Жумыкбаева Бекзат Жекебаевна Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы білім бөлімі мм –нің «Шүлбі жалпы орта білім беретін эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп -кешені»



Дата26.08.2017
өлшемі169,45 Kb.
#28197
Жумыкбаева Бекзат Жекебаевна

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы білім бөлімі ММ –нің «Шүлбі жалпы орта білім беретін эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп -кешені» КММ –нің бастауыш сынып және өзін –өзім тану мұғалімі


Тақырыбы: Мерекелі, берекелі жанұя.

Мақсаты: Қазіргі заман талабына сай жанұядағы ата – ана мен баланың қарым – қатынасының адамгершілік тұрғыда нығайту, ролін ерекшелендіру, тәрбиенің маңыздылығына аса мән беруге көңіл бөлу.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер «Ата - асқар тау, Ана – ағып жатқан бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ », « Бала тәрбиесіндегі алтын ұя - отбасы », «Ешқандай да әке баласына аса қымбат сыйлық жасай алмайды. Әкесінің бұл өмірдегі сыйлығының ішіндегі ең қымбаты, ең баға жетпес асылы – көркем, әдепті тәрбие » Мұхаммед пайғамбардың хадисінен

Барысы:

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ата – аналар, бүлдіршіндер, тәрбиешілер ! Ана – жүрек, сол жүректе құдірет те,

Ана – күнің, сәуле шашар жүрекке.

Әке - тірек, сол тіректе құдірет те,

Әке – шыңың, ұмтылдырар биікке.

Бала – жолың болашаққа бастайтын,

Бала – ұрпақ, ата – салтын сақтайтын. – дегендей анасы, әкесі, баласы қатысатын «Мерекелі, берекелі жанұя» атты сайысына қош келдіңіздер!
Өнердің нәр береді шапағаты,

Әркімнің өнерге бар махабаты.

Талпынып сайыскерлер шықты кәне,

Көрермен қошеметпен қол соғады.




  • Ортаға сайыскерлерді шақырайық:

1 – отбасы МАД жанұясы

2 – отбасы 1 сынып жанұясы

3 – отбасы 2 сынып жанұясы

4 – отбасы 3 сынып жанұясы

5 – отбасы 4 сынып жанұясы

Бүгін бізді осы ортаға басымызды қосып отырған бүлдіршіндерге сөз беремін. (хормен)

Менің анам бар.

Менің әкем бар.

Менің атам бар.

Менің апам бар.

Ал оларда мен бармын.


  • Құрметті сайыскелер шаттық шеңберінде бір – бірімізге сәттілік тілек тілейік.

Сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. Таныстыру

  2. Сұрақ – жауап

  3. Анамыз үйде жоқ кезде.

  4. Ана мен бала өнері

  5. Берекелі, мерекелі жанұя ( үй тапсырмасы)

  6. Салт – дәстүр ұрпаққа берер асыл қазына.

Сайыс болған соң, оның әділ бағасын беретін әділ – қазылар да болады. Ендеше, сайыскерлерге әділ баға беретін әділ – қазылар алқасымен таныс болайық.

  1. Мектеп директоры: Бектыбаева Р.О.

  2. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Алимбаева Л.Н.

  3. Ата – ана комитетінің мүшесі




  1. Кезең Таныстыру.

Ата – баба салтымыздан аспайық,

Сайысымызды таныстырудан бастайық.



  1. - кезең Сұрақ – жауап

  1. – кезеңнің өзі 3 кезеңнен тұрады.

І Балаларға арналған :

  1. «Бауырсақ» ертегісінде бауырсақ кімдерден қашты ?

  2. Екі қолың не үшін керек ?

  3. Сені анаң қалай еркелетеді ?

  4. Достарыңа кандай тілек айтасың ?

  5. Анаң саған қандай тағамдар пісіріп береді ?

  6. Әкеңді қалай жақсы көресің ?

  7. Екі көзің не үшін керек ?

  8. Өскенде кім боласың ?

  9. «Шалқан» ертегісінде неше кейіпкер ?

  10. Саған ең жақын адам ?

ІІ Әкелерге арналған:

  1. « Әке көрген ...» мақалын жалғастыр.

  2. Балаңызды көшедегі балалар ренжітіпті, сіздің әрекетіңіз.

  3. «Балалы үй ...» мақалын жалғастыр.

  4. Балаңызды қалай еркелетесіз ?

  5. Сіздің ойыңызша отбасында әкенің ролі қандай ?

  6. Балаңызға қандай өнер үйретудесіз?

  7. Балаңыздың сүйікті ертегісі ?

  8. Балаңызға жеті атасын үйреттіңіз бе ?

  9. Балаңыздың өскенде кім болғанын қалайсыз ?

  10. Балаңыз қандай іспен айналысқанды ұнатады ?

ІІІ. Аналарға арналған:

  1. Баланыздың сүйікті ертегісінен көрініс көрсетіңіз.

  2. 2 жұмыртқа, 0,5 ст сүт, шамамен тұз, ұн салып табаға құйдыңыз. Қандай тамақ әзірледіңіз ?

  3. Қонақтар отырғанда балаңыз мазаланып болмады. Сіздің әрекетіңіз?

  4. Балаңыздың ұнататын түсі қандай ?

  5. Жер бетіндегі ең ақылды, ең күшті кім ?

  6. Сыйқырлы 10 сөз айтыңыз.

  7. Балаңыздың көңіл – күйін қандай қылық – әрекетінен білесіз ?

  8. Балаңызбен бірлесе айтатын өлеңізден үзінді келтіріңіз.

  9. Отбасылық мерекеңіз.

  10. Балаңызды әзіл айтып күлдіріп көріңіз




  1. кезең «Анамыз үйде жоқ кезде»

  • Бұ л тапсырма ардақты әкелерге арналады. Анасы мен баласы үйде жоқ кезде оларға арнап әкесі тосын сыйлық жасайды.

Әкелер жұмыспен айналысып жатқанда, ана мен баланың өнерін тамашалап,

4 – кезеңге кезек берелік.

5- кезең «Мерекелі, берекелі жанұя»

Біз тағы да біргеміз,

Сөгілмейді іргеміз.

Құшып күннің шуағын

Бірге өмір сүреміз. – дегендей әр жанұяның өз сыйқыр, құпиясы болады. Ендеше, әр жанұя өз жанұясының мерекелі, берекелі екенін көрсету керек. Бұл үй тапсырмасы ретінде берілген.

6 - кезең Салт – дәстүр ұрпаққа берер асыл қазына.



  • Сайысқа қатысушылар «Қара жорға » биін отбасы мүшелері болып билейді.

Қорытынды: Бүгінгі кішкентай бүлдіршіндерге арналады.

Анаң – күнің, жүрегің,

Әкең – өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансың!

Әжең асыл ардағың,

Атаң дана қазынаң.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған ұлансың !

Ағаң – қамқор асқарың,

Інің – мөлдір аспаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансың!

Қарындасың қанатың,

Ел – Отаның – жаннатың.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансың!

Мақсаты: оқушыларға жан саулығының тән саулығына әсері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру;

- оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;

- өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: аудиокасета, суреттер, сызба,

Сабақ барысы:

Шаттық шеңбері:

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

  1. Күн әлемі, көк әлемі,

Бұл - суреті жас баланың.

Ақ қағазға салған ізі,

Қалдырған бұл сөзі.

Қайырмасы: Әрқашан күн сөнбесін!

Аспанда бұлт төнбесін!

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман.

Әңгімелесу:


  • Балалар, біздің анамыз бізге өмір сыйлады. Осы өмірді сүру үшін бізге әрине денсаулық керек. Адамның денсаулығы өз қолында дегенге келісесіңдер ме ? Неліктен ?

  • «Бірінші байлық - денсаулық» деп неліктен айтқан ?

  • Денсаулықты сақтаудың қандай жолдары бар ?

  • «Жаны саудың – тәні сау», «Тәні саудың – жаны сау» деген нақыл сөзді қалай түсінеміз ?

Мәтінмен жұмыс:

  • Балалар, адамды жан сұлулығы мен тән тазалығына жетелейтін денсаулықтың он құпиясымен танысайық.

«Денсаулықтың он құпиясы»

Денсаулықтың бірінші құпиясы – денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл – ойымызда жатыр.

Денсаулықтың екінші құпиясы – біздің тыныс алуымызда болып табылады.

Денсаулықтың үшінші құпиясы – шынығу әрекеттері күш әкеледі.

Денсаулықтың төртінші құпиясы – дұрыс тамақтану күші.

Денсаулықтың бесінші құпиясы – күлкі. Күлкі бұл мәңгілік емші.

Денсаулықтың алтыншы құпиясы – демалу күші.

Денсаулықтың жетінші құпиясы – тұлғаны түзу ұстай білу күші.

Денсаулықтың сегізінші құпиясы - таза қоршаған ортасыз шынайы денсаулықтың болуы мүмкін емес.

Денсаулықтың тоғызыншы құпиясы – сенім күші.

Денсаулықтың оныншы құпиясы – сүйіспеншілік күші.

Сұрақтар:


  • Денсаулықтың құпиясын іздеудің мәні неде ?

Тапсырма:

  • Денсаулық құпиясын өз пайымдауларыңмен толықтырып, ой қортындысын жасайық.

Көңіл – қөтеру тренинг:

  • Балалар, денсаулығымызға зиян келтірмей, көңілімізді көтеріп алайық.

Оқу ақпараты:

Денсаулық – адам баласының ең құнды игілігінің бірі. Денсаулық – сақтау үшін ең бірінші кезекте ойын, ниеті таза болуы керек. Адамның жан тазалығы денсаулығына әсер етеді.

Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді. Денсаулығың жақсы болса, көңіл – күйің де жақсы болады.

Деннің саулығы адамның өзіне және өзгеге адал болуынан, көңіл – күйін басқара білуіне байланысты. Өзіне және өзгелерге деген адал сезім, ақыл – ой салауаттылықтың негізі.



  • Балалар, денсаулығымыз мықты болу үшін күнделікті дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудан басқа біздің ойымыз таза және көңіл – күйіміз көтеріңкі болу керек екенін білдік. Ендеше, сендердің достарың мынадай жағдайға тап болса, кандай кеңес бересіңдер ?

Жағдаяттарды талдау:

1 – жағдаят

Шәкен ертең болатын емтиханды ойлап, әбден мазасы кетті. Барлық сұрақтарға тыңғылықты дайындалғанда болды. Бірақ көңіліне сенімсіздік ұялап, мазамсыз ойлар бірінен соң бірі тізбектеліп келе берді. Мазасыздықтан арыла алмаған Шәкен өзін жайсыз сезінді.


  • Шәкенге қандай кеңес берер едіңдер ?

2 – жағдаят

Айнаш пен Күлаш бір сыныпта оқиды. Айнаш ақкөңіл, құрбыластарымен тез тіл табысады. Күлеш та ашық жарқын, бірақ Айнаш болған жерде көңілі күрт өзгеріп сала береді. Неге екені белгісіз, Айнаштың жетістіктері Күләшқа түрпідей тиеді. Берекесі кетіп, бойын мазасыздық билейді.



  • Күләштің мазасыздығының себебі неде ?

Дәйексөз:

  • Балалар, бақытты өмір сүру үшін адамға не керек деп ойлайсыңдар?

  • Әйтеке би былай деген екен: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуінен болады бақытты өмір ...»

Мен бүгінен бастап:

  • көңілді жүрмін

  • әр істі сеніммен бастаймын

  • адамдар туралы тек жақсы ойлар ойлаймын

  • ауырып қалсам, көп уайымдамауға тырысамын

  • айналама сүйіспеншілікпен қараймын

Жүректен жүрекке: «Ізгі тілек»

2. Салауатты өмір сүру үшін не қажет? Соларды сызықпен көрсет.


Жақсы ойлар

Тазалық және тәртіп

Адамдарға мейіріммен қарау



Жатып оқу



Жеке гигиена

Пайдалы еңбек



Салауатты өмір

Ата-ананы ренжіту

Табиғатта серуендеу



Кока-кола ішу



Спортпен айналысу



Көп кәмпит жеу

Дұрыс тамақтану



Компьютерлік ойындар ойнауға құмарлық



Игі істер

Жиірек күлу


Тақырыбы : Бақыт

Мақсаты: оқушыларға «бақыт» ұғымын түсіндіру, бұл ұғымның кең екенін, бақытты бола білудің маңызын ұғындыру;

Міндеттері:

  • «бақыт», «қайғы», «сәтсіздік» туралы түсінік беру;

  • оқушылардың өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасау;

  • бақытты сезіне білуге, біреуге бақыт сыйлай білуге үйрету;


Көрнекіліктер: үнтаспа, сызбалар, гүлдер.

Шаттық шеңбер

  • Құрметті оқушылар «БАҚЫТ» еліне қош келдіңдер. Біз бүгін тек бақыт жайлы сөз қозғамыз.

Барлық оқушылар ортаға шығып, шеңбер жасап тұрады. Үнтаспа арқылы А. Нұрмағанбетованың орындауындағы «Бақыт деген » әні бірлесе орындайық.

Бақыт деген – сенің бала күндерің,

Бақытсыз – ақ бақытты боп жүргенің.

Бақытын да басқасын да білмеуің,

Бақытсыз – ақ ойнағаның – күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім,

Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң.

Бақытты сол – тәрік етіп түндерін,

Бақыт іздеп азаптанса, кімде – кім.


Бақыт деген әркімдерде бір арман,

Сол арманның шыққан жері құмардан.

Ал сен үшін бақыт деген – дәл қазір,

Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.


Әңгімелесу

  • Қане, балалар, бүгін бақыт туралы әңгімелесейікші. Әңгімеміз түсініктірек болуы үшін мен сендерге Саттар Ерубаевтың «Бақыт» әңгімесінен үзінді оқып берейін.

Бақыт


Мен бақытты көрсем деуші едім.

Біздің қақпаның алдындағы үлкен қара жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді. Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып:

  • Е, азаматтар, бақытты болыңдар! – дейтін еді.

Менің бақытты көргім келді.

Күн батушы еді; шал қара көлеңкеде үйреншікті жолыменен күнде бір қалыпта кетіп бара жататын еді. Мен біраз қарап тұрар едім де, қараңдап кетіп бара жатқан сыры белгісіз, жұмбақ қайыршының аузынан шыққан «бақыт» деген сөзбен көңіліме елең салатын қараңғылықта бір түрлі сескенер едім. Содан соң жылдам басып үйге келетін едім. Есікке жақындағанда белгісіз шыққан қайыршының қара күңгірт даусын естіп, үйге жүгіріп кіріп, өзімнен-өзім «бақыт» дейтін едім.

Төсекке жатқанда ұзын асалы шал көз алдымнан кетпей, даусы құлағымда тұратын еді. Мен жұмбақ «бақытты» көрсем дейтін едім...

...Біздің үй Түркістан қаласының оңтүстік жақ шетінде болатын еді. Бізбен бірге Жақсыбайдың үйі тұратын. Күн еңкейіп қақпаның тасасына түсуші еді. Қақпа көлеңкесі ұзарып, төргі бұрыштағы Жақсыбай үйінің іргесіне дейін барушы еді. Осы уақытқа дейін Жақсыбайдың шешесі Күнтүлім күн шуақта жамау жамап отырушы еді.

Барлыбай көзі қарауытып:

  • Апа, қарным ашты ғой, -дейтін еді.

  • Е, бақытсызым-ау, бақытың жоқ қой, оны неге маған айтасың? – деуші еді Күнтүлім.

Осы уақытта түрінген балтыры балшық-балшық боп Жақсыбай келуші еді. Жақсыбай қалада қыш құйып, күнделікті жұмыс істейтін. Жақсыбайдың қолында шүберекке оралған бір нәрселер көрінсе, Күнтүлім Барлыбайына:

- Бақытың бар екен, қарағым, - деп күлімсірейтін еді. Бірақ бұл күлкі уақытша күлкі болған соң, бар қуаныш бетіне ғана жиылып, жүрегінде барлық бақытсыздықтың зілі жатқандай болушы еді.

Мен бақыт деген нан ба екен деуші едім... (С.Ерубаев)
Анықтаманы табу

  • «Бақыт» деген не ?

(Әр оқушы «бақытқа» анықтама береді)

  • Енді бақыт жайлы ойымызбен бөлісейік.

  • Бақыт ұғымына ұқсас түсінік табайық.

БАҚЫТ - жанұя, денсаулық, мақсатқа жету ......


  • Бақыт ұғымына қарама – қарсы түсінік табу

БАҚЫТ - қайғы, сәтсіздік, қиыншылық .....

  • Бақыт адамға не береді ?




  • Бақыттың қандай кемшіліктері бар ?




Қүш – қуат, алға ұмтылу, сенімділік, жігерлілік, қуаныш...

Өзгенің қайғысын түсінбеу, өзімшілдік, қызғаныш ...



Оқу ақпараты

  • Өмірге келген әр адам баққытты болуға тырысады. Бақыт жайлы ой қозғамаған ұлы адамдар кемде – кем. Ендеше, бақыт жайлы ұлы адамдарымыз не деген екен.

Бақыт дегеніміз ...

Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері де сезбеген. Тарихта дәулетке, атаққа паңданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес ...

Бақыт дегеніміз - өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Мұршасы, әлі жеткенінше өз заманын түсіне білу, өз қоғамымен бірге алған мақсатқа шын көңілмен адал қызмет істей білу. Өмірде кедір – бұдыр толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Олардан именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін қоғам алдында адал ақтай білу.

Біреу бақытты оттан, біреу судан табады. Күйем – ау, тереңге батып кетем – ау деп қорықпастан барады.

Ар – намысты қорғау – бақыттың шыңы.

Бақыт - бір адамға ғана тән емес, ол өзгелерге де ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз өзгелерге де шуағын төге білсе, нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да осында !



Б. Момышұлы.
Көп еңбек еткен де бақыт басын иеді

Леонардо да Винчи

Өзін – өзі білген – ер бақытты,

Өзін – өзі билеген - ел бақытты.

Халық нақылы


Мәтінмен жұмыс


  • Әр топ бірлесе жұмыс атқарады. «Бақытты адамның көйлегі» тақырыбында ертегі құрастыру. Сіздерге мынадай тірек сөздер беріледі.


Тірек сөздер: патша, қойшы, жақсы өмір сүру, бақытқа жету, бақытты адам, уәзір, бақытты адамның көйлегі, жан тыныштығы, өміріме ризамын.
1 ) ( Әр топ өз ертегісімен таныстырады.)

  1. ) - «Бақытты адамның көйлегі» ертегісімен танысайық.

  2. ) Шығармашылық жұмыс

Мәтінді сурет бойынша аяқтау. Нақыл сөз арқылы түйіндеме жазу.

Өзіммен өзім

М. Бесбаев «Ғажайып өмір» шығармасын үнтаспадан тыңдау және бақытты сәттерін еске түсіру.

- Терең тыныс алып, жайланып отырып, бір – бірімізге бөгет жасамай ең есте қалған бақытты сәттеріңізді еске алыңыздар.

( Қалауынша өз ойларымен бөлісу )



Мен бүгінен бастап

Мен бүгінен бастап



  • күлімдеп, айналама шуағымды шашамын

  • өз қуанышыммен бөлісемін

  • басқаларға да бақыт сыйлауды үйренемін.

  • бақыттымды бағаламын

  • кездескен сәтсіздіктерден жасымаймын.


Жүректен жүрекке

«Сіз бақыттыз ...»

Бірінші оқушы: - Сіз бақыттыз өйткені

Екінші оқушы: - Мен жанұямен біргемін

.... (кезегімен шеңбер біткенше жалғасады)


Бақыт


Мен бақытты көрсем деуші едім.

Біздің қақпаның алдындағы үлкен қара жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді. Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып:

  • Е, азаматтар, бақытты болыңдар! – дейтін еді.

Менің бақытты көргім келді.

Күн батушы еді; шал қара көлеңкеде үйреншікті жолыменен күнде бір қалыпта кетіп бара жататын еді. Мен біраз қарап тұрар едім де, қараңдап кетіп бара жатқан сыры белгісіз, жұмбақ қайыршының аузынан шыққан «бақыт» деген сөзбен көңіліме елең салатын қараңғылықта бір түрлі сескенер едім. Содан соң жылдам басып үйге келетін едім. Есікке жақындағанда белгісіз шыққан қайыршының қара күңгірт даусын естіп, үйге жүгіріп кіріп, өзімнен-өзім «бақыт» дейтін едім.

Төсекке жатқанда ұзын асалы шал көз алдымнан кетпей, даусы құлағымда тұратын еді. Мен жұмбақ «бақытты» көрсем дейтін едім...

...Біздің үй Түркістан қаласының оңтүстік жақ шетінде болатын еді. Бізбен бірге Жақсыбайдың үйі тұратын. Күн еңкейіп қақпаның тасасына түсуші еді. Қақпа көлеңкесі ұзарып, төргі бұрыштағы Жақсыбай үйінің іргесіне дейін барушы еді. Осы уақытқа дейін Жақсыбайдың шешесі Күнтүлім күн шуақта жамау жамап отырушы еді.

Барлыбай көзі қарауытып:

  • Апа, қарным ашты ғой, -дейтін еді.

  • Е, бақытсызым-ау, бақытың жоқ қой, оны неге маған айтасың? – деуші еді Күнтүлім.

Осы уақытта түрінген балтыры балшық-балшық боп Жақсыбай келуші еді. Жақсыбай қалада қыш құйып, күнделікті жұмыс істейтін. Жақсыбайдың қолында шүберекке оралған бір нәрселер көрінсе, Күнтүлім Барлыбайына:

- Бақытың бар екен, қарағым, - деп күлімсірейтін еді. Бірақ бұл күлкі уақытша күлкі болған соң, бар қуаныш бетіне ғана жиылып, жүрегінде барлық бақытсыздықтың зілі жатқандай болушы еді.

Мен бақыт деген нан ба екен деуші едім... (С.Ерубаев)
Каталог: uploads -> doc -> 0b01
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b01 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі сабағында (бақылау жұмысы ) Сабақтың мақсаттары
0b01 -> Сабақ жоспары Дүниетану 4 «Ә» сынып Изтурганова Жадыра


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет