Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім: 1 Кәсіпкерлік тәуекел ұғымы 2 Коммерциялық құпия дегеніміз не? 3 Қазақстандағы кәсіпкерлік бастамалар Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе



Дата14.03.2020
өлшемі17 Kb.
#60125
Байланысты:
Жоспар3
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім:

2.1 Кәсіпкерлік тәуекел ұғымы

2.2 Коммерциялық құпия дегеніміз не?

2.3 Қазақстандағы кәсіпкерлік бастамалар

3. Қорытынды

4. Пайдаланған әдебиеттер



Кіріспе

ҚР Азаматтық кодексiнде кәсiпкерлiкке келесiдей анықтама бередi: “Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқаруға құқығына (мелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”.



2.1 Кәсіпкерлік тәуекел ұғымы

Адамдар әртүрлі қызмет ауқымында барлық уақытта тәуекелмен кездеседі. Кәсіпкерлік қызмет – бұл инновациялық тәуекелдік қызмет. Кәсіпкер жаңа технология, жаңа техника, еңбекті ұйымдастырудың, өндірістің, инновациялық маркетингтің, менеджметтің жаңа әдістерін қолдана отырып, шығын алуға ресурстардың бір бөлігін немесе толығымен жоғалтуға тәуекелге барады. әуекел – бұл мүмкін қауіптілік.

Экономикалық теорияда тәуекел дегеніміз кәсіпорынның белгілі өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстың бір бөлігін жоғалту ықтималдығы.

Кәсіпкерлік тәуекел - өнімдерді тауарларды, қызмет көрсетулерді өндірумен, оларды өткізумен, тауар-ақша және қаржы операцияларымен, коммерциямен байланысты кез келген қызмет түрінде пайда болатын әлеуетті мүмкін қауіптілік, ресурстарды ықтимал жоғалтулар. Ол ресурстардың күтпеген, есептелмеген шығыны ретінде немесе ресурстарды ұтымды пайдалануға есептелген нұсқамен салыстырғандағы табысты ала алмауы ретінде сипатталады.

Жалпы кәсіпкерлік тәуекел демекші, менің медициналық құрылғыларды жасайтын зауытым бар делік. Менің зауытымда ай сайын 500 құрылғы жасалып шығарылады. Алайда құрылғының құны – 500 000 нан жоғары бағада тұрады. “Зауыт құрылғысы тұтынушылар арасында сұранысқа ие болады ма, бәсекелестер пайда болып тұтынушыларды жоғалтып алмаймын ба”,- деген сияқты көптеген сұрақтар туындайды. Міне осының бәрі кәсіпкерлік тәуекел болып саналады. Яғни сен басыңды неге тігіп отырғаныңды біле тұра қандай да қадам жасайсың.

2.2 Коммерциялық құпия дегеніміз не?

Коммерциялық құпия дегенді біздер негізі көп естиміз. Коммерциялық құпия дегеніміз компания не болмаса фабрика туралы тым жеке ақпараттарды – коммерциялық құпия деп санаймыз. Негізі бұл ұғымға кейбір дереккөздерде мынадай түсінік береді, коммерциялық құпия - жариялау олардың мүдделеріне зиянын тигізетін фирма, кәсіпорын қызметі туралы мәлімет. Нарықта операция жасайтын фирмалар, өзінің өндірістік, қаржылық, сауда және басқа қызмет түрлерінің кейбір аспектілерін құпияландыруға құқығы бар.

Менің зауытымның ай сайынғы табысы, шығысы ,кірісі сыңды сонымен қатар құрылғыны жасау технологиясы сыңды ақпараттар тым жеке болып табылады. Осындай типтес ақпараттарды жариялап, әшкерелеп жүрген үшін жазаға тартылу қауіпі бар.

2.3 Қазақстандағы кәсіпкерлік бастамалар

Соңғы кездері байқауымша кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көптеген қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл тұста кәсіпкерлік гранттарды айтпай кету қате болар.

Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау жұмыссыздарға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға кәсіпкерлік, жобаларға ілеспе қызмет көрсету бойынша сервистік қызмет көрсету, қайтарым негізінде шағын несие беру негіздерін оқыту арқылы мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну арқылы көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2016 ж. № 919 қаулысымен 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілді.

«Бастау Бизнес» жобасы Бағдарлама қатысушыларына кәсіпкерлік дағдыларды, оның ішінде ауыл шаруашылық кооперативтерін құру қағидаттарын оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес жобаларына ілеспе қызмет көрсетуге бағытталған.

Шағын бизнес ашу үшін несиелер/шағын несиелер берілуде. «Бастау Бизнес» жобасының аясында кәсіпкерлік негіздерін немесе Бағдарламаның бірінші бағытының аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарынан өту аясында бизнес-жобалар қорғалған соң не несие/шағын несие алу үшін өтініш білдірген күн алдындағы сертификат алған күннен бастап соңғы 24 ай ішінде басқа бағдарламалар аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарынан өту туралы сертификат болған кезде беріледі.

Қорытынды

Менің ойымша мемлекет кәсіп ашамын деушілерге тек қана қолдау көрсетіп, жол ашып беруде. Шағын несиелер, азаматтарды кәсіпкерлікке оқыту, бизнесті жобаларының жүзеге асыруы жайлы мастер кластар бәрі-бәрі қолайлы жағдай жасалып отыр. Мысалы, мен зауыт ашу үшін мемлекеттен кәсіп ашу мақсатында аз мөлшерлі несие алу арқылы өз жұмысымды жүргіземін, әрине мен тәуекел ету арқылы табысқа жетуім әбден мүмкін. Шамасы бірер жылдың көлемінде мемлекеттен алған несиені қайтарып, барлық кеткен ірі шығындар жабылып, табыс мөлшері көбейері сөзсіз. Бастысы- тәуекелдікке бара алу, ал қалғаны нақ есептеулік және тұтынушы қажеттілігіне сай құрылғы жасай білу деп ойлаймын.



Пайдаланған әдебиеттер

  1. https://www.enpf.kz/kz/services/

  2. https://kk.wikipedia.org/wiki/


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет