«Келісемін»: «Бекітемін»: Тәрбие ісінің меңгерушісі Ақмешіт ауылының №15орта мектеп мм- нің директоры



Дата11.01.2017
өлшемі222,62 Kb.
#6961
«Келісемін»: « Бекітемін»:

Тәрбие ісінің меңгерушісі Ақмешіт ауылының №15орта мектеп ММ- нің директоры



Куракпаева Г.А. С.Б Аппасов

«___»______ 2016 «___»_________ 2016



Отбасы тәрбиесі бағыты бойынша

«Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы»

атты аймақтық семинар

Ашық тәрбие сағаты

«Отбасым-алтын қазынам!»

Жауапты: Ахмедина А.Г.

Күні:24.02.16

Сынып:5 сынып

Тәрбие сағаттының тақырыбы: Отбасым –алтын қазынам.

Мақсаты: Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.Оқушылармен отбасы құндылықтары жайлы әңгіме өрбіте отырып,оларды ата-ананы, отбасыны сүюге , сыйлауға,қастерлеуге тәрбиелеу,адамгершілік,имандылық, рухани қасиеттерге нығайту.
Міндеті: Отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.
Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын
біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, интербелсенді тақта
Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгіме, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс

Қолданылатын технологиялар : АКТ,СТО

Тәрбие сағатының барысы.

І кезең : Ұйымдастыру.

ІІ кезең : Ассоциация

ІІІ кезең. Қазақтың салт-дәстүрлері .

ІV кезең. Менің арманымдағы үй.

V кезең . Жүректен жүрекке.

VІ кезең . Жүректен жүрекке.

VІІ кезең . Қорытынды



І кезең : Ұйымдастыру. Шаттық шеңбер.Топқа бөлу.

Мұғалім: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы–оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі,басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.   
         

ІІ кезең : Ассоциация

«Отбасы ар-намыс, қуаныш пен бақыт, тілек пен үміт ұясы.»

І топ - «Отбасы»

«Отбасы-ол....» қорғау

ІІ топ- «Бақыт»

«Бақыт-ол ....» қорғау

Берілген сөздерге ассоциация құру және қорғау.


ІІІ кезең. Қазақтың салт-дәстүрлері .

Жерінде – бабасының, 
Елінде – атасының, 
Көңілінде - әжесінің, 
Қолында – анасының, 
Жолында – ағасының, 
Төсінде – даласының
Тапқан өз жарасымын, 
Мен – қазақ баласымын. 
                         

І топ -Отбасылық салт-дәстүрлер

ІІ топ-Қоғамдық салт дәстүрлер

Түртіп оқу стратегиясы

Берілген мәтін ішінен дұрыс жауаптарды белгілеп айту


ІV кезең. Менің арманымдағы үй.

«Арман — жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ,..»

 Л.Толстой

Болашақта өз отбасымен тұратын үйдін жобасын немесе бейнесін ұсыну және қорғау.Cуреттерді слайд түрінде көрсету және әр оқушы жеке қорғайды.



«Крестиктер-нөлдіктер» ойыны .

Сыныптар екі топқа бөлінеді

1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа нөлдік қояды.

4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады. І топ -х ,ал ІІ топ -0 белгілейді.



1

2

3

4

5

6

7

8

9


VІ кезең . Жүректен жүрекке.

Оқушылар стикерге тілектерін жазып бір-біріне сыйлайды


VІІ кезең . Қорытынды: Ақыл кеңес.
Халық  тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлері ырымдар жасайды.Олар жайлы не білесіндер?

Шілдехана: - Сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түркірінде бұл рәсім әр қалай өтеді.  Сол күні баланы шілде суына шомылдырып сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден серпаланып өзінің шілде терін тығаруы тиіс.

Қырқынан шығару:- Бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнпғы алынатын, бесікке салу рәсімі орындалатын.40 күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімде қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс.Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.

Есімін атау: (ат қою) – Бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі.Қазақ аттарының көптігі басқа хлықтардан ерекшелігі. Қыз  балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою « көз тимесін» , « тіл тимесін» деген ойымен қойылады. Ат тандалғаннан кейін баланың құшағына 3 қайтара айтылады.

Бесікке салу:Бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шомылады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «Ит көйлегі» беріледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойнына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны « тыштырма» деп атайды. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой қиясына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балаларда жаттап алу керек.

Тұсау кесер:- Бір жасқа толып еркін жүре бастаған бол бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді.Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын»  деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізіледі.

Тұсау кесер жырлары айтылады:

Қаз, қаз балам, қаз балам

Қадамынды бас,балам.....

Әнекей, ақ бесік

Әлдейіме бақ бесік.

Шүмегінді салайын .

Сылдырмағын тоғайын

Жібек көрпе жабайын,

Бауық барқыт пүліштей ,

Балдақтарың күмістей ,

Жабдығыңмен сыйлысын ,

Жатса бөпенжайлысын .

Көсем сенен өседі .

Жайлы болсын төсегі.

Баланы атқа мінгізу салты- Баланың буыны бекіп,4-6 жасқа келгенде ат үстіне өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қыйыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.

Балаға ер- тұрмандарын сыйлап ( жандорба, тоқым, жүген, ноқта) атқа мінгізіп той жасайды.

1. Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)

2. Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)

3. Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)

4. Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)

5. Көп ішінде сөйлеген, ... (ойға салмай сөйлеген)

6. Көсемдіктің белгісі, ... ( шешендіктің белгісі)

7. Көп сөз – күміс, ... (аз сөз – алтын),

8. Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз ... (жақсы қыз – жағадағы құндыз).

9. Ақылың ағаңда болсын... (құндызың жағаңда болсын).

1. Әке көрген оқ жонар ... (шеше көрген тон пішер).

2. Өткір тіл – дарын ,... (ұзын тіл жауың)

3. Тоқсан ауыз сөздің ... (тобықтай түйіні бар)

4. Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады).

5. Жігіт болсаң 7 жұрттың тілін біл ... ( немесе 7 түрлі ғылым біл)



6. «Досы … , өзі де жақсы».

7. «…. басқа қарайды,

аяққа қарайды».

8. «Ақылсыз ….ақылды дұшпан ….».

9. « Досың мың ….,

біреу болса да көп».
Каталог: CBEC0794AEE22C49
CBEC0794AEE22C49 -> Сыныбы: 9 Тақырыбы: «Елбасының нұрлы жолы»
CBEC0794AEE22C49 -> Сабақтың тақырыбы : Ынтымақ түбі береке. Мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық,береке-бірлік,татулық туралы түсінік беру
CBEC0794AEE22C49 -> Әдістемелік құрал
CBEC0794AEE22C49 -> Психолог мамандарға арналған тренингтер
CBEC0794AEE22C49 -> Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бакиева Айнагүл Олжабаевна Әдебиет 8 сынып Тақырыбы: М. Жұмабаевтың «Батыр Баян»
CBEC0794AEE22C49 -> Сабақтың тақырыбы: «Абай -дана, Абай- дара»
CBEC0794AEE22C49 -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті, негізгі бағыттары, көрнекті өкілдері
CBEC0794AEE22C49 -> Р/с Жұмыстың мазмұны
CBEC0794AEE22C49 -> Эстетикалық пәндер бірлестігінің жылдық жұмыс жоспар 2014-2015 оқу жылы
CBEC0794AEE22C49 -> Патша жүрістері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет