Жюль верн. Он бес жасар капитан



Pdf көрінісі
бет1/41
Дата19.05.2022
өлшемі4,71 Mb.
#144105
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Он-бес-жасар-капитан
Теңдеу 25,01, 1. Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнект (1), Ерімбет Әлібек 1, Алгебра 1-тоқсан 10-сынып ЖМБ (1), 13 Презентация13 (1) сонгы, Суюнхан Ж



БІРІНШІ БӨЛІМ
Бірінші тарау
«ПИЛИГРИМ» АТТЫ ШКУНА-БРИГ
1873 жылы 2 февральда «Пилигрим» атты шкуна-бриг Гринвичтен
43°75 оңтүстік ендік пен 165
ʹ
19 батыс бойлықта жүзіп жүрген.
Оңтүстік теңіздерден кит аулау үшін Сан-Францискода жабдықталған
төрт жүз тонналық кеме еді бұл.
«Пилигрим» Калифорнияның кеме иемденуші байы Джемс Уэлдон
дегеннің кемесі болатын; бұны ұдайы бірнеше жыл Гуль деген капитан
басқарып келген-ді.
Джемс Уэлдон Берингов бұғазынан ары оңтүстік жəне солтүстік
теңіздердегі Тасмания мен Горн мүйісіне жыл сайын топ-тобымен кеме
керуенін жөнелтіп тұратын. «Пилигрим» шағын болса да флоттағы
шапшаң жүзетін жақсы кемелердің бірі еді. Ол қылаусыз жақсы
жабдықталғандықтан шағын командамен-ақ Оңтүстік Мұзды
мұхиттың мұз сірескен шегіне дейін барып жүрді.
Сен жаз айларында солтүстіктегіден де оңтүстік жарты шардағы
ендікке жетіңкіреп қалады, капитан Гуль кемені сондай сіресіп жатқан
көшпелі сеңдердің ара-арасымен тамаша жүргізетін. Ізгі Үміт мүйісі
мен Жана Зеландия маңында сен жиі кездеседі. Анығырақ айтқанда,
бұл мұздар жылы су шайған көшпелі мұз тауларының тек кішігірім
бөлшектері ғана; бұлардың көбісі Атлант немесе Тынық мұхитқа
түсісімен еріп кетеді.
Оңтүстік флотилиядағы таңдаулы теңізшілер мен гарпуншылардың
(китке шанышқы ататын) бірі капитан Гуль болатын; ержүрек капитан
«Пилигримді» басқарғалы бері оның қарамағында тəжірибелі бес
матрос пен матростық өнерін жаңа үйреніп жүрген бір жасөспірім


қызмет етіп жүрді. Кит аулау кəсібінде, қайықта қызмет атқарып,
ауланған китті сойып, баптау үшін көп адам керек, мұндай ірі іске бар
болғаны алты-ақ адам тым аз еді. Əйтсе де Джемс Уэлдон басқа кеме
иелерінің əдістерін қолданып, Сан-Францискодан тек кеме басқаратын
команданы ғана алуды тиімді санаған.
Жаңа Зеландияның тұрғын халқы мен ондағы түрлі ұлттардың
қашып-пысқандары арасынан бір маусымға жалдана кететін шебер
гарпуншылар мен матростар қашан да болса табыла береді. Бұлар
маусым аяқталған соң қожайындарымен есеп айырысады да, кит
аулаушы кемелердің келесі жылғы маусымын күтіп, жағаға түсіп
қалады. Бұл жағдай команда жалақысынан бірсыпыра ақша үнемдеп,
кит аулау кəсібінен түсетін пайданы молайта береді.
Джемс Уэлдон «Пилигримді» сапар шығаруға жабдықтағанда нақ
осы əдісті қолданып еді.
Шкуна-бриг оңтүстік Поляр теңіздерінен кит аулау кəсібін
аяқтағаны сол, бірақ оның трюмінде (кеменің астыңғы қабаты) кит
мұрты сақталатын орын əлі олқы, кит майы толтырылмаған кеспектер
де көп. Бұл кезде кит аулау тым қиын еді. Аяусыз қыра бергендіктен
кит тым сирек кездесетін болды. Нағыз киттер құрып бітуге айналып,
енді аңшылар жолақ жон

киттерді аулауға кіріскен, бірақ киттің бұл
түрін аулау аса қауіпті еді.
Бұл сапарда «Пилигримнің» жолы болмады. Январь айының бас
шамасында, Австралия жазының шыжып тұрған

кезінде, кит аулау
аяқталмай-ақ, капитан Гуль кері қайтуға мəжбүр болды. Жалдап алған
маусымдық матростары жұмысты керенау істей бастаған соң, ондай
жалқаулардан тезірек құтылғысы келді.
«Пилигрим» солтүстік-батысқа қарай бет түзеп, он бесінші
январьда Жаңа Зеландия аралының шығыс жағындағы Окленд
портына келді. Капитан Гуль жалдап алған маусымдық кит
аулаушыларын сонда түсіріп кетті.
«Пилигримнің» тұрақты командасы бұл жолғы сапарына барынша
наразы еді, өйткені шкуна-бригтың жүгі толу үшін əлде де болса кем


дегенде екі жүз тонна кит майы керек. Бұлардың аушылық кəсібінде
мұндай сəтсіздік бұрын-соңды болған емес.
Басқа аңшыларға қарағанда капитан Гульдің өзі аса ренжулі. Бұл
сəтсіздік оның атышулы «кит аулаушы» деген даңқына аяусыз таңба
салды; жұмысқа кедергі жасаған арамтамақ жалқауларды үнемі қарғап-
сілеумен болды ол.
Оның Оклендтен жаңа адамдар жалдамақ болған əрекетінен де
нəтиже шықпады, теңізшілердің бəрі басқа кит аулаушы кемелерге
жалданып қойған. Сөйтіп «Пилигримнің» олқы жүгін толтыру
жөніндегі ниетті қоя тұру керек болды. Капитан Гуль порттан кеткелі
жатқанда, бізді ала кетіңіз деп бір топ жолаушылар келіп жалынды.
Ақырында қиылған халықтың көңілін қия алмады капитан Гуль.
Бұл кезде «Пилигрим» қожасының əйелі миссис Уэлдон, оның енді
ғана беске толған бөбегі Джек, миссистің немере ағасы Бенедикт ағай
Оклендте болатын. Бұлар сауда ісімен Жаңа Зеландияға оқта-текте бір
соғып кететін Джемс Уэлдонға еріп сонда келген-ді. Сан-Францискоға
бəрі бірге қайтпақшы екен, бірақ дəл жүрер алдында кішкентай бөбегі
Джек қатты сырқаттанып қалады да, күте тұруға болмайтын аса бір
асығыс жұмыспен Джемс Уэлдон Америкаға шақырылады. Ол əйелін,
сырқаттанып қалған баласын, қайнағасы Бенедикт ағайды Окленд
портында қалдырып, өзі Америкаға жүріп кетеді.
Арада үш ай уақыт өтеді, ұдайы үш айды сүйікті адамынан бөлек
өткізу жас əйелге ұшы-қиыры жоқ тұтас бір ғасыр боп көрінеді.
Кішкентай Джек сырқатынан айыққан соң, əйел жол жүруге əзірлене
бастайды. Нақ сол кезде «Пилигрим» Окленд портына келе қалған. Ол
кезде Окленд пен Калифорния арасында тікелей қатынас жоқ-ты.
Миссис Уэлдон Панама мойнағы мен Мельбурн арасында жолаушылар
таситын 
«Алтын 
ғасыр» 
компаниясының 
мұхитта 
жүзетін
пароходтарының біріне түсу үшін алдымен Австралияға баруы керек.
Панамаға жеткен соң, Калифорния мен мойнақ арасында қатынайтын
американ пароходтарын күтуі қажет.
Ұзақ сапарда бір пароходтан екінші пароходқа ауыса беру —
уақытты көп алатыны, əсіресе балалы əйелге қиын болатыны белгілі.


Сондықтан да миссис Уэлдон «Пилигримнің» Окленд портына келген
хабарын есітіп, өзін, кішкентай бөбегі Джекті, немере ағасы
Бенедиктті, баласын тəрбиелеп жүрген негр кемпірі Нанды Сан-
Францискоға жеткізіп сал деп капитан Гульге келіп өтінген болатын.
Желкенді кемемен үш мың лье

жол жүру керек! Бірақ капитан
Гуль кемесін дəйімі мүлтіксіз тұтатын, оның үстіне ауа райы
экватордың екі жағында да тамаша еді.
Капитан əлгі адамдарды ала кететін болды да, дереу өз каютасын
жолаушы əйелге босатып берді. Балалы əйел кит аулайтын кемемен
қырық-елу күндік сапар шегетін болғандықтан, оған қолайлы жағдай
жасағысы келді.
Сөйтіп, миссис Уэлдонның «Пилигриммен» сапар шегуіне қолайлы
жағдай туғызылды. Бірақ жолдан бұру болса да, кемедегі жүкті түсіре
кету үшін алдымен Чилидегі Вальпарайсо портына соғуы керек. Əйтсе
де оның есесіне Вальпарайсодан шығып Сан-Францисконың нақ өзіне
дейін ыңғай соққан желді пайдаланып американ жағалауымен жүретін
болды.
Миссис Уэлдон күйеуімен бірге ұзақ сапарларға жиі шығып, жол
азабына көндігіп қалған, теңіз қиындығынан қорықпайтын ержүрек
əйел еді. Жасы отызды қусырған, денсаулығы тамаша болатын.
Капитан Гульдің озат теңізші екенін, «Пилигримнің» сенімді кеме
екенін де білетін-ді. Ұтыры келіп тұрғанда жағдайды пайдаланып қалу
керек болды. Сөйтіп, миссис Уэлдон шағын кемемен сапар шегуге бел
байлады. Онымен бірге Бенедикт ағайдың да кететіндігі, əрине
түсінікті.
Бенедикт ағайдың жасы елуді қусырып қалған. Орта жасқа келсе
де, үйден бір қадам жалғыз шығаруға болмайтын еді. Оны арықтан
гөрі қатпа деуге лайық, бойы оншалықты биік болмаса да, бір түрлі
ерсі, сорайып көрінеді, шашы қобыраған, басы ебедейсіз үлкен,
кеңсірігінде қорабына алтын жалатқан көзілдірігі бар — міне Бенедикт
ағайдың түр-сипаты осындай-ды. Оның ғалым адам екендігі бір
көргенде-ақ беп-белгілі. Бұл күнəсіз пенденің өле-өлгенше сақалды
сəби болуы тағдырына жазылып туса керек.


Оны «Бенедикт ағай» деп тек үй іші ғана атап қоймай, тіптен басқа
адамдар да солай айтатын-ды, ол жалпыға бірдей тума-туыс бола
кететін ақпейіл адамдардың бірі еді. Бенедикт ағай өзінің тым ерсі
ұзын қолдары мен аяқтарын ешқайда сыйғыза алмайтын, өз бетімен
ешнəрсе істей білмейтін, дəрменсіз адам болатын; əсіресе дағдылы
тұрмыс жөніндегі мəселелерді шешуге мүлдем шорқақ еді.
Оны масыл деуге болмайды, өзінің икемсіздігінен қымсынған
болып, басқаларды да қымсындырудың ебін таба қоятын. Ол күй
таңдамайтын, ыстық, суыққа бірдей, біреудің көңілін жықпайтын,
ынтымақшыл болатын; егер үй іші ескеріп ас бермесе, өздігінен ас
сұрамай күнұзаққа аш жүре беретін көнбіс адам еді.
Бенедикт ағай айуанаттан гөрі өсімдік дүниесіне жуығырақ сияқты.
Қасындағы жолдасына не пана, не ас болуға қабілеті жоқ
жапырағынан айрылған жеміссіз ағаш тəрізді.
Бірақ ол мейірбан, адал адам, нашар да болса оны жұрт сүйетін,
мүмкін, оның нашарлығын ескеріп сүйетін болар. Оны миссис Уэлдон
өзінің баласындай, кішкентай Джектің бауырлас ағасындай көретұғын.
Дегенмен, Бенедикт ағай ас ішіп, аяқ босатар масыл емес екендігін
айта кету керек. Керісінше, шаршау дегенді білмейтін, еңбек сүйгіш,
іскер адам. Оның бар ықыласы жаратылыс тарихына ауып, соған
əуестенген.
«Жаратылыс тарихына» дегеніміз, айтып бітіре алмайтын көп
əңгіме. Бұл жалпы ұғымға: зоология, ботаника, минерология жəне
геология сияқты бірнеше ғылымдар енетіні мəлім, əйтсе де Бенедикт
ағай ботаник те, минеролог та, геолог та емес.
Ендеше, кез келген хайуанды мүшелеп сойып, қайтадан бұрынғы
қалпына келтіре алатын Жаңа дүниенің Кювьесі

дерлік зоолог
болғаны ма? Жануарлар дүниесінің Кювье бөлген төрт түрін —
омыртқалылар мен былқылдақ денелілерді, буын денелілер мен
жарқырауық денелілерді зерттеуге бар өмірін арнаған ба? Бұл ынталы
да аңқау ғалым осы төрт түрдің əр түрлі топтарын, кіші топтарын,
тұқымдарын, тұқымдастарын талдап біле ме?


Жоқ!
Бенедикт ағай омыртқалылар тобына жататын сүтқоректілерді,
құстарды, бауырымен жорғалаушыларды немесе балықтарды
зерттеумен шұғылданды ма?
Жоқ, шұғылданған емес!
Мүмкін, ол былқылдақ денелілерді зерттеген болар? Əлде аяғы
басына біткен басаяқтылар мен мшанкалардың жасырын сырларын
ашқан шығар?
Оны да істеген жоқ!
Ендеше, ол осы медузалар (теңіз жəндіктері), тікенек терілілер,
жабысқақ жəндіктер тағы басқа түрлі жарқырауық топтарды зерттеп
ұзақ түн шам жағып отырған болды ғой?
Ақиқатын айту керек, Бенедикт ағайдың ықыласы жарқырауық
жəндіктерге де ауған емес.
Олай болса, бүкіл зоологиядан қалғаны тек буындылар тобы ғана,
əсіресе Бенедикт ағайдың бар ықыласы осы топқа түгел ауғандығы
өзінен өзі түсінікті. Əйтсе де мұны əлі де болса анықтау керек.
Буынды жəндіктер алты топқа бөлінеді. Шыбын-шіркей, құрт-
құмырсқа, көпаяқтылар, өрмекші, шаян тəрізділер, мұртаяқтылар,
шиыршық құрттар.
Расын айтқанда, Бенедикт ағай жер құртынан сүлікті, үй
өрмекшісінен сары шаянды, теңіз жұлдызынан креветканы (шаянның
бір түрі), кивсяктан сколопендерді ажырата алмайтын-ды.
Ендеше, Бенедикт ағайдың кім болғаны?
Ол ешкім де емес, қарапайым энтомолог!
Энтомология ғылымы, буынсыздардың барлық түрін тексеріп,
зерттеумен шұғылданатын жаратылыс тарихының бір саласы


екендігіне таласушылар да табылар. Жалпы алғанда, бұл дұрыс та.
Бірақ əдетте «энтомология» деген ұғымның бұл тараудағы мазмұны
өте шағын болады. Бұл термин тек жəндіктер туралы ғылым саласын
белгілеуге ғана қолданылады, басқаша айтқанда, «омыртқасыз
буынаяқтылар; бұлардың денесі үш бөлімнен — бас, кеуде, қарыннан
құралады. Жəндіктердің екі мұрты, төсінде алты аяғы, көбісінің екі-
екіден қанаты болады».
Сөйтіп, Бенедикт ағай күллі өмірін шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа
сияқты жəндіктер дүниесін зерттеуге арнаған энтомолог болған.
Бұл жөнде Бенедикт ағайдың бітіретін түк жұмысы жоқ екен деуге
болмайды, оның істейтіні кеп. Жəндіктердің бұл бөлімі он топқа
бөлінеді:
1-топ түзу қанаттылар (тарақандар, шегірткелер, қара шегірткелер
тағысын тағылар).
2-топ тор қанаттылар (арыстан құмырсқа, инелік).
3-топ жарғақ қанаттылар (бал арасы, сағызақ, қанатты құмырсқа).
4-топ қабыршақ қанаттылар (көбелек).
5-топ қатқыл қанаттылар (қандала, шегірткенің тағы бір түрі,
шіркей).
6-топ қатты қанаттылар (саратан қоңызы, алтын қоңыз).
7-топ қос қанаттылар (маса, шіркей, шыбын).
8-топ желпуіш қанаттылар (стилопс немесе желпуіш қанатты).
9-топ паразиттер (бит).
10-топ төмен сатылы жəндіктер (қабыршақ қанатты ұсақ
жəндіктер).


Бірақ бір ғана қатты қанаттылардың түрі отыз мыңнан кем емес, ал
қос қанаттылар алпыс мыңға

жетеді. Сондықтан да жұмыс бір адамға
артығымен жетіп жатыр.


Бенедикт ағайдың өмірі тұтасымен тек қана энтомологияға
арналған. Ғылымның бұл тарауына өзінің күш-қуатын түгел бөліп еді
ол, əйтсе де осы ғылыммен ояу кезінде ғана шұғылданып қоймай,
тіптен ұйықтап жатқанында да есі-дерті сонда болатын, түсінде де
өңшең ғана шыбын-шіркей көретін-ді. Жеңінің қайырмасына,
бешпентінің өңіріне, қалпағының етегіне сан жеткісіз түйреуіштер
шаншулы болады. Бенедикт ағай қала сыртына шығып серуендеп
қайтқан кездерде, қалпағын көрер болсаңыз, шыбын-шіркей
жинағының қоймасы екен дер едіңіз. Қалпағының іші-сырты бірдей
түйреуішке шаншылған өңшең ғана шыбын-шіркей болатын.
Бұл қызық адамның сыр-сипатын суреттеп толықтыра түсу үшін
қосарымыз, оның ерлі-зайыпты Уэлдондарға еріп Жаңа Зеландияға
келгендегі мақсаты, тек қана энтомология ғылымы жөнінде
жаңалықтар ашып, ғылым құмарлығының шөлін басу еді. Жаңа
Зеландияға бару сапары сəтті болып, «қазынасын» бірсыпыра сирек
кездесетін шыбын-шіркейлермен байытып алған, енді осы баға
жеткісіз табыстарын өзінің Сан-Францискодағы үй музейіне апарып,
іріктеп түрге бөлу үшін тез қайтуға асыққан-ды.
Миссис Уэлдон бөбегімен «Пилигримге» отырып елге қайтқанда,
Бенедикт ағай да олармен бірге жолға шыққандығы, əрине, түсінікті.
Миссис Уэлдон, жазатайым қауіп-қатер төне қалса, Бенедикт ағай
сүйеніш болар деп мүлдем ойламап еді. Енді, бір жақсы жері, жылдың
осы бір маусымында мұхиттың тым қатты туламай тыныш жататын
кезінде сенімді капитан басқарған кемемен рақаттана сайрандап еліне
қайтатын болды.
«Пилигрим» ұдайы үш күн Оклендте тұрған кезінде миссис Уэлдон
жолға қажетті шаруасын сақадай сай етіп дайындап алды. Енді кемені
бөгемей тезінен жөнеп кеткісі келді. Жергілікті қызметкерлерімен есеп
айырысып болды да, январьдың жиырма екісі күні кішкене бөбегі
Джекті, Бенедикт ағай мен негр кемпірі Нанды ертіп «Пилигримге»
келіп орналасты.
Бенедикт ағай өзінің арнаулы қаңылтыр қалбырға салып мойнына
асып жүретін баға жеткісіз шыбын-шіркей коллекциясының

ішінде


қатты қанатты, көздері төбесіне біткен ет қоректі стафилин деген
қоңыз да бар-ды. Ғалымдар оны күні бүгінге дейін тек қана
новокаледондық фаунаға

тəн деп шамалап келген. Ол жақта
шаққанынан адам өлетін улы өрмекші болады, оны Жаңа Зеландияның
тұрғын халықтары — маорицтер «катипо» деп атайды. Олар Бенедикт
ағайға сол өрмекшіні де ала кетіңіз деп мəслихат еткен. Бірақ өрмекші
шыбын-шіркейлер тобына жатпайды, өрмекші тəріздестердің тұқымы
өзіне басқа, улы өрмекшінің ғылым үшін ешқандай бағасы жоқ.
Сондықтан да Бенедикт ағай өрмекшіні қомсынып коллекциясына
қосқысы келмей, одан гөрі Жаңа Зеландияның стафилин қоңызын
бағалы экспонат деп санады.
Əрине, Бенедикт ағай коллекциясын қамсыздандырып, ақша аямай
тиісті жарнасын да төледі. Бұл коллекция оның үшін «Пилигрим»
трюмінде жатқан бүкіл кит мұрты мен кит майынан анағұрлым бағалы
еді.
Миссис Уэлдон жолдастарымен бірге кемеге келген кезде капитан
Гуль жолаушыларға:
— Миссис Уэлдон, сіз мұхитты кесіп өту үшін «Пилигримді»
таңдадыңыз ғой, бұл жауапкерлікті əрине, ұғатын боларсыз,— деді.
— Капитан Гуль, бұл сауалыңызды қалай түсінер екенбіз?
— Мен мистер Уэлдоннан ешқандай нұсқау алғаным жоқ,
сондықтан сізге осындай сауал беруіме тура келді, бұл — бір.
Екіншіден, шындығын айту керек қой, қауіпсіздік жайына келгенде,
жолаушылар тасу үшін əдейі жабдықталған пакетботтан

шкуна-бриг
көп төмен.
— Егер Джемс Уэлдон осында болса ойланбай-ақ, баласын ала
менімен бірге «Пилигриммен» сапар шығар еді, сіз бұған қалай қарар
едіңіз?
— Оған сөз бар ма! — деді капитан Гуль.— Өз бала-шағам болса,
«Пилигриммен» мен де күдіксіз-ақ кете берер едім. Биылғы аушылық
маусымын сəтсіз аяқтағаны болмаса, «Пилигрим» тамаша кеме. Өзінің


үздіксіз бірнеше жыл басқарған кемесіне теңізшінің сенімі кəміл,
менің де «Пилигримге» деген сенімім сондай. Миссис Уэлдон, сізге
бұл сияқты сауал беру себебім, ұятқа қалмайын, сіздің əдеттеніп
қалған жағдайыңыздың мұнда болмайтынын алдын-ала ескерткенім
ғой.
— Капитан Гуль, егер күллі іс жағдайдың қолайлы —
қолайсыздығына тіреліп тұрса, ондай нəрсе мені жолымнан қалдыра
алмайды. Мен каютаның тарлығы мен дастарқанның олқылығына
наразы болып капитанға маза бермейтін ерке жолаушы əйел емеспін.
Миссис Уэлдон көтеріп тұрған бөбегіне бір қарап алды да, сөзін
қорытты:
— Сөйтіп, капитан, енді жолға шығайық!
Капитан сол сəтте якор көтеруге бұйырды. «Пилигрим» кешікпей-
ақ желкендерін көтеріп, Окленд портынан шықты да американ
жағалауына қарай бет түзеді.
Бірақ үш күннен соң шығыстан қатты жел тұрды, енді желге қарсы
жүзу үшін кеме бұрынғы бағытын амалсыз өзгертті. Сондықтан өз
капитанының ырқына көнбеген «Пилигрим» февральдың екісі күні
таңертең жоғарғы ендікке жетіп қалды. Горн мүйісін айналып өтетін
кемелердің қай капитаны болса да, Жаңа Дүниенің батыс жағалауымен
жүретін төте жолмен жүрмей, нақ осы бағытпен жүрер еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет