Жоспар: «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр»



Дата26.06.2018
өлшемі4,2 Mb.
#45156
  • Тақырыбы:
  • Мұқағали Мақатаев
  • Мақсаты:
  • Білімділік-Мұқағали Мақатаев өмір жолымен, шығармашылығымен таныстыру, өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту;
  • Тәрбиелік-Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу;
  • Дамытушылық-оқырмандарды Мұқағали Мақатаев шығармаларын мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
  • Көрнекілігі: ақын портреті,шығармалары, слайдтар.
  • Жоспар:
  • 1. «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр»
  • ( Ақынның өмір жолы мен шығармашылығына шолу)
  • 2. «Поэзия менімен егіз бе едің?!»
  • ( Ақынның өлеңдерін жатқа оқу)
  • 3. «Құлақтан кіріп бойды алар»
  • (Әндерін орындау)
  • 4. «Мұқағали-өмір сырын жырлаған» (Көріністер, диалог, поэмадан үзінді)
  • 5.”Жазылар естеліктер мен туралы”
  • (Ақын туралы пікірлер мен арнаулар)
  • 6.Қорытынды.

Туылған күні 9 ақпан  1931

  • Туылған күні 9 ақпан  1931
  • Туылған жері Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылы
  • Қайтыс болған күні 27  наурыз  1976  (45 жас)
  • Қайтыс болған жері Алматы қаласы
  • Ұлты қазақ
  • Мансабы ақын,  жазушы,  аудармашы

Мұқағали Мақатаев

  • Мұқағали Мақатаев
  • (1931 -1946 ж.ж)
  • Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Шын аты Мұқаметқали екен, аты пайғамбардың есіміне ұқсап кеткен соң, кейін ақын өз атын Мұқағали деп өзгертіп алады.
  • Әкесінің аты Сүлеймен, анасының аты Нағима.
  • Жанұяда Мұқағали, Қалимахан, Қалибек, Тоқтарбай, Көрпеш есімді балалары болған.
  • Мұқағали бастауыш класты Қарасаз өңіріндегі шағын ауылдарда оқып, орта мектепті Нарынқолдағы интернаттан бітіріп шыққан.
  • ...Айналайын!
  • Атамекен , Ақ мекен!
  • Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
  • Туған өлке тәтті екен ғой,
  • Тәтті екен!
  • Бүгін менің туған күнім.
  • Ой, бәле –ай!
  • Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
  • Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
  • Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай..
  • Мына дүние неге жатыр үндемей?
  • Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
  • Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
  • «Мынау шапан,
  • Мынау атың, мін»,- демей.
  • Мынау жұртқа жақпады ма әлденем?!
  • Бекер өмір сүргенім бе, әлде мен?
  • Халқым,
  • Сенің қасиетіңді білем деп.
  • Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
  • Айтамын деп қуанышың, мұңыңды,
  • Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
  • Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,
  • Өзегіне тепсең -дағы ұлыңды.
  • 1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;
  • 1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
  • 1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;
  • 1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;
  • 1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;
  • 1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;
  • 1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
  • 1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;
  • 1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;
  • Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
  • «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.),
  • «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз»(1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, 
  • Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
  • Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді.
  • «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.
  • Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.
  • Оң жақта отырған жас жігіт – Мұқағали Мақатаев..
  • Мұқағали Мақатаев бір топ жас ақын-жазушылармен бірге.
  • Шығармалары мен аудармалары
  • Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген МұқағалиДантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.
  • Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты
  • Мұқағали Мақатаевтың суреті бейнеленген пошта маркасы, 2006 жыл
  • Өлеңдерім жай болып атылғанда,
  • Атылғанда, аспаннан оқылғанда.
  • Мылқауларға тіл бітіп,керең естіп,
  • Жанар пайда болады соқырларға.
  • Қалқам,
  • Мен Лермонтов,Пушкин де емен,
  • Есенинмін демедім ешкімге мен.
  • Қазақтың қара өлеңі –құдіретім,
  • Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
  • Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
  • Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
  • Абай болып табынсам бір кісіге,
  • Абай болып түңілем бір кісіден.
  • 2. “Поэзия менімен егіз бе едің?!”

М. Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер

  •   І Фаризаға.   І Жүрек дерті.   І Отыздан асып барамын.   І 
          • Саржайлау.  І Күрең күз   І    Сөнбейді, әже, шырағың.    І   
  •   Сәби болғым келеді.   І  Өмір сүрейік алмасып.
  •   І   Мен деп ойла.   І   Туған өлке.   І  Өкпе-наз./
  • Жарығым-ай!   Ұнатамын мен сені.    І   Шеше сен бақыттысың. І   Бақытыңды жырлайды.    І  
  • Дариға, домбырамды берші маған.   І   Қариялар азайып бара жатыр.   І   Тоқта, балам, атаң келеді артында.    І   Қайран жеңгем / Мектебім/  Есіңе мені алғайсың.    І   Арулар.   І   Аңса аным. 
  •  Сенің көзің.   І   Жамылып сағыныштың сал шекпенін.   І   Сиыр айдап өріске ертеңменен.   І   Сен.   І
  •  Аққулар, қош болыңдар.    І   
  • 3. Бөлім Құлақтан кіріп бойды алар.

Аққулар... Аңыз көп қой олар жайлы, Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды... Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар, Шошыса, екінші рет оралмайды.

  • 4. бөлім “Мұқағали -өмір сырын жырлаған”
  • “Мұқағали мөлдірліктен,тазалықтан,биік адамгершіліктен тұратын”
  • Лашын Әзімжанова
  • “Өлең өлмейді.Ендеше оны жазған ақын да өлмейді.Олай болса Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ.Қатарымызда,күнбе-күн қасымызда.Әне , ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды бір өзі толтырып,жазық маңдайы жарқырап,жарқылдап жыр оқып тұр!...
  • Әбділда Тәжібаев.
  • “Мұқағалидай ақыны бар халық - бақытты халық”
  • Фариза Оңғарсынова
  • 5. “Жазылар естеліктер мен туралы”
  • “Мұқағалидың кітаптарын
  • ең қымбат қазынадай
  • қастерлеп оқы!
  • Мұқағали сені жақсылыққа,
  • арманды күндерге қарай жетелейді.
  • Оның мейірімді жүрегінің шуағына бөленген кісі тіпті жаманшылықтан аулақ жүрері хақ.
  • Халқы аманда ақынға өлім жоқ”
  • Тұманбай Молдағалиев

Ақынның өзі өлгенмен,

  • Ақынның өзі өлгенмен,
  • аты өлмейді
  • Мұқағали Мақатаев Алматы қаласында дүниеден өтті. Негізгі жыр жинақтарын көзінің тірісінде жарыққа шығарды (“Мавр”, “Дариға-жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”). Дүниеден өтер алдын “Реквием” атты толғау-өлеңін жазды.
  • Шығармалары өзбек, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. Ақынның әдеби мұрасын зерттеуде 3 кандидаттық диссертация қорғалып, шығармашылығы турасында 700-ге тарта еңбек (мақала, естелік-эссе, роман, поэма, өлең, т.б.) жазылған. Мұқағали қайтыс болғаннан кейін ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985), оған ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның туған жерінде мұражайы ашылды.
  • Ақынның өзі өлгенмен, аты өлмейді
  • Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында Мұқағалиға арналған ескерткіш бар.
  • Мұқағали өлеңдеріне Н.Тілендиев, Д.Рақышев, Ш.Қалдаяқов, І.Жақанов, А.Қоразбаев, Т.Рахимов, М.Рүстемов, Т.Мұхамеджанов, Ә.Тінәлиев, Б.Оралұлы, Т.Досымов, т.б. сазгерлер ән жазды.
  • 1985 жылы Қазақстан Жазушылары Одағының бастамасымен үздік әдеби шығарма авторларына М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды.
  • Ал 2008 жылы М.Мақатаев атындағы жаңа сыйлық тағайындалды.
  • 1999 жылы Мұқағалидың «Аманат» атты кітабы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды (Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық).
  • 2011 жылы Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы түрлі деңгейде аталып өтті.
  • Алматыда ақын Мұқағали Мақатаевқа қойылған ескерткіш.
  • Ақынның мұражайы
  • Қорытынды
  • Мұқағали Мақатаев –поэзияның Хантәңірі.
  • Ол-сыршыл ақын
  • Ол-қара өлеңнің шебері.
  • Ол-патриот ақын.
  • Ол-ұстаз.
  • Ол-драматург.
  • Ол- жазушы.
  • Ол-журналист.
  • Ол-«Ғасыр ақыны»
  • Нұр жауып тұрған көктемде.
  • Гүл тере барсаң бөктерге.
  • Қоңыраулатқан аспанды
  • Есіңе мені алғайсың...
  • Мұқағали Мақатаев
  • Көп адам дүниеге бой алдырған,
  • Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
  • Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
  • Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
  • Абай Құнанбаев.
  • Поэзия сағатына
  • қатысушыларға
  • рахмет!!!

Каталог: uploads -> doc -> 0544
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0544 -> Көрнекілігі: суреттер. әдісі: Сұрақ-жауап, іздену І. Ұйымдастыру кезеңі
0544 -> Сабақ тақырыбы: Көп мағыналы сөздерден өткенді қайталау Сабақ мақсаты: Білімділік
0544 -> Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты
0544 -> 6 сынып оқушысы: Сағидолда Айгерім Жетекшісі: Қалалбекова Аида


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет