«Келісілген» «Бекітемін» ҚР спорт және «Ордабасы» командалық дене шынықтыру ойынының Қазақстандық



бет2/9
Дата08.06.2018
өлшемі3,2 Mb.
#41721
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ойыншылар саны

«Ордабасы» ойынының әмбебаптығы сандық қатынаста да көрінеді.

Әрбір командасында ойыншылардың ең көп саны -12 адам – ойын басрысында стадионның футбол алаңында, ал егер жарыс мектеп спортзалында өтсе, әрбір команданың ең аз саны - 4 адам.

Жарыстың міндетті шарты – ойын басында әрбір командада спортшылардың саны бірдей болуы. Жарыстар өткізгенде міндетті түрде спортшылардың жас категориясы ескеріледі.



Салмақ категориясы маңызды емес.



Қызылдардың аумағы Көктердің аумағы

Алаң бөлігінің шекарасы

№ Б суреті.



Жас категориясы.

«Ордабасы» командалық ойыны бойынша жарыстарға 6 жастан және одан үлкен балалар қатыса алады. Ойыншылардың жас категориялары келесі тәртіп бойынша бөлінеді:



Kids (балалар):

Балалар (ұлдар, қыздар -бірге) - 6-7 жас;



Male (ерлер):

Ұлдар - 8-10 жас; 11-13 жас

Жасөспірімдер - 14-15 жас; 16-17 жас

Үлкендер – 18 жас және одан үлкен.



Female (қыздар):

Кішкентай қыздар – 8-10 жас; 11-13 жас

Бойжеткен қыздар – 14-15 жас; 16-17 жас

Үлкендер– 18 жас және одан үлкен.

Қатысушылардың жасы туған жылы бойынша анықталады, туған күні маңызды емес.

Жарыстар регламентттері:

Ойын уақыты

(таймдар ұзақтығы және саны).

«Ордабасы» ойынының кезінде өте маңызды фактор секунданы өлшейтін төреші бақылайтын дәл уақытты сақтау болып табылады. Әрбір спортшы жарыс барысында белсенділік көрсетуі қажет. Командалардың ойынды селқос жүргізуін төрешілер жазалайды – ескерту, ескертпе немесе команданы ойыннан шығару.

Тайм уақыты бойынша шектеулер жасау ойыншыларды батыл және сенімді әрекеттер орындауға әкеледі, әсіресе ойынның соңғы минуттарында – бұл жарысқа көрініс сипатын береді.

Жарыстарда тайм ұзақтығы қатысушы командалар санына байланысты:

- егер 4 қоманда қатысатын үлкен турнир өткізілсе:


  • таймдар саны – 3 (үш)

  • 1 тайм уақыты – 3 минут (үш тайм үш минуттан);

- егер жарыста 4 және одан аз команда болса:

  • таймдар саны - 5 (бес)

  • 1 тайм уақыты – 3 минут. (бес тайм үш минуттан).

Сонымен қатар ойын уақыты ойын алаңының өлшеміне де байланысты. Егре жарыс футбол стадионының ойын алаңында өткізілсе, онда әр таймның уақыты 10 минуттан болады.

Таймдар саны мен уақыты жарыстың Бас төрешісі белгілейді және командалар өкілдерімен келісіледі.

«Ордабасы» командалық ойынының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Олимпиада жүйесі бойынша анықталады.

Егер тайм немесе ойын уақытының соңына дейін командалардың ешқайсысы жеңбесе, онда айыптық санкциясы жарияланады (ескерту, ескертпе), кейде ойыннан екі команда да шығарылады (ойынды селқос жүргізген үшін). (Қосымша «Айыптық санкциялар» тарауын қараңыз)

Айыптық санкциялар туралы барлық шешімді «Ордабасы» командалық ойын ережелерінің әдістемелік құралына сәйкес жарыстың Бас төрешісі мен төрешілер алқасы қабылдайды және қайтадан қаралмайды.

Жарысқа қатысушылар.

«Ордабасы» командалық ойын жарысына шығыс жекпе-жектің әр түрлі түрлері бойынша командалар қатыса алады:

- жаттықтырушы, төрешілік, оқу-машықтану семинарларын өткен;

- «Ордабасы» командалық ойынының Қазақстандық федерациясы» РҚБ мүшелігіне өткен немесе жарыстар Ережелерін қолдайтындар;

- «Ордабасы» командалық ойынында тәжірибесі мен қатысу (өздерінің федерациялары мен клубтарында) өтілі ( 1 жылдан кем емес);

- медициналық сақтандыру куәлігі бар және тиісті мекемелерінде медкомиссиясынан өткен;

- ата-аналары мен жаттықтырушыларынан төрешілер мен жарыс ұйымдастырушыларына қатысты «Шағымдардан бас тарту туралы қолхатты » бергендер;

- «Ордабасы» командалық ойынының Қазақстандық федерациясы» РҚБ талаптарына сәйкес қорғаныс керек-жарақтары мен киімдері барлар.



Ойын басы.

Әрбір команданың жарысқа қатысушылары ойын алдында тиісті спорттық киімі мен қажетті жабдық киюі қажет. Спортшылардың киімі немесе жабдығы қарсыластарынан түсі бойынша ерекшеленуі тиіс. Егер екі команданың түстері бірдей болған жағдайда – спортшылар киіміндегі нөмірлер түсі бойынша ерекшеленуі қажет. («Спортшылардың киімі мен жабдығы» бөлімін қара).

Ойын алдында төрешілер (орталық немесе шеткі) екі команданың қорғаныс керек-жарақтарының барын тексереді, кейін екі команда ойын алаңының ортасында алаң бөлігінің сызығынан бір метр ара қашықтықта (әр команда алаңның өз бөлігінде) сапқа тұрады (бір-біріне қарап) – және ортақ «Сәлемдесу» командасынан кейін – өз қарсыластарына сәлем береді. Шығыс жекпе-жек түрлерінің осы рәсімі қарсыластарына өзара құрмет көрсету, жаман ниеттерінің жоқтығы мен ойынның барлық ережелерін қатаң сақтауды бейнелейді.

Осыдан кейін ортақ «Дайындал!» команда беріледі де екі команданың спортшылары ұрыс ұрандарын айтып, ұрыс позициясын қабылдайды.



Келесі «Алға» командасы ойынның басталғанын білдіреді.

Ойын басы

Ойын алдындағы сапқа тұру






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет