Келісемін: бекітемін : директордың ҒӘіжо №71 мектеп лицей директоры



Дата30.01.2020
өлшемі67,42 Kb.

КЕЛІСЕМІН: БЕКІТЕМІН : директордың ҒӘІЖО №71 мектеп – лицей директоры

Кошкимбаева А.С ––––––––––– Ш.А. Аубакирова ––––––––––––







Пән: Сауат ашу Мектеп: 2

Күні:03.12.2019 Сынып: 1 «А» Мұғалімнің аты-жөні: Искакова С

Сабақтың тақырыбы:

Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі

Оқу мақсаттары:

Барлық оқушылар

Көптеген оқушылар

Кейбір оқушылар

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

Әріпті тану, дыбыстау, ажырату, сөз ішінен таба алу.

Сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау, тізбектей оқу.

Сөз құрау, сөйлем құрау, тиісті әріпті табу.



Бағалау критерийлері

Әріпті таниды, ажыратады

Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік ел идеясының басты 7 құндылығының біріншісі Қазақстан Тәуелсіздігі және Нұр-Сұлтан құндылығын басшылыққа ала отырып, оқушыларды еліне, бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, әдебиеттік оқу сабағы

Акт қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Бастапқы бөлім

Сөздерді буынға бөліп оқиды, сөз ішінен таба алады, өз отбасы мүшелерін атайды

Сабақтың барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Құрметті балалар! Бүгінгі сабағымыз ерекше. Себебі бізге қонақтар келді.

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.



Сабақтың ортасы

20 минут


Қайталау – білім анасы.Өткен дыбыстарды қ-у.Сәйкестендіру.


ша-на

тау-лар

та-ға

нан

қо-ша-қан

пар-та




-№ 1 тапсырма. Сұрақ - жауап

- Дыбыстар мен әріптердің айырмашылығы неде?

- Дыбыстар неше топқа бөлінеді?

- Сөз бен сөйлемнің айырмашылығы неде?



1 - Шығармашылық тапсырма:

«Сыңарын тап»

Мұғалім буынның жартысын оқушыға таратып береді.Оқушы тақтадағы сөз сыңарын тауып оқиды.



Дескриптор

Дыбыстық талдау жасады

Буынға бөлді.

Қалыптастырушы бағалау: Жұлдызшамен бағалау

Дыбыстардың әлеміне саяхатқа шығып, видеоны көріп, Іі әрпін еске түсіру

2 тапсырма. Тыңдалым. (аудио)

66-бет. Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап беру.



  1. Әсет әжесіне қадалған түйме үшін не деуі мүмкін?

  2. Әжесі немересіне ше?

3 тапсырма. Оқылым.

Дескриптор

Сөздерді буындап, толық оқыды.



Кері байланыс: смайлик арқылы бағалау



Әр сөздің мағынасын түсіндіру. Талдау.

Сергіту сәті

1 минут

Жоғары қарап ай көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға  солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!









4 тапсырма. Жазылым

Дәптермен жұмыс.



2 - Шығармашылық тапсырма:

Берілген суреттерге сөйлем құрау.



Дескриптор

1 . сөйлем құрап білді.

2 . сөйлемнің мағынасын түсіндіре алды.

Қалыптастырушы бағалау: «шапалақ» арқылы бір-бірін бағалайды.





Сабақтың

соңы

4 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақта не істедік?

Сабақ қызықты болды ма?

Нені үйрендің?

Неден қиналдың?

Әр бала стикерге өз атын жазып баспалдаққа жапсырады



Баспалдақ суреті


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті оқушылар тапсырма № 1 Әр топқа әріп қиындыларын беріп сөз құрастыру.

Тапсырма № 2 Берілген суреттерге сөйлем құрау.



  1. Бағдаршам арқылы бағалау

  2. Шапалақ арқылы

  3. Смайлик арқылы бағалау

  4. Стикер арқылы бағалау

  1. Топпен жұмыс жасағанда, партада дұрыс отырулары қадағаланады

  2. Сергіту сәтін жасау кезіндегі қауіпсіздік

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет