Журналистикаға кіріспе



Дата17.06.2018
өлшемі186,5 Kb.
#43124
Журналистикаға кіріспе
$$$ 1

Факт дегеніміз не?

А) адам санасындағы ақиқаттың көрінісі

В) журналист творчествосы

С) ағарту ұйымы

D) БАҚ-тың бір бөлігі

Е) жекешеленген бірлестік
$$$ 2

«Журналистика-қоғамдағы ең маңызды институт болып табылады»-деп кім айтқан?

А) Ворошилов

В) Прохоров

С) Омашев

D) Қабдолов

Е) Амандосов
$$$ 3

Ақпараттық қоғам, ақпараттық технология, өркениеттің үшінші толқыны концепцияларын ғылыми айналымға енгізген ғалымдарды атаңыз.

А) Вартанова Е., Шиллер Г., Бельд Д., Кастельс М., Вершинин М.

В) Прохоров В., Ворошилов В., Шеннон

С) Карин Е., Жақып., Омашев Н., Есім Ғ.

D) Стит П., Муссолини., Кинг Л.,Уиттон

Е) Клинтон Б., Рузвельт., Мейер Ф.
$$$ 4

«Қыр баласы» деген бүркеншік есіммен жазған қазақ зиялысы

А) Ә.Бөкейханов

В) М.Дулатов

С) А.Байтұрсынов

D) Е.Сұлтанғазин

Е) М.Сералин
$$$5

Журналистік қызметте түпкі мақсат оған жетудің жолдары,

әдістері журналистке не үшін қажет?

А) Пәрменділік үшін

В) БАҚ үшін

С) Журналистика функцияларын жүзеге асыру үшін

D) баспаханада жұмыс жүргізу үшін

Е) Мақала жазу үшін


$$$ 6

Журналистке шығарманың публицистикалық, көркемдік, ғылыми түрлері не үшін қажет?

А) Жазу шеберлігін арттыру үшін

В) Тиімділікті арттыру үшін

С) БАҚ қызметі үшін

D) Мақала жазу үшін

Е) Тиімділкті арттыру үшін
$$$ 7

Журналистиканың принципі нені анықтайды?

А) Журналистиканың халықтығын

В) Журналистиканың таптығын

С) Журналистиканың жалпы қазмет етуін, жалпы заңдарын

D) Журналистің жазу шеберлігін

Е) Журналистің тіл көркемдігін
$$$ 8

Журналистика “тиімділігінің” басты көрсеткіші не?

А) обьективтілігі

В) Қоғамдық өмір проблемаларын қозғау

С) жариялылық

D) Дәлдік пен шындық

Е) аудиторияның ақпараттық қажеттілігімен санасу
$$$ 9

Идеалогиялық Функция журналистиканың…

А) Халық арасында ғылым, білім нәтижелерін таратады

В) Әлеуметтік құбылыстарды түсіну мен дұрыс бақылауды үйрететін ұлттық сананың қалыптасуына тікелей байланысын анықтайды

С) Белгілі бір мекеме, кәсіпорынның қызметін талдайды

D) Ол- жарнамалық әрі анықтамалық функциясы

Е) Қоғамдық еңбек бөлінісіне араласуын анықтайды
$$$ 10

Қазақ журналистикасының тарихын алғаш зерттеуші

А) Т.Қожакеев

В) Қ.Аллаберген

С) Н.Оразалин

D) Т.Амандосов

Е) Б.Кенжебаев
$$$ 11

БАҚ туралы заңда журналистік этика мәселелері не арқылы жүзеге асады?

А) Сөз және баспасөз бостандығы арқылы

В) Тіл арқылы

С) Газет-журнал арқылы

D) Идеология

Е) Факт
$$$ 12

“CAZZETTA” сөзінің баламасы қалай?

А) Алтын алқа

В) Алтын ақша

С) Күміс тиын

D) Тақтайға жазылған жазу

Е) Күміс қағаз
$$$ 13

Ақпараттық төңкерісті бес кезеңге бөліп қарастырған кім?

А) М.С.Вершинин

В) Е.Карин

С) Г.Шиллер

D) Д.Бельд

Е) В.Ворошилов
$$$ 14

Түркістан уәлаятының газеті” мен “Дала уәлаятының газеті” басылымдарының сипаты қандай болды?

А) Бейресми

В) Ұлттық

С) Тәуелсіз

D) Саяси


Е) Әдеби-мәдени
$$$ 15

Қазақтың тұңғыш журналын атаңыз

А) «Жалын»

В) «Айқап»

С) «Шолпан»

D) «Абай»

Е) «Әйел теңдігі»
$$$ 16

ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. басындағы ақпараттық технологияның жан-жақты, қарқынды дамуы, яғни өзіміз өмір сүріп отырған қоғам қандай сипатқа ие?

А) ақпарат алмасудың жеделдетілген түрі

В) экономикалық түбегейлі өзгерістердің болуы

С) микропроцессорлық технологияның тұрмысқа енуі

D) ақпараттық қоғам

Е) ақпараттық технология
$$$ 17

Баспасөздің ең төменгі буыны қайсы?

А) Журнал

В) Энциклопедия

С) Брашура

D) Кітап


Е) қабырға газеті
$$$ 18

Алғаш сюжетті ақпарат таратқан ақпарат агенттігі

А) ЮПИ

В) Синхуа



С) Рейтер

D) Франс-Пресс

Е) Аль-Джазира
$$$ 19

Алғашқы қазақ публицистері

А) Шоқан,Ыбырай,Абай

В) М.Сералин, Қ.Кемеңгеров

С) М.Дулатов,А.Байтұрсынов,Ә.Бөкейханов

D) Х.Досмұхамедов,С.Қожанов,М.Шоқай

Е) Р.Мәрсеков,Ғ.Сланов,Ш.Керейбаев
$$$ 20

“Әңгіме-анкета” публицистика жанрының қай түріне жатады?

А) Очерк

В) Заметка

С) Репортаж

D) Сұхбат

Е) Корреспонденция
$$$ 21

“Газет” сөзі ең алғаш қай елде шыққан?

А) Италия

В) Франция

С) Венеция

D) Германия

Е) Рим
$$$ 22

ХҮІ ғ. орта тұсында бастау алған кітап басу ісінің пайда болуы, мәдениет пен руханият саласындағы, өндіріс, экономикадағы түбегейлі өзгерістердің болуы ақпараттық төңкерістің қай кезеңіне жатады?

А) І

В) ІІ


С) ІІІ

D) ІҮ


Е) Ү
$$$ 23

Баспа өнімдері 48 беттен асса-кітап, егер жетпесе…

А) мақала

В) газет


С) Журнал

D брошюра

Е) баяндама
$$$ 24

Мақсатына,бағытына қарай баспадан шыққан басылымдарды 10 негізгі топқа бөлеміз. Осыларға жатпайтынын атаңыз

А) Өндірістік

В) мемлекеттік

С) Ғылыми

D) Саяси көпшілік

Е) Ресми құжат
$$$ 25

“Этика” сөзі қай елден енген?

А) Грек

В) Ағылшын



С) Араб

D) Латын


Е) Хинд
$$$ 26

Журналистік этиканың басты принципі

А) мәдениеттілік пен әділеттілік

В) сапалық пен шыншылдық

С) шыншылдық пен әділеттілік

D) инабаттылық пен сұлулық

Е) Әсемділік пен әдептілік
$$$ 27

Интернационалистік принцип дегеніміз не?

А) Адамгершілік пен әділеттілік

В) Халықтар достығы

С) Отанды сүю, дәріптеу

D) Халық конгресі

Е) Обьективтілік
$$$ 28

Ақиқат көрінісі:

А) Заң

В) Мораль



С) Этика

D) Принцип

Е) Факт
$$$ 29

Журналистік принципке жатпайтыны қайсы?

А) шыншылдық

В) патриотизм

С) партиялық

D) атеизм

Е) Гуманизм

$$$ 30

Не арқылы журналистика қоғамдағы орнын анықтайды?

А) Функция

В) Этика

С) Принцип

D) Мораль

Е) Сапа
$$$ 31

Журналистік пәрменділік дегеніміз;

А) Журналист функциясына сәйкес әр түрлі әлеуметтік институттар мен лауазымды адамдардың нақтылы шешімдер қабылдауына әсер етуі

В) адамгершілік қабілетті айқындайтын моральді,тәртіпті талап ету

С) Өмір шындығын жан-жақты көрсететіндігі, ондағы материалдардың интеллектуалдығы,оперативтілігі

D) Журналист аудиторияның мінез-құлқына,рухани дамуына,сансезіміне тікелей әсер етуі

Е) Халыққа әлеуметтік-саяси мәселелерді ашып көрсету


$$$ 32

Газеттің бет-бейнесін айқындауға шешуші рөл атқаратын фактор.

А)Газеттің шығарушысы, құрылымның кімдер екендігі

В)Оның әлеуметтік мақсат-мүддесі

С)Аудиторияға лайықталуы

D)Творчестволық белсенділігі

Е)Мерзімділігі
$$$ 33

Газет шығарылу мерзіміне, уақытына қарай бөлінуі.

А)Ертеңгілік, кешкілік

В)Күнделікті

С)Жылына бір рет

D)Уақыты әр кезде әр қалай

Е)Аудиторияның қажет етуіне қарай
$$$ 34

Дүниежүзіндегі ең ірі ақпарат агенттігі нешеу?

А)5

В)3


С)10

D)7


Е)1
$$$ 35

«Мәдениеті, салты озық елдерге ақыл иесі адамдардың бір ауыз сөзі газет арқылы екі-үш күнде елінің басынан аяғына оқылып, тыңдалып қалады. пайдалы істі ынтымақпен істей қойысады. бізде олай емес, елдің бір шетінде бүліншілік болып, жау орнап жатса, екінші шетінің одан хабары жоқ ойын-күлкімен болады. қайғыны, шаттықты бірге көрмеген соң бізде ынтымақ жоқ, ынтымақ болмаған соң күш-қуат та жоқ»-деп кім айтқан?

А) А.Байтұрсынов

В) Ш.Құдайбердиев

С) Ғ.Қарашев

D) М.Дулатов

Е) О.Әлжанов
$$$ 36

Этика нормалары қандай жағдайда сақталуы қажет?

А)Журналист ақпарат көздерін пайдалануда, шығарма кейіпкерлерімен тілдескенде

В)Ақиқат өмір құбылыстарын бейнелеуде

С)Адамдардың мінез-құлқын ,сана-сезім ерекшеліктерін зерттегенде

D)Журналист мамандығын игергенде

Е)Шыншылдық және объективтілік принциптерін пайдалануда
$$$ 37

”Этика” ұғымының зерттеу объектісі.

А)әдет-ғұрып, салт-дәстүр

В)Кәсіби моральдік

С)Мораль

D)Адамның жеке басының заңдылықтары

Е)Ережелер
$$$ 38

Журналистің кәсіби-моральдік ,этикалық принциптері неше түрге бөліп талданады?

А)3(халықтығы,бұқаралығы,шыншылдығы)

В)2(адамгершілігі,әдептілігі)

С)1(шыншылдығы)

D)5(адамгершілігі,бұқаралығы,шыншылдығы,халықтығы,әдептілігі)

Е)6(бұқаралығы,шыншылдығы,өзін ұстауы,имиджі,зерттеушілігі,адамгершілігі)
$$$ 39

Факт жинаудың неше түрі бар?

А)1

В)2


С)3

D)4


Е)5
$$$ 40

Журналистика шартты түрде өз аудиториясын нешеге бөледі?

А)1

В)5


С)2

D)3


Е)6
$$$ 41

Журналистің кәсіби моральды өзінің жұмыс процесінде қолдану үшін не қажет?

А) Кәсіби сана

В) ашық немесе жасырын зерттеу

С) шыншылдық, обьективтілік

D) сөз мәдениетін жетік меңгеру

Е) әдістемелік сипаттағы білім, техникалық ережелер мен қағидалар, кәсіби-адамгершілік бағдар, күнделікті тәжірибе-тәлім
$$$ 42

«Ақпарат азаматтарға жай ғана керек емес ол сондай-ақ демократиялық үкіметтің маңызды сипаттамасы»-деп анықтама берген кім?

А) Питерсон

В) Фаттарелло

С) Амарти Сен

D) Ибраева Ғ.

Е) Г.Шиллер
$$$ 43

Б.Жақып ақпараттың мағынасын неше түрге бөліп қарастырады?

А)2

В)4


С)6

D)10


Е)3
$$$ 44

«...бұл – ішкі және сыртқы, халықаралық жаңалықтардың жиынтығы» ақпараттың қандай мағынасын түсіндіріп тұр

А) оқиғалы ақпарат

В) тар мағынасында

С) анықтамалық ақпарат

D) ақпараттың қызметі

Е) ақпараттың материалдық теориясы
$$$ 45

Журналистиканың ақпараттық қызметі қалай жүзеге асады?

А) баспа арқылы

В) эфир арқылы

С) газет-журнал арқылы

D) Журналист-текст-аудитория

Е) болмысты бейнелеу арқылы
$$$ 46

Мерзімді баспасөздің көп тарайтын түрі.

А)Радио

В)Газет


С)Телевидение

D)Журнал


Е)Баспа
$$$ 47

Журналистикадағы ақпаратты мән-маңызына қарай неше түрге бөледі?

А) 6

В) 7


С)3

D) 8


Е) 2
$$$ 48

Жалын баспасы нешінші жылы құрылды?

А)1978

В)1977


С)1975

D)1976


Е)1979
$$$ 49

1948 жылы Ақпараттың материалдық теориясын жасаған ғалым кім?

А) Вартанова

В) Питерсон

С) Шиллер

D) Амарти Сен

Е) Шеннон
$$$ 50

Республикалық деңгейдегі ҚР газет-журналдарын шығаратын баспа?

А)”Сөзстан”

В)”Балауса”

C)”Дәуір”

D)”Атамұра”

Е)”Жалын”
$$$ 51

«Текстің өзі тауар дейтін болсақ, журналист ақыл-ойының жемісі тұтынушыға жеткенде... анықталады»

А) ақпараттық сипаты

В) жанры


С) шыншылдық,обьективтілігі

D) оқиғасы

Е) мағынасы
$$$ 52

Журналистикадағы бұқаралық ақпараттық процесс неше сатыдан тұрады?

А) 6

В) 2


С) 3

D) 4


Е) 5
$$$ 53

«Қазақ әдебиеті» газетінің қазіргі редакторы кім?

А) Ұ.Есдәулетов

В) М.Құлкенов

С) Т.Медетбеков

D) М.Оспанов

Е) Ж.Ауыпбаев
$$$ 54

«Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы кім?

А) М.Оспанов

В) Ж.Ауыпбаев

С) М.Құлкенов

D) Ж.Қорғасбек

Е) Е.Смайыл
$$$ 55

Болмыстың бейнеленуі, өмірдегі оқиға, құбылыстың кескінделуі журналистикада неге тән?

А) репортажға

В) ақпараттық процеске

С) публицистикалық шығармаға

D) газет-журнал жанрларына

Е) жарнамалық ақпаратқа
$$$ 56

Конституцияның қай бабында «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік

беріледі. Цензураға тыйым салынады», -деп жазылған.

А) 19-шы бабында

В) 21-ші бабында

С) 20-шы бабында

D) 18-ші бабында

Е) 23-ші бабында


$$$ 57

Баспасөз бостандығы дегеніміз нені білдіреді?

А) рухани құндылықтарды халыққа жеткізіп, шындық дүниенің еркін халыққа жетуі, игілігіне жарауы

В) журналистиканың белсенділігі

С) басылымдардағы сыни пікірлер

D) газет-журнал жаңаша бет-бейнесі, өз көзқарасы

Е) БАҚ-тың демократиялығы
$$$ 58

Кәсіби журналистиканың нақты жұмыс процесі қай ғасырлардан бастау алады?

А) ХҮІ-ХҮІІғ.ғ.

В) ІХғ.


С) ХІХ-ХХғ.ғ.

D) ХХ-ХХІғ.ғ.

Е) ІІ-ІҮғ.ғ.
$$$ 59

БАҚ ненің өркендеуінен шет қалмауы шарт?

А) ақпарттың шоғырлануынан

В) ақпартты таратудан

С) озық техника мен техникалардан

D) безендіруден

Е) байланыс жасаудан
$$$ 60

Цитата сөзінің мағынасы

А) біреудің айтқан сөзін дәл сол қалпында қайталап беру

В) әдебиеттерді пайдалану

С) ғылыми еңбектердегі факт

D) автордың өз көзқарасы

Е) қанатты сөздер
$$$ 61

«Жүргізуші-журналистің тікелей эфирдегі табысы-кәсіби шеберліктің, айрықша қабілеттің, тамаша тапқырлықтың жемісі»,-деген пікірді кім айтқан?

А) Н.Омашев

В) М.Цвиг

С) М.Барманкулов

D) Ю.Левитан

Е) Ә.Байжанбаев
$$$ 62

Этика тұрғысынан обьектілерді зерттеудің қандай түрлері бар?

А) ашық және жабық

В) іштей және сырттай

С) жабық немесе жасырын

D) жасырын немесе ашық

Е) Сырттай, ашық, жабық
$$$ 63

1997ж. Қазақстан-1 телеарнасынан бөлініп шыққан телеарна

А) Хабар

В) КТК


С) Еларна

D) 31 канал

Е) НТК
$$$ 64

Коммерциялық басылымдар мен телеарналардың негізгі қаржылық көзі

А) Абоненттік төлем

В) Демеушілік

С) Баспасөзге жазылу

Д) Сатудан түскен қаржы

Е) Жарнама
$$$ 65

«Журналистиканың негізгі күші ақпаратты иемденетіндігінде»-деген пікірді айтқан кім?

А) Б.Кенжебаев

В) Н.Омашев

С) Б.Жақып

D) М.Барманқұлов

Е) Ибраева Ғ.
$$$ 66

Текстің прагматикасы деген не?

А) текстің аудиториямен қатынасының сипаты

В) ақпараттың құндылығы

С) хабардың аудиторияға түсініктілігі

D) ақпаратта хабарланатын жайттар

Е) болмыспен қарым-қатынас
$$$ 67

Қазақстандық кабелдік ТВ

А) «Спорт»

В) «Муз ТВ»

С) «Алма ТВ»

D) «Семей ТВ»

Е) «СТН»

$$$ 68


М.Барманкуловтың «Телевидение: деньги или власть» атты оқулығы қашан,қай жылы баспадан жарық көрді.

А) «Жалын» баспасы,1993жылы.

В) «Рауан» баспасы,1996 жылы.

С) «Қазғұрт» баспасы,1996 жылы.

D) «Санат» баспасы,1997 жылы.

Е) «Атамұра» баспасы,2000 жылы.


$$$ 69

Текстің синтактикасы деген не?

А) текстің аудиториямен қарым-қатынасының сипаты

В) текстің болмыспен қарым-қатынасының сипаты

С) текстің ішкі құрылымының сипаты

D) аудиторияның тексті меңгеруі

Е) текстің журналист білуге тиісті шарты
$$$ 70

Ақпараттық қоғамның даму эволюциясы неше кезеңнен тұрады?

А) 3

В) 5
С) 8



D) 10

Е) 2
$$$ 71

Текстің семантикасы терминінің қазақша баламасын атаңыз?

А) құрылған

В) көрсететін

С) пайда,іс

D) атқаратын

Е) бұқараға бағытталған


$$$ 72
Ресми хабар дегеніміз не?

А) БАҚ арқылы, одан әрі тарату мақсатында мемлекеттік органдар беретін ақпарат

В) Кино хроникалық бағдарламаларды көрсету

С) ТВ,РВ бағдарламаларын дыбыс-бейне жазбаларын тарату

D) бейне және өзге де хабарлар мен материалдар

Е) альманах және олардың қосымшасы


$$$ 73

«Факт» сөзі қай елдің тілінен алынған?

А) Грек

В) Латын


С) Қазақ

D) Француз

Е) Қытай
$$$ 74

Бас мақаланың мақаладан айырмашылығы неде?

А) Қорытындының аумақтығымен.

В) Қоғамдағы елеулі оқиғаларға құралады.

С) Белгілі бір шараларды орындауға қалың бұқараны жұмылдырып отырады.

D) Фактілер мен оқиғаларды бұрмаламай жазу.

Е) Жауаптың барлығы дұрыс.
$$$ 75

А.Байтұрсынов шығармашылықты нешеге бөліп қарастырады?

А) 5

В) 2


С) 10

D) 15


Е) 8
$$$ 76

Редактордан тыс әлеуметтік байланыстарды негіз ете алады. Бұл журналистік қызметтің қай түріне жатады?

А) басқарушы

В) ғылыми

С) публицистикалық

D) ұйымдастырушылық

Е) көркем шығармашылық
$$$ 77

Стильдің қандай түріне мына талап қойылған. Қандай тақырыпқа жазса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы тиіс

А) әлеуметтік публицистикалық

В) ғылыми

С) публицистикалық

D) көркем баллетристік

Е) профессионалдық-техникалық
$$$ 78

Cтильді қандай мағынада қарастырамыз?

А) ғылыми

В) табиғи

С) тар мағынада

D) кең және тар мағынада

Е) ғылыми және табиғи
$$$ 79

Қызметтің бұл түрі баспасөзде алатын орны орасан зор. Өйткені журналист бет-бейнесі қызметінің дәл осы түрі арқылы, оның жазылған шығармалары арқылы таныс болады. Бұл журналист қызметінің қай түріне жатады?

А) ұйымдастырушылық

В) басқарушылық

С) публицистикалық

D) ғылыми

Е) әлеуметтік-публицистикалық
$$$ 80

Жалпы шығармашылықты ғылыми теорияда неше топқа топтастырады?

А) 5

В) 10


С) 8

D) 6


Е) 3
$$$ 81

БАҚ туралы заңға 2003ж. өзгертулер енгізу туралы пікірлер қай газете берілді?

А) Ана тілі

В) Жас алаш

С) Егемен Қазақстан

D) Қазақ әдебиеті

Е) Заң
$$$ 82

«Қазақ» газетінде жарияланған «Баспасөз үмесі» мақаласының авторы кім?

А) А.Байтұрсынов

В) Ә.Бөкейханов

С) М.Дулатов

D) Ш.Құдайбердиев

Е) К.Төгісов
$$$ 83

Журналистің негізгі типтік мінездемесі не арқылы айқындалады?

А) проблемалық-тақырыптық бағыт-бағдар жасау

В) алған әсерін қарай жұмыс жүргізу

С) қамтыған тақырыбына қарай жұмыс жүргізу

D) аймақтық хабар тарату ерекшелігі

Е) әдеби шығармаларды жанрлық жағынан бейімдеу

$$$ 84


Қазақ интеллигенциясы қай жылы құрылды?

А) 1907


В) 1905

С) 1917


D) 1911

Е) 1894
$$$ 85

«... Онда мемлекет авторлық жеке құқын қорғайды. Бұл бір немесе екі адамға және тұтас ұйымға беріледі» -деген БАҚ заңдарының қай тармағында көрсетілген?

А) БАҚ-тың жалпы заңында

В) БАҚ-тағы авторлық құқық

С) Бұқаралық хабарлама құрылымдар құқығы

D) журналистерді тіркеу құқығы

Е) БАҚ-тың халыаралық құқығы


$$$ 86

Журналистің адамгершілігі,ізеттілігі,инбаттылығы т.б. қасиеттерімен айқындайтын

А) Этикет

В) Этика


С) Этиканың кең мағынасы

D) Этиканың тар мағынасы

Е) гуманистік прицип арқылы
$$$ 87

Ақпараттың дәл анық, шыншыл әрі маңызды болуын көздейтін БҰҰ-ның секретариаты жанында қандай департамент жұмыс істейді?

А) Ұлттық

В) халықаралық

С) БАҚ

D) хабарлама



Е) ақпарат тарату
$$$ 88

Қазіргі заманғы радиожурналистикада қолданылатын пішіндер

А) репортаж

В) радиогазет

С) саунд дизайнер

D) радиоәңгіме

Е) сұхбат

$$$ 89


Эфирге шығу дегеніміз...

А) мерзімді басылымдарды тарату

В) ТВ,РВ бағдарламаларының жеке шығарылымы

С) ұқсас және цифрлық электромагниттік жүйелерді пайдалана отырып ТВ,РВ бағдарламаларын дыбыс-бейне жазбаларын тарату

D) мемлекеттік органдар беретін ақпарат

Е) ТВ, РВ бағдарламаларын эфирге шығару


$$$ 90

Салалық көптиражды газеттер оқырмандардың қандай түріне қарай топтастырылады?

А) жас ерекшеліктеріне

В) рухани қажеттілігіне

С) талап-тілегіне

D) кәсіби белгілеріне

Е) ұлттық белсенділігіне
$$$ 91

Журналистикадағы обьективтілік дегеніміз не?

А) шындықтың нағыз өзі

В) материалдың нанымдылығы

С) адамгершілікке жатпайтын, азаматтыққа көлеңке түсіретін жайт

D) ойын дұрыс жеткізе білу

Е) этикалық норма
$$$ 92

Алаш автономиясын құру идеясын ұсынған автор

А) М.Дулатов

В) Ә.Бөкейханов

С) М.Шоқай

D) Ә.Ермекұлы

Е) А.Байтұрсынов
$$$ 93

Факт жинаудың ашық түрі журналистке не үшін қажет?

А) журналистік этиканы бұзбау мақсатында ақиқат дерек жинау үшін

В) азаматтарға келтірген моральдік зиянды өтеу үшін

С) журналистік кәсіби талап-тілектерді орындау үшін

D) этикалық нормаларды сақтау үшін

Е) сөз және баспасөз бостандығын жүзеге асыру үшін
$$$ 94

«Айқап» журналы қай жылы шығып тұрды?

А) 1911-1912

В) 1911-1913

С) 1911-1914

D) 1911-1915

Е) 1911-1916
$$$ 95

М.Дулатовтың «Жер мәселесі» атты мақаласы «Айқапта» қандай бүркеншік есіммен жарияланды?

А) Алашұғлы Азамат

В) Мадияр

С) М.Д.

D) Таймінер



Е) Түрік баласы
$$$ 96

Публицистика жанрларының неше түрі бар?

А) 8

В)5


С)3

D)10


Е)12
$$$ 97

Қазіргі қазақ басылымдарында «Жас қалам» қосымшасы қай газеттің қосымшасы?

А) Қазақ әдебиеті

В) Жас алаш

С) Заң

D) Ақ босаға



Е) Егемен Қазақстан
$$$ 98

Жалпы журналистикадағы ақпаратты мән-маңызына қарай қанша түрге бөліп қарастырамыз?

А) 8

В) 5


С) 2

D) 3


Е) 6
$$$ 99

Журналистиканың ақпараттық қызметі не арқылы айқындалады?

А) құбылыс

В) эфир


С) Журналист- текст – аудитория

D) аудитория

Е) жанр
$$$ 100

«Ақпарат дегеніміз- хабардың ғана сипаты емес, хабар мен оны тұтынушының арасындағы қарым-қатынас сипаты. Өйткені тұтынушыға жеткен соң ғана хабар ақпаратты бөліп шығарады»,-деп айтқан кім?

А) Скриппс

В) Шрам


С) Прохоров

D) Ғ.Қараш

Е) Винер
$$$ 101

«Incormatio»-термині қай тілден енген сөз?

А) латын

В) грек


С) француз

D) неміс


Е) ағылшын
$$$ 102

«Мәдениеті, салты озық елдерге ақыл иесі адамдардың бір ауыз сөзі газет арқылы екі-үш күнде елінің басынан аяғына оқылып, тыңдалып қалады»,-деп айтқан қазақ зиялысы

А) А.Байтұрсынов

В) М.Дулатов

С) Ғ.Қарашев

D) М.Сералин

Е) Р.Мәрсеков
$$$ 103

А.Байтұрсынов шығармашылықты нешеге бөліп қарастырады?

А) 5

В) 2


С) 10

D) 15


Е) 8
$$$ 104

БАҚ туралы заң алғаш рет қай жылы қабылданды?

А) 1991ж.

В) 1992ж.

С) 1998ж.

D) 1994ж.

Е) 1996ж.
$$$ 105

Принцип сөзінің мағынасы қалай түсіндіріледі?

А) мақсат, міндет

В) негіз,бастау

С) шыншылдық

D) қызмет

Е) ұстаным
$$$ 106

1993ж. Қазақстанда қандай партия құрылды?

А)Дәуір – время

В) Невада – Семей

С) Арал, Азия, Қазақстан

D) Қазақстанның халық бірлігі партиясы

Е) Ақ жол
$$$ 107

ҚР «БАҚ туралы заңындағы» «Жалпы ережелер» деп аталатын тарауында бұқаралық ақпаратқа берілген негізгі анықтама қайсы?

А) БА- тұлғалардың шектеусіз аумағына арналған баспа, аудиовизуальді және басқадай хабарламалар мен материалдар

В) Ақпарат – бұқараға бағытталады

С) тегін немесе аз ғана төлемақыға ақпарат тарату, жаңалықтарды жеткізудің қарапайым түрлерін пайдалану

D) БАҚ-қа қатысқысы келген азаматтарға ашық мүмкіндік беру

Е) Аудиторияның бір мезгілде ақпарат алуын қамтамасыз ету мүмкіндігі
$$$ 108

Қазақстан журналистика ғылымы неден бастау алады?

А) Көне түркі жазба ескерткіштерінен

В) Коммунистік журналистика институты (КИЖ 1934ж).

С) Жыраулар поэзиясынан

D) Батыс ғалымдарының еңбектерінен

Е) Баспасөздің төрт теориясы
$$$ 109

Авторлық құқық дегеніміз не?

А) шығарманы пайдалануға берілетін рұқсатнама

В) шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәміздерінің жиынтығы

С) Авторлық қаламақы

D) Авторлық куәлік

Е) Авторлық шарт
$$$ 110

Авторлық шарт деген не?

А) автор мен немесе мұрагерлермен баспа арасындағы өзара шарт

В) қаламақы мөлшерін белгілейтін құжат

С) қаламгерлер мен өнер адамдарының еңбекақы, қаламақыларын қадағалау

D) авторлық рұқсатнама

Е) шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәміздерінің жиынтығы
$$$ 111

БАҚ редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиісінше өкілеттігі бар жеке тұлға

А) журналист

В) редактор

С) публицист

D) диктор

Е) таратушы
$$$ 112

Авторлық қаламақы деген не?

А) автор мен немесе мұрагерлермен баспа арасындағы өзара шарт

В) авторлық рұқсатнама

С) қаламақы мөлшерін белгілейтін құжат

D) БАҚ өнімін тарату

Е) авторлық қаламақы мөлшерін республикалық өкімет белгілейтін шарт
$$$ 113

БАҚ бойынша хабарлар мен материалдарды не олардың жекелеген бөліктерін таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсаты мен алдын-ала келісуді журналистикада қалай атайды?

А) келісім

В) принцип

С) стеоротип

D) текст


Е) цензура
$$$ 114

Алаш автономиясын құру идеясын ұсынған автор

А) М.Дулатов

В) Ә.Бөкейханов

С) М.Шоқай

D) Ә.Ермекұлы

Е) А.Байтұрсынов

$$$ 115

БАҚ арқылы, одан әрі тарату мақсатында мемлекеттік органдар беретін ақпарат

А) ресми ақпарат

В) ақпарат

С) жаңалық

D) хабар

Е) шолу
$$$ 116

Қоғамдағы саяси өзгерістерге, экономикалық дамуға тікелей ықпал етету журналистиканың қай функциясы арқылы жүзеге асырылады?

А) насихаттық

В) үгітшілік

С) ұйымдастырушылық

D) идеологиялық

Е) талдамалық


$$$ 117

Балаларға, жастарға арналған мерзімді басылымдарды журналистикада қандай топқа жатқызады?

А) Ұлттық белсенділігіне қарай

В) Әкімшілік территориялық белсенділігіне қарай

С) Оқырманның жас ерекшелігіне қарай

D) Оқырманның рухани қажеттілігіне қарай

Е) Кәсіби белсенділігіне қарай
$$$ 118

Қоғамдық мүшелердің талап-тілегіне орай оқырман құрамына қарай газеттер неше топқа бөлінеді?

А) 3

В) 2


С) 10

D) 5


Е) 6
$$$ 119

«Қазақ газеті» қай жылы жарық көрді?

А) 1911ж.

В) 1905ж.

С) 1913ж.

D) 1902ж.

Е) 1870ж.
$$$ 120

БАҚ туралы заңның ІІІ тарауы не туралы?

А) БАҚ туралы жауапкершілік

В) БАҚ тарату

С) БАҚ қызметін орнату

D) БАҚ-тың адамдар мен ұйымдармен қарым-қатынасы

Е) Журналист жауапкершілігі
$$$ 121

Журналистің ең басты принципі

А) мораль

В) өзін-өзі ұстау

С) халықтығы,бұқаралығы, шыншылдығы

D) ізденгіштігі, тапқырлығы

Е) халықпен қарым-қатынас жасауы
$$$ 122

Этикет сөзінің мағынасы

А) қызығу,ұнату,сұлулық

В) салт-дәстүр, инабаттылық,адамгершілік

С) шыншылдық,батылдық

D) өзін-өзі ұстау, сөйлеу, тәртіп

Е) тәртіпті қорғау
$$$ 123

БАҚ редакциясына берілетін анықтама

А) БАҚ редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиісінше өкілеттігі бар жеке тұлға

В) еңбек қатынастары немесе өзге де шарттар негізінде БАҚ үшін хабарлар мен материалдар жинау, өңдеу және әзірлеу жөніндегі қызметті атқаратын жеке тұлға

С) меншік иесімен, баспагермен, шарт бойынша немесе өзге де заңды негіздерде БАҚ өнімін таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға

D) жеке тұлға не БАҚ-на материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын шығармашылық ұжым

Е) БАҚ хабарларын және материалдарын мемлекеттік органдармен лауазымды адамдар мен және өзге де ұйымдар мен және олардың талап етуі бойынша немесе басқа да негіздер
$$$ 124

Таратушы деп кімді айтады?

А) меншік иесімен, баспагермен, шарт бойынша немесе өзге де заңды негіздерде БАҚ өнімін таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға

В) журналист

С) редактор

D) еңбек қатынастары немесе өзге де шарттар негізінде БАҚ үшін хабарлар мен материалдар жинау, өңдеу және әзірлеу жөніндегі қызметті атқаратын жеке тұлға

Е) БАҚ редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиісінше өкілеттігі бар жеке тұлға
$$$ 125

«Эстетика» сөзінің мағынасы

А) тәртіп,өзін-өзі ұстау

В) қызығу, ұнату, көркемдікке,сұлулыққа ұмтылу

С) ұтымды сөйлеу, жүріс-тұрыс мәдениеті

D) адамгершілік, сыпайылық

Е) қағида,ереже
$$$ 126

Идеяларды таратушы, тарихи сананы қалыптастыру журналистиканың қай функциясы бойынша жүзеге асады?

А) үгітшілік

В) идеологиялық

С) насихаттық

D) ұйымдастырушылық

Е) талдамалық
$$$ 127

Бас редактор...

А) меншік иесімен, баспагермен, шарт бойынша немесе өзге де заңды негіздерде БАҚ өнімін таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға

В) БАҚ редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиісінше өкілеттігі бар жеке тұлға

С) еңбек қатынастары немесе өзге де шарттар негізінде БАҚ үшін хабарлар мен материалдар жинау, өңдеу және әзірлеу жөніндегі қызметті атқаратын

D) Қоғамдық тұлға

Е) жеке тұлға не БАҚ-на материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын шығармашылық ұжым
$$$ 128

Газеттің басқа БАҚ-тан ерекшелігі неде?

А) тұрақты айдарлары мен меншікті тілшілерінің болуы

В) рухани мәселелердің толық қамтылуы

С) қоғамдық мәселерге араласуы

D) актуальділігі,сапалылығы

Е) шындықты жан-жақты көрсетуі,

интеллектуалдығы,оперативтілігі,шығу мерзімділігі,тиражының көптігі


$$$ 129

Журналистикада пресс-релиз деп нені айтады?

А) Негізгі ақпарат және көпшіліктің білгісі келетін мәселелер айтылады.

В) Хабарландыру қағазы.

С) Автобиографиялық парақ.

D) Фактілерді тарату үшін берілетін парақ.

Е) Жауаптың барлығы дұрыс.
$$$ 130

Еңбек қатынастары немесе өзге де шарттар негізінде БАҚ үшін хабарлар мен материалдар жинау, өңдеу және әзірлеу жөніндегі қызметті атқаратын тұлға.

А) Редактор

В) Режиссер

С) Журналист

D) Оператор

Е) Диктор
$$$ 131

Тілі ықшам, түсінікті болып құрылып, сөздер өзіндік тура негізгі мағыналарында қолданалып, белгілі бр стандартты сөз орамдары қайталанып келіп отыру неге тән?

А) Кітап тіліне.

В) Радио тіліне.

С) Теледидар тілі.

D) Газет тілі.

Е) Дұрыс жауабы жоқ.
$$$ 132

«Журнализм конондары» деген кодекс қай жылы пайда болды?

А) 1923 ж.

В) 1818 ж.

С) 1921 ж.

D) 1920 ж.

Е) 1924 ж
$$$ 133

Журналистік принціп нешеге бөлінеді?

А)5

В) 6


С) 4

D) 7


Е) 3

$$$ 134

« Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Әр кімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез-келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқы бар»,-деп БАҚ заңының нешінші бабында берілген?

А) 42-бабында

В) 45- бабында

С) 39-бабында

D) 35-бабында

Е) 20- бабында


$$$ 135

«Ғасырлар тоғысында» кітабы қай жылы жарық көрген, авторын атаңыз?

А)1996ж. Н.Ә.Назарбаев

В) 1999ж. Ш.Р.Елеукенов

С) 1993ж. М.Қ.Мамажанов

D) 1971ж. Ә.М.Жиреншин

Е) 2006ж. Т.Жұртбай
$$$ 136

Тұтынушыға бұл тауардың жақын арада қажет болатындығын ескерте отырып, қай жерде алуға болатынын айта кететін жарнаманың қай түрі?

А) Салыстырмалы жарнама

В) Ақпараттық жарнама

С) Тұрақтандыратын жарнама

D) Еске түсіруші жарнама

Е) Түртендіретін жаранама
$$$ 137

Ресейде алғашқы рет“Журналистика бойынша ғылыми және тәжірибелік

курсы” қай жылы және қашан ашылған?

А)1905жылы 1 ақпанда

В) 1907жылы 10 қаңтарда

С) 1900жылы 3 мамырда

D) 1897жылы 10 ақпанда

Е) 1895жылы 1 қаңтарда


$$$ 138

Джеймс Броунның «Этика кодекстері және журналистік практиканың нормалары» деген еңбегінде не туралы айтылады?

А) Халықаралық журналистер этикасының тәртібін қабылдау жөнінде ұсыныс

В) журналистік кәсіптік этика

С) баспасөз органдарын бақылау

D) баспасөздің басты мақсаттары

Е) авторлық құқық
$$$ 139

Журналистік этика туралы ең алғашқы кодекс қалай аталады?

А) Этика кодекстері және журналистік практиканың нормалары

В) журнализм конондары

С) журналистиканың әдептілік хартиясы

D) этика кодекстері

Е) журналистің практикалық нормалары
$$$ 140

Ресейдің Ақпарат агенттігі

А) ИТАР-ТАСС

В) Рейтер

С) Франс-пресс

D) Синхуа

Е) КазТаг
$$$ 141

1702 жылы 15 желтоқсанда Мәскеуде І Петрдің бұйрығымен алғашқы саны шыққан қайндай басылым?

А) «Московские ведомости» газеті

В) «Санкт-Петербургские ведомости» газеті

С) «Пчела»журналы

D) «Литературная речь» журналы

Е) «Ведомости» газеті
$$$ 142

Журналистік зерттеу қай жанрлар тобына кіреді?

А) Көркем -публицистикалық

В) сараптау (аналитикалық)

С) сатиралық

D) ақпараттық

Е) жаңалық
$$$ 143

«Қазақ» газетінде «Қыр баласы» деген бүркеншік атпен жазған қазақ зиялысы

А) Ә.Бөкейханов

В) С.Сейфуллин

С) А.Байтұрсынов

D) М.Оразаев

Е) М.Дулатов
$$$ 144

Өзіне тұтынушы тарту үшін жарнама қандай болуы керек?

А)Қысқа әрі ойға қонымды

В) Ықшамды әрі әнмен беріледі

С) Айтар ойын толық және баянды жеткізу

D) Әнсіз тек сөзбен берледі

Е) Қанша уақытқа созылса да бәрібір, тек басқалардан өзгешелеу болса болды.
$$$ 145

Бұл өнер үлкен аудиторияны ақпаратпен ғана қамтамасыз етпей, қанағаттандыра отырып, пайда түсуіне көмектесетін қандай сала?

А)Маркетинг

В) Менеджмент

С) БАҚ маркетингі

D) БАҚ менеджменті

Е) Маркетинг және женеджмент
$$$ 146

«Абай» журналының алғашқы редакторы кім?

А) М.Шоқай

В) М.Сералин

С) С.Сейфуллин

D) М.Тұрғанбаев

Е) Ж.Аймауытов
$$$ 147

Әдебиет пен журналистика саласында қол жеткен табыстарға берілетін жүлде

А) Пулитцер

В) ЮНЕСКО

С) парасат

D) мемлекеттік сыйлық

Е) Италия жүлдесі
$$$ 148

Мәтінің аудиториямен қатынас сипатын қалай аталады?

А) Мәтіннің семантикасы

В) Мәтіннің прогматикасы

С) Мәтіннің синтактикасы

D) Мәтіннің лексиктикасы

Е)Мәтіннің граматикасы
$$$ 149

Журналист шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауы журналистің несін анықтайды?

А) міндеті

В) құқығы

С) азаматтармен қарым-қатынасы

D) жауапкершілігі

Е) шарттарын
$$$ 150

Очерктің түрлері

А) публицистикалық, мақалалық, ғылыми

В) көркем, әдеби, журналистикалық

С) жолсапар, әдеби, сатиралық

D) жолсапар, портреттік

Е) проблемалық, публицистикалық
$$$ 151

Авторлық құқықтың обьектісі деген не?

А) ресми құжаттар

В) туындының алғаш жарияланған жылы

С) үнжазба немесе бейнежазбалар

D) сот шешімдері

Е) әр түрлі заңдар
$$$ 152

Кодекс сөзінің мағынасы

А) кітап

В) адамгершілік

С) өлшем, дәлел

D) әдіс-тәсіл

Е) жарлық
$$$ 153

153.“Ақиқат” журналының бас редакторы кім?

А) Т.Медетбеков

В) С. Садуақасов.

С) Ж Саин.

D) Ә. Тәжібаев.

Е) Ә.Амангелді.
$$$ 154

Этиканың неше мағынасы бар

А) 10

В) 5


С) 2

D) 3


Е) 8
$$$ 155

Ең шағын және оперативті жанр.

А) Комментарий.

В) Шолу.


С) Әңгіме.

D) Заметка.

Е) Репортаж.
$$$ 156

“Алаң жұрт ” бағдарламасының жүргізушісі кім?

А) Қ.Олжай

В) З.Әліпбек

С) Б.Уәлиев

D) Д.Нұржігіт

Е) Р.Мамырбек
$$$ 157

“ Егемен Қазақстан” газетінің алғашқы атауы қандай болды?

А) «Ұшқын»

В) «Серке»

С) « Сарыарқа»

D) «Қызыл дала»

Е) «Екпінді»
$$$ 158

«Бетпе-бет» бағдарламасының жүргізушісі

А) Д.Нұржігіт

В) Б.Жексембай

С) Р.Мамырбек

D) Б.Уәлиев

Е) Ж.Ерман
$$$ 159

«Үмітті ұрпаққа игі тілек» мақаласының авторы

А) М.Әуезов

В) Ж.Аймауытов

С) І.Жансүгіров

D) М.Дулатов

Е) Б.Майлин
$$$ 160

Ғылым тіліндегі петроглиф деген нені білдіреді?

А) ағашқа жазу

В) қышқа жазу

С) күміс тыйын

D) таңба


Е) дұрыс жауап жоқ
$$$ 161

БАҚ-ты басқаратын үкімет құралы

А) мәдениет және ақпарат министрлігі

В) парламент

С) мәжіліс

D) сот билігі

Е) халықаралық құқық
$$$ 162

Жекелеген адамдардың талап тілегінен туған топ

А) ресми

В) бейресми

С) қоғамдық

D) жасырын

Е) мәдени
$$$ 163

Оған иелік еткен адамның жаспын деуге, тәжірибесізбін деуге қақысы жоқ мамандықтың бірі.

А) Редактор

В) Тілші


С) Әнші

D) Күйші


Е) Суретші
$$$ 164

Стиль дұрыс болу үшін қолданатын шарт нешеу?

А) 1

В) 3


С) 2

D) 4


Е) 5
$$$ 165

«Баспасөз төртінші өкімет» деп айтқан

А) М.Дулатов

В) Ж.Аймауытов

С) Ж.Лето

D) Шрам


Е) Питерсон
$$$ 166

«Азамат» бағдарламасының авторы кім?

А) Р.Кертаев

В) Қ.Аманжолов

С) Л.Таныспай

D) Қ.Олжай

Е) И.Жұбай
$$$ 167

30-жылдары жарнама қай елде зерттеле бастады?

А) Италия

В) Испания

С) Франция

D) АҚШ


Е) Германия
$$$ 168 А

Шоқан Уалихановтың публицистикасын қандай негізде бөліп қарастырамыз?

А) Хаттар, ғылыми мақалалар, очеріктер

В) Хаттар, мақалалар, әңгімелер

С)Орфографиялық мақалалар, жай мақалалар

D) очеріктер мен мақалалар

Е)Ғылыми хаттар, ғылыми очеріктер
$$$ 169

Қазақстандағы апталық газет

А) Простор

В) Зерде


С) Түркістан

D) Егемен Қазақстан

Е) Жас Алаш
$$$ 170

Орыс тіліндегі әдеби басылым

А) Каз. правда

В) Караван

С) Простор

D) Журналист

Е) Айқын
$$$ 171

«Егемен Қазақстан», «Каз правда» газеттерінің аудиториясы қандай?

А) потенциалды

В) көпшілік

С) таңдамалды

D) салалық

Е) барлығы

$$$ 172

Қазақ балаларына арналған алғашқы журнал

А) «Балдырған»

В) «Жас жалын»

С) «Ұлан»

D) «Пионер»

Е) «Дарын»


$$$ 173

Салалық журнал қайсы?

А) Қазақстан мектебі

В) Зерде


С) Ақиқат

D) Қазақстан әйелдері

Е) Балдырған
$$$ 174

Репортаж дегеніміз не?

А) Суреттеу

В) Дәлелдеу

С) Өтіп кеткен оқиғаны баяндау.

D) Болып жатқан оқиғаны, сол бойда баяндау.

Е) Жауаптың барлығы дұрыс.
$$$ 175

Шет елдік аудиторияға арналған БАҚ қай жерде тіркеледі

А) Мәдениет және ақпарат министрлігінде

В) Әділет министрлігінде

С) Парламентте

D) Ішкі істер министрлігінде

Е) Сыртқы істер министрлігінде
$$$ 176

«Сатиралық жанрлар» атты ғылыми еңбектің авторы кім?

А) Т.Қожекеев.

В) М.Цвиг

С) М.Барманкулов

D) Ю.Левитан

Е) Ә.Байжанбаев
$$$ 177

Электронды түрлі-түсті теледидар қашан дүниеге келді?

А)1968жылы.

В)1956жылы.

С)1985жылы.

D) 1950жылы.

Е)1967жылы.
$$$ 178

«Қазақ радиосындағы» ақын-жазушылардың шығармашылығы бойынша дайындалатын әдеби-музыкалық хабарды атаңыз

А) Қызым саған айтам...

В) Ақ қауырсын

С) Жайдарман

D) Менің Қазақстаным

Е) Ақындар антологиясы

$$$ 179

«Қазақ радиожурналистикасы» атты еңбектің авторын көрсетіңіз.

А) М.Барманкулов

В) Қ.Аманжолов

C) Н.Омашев.

D) Ә.Байжанбаев

Е) Т.Қожекеев.


$$$ 180

Газеттерді республикалық, облыстық, қалалық түрге бөлу қай түріне жатады?

А) әкімшілік территориялық белсенділігіне

В) жас ерекшелігіне

С) ұлттық ерекше

D) әлеуметтік белсенділігіне

Е) рухани ерекшелігіне
$$$ 181

1888-1902ж.ж. шыққан басылымды атаңыз

А) Түркістан уалаяты

В) Дала уалаяты

С) Қазақ

D) Кедей айнасы

Е) Жас азамат
$$$ 182

«Қызым саған айтам...» бағдарламасы қай радио арқылы әуе толқынына шығады?

А) Шалқар

В) Қазақ


С) NS

D) Русское радио

Е) Азаттық
$$$ 183

Идеология терминіне мағына беріңіз

А) мемлекеттік саяси-рухани бағыт

В) рухани бағыт

С) мәдени бағыт

D) саяси-бұқаралық

Е) әлеуметтік рухани
$$$ 184

«PR–бұл өнер және ғылым арқылы жетістікке жетудің өзара гармониясының негізі және толық ақпараттандыру көзі»,–деп айтқан кім?

А) Сиберт

В) Сэм Блек

С) Шрамм

D) Питерсон

Е) Т.Джефферсон
$$$ 185

Публицистикалық шығарманың қайсы аз көрініс табуда?

А) Көркем-публицистикалық

В) талдамалы

С) сатиралық

D) ақпараттық

Е) көркем-әдеби
$$$ 186

«Шалқар» қандай арна?

А) қоғамдық-саяси

В) ресми-ақпараттық

С) ақпаратты-сазды

D) коркем-публицистикалық

Е) әлеуметтік-экономикалық
$$$ 187

«Алматыдан сөйлеп тұрмыз» кітабының авторы

А) Н.Омашев

В) М.Барманқұлов

С) Ж.Әбдіжәділқызы

D) Р.Сағымбеков

Е) С.Жақанова
$$$ 188

БАҚ бизнесінің көзі…

А) ақпарат

В) репортаж

С) басылымның көп тираждығы

D) аудиторияның сұранысы

Е) жарнама
$$$ 189

Қазақстанға медиабизнес қай газет арқылы келді?

А) Ақ босаға

В) Караван

С) Адам ата һауа ана

D) Рек тайм

Е) Жас алаш
$$$ 190 Е

«Ана тілі» газетінің бас директоры

А) Ж.Сәрсембаев

В) М.Құлкенов

С) Ұ.Есдәулетов

D) Т.Жұртбай

Е) Ж.Ауыпбаев
$$$ 191

Журналистикадағы бұқаралық–ақпараттық процесстің бірінші сатысы қайсы?

А) Болмыстың бейнеленуі,өмірдегі оқиға, құбылыстың кескінделуі

В) шығарма тексінің жазылуы

С) аудиторияның тексті меңгеруі

D) текстің ішкі құрылымы

Е) аудиториямен қатынастың сипаты
$$$ 192

ҚР «БАҚ туралы Заңының» 26-шы бабында не туралы айтылған?

А) Азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру мен дамыту

В) Мемлекеттер,елдер арасындағы саяси-экономикалық және басқа салалары, сондай-ақ информация алмасудағы қатынастарды реттеу туралы


С) Шындыққа сәйкеспейтін мәліметтерді таратқаны үшін еліміздің заң актілермен жауапқа тартылады
D) Бұқаралық ақпарат тұлғалардың шектеусіз топтарына арналған басқа дыбыс,бейне және өзге де хабарлар мен материалдар

Е) БАҚ өнімін тарату–мерзімді баспасөз басылымдарын сату,жазылу, жеткізу,үлестіру,радио ТВ бағдарламаларын эфирге шығару


$$$ 193

«Публицистика уақыттың негізгі бір кезеңіне бағынады, оның сипаты да, жазып отырған проблемасы сол заманғы ой, ол нақты әлеуметтік мәселенің жүгін көтереді»,–деген пікір кімдікі?

А) Прохоров

В) Т.Ыдырысов

С) Белинский

D) Толстой

Е) Т.Қожакеев
$$$ 194

Публицистиканың функциясы деп… айтамыз.

А) жұртқа жариялылықты

В) еңбек сүйгіштік, талант,қабілеттің әр қилы бағыт алуын

С) қоғамдық пікірді қалыптастыруға әсер ету арқылы қоғамдық сана мен қоғамдық тәжірибеге әсер етуді

D) адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуді

Е) нақты әлеуметтік мәселенің жүгін көтеруді
$$$ 195

Қазіргі кезең публицистикасына не жатады?

А) публицист ойы

В) ұлт өнерінің проблемалары мен болашағы

С) адамның ойы,қиялынан жасалған жасанды нәрсе

D) Ғаламдандыру, ақпараттық технология

Е) фантастикалық туындылар
$$$ 196

Публицистика функциясы нешеге бөлінеді?

А) 2

В) 3


С) 4

D) 5


Е) 6
$$$ 197

Публицистикаға тән ерекшелік…

А) тума талант

В) адам ойының жемісі

С) зерттеушілік

D) проблемаларды талдау

Е) уақыттың негізгі бір кезеңіне бағыну
$$$ 198

Т.Ыдырысовтың «Шеберлік бастауы» еңбегі қай жылы шыққан?

А) 1991ж.

В) 1978ж.

С) 1987ж.

D) 1997ж


Е) 1984ж.
$$$ 199

Р.Бердібаевтың публицистикалық еңбегі қайсы?

А) «Алдаспан»

В) «Қазақ қасіреті»

С) «Қалың елім қазағым»

D) «Жолайрықта»

Е) «Турасын айтқанда»
$$$ 200

«Егемен Қазақстан» газетінің бастапқы атауы

А) Ұшқын

В) Социалистік Қазақстан

С) Социалды Қазақстан

D) Жас Азамат

Е) Еңбекшіл қазақ
$$$ 201

Публицистиканың қоғамдық ақпараттық функциясында не қарастырылады?

А) кез-келген проблемалық мәселе

В) журналистің қозғаған тақырыбы

С) уақыттың негізгі бір кезеңі

D) дұрыс жол, бағыт көрсету

Е) қоғамдық сана мен қоғамдық тәжірибе
$$$ 202

Ақпарат демократияның…

А) көрінісі

В) оттегісі

С) дәнекері

D) маңызды жүйесі

Е) негізгі ұғымы
$$$ 203

Публицистиканың әлеуметтік педагогикалық функциясында не қарастырылады?

А) уақыттың негізгі бір кезеңі

В) дұрыс жол, бағыт көрсету

С) кез-келген тағылымдық шығарма, әлеуметті тәрбиелеу

D) қоғамдық сана мен қоғамдық тәжірибе

Е) журналистің қозғаған тақырыбы
$$$ 204

«Қанмен жазылған кітап» кімнің публицистикалық туындысы

А) Б.Момышұлы

В) Б.Бұлқышев

С) Ғ.Мүсірепов

D) Ғ.Мұстафин

Е) М.Әуезов
$$$ 205

Соғыс кезінде әскери тілші болған қазақ зиялысын атаңыз

А) М.Есенәлиев

В) Ө.Жәнібеков

С) С.Әсіпов

D) Қ.Жұмаділов

Е) Ә.Нұршайықов
$$$ 206

«Елім саған айтам, Елбасы сен тыңда» деген кітаптың авторларын атаңыз

А) М.Қабанбай, З.Серікқалиев

В) Т.Жұртбай, Ұ.Есдәулет

С) Ш.Мұртаза, К.Смайылов

D) А.Егеубай, Қ.Атабаев

Е) Д.Амантай, Н.Жүсіп
$$$ 207

Редактор шығармаға талдау жасау кезінде негізгі үш үлгіге назар аударуы тиіс, ол қандай үлгі?

А) грамматикалық сауаттылығы, жазушы стилі, композициялық құрылымы

В) баға беру, авторына қайта қарату, қажеттілігі

С) тақырып, мәселе, пәрменділік

D) идеялық құндылық, пәндік жағы, логикалық қасиеті

Е) сыни тұрғыдан қарау,тілдік,стилдік жағын дамыту, әдеби нормаға келтіру
$$$ 208

Редакциялау кезінде көңіл бөлетін нәрселер

А) айтар ойына

В) мәтінге

С) тақырып, мәселе

D) жөнге, тәртіпке келтіру

Е) тілдік, стилдік
$$$ 209

Журналистке текст дайындау барысында қойылатын бірінші шарт

А) хабарланатын жайттардың тың да тосын болуы

В) құндылығы, маңыздылығы

С) аудиторияға түсінікті,жеткіліктілігі

D) ақпараттың сипаты

Е) тиімділігі, пәрменділігі
$$$ 210

«Әуелі газета– халықтың көзі, құлағы, һәм тілі»,–деп айтқан қазақ зиялысы

А) М.Дулатов

В) М.Сералин

С) А.Байтұрсынов

D) С.Сәдуақасов

Е) С.Сейфуллин
$$$ 211

Журналистиканың негізгі күші…

А) ақпаратты иемденетіндігінде

В) қоғамдық пікір қалыптастыруында

С) БАҚ-ты аудиториямен байланыс орнатуы

D) өмірдегітың өзгерістерге бастау болатындығы

Е) ақпарат таратудың қайбір түрінен көрініс беретіндігі
$$$ 212

Обьектісіне, нысанаға алған нәрсесіне, қамтитын тақырыптарына қарай журналистиканың несі анықталады?

А) творчестволық қызметтің саласы

В) аудиториямаен қатынасының сипаты

С) болмыспен қарым-қатынасының сипаты

D) ақпараттың құндылығы, маңыздылығының сипаты

Е) ақпаратта хабарланатын жайттар сипаты
$$$ 213

Әрбір журналист текст дайындағанда ең бірінші нені ескеруі қажет?

А) жанрлық жағын, көңіл көтеретіндігін

В) оның анықтамалығын, түсініктілігін

С) ішкі құрылымының сипаты

D) ақпарат хабарланатын жайттар тың да тосын болуы, хабардың аудиторияға түсініктілігі, ақпараттың құндылығы, маңыздылығының сипаты

Е) аудиториямаен қатынасының сипаты
$$$ 214

Журналистикадағы бұқаралық ақпараттық процесс қанша сатыдан тұрады? неше түрі бар?

А) 3

В) 2


С) 4

D) 1


Е) 6
$$$ 215

Қазақ публицистикасының көш басында кімдер тұрды?

А) А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов

В) А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов

С) А.Тоқмағамбетов, Х.Ғаббасов, Е.Бұйрин

D) Х.Бекхожин, Ә.Әлімжанов, С.Әшімбаев

Е) Н.Құлжанова, С.Қожанов, Ш.Құдайбердиев
$$$ 216

«Дала уалаятының газеті» газетінің редакторын атаңыз

А)Ж.Ақпаев

В) Е.Абылайханов

С)М.Ж. Көпеев

D)М.Дулатов

Е)Ш.Қосшығұлов
$$$ 217

«Айқап» журналында шыққан «Қазақ халқының мұқтаждығы» атты мақалада не туралы айтылады?

А) Жер мәселесі, думаға сайлау, құрылтай сьезін шақыру

В) Отырықшылыққа көшу, ағартушылық,қазақ халқының тарихын,дінін қалпына келтіру,елдердің тең правосы

С) Әдебиет үлгілерін насихаттау, тіл мәселесі, саяси талап

D) Елдің шаруашылығын көтеру, милиция құру, қала салу

Е) Мектеп ашу, денсаулық мәселесі, жастар ұйымын құру
$$$ 218

Баспасөз туралы заңның 5-ші бабында не туралы айтылған?

А) Баспасөз және БАҚ ерікті

В) Сөз бостандығын теріс пайдалануға жол бермеу

С) Жауапкершілік

D) Міндеттері

Е) Этикасы


$$$ 219

«Қазақ» газетінің мақсаты қандай болды?

А)қазаққа үкімет жайын, оның не екенін, мүдделерін түсіндіру, жиылыс-мәжілістерімен таныстыру

В)Елді болып жатқан түрлі жаңалықтармен қамтамасыз ету



С)Жер мәселесін, қазақтардың билікке араласу құқығын қорғау

D)Қазақтарды таптық езгіден азат ету



Е)Қазақ жұртының рухани жетілуіне әсер ету


$$$ 220

«Айқап» пен «Қазақ» арасында туындаған айтыс-тартыс неге байланысты өрбіді?

А) әйел теңдігі

В) жер мәселесі



С) отаршылдыққа

D) съезд шақыру

Е) дума мәселесі
Каталог: ebook
ebook -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
ebook -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
ebook -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
ebook -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
ebook -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет