Кадр бөлімі бастығының лауазымдық НҰСҚаулығЫ



Дата15.10.2019
өлшемі63,14 Kb.
#49944
Байланысты:
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ (кадр бөлімі бастығының)

Ұйымның ресми атауы

Кадр бөлімі

 

Кадр бөлімі бастығының



ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ

Қала қаласы



 

Бекітемін

Бас директор

________ К. Абдрахманов

М.О. (қолтаңбасы)

Күнді таңдаңыз


 

 


1. Жалпы ережелер

1. Кадр бөлімінің бастығы «Сұңқар» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) басшылары санатына жатады.

2. Кадр бөлімі бастығы қызметіне жоғары кәсіби білімі және ұйымда кадрларды басқару лауазымдары бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

3. Серіктестік кадр бөлімінің бастығы қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен бас директордың бұйрығы бойынша қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады

4. Кадр бөлімінің бастығы Серіктестіктің ұйымдастырушылық құрылымына сәйкес лауазымды тұлғаға бағынады.

5. Кадр бөлімінің бастығы өз жұмысында:

1) қызметкерлермен жұмыс жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

2) Серіктестік бас директорының өкімдік құжаттарын және нұсқауларын;

3) Серіктестік еңбек тәртібінің қағидаларын;

4) Кадр бөлімі туралы ережені;

5) осы Лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

6. Кадр бөлімінің бастығы

1) Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру  туралы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, қызметкерлерді басқару жөніндегі әдістемелік материалдарды;

2) Серіктестіктің құрылымын және штатын, оның бейінін, мамандандыруын және даму болашағын;

3) Серіктестіктің кадр саясатын және стратегиясын;

4) кадрға келешек және ағымдағы қажеттілікті анықтау, болжам жасау тәртібін;

5) кадрмен қамтуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету көздерін;

6) еңбек нарығының жағдайын;

7) қызметкерлерді бағалау жүйесі мен әдістерін;

8) кадрдың кәсіби біліктілік құрылымын талдау әдістерін;

9) кадрға және олардың қозғалысына байланысты құжаттаманы ресімдеу, жүргізу және сақтау тәртібін;

10) Серіктестік қызметкерлері туралы деректер базасын қалыптастыру және жүргізу тәртібін;

11) табельдік есепке алуды ұйымдастыру;

12) кадр қозғалысын есепке алу әдісін; белгіленген есептілікті жасау тәртібін;

13) кадр қызметінің жұмысында заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін;

14) қызметкерлермен жұмыс жүргізудің отандық және шетел тәжірибесін;

15) социалогия, психология және еңбекті ұйымдастыру негіздерін;

16) кәсіптану негіздерін;

17) бейінді бағыт және бейінді бейімделу жұмысының негіздерін;

18) экономика, өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру негіздерін;

19) есептеу техника, коммуникация және байланыс құралдарын;

20) еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

7. Кадр бөлімінің бастығы уақытша болмаған кезде оның міндетін белгіленген тәртіппен тағайындалған тұлға атқарады.

2. Лауазымдық міндеттері

8. Кадр бөлімінің бастығы:

1) бөлім қызметкерлерін басқарады;

2) Серіктестік мақсаты, стратегиясы және бейініне әсер ететін оның қызметінің өзгеріп отыратын сыртқы және ішкі жағдайларына сәйкес Ұйымға тиісті кәсібі, мамандығы мен біліктілігі бар қажетті қызметкерлерден штат жинақтау, кадр құрамының сандық және сапалық деректер базасын қалыптастыру және жүргізу бойынша жұмысты басқарады;

3) кадрға ағымдағы және болашақтағы қажеттілікті анықтауды, болжамдарды әзірлеуді және еңбек нарығын зерделеу негізінде, оқыту мекемелерімен, жұмыспен қамту қызметтерімен және тәріздес бейінді ұйымдармен тікелей байланыс орнату, ұйым ішіндегі қызметкерлерге бос орын туралы ақпарат беру, қызметкерлерді қабылдау туралы хабарландыруды орналастыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы қажеттілікті қанағаттандыру көздерін ұйымдастырады;

4) Серіктестіктің кадр саясатын және кадр стратегиясын әзірлеуге қатысады;

5) кадр біліктілігін, жеке және іскерлік қабілетін бағалау негізінде таңдау, іріктеу, орналастыру жұмыстарын жүзеге асырады, Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінде қызметкерлерді дұрыс пайдаланылуын бақылайды;

6) еңбек заңнамасына, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыс қатынастарын тоқтатуды уақтылы ресімдеуді, жеке құрамды есепке алуды, қызметкерлердің қазіргі және бұрынғы еңбек қызметі туралы анықтамаларды беруді, қызметкерлердің еңбек кітапшаларын және өзге де құжаттарын толтыруды және сақтауды, кадр бойынша белгіленген құжаттаманы жүргізуді, сондай-ақ кызметкерлерді көтермелеуге және марапаттауға ұсыну үшін материалдарды дайындауды ұйымдастырады;

7) қызметкерлерді алған кәсібі мен мамандығына сәйкес қабылдауды, бөлуді және орналастыруды қамтамасыз етеді, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен бірігіп олардың тағылымдамадан өтуін және өндірістік қызметке бейімделу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

8) зейнетақымен қамту туралы заңнамаға сәйкес қажетті құжаттарды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;

9) мына ұйымдастырушылық нысандар: іскерлік мансапты жоспарлау, жеке жоспар бойынша жоғары лауазымға ұсынуға үміткерлерді дайындау, басшылар мен мамандардың жұмыс орнын ауыстыру, арнайы курстарда оқыту, тиісті қызмет бойынша тағылымдамадан өту негізінде жоғары лауазымға ұсыну үшін резерв құру бойынша жоспарлы жұмысты жүзеге асыру;

10) Серіктестік қызметкерлерін аттестациядан өткізуді, оның әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады; аттестация нәтижелерін талдауға, аттестация комиссиясының шешімдерін іске асыру бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады, аттестациядан қайтадан өтетін мамандар тізімін анықтайды;

11) қызметкерлерді және олардың қызметінің нәтижесін кешенді бағалау, қызметкерлердің кәсіби қызметтік өсу жүйесін әзірлеуге, аттестацияны өткізуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысады;

12) кадр жұмысының материалдық-техникалық және ақпарат базасын, оның ғылыми-әдістемелік қамтылуын жаңалау, қолданыстағы автоматтандырылған жүйелерді (АСУ-кадрлар шағын жүйесін) және кадр қызметі жұмысшыларының автоматтандырылған жұмыс орындарын пайдалану арқылы кадрларды басқаруда заманауи әдістерді ендіру, Серіктестіктің қызметкерлері туралы деректер базасын құру, оны уақтылы толықтыру, пайдаланушыларға қажетті ақпаратты жедел ұсыну бойынша жұмысты жүргізеді;

13) Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің (бар болған жағдайда), кадр жөніндегі мамандар мен инспекторлар қызметін үйлестіреді және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, кадр саясаты және қызметкерлермен жұмыс жүргізу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшылары нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ бас директордың бұйрықтарын (өкімдерін) орындағанын бақылайды;

14) Серіктестікте кадр жұмысына жүйелі талдау жүргізеді, оны жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

15) табельдерді есепке алуды, демалыс кестесін жасау мен орындауды, Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінде еңбек тәртібінің жағдайын және қызметкерлердің еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын бақылауды, кадрлардың тұрақтамау себебін талдауды ұйымдастырады; еңбек тәртібін нығайту, кадр тұрақтамауын, жұмыс уақытының ысырабын азайту бойынша іс-шараларды әзірлейді, олардың орындалуын бақылайды;

16) жеке құрамды есепке алу және кадрлармен жұмыс жүргізу бойынша белгіленген есептілікті жасауды қамтамасыз етеді;

17) жұмыс уақытының оның ішінде үстеме уақыттағы жұмыстыдәлме дәл есептеуді жүргізеді;

18) қызметкердің жұмыс (қызметтік) міндеттерін орындау барысында оның денсаулығына және өміріне келтірілетін зиян үшін жауаптылықты сақтандыруды жүзеге асырады;

19) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы туралы, жұмыстан босатылатын қызметкерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен еңбекақысының мөлшерін көрсете отырып, босатылуы мүмкін кызметкерлердің саны мен санаттары туралы және олардың босатылатын мерзімдері туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрынақпарат береді;

20) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгеріске және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты қызметкерлердің толық емес жұмыс уақыты режиміне көшуі бөлігінде алдағы уақытта болатын еңбек жағдайларының өзгеруі туралы кемінде бір ай бұрынақпарат береді;

21) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы олардың пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде мәлімет жібереді;

22) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы (жолдамада тиісті белгі қою арқылы себебін түсіндіре отырып) оларды уәкілетті орган жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпарат береді;

23)жұмысқа қабылдау кезінде әскери міндеттілерде әскери билеттердің немесе уақытша куәліктердің, ал әскерге шақырылатындарда тіркеу туралы куәліктердің болуын тексеру.

24) жұмысқа қабылданатын азаматтардың әскери есепте болуын айқындайды. Әскери есепте тұрмайтын әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар тек жұмысқа олар тұрғылықты жері бойынша әскери есепке қойылғаннан кейін қабылданады.

3. Құқықтары

9. Кадр бөлімінің бастығы құқылы:

1) оның қарамағындағы қызметкерлерге, оның лауазымдық міндеттеріне жататын мәселелер бойынша Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріне тапсырма беруге;

2) қарамағындағы қызметкерлердің және құрылымдық бөлімшелердің жекелеген тапсырмаларды уақтылы орындауын бақылауға;

3) Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінен қызмет мәселелеріне жататын қажетті материалдар мен құжаттарды сұрауға және алуға;

4) оның құзыретіне жататын оперативті мәселелерді шешу үшін тыс мекемелермен және ұйымдармен өзара қатынас жасауға;

5) тыс мекемелер мен ұйымдарда оның функционалды міндеттеріне жататын мәселелер бойынша Серіктестіктің мүдделерін білдіруге;

6) Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінде қызметкерлермен жұмыс жүргізу мәселелері бойынша мәжілістер мен семинарлар өткізуге;

7) Серіктестік басшылығының қарауына оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жұмыс әдістерін жетілдіру, Серіктестік қызметіндегі бар кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар жасасауға;

8) Серіктестіктің барлық (жекелеген) құрылымдық бөлімшелерінің мамандарын оған жүктелген міндеттерді шешуге тартуға, егер ол құрылымдық бөлімшелердің ережелерінде көзделген жағдайда, егер көзделмесе, Серіктестік бас директорының рұқсаты бойынша;

9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген және жұмысқа қабылдаған кезде ресімделетін қажетті құжаттарды қызметкерлерден талап етуге.___________


 

Лауазым атауы

________________

(қолтаңбасы)

Аты-жөні

 

Күнді таңдаңыз

 

Ішкі келісу: (парақтың сырт жағында)



Лауазым атауы          ________________    Аты-жөні

(қолтаңбасы)

Күнді таңдаңыз

 

Лауазым атауы       ________________       Аты-жөні



(қолтаңбасы)

Күнді таңдаңыз

 

 

Бөлек парақта



 

201_ жылғы «__» ___________ бас директор бекіткен

кадр бөлімі бастығының лауазымдық нұсқаулығымен

ТАНЫСУ ПАРАҒЫ

 




т/т

Қызметкердің аты-жөні

Лауазымы

  Қолтаңбасы

Күні

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет