«Жүзден жүйрік» Сайыстың мақсаты


Қазақстан туы биіктен желбірей берсін !



бет2/3
Дата23.08.2017
өлшемі0,73 Mb.
#25550
1   2   3

Қазақстан туы биіктен желбірей берсін !
Ән ұран «Менің Қазақстаным»

«Ойлан тап» атты сайыс

Мақсаты: Оқушылардың физикадан алған білімдерін тексеру, физикаға қызығушылықтарын арттыру.

Түрі: Ойын. Жарыс.

Жоспары:

І-тур. Бәйге.

ІІ-тур. Көкпар.

ІІІ-тур. «Лабиринт»

ІV-тур. Полиглот.

V-тур. «Сиқырлы текше»

VІ – тур. «Марапаттау»

Физика - табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой.

Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,

Бәрінің бағынары физика ғой.
Бүгін де физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте.

Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,

Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!

Бүгінгі кеш-қызықты кеш,

Көрермендер халайық.

Ой-түйсікті қозғап қазір,

Биік қанат қағайық.

Физика салтанатты,

Осы жерде құруын,

Белсенділік көрсетейік,

Бар ықылас құрулы.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпаз болу шарт сол.

Еңбек етіп жалықпай,

Сәтті сапар тілеумен.

Сайысты біздер бастайық,

Көрсетіңдер өнерді,

Қарап қалма жасқанып.

Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, «Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер.

Бүгінгі «Ойлан тап» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Ендеше, құрметті көрермендер, «Ойлан тап» атты интеллектуалды кешімізді тамашалайық.

Бүгінгі ойынның жұлдыздары:

1 топ: «Кішкентай Эйнштейндер»

Топ басшысы:



2 топ: «Электрон»

Топ басшысы:

Бүгінгі ойында әділ баға беруші қазылар алқасы құрылады:

І-тур. Бәйге.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
Сайысымыздың І-кезеңі - «Бәйге». Бұл кезеңде сайыскерлеріміз физикалық анықтамаларға қоңырау соғу арқылы жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал,мұқият болыңыздар:

1.Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы (ішкі энергия)



2. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы (жылу мөлшері)

3. Молекулалар арасындағы өзара әсерлесу, елеусіз аз болатын газ. (идеал газ)

4. Өз сұйықтығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу. (қаныққан бу)

5. Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы. (инерция)

6. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)

7. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен

араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)



8. Сұйықтың буға айналу құбылысы. (кебу)

9. Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)

10. Электр заряды жоқ бөлшек. (нейтрон)

11. Заттың қатты күйден сұйыққа өтуі. (балқу)

12. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық шама. (жылдамдық)

13. Кебу процесіне кері процесс (конденсациялану)

14. Жылу берілудің қатты заттардағы түрі

(жылу өткізгіштік)

15. Балқу кезінде ішкі энергия қалай өзгереді. (артады)

16. Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі.(механикалық қозғалыс)

17. Дене пішінінің, V көлемінің өзгеруі. (деформация)

18. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі.

(конвекция)

19. Дененің өзі алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті.

(инерттілік)

ІІ-тур. Көкпар.

Адам - Алып таңғажайып ісімен,

«Көкпар» - ойын ой тастаған түсімен.

Зерделілер заманды алға жылжытсақ,

Физикалық заңдылықтар күшімен.

Бұл адамдар ардақтаған халықтар,

Физикада даңқы шыққан алыптар.

Қара, ойлан, зерек болсаң сайыскер,


Алыптарды әрқашанда танып қал.

1.Француз физигі және математигі, электр және магниттік құбылыстар арасының байланыс заңын, теориясын жасаған. Магнитизм табиғаты жөнінде гипотеза ұсынған. Физикаға «Электр тоғы» ұғымын енгізген.

(Андре Мари Ампер)



2. Итальян физигі, электр тогы туралы ғылымға жол салушы. Бірінші гальвани элементін жасаушы.

(Александро Вольта)

3. Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелденген.

(Георг Ом)

4. Француз физигі, 1781 ж. электр және магниттік заңдылықтарды тағайындау үшін аспап ойлап тапқан. Сырғанау және домалау үйкелістерінің заңдылықтарын тұжырымдады. (Шарль Огюстан Кулон)

5. 1643-1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарықтың көптеген қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды салаларын талдап дамытқан. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан.

(Исаак Ньютон)

6. Б.э.д. 287-212 жылдары өмір сүрген ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан.

(Архимед)
ІІІ-тур.«Лабиринт»

Қалған 4 оқушыға тапсырмалар таратылады. Ойыншылардың міндеті, осы тапсырмаларды шешіп, әділқазыларға көрсету.



(Сендерге 3 минут уақыт берілсін)



Жауабы: масса, уақыт, жылдамдық,ұзындық, микро.



Жауабы: метр, м/с, кг, с, м, м/с, м.
ІV-тур. Полиглот.

Келді кезек полиглотты шешуге,

Жауаптарды аударуға үш тілде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

7 ұпай, шәкірт саған несібе.

1.Аса қажет өмірге халық үшін, Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток, ток, current [каррент])

2.Жалғыз бағыт білері,Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді,Бірақ өзі көрмейді.



( компас,compass [кампәс])

3.Туыстарын шетінен,Өбеді де бетінен

Бала-шаға ұсағын, Бауырына қысады.

( магнит, magnet [магнет])

4. Көкке қараған, жұлдыз санаған.



(телескоп, telescope [телискоуп])

5.Тар шеңберді айналып,Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,Әдетінен танбайды

( сағат,часы, clok [клок])

6.Қозғалысқа келтіріп,Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,Ньютонға ол келеді.

(күш,сила, strength [стрензсі])

7.Жоғалмайды ешқашан,Түрлендірсек егер де.

Басқа күйге ауысқан,Жұмыс істейді әрқашан.

(Энергия,энергия,energy [енеджи])

8. +10 упай (сыйлык ұпай)
V-тур. «Сиқырлы текше»

Осы текшенің көмегімен экрандағы қалташадан қажетті номерді таңдаймыз. (осы ойыннан соң, жұлдыз саны аз екі ойыншы шығарылады)


1 қалта. Шикі жұмыртқаны пысқан жұмыртқадан қалай ажыратуға болады? Тәжірибе жасап көрсет. Берілген құралдар: Тарелка, 2 жұмыртқа, сызғыш.(2 жұлдыз)(жұмыртқаны айналдыру керек, пысқан тез айналады)
2 қалта. Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға болады? Берілген құралдар: КІлті бар конверт, қайшы, су, сіріңке.

(2 жұлдыз) (конвертті жағып жіберу керек)


3 қалта. Ыдыс ішінде су бар. Ыдыс түбінде тиын жатыр. Қақпақ, сіріңке, қағаз, пинцет, стақан сияқты құралдардың қайсысын пайдаланып, қолды су қылмай, тиынды қалай алуға болады? (2 жұлдыз) (пробка ішіне қағаз салып оны өртеу керек те, үстінен стаканмен жабу керек.)

4 қалта. Велосипедші А-дан В-ға дейінгі жолды жүріп өтті. Бұл жағдайда велосипедтің алдыңғы және артқы дөңгелектерінің жүріп өткен жолдары бірдей ме?

(1 жұлдыз) (бірдей)

5 қалта. Газдар мен сұйықтардың, сұйықтар мен қатты денелердің қасиеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде? (1 жұлдыз)

6 қалта. Қандай зат сұйық күйден қатты күйге ауысқанда атын өзгертеді? (1 жұлдыз)

VІ-тур. Марапаттау

Бұл ойында әр ойыншы өзінің физикадан, математикадан білімдерін барынша қолдану керек. (Ойыншылар плакатқа көбірек сөз жазуға тырысу керек)

Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Әділқазылар алқасына сөз беру:
Грамотамен марапаттау.

Сабақтың тақырыбы: «Халық ұлына құрмет»
Сабақ мақсаты: 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне берілген тарихи бағаны ұғыну , тану.Оқушыларды 1986 жыл 16 желтоқсан оқиғасына қатысқан халық ұлдарымен таныстыру. Оқушыларды ұлтжандылыққа,Отанын,елін халқын сүйетін патриотизмге үйрету.
Сабақ түрі: Ашық тәрбие сағаты.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Әдеби-сазды көріністер.

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар, плакаттар,кітаптар,лозунгтар,буклеттер (желтоқсан оқиғасында болған ержүрек ұл-қыздарымыздың суреттері) Н.Ә.Назарбаевтың сөздері.

«Халық ұлына құрмет »тақырыбында өткен ашық тәрбие сағатымыздың жүрісі:

Құрметті оқушылармен ұстаздар бүгінгі күн қонақтары

«Халық ұлына құрмет»атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер!



Жүргізуші:

-Дүниені дүр сілкіндіріп,тәуелсіздік туын Одақ елінде тұңғыш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсан қозғалысына да көп жылдар арта қалуда.Бұл күнді қаралы күн деп те,жаңару күндеп те атауға болар еді.Міне сондықтан да 16 желтоқсанды Тәуелсіздік күні деп,17 желтоқсан Демократиялық жаңару күні деп атап отыр.

Иә, Қазақстанаға ел басшы болып келген орыс азаматы Колбинге қарсылық

білдірген қазақ жастарының бұл Қонаевты ерекше сүйгендіктен емес ,бірнеше

ғасырға созылған азаматтыққа ұмтыла бастады.Бүкіл қазақ ұлты жет бетінен

өз-өзінен жойыла бастады,себебі ең бастысы,бас бостандығы жоқ еді.



Көрініс:Студенттер митингісінен үзінді:

(Радоиодан хабарлайды.)

Бүгінгі күн жаңалықтары :ССРО Орталық Комитетінің Жоғары Советінің

І-ші хатшысының ұйғаруы бойынша Қазақ ССР Жоғары Советіне –

хатшылыққа Генадий Васильевич Колбин тағайындалды.

-Бүгінгі жаңалықтарды естідіңіздер ме?(студенттер жиналып қалады)

-Не болды?

-Не болсын,

-Колбин деген орысты сайлапты .

-Иә,қазақ құрып қалып па?

-Ол жерді,елді не етсін? Бәрі –бір жаны ашымайды.

-Алаңға шығайық! (студенттер алаңға шығады)

-Тараңдар,әйтпесе қару қолданамыз!-қолын сілтейді

Алға бірі шығып –Елді ,жерді көркейтетін ,жаны ашитын көсем керек.

Біз қазақ-бізде де ел басқарар азаматтар бар.

Неге сайлауға ерік бермейсіздер!

Милиция келіп дубинкамен студенттерді ұрып-соғып алып кетеді.

Студенттер тарамай сайлау сұрайды.

Қазақтың ұл-қыздары ерекше ерлік көрсеткен бұл қозғалыста орыс ұлтының

қазақ қыздарына көрсетіп жатқан қолық – зорлығына шыдамайр ,ер- жігіттерде жүздеп ұсталып түрмеге жабылды. Олар Қ.Рысқұлбеков ,Л.Асанова ,

С. Мұхаметжанова тағы басқа көптеген жазықсыз студенттер.

«Желтоқсан желі » әні орындалады.



Көрініс:Қайрат Рысқұлбековтың сотталу сәтінен үзінді.

Секретаръ; - Орыңдарыңнан тұрыңдар

Сот келеді

(Бәрі орындарынан тұрады .)

Сот:Қазақ КСРО жоғары сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы мына

құрамда:


1.Қазақ КСРО жоғарғы соты Н.Гобарник

2.Хатшы-Қ.Бұқанбаева

3.Қазақ КСРО жоғары сотының прокуратурасы –Д.Баймухамедов

4.Адвокат-Ж.Исаева

5.Жәбірленуші –Савицкий

6.Сотталушы Қайрат Рыскулбековтің қатыстыра отырып ,сотты ашық деп жариялаймын.

Сот:

-Жәбірленуші Савицкий сіздің көзіңіздің көру мүмкіндігі қандай?



-Алыстан нашар көремін.

-Жолдас прокурор сауалыңыз бар ма?

-Бетпе-бет кездесуде Қ.Рысқұлбековтың ұрғанын айтыпсыз,ал Күзекбаевтың ұрғанын айтпапсыз.

Мұны қалай түсінеміз.

-Мен қазір есіме түскенін ғана айтып отырмын.

Адвокад жолдас сауалыңыз бар ма?

-Жәбірленуші Савицкий сіз киімге қарап есте сақтадыңыз ба?

-Жоқ әлде түрлері есіңізде қалды ма?

-Негізінде киімдері есімде қалыпты.

-Прокурор

-Сотталушы Қ.Рысқұлбеков сіз не үшін шеруге шықтыңыз?

-Біз өз сайлауымызды сұрадық

Адвокад

-Сіз Савицкийден қандай қашықтықта болдыңыз?



- 10 метрдей

Адвокад:


- қанша адам бар еді.

-30-40 шақты адам

Жасақшының құтқарушы үшін неше рет әрекет жасадыңыз?

-Бір,екі рет

-Сот:

-Адвокад жолдас басқа сауалыңыз бар ма?



-Жоқ

-Прокурор

Менің сауалым бар.

-Қ.Рыскұлбеков сайлауды не үшін сұрадыңыз.

Қайрат:

-Көсеміміз өз елімізден болуын сұрадық.



Сот үкімін оқиды.

Қайрат Ногайбай ұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп,тәртібінің нашар екенінн баяндай келе,Қазақ КСРО қылмыстық істер кодексінің 287,289 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы үкім етеді:



Қ.Н.Рыскұлбеков кінәлі деп табылып,мынадай қылмыстық кодекснің 173-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына атуға кесілсін.
Хатшы : Сотты жабық деп жариялаймын.

Жүргізуші: Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік.

Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті.



«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.

«Елім менің» әні.

Сабақтың тақырыбы: Шығыстың қос жұлдызы

Сабақтың мақсаты: Ұлы тұлғалардың ел бейбітшілігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз елі мен жері үшін болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақ түрі:Сыныптан тыс шара

Сабақ әдісі:Көрініс көрсету (Ұлы Отан сұрапыл соғысы туралы әңгімелеу.)

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта,Соғыс көрінісі, Н.Ә.Назарбаевтың суреттері,буклеттер,слайдтар

Сабақ жүрісі: Ұйымдастыру. Ән Ұран «Менің Қазақстаным»

І жүргізуші: Жеңіс, иә оның сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап,сағаттап сарыла күтті емес пе?Ақыры олардың үмітімен сенімі ақталды.Тілектері орындалды.Бірақ,сол жеңіс оңтайлықпен келген жоқ.Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп,миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.Жауымен жан аямай шайқасып,ерліктің ерен үлгілерін көрсетті.Біздің Қазақстан да соғыс шарпымаған шаңырақ кемде кем.Жүз мыңдаған ата- әкелеріміздің соғыстың алғашқы сәтінде ақ майданға аттанды.Жауға атылған 10 оқтың 9 Қазақстанда жасалады.Осы қан майданда мерт болған елдердің рухына басымызды иіп тағзым етеміз.
Дәл осынау жадыраңқы жай күй.

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,

Есіңе алсаң сол бір апат қайғыны



1 минут үнсіздік

Ат ауыздығымен су ішкен

Ер етегімен су кешкен

Сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз «Шығыс жұлдыздары» Әлия Молдағұлова мен Маншүк Маметова асқан ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапқан.

«Ерлік керек қайда да?»

Іштей айтып осы әнін

Барады Әлия майданға,

Қорғаймын деп Отанын

Қазақ қызы ғажайып,

Мерген болған аты аңыз

Қаhарманы халықтың,

Мақтанышы апамыз.



ІІ-жүргізуші: Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысының Темір ауданында туылған. Ата- анасымен ерте айрылған ол, Алматыға келеді. Сонан кейін Москва мен Ленингратта армияда қызмет ететін ағасының қолында тұрады.1942 жылы аяғында 17 жасар комсомол қыз Ленинградтағы мергендер мектебіне өз тілегімен кіріп, оны өте жақсы деген бағамен бітіріп шығады.
Көрініс: Қаңыраған қираған

Қабырға –ауладан

Плакат тұр қарап,

Тұр қарап дәл маған

Тұрғандай жазалап

Жүзі де сұсты оның

«Сен бүгін азамат»,

Майданға не істедің?

«Не істедің? Не істедің?»

Күткенім осы еді........

Ақыры келді күн

Военком есігін,

Аттадым мен бүгін.......

Әлия: Жолдас комиссар, мені соғысқа жіберуіңізді өтінемін, - деді жасы орташа келген полковникке кіріп барып.

Комиссар:


  • Соғысқа? Қалайша соғысқа?

Әлия:

Иә соғысқа мен кішкентаймын, білемін олай екенін бірақ мен баруым керек.



Комиссар:

Қайдан келдіңіз?



Әлия:

Ленинградтан



Комиссар:

Бұрыннан осында тұрасыз ба?



Әлия:

Жоқ, мен Қазақстанда туып өскенмін.



Комиссар:

Ә, онда қазақ қызы екенсің ғой, Жамбыл атаның қызымын десең болды, бәрін дереу түсінер едім ғой.Өте жақсы, бірақ мен сені соғысқа жібере алмаймын.



Әлия:- Неге?

Комиссар;- Өте жассың баласың

Әлия:- Жоқ, мен бала емеспін

Комиссар:- Жасың нешеде?

Әлия: 17-ге келдім

Комиссар:- Он жеті көп емес қой шырағым. Оның үстіне қыз баласың

Менің де сендей қызым бар.



Әлия:- Мен комсомол мүшесімін

Комиссар: Так,так. Мен де сендей кезімде азамат соғысына қатыстым. Жас жүректің

Жалынды оты қойсын ба? Комсомол тамаша ерлік көрсетеді



Әлия: Мен мылтық ата да, тигізе де аламын

Комиссар: Бұл соғыс тирде атып жүргенді керек етпейді.Қызым менің бір әкелік кеңесімді ал, асықпа.

I-жүргізуші; Әлия комиссардың кеңесін тыңдап, бір жылдан кейін пісіп, соғысқа дайындалып, мергендер мектебін бітіріп, қайтадан комиссар алдына оралады.

Комиссар:-Сен Молдағұлова, осында қаласың, жаңадан қабылданған курсанттарды оқытасың

Әлия:- Жоқ болмайды. Мен майданға кетемін

Комиссар: Бұйрық солай. Осы қабылданған курсанттарды оқытасың да, солармен майданға аттанасың. Өз көзіңмен мергендерді апарып тапсырасың. Қаласаң қайтасың. Қазіргі курстың мерзімін қысқартамыз. Уақыт соны талап етіп отыр.

Әлия:- Жоқ ,комиссар мұнда қалмаймын. Мен фашисттерді өз қолыммен өлтірмесем болмайды. Менен басқа да үздік бітірген мерген қыздар бар ғой.

Олар да жақсы оқыта алады. Оның үстіне менің бойымда кішкентай мұғалім болатын кісіге ұқсамаймын.Ал мерген болуға жараймын. Бұл қалай?

Әлгі таңдағы мұғалімдер мені атағаны ма?Өте қызық, олар мені жақсы көрмеуі тиіс еді ғой.......

- Жолдас комиссар,кетуге бола ма?



Комиссар:- Демек қалатын болдың ғой

Әлия:- Жоқ қалмаймын. Егер майданға жібермесеңіз биік ағаш басына шығамында түспеймін сонда күні, түні отыра беремін.

Комиссар: Шының ба?

Әлия:-Шыным жолдас комиссар

Комиссар; Жібереміз майданға

Әлия:- Отанымыз үшін қызмет етемін!

II-жүргізуші; 1943ж.жазында Әлия майдан мектебіне аттанады: аз уақыттың ішінде мергендер винтовкасымен ол 32 фашисттің басын жояды.1944 жыл Әлия атқыштар бригадасының құрамында жүріп соғысады. Бұл соғыс сұрапыл табан тірескен ауыр ұрыс болды.

Әлия хаттарынан

1-оқырман

Әубәкір аға, алдымен,

Кінәлай көрме сен мені

Кеткесін сонда барлық ел

Меніңде қалғым келмеді

Әйтеуір маған ұрыспа,

Осылай болды ақыр күн.

Өздеріңе мен ұқсап

Сазайын беріп жатырмын.

2-оқырман

Есіңде ме, анау күндері-



«Қорқағым» деуші ең әрдайым

Қөрсең ғой өзің бір келіп,

Қорқағын қазір қандайын

Жүрушең бағып тек мені

Секілді сәби бағып тек мені

Әлия міне бетпе-бет

Аңдасып жатыр жауменен

Ә.Молдағұлова Казачиха деревниясын азат етуге бұйрық алды.Ол жауынгерлерді соңынан ерітіп атакаға шықты.Осы ұрыста Әлияға минаның шарықшақтары тиіп, сол қолы жараланды.Ол жарасын таңып алып, жауға оқ ата берді. Көп ұзамай........ұрыс басталады.Әлия неміс офицеріне бетпе-бет келіп қалады.Әлия автоматын жауға кезеп береді. Фашист бірінші болып атып жібереді. Әлия бетін қып-қызыл қан жауып кеткеніне қарамастан ақтық күшін жинап автоматынан оқ жаудырады.Гитлершіл сеспей қатады. Алия осылайша қаза табады.



С.Байтерековтың «Әлия » әні орындалады.

Ай өткен, жылдар өткен, ғасыр өткен

Жеңіспен майдан бітіп, жас ер жеткен

Ерлігі ер жүрегін тебіренткен

Ұрпаққа ұран болып Мәншүк кеткен.

М.Маметова 1922 ж. 2 қазанда Орал облысында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған Маншүк балалық, жастық шағын Алматыда Әмина Маметованың тәрбиесінде болады. Ұлы Отан соғысы басталғанда Алматы мединститутында оқып жүрді.1942 жылы өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.

Аға сержант пулеметші Мәншүк ұрыста өзінің асқан мергендігімен және табанды батылдығымен қөзге түсті.

Совет Одағының Батыры М.Маметова анасына жазған хатынан үзінді.

«Қымбатты мама ! Көптен күткен хат пен посылканы тура алғы шепке жүргелі тұрған сәтте алдым. Бұл 1943 жылдың 10 қыркүйегі еді.Өзіме 1-ақ алма тисе де, мен қатты қуандым. Кішкене сыйлықты мен сияқты күткен жауынгерлер мен командирлер талап кетті. Үлкен рахмет! жолымыз болды.

Ал, қазір алғы шепке пулеметіммен фашистерді мықтап аңдудамын. Түнде мүлдем ұйықтамаймыз, ал күндіз тынығамыз. Міне,қалт еткен сәтті пайдаланып

сізге хат жолдап отырмын.



Қымбатты әпкетай! Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатыр едім-бірден ұйықтап кетіппін Сізді түсімде көрдім. Жалпы қазіргі өміріміз көңілді: фашистермен қару тілінде келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жеңіспен оралған соң айтатын нәрсе көп. Қолыңызды қатты құшып сүйемін.Қызыңыз Маншүк. Менің майдандағы жолдастарым сізге сәлем айтып жатыр»

«Мәншүк » әні хормен орындалады.

Соғыс жылдары ерлігі үшін орден және медальмен наградталғанның ішінде 96938 қазақ жауынгерлері Кеңес Одағының Батыры атанды.


Қара өлең Ж.Жабаев «Ленинградтық өренім»
І-жүргізуші:

Ешқашан соғыс болмасын!

Аспанымызда соғыс бұлты торламасын!

Аналар жесір,балалар жетім қалмасын!

Бар әлемде бейбітшілік орнасын

Ән «Атамекен»

Сабақтың тақырыбы: «Саяси құрбандар»

Сабақтың мақсаты:

1.Саяси қуғын сүргін құрбандары жөнінде оқиғаны оқушыларға дұрыс терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, оқушылардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру.

2.Оқушылардың тыңдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Оқушылардың бойына Отансүйгіштікке, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дарыту.Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың ерлігін, үлгі-өнеге ету.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе сөз «Саяси қуғын-сүргіндер құрбандары»

ІІ. Тәрбие сағатының мазмұны.

Жүргізуші: Патша өкіметінің қазақтардың жерін тартып алуы екі бағытта жүргізілді:

Біріншісі: әскери бекіністер салу арқылы.

Екіншісі:Қазақстанға басқа халықтарды қоныстандыру арқылы.

Орыс тілі мемлекеттік тіл болғандықтан, қазақ тілінің дамуына зияны тиді. Қазақша жер-су атаулары өзгертіліп, орысша атаулар енгізілді. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, дәстүрі аяққа басылды.Көрнекті тілші , ақын,әдебиет зерттеушісі, дарынды аудармашы, үлкен ағартушы Ахмет Байтұрсынов Патша өкіметінің отаршылдық саясатын айыптады.1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңес Социалистік Республикалар Одағының құрылғаны туралы шарт қабылдады. Съезд КСРО мемлекетінің басты белгісі-КСРО мемлекеттік елтаңбасын , жалауын бекітті. КСРО астанасы Мәскеу қаласы болып белгіленді.

1931-1933 жылдары Қазақстан халықтары аштыққа ұшырады, осы жылдары қуаңшылық болды. Осы жылдары 2 миллионға жуық қазақтар қырылды. Ашаршылыққа ұшыраған халықтың жағдайы өзен көлдерді жағалай бақа-шаян теріп, жол-жөнекей жәндіктерді, ит пен мысықты қорек еткендері де болды. Олар өз Отандарынан ашаршылыққа шыдымай Өзбекстан, Моңғолия, Түркменстан, Иран, Мәскеу,Ауғанстанға қоныс аударды. Елінен кеткен босқындар болатын.

Көрініс: Жәй-мұңды әуенге босқындар көрінісі.



Жүргізуші: 1931-1933 жылдары республикадан жыл сайын халық санымен мал саны кеміп отырған. Қазақстанның қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов, С.Сәдуақасовтар зорлық-зомбылықтарына наразылығын

Кеңес өкіметі басшыларына жеткізіп отырды, бірақ Кеңес өкіметі құлақ аспады.

1929-1933 жылдар арасында 400-ге жуық көтерілістер болды.Қазақстанда кеңес мемлекетін нығайтуға белсене қатысушы, қазақ халқының даңқты перзенті – Тұрар Рысқулов. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін оның жұмысына белсене қатысып РКФСР үкіметі төрағасының орынбасарлығына дейін көтерілді. Сонда тұтқынға алынып, «Халық жауы» деген жалған атпен атылып кетеді.Партия комитетінің бірінші хатшысы Голощекин атына жазылған «Бесеудің хаты» Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған хаты. Оқиға 1932 жылы болды.

Пролог

Кремль. Сталиннің кабинеті.



Сталин:Неге біз жағдайды Қазақстандағы Голощекиннен емес, Москвадағы Рысқұловтан білеміз?! Неге сенен басқа ешкім ләм демейді.

Рысқұлов: Менен басқалары да Қазақстандағы бұрмалаушылықты сізге жеткізуге тырысқан. Бірақ олардың дауысы сізге жетпей жатыр.

Сталин: Қалайша?

Рысқұлов: Мысалы, жазушы Ғабит Мүсірепов бастаған бес адам сізге хат жазған. Бірақ...хат ұсталған...........

Сахна қараңғы тарта береді. Мұңды күй орындалады.

1930-1938 жылдар аралығында Қазақстанның ақын-жазушылары жазықсыз жазаланады. Олардың ішінде А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М. Жұмабаев,С.Сейфуллин,Б.Маилин, І.Жансүгіров,М.Дулатов т.б көптеген жазықсыз қазақтың ақын, белсенді қоғам қайраткерлері жазықсыз атылды.

«Халық жауы »деп айып тағылғандардың отбасы ,балашағасы қуғын сүргінге ұшырады.Жазықсыз жандардың 22 мыңдайы ату жазасына бұйырылды.Ату жазасынан аман қалғандардың да біразы отбасына қайта оралмады. «Атамекен »әні орындалады.


Көрініс:Ғ.Мүсіреповтен партия комитетінің бірінші хатшысы Голощекиннің жауап алуы. Голощекин креслода. Әлдеқалай қобалжулы Келдіме әлгі маңғаз жазушы?

Кезекші: келді. Мүсірепов кіреді.



Голощекин: Кел, жазушы...Сені ғой Крайкомға жауапты қызметке алдық. Не үшін?

Мүсірепов: Мен Крайкомға қызметке алыңдар деп арыз бермеген сияқтымын.

Голощекин: Көрдіңдер ме? Қалай-қалай кердеңдейді.

Құрамысов: Жолдас Мүсірепов! Сіз Крайкомның бюросында тұрғаныңызды білесіз бе?

Мүсірепов: Кпайком бюросы Голгоф емес қой деп ойлаймын.

Елеусіз: Не дейді? Қай жер дейді?

Құрамысов:Иса пайғамбарды шегелеп тастаған жерді айтады. Соны Голгоф дейді.

Елеусіз: Астафыралла! Сонда бұл өзін Исамын деп тұрма?

Голощекин: Рас-ау сонда сен өзіңді Иисус Христосқа балап тұрсың ба?

Мүсірепов: Жоқ, жолдас Голощекин.Мен коммуннист, Жазушы Мүсіреповпын.

Голощекин: Міне нағыз Иисус! Өзін құрбандыққа дайындап тұр.

Мүсірепов: Неге құрбан болуға тиіспін? Шындықты айтып, бюроға ашықтан-ашық мәселе қойғаным үшін бе?

Голощекин: Қайдағы шындық? Халық мал-жан жаппай қырылып жатыр деген шындық па? Жала! Жала! Жала!

Құрамысов: Жала арқылы халықты Крайкомға қарсы қою. Бұл-провокация!



Мүсірепов: Ел-аға сізде түк көрмей қалдыңызба? Бір үзім нан сұрап, кеңсеңіздің алдында сұлап жатқандардың үстінен аттап-пұттап өткеніңізде есіңізден шыққан ба?

Голощекин: Олар жалқау оңбағандар! Жұмыс істегісі келмей, ыңырсып жатқандарды кеңсенің алдынан менде көрдім.

Мүсірепов: Оларға: «Бездельники! Работать надо!» деп бастарынан теуіп-теуіп кеткеніңізді мен де көрдім.

Голощекин: Жалқау оңбағандарды маңдайынан сипауым керек пе сеніңше? Аяғыма оралды, аяғымды ажыратып алғаным рас. Тепті дегенің тағы жала!

Елеусіз: Ғабит, шырағым «Төременен тіреспе, күшті мен күреспе» демеуші ме еді, неғыласың қарсыласып...



Голощекин:Ол бізді негізгі мәселеден бұрып кетіп ,бұлғаққа салып тұр ғой.(Мүсіреповке қолын шошайтып)Экспертиза хаттың үш дана басылғанын анықтады,қалған екі данасы қайда?

Мүсірепов:Біреуі Сталин жолдасқа жіберілген.

Голощекин:Сен не тікелей Сталин жолдаспен хат алысатын болғансың ба? Ол хатың Сталинге жетпеде, хат ұсталды.

Мүсірепов:Әлгі совет почтасының азамат құпиясын сақтайтыны қайда?

Голощекин:Құпия сақтағышын.Почтаның Крайкомнан жасыратыны жоқ.Ал хаттың үшінші данасы қайда?

Мүсірепов:Үшінші хатты жыртып тастадық.

Голощекин: Сен жалақор ғана емес, әрі өтірікші екенсін ғой (қоңырауды басып қалып көмекшіге) Шақыр Қарабаевты.

Қарабаев жолдас хаттың үшінші данасы қайда?

Қарабаев(қызарақтап, жан-жағына алақ-жұлап қарап) үшіншісі РСФСР СваркомынаТұрар иРысқұлов жолдасақа жіберілмек болған.Бірақ жіберген жіберілмегенін білмеймін.Мен... топтан шықтым ғой....

Голощекин:Естідің бе жазушы?Енде есіңе түстіме?

Мүсірепов:Қарабаевқа жеркене қарап)Иуда!!!

Голощекин :(алақандарын шапалақтап)Браво!Міне Ииус !Айда,Иисус!

Қарабаев-Иуда,Мүсірепов-Исус.Иуда Исусты ұстап берді.Тарих қайталанбайды дейді.Кайталанады!Қайталанады!

Елеусіз:(Құрамысовқа)Не деп кетті?

Құрамысов:Иса пайғамбарды Иуда деген сатып кеткен, соны айтады.

Голощекин:Сталин жолдасқа қолы жетпеген бишаралардың ендігі тапқаны –Рысқұлов.

Жантақов:Рысқұлов-пантюркист!

Иванов:Жолдастар (сағатына қарап)Түнгі сағат бір болды,нақты мәселеден ауытқып барамыз.

Голощекин:Қателесесіз,Иванов.Нақты мәселеге енді келдік.Бүліктің басталуы қайда жатқанын білдіңізбе?Анықталды ғой бәленің бәрі Рысқұлов,алыста жатып Мүсіреповтың қолымен от көсейді.Бұл бүлікке Рысқұлов араласқан екен ғой.Міне ,бұл –шатақ-шатақ!

Жантақов:Бәрі де пантюркистер .Атылсын!

Голощекин:Атыласыңдар!Бесеуіңде атыласыңдар! (Мүсіреповке)Не амал,сені ажалға қимай-ақ қоюға болар еді.Бірақ сен түзелсейсің.Саяси бүкір адамды тек мола түзейді.



Мүсірепов:Атам қазақ айтқан «Шалқайғанға-шалқай,

пайғамбардың ұлы емес;еңкейгенге –еңкей,әкеңнен қалған құл емес »



Голщекин:Айттым ғой саяси бүкір адамды тек мола ғана түзейді деп.Атылсын!

Мүсірепов:Атыңдар!Голщекин!Құрамысов!Жантақов!Біз халық қырылып жатқандықтан атыламыз!Ал сендер қайта тіріліп кеткендіктен атыласыңдар!Халық қайта тірілгенде сендер екі дүниеден де орын таппай қаласыңдар.Сендер сияқтылар бұрында болған.Сендер қисапсыз қылмыстарыңнан мәңгі бақи құтыла алмайсыңдар.Ал,атыңдар!

«Елім –ай»әні орындалады.

Көрініс: Сталин мен Қазақстандағы Партия комитетінің бірінші хатшысы Голощекинмен кездесуі.

Москва түбіндегі Сталиннің дачасы.Креслода- Сталин. Қарсысында-Голощекин.Ортада дөңгелек стол.

Сталин:Ал, сонымен келген шаруаңды айт

Голощекин:Келген шаруам-Қазақстандағы қәзіргі...

Сталин: (бөліп жіберіп) Иә, Қазақстандағы қәзіргі жағдай. Айтшы,Голощекин қазақтар қандай халық?

Голощекин: Ойбай, сұрамаңыз(қолын ербеңдетіп) Жабайы! Жабайы! Тамақты қолмен жейді! Қасық, шанышқы дегенді білмейді! Сұмдық!



Сталин: Жә-рай-ды. Ал, одақ көлемінде шығатындай ақын жазушылар бар ма?

Голощекин: Жазушы сымақтар бар.Шетінен ұлтшыл. Шетінен –Алашорда! Әлгі, Байтурсынов, Дулатов,Жұма...баев, Ай...Аймауытов, Әуезов... шетінен қамауға алдық.

Сталин: Осы сен жақсы көретін қазақ бар ма?

Голощекин:Бар,бар...Жантақов,Құрамысов,Ерназаров...

Сталин: Жантақов! Қай Жантақов? Рысқұловтың үстінен арыз жаза беретіні ме?

Голощекин: Өзі, соқтығыса беретін.Голощекин Қазақстанды құртып жатыр деп байбаламдайды ды жүреді. Көре алмайды. Менің орныма өзі отырғысы келеді.

Сталин: Жә, жетер! Рысқұлов жаман, Ходжаев жаман, Нұрмақовта, Сәдуақовта жаман! Қазақтар түгел надан! Сонда кім қалды? Осы Яков Свердлов марқұм сені неге мизантроп деген?Айтқ-а-а-н. Жұрттың бәрін жек көресің. Иә, қапаланба...Қаталдықта керек. Бізге солқылдақтық жараспайды. Сонымен коллективизацияны тездетесің ғой?

Голощекин: Тездеткенде Қалай! Бірақ....

Сталин: Не бірақ?

Голощекин:Әлгі Рысқұловтың шабуылынан қорғасаңыз болғаны. Сессия сайын, пленум сайын мені сынағаннан басқа жұмысы жоқ.

Сталин: Қорықпа Шая.

Голощекин: Ойбай, ол дүлей! Сырын білмейсіз.

Сталин:Білеміз. Ондай-ондай асаулардың талайын ауыздықтағанбыз!

Голощекин: Рахмет, жолдас Сталин! А-а-а...

Сталин: Не айтайын деп едің? Айтабер?

Голощекин:Соның өзін..... Рысқұловты айтамын......Совнаркомға отырғызып, желкемізден қыдыңдатып қоймай, былай нетуге болмайма?

Сталин:Әр нәрсе өз уақытымен.Библяны ұмытпаған шығарсың «Всему свое время. Время насаждать.Время вырывать.Время собирать камни.Время разбросовать камни» Бұрынғылар жаман айтпаған ә?!

Голощекин:Ақылды айтылған.

Сталин: Ендеше іске сәт, Шая! Тездет! Жылдамдат!

Голощекин:Аянарым жоқ, жолдас Сталин!


« Елім менің » әні

« Менің Қазақстаным » әні.


ФИЗИКА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Сайыстың мақсаты:Оқушылардың білімдерін, білік-дағдыларын кеңейту және пәнге деген қызығушылығын арттыру,зейінін,логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, физиканы (баламасы табиғатты) тану арқылы мәдениетпен сананы өсіру.

Барысы


Кіріспе

Сыныпты екі топқа бөліп,аттарын қою,ұранын белгілеу.

Сайыс алты кезеңнен тұрады.

І кезең."Сәлемдесу"

ІІ кезең."Күй тарқату"

ІІІ кезең."Білгенге маржан"

ІV кезең."Кім жүйрік"

V кезең."Жұбыңды тап" (Физикалық шамалар арқылы өз жұптарын табу)

VI кезең."Капитандар сайысы"

Әр команданың капитандары тақтаға шығып, берілген есепті шығарулары керек.

Жүргізуші:

"Фюзис" деген-табиғат,

Грек сөзінен алынған.

Ғылымға қажет жаңалық

Осы сөзден табылған.

Қоршаған барлық дүние

Табиғатты құрайды.

Сарқылмас оның сырлары

Өзгеріп тұрар ұдайы.

Армысыздар қадірлі ұстаздар, оқушылар, көрермендер және көңілді тапқырлар топтарының сайыскерлері! Сіздерге сәттілік тілей отырып,сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Физика ғылым тұғыры,

Таласы жоқ бұл күнде,

Физикасыз, айтшы сен,

Түсіндіру мүмкін бе?!

Электр шамы жануын,

Мұнайды жерден алудың,

Заңдары қандай болады,

Ғимараттар салудың?

Теледидар көруіңді,

Интернеттегі шерудің,

Көтергіш кран жұмысын,

Шеге қаға білуді,

Жерде жүрудің өзін де,

Айдың жақындауын көзіңе,

Айшықтайды қай ғылым,

Жүр,бала,соны сезіне.

Жету үшін табысқа,

Ұшу үшін алысқа,

Қатысу керек,достарым,

Физикалық сайысқа!

Сайыскер топтарды ортаға шақырайық. Енді бірлесе отырып бүгінгі "Көңілді тапқырлар топтарының" сайысының мақсат-міндеттерін айқындайық.

(Топ мүшелерімен жанкүйерлер қатысады)

Жүргізуші:Енді сіздерді әділқазы алқаларымен таныстырайық.

Жүргізуші: Сонымен ұшқыр ой, білімдегі білімдері тең қарсыластар, бірге ойнап,бірге оқитын достар үшін жан күйетін сәт те туды.

I кезең.Сәлемдесу

(Сайыскерлер топтарының аттарын,ұрандарын,әндерін айтады.)

1 топ:"Электрон";

2 топ:"Протон".



II кезең."Күй тарқату"

Әр топ өздері дайындаған төрт сұрақты қарсыластарына кезекпен қояды, ойлануға 30секунд уақыт беріледі, соңынан дұрыс жауабын айтады.

Қойылатын сұрақтардың мысалдары:

1 топ:

1.Жайдары жаздың күнінде

Жаныңда жатар жантайып,

Кетіре алмассың, қырсаң да

Шапсаңда қолға балта алып.

(Көлеңке)

2.Нені жәшік ішіне тыға алмайсың?

(Жарық сәулесін)

3.Не opнынан қозғалмай жүреді?

(Уақыт)


4.Егер шелектегі суды ішіп қойсаң не қалады?

(Ауа)


5.Жерден біз нені көтере алмаймыз?

(Көлеңке)

6.Күндіз ұйықтайды,түнде жанады.

(Ай)


7.Сен айқайласаң-ол тоқтайды,

Сен тоқтасаң-ол айқайлайды.

(Жаңғырық)

4.Таба алмайсың оң менен солды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сілтер көрсетіп жолыңды,

Шығысқа,батысқа.

(Компас)


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет