«Жусан иісті дара талант»



бет1/2
Дата07.12.2016
өлшемі2,83 Mb.
#3347
  1   2

П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасы

Ақпараттық-библиографиялық бөлім


Центральная городская библиотека им. П. Васильева

Информационно-библиографический отдел




«Бір ел – бір кітап акциясы» 2014



«Жусан иісті дара талант»

/Сайын Мұратбеков/
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Рекомендательный список литературы


Павлодар

2014

Оқырманға арналған сөз!


Ұлттық академиялық кітапханасы адамның тұлға болуы мен қалыптасуында маңызды функцияны орындайтынын, кітап оқудың адамға көп қырлы және белсенді әсер ететінін ескеріп, қоғам дамуының басымдылықтарының бірі ретінде кітап оқуды қолдауды қарастыра отырып, Қазақстанда жыл сайын «Бір ел – бір кітап» акциясын жүзеге асыруды ұсынған болатын.

Акцияның мақсаты: оқырман мәдениетін қолдау және дамыту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, ана тіліне құрметпен қарау.

Міндеттері:

-ұлттық әдебиетке деген оқырмандардың қызығушылықтарын қолдау және дамыту;

-кітап оқу проблемаларына ғалымдардың, мамандардың, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің назарын аударту;

-әлеуетті оқырмандарды тарту;

-баспахана ұйымдарының қазақстандық авторлардың кітаптарын шығаруға қызығушылықтарын арттыру;

-әлемдік әдеби үдерісте қазақстандық авторлардың шоғырлануы.

Акцияның мазмұны: бүкіл ел болып бір уақытта бір кітапты оқып шығу және талқылау, осы кітапқа арналған түрлі шараларды өткізу.

Акцияны өткізу үшін кітапты таңдау азаматтардың қалауларын анықтау жолымен, мекемелерде, ұйымдарда, оқу орындарында сауалнамаларды жүргізу арқылы, телефон арқылы сұрау, ауызша сұрау арқылы жүргізіледі.

Акция кезінде іс-шара өткізу формасы әртүрлі болуы мүмкін. Олар: сынып сағаттары, әдеби кештер, талқылаулар, кітап бойынша фильмдерді тамашалау және талқылау, жазушылармен, әртістермен кездесу кештері, телемарафондар, клуб отырыстары, қойылымдар.

2014 жылы бүкіл ел Сайын Мұратбековтың “Басында Үшқараның” және “Жусан иісі” әңгімелерін оқиды.


Электрондық мекенжай:

Pavlodar.cbs@mail.ru

Біздің мекенжай: cbs.pvl.kz

Павлодар қ. С.Торайғыров көш., 44 / 1

П.Васильев ат. орталық қалалық кітапханасы

Ақпараттық-библиографиялық бөлім



Тел.: 53-38-80


«Бір ел – бір кітап акциясы» 2014

«Бір ел - бір кітап» акциясы – 2014

Сайын Мұратбековтың “Басында Үшқараның...” және “Жусан иісі” әңгімелерін оқимыз.


Жылдағы дәстүр бойынша ақпан айында Ұлттық Академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында елімізде жаппай оқуға арналған кітап таңдалынды. Оған жазушы  Сайын Мұратбековтың «Жусан исі» және «Басында Үшқараның...»  атты кітаптары алынды. Енді, міне, биыл бір ел болып осы шығармаларды оқитын боламыз. «Бір ел – бір кітап» республикалық акцияның берері көп. 2012 жылы акция арқасында  ұмытыла басталған жазушы О. Бөкейдің шығармаларын оқып, жаңа қырынан танып, білдік. Былтырғы жылы ақын Ф. Оңғарсынованың тамаша жырларымен таныстық. Ал енді биыл ұйымдастыру комитетінің шешімімен қазақ прозасында орны айқын, көркемдік әлемімен баураған жазушы С. Мұратбековты оқитын боламыз. Айта кету керек, биыл сегізінші рет өткізіліп отырған республикалық акцияны ұйымдастыру комитетінің жаңа төрағалығына академик Ғ. Есім тағайындалды. Естеріңізде болса, бұрын бұл қызметті ақын Ф. Оңғарсынова атқарған. 

Жыл бойы әртүрлі мекемелердің кітапханаларында Сайын Мұратбековтың шығармашылығына арналған іс-шаралар өтетін болады.





«Бір ел – бір кітап акциясы» 2014
Сайын Мұратбеков


Каталог: orgs
orgs -> П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел
orgs -> Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел Павлодар
orgs -> Ашы ОҢҒарсынова фариза
orgs -> ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шаралар туралы есеп
orgs -> П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасы
orgs -> Алаш идеясының жаршысы
orgs -> Жаңа кітаптар Новинки литературы
orgs -> «Павлодар қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мм әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі
orgs -> Новинки литературы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет