Журналистік білім беру бойынша Онлайн оқытудың шетелдік тәжірибелері



Дата26.08.2017
өлшемі89,6 Kb.
#29615
Қ. Мысаева

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.,

Қазақстан; e-mail: myssayeva.kn@gmail.com
Журналистік білім беру бойынша Онлайн оқытудың шетелдік тәжірибелері

Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы білім беру жүйесінде де көптеген өзгерістер әкелуде. Яғни дамыған елдердің білім беру жүйесі біртіндеп Интернеттің көмегі арқылы оқытуға көшуде. Дәстүрлі білім берудің онлайн курстардың ықпалымен өзгеру үдерісі байқалуда.


Соңғы жылдары онлайн білім беру саласында әлемде ең жоғары рейтингке ие бағдарламаның бірі – «Coursera» - деп аталады. Негізін қалаушылар Стэнфорд университетінің компьютерлік ғылымдар саласының профессорлары Эндрю Нг және Дафной Келлер. Бұл бағдарламаның аясында білім беру материалдарын тегін онлайн-курс түрінде интернетте жариялау жобасы жүзеге асырылады.

Бұл қарқынды дамып келе жатқан сала «бұқаралық ашық онлайн-курстардың» көшбасшысы саналады. АҚШ-та Калифорния штатының Маунтин-Вью қаласында алғаш негізі қаланған. Компанияда қазір 40-тан астам қызметкер жұмыс істейді, 5,5 млн тұтынушылары бар. 2011 жылы KleinerPerkins және NewEnterpriseAssociates компанияларымен бірлескен жоба нәтижесінде 22 млн. доллар көлемінде қаржы жинады.

Алғаш рет бұл бағдарламаны профессор Нг онлайн-білім берумен яғни өз материалдарын YouTube – қа орналастыру арқылы бастаған. Әрбір видеоның көрермені кем дегенде 100 000-ға дейін жеткен. Салыстырмалы түрде қарағанда, професор Нг сабақ беретін Стэнфорд университетінде жылына небары 400 студент білім алады екен. «YouTube-тағы аудитория санына жету үшін маған Стэнфордта кем дегенде 250 жыл сабақ беру керек», - дейді Нг. Осы арқылы ол білім беруде өзінің дұрыс жолды таңдағанын түсінеді. 2012 жылғы сәуірден ресми түрде NgKoller компаниясымен әріптестікте «Coursera» платформасында жұмысын бастайды. Алғашында бұл жобаға тек Принстон, Колумбия және Стэнфорд секілді танымал оқу орындары қосылады. Кейіннен олардың саны бірте-бірте көбейе береді. Қазір бұл платформада әлемнің ең үздік 60-тан астам университетінен 500-ге жуық курс ұсынылады. Осы бағдарламаның негізін қалаушы профессор Нг-ның пікірінше, жобаның мақсаты – онлайн білім беретін жоғары оқу орындарының санын арттыру және университеттерде білім алуға кедергі болатын оқу ақысы мәселесін шешуге көмектесу.

Бүгінде осы бағдарлама бойынша әлемнің 195 елінің азаматтары білім алуда. Онлайн платформада берілетін курстардың авторлары әлемдік жетекші университеттердің оқытушылары, соның ішінде Принстон университеті, Стэнфорд университеті, Джонс Хопкинс университеті, Калифорния технологиялық институты, Эдинбург университеті, Торонто университеті, Колумбия университеті, Пенсильвания университеті бар. 2012 жылғы қыркүйектегі деректер бойынша алғашында оқыту жоспарланған курс саны – 196 болса, қазір олардың саны – 500-ден асады.

«Academic Earth» секілді академиялық бағдарламалармен салыстырғанда «Coursera» жобасының білім беру әдістері жеке дәрістер емес толық курстардан құралуымен ерекшеленеді, яғни бұл курстар субтитрлі бейне дәрістер, дәрістердің мәтіндік конспектілері, үй тапсырмалары, немесе тесттер мен емтихан сұрақтарынан жасалған. Курстқа қол жетімділік уақыт бойынша шектеледі: әрбір үй тапсырмалары немесе тесттер белгілі бір көрсетілген уақытта жасалуы тиіс. Курс аяқталғаннан кейін аралық бақылау мен қорытынды емтиханды сәтті тапсырғандарға курсты аяқтағаны жөнінде сертификат жіберіледі. 2012 жылғы желтоқсанда  курстардың негізгі бөлігі ағылшын тіліне, аз ғана бөлігі француз тіліне аударылды. Сонымен қатар, курстардың барлығына жобаны пайдаланушылар жасаған әлемнің бірнеше тілінде (орыс тілін қосқанда) субтитр береді.

2012 жылғы мамырдағы жағдай бойынша бұл жобаға 16 млн доллар қаржы салынған, 2012 жылғы мамырдағы ақпарат бойынша курсқа миллионнан астам адам тіркелген. Демек, курсты тыңдаушылар саны бір айдың ішінде миллионға жеткен.

Курсты тыңдаушылардың 38,5%-дан астамы АҚШ тұрғындары. “Coursera” студенттердің саны бойынша тізімінің алғашқы ондығына Бразилия, Қытай және Индия сияқты елдерден білім алатын студенттер кірсе, алдыңғы жиырмалыққа Ресей, Германия, Испания, Ұлыбритания, Канада және Австралия елдерінің студенттері кіреді.

“Coursera” ұйымының қызметі - дәстүрлі оқыту әдістерін өзгерту арқылы әлемнің миллиондаған студенттеріне Онлайн білім беру.

2012 жылғы «Time» журналының рейтингісі бойынша ең үздік 100 сайт конкурсында «Coursera» жылдың ең үздік білім беру сайты номинациясын жеңіп алды.

“Coursera” білім беру платформасы әр түрлі курстарды ұсынады. Атап айтқанда: биология, бизнес, компьютерлік ғылымдар (ақпараттық технология, бағдарламалау, жүйелік желілер, теория), экономика, білім беру, электроника, денсаулық сақтау және қоғам, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, математика, медицина, жаратылыстану (химия, физика, астрономия), статистика және деректерді талдау. Бұлар «Coursera-ның» 2012 жылғы көктемде ұсынған курстарының тізімі, қазір олар толықтырылған.

“Coursera” әлі күнге дейін бизнес – моделін толық қалыптастырмаған. Болашақта университет брендіне қарай сертификаттарды сату немесе курс тыңдаушылардың толық бағдарламаларды игергендеріне қарай тесттен өткізу арқылы қаржы табу жоспарлануда. Қаржыландырудың басқа да түрлері: тұрақты жұмыс берушілер, қызметкерлер және демеуші табу немесе ақылы кеңестер беру, сайттағы жарнама, ақылы оқу форматына көшу (университеттерде оқитындар үшін) секілді жоспарлар бар.

Соған қарамастан соңғы кездері «Coursera» студенттерге өздері оқыған курсты аяқтағаны туралы сертификатты сатып алу мүмкіндігін ұсынады. Сертификат құны – 30-100 АҚШ доллары көлемінде, бұдан түскен қаржыдан университтер өзіне тиесілі үлесін алады. Ал, қаржы төлеуге мүмкіндігі жоқ тыңдаушылар қаржылық көмек көрсетуге ұсыныс жасап, сертификатты тегін ала алады. Сертификаттарға қосымша ретінде «Coursera» ең үздік студенттерді әлеуетті жұмыс берушілерге қызметке қабылдауға ұсыныс жасайды, яғни біртіндеп, өз түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету қызметін де көрсетуде. Сонымен қоса, «Coursera» курстың мазмұнын белгілі бір ақыға сатып алып, өздеріне лицензиялау туралы идеяны да қарастыруда.

Онлайн курс өзінің тегін жүргізілетініне қарамастан, оған жұмсалатын қаржы қомақты болып табылады. Мысалы, бір ғана курсқа арналған сандық материалдардың құны 15-30 мың долларға бағаланады. Платформаның әрбір курсқа 50 мың білім алушыны қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар.

Қазіргі кездегі басты мақсаттардың бірі - “Coursera” курсын тыңдаушылар санын арттыру, осы бағытта қазір әлемнің бірнеше қалаларында курс түлектерінің кездесуі тұрақты ұйымдастырылуда. Олар әлеуметтік желілер арқылы дәрістерді, үй тапсырмаларын орындау үшін кездесу үйірмелерін ұйымдастырады. 2012 жылғы қазан айында арнайы қоғамдастық құрып, әлемнің 1360 қаласында осындай кездесулер өткен. Соның ішінде, Мәскеу, Санкт-Петербург, Киев және т.б. қалалары да бар.

Онлайн курстардың басты ерекшелігі – білім алушылардың уақыт үнемдеуіне мүмкіндігі зор. Қазіргі кезде кез-келген елдегі қарапайым адамның әлемдік деңгейдегі университетте оқысам деген арманы осы онлайн бағдарлама арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, бұл курс әлемдік масштабтағы танымал университеттің атақты профессорының дәрісін тыңдауға мол мүмкіндік. Тағы бір басты ерекшелігі - білім беру платформасы дәстүрлі университеттерге қарағанда оқу бағдарламаларын таңдауда мол еркіндік береді.

Курстың ақпараттық қоғам талабына сай қызмет етуіне және аудитория сұранысына жауап беруіне қарамастан, оның тарапына айтылар сыни пікірлер де аз емес. Солардың бірі курстағы кейбір пәндердің тегін деп жарияланғанына қарамастан, курс авторларының кітаптарын сатып алу талабының қойылуы.

«The New York Times» жүргізген сауалнаманың нәтижесін зерттеген сарапшылардың көпшілігі ірі жоғары оқу орындарының тегін онлайн білім беруді кеңінен енгізуі болашақта шағын оқу орындарының, колледждердің жабылуына әкеліп соғады деп есептейді. Мәселен, Ресей ғалымдары америкалық танымал оқу орындарының кеңінен таралуы ресейлік өңірлік институттарға да айтарлықтай ықпал етуі мүмкін деп есептейді.

«Жоғары білім беру инновациямен тығыз байланысты дамуда және оның бағасы өте қымбат әрі белгілі бір адамдар тобына ғана қолжетімді болуда. Сондықтан «Coursera» әлемнің ең үздік университеттерімен әріптестік байланыс нәтижесінде ең танымал оқытушылар мен ең үздік курстарға қолжетімділік жасауда. Бұл жоба тұлғаның дербес қалыптасуы мен дамуына арналған үлкен мүмкіндік», - деп баға берді «Coursera» директорлар кеңесінің мүшесі, TGDaily.com. баспасының басшысы Джон Дорр (John Doerr).

Профессор Коллер: «Біз болашақтан әлемге танымал университеттердің әдеттегі мыңдаған студенттерінің орнына миллиондаған адамға білім беріп, олардың армандарының орындалуына қол жеткізуін күтеміз», - деп атап көрсетті.

Массачусетс технологиялық институты 2011 жылғы желтоқсанда тегін онлайн-оқыту жобасын алғаш болып бастаған, 2012 жылғы қаңтарда Стэнфорд университеті педагогтарға арналған Udacity — компаниясының тегін курстарын ашты. Ал, 2012 жылғы мамырда Гарвард Массачусетс технологиялық институтының жобасына қосылды. «The New York Times» газеті Вирджиния университетінің президентін интернет-курстарға деген скептикалық көзқарасы үшін жұмыстан босатты деп жазады.

Білім беру бойынша сарапшылар академиялық ортаға «Бүгінде тегін он-лайн курстардың жаппай ашылуы оқу орындарындағы студенттер санының қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін және кез-келген адамға тегін білім алуға мүмкіндіктер жасалуда. Сондықтан жылына оқу бағасы 20 000 – 60 000 АҚШ доллары тұратын оқу орындары өздерінің болашағы үшін алаңдамайды ма?», - деген сауал қояды. Білім беру бойынша американдық жаңа қордың директоры Кевин Кери «Білім беру саласында дүрлігу басталды. Оның негізі бар ма, әлде жоқ па, әзірше белгісіз»,- дейді.

Массачусетс технологиялық институтында ашылған электронды курстармен салыстырғанда «Coursera» курсының ерекшелігі оның әрбір студентке семинар, тапсырмалар мен жаттығулардан құралған жеке «оқыту траекториясын» ұсынуында. «Студенттер видеоны жай көрумен ғана жақсы оқуға дағдыланбайды, олар берілген тапсырманы орындауға, өз бетімен ойлануға үйренуі тиіс. Біздің білім беру технологиямыз осы ұғымдарға негізделген, соның нәтижесінде студенттер материалдарды тез игеріп алады», - деп есептейді профессор Нг.

Көптеген зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, әлемге танымал америкалық және еуропалық университеттердің Интернет-курстары шағын оқу орындарының жабылуына әкеліп соғуы мүмкін.

«Coursera» қазақ тілінде де сөйлейді. Kcell компаниясы «Coursera» халықаралық білім беру жобасымен бірлесе отырып Қазақстанда да осы жобаның жүзеге асуына мүмкіндік жасамақ. Ұялық байланыс операторлары онлайн курстардың қазақ тіліне аударылуын қамтамасыз етпек.

Компания қазақ тіліне аудару үшін 5 курсты таңдаған: «Бизнесте ойын теориясын қолдану» (Gamification), «Сандық медиа және мобильдік қосымшалар үшін креативті бағдарламалаулар» (Creative Programming for Digital Media&Mobile Apps), «Google-ді түсіну арқылы медианы түсіну» (Understanding Media by understanding Google), «Желілер: достар, ақша және байттар (Networks: Friends, Money and Bytes), «Бағдарламалауды үйрен: бағдарламашыларға арналған негіздер» (Learn to Program: the Fundamentals).

Бұл курстар тыңдаушылар арасындағы танымалдығы және нақты өмірден алынған мысал негізінде үйретуі бойынша, ең бастысы – Қазақстан университеттерінде оқытылатын стандартты бағдарламаларға сәйкестігіне қарай таңдап алынған. Ком­па­ния бұл курстардың қазақ тіліне аудармасын 2013 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

«Бізді қоршаған әлем күнделікті өзгеруде. Сондықтан бәсекеге қабілетті болып қалу үшін біз өзімізді тұрақты түрде жетілдіруіміз керек. «Coursera»-ның онлайн-курстары - үйде отырып-ақ халықаралық білім алуға болатын тамаша мүмкіндік. Әлемнің алдыңғы қатарлы университеттері тәжірибелі білім мен біліктілікті үйретеді және өзі әлеуетін дамытуға жаңа бағыттар береді. Біз халықаралық білім алуға қызығушылығы бар қазақстандықтар осы курстың белсенді тұтынушылары болады деп сенеміз»,- деп атап көрсетті «Кселл» Акционерлік қоғамының бас коммерциялық директоры Нұрлан Сарғасқаев.

Профессор Нг "Мен әрбір адамның үлкен білімге тегін қол жеткізе алатын қоғамында өмір сүргім келеді», - дейді. Сондай-ақ, профессор Нг ұстанған қағиданың бірі: "Егер сіздің өмірде жеткен жетістігіңіз сіздің ата-анаңыздың байлығымен емес, өзіңіздің қажырлы еңбегіңіздің, ерік-жігеріңіздің жемісімен анықталса, бұл елес емес. Менің ойымша бұл өте қызықты әлем және бұл өз өміріңді өзгертудің негізгі құралы».



Сондықтан болашақта біздің елімізде де «Coursera» секілді барлығына бірдей тегін білім алуға мүмкіндік беретін ғаламдық университет немесе білім беру платформалары пайда болады деп сенемін.
References
https://www.coursera.org/

ru.wikipedia.org/wiki/Coursera

https://twitter.com/coursera

https://ru-ru.facebook.com/GlobalUniRu

https://ru-ru.facebook.com/Coursera.directed...
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет