«Келісілді» «Бекітемін» Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді Нұр-Сұлтан қаласы № мектеп-лицейінің жаңғырту орталығының директоры



Дата28.11.2019
өлшемі76,87 Kb.
#52743
Байланысты:
avgust-RUP-19

Титул парағы


«Келісілді» «Бекітемін»

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді Нұр-Сұлтан қаласы № мектеп-лицейінің

жаңғырту орталығының директоры директоры __________________

____________________Г. Ибраева

«_____» _____________ 2019 жыл «_____» _________________ 2019 жыл

мектеп.....



2019-2020 оқу жылына арналған

оқу жоспары

бағыты: жаратылыстану-математикалық

Мына құжаттар басшылыққа ала отырып әзірленді:

• ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (бұдан әрі - МДТОМЖС);

• ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2015);

• ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2012);

• ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (бұдан әрі – ҚР МББС-2016);

• ҚР Үкіметінің 2017 жылғы № 484 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты;

• ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 485 қаулысымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (бұдан әрі – ҚР МББС-2012.)



Астана-2019
Мазмұны

Түсіндірме жазба

Қазақ тілінде оқытылатын мектепалды даярлықтың оқу жоспары ....................

Орыс тілінде оқытылатын мектепалды даярлықтың оқу жоспары ....................

Қазақ тілінде оқытылатын 1,2,3,4 сыныптардың оқу жоспары ................................

Орыс тілінде оқытылатын 1,2,3,4 сыныптардың оқу жоспары ...............................

Қазақ тілінде оқытылатын 5,6,7,8,9 сыныптардың оқу жоспары ..............................

Орыс тілінде оқытылатын 5,6,7,8,9 сыныптардың оқу жоспары ............................

Қазақ тілінде оқытылатын 10 сыныптардың оқу жоспары .........................

Орыс тілінде оқытылатын 10 сыныптың оқу жоспары .........................

Қазақ тілінде оқытылатын 11 сыныптың оқу жоспары .........................

Орыс тілінде оқытылатын 11 сыныптың оқу жоспары .........................

Білім беруді жаңғырту орталығының комиссия мүшелері

тізімінің кестесі ............................

Түсіндірме жазба

Мектептің оқу жұмыс жоспары білім беру ұйымы қызметінің құқықтық-нормативтік базасына негізделе отырып әзірленді.


2019-2020 оқу жылындағы білім беру процесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету:

1) мектепалды даярлық сыныптарында/топтарында, 1-4 сыныптарда білім беру процесі:


  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу жоспары (2018 ж. 10 қазандағы №556 бұйрықпен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен);



  • ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама);

  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары (2018 ж. 4 қыркүйектегі №441 бұйрықпен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен)

  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен «Өзін-өзі тану» пәні бойынша енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен);

  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрықпен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен);

  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2016 жылғы 17 қазандағы №576 бұйрықпен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен);

  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары;

  • «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 26.07.19 жылғы №334 бұйрығы;



  1. 5-10 сыныптардағы білім беру процесі мына негізде жүзеге асырылады:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген негізгі және орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты;

  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген негізгі және орта білім берудің үлгілік оқу жоспары (2018 ж. 4 қыркүйектегі №441 бұйрықпен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен)

  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары (15.05.19 ж. № 205 бұйрықпен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен)

  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары ( 25.10.17ж. №545 бұйрығымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен);

  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (3.04.17 ж. № 352 бұйрығымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен);

  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (7.03.19 ж. № 105бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен );

  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (15.06.14 жылғы № 281 бұйрығымен «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша енгізілген өзгерістерімен );

  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары;

  • «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 26.07.19 жылғы №334 бұйрығы;



  1. 11 сыныптағы білім беру процесі мына негізде жүзеге асырылады:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты;

  • ҚР БҒМ 8.11.12 жылғы № 500 бұйрығымен бекітілген қазақ тілінде оқитын сыныптарға арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (25.07.13 жылғы № 296 бұйрықпен енгізіліген өзгерістері мен толықтыруларымен);

  • ҚР БҒМ 8.11.12 жылғы № 500 бұйрығымен бекітілген орыс тілінде оқитын сыныптарға арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (27.11.13 жылғы № 471 бұйрықпен енгізіліген өзгерістері мен толықтыруларымен);

  • ҚР БҒМ 3.04.13 жылғы № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер, таңдау бойынша курстар және факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары;

  • «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 17 мамырдағы №217 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;

  • ҚР БҒМ 8.11.12 жылғы № 500 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (25.02.2014 жылғы № 61 бұйрықпен енгізіліген өзгерістері мен толықтыруларымен);

  • ҚР БҒМ 3.04.13 жылғы № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары (18.06.15 жылғы №393 бұйрықпен енгізіліген соңғы өзгерістері мен толықтыруларымен);

  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ от 27.11.17 жылғы № 596 бұйрығы (21.09.18 жылғы № 477 бұйрықпен енгізіліген соңғы өзгерістері мен толықтыруларымен);

  • "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы (28.09.2018 ж. № ҚР ДСМ-20 бұйрығымен енгізіліген соңғы өзгерістері мен толықтыруларымен);

  • Оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығымен бекітілген Экстернат нысанында оқыту қағидаларымен регламенттеледі (осындай оқыту нысаны бар мектептер үшін).

  • Оқушылардың максималды апталық оқу жүктемесі, соның ішінде сыныптағы және сыныптан тыс (факультатив, жеке және үйірмелер) оқу жұмыстары ҚР МЖББС көрсетілген нормадан аспайды.



Гимназия (1-11 сыныптар) және лицей сыныптарында (5-11 сыныптар) пәндерді тереңдетіп оқыту үшін әр сыныпқа 4 сағат есебінен оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстар, үйірмелер, ғылыми қоғамдар ұйымдастыру үшін әр сыныпқа мұғалімнің 0,25 мөлшерінен, сондай-ақ шарт негізінде жеке курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін жоғары санатты мамандарға мектепке жылына 1500 сағат есебінен сағаттар көзделген – ҚР БҒМ от 17.09.13 ж. № 375 бұйрығына сәйкес (ҮОЖ ескі нұсқасы үшін)
Мектеп құрылымы

-мектепалды даярлық;

1-4 сыныптар:

-жалпы білім беру сыныптары;

- гимназия сыныптары;

- түзету сыныптары;

- және тағы басқалар.

Оқу жоспарында көзделген:

Инвариативтік компонент есебінен жүзеге асырылады:

-бастауыш мектептің жалпы білім беретін базалық компоненттерін толық сақтау;

Вариативтік компонент арқылы жүзеге аырылады:

(мектептің ерекшелігіне қарай толтыру керек)



Гимназиялық компонент арқылы жүзеге асады:

(мектептің ерекшелігіне қарай толтыру керек, эксперимент немесе инновация негізіндегі курстарды көрсету)



5-9 сыныптар:

-жалпы білім беру сыныптары;

- бейіналды дайындықпен гимназия және лицей сыныптар;

- және тағы басқалар.



Оқу жоспарында көзделген:

Инвариативтік компонент есебінен жүзеге асырылады:

-негізгі мектептің базалық компоненттерін толық сақтау;

Вариативтік компонент есебінен енгізілді:

-9-сынып-1 сағат, «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы;

-9-сынып -1 сағаттан «Абайтану» курсы (өз мектебіңіздің ерекшелігін ескере отырып толтырасыз);

(мектептің ерекшелігіне қарай толтыру керек)

Лицей немесе гимназиялык арнайы компонент арқылы іске асырылады:

(мектептің ерекшелігіне қарай толтыру керек, эксперимент немесе инновация негізіндегі курстарды көрсету)



10-11 сыныптар:

10-11 сыныптар - жаратылыстану-математика бағыты бойынша бейіндік

География-математикалық және физика-математикалық бейіндігі бойынша лицей сыныптары.

Оқу жоспарында көзделген:

Инвариативтік компонент есебінен жүзеге асырылады:

-Жалпы білім беретін мектептің базалық компоненттерін толық сақтау;

Вариативтік компонент есебінен енгізілді:

- 10-11-сыныпта -1 сағат, «Абайтану» курсы ;

- 10-сыныпта-1 сағат, АӘД курсы;

(мектептің ерекшелігіне қарай толтыру керек)



Лицей немесе гимназиялық компонент есебінен іске асырылады:

(мектептің ерекшелігіне қарай толтыру керек, эксперимент немесе инновация негізіндегі курстарды көрсету)

Мектептің ерекшелігіне қарай толтырасыз.

ҮОЖ үлгілерін ҚР БҒМ 14.09.18ж. № 441 бұйрығынан аласыз. Материалдар БЖО сайтында (http://astana-modern.kz/normativno-pravovye-dokumenty/ ТУП нов 441 4.09.18)




Комиссия мүшелері




Т.А.Ә.

Қолы










































Анықтама үшін ақпарат (түсіндірме жазбаға ендіру қажет емес):

2019-2020 оқу жылы жалпы білім беретін білім ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері мына факторларға негізделген:

  • Жаңартылған білім мазмұнын 4, 9, 10 – сыныптарда ендіру 2019 жылғы 1 қыркүйектен;

4 сыныпта оқыту ерекшелігі оқушылардың білімін арттыра отырып, «белсенді білім алуға» тарту.

9 сыныптағы оқу бағдарламаларының ерекшелігі негізгі оқытуды аяқтауға бағытталады.

10 сыныпта Үлгілік оқу жоспарында міндетті пәндер саны қысқартылып, білім алушылардың жеке қызығушылығы мен қабілетінің дамуын қамтамасыз ететін оқу пәндерін таңдау құқығы максималды беріледі.

Таңдауға тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті пән және стандартты деңгейдегі 2 міндетті пән енгізілді. Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарға арналған оқу пәндерінің айырмашылығы бар.

Сонымен, 10 сынып оқушылары болашақ мамандығына қарай ҮОЖ 19 оқу пәнінен 14 оқу пәнін таңдап алуға болады. 10 сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» жаңа оқу пәндері оқушыларға таңдауға ұсынылады, «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәніне өзгерістер енгізілді.

Білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңес шешімі негізінде таңдап алуға болатын қысқартылған оқу жүктемесінің Үлгілік оқу жоспарларында (ҚР БҒМ 4.09.18 жылғы № 441 бұйрығы) оқу жүктемесін қысқарту көзделген.

Жалпы білім беретін мектептердің 7 – 9 сыныптарына арналған ҮОЖ үшін екерту берілген,онда инварианттық компонент есебінен таңдау бойынша бейіндік оқу пәндерінің комбинациясы көрсетілген.

Бейіндік оқу пәндерінің комбинациясыҰБТ шегінде пәндерді таңдауға бағытталған.

Қысқартылған жүктемесі ҮОЖ гимназия/лицейлерде жүктеме өзгертілген.Бастауыш сыныпта 8,5 сағат гимназиялық компонентті 4 сағатқа дейін, 5–11 сыныптарда 5 сағатқа дейін азайту ұсынылады.

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына мектептің бағытына байланысты білім беру ұйымының өзі анықтайтын мамандандырылған компонент кіреді.

Оқу мақсаттары мен сабақ тақырыбына сәйкес кестеде өткізілетін орнын көрсете отырып, мұражайларда, театрларда, кітапханаларда, кәсіпорындарда және басқа ұйымдарда бірқатар оқу пәндері бойынша сабақ өткізу ұсынылады.

«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері оқыту тілінде зерделенеді.

МЖББС және 1-11 сыныптардың үлгілік оқу бағдарламаларында пәннің орнына

«Ағылшын тілі» оқу пәнінің орнына «Шетел тілі» енгізілді. Білім беру ұйымдарына шетел тілін таңдау құқығы беріледі: «Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Француз тілі».

Неміс және француз тілдеріндегі үлгілік оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 7.03.19 жылғы № 105 бұйрығымен (10-11 сыныптар); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 26.07.19 года № 334 бұйрығымен (1-4,5-9 сыныптар) бекітілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында көрсетілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 3.04.13 жылғы №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес «Абайтану» таңдау курстарын (9-11 сыныптар) енгізу ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 07.15.14 N 281 бұйрығына сәйкес 2019-2020 оқу жылында 9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультатив курсы оқытылатын болады. (сыныптың оқу журналына жазылады). Аталмыш курсты ҚР БҒМ 15.07.14 жылғы № 281бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен тарих мұғалімдері оқытады.

«Туған ел» бағдарламасын ауқымды орындауға бағытталған, «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында 2019-2020 оқу жылында білім беру ұйымдарында «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (5-7 сыныптар), «Қазақ әдебиеті» (6 сынып), «Қазақ тілі мен әдебиеті »(5,7 сыныптар), Музыка (5,6 сыныптар),«География » (7 сынып) пәндерін жалпы алғанда жылына 5 сағат мұражай, мәдени ұйымдар мен тарихи орындар базасы (мектептен тыс) сабақ өткізуге бөлінеді.

«Өмір қауіпсіздігі негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4 сыныптардағы «Дүниетану» оқу курсының аясында іске асырылады: 2-3 сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4 сыныпта - 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімдері оқытады; 5–9 сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсы аясында дене шынықтыру мұғалімдері 15 сағат жылдық оқу жүктемесімен жүргізеді; 10-сыныпта алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-мұғалімдер 25 сағат жылдық оқу жүктемесімен «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсы аясында іске асырады.

Өмір қауіпсіздігі негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және сабақ уақытында өткізіледі.

1-4 сыныптардағы «Жол ережелері» оқу курсының мазмұны сынып сағаттары есебінен іске асырылады - әр сыныпта 6 сағаттан; 5-8 сыныптарда сынып сағаттары мен факультатив есебінен - ​​әр сыныпта 10 сағаттан (сынып журналының жеке парағында тақырып пен сабақты өткізу күні көрсетіледі). Сабақтардың болжалды тақырыбы 2017-2018 оқу жылына арналған ӘНХ ұсынылған.

«Өзін-өзі тану» пәнін оқу орта мектепке арналған оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады (Алматы қаласы, «Бөбек» ҰБОҰО, ҚР Білім және ғылым министрінің 03.04.13ж. № 115 бұйрығымен бекітілген).

Қосымша: - оқушылардың экономикалық сауаттылығын арттыру үшін «Дана жол» қолданбалы экономика орталығы әзірлеген «Қолданбалы экономика» білім беру бағдарламасы бойынша қосымша курс ұйымдастыруға болады;

- оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру үшін 5-11 сыныптарда «Робототехника» және STEM-білім бойынша қосымша курс ұсынылады.

Жалпы орта білім деңгейінде кәсіптік білім беру екі бағытта жүзеге асырылады: қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық. Біреуін немесе екі бағытты таңдауды мектеп оқушылардың қажеттіліктері мен ата-аналардың сұранысын ескере отырып жүзеге асырады. Дифференциалды оқытуды жүзеге асыру және оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін екі бағыт шегінде кәсіби бағдар беру аясында бейіндік пәндерді тереңдетіп оқыту енгізіледі.

Ескерту: жоғары бағанда сыныптардың литерлері көрсетілген (г – гимназия, л-лицей, о- жалпы білім беретін). Егер әр сыныптың оқу жүктемесі әртүрлі болса жоспар әр сыныпқа құрылады. Егер параллель сыныптарда оқу жүктемесі бірдей болса, онда бір жоспар жеткілікті. Мүмкіндігінше жоспарды оқу деңгейі бойынша (1-3; 4; ,5-8; 9; 10-11) бір параққа жасаған дұрыс.
Оқу жұмыс жоспары қазақ тілінде білім беретін мектептер үшін қазақ тілінде, орыс тілінде білім беретін мектептер үшін орыс тілінде жасалады, орыс және аралас тілдегі мектепте (синхронды аударма) - екі тілде жасалады. Егер сабақтар (пәндер мен факультативтер) ағылшын тілінде өтсе оқытатын тілді қосу керек.

Таңдау пәні немесе факультативтік курстардың тақырыптары вариативтік және мамандандырылған (лицейлік және гимназиялық) компонент есебінен алынған пәндер МЖББС бекіткен пәндер атауын (математика, орыс тілі және т.б.) қайталамауы тиіс. Курс атауын анықтау барысында сабақтастық және (11-сыныпта «Қызықты математика» немесе т.б. атаулар келмейді) оқушылардың жас ерекшелігін ескеру керек.

Вариативтік курс компонентінен алынған әрбір курс бекітілген оқу бағдарламасы болғанда ғана жоспарланады (жекелеген мұғалімдердің авторлық курстарын пайдалануға болады, олардың тізімі қала мектептерінің электронды поштасына жіберілді, ҰБА, БҒМ және Қазақстанның өзге де өңірлеріндегі қазақстандық авторлардың бекітілген бағдарламалары).

Егер вариативтік сағаттар экспериментке бөлінсе, негіздемесі - ББ бұйрығын көрсету қажет.
Ұмытпаңыз:

Пилоттық жобаның негіздемесін көрсетіңіз (№ 69 орта мектеп озық жаңарту, CISCO Академиясы, Global, халықаралық ынтымақтастық, кәсіби дайындық, дұрыс тамақтану, эксперимент және т.б. - егер мектепте сағат бөлінсе).

Түсіндірме жазбадан өз мектебіңізге қатысты бұйрықтарды таңдап, қалдырыңыз (экстернат, инклюзия, мектепалды дайындық, гимназия, лицей және т.б.)

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет