Жунусова Рахима Солтановна



Дата25.06.2017
өлшемі94,68 Kb.
#20022
Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Барлыбай ауылы

Еңбекші жалпы білім беретін орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Жунусова Рахима Солтановна

Сабақтың тақырыбы: Отаным менің байтақ өлкем.


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейту, тереңдету.
Білімділік: Туған жердің табиғатына, ел тарихына үңіле отырып, оқушылардың Отан туралы білімдерін кеңейте түсу;
Дамытушылық: Тілін дамыта отырып, оқушыларды қисынды ойлай білуге, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге баулу;
Тәрбиелілік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Сөздік, көрнекілік, жұптық жұмыс, сөзжұмбақ, кесте, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан облыстарының картасы бейнеленген кеспе қағаздар, гүлдер, Ұлы Жібек жолының тармақтары картасы.
Техникалық құрал: компьютер, проектр, ИТ.
Бағдарламалық жабдық: презентация

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
-Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. 

Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,


Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау.
-Үйге қандай тапсырма берілді?
- Мектеп пен өндірістің байланысы.
Тақырып мазмұнын сұрау.

Үй тапсырмасын айтқан оқушыға сұрақ жазылған кеспе қағазды беру. Оқушы сұрақты оқып, жауап береді. Әр кеспе қағаз Қазақстанның облыстарының жер көлемін бейнелейді. Сұраққа жауап бергеннен соң тақтадағы тиісті орнына жапсырады.


Сұрақтар:1. Мектеп пен кәсіпорынның байланысы не үшін керек?
2. Ауылдық мектептерде қандай өндіріс орындарымен байланыс жасай алады?
3. Қазіргі заманға сай автоматтандырылған, компьютермен басқаратын қандай өндіріс орындарын білесің?

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.


Кеспе қағазды алып сұрақты оқу.
-Өз жерімізде қандай кәсіпорындар бар?
Сұраққа жауап берілген соң, кеспе қағазды тақтаға ілу.

ІҮ. Жаңа сабаққа әзірлік.


Сақтайық, қане тыныштық,
Бүгінгі сабақ тым қызық.
Ойлан, ойлан және ойлан,
Үздіктері сыныптың.
Озаттар мен орталар,
Ойланбаған құр қалар.

Ү. Жаңа сабақ.


Кеспе қағазды алу.
-Балалар, «бұл қағазда сөзжұмбақты шешіңдер» деп жазылған.
Сөзжұмбақты шешу.
Т_________________
У_________________
Ғ__________________
А__________________
Н__________________
Е__________________
Л__________________
О__________________
Т__________________
А____________________
Н____________________
1. Өсімдік жануарлар, тау, тас. (табиғат)
2. Киіз үй жабдығы (уық)
3. Аспан әлемі (ғарыш)
4. Ардақты адам (ана)
5. Ас атасы (нан)
6. Мықты ағаш (емен)
7. Ешкінің төлі (лақ)
8. Қалың ағаш өсетін нулы жер (орман)
9. Орман емшісі (тоқылдақ)
10. Қазақстанның астанасы (Астана)
11. Көктем айы (наурыз)
Шешіп болған соң, кеспе қағазды тақтаға ілу.
- балалар, тігінен тұрған әріптерді қосып оқиық.
- Бұл бүгін бастағалы отырған үлкен тарауымыз.
Туған ел. Отан.
Кеспе қағаздан Отан сөзін оқып, тақтаға ілу. 
- Отан деген не? Отан дегенде ойларыңа не келеді?
Кеспе қағаздан тапсырма оқу.
-Отан туралы өлең, тақпақ білесіңдер ме?
Бір оқушыға өлең оқыту.
Кеспе қағазды тақтаға сәйкес нөмеріне ілу.
Тақырып бойынша әңгімелеу.

Дүйсенбек пен баласы Сәлім екеуінің әңгімесі арқылы Қазақстанның табиғатымен, шекарасымен, Жібек жолымен таныстыру. Тақырып мазмұнын түсіндіру.


Кеспе қағаздың тағы біреуін алып, тапсырманы оқу. Оны орындап, қағазды тақтаға ілу.
«Тянь-Шань» деген сөз Қытай тілінен аударғанда «Тәңірі тауы» деген ұғымды білдіреді. Оны біздің халқымыз «Еренқабырға» деп атаған. Оған Қытайдың батысы, Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерін алып жатқан алып тау жоталары енеді. Демек, мәтіннен «Тянь-Шань таулары» деген тіркестерді оқып отырғанда сөз өзіміздің әсем Алматымыздың жанындағы Іле Алатауы туралы да болып отыр деп түсіну керек.

Дәптермен жұмыс.


Кеспе қағаздың тағы бірін алып, тапсырманы оқу, оны орындау. Қағазды өз орнына, тақтаға ілу. 
Тапсырма: Картадан Қазақстан мен КХР аумақтарын және олардың арасындағы шекараны, «Жібек жолы» пойызы жүріп өткен жолды, Каспий теңізін, Алтайды, Батыс Сібір жазығын, Іле Алатауын, Алматыны тап.
Тапсырманы карта арқылы орындау.
Кеспе қағзады алып, тапсырманы оқу. 
Бақылау күнделігіндегі 62-бетте тұрған тақырыпқа байланысты тапсырманы орында.
Бақылау күнделігімен жұмыс.

Сергіту жаттығуы


Кеспе қағазды алып, тапсырманы оқу,орындау, тақтаға ілу.
Тапсырма: Шығармашылық жұмыс.
Сызба арқылы өлең құрастыр.
1. елім,
2. жерім,
3. жайқалған,
4. жасарған,
5. жайған,
6.Қазақстаным!
Оқушылар барлығы бірлесе отырып орындайды.
Құралған өлеңді бір оқушыға оқыту.
Кеспе қағаздан тапсырманы оқу, орындау, қағазды тақтаға ілу.
Тапсырма: Кестені толтыр.
Сенің Отаның? Ол қандай мемлекет? Президенті кім? Еліңнің рәміздері Еліңнің бас қаласы Қазақстанның болашақта қандай ел болғанын қалайсың?

Барлығы бірге орындап, тақтаға жазады. Соңғы сұраққа әркім өз ойларын айтады.

ҮІ. Сабақты қорытындылау
Кеспе қағаздан тапсырманы оқу. «Қазақстан» сөзжұмбағын шеш.

1. 1925-29 жылдардағы Қазақстанның астанасы? (Қызылорда)


2. Алматы қай таудың баурайында орналасқан? (Алатау)
3. Қазақстан қандай ел? (тәуелсіз)
4. Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында? (Алматы)
5. Астананың бұрынға аты қалай аталған? (Ақмола)
6. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
7. Биіктігі 97 метр болатын бас қаланың символы. (Бәйтерек)
8. Мемлекетіміздің мәйегі,
Дербестігіміздің дәйегі... (Елорда)
9. 1920-25 жылдардағы Қазақстанның астанасы? (Орынбор)
- Соңғы тапсырманы орындайық. Тапсырманы оқып, қағазды тақтаға ілу.
Тапсырма: Қазақстанды гүлдендір.

Барлық тапсырмалар орындалып болған соң, кеспе қағаздар өз орнына ілінгеннен кейін тақтада Қазақстанның картасы құрастырылып шығады.


- Міне, балалар, біз 14 тапсырма орындап, Қазақстанның 14 облысын өз орындарына орналастырып, Қазақстанның жерін құрастырдық.
Оқушылар үйден жасап әкелген гүлдерін карта бетіне жапсырады. 
- Міне, балалар, біз Қазақстанды гүлдендірдік. Болашақта Қазақстанның дәл осылай сақталып, гүлденуі біздің қолымызда.
Отанымның ұлымын.
Бұл-гүлденіп жайнаған,
Гүлстандар Отаны.
Бірін-бірі сыйлаған,
Туысқандар Отаны. 
Ә.Табылды.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұндау.


«Менің елім» тақырыбына эссе жазу.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.

Кері қайту

Ілмек сөздер: ОтанымменіңбайтақөлкемҚазақстан,

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

(мақал)


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін тиянақтау, оқушылардың интеллектуалдық ой - өрісін, білім деңгейін көтеру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдыққа, туған жерін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: панорамалық сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: ойын, сын тұрғысынан ойлау, топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар, презентация, кеспелер.

Сабақтың барысы:

I. Д. к. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Тренинг өткізу. Психологиялық дайындық.

-Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай аламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздерңгі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

Фишка арқылы орындарына отырғызу. (топпен отырғызу)

3. Сөзжұмбақ шешу. Егер дұрыс шешсеңдер, тігінен бүгінгі сабаққа байланысты сөз шығады.

1) Семья сөзінің аудармасы;

2) Әкенің әкесі;

3) Старший брат сөз тіркесінің аудармасы.

4) Шеше сөзінің синонимы;

- Қандай сөз пайда болды? (Отан)

Мұғалім сөзі. – Жаңа мақалда айтылғандай, Отансыз адам болмайды. Балалар, біздің Отанымыз қай ел? (Қазақстан)

Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)

Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан». (дәптерлеріне жазады, эпиграф туралы айту)



1- топқа тапсырма.

Отан деген не? Отан деген сөздің мағынасы – ол адамның туып - өскен жері.

2. 2 – топқа тапсырма.

- Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер? (1, 2 оқушы тақпақ оқиды)

3. 3 – топқа тапсырма.

- Отан туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер? «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл», «Отан оттан да ыстық», «Отан отбасынан басталады».



4. 4 – топқа тапсырма. Тірек сызба бойынша сөйлемдер құрастыру.

Қазақстан туралы не білеміз ?

Отан

Астана


Тәуелсіз Қазақстан

рәміздер


қазақ тілі табиғат

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Өз рәміздері бар. Қазақстанның табиғаты әдемі.



5. 5- топ- Қазақстан туралы не білесіңдер? (Қазақстан тәуелсіз мемлекет, астанасы – Астана қаласы, президенті – Нұрсұлтан Назарбаев, бай мемлекет. 2017 жылы Экспо-2017)
II. Д. к. Жаңа сабаққа әзірлік. Білгенге маржан.

Сақтайық, қане тыныштық,

Бүгінгі сабақ тым қызық.

Ойлан, ойлан және ойлан,

Үздіктері сыныптың.

Озаттар мен орталар,

Ойланбаған құр қалар.

1. Мұғалім сөзі.

Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан».

2. Мәтінмен жұмыс.



Көп сөз білсең, көкжиегің кең болар.

рәміздер – символы

ұлт өкілдері – представители национальностей

тату – дружные

ұлттық – национальные

тағам – блюдо, еда

табиғат – природа

мақтан етеміз – гордимся

1) мұғалім оқиды;

2) 1 - қатар хормен қайталайды;

3) 2 - қатардан бір бала оқиды;

4) 3 - қатардан бір бала оқиды;

5) 1 мин. есте сақтау;

6) Сөз тіркестерін құру.

- Мәтінді мұғалім оқиды.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Ол – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл болады. Оның өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұрады. Олар тату. Әр халықтың өз салт - дәстүрі, ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары бар.

Қазақстанның табиғаты әдемі.

Біз Отанымызды мақтан етеміз.

1. Аудирование. – Мәтін не туралы? Оқушылар түсінгенін орысша айтып береді.

2. Оқушылар тізбектеп оқып, аударады.

ІІІ. Д. к. Мәтінді пысықтау. Ауырсыз жеңіл жоқ.

А) Деңгейлік тапсырмалар орындау.

1 - деңгей. Мәтіннен 5 жуан, 5 жіңішке сөздерді теріп жазыңдар.

2 - деңгей. Мәтіннен қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жазыңдар.

3 - деңгей. Қазақстан туралы шағын диалог құрастырыңдар.



Сергіту сәті.

IV. Д. к. Өзіңді тексер. Интеллектуалды ойын. (оқушылар тақтаға шығып өзіне-Балалар, «бұл қағазда сөзжұмбақты шешіңдер» деп жазылған.

Сөзжұмбақты шешу.

Т_________________

У_________________

Ғ__________________

А__________________

Н__________________

Е__________________

Л__________________

О__________________

Т__________________

А____________________

Н____________________

1. Өсімдік жануарлар, тау, тас. (табиғат)

2. Киіз үй жабдығы (уық)

3. Аспан әлемі (ғарыш)

4. Ардақты адам (ана)

5. Ас атасы (нан)

6. Мықты ағаш (емен)

7. Ешкінің төлі (лақ)

8. Қалың ағаш өсетін нулы жер (орман)

9. Орман емшісі (тоқылдақ)

10. Қазақстанның астанасы (Астана)

11. Көктем айы (наурыз) сұрақ белгілеп, жауап береді)

«Қазақстан» сөзжұмбағын шеш.

1. 1925-29 жылдардағы Қазақстанның астанасы? (Қызылорда)

2. Алматы қай таудың баурайында орналасқан? (Алатау)

3. Қазақстан қандай ел? (тәуелсіз)

4. Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында? (Алматы)

5. Астананың бұрынға аты қалай аталған? (Ақмола)

6. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

7. Биіктігі 97 метр болатын бас қаланың символы. (Бәйтерек)

8. Мемлекетіміздің мәйегі,

Дербестігіміздің дәйегі... (Елорда)

9. 1920-25 жылдардағы Қазақстанның астанасы? (Орынбор)

V. Д. к. Қорытынды. Білгенім – көңілге түйгенім.

(Топтастыру стратегиясы. Постермен жұмыс. Постерлерін тақтаға орналастырады.Орналастырған постерлері Қазақстан картасының сұлбасын құрайды.)

YI. Д.к. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» оқушылар өз ойларын білдіреді.Ұнаған постерге өз ойларын, ұсыныстарын жапсырады.

VI. Д. к. Үй тапсырмасын түсіндіру. Алғаныңды тиянақты.

1. Тірек - сызба бойынша әңгімелеу.



2. Мәтін бойынша бес сұрақ құру.

VII. Д. к. Бағалау. Еңбек етсең, емерсің...
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет