Кабинет жұмысын жан-жақты бағалау критерийлері



Дата03.02.2017
өлшемі33,71 Kb.
#8607
Кабинет жұмысын жан-жақты бағалау критерийлері


Параметрлер / Баға

10-9 ұпай

8-7 ұпай

6-5 ұпай

4-3 ұпай

2-1 ұпай

0

Кабинет төлқұжаты



Талаптарға сай жасалған

Негізгі мәселелер қам тылған, бірақ кейбір талаптар ескерілмеген, толық емес.

Төлқұжат жалаң жасалған, пәндік орта ерекшелігі ескерілмеген.

Төлқұжат жасал ған, бірақ талап қа сай емес.

Төлқұжат шаблондарға құрылған.

Төлқұжат жасалмаған.

Кабинеттегі жиһаздардың талапқа сай ұсталуы

Жиһаздар бүтін,таза, орналасуы, ұсталуы гигиеналық талаптарға сай

Жиһаздар қалыпқа келтірілген, қазіргі жай-күйі талапқа сай

Жиһаздар бүлінген, қалыпқа келтіруді қажет етеді.

Жиһаздардың ұсталуы өте төмен дәрежеде.

Жиһаздар бүлінген, қалыпқа келтіру мүмкін емес

Мүліктер мен жиһаздар сал- ғырттықтан бүлінген.

Кабинеттің жұмыс жоспарының мақсаттылығы, орындалысы

Жоспар мақсатты, өлшемді, көптеген жұмыстар орындалған.

Жоспар жүйесіз жасалған. Жоспарланған мәселелер ішінара орын далған.

Жоспар жалаң, пәндік ерекшелік ескерілмеген. Орындалған жұмыстар аз.

Жоспар талапқа сай емес, жос парланған іс-шаралар орындалмаған.

Жоспар шаблондарға сүйеніп жасалған.

Жоспар жасалмаған.



Жартақталар мен жылжымалы көрнекіліктер қоры

Пәндік, дамытушы лық мақсатта, жаңар тылу мүмкіндігі еске ріліп, эстетикалық та лаптарға сай жасал ған. Қоры жеткілікті.

Пәндік, дамытушылық мақсатта жасалған, бірақ жаңартылу мүм кіндігі ескерілмеген. Эстети калық талап тарға сай. Қоры аз.

Көрнекілік, дидак тикалық құрал ре тінде қызмет етеді. Эстетикалық талап қа сай.Қоры аз.

Ескірген, оқушылардың қажеттілігіне сай емес.

Пәндік дамытушылық маңызы жоқ. Ескірген, қоры аз.

Жартақталар мен жылжы малы көрнекіліктер жоқ

Дидактикалық материалдар қоры, сабақ әзірлемелері

Қоры жеткілікті, картотекаланған.

Қоры жеткілікті, картотекаланбаған.

Қор жекелеген мұғалімдерге ғана тиесілі. Картотека ланбаған.

Қоры аз, жүйелі жинақталмаған.

Материалдардың дидактикалық маңызы жоқ.

Дидактикалық материалдар жоқ.

Кабинетте жұмыс жасайтын мұғалім дердің іс қағаз дары

Мұғалімдердің портфолиолары мен әдістемелік материал дары, жұмыс папкалары жүйелі жинақталған.

Мұғалімдердің портфолиолары мен әдістемелік материал дары бар.


Материалдар жекелеген мұғалім дерге ғана тиесілі


Материалдар қоры аз, жүйелі жұмысты көр сете алмайды.


Материалдар жүйелі жұмыс ты көрсете

алмайды.

Материалдар жоқ



Байқаудың сараптау комиссиясы өз тарапынан кабинеттің тазалығы мен ұсталуына, бөлме өсімдіктерімен, басқалай да безендірілу жайына, жарақтандырылуына ұпай қоса алады.

Дайындаған Б. Тулеуова



Мектептің 2015-2016 оқу жылындағы жылдық жұмыс жоспарына сай пәндік кабинеттердің байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты:

- оқушылардың білім алуына қолайлы даму ортасы ретіндегі пәндік кабинеттердің қызметіне сараптама жасау;

- кабинет жетекшілерінің жұмысын насихаттау, мадақтау.

Байқауға мектептегі барлық оқу кабинеттері ( кітапхана, мейірбике бөлмесі, психологиялық кабинетті қоса алғанда) қатысады.

Байқаудың соңғы күні 28 сәуір.

Байқауды мектеп директорының бұйрығымен тағайындалған комиссия сараптайды.



Мектеп әкімшілігі

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет