Кейінгі жылдары спортқа кенедей жабысып, оның ажырамас бөлігіне айналып барады


Фармокологиялық, химиялық және физикалық манипуляциялар



бет7/7
Дата05.05.2020
өлшемі23,49 Kb.
#65833
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Допинг

Фармокологиялық, химиялық және физикалық манипуляциялар

Фармокологиялық, химиялық және физикалық манипуляциялар — бұл зәр анализін бұрмалау үшін әртүрлі әдістер мен препараттар қолдану. Қолданыстағы түрлері: басқа адамның зәрін пайдалану (өткізу), эпитестостерон және бромантан қолдану. Спортшылар өздерінің зәрлерінің анализінде тыйым салынған препараттар бар екендігін жасыру үшін осындай әрекеттерге барады. Зиянды әсерлері тым аз. Мұны анықтау аса қиын емес, тек тексеруші шектен тыс мұқият болса болғаны.

Гендік терапия

Гендік терапия — бұл кейінгі кездегі химиктердің жаңа жетістігі. Cебебі, уақыт өткен сайын өмір бір орында тұрмай, жаңа технологиялар жетілген үстіне жетіле түсуде. Гендік терапия — спортшы ағзасынан оның допинг қолданғандығын білдірмеу мақсатында ойланып шығарылған допинг түрі. Бұл ең әуелі бұлшық еттері сырқырайтын егде жастағы адамдар мен бұлшық еттері зақымданған адамдарды емдеу үшін шығарылған жаңа клиникалық сынақ еді. Мұнда сырқат адамның ағзасына синтетикалық ген енгізіледі. Бұлшық ет тіндерінің «құрылыс материалына» айналған синтетикалық генді бірнеше жылдардан соң табиғи гендерден айыру мүмкін болмай қалады екен. Алайда қазір медицинаның бұл жетістігі гендік допингке де айналып барады. Мұның артықшылығы синтетикалық ген өнімдері қан айналымына түспейді, енбейді. Сондықтан қан мен зәрден сынақ алынған кезде мұндай допинг қолданылғанын анықтау мүлде мүмкін емес. Осыған орай WADA ғалымдарға гендік тера­пияның спортқа енуіне тосқауыл болуларын өтініп, ұсыныс жасады. Допингке қарсы ірі ғылыми орталықтар осын­дай допингті бақылау әдістерін зерттеуде. Әзірше мұндай допинг қолданған адамдарға қандай зиянды әсерлері тиетіні де дөп басып айқындалмаған

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет