бойы республика жоғары оқу орындарында психологня пәні бойынша дәріс беріп келе жатқан тәжірибелі оқытушылар қатысты, Мазмұны мен кұрылысы жөнінен алғанда, аталмыш оқу құралы елімізде соңғы жылдары осы пән бойынша жоғары оқу орындарына арналып жасалған мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкес жазылды.

Психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән ретінде оқытылған емес. Алайда, халқымыздың тыныс-тіршілігінде, сана-сезімінде, ауыз әдебиетінде адам жан дүниесінің белгілі бір жүйесі жайлы, оның сыр-сипаты мен әр алуан құпия қасиеттері туралы сөз ететін туындылар мек өнегелі ой-пікірлер өте мол. Ондай мысалдарды біз шешендік сөздер мен мақал-мәтелдер-ден, ақын-жыраулардық толғауларынан, батырлар жырынан, туған жері мен елінің бірлігін аңсаған билер сөзінен, жалпы айтқанда, хадықтың өшпес қазынасы — ана тіліміздің сөз корынан жиі кездестіреміз.

Адам жан дүниесінің сыры мен жүйесі халқымыздың түрлі толғаныстарын, ақыл-ойы мея сезімдік танымын, көңіл күйі мен арман-тілегін білдіретін тел туындыларында сақталған. Бұл пікіріміздің шынайы мәні мен айғағы болып табылатын мұралар — халықтық саз аспаптары арқылы орындалатын әндер мен күйлер, жырлар мен толғау өлеңдер. Саз өнерінің ырғағы мен әуені халықтың жан дүниесінің сырын көпшілікке нәзік үнмен жеткізіп отырған. Қазақ хадқының тұрмыс-тіршілігі психологиялық күйге, нәзік сезімге, көңіл құштарлығына неше түрлі игі ниеттілектерге толы болған. Міне, осы аталған жайттардың бәрі адам жан дүниесінің сырын бейнелейтін психологиялық мәселелер болып есептеледі.

Бұл құралда психология ғылымының өзекті мәселелері, бағыт-бағдары жалпы көпшілікке ұғынықты, түсінікті тілмен баяндалады.

Оку құралының мазмұны төрт бөлімнен құралып, он тоғыз тарау-ға таратылған.

Оқу құралының құрылысы мен мазмұны, қамтылған мәселелердің ғылыми негіздері мен берілу жүйесі, тіл жатықтығы, қажеттігі мен зәрулгі жөнінде студенттер мен психолог-мамандардыд және оқыр-мая қауымның ой бөлісуін сұраймыз.

Авторлар

3

Б і р і н ш і б е л і м

ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ

МӘСЕЛЕЛЕРі

1 тарау. ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ

§ I. Психологня пәнінің зерттеу объектіс!

Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейтін объектіні (пәнді) бірден түсіну қиын, әрі ол — күрделі мәселе. Өйткеш, психикалық құбылыстардың зерітсуші адамның дүниетанымдық көзқарасына байланысты. Психология-ның зерттейтін объектісі тіршілік пен өмірдің, басқа құбылыстары-нан ерекше. Заттар мен кұбылыстар туралы адамның елесі, қабыл-дауы, тілегі сол заттардың өзінен ерекше больш жасалады, Сейтіп, бірте-бірте олар адамның психикасы болып аталады. Оған психика-лық әрекеттер, қасиеттер, процестер, күйлер (көңілге байланысты) тағы басқалар жатады. Мұндай процестер көзге көрінбейді. Сонымен бірге олар сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардан да ерекшеленеді. Бұл құбылыстар адамның ішкі жан дүннесіне тән.



Психология, психика деген түсініктер гректі” “псю-хэ” — жан деген сөзінен шығады. “Логия” — Імм Бұл ғылымның өзіндік таңбаеы Ү (псю деп аталатын грек әрпі). Сонымен, психология — жан туралы ілім. Ол кұбылыстарды жүйелі түрде топтастырьш, болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді Қабылдау, ес, ойлау, ерік, сезім деп аталатын тағы басқа психикалық процестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиетінің, күллі жан дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады. Осы орайда, біз психологияның жантану жайындағы ғылым екеніне көз жеткіземіз. Психологияның осындай анықтамасына қосымша ретінде оның үш түрлі ерекшелігі бар. Бірінші ерекшелігі - психология адамтану жайындағы ғылымдар арасында жетекші орынға ие. Мұндай ерекшелік қазіргі кезде қарқынды дамьш отырған ғылыми пәннің өресі мен алдына қойған мақсат-мүлдесімен байланысты. Екіншісі — адамның психологиялық дара өзгешеліктерін, психикалық проце--тердің анық-танығын айқындау үшш XIX ғасырдың орта кезінен бергі тәжірибелік зерттеулердің кеңінен қол

4

данылуы. Осы ретте, психология эксперименттік ғылым деп те аталады. Үшіншісі — психологияны өзге сабақтас ғылыми пәндерден ерекшелеп тұратын жайт — бұл пәннің дербестігі. Пәннін дербестігі адам жан дүниесінің сырларын зерттеуде ең алдымен оның зандылықтарын жете білуді, әрбір адамның жеке басына тән ерекшеліктері мен сыр-сштаттарын даралап іздестіруді қажет етеді. Әрбір адам — өзінше бір дара дүние. Оның жан са-райына үңіліп, жүрек сырыиа терең бойлау, ондағы құпия, жайттарды ұғыну ~ пән дербестігінің бір қыры.



Адамдар күнделікті өзара қарым-қатынас нәтижееінде бірін-бірі бақылап, бір-бірінің мінез-кұлқын, істеген ісін, қылығын, еңбек-әрекетін біледі, ішкі сырларын аңғарады. Олардың сыртқы құбылыстарға бейімделуін,түрлі әсерлерге тітіркеніп, реакциялану-ын байқайды. Сөйтіп, бір-бірінің мінез-кұлық ерекшеліктерінің өзіндік сипаттарын түсінеді: Адам, психикасының сан қырлы сырларын ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың арасындағы айырма сипаттарын, бір-біріне тигізер ықпалын, қасиет-сапаларын, жан-күйін өмір тәжірнбесіне сүйене отырып ажыратады. Мұндай ерекшеліктер ұрпақтан-ұрпаққа тіл, халықтың өнер туындылары, жасаған заттық бұйымдары арқылы мұра ретінде беріліп отырады. Халық аузындағы “Сан рет естігеннен бір рет көрген артық" “Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады”, “Көз жеткізбе-генді, сөз жеткізеді” деген мақал-мәтелдердің бәрі де адамның әрқилы психикалық процестері мен жан жүйесінің кызметі, сыры жайында айтылған.

Адамның өмірден көріп-білгені, естігені, өз тәжіркбесінен жинақтағаны ғылымға дейінгі психологиялык білімін түсінігін жасады. Мұндай түсініктер адамдардың табиғатпен қатынасында, айналасындағы нәрселерді танып, пайымдап, бағдарлай білуінде ерекше маңызды. Дегенмен, бастапқы түсініктер жүйесіз әрі тайыз болғандықтан, оларға сүйсне отырыи, адамдар арасында белгілі жүйеде тәлім-тәрбие, емдеу, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу жеткіліксіз еді. Өйткені, олар адамның психикасы мен жан дүниесі туралы тұрақты әрі дәйекті ғылымн мәліметтер бере алмайды. Ал ғылыми білім, заттар мен құбылыетар жайындағы ақиқатты танып білу, олардың сыр-сипатын түсіну мәселелері себеп-салдар принциптерін ашып көрсету нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.

5

§ 2. Жалпы психология. Психикалық процестер мен

психикалық қасиеттер, Психиканың дамуын бейнелеу

теориясы тұрғысынан түсіну

Жалпы психология — психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді, Басқаша айтқанда, бұл ғылым — теориялық және психология деп те аталады, Жалпы психология — адамның танымы мен практикалық іс-әрекеттерін, түйсіну мен қабылдауын, ес пен қиялын, ойлау мен сейлеуін, ерік-жігері мен сезім күйлерін, адамның өзін-өзі меңгеруінің жалпы заңдылықтарын қарастырады. Адамның жеке басындағы өзіндік психологиялык ерекшеліктері болып саналатын мінезі мен темпераментін, мінездегі жетекші ниеттілектерді, қабілеті мен өнерді таңдай білуін т. б. ерекшеліктерін зерттейді.

Жалпы психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып менгеруле мыналай негізгі үш мәселені бөліп қарастырамыз: а) психикалық процестер, ә) психикалық кейіп, б) психнкалық қасиеттер немесе адамның дара психологиялык ерекшеліктері.

а) Психикалық процестерге, әдетте, адамның таным процестерін жатқызады. Олар — түйсіну, қабылдау (тітіркендіргіштердің сезім мүшелеріне тікелей әсері), ес, қайта жаңғырту процесі, киял мен ойлау, Сейтіп, сыртқы дүние шындығын тану, еріктік процестер (қажсттіліктің, пайда болуы, ниет пен тілек), эмоциялык. процестер.

ә) Психологиялық кейіп көңіл-күй мен аффекттерді, зейін (шоғырлануы мен шашырауы) және ерік (сенімділік пен сенімсіздік, күмәндану) сияқты т. б, жайттарды бейнелейді.

6} Психикалық қасиеттер әрбір адамның жеке басына тән психологиялық өзгешеліктер болып табылатыя темперамент, мінсз, қабілет арқылы дараланады. Қоғамдық-әлеуметтік жағдайда өмір сүретін адамдардың бүкіл болмысы мен жан дүниесінің сыры олардың даралық қасиеттері больш табылатын темперамент көрінісінен, мінез-құлық ерекшеліктерінен және қабілет бейімділігі-нен айқын байқалып тұрады.

Материалистік ілім психикалық процестер мен ерек-

6

шеліктерді органикалык дүниенің белгілі бір даму сатысында пайда болған қасиеті деп санап, оларды бейнелеудің жоғары формасы ретінде түсіндіреді. Псяхиканы айналадағы объективтік шындықтың біздің жоғары сатыда жетілген жүйке жүйемізде бейнеленуі деп таниды. Жануарлар дүниесімен салыстырғанда, адам дүниені бейнелеудің ең жоғары сатысы — санаға ие болады. Саңа—тек адамға ғана тән қаснет. Адамның болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы — сана дәрежесіне көтерілуі, бір жағынан алғанда, оның жақсы жетілген жүйке жүйесінің қызметіне байланысты болса, екінші жағынан, адамның қоғлмдағы қызметі мен еңбек тәжірибесіне байланысты.



Психика, сана — материяның ең жоғары түрде дамыган жемісі және әрекеті. Адамның объективтік дүниені бейнелеп таньш білуі сезімнен тікелей абстрактылы ойға қарай дамиды, ал ойлаудың нәтижелері өмір тәжірнбесі мен коғамдық іс-әрекет арқылы тексеріледі. Осының нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен оқиғаның бейнелері біздің акыл-ойымыз бен санамызға әсер етіп, білім қорымыз бен танымымызды жетілдіреді. Сөйтіп, адамның дүниетанымы тікелей сезімдік танып білуден абстрактылы ойға, одан әрі қоғамдық тәжірибеге ұштасып жатады. Адамның таным әрекетінің бұл жолы материалистік бейнелеу теориясы деп аталады. Ал психика мен психологиялық қасиеттердің бәрі ~ адамның осы дүниетанымының санада із қалдырып, белгілі фактіге айналуы. Психиканы және оның жоғары түрде да-мыған сатысы — сананы, адамнын дара ерекшеліктерін зерттеу маселалері — пснхология ғылымының басты міндеттерінің бірі.

§ 3. Психология гылымының салалары мен тармақтары

Қазіргі кезде психология ғылымы — көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми тән (1-кестені қараңыз). Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен калыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр килы сатыда тұр. Оларды топтастырьш, жік-жікке ажырату жіктеу (классификация) деп аталады. Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік, Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пәннін, зерттейтін объектісін, екін-

7

ші. адамның іс-әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс-әрекет несі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырамыз.



Адамның нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырьш, оның психикасының дамуын темендегіше жіктейміз.

I. Тәлім-тәрбие (педагогикадық) псяхологиясы, Бұл пәннің зерттейтіні — адамды оқыту мен тәрбислеу ісіндегі психологиялық зандылықтар. Ол оқушылардың акыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-катынастарды зереттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп, оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралык ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де щұғылданады.

Тәлім-тәрбие психологиясының мынадай тармақтары бар: а) Оқыту психологиясы — дидактиканың психологиялық негіздерің оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелермен шұғылданады. ә) Тэрбие психологиясы — гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінін психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді. Бұлардан басқа мұгалімдер психологиясы кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбилеу мәселелерін қамтиды.

II. Жас кезеңдерінің психологнясы — әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологнясы. Бұл сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін.зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.



III. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірка-

8

лыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладаьы ер қилы аурулардың себептерін қарастырады.



Арнаулы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихология — ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология — саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіндер мен сокырлардың психологиялық дамуын зёрттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармақ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде “патос” — зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопснхология медицина ғылымы мен оқу-тәрбие істерін зерттейтін пән-педагогика мен жан дуниесінің сырын қарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.

IV. Еңбек психологиясы — адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.

Еңбек психологиясының мақсаты — әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру. бұл салалардың әркайсысының өзіндік ерекшеліктері-нен бірге бірімен-бірі байланысты болып келетін мынадай тармақтары бар. инженерлік психолоеия — бұл. негізінен, автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің “ергон” — жұмыс және “номос” — заң дегел екі сөзінің бірігуі нэтижесінде пайда болған Бұл орайда. өндіріс пен адам арасында қатынас орнатудың түйінді мэселелері болып саналатын еңбек әрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші ролі, техникалық_ құрал-жабдықтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теорйя-сынға қатысты мәселелер қарастырылып, олардың сыр-сипаты зертіеледі. Эргономика, негізінен, “адам — машина — орта (еңбектену) жағдайын” қарастыра отырып, олардың неғүрлым өнімді болуы мен нәтижелерів жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етіп қояды.

Авиацшлық психология ұшқыштарды оқыту мен үшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын, жалпы,

9

адам психикасның әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп. жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді.



Ғарышкерлік психология — адамның салмақсыздық пен әсем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі кейпін, көңіл-күйі мен төзімділік көрсету шараларьш зерттейді.

Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармақтар да бар. Олар ауыл шаруашылығына (шопандар мен малшылар, диқандар мен егіншілер т. б.) қатысты больш келеді.



V. Медициналык психология дәріғерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармақка бәлінеді, арбір тармақтық адам психикасын зерттеуге қатысты мақсат-міндеттері бар. а) Нейропсихолоеш психикалық құбылыстар мен жоғары жүйке құрылысының физиологиясын және олардың өзара қатынасын зерттейді; ә) Психофармакология дәрі-дәрмек-тердің адам психикасына әсері мен күшін қарастырады; б) Психотерапия — ауру адамға психикалық әдіс-айла және емдік тәсілдер қолдану мәселелерін қарастырады; в) Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындау-мен шұғылданады.

VI. Әскери психологияның ең басты міндеті — азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердін. мінез-құлқы мен отаншылдық қасиетін тәрбиелеп қалыптастыру жағдайлары, бастықтар мен бағынушылар арасындаш қарым-қатынастар, үгіт-насихат жұмыста-рын жүргізу, дұшпанға дейген өшпенділік сезімдерінік оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі,



VIІ. ӘлеуметтІк-психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-катынастағы психологиялық кұбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынадай үш түрлі мәселе қамтылады:

а) Үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлар. Бұл проблеманын құрамына жалпы бұқара-

10

лык байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т. б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі. Бұған таптық психологияға қатысты мәселелер, этностык, және ұлттык. психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелері зерттеу де жатады.



ә) Кііиі (шағын) топтардагы психологиялық-әлеуметтік жагдайлар. Оңашаланып тұйықталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым-қатынастарыныд сыры мен хал-жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің, алатын орны, әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтар-дың, шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүлделері, шоғырлаау денгейі зерттеледі. Бұл мәселеге отбасындағы ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынасы, үлкендерді сыйлау сияқты мәселелер де енеді.

б) Қогамдары адамныц қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны, Азамат — әлеуметтік психологиянын. зерттеу объектісі. Осы ретте олардың жоғарыда аталған топтарда қандай рөл атқаратыны және соларға бейімделу ерекшеліктерде зерттеледі. Сондай-ак, қоғамдағы азаматтың өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт-бағдарын, табандылығы мен көнбістігін, ұжымшылдығы мен менмендігін, тұрақтылығы мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі. Әрине, бұл аталған үш топқа қатысты күрделі мәселелер әлеуметтік пспхологияда біріне-бірі қарама-қайшы не бір қатарға қойылмайды. Азамат пен қоғамның тұтастығы тұрғысынан бұл мәселелер барлық қарым-қатынастардың жиынтығы деп қарастырылады және адамның азаматтық бейнесі мен оның ішкі мәнін ашып көрсетеді. Әлеуметтік пснхологияның тармақтары: этностық психологня, ұлт психологиясы, таптар психологиясы және дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан-жақты қамтиды.

VIII. Спорт психологиясы спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады, Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара карым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткі-

11

зу мәседелернің психологиялық факторларын зерттсйді Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі срекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.



IX, Сауда психологиясы — қазіргі заманда кенінсн дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді, Сонымен қатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялық ықпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатьш алушылардың мұқтаждығы, оларға қызмет көрсетудің факторлары қарастырылады.

X. Ғылыми-шығармашылық (творчество) психологиясы --- соңғы кездерде зерттеле бастаған сала, Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т, б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше ма-нызды заңдылық — эвристика тәсілі.

XI. Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология. Бұл сала бойынша қарастырылатын мәселелер —- әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде вз дәрежссінде зерттеле қойған жоқ.

XII. Салыстырмалы псйхология психиканын филогенетикалық түрлерін карастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар пснхологкясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің. құлқьш. әрқылы механизмдерін қарастырады,. Мысалы, өрмекші, құмырсқа, ара, ит, құс, жылқы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл тармаққа биология мен психологияның тоқайласқан жерінде этология деп аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда, кнттер сияқты дельфиндердің де қылықтары бақылауға алынып, хайуанаттар құлқындары туа пайда болатын механизмдер зерттелудс.



XIII. Заң психологиясы хұқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, кылмыс психологиясы, еқбекпен түзету психологиясы (пенитендиарлы) деп аталатын тармактар-

12

дан құраяады. Сот психологиясы сот, айыпталушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т. б жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оныц зиянды әрекегтерінің сырын ашады. Ецбекпен түзсту психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын із-дестіреді.



§ 4. Психологияның зерттеу, әдістері

Пскхологиялық зерттеулердің мақсаты бойынша, эр-бір психикалық құбылыс өзара байланысты және ол үнемі дамуда болады. Ал психологияның зерттеу әдістері тарихн даму тұрғысынан қарастырылады.

Психодогияны зерттеу әдістерінің объективтік сипаты. ¥зақ жылдар бойы шетелдік психологияда адам жанының сырын өзін-өзі бақылау әдісі арқылы білуге болады деп санап келді, Бұл әдіс адам “жаны” ерекше, ол өзінше өмір сүреді деген көзқарасқа негізделеді. АҚШ психологі Э. Титченер адам өзін хайуанаттар орнына қойып, сондай ортада болса, солардың қылығын жасар еді, содан кейін ол адамға тән саналы әрекет арқылы адамдық қасиеттерді туғыза алар еді дейді. Бұл — әрине. сыңаржақты субъективті көзқарас. Ал психиканы зерттеудің объективті әдісі адам санасы мен әрекетін бірлікте іздестіре отырып, адамның өзін-өзі басқаруының ісі мен қылығына' есеп беруін жоққа шығара алмайды.

Генетикалық принцнп — қазіргі ғылыми психологиядағы талап, Бұл принцил бойынша психикалык фактілер мен кұбылыстар, адам психикасының дамуы тарихи негізде, яғни басынан аяғына дейін үнемі дамып жетілу тұрғысынан қарастырылады Даму сатыларының бір-бірін қалай алмастыратындығы адамның өсуі мен даму кезендері белгілі сатылар бойынша зерттеліп, әр кезендегі баланың дамуы жас ерекшеліктерімен өзара салыстыра отырып қарастырылады,

Зерттеу әдістерінің түрлері. Бакылау және тәжірибелік әдістердің қолдану тәсілдері әр қилы. Бақылау арқылы байқалғаи фактілер мен құбылыстардың табиғаты пснхологиялық тұрғыдан түсіндіріледі.

Өмір тәжірибесінде әдеттегі бақылаудан ғылыми бақылаудың негізгі айырмашылығы құбылыстардың себеп-салдар принципі бойынша әрбір нәрсенін сыры



13

ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ



(КЛАССИФИКАЦИЯСЫ)

14

ешып көрсетіледі. Ғылыми бақылау мынадай сатылардан тұрады:



а) сырттай бақыланған мінез көріністері мен әрекеттерді түсіндіру; ә) оның ішкі психологиялық ) мәнін ашып көреету, б) жорамал жасап, онын анықтығын танып білу.

Эксперимент — психологиядағы негізгі зерттеу әдісі. Экеперименттін, (тәжірибенің) қолданыла бастағанына бір ғасырдан астам уақыт өтті. Эксиерименттін, лабораторкялық эксперямент және табиғи эксперимент дейтін екі түрі бар. Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы. орыс оқымыстысы А. Ф. Лазурский енгізді, Бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Мұның рөлі ерекше. -Табиғи эксперимент бойынша психологиялык зерттеулер адамның өмір- -тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Сонаай-ақ, психологиялық-педагогикалык зерттеу бойынша әр түрлі жас кезеңдерінде адамның (оқушьшың) қальштасуы карастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зергтеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді.Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалардың сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін аныктау құрал-жабдықтарды қолдана отырып, белгілі орында, арнайы жабдықталған лабораторияларда жүргізіледі.



Сынау (тест) әдісі — адамның бойындағы түрлі сапалар мен олардың механизмдерін ашып көрсетуді негізгі мақсат етіп қояды. Психологиялық әдістер тек ғылыми зерттеу жұмысы үшін ғана емес, сонымен бірге сынау мақсаттары үшін де қолданылады. Мысалы, психолог сьшау әдісі арқылы адамның бойындағы ерекше қасиеттерді ажыратьш, оның ұшқыш не астроном, не өзге де мамандықтарды игеруге деген бейімдік қабілетінің қаншалықты екендігін анықтайды. Жете тексерілмеғен сынау әдісімен жасалған кейбір қорытындыларда қателіктер де кетуі мүмкін. Мұндай қателер көбінесе кей-бір балалардың бойындағы психологиялық процестер мек ерекшеліктердің кешігіп барып оянатынына жете мән бермей, асығыс қорытьшды жасауға байланысты.

Психологиялық зерттеу әдістерін нақты психикалық процестер мен психологиялық қасиеттерді анықтауға қолдану сипаттарьша орай, негізгі әдістер және көмекші не қосалқы әдістер деп екі топқа бөліп қарастырамыз. Мысалы, оқушылардың мамандықты игеруге бейімділігін анықтау үшін сынау (тест) негізгі әдіс деп саналса,

15

ал сол оқушының өз қольшен жасап шығарған затын не оқу кұралдарын көмекші әдіс деп атаймыз, Кейбір жағдайда көмекші әдістер негізгі әдіске айналып отыруы да мүмкін. Мәселен, окушының орындаған жазба (бақылау) жұмысы оның белгілі пәнді менгеруін анықтауда негізгі әдіс болып саналады.



Психологиялық зерттеудегі нақты әдістер мең тәсілдер. Мұндай зерттеу әдістері нақты мәселені шешуде арнайы әдіс ретінде қолданылады. Психологияла зерттеу әдістерінің мүмкіңшіліктері зор. Сондай накты зеттеу әдістерінің бәріне ортақ жалпы сипаттама бар. Мәеслен, қалыпты дамыған балалар мен ақыл-ойы кем түрлі жастағы балалар зейінін зерттеу мақсатымен жүргізілетін тәжірибе бірнеше сатыдан тұрады: 1-саты — даярлык. сатысында бақылау жүргізіледі. 2-сатыда қалыпты- да мыған балалар мен кеміс балалар екі топқа белініп, берілген тапсырма зерттеледі. Мысалы, “с”, в” әрнтерің текстен сызып отыру сияқты тапсырманы орындау ұс- нылады. 3-сатыда тәжірнбе нәтижелері математикалық құрал арқылы зерттеледі. Алынған нәтижелер тиісті жорамал бойынша тексеріледі. Психологиядағы мұндай зерттеу әдістері анықталуға тиіеті мәселенің шындығын көрсетіп, айқындап, түрлі психология-лық зерттеулерде кеңінен қолданылады.

Қазақ жұртының сана-сезімі мен салт-дәстүрінде. тіршілігінде талас-тартысты, дау-дамайлы істердін анықтанығын айқынлап отыру үшін ел-жұртына беделді адамдар — билер мен сыншылар, шешендер мен көреген кісілер әр алуан тәжірибелер жасаған. Қазақ этносының өмірінде мұндай тәжірибелік әдістер даулы істердің түйінін шешуге қолданылып отырғандығы жайында нақты деректер мен аңыз-әңгімелер өте көп. Атақты Төле бидің бала кезінде екі әйелдің бір балаға қатысты дауын шешуі, қазақ билерінің жоғалған мал-мүліктердің ізін анықтап, иесіне қайтару жөніндегі шешімдері халқымыздың ақыл-ойы мен өмір тәжірибесінен жинақтаған білім қорын, сана-сезімінің даму деңгейік көрсететін пснхологиялық қасиеттер екенін дәйектейді.




Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет