Кедейліктің әлеуметтік портреті



Дата19.10.2019
өлшемі14,28 Kb.
#50301
Байланысты:
Кедейліктің әлеуметтік портреті

Кедейліктің әлеуметтік портреті

Кедейшілік қай қоғамның болмасын экономикалық дамуының нәтижесінде қалыптасатын жағдай. Кедейшілік ол өте күрделі, көпфакторлы, тарихи қалыптасқан түсінік. Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік дамуы, іске асырылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз, белгілі бір себептерге қарай (экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялық және т.б.) қоғамнан тысқары қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге ж.т.б.) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндер де жатады. Ондай адамдарды кедей деп атайды. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік адамның не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол жеткізе алмауынан, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік сонымен қатар, адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен, оның кедейлік туралы субъективтік түсініктерімен анықталады.

Қазіргі кездегі әдебиеттерден кедейшіліктің алуан түрлі анықтамасын кездестіреміз. Олардың алуан түрлілігі оның әр қайсысы осы кедейшілік жағдайының шығу себептерін анықтауда түрлі аргументтерге сүйене отырып беріледі. Яғни, қазіргі кезде кедейшілік туралы анықты бір қалыптасқан анықтама жоқ. Түрлі себептерге байланысты кедейшілік туралы түсініктер бар.

Негізгі осы өзекті мәселенің қоғамда зерттелу кезеңдерін 18 ғасырдан бастап 20 ғасырдың бірінші жартысына дейін (А.Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус, Г.Спенсер,  Ж.Прудон, Э.Реклю, К.Маркс, Ч.Бут және С.Раунтри) және қазіргі кездегі кедейлікті зерттеу 20 ғасырда (Ф.А.Хайек, П.Таусенд және басқа ғалымдар). А.Смиттің еңбегінде кедей адамның табиғаты бейнеленеді яғни, адам мен қоғамдағы әлеуметтік стандарттың арасындағы байланыстың үзілуі. 19 ғасырдың өзінде-ақ, кедейлікті отбасының бюджеті арқылы абсолютті кедейліктің критерилерін анықтауды табыстың деңгейі арқылы және индивидтің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруы арқылы анықтау ұсынылған болатын. Кедейлік мәселесін зерттеуде үлкен еңбек қосқан экономистер мен әлеуметтанушылар қоғамдағы кедейліктің заңдылықтарын зертейді.

Бүгінгі қоғамда халықтың басым бөлігі материалдық жағдайларынан тыс заңды құқыққа ие, кедейлікте осы саяси құқықтық өмірде белгілі бір рөлге ие болады. Кедейлер көптеген елдерде соның ішінде біздің елде де – билікке түрлі саясатты қолдана отырып жететін халықтың басым бөлігі. Сонымен кедейлік көпмағыналы және бәсекелі түсінік, бұл тек материалдық мысалы, тамақ, азаматтық өмір сапасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысуы ғана емес, бастауыш білім алуы, сауаттылық деңгейі, бала өлімі осының барлығы кедейшіліктің көлемін, оның етек алуын көрсетеді. Жоғарыдағы айтылғандарға қарай отырып кедейшілік туралы мынадай тұжырым шығаруға болады. Кедейшілік – бұл төмен немесе өте төмен табыс деңгейі, осы қоғамға сай адам өзінің бірінші ретті физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыра  алмауы. 

Абсолюттік кедейшілік — индивидтің өзінің табысымен тамаққа, баспанаға, киімге, жылуға деген негізгі сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін, болмаса тек қана биологиялық өмір сүруін қамтамасыз ететін минималдық сұраныстарын ғана қанағаттандыруға мүмкіндігі бар екенін сипаттайды. Абсолюттік кедейшілік сандық көрсеткіші кедейлік табалдырығы болып есептеледі.



Салыстырмалы кедейшілік —   басқа адамдарға қарағанда қаншалықты кедей адам екенін көрстеді. Бұл жерде екі түрлі мағына беріледі: біріншіден, салыстырмалы кедейшілік, ол қоғамдағы сол топтағы адамның басқа кедей саналмайтын топтағы адамдардың жетістіктерімен салыстырғанда қаншалықты кедей екенін көрсетеді. Екіншіден, салыстырмалы кедейшілік адамның қоғамдағы өмір сүру стандарттарынан қаншалықты кедей екенін көрсетеді. Салыстырмалы кедейшілік – бұл адамның өзінің материалдық және әлеуметтік жағдайын және мүмкіндіктерін субъективтік бағалауы. Сонымен бірге Холостова абсолютті және салыстырмалы кедейшіліктің шекаралары сай келмейтінін көрсетеді. Қоғамда абсолютті кедейшілік жойылуы мүмкін бірақ салыстармалы кедейшілік міндетті түрде сақталынып қалады. Кедейшіліктің бұл түрі адамның табиғи сұраныстарымен ғана емес, сонымен қатар қоғамның болашақта күтетін нормаларымен және күтулерімен байланыстырады. Салыстармалы кедейшілік – нақты қоғамдағы не елдегі қабылданған өмір сүру стандартын не қалпты өмір сүру деңгейін сақтап тұрудың мүмкін болмауы.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет