Кайржанова Майра Негметовна, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі



Дата30.05.2017
өлшемі26,66 Kb.
#17169
Кайржанова Майра Негметовна,

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп–интернаты
Өзін - өзі тану: СҮЙІСПЕНШІЛІК ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ.
Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады. Өмірді сүю, Отанды, туған жерді сүю, білімге құштарлық та сүйіспеншілікке байланысты болады. «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген данышпан халқымыз. Баланың жеке тұлға ретінде үйлесімді қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы. Бернар Фонтенель:«Адам өміріндегі ең қажетті білім– өзін-өзі тану» десе,  «Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі бағалауымен байланысты. Сүйіспеншілік арқылы ғана өзіңді өзің жеке тұлға ретінде табуға және адамзаттық сүйіспеншілік әлеміне енуге болады» деп көрсеткен Михаил Пришвин. Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығын және сырлы әлемге толы дүние екендігін баршаға жариялау мақсатында ақпан айында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрге айналып онкүндігі өткізіледі.

«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» себебі: өзін-өзі тану пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, тәрбиелейді, яғни бала бойындағы махаббат сезімінің бастауын оятады, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге, ойын шыңдауға, яғни шығармашылық қабілетінің ұшқынын ұштайды. Сүйіспеншілік пен шығармашылық жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.

Міне, осы мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асуына қазіргі таңда мүмкіндік беретін тәрбиелеу Сүйіспеншілік арқылы жүзеге асатын «Өзін- өзі тану» бағдарламасы болып табылады. «Өзін - өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» тағы бір тиімді тұсы – баланың ата-анасымен, отбасымен тығыз қарым-қатынас жасау мүмкіндігі. Жақындық, туыстық– халқымыздың қанына сіңген қасиеті. Оқушылар өз отбасы туралы, отбасындағы құндылықтар мен дәстүрлері туралы ой бөліседі. Сабақ үстінде ата-анасына, бауырларына деген сезімдерін білдіріп, ой бөлісіп, жағдаят шешу барысында реніштерінен айтып, кешірім сұрап «Анаға деген сүйіспеншілікке толы сөздер» хат жазады.

Сабақ барысындағы ойындар, жаттығулар, тренингтер, т.б. әдіс-тәсілдер балалардың шығармашылықтарын шыңдауға септігін тигізеді. Оқушылардың бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріліп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани-адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында әр түрлі тапсырмалар, іс-шаралар, әлеуметтік-рөлдік ойындар, тренингтер,пікірталастар, шығармашылық жұмыстар баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады. Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (қайырымдылық, қамқорлық,т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады.



Әр оқушы, қоғамдағы адамдар жеке тұлға ретінде кез-келген істі, кез-келген жұмысты сүйіп, сүйіспеншілікпен қараса, сонда ғана олар өз армандарына, өз мақсаттарына жетеді және тек «Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушы бойына мейірім мен махаббат, адамгершілік пен әділдіктің дәнін себуге болады.
Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет